Тіл ұстарту сабағында оқушының жеке көзқарасын қалыптастыру: Н. Оңдасынов мұражайындағы 7 «а» сынып үлгілі сабағы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облыстық Білім департаменті

Тақырыбы:

«Тіл ұстарту сабағында оқушының жеке көзқарасын қалыптастыру»

7 «а» сынып. Үлгілі сабақ

Пән мұғалімі : Түсіпбекова Гүлбану

Н. Оңдасынов атындағы №5 Түркістан аймақтық «Дарын» мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі.

Түркістан - 2005

Сабақтың тақырыбы : Н. Оңдасынов мұражайында.

Сабақтың мақсаты : а) Шәкірттерге мемлекет және қоғам қайраткері Н. Оңдасыновтың өмірі мен қоғамдық қызметі жайлы әңгімелеп, халқына сіңірген еңбегінен терең мағлұмат беру.

ә) 2004 жылы 100 жылдығы аталып өткен қайраткер туралы оқып білуге кеңінен бағыт беру.

б) Өнегелі өмір жолын бүгінгі шәкіртке үлгі ете отырып, жан - жақты жетілген, халқын сүйетін азаматтық тұлғаны қалыптастыру.

Сабақ мұражайда өтілді.

Сабақтың өтілу жоспары :

  1. Н. Оңдасынов - мемлекет және қоғам қайраткері (мұғалімнің кіріспе сөзі) .
  2. Ұлтжанды азамат, халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Н. Оңдасыновтың өмірбаяндық деректері (мұражай ішін аралап жүріп суреттер, туыс-туғандарымен кездесу сәттері т. б. нақты деректермен түсіндіру) .
  3. Тіл туралы ғылыми-зерттеу мақалалары жайында (мұражайдағы пайдаланылған әдеби еңбектер мен зерттеу мақалалары бойынша түрлі басылымдарда шыққан материалдарды пайдаланып түсіндіру)
  4. Зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі зор еңбегі - сөздік жазу (Н. Оңдасынов жайлы жазылған естеліктерді пайдаланып, түсіндірме сөздіктері бойынша балаларға таныстыру) .
  5. Н. Оңдасынов өткен 2004 жылы 26 қазанда 100 жасқа толғанын, ерен еңбегі аталып қаламызда мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылғанын кеңінен жеткізу.

Мұражайда оқушылардың қойған сұрақтарына жауап бере отырып, қайраткердің өзі ұстаған заттары мен бұйымдарын, қолжазбалары мен іс-қағаздарын, құжаттарын көрсетіп, кітап қорындағы оқыған еңбектері жайлы, тіл туралы толғаныстарын түсіндірдім.

Шәкірттер мұражайда естелікке суретке түсті.

Мемлекет және қоғам қайраткері Н. Оңдасыновтың өмірбаяндық деректері.

Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов 1904 жылы 26 қазанда Түркістан ауданындағы «Үшқайық» ауылында (қазіргі Нұртас ауылы) кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Туған анасы Жұмагүл 3-4 жасында қайтыс болып, екінші анасы Дәрігүл тәрбиелеп өсірген.

Әуелі ауыл молдасынан хат танып, хисса, дастандарды арабша оқып үйренген. Сол 2 жыл алған арабша біліммен зейнеткерлікке шыққаннан кейін араб-парсы сөздерінің түсіндірме сөздігін жазуы Н. Оңдасыновтың бала жасынан-ақ зерек болып өскенін аңғартады.

«1917 жылы бір тамшы жауын болмай, қатты құрғақшылық болды. Жылына екі рет таситын Сырдарияның суы сағасынан шықпай қалды. Қанша елді және оның миллиондаған бас малын асырап келген егістіктері, майса шабындықтары, байтақ жайылымдары шөлге айналды, қыс аса қатты болды. Осылар сияқты жағымсыз құбылыстардың салдарынан тұрақты суармалы жері жоқ қазақтар адам айтқысыз жұтқа ұшырады, қара шыбындай қырылды» - деп жазды өзі жазып қалдырған өмірбаян дерегінде (Москва қаласы. 20. 11. 1986) .

Міне, сол қиыншылық кезеңінде бірнеше туыстары мен әкесі жұтқа ұшырап қаза болады да, Н. Оңдасыновтың отбасынан тірі қалғандары Ташкент қаласына қарай көшеді. Мұнда келген соң мақта теріп, байларға жалданып жұмыс жасап, күдерін көреді. Буыны қатпай-ақ Нұртас Оңдасынов жүн заводында, Ташкент темір жолының қыш заводында жұмысшы болады.

Осы кезде Ташкентте жетім балаларға арналған мектептер ашыла бастайды. 1920 жылы тамыз айында Н. Оңдасынов №14 жетім балаларға арналған интернатқа оқуға қабылданады. Онда орыс тілінен Ғани Мұратбаев сабақ береді.

1921 жылы Ғани Мұратбаев жетекшілік ететін комсомол ұйымына, 1926 жылы партия қатарына қабылданады.

1927 жылы Ташкенттегі Орман шаруашылығы техникумын бітіріп, 1930 жылға дейін орман және су шаруашылығы саласында еңбек етеді.

1930-1934 жылдары Ташкенттегі Орта Азиялық су инженерлері институтында оқиды.

1934-1938 жылдары Орман шаруашылығы бойынша басшылық қызметте болды.

1938 жылы Шығыс Қазақстан облыстық советінің атқару комитетін басқарып, Семейге қызметке жіберілген. Онда Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты және Қазақстан КП ІІ сьезіне делегат болып сайланады. Сол жылы шілде айында Қазақстан КП ОК Бюро мүшелігіне өтіп Қазақ ССР Жоғарғы Советінің І сессиясында Қазақ ССР Үкіметінің Төрағасы болып, 1951 жылға дейін осы қызметті атқарған.

1951-1953 жылдары КПСС ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген.

1955-1962 жылдары Атырау облысында бір жылдай облыстық кеңес атқару комитетінің төрағасы, облыстық партия комитетінің біріншісі хатшысы жұмысын абыроймен атқарады.

Өмірінің 25 жылын халқына қызмет етуге жұмсаған қоғам және мемлекет қайраткері Н. Оңдасынов 1962 жылы зейнеткерлікке шықты.

Халқына сіңірген еңбегін бағалаған үкіметіміз Н. Оңдасыновты 3 рет Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл ту орденімен, көптеген медальдармен, құрметті грамоталармен марапаттаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеті сабақтарында тіл ұстарту мен тіл дамытудың теориясы, әдістемесі және практикасы
Бастауыш сыныпта мазмұндама арқылы тіл мәдениетін ұстарту әдістемесі
Тіл ұстарту жұмысына магнитофон мен проекциялық аппараттарды енгізу
Ағылшын тілі сабағында аутенттік материалдарды қолдану арқылы 7-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
2-сынып ана тілі сабақтарында оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастыру әдістері
Алгебра сабағында 7-сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
7-сынып математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану
Бастауыш сынып тіл сабақтарында мәтінді оқыту арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін қалыптастыру
Технология сабағында қобыз жасауды пайдалана отырып 7-8 сынып оқушыларының эстетикалық қабылдауы мен іскерлік дағдыларын қалыптастыру
Технология сабағында сәндік-қолданбалы өнер арқылы 7-8 сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz