Тіл философиясы – тілдің философиялық қызметі жөніндегі ғылым



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
1- лекция. Тақырыбы: Тіл философиясы – тілдің философиялық қызметі
жөніндегі ғылым.

Жоспары: 1. Сөз бен атау арасындағы байланыс.
2.Тіл мен ойлау, мағына мен форма арасындағы байланыс.

Лекция мәтіні: (қысқаша)
Тіл білімінің философиямен бірлігі ежелгі замандардан басталады.
Сөз бен сөз атау болған зат арасында қандай байланыс бар? Атау заттың
табиғатына сәйкес қойыла ма, болмаса тағайындалған, әдетке, дағдыға
айналған шарты бола ма? – деген мәселеге қатысты айтыс ежелгі грек
философтарынан басталады. Содан бері тіл мен ойлаудың бір –бірімен
қарым –қатынасы жөніндегі мәселе күн тәртібінен түскен емес.
ХІХ ғасырға дейін тіл білімі, көп жағдайда, философия ғылымының бір
тарауы ретінде қаралды. Тіл мәселелерімен айналысушылардың басым
көпшілігі философтар немесе әрі философ, әрі тіл ғалымдары болды.Тіл ғылымы
өз алдына дербес ғылым болып қалыптасқаннан кейін де, философиядан біржола
қол үзіп кткен жоқ., қол үзбейді де. Өйткені философия, қандай бағыт
ұстанғанына қарамастан, өз жақтаушыларына тілдің көптеген жалпы теориялық
мәселелерінде (тілдің мәні, қоғам өмірінде атқаратын ролі, даму
заңдылықтары, шығу,қалыптасу жолдары, ой –санамен байланысы, тілдегі форма
мен мағына бірлігі, т.б.) бағыт –бағдар сілтейді, метолологиялық негіз
болады.
Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясының тіл
философиясы дейтін тарауымен байланысады. Бұл екеуіне ортақ объекті
болатын мәселе – тіл мен ойлаудың , мағына мен форманың байланысы. Олай
болатын себебі ойлау мен оның заңдары – философияның негізгі
проблемаларының бірі. Ал тіл – ойдың жемісі, ойды қалыптастыратын, оны
жарыққа шығаратын форма, яғни ой құралы. Адамдар өз ойын тіл арқылы басқа
адамдарға білдіріп, тіл арқылы, сөйлеу арқылы басқаның ойын біледі.
Сондықтан ойлаудың жемісі, оның материалдық формасы, құралы болып
табылатын тілге философия ғылымы мән бермей тұра алмайды, онсыз ойлау
заңдылықтарын дұрыс шешу мүмкін емес. Екінші жағынан, тіл – ойлау құралы,
ой – оның мазмұны, мағынасы, ал мағынасыз жалаң форма қуыс. Сондықтан тіл
ғалымдары тілдің мағыналық жағына, оның ойды қалай жарыққа шығаратынына,
форма мен мағынаның арақатынасына селсоқ қарай алмайды. Ал оны білу үшін
ойлау заңдылықтарынан хабардар болуы, бұл мәселе жөніндегі философия
ғылымының жетістіктеріне сүйенуі қажет.

2- лекция. Тақырыбы: Тіл философиясының тарихынан.

Жоспары: 1. Греция философиялық лингвистиасы.
2.ХІХ ғасырдағы философиялық лингвистика.

Лекция мәтіні: (қысқаша)
Ежелгі дәуір тіл білімінің отаны – Ежелгі Греция. Грецияда туған тіл
біліміндегі ой –пікір бүкіл Еуропа тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті
әсерін тигізді. Ф. Энгельстің: Греция мен рим қалаған негіз болмаса,
қазіргі Еуропа да болмас еді деген сөзін тіл біліміне байланысты да
айтуға болады. Тіл мәселелеріне байланысты бұл елден біздің дәуірге
жеткен жазба материалдар жыл санауымызға дейінгі Y ғасыр шамасынан
басталады.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Греция тіл білімі Гомердің Илиада
мен Одиссея жырының тілін зерттеуден басталыпты. Көне заманнан
сақталған бұл дастан тілінің көп жері гректердің сөйлеу тілінен
мейлінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған да, грек ойшылдары
соны зерттеу, айқындау істерімен шұғылданған. Бұл жағынан алғанда, Үнді
тіл білімі мен Грек тіл білімін туғызған себеп бердей.
Әдетте, Греция тіл білімін екі кезеңге бөліп қараушылық бар. Оның
бірі – философиялық кезең, екіншісі – филологиялық кезең деп аталады.
Бірінші кезең біздің дәуірге дейінгі Y- ІІІ ғасырлар арасын қамтиды. Бұл
– Грек тіл білімі қалыптасуының алғашқы кезеңі. Мұны қалыптастырушылар
философтар болған. Олар тіл мәселелерін лингвистикалық тұрғыда емес,
философия тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді, соның ажырамайтын
бір саласы деп есептеген және нақтылы тілдік фактілерге сүйенбей,
абстракты болжаулар, философиялық тұжырымдар жасаумен шұғылданған. Бұл
бағыт Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірге дейін сақталды.

3- лекция. Тақырыбы: Сөз және мағына, сөз және ойлау, сөз және пайымдау,
сөз және белгі туралы философиялық тұжырымдар.

Жоспары: 1. Шлейхердің философиялық тұжырымдары.
2.Гумбольдтың филоофиялық тұжырымдары.
Лекция мәтіні: (қысқаша)
Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз
еткендері – атаудың табиғаты, зат пен оның атау арасында қандай байланыс
болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен
логика арасындағы қарым –қатынас жөніндегі мәселелер.
Заттың өз атауына қатысы жөніндегі мәселе Ежелгі Грецияда бірнеше
ғасырға созылған және Грек философтарын екі топқа бөлген аса күрделі
мәселе болған. Олардың Героклит бастаған бір тобы – атау заттың табиғатына
сәйкес жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы десе, Демокрит бастаған
екінші тобы оған қарсы – зат пен оның атауы арасында табиғаи байланыс
болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс –шартты, кездейсоқ байланыс
деген тұжырым жасайды.
Грек философтары арасында болған бұл айтыс Платонның Кратил деп
аталатын диалогі арқылы біздің дәуірге жетті. Демокрит атаулардың
жаратылыстан берілген табиғи еместігіне төрт түрлі дәлел айтады. Олар
тілдерде бір затты әр түрлі атаумен білдіретін синоним және атауы біркелкі
бола тұра әр түрлі мағынаны білдіретін омоним сөздердің болуы, сондай –ақ ,
көптеген заттардың тілдік атауларының болмауы немесе зат атауларының кейде
өзгеріп кететінін – осылардың барлығы атаудың зат табиғатына тән еместігін
білдіреді деген дұрыс қорытынды жасайды.
Ежелгі Грек философтарының тілге байланысты сөз еткен екінші
проблемасы – тілдің шығу жөніндегі мәселе. Бұл мәселеде де олар дұрыс
шешімге келе алған жоқ. Олардың бір тобы тілді дыбысқа еліктеуден шыққан
десе, екінші бір тобы ертедегі адамдардың өзара келісуінен барып шыққан
дегенді айтады. Тіл білімінде мұның алғашқысын дыбысқа еліктеу теориясы
десе, соңғысы келісім теориясы деп аталады. Бұл екі тұжырымның екеуінің де
ғылыми негізі жоқ.

4- лекция. Тақырыбы: Тіл және қондырма.

Жоспары: 1. Қоғамдық формацияның тілге әсер ететін қондырмалық
сипаты.
2.Әдет –ғұрыптың тілге әсер ететін қондырмалық сипаты.

Лекция мәтіні: (қысқаша)
Дүниеге келуінің көнелілігіне қарамастан, тіл философиясы осы
атауға ХІХ ғасырда ғана ие болды. ХІХ ғасырда Еуропа халықтарының
салыстырмалы –тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының
ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік оъектісінің
айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға
қойған мақсаты – тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын
орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау
болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель,
Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың
ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм
Гумбольдт (1767 -1835) болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы-
тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт
салыстырмалы –тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен
роль атқарды. Осы әдістің принциптері, проблемалары шеңберінен тысқары
да көптеген проблемаларды көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады. Тілдің
табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен материалдық дүние, тіл
мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл білімінің салалары т.б.
Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Оның бұл салалардағы
тұжырымдары толық та, айқын баяндайтын еңбектері – Адамзат тіл
құрылысының әр алуандығы туралы (1827), Ява аралындағы Кави тілі
туралы (1836) деп аталатын туындылары.

5- лекция. Тақырыбы: Тіл және базис.

Гумбольдт бірінші болып, тілдің ішкі құрылымын, оның халықтардың рухани
өмірімен, ой –санасымен, мәдениетімен, тарихымен байланыс дәрежесін жан
–жақты талдады, өзіндік лингвистикалық, философиялық біртұтас сындарлы
жүйе құрды.
Гумбольдт тіл білімінің өзіндік философиялық базасы – тіл
философиясы. Тіл философиясының негізгі принциптері – тілді адамдар әрекеті
деп тану, оны халықтың ұлттық санасы деп есептеу. Гумбольдтың ойынша,
тіл -әрекет, ол рухтың жемісі, рухтың әрекеті. Тіл үздіксіз даму үстінде,
даму – тілдің өмір сүруінің формасы. Тіл – ойлау әрекетінің творчестволық
синтезі, бірақ сонымен бірге ол – актив форма, ойлау әрекетінің құралы.
Тіл мен ойлаудың бірлігі – ажырамас бірлік. Халық тілі –оның рухы, халық
рухы – оның тілі. Тіл жеке адамдардың сөйлеуі арқылы көрінеді, бірақ ол –
жеке адамның табысы емес, халықтың табысы, жалпыхалықтық туынды.
Гумбольдт тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу мәселесімен де
айналысты.
Сонымен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысы – компаративистиканың лат.
Салыстыру өз алдына дербес ғылым болып қалыптасып, өзінің зерттеу тәсілі
мен әдістемесін жетілдірген, объектісін айқындай түскен кезең болды. Бұл
кезеңде тіл ғылымының жалпы тілдік мәселесі ретінде тіл философиясы,
жеке тілдер жөніндегі тарауы, салыстырмалы грамматика салалары
қалыптасып, дами түсті. Тілдік материалдар жинау, тіл білімін теориялық
жақтан дамыту да қызу жүріп жатты. Бәрінен де гөрі кеңірек етек алған
мәселе - үнді –еуропа тілдерін бір –біріне салыстыра зерттеу, олардың
шыққан төркінін, ата тілді айқындау болды. Тілді, тілдік элементтерді
тарихи тұрғыдан зерттеу ғана ғылыми деп жарияланды.

6- лекция. Тақырыбы: Аграрлы –тұрмыстық тілдің философиялық ерекшеліктері.

Жоспары: 1. Қазақ тілінің аграрлық сипаты.
2.сентизивтік тіл.
Қазақ тілінің аграрлық сипаты – лексикалық қорының дені қоғам
өмірінің бір аясын - негізінен ауыл өмірін және мал шаруашылығын
сипаттайтын сөздерден түзілуі және сөз қолданыстағы тұрмыстық
стильдің белең алуы қазақша ойлауды да аграрлық тұрмыс шеңберіне
қысып тастады. Көркем өнер тұтастай – ауыл шаруашылығы және тұрмыс
тақырыбын ғана ашуға бағытталды. Қазақ жазушылары өндіріс тақырыбына
шығармалар жаза алмады, қала өнеркәсібі, ғылым мен техника, халықаралық,
әскери,... тақырыптарға қалам тартуы мардымсыз болды, көркем
шығармаларында қоғамдық қайраткерлердің, инженерлердің, ғалымдардың,
дипломаттардың, шет жұрттықтардың көркем бейнелерін жасай алмады,
бұрынғыша отбасы мен ошақ қасының оқиғаларынан, ауыл өмірі, мал
шаруашылығы және туыстар арасындағы қатынастарға құрылған сюжеттерден
алыстап кете алмады. Тұрмыстық тәжірибеге ғана негізделген,
метафизиканы ғана басшылыққа алған қолтума интеллект қазақ өнерін
басқарушыларды мал шаруашылығы мен тұрмыс шеңберін ғана қамтыған ұлттық
өнер мен оның тұтынушылары арасындағы байланыстың үзіліп бара жатуының
сырларына үңілуге ырық бермеді.
Аграрла уклад тілі және сол тілді алып жүрушілер өздерінің
әлеуметтік тегі мен жайғасуына сәйкес, қоғамның сол сатысында өмір
сүретін тапқа - шаруаға арналған, одан басқа, индустриялы қоғам өкілі
пайдалануға келмейтін, фольклордың ықпалынан шықпаған аймақтық шектеулі
мәдениетті дүниеге әкелді. Шаруа мәдениеті, тиісінше, ауылдың
артықшылығын, қаланың кемшілігін паш етуді діттеген негізгі
идеологиясының жетегінде индустриялы қоғамға қарсы күреске шықты.
Тақырыптық шектеулілік, ауыл ауруы деген атпен белгілі болған көркем
өнердегі ауыл тұрмысының қойыртпағы, қазақты ауылға тура шақырудың
идеологиялық бағыт ретінде жүзеге асырылуы қазақ мәдениеті туындыларына
бұқараның ықыласын кемітті. Тоқырау жылдарының соңына таман бұл құбылыс
апаттық шекке дейін жетті. Бұл құбылыстың сырына үңілуге, басқа жол
табуға тілдің аграрлық сипаты мен ауыл мәдениетін жасаушылардың
шаруатектілігі (плебейлігі) мүмкіндікбермеді. Сензитивтік жасын ауылда
өткізген, қалаға есейгенде келген жазушы, дарыннан құралақан болмаса
да, классиканы меңгеретін деңгейге дейін өсіп үлгірмеді, қойшы мен
тракторшы талғамына тұрарлықтан аса алмады. Өйткені адам өзінің сөздік
қорында жоқты іс жүзіне асыра алмайды.

7- лекция. Тақырыбы: Ф.Бэконның философиялық грамматикасы.

Жоспары: 1.Аграрлық тіл және бейнелілік.
2.Мақал –мәтел және қоғамның дамуы.

Лекция мәтіні: (қысқаша)
Тілдің бейнелілігіне қатысты өзге өркениетті елдердің тілші,
философ, социолингвист ғалымдары біздің ғалымдардікінен өзгеше тұрғы
ұстанады. Білімнің әлі аз кезінде, ғылымның әлсіз шағында, қазір
жалпыға танымал және жауыр болып отырған түсініктер әдеттегіден тыс, оғаш
көрініп, сирек естіліп жүрген уақыттарда адым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері
XIX ғасырдағы тіл білімі
Лингвистикалық практика
Тіл білімі тарихында
Сана - философия мәселесі ретінде
В. фон Гумбольдтың және Ф.де Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары
Тіл білімінің жаңа бағыттары
Людвиг Витгенштейннің тіл философиясы
В.фон гумбольдтың және ф.де соссюрдің лингвистикалық еңбектерінің маңызы
Пәндер