Интанация және оның құрамы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Интанация және оның құрамы.

Сөздің тартымды, әсерлі болуы оның үнінің тазалығына ойының саралығына дауыс ырғағына интонациясына байланысты. Ұстаз өзінің әуеннінен дауыс ырғағынан оқушы оның сол объектіге қатысып эмоциялық әсерін аңғартады. Оны сезіп қана қоймайды оқушының өзіде сол сезімге бөленеді. Сөйтіп интонация пәрменді қатынас құралы қызметін атқарады. Интонацияға тілшілерде әдебиетшілер, жазушылар көп көңіл бөледі. Нақтысына келтіріп сөйлеу туралы қазақтың көрнекті ғалымы процесор Құдайберген Жұбанов қазақ тіліндегі сөйлем сазына тоқтай отырыпадамның көңіл-күінің сөздің түрлі әні сәйкес келеді. Адам көңілінің қобалжуының тұрі көп. Тіпті ұшы қиыры жоқ деп айтсақта болады. Бұларды білдіруге арналған амалдың дауыс сазының түрі көп. Бір сөздің өзін қандай көңіл - күймен айтуыңызға қарай әр түрлі сөзбен айта аламыз. Бұйырғанды, жылағанды, таңданғанда, ескіргенді бәрін көбіне сөздің сазымен, әнімен, білдіреміз. Дыбыс сазы болмаса сөздер көп нәрсені білдіре алмай қалар еді. Сөздің айтылу мәнеріне шек-көп көңіл бөлген профессор Қабылов әр сөз адамның көңіл -күйімен тығыз байланысты. Сондықтан әр сөздің айтылуына қарай 1000 мағынасы бар. Бұл салада әр сөзге ажар беріп оның мағынасын толтыратын ең қарапайым тәсіл интонация. Яғни сөздің айтылу мәнері мұның өзі көркем шығарманы оқығанда ғана емес, жазу үстінде де қатты ескеріледі. Әсіресе жазушы киіпкерді сөйлеткенде оның әр сөзін көңіл-күйіне лайық мәнерде атқызып, оған өзі қалаған сын ғана емес сымбатты береді. Профессор Балақаевтың пікірінше тыныс белгілерін дұрыс пайдаланудың негіз дауыс ырғағымен, интонациямен байланыста болады. Кейде тыныс белгілерін дұрыс қоюдың шартты дауыс ырғағы интонация болмай граматикалық тәсілдер негіз болады.

Интонациясыз жазу болмайды. Пунктуция жазу тіліміздің құралы болса интонация ауыз екі тіліміздің құралы. Ол екеуі бір-бірімен байланысты. Мәнерлеп оқу практикумының прог жасаған профессор Нұрмаханова интонация тек қана сөйлемге жан беретін категория деп қараса жеткіліксіз. Ол сөйлемді анықтап, тиянақтап қоймай пікірді дәл түсінуден оған рең түр береді. Интонация сөйлемнің құрамын граматикалық құрылысымен бірігіп қарым-қатынас жасаудың күшті құралына айналады. Сонымен сөйлем тек қана бір шама тиянақты білдіріп қоймай адамдардың көңіл күйін, күшті сезімінде білдіреді. Интонацияның тілдегі мүмкіндіктерін сөйлемнің құрылысы мен мағынасына байланыстылығынжоққа шығармайды. Ғалымдар интонациясыз сөйлеуге болмайды. Ол сөйлемді қалыптастырады, байланыстырады, оқшауландырады. Әр сөйлемнің өзіндік интонациясы болады. Сөйлем сөз арқылы адам ойын жарыққа шығарады. Ойын ортаға салады. Өзгеден пікір тартады сол қатынас құралы болған сөйлемдерді белгілі тілші профессор Жұбанов екі түрлі топтастырады жай жайылма, күрделі немесе хабар сазды сөйлем сұрау сазды сөйлем, леп сазды сөйлем.

Алғашқылары сөйлем мүшелеріне қарай бөлінген болса соңғылары сөйлемнің әніне сазына қарай бөлінеді. Бұдан сөйлемдерді топтастырғанда жалаң құрылысы тұғысынан емес соған қоса тіліміздің әнділі, үнділігі, саздылығы байқалады.

«Ана тілі» оқулықтарындағы текстерді оқу барысында ұстаздар шәкірттерге интанацияны (дауыс ырғағын) қалай қоюдың үлгісін көрсете отырып оқыйды, баланы солай оқуға үйретеді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері интанацияны құрайтын негізгі элементерді (бөліктерді) жеке меңгерсе жеткілікті. Олардың ең негізгілері: Сөйлеу буыны, үзіліс жасау (пауза), екпін қоя білу, сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін, сөйлеу қалпының әуені (мелодиясы), оқудың әсерлі болуы (тембрі) сөйлеудің қарқыны мен ырғағы, нормалы дауыс ырғағы.

Сөйлеу буыны. Текстерді оқуда әңгімелеуде сөздің буындарының атқаратын рөлі ерекше. Қазақ тілінде жоғарғыда айтылғандай тіліміздегі сөздердің басым көпшілігі біріңғай жуан буынды немесе біріңғай жіңішке орынды болып келуі интанацияның (дауыс ырғағы) кедір бұдырсын әуезді естілуіне жағдай жасайды. Бастауыштың бірінші сыныбында сауат ашу кезінде әрбір буын жігімен созыңқырап оқылады. Бұдан буындап оқу керек деген ұғым тумауы керек. Дауыстап оқу кезінде балалардың дұрыс оқуға қаншалықты төселгендігі тексеріледі. Сынып жоғарылаған сайын буын жігі жинақталып, интанациясын (дауыс ырғағын) текстің мағынасына қарай құбылтып қолдануға төселе бастайды.

Жоспары.

І. Кіріспе.

ІІ Негізгі бөлім.

а) Интонация анықтамасы.

ә) Профессорлардың интонацияға берген пікірлері.

б) интонация құрамы.

в) сөйлеу буыны.

ІІІ. Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интанация және оның құрамы жайлы
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Морфология тарауын оқытуда оқушылардың белсенділігін арттыру
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер
Мәнерлеп оқу практикумы пәні бойынша дәрістер
Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі
Бастауыш мектептің 2-сыныбындағы қазақ тілі сабағында білім, білік, дағдына қалыптастыру жолдарын қарастыру
Қылмыс құрамы туралы
Delphi программасының базалық компоненттері
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz