Тіл біліміндегі жүйе және құрылым терминдерінің түсіндірілуі


Ф. Де Соссюр . Труды по языкознанию. М., 1976.
Хаймович Б. С. Уровни языка и разделы лингвистики // Тезисы науч. конференции. М., 1967.
Степанов Ю. С. Основы общего языкознания. М., 1975.
Проблемы структурной лингвистики. М., 1984.
Русский язык. Энциклопедия. М., 1979.
Словарь-справочник лингвистических терминов. М., 1985.
Аралбаев Ж. Қазақ тіліндегі вокализмдер А., 1979.
Аханов К. Тіл білімініңнегіздері. А., 1977.
Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. А., 1991.
Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1990.
Базарбаева З. М. Интонационная система казахского языка. А., 1997.
Уоллес Л. Чейф Значение и структура языка М., 1990.
Рустемов Л. З. Тіл білімі тарихына қысқаша шолу А., 1984.
Проблемы структурной лингвистики М., 1984.
Қосымша:
Арутюнова Н. Д. О значимых единицах языка. М., 1968.
Арутюнова Н. Д. Стратификационная модель языка. Фил. науки. М., 1968.
Земская А. Е. О принципах выделения языковых уровней. М., 1990.
Ельмслев Л. Язык и речь М., 1960.
Косериу Е. Синхрония, диахрония и история // Новое в лингвистике.
Вып. ІІІ, М., 1963.
«Тілдегі парадигмалық және синтагмалық қатынастар» пәні бойынша лекциялар тезисі
№1 лекция
Лекция тақырыбы: Тіл біліміндегі «жүйе» және «құрылым» терминдерінің түсіндірілуі
Лекция жоспары:
1. Тілдік құбылыстар және тілдік таңба
2. Тілдік мен құрылымның ғалымдар арқылы түсіндірілуі
Лекция мақсаты: Тілдік құбылыстар және тілдік таңба мен тілдік мен құрылымның ғалымдар арқылы түсіндірілуін анықтау
Лекция мазмұны.
Тіл білімінде ғылымның өзге салаларындай дәстүрлі сипаттамалы зерттеу әдістерімен қатар жаңа әдіс-тәсілдер қолданылуда. Математика сынды нақты ғылымдарға тән зерттеу әдістерінің тіл білімі саласына енуіне байланысты профессор С. Исаев былай дейді: “Тіл біліміндегі бұндай жаңа бағыт екі түрлі қажеттіліктен туындап отыр. Ең алдымен, бұл проблеманы алға қойып отырған тіл білімінің ішкі факторлары, яғни тіл заңдылықтарын, оның ішкі сырын, даму процесін, тарихын, мәнін, басқа тілдермен қарым-қатынасы сияқты ерекшеліктерінен басқа ғылымдар саласында қолданылып жүрген тиімді әдістер арқылы аша түсу болса, екіншіден, тіл тек қана зерттеу объектісі емес, оның қоғамдық қызметі, коммуникативтік ролі, функционалдық мәні бар құбылыс болғандықтан, күнделікті өмір талабынан туындап отырған практикалық қажеттілік болып отыр”.
Бүгінгі күні лингвистика ғылымы көтеріп отырған тіл мен ойлаудың арақатынасы, тілдің коммуникативтік және номинативтік қызметі, тілдің ішкі құрылымы, тіл жүйелілігі, тілдегі типологиялық қатынастар мен олардың түрлері, тіл меңгеру мен оны үйренудің тиімді жолдары, тәсілдері сынды өзекті мәселелер змана талап-тілегінен туындап отыр.
Тілдік құбылыстар әрі тілдік сипатта, әрі сөйлеу бірліктері түрінде келеді. Мұның өзі тілдің екі жақтылығын, лингвистиканың тіл және сөйлеу жүйелерінен тұратындығын көрсетеді. Яғни, тіл білімінің объектісін тіл және сөйлеу лингвистикасына жіктей қарастыру бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Ф. де Соссюр тіл (“язык”) мен сөйлеудің (“речь”) арақатынасын былайша анықтайды: “Язык одновремменно и орудие, и продук речи”. Ғалым ұсынып отырған бұл дихотомия бойынша, тіл - жеке адамға бағынбайтын, әлеуметтік, қоғамдық-психикалық негізгі, ал сөйлеу - фонацияны қосақабат есептегендігі сөйлеу әрекетінің индивидуалдылық жағын қамтитын психофизикалық қосалқы құбылыстар.
Тіл - таңбалар жүйесі. Тілдік таңба - зат пен оның атауы емес, ұғым мен акустикалық образдың (яғни дыбысталудың) психикада таңбалануы, сезіну органдарының қатысы арқылы түсіндірілетін құбылыс. Тұтастықты білдіретін “ұғым” - таңбаланушы (“означаемое”), ал “акустикалық образ” - таңбалаушы (“означающее”) . Таңбаланушы мен таңбалаушы арасындағы еркін байланыс пен екеуінің ассоциациясы нәтижесінде пайда болатын бүтін - таңба (“знак”) болып табылады. Кез келген адам, индивид, тілді тұтынатын коллектив қабылданып, қолданыста жүрген таңбаға аз да болса өзгеріс енгізе алмайды. Мысалыға, ұғымның атауын (“тау”, “тас”) неге олай аталғанына, олардың арасында табиғи байланыс бар-жоқтығына көңіл аудармастан қолданамыз. “Тауды” “таспен” немесе керісінше өзгерте алмаймыз.
Тіл - жүйе, яғни оған абсолютті еркіндік жат. Тілдік жүйені тұтастай өзгерту мүмкін емес. Әрі тілдің кез келген күйі тарихи факторлардың жемісі, тілдегі таңбаладың өзгеріссіз қала беруі, өзгелермен ауыстыруға келмейтіндігінің бір себебі осында. Айталық, алғашқы қазақ газеттері тіліне бүгінгі күннің лексемаларын тықпаласақ, тарих пен тілге жасалған қиянат болар еді, тіл заңдылығына қайшы келу болып шығар еді.
Тіл білімінде тіл жүйе әлде құрылым ретінде қарастырыла ма деген проблемалық сұраққа жауап бере қою қиын. өйткені, тіл жүйесі мен құрылымы туралы бірыңғай тұжырым жоқ. Тұтастықпен сипатталатын объектілерді жүйе деп санайтын ғалымдар бар, ал объектінің құрылымы сол тұтастыққа қатынасы тұрғысынан анықталады. Сондай-ақ, “в современной трактовке системы и структуры исследователь сталкивается с необходимостью сформулировать свое понимание категории отношения или связи, поскольку последняя является неотъемлемой частью понятия системы и структуры” (118, 16) .
Л. Берталанфи бастаған біраз шетел ғалымдары “жүйе” ұғымын негізгі деп есептейді, бірақ құрылымға қарсы қоймайды, “бір-бірімен тығыз байланысқан элементтер комплексін жүйе” деп атауды ұсынады. Ғалымдардың өзге тобының айтуынша, жүйе элементтері тікелей болмағанмен, жанаса байланысып жатады, соның нәтижесінде ол тұтас болып, жинақталып көрінеді. Ал бұл екі ұғымды бір-біріне тең дәрежеде деп есептейтін ғалымдар өз ойларын мынадай схема арқылы береді: “жүйе” => “құрылым” => “қарым-қатынастағы, өзара байланысып жатқан элементтер жиынтығы”. Бұл схема бойынша ұғымға да қарым-қатынас, басқаша айтсақ, байланыс болуы міндетті екендігін, әрі сол арқылы олардың анықталатынын, айқындалатынын байқаймыз. Құрылым мен жүйеге тән тағы бір міндетті белгі - бүтіндігі немесе тұтастығы. Белгілі бір тұтастығымен сипатталатын әрі ерекшеленетін нысандар (“объектілер”) жүйе құрса, оның құрылымы сол бүтінге қарым-қатынасы тұрғысынан айқындалады. Екі ұғым белгілі бір тілдік элементтердің бір-бірінен ажырағысыз бір бүтінге бірігуінің тәсілі ретінде де түсіндіріледі. Ол құрамы жағынан күрделі, көп элементті, бірақ қызметі жағынан бүтіндік, тұтастықты танытады. Осы тілдік жүйе мен құрылымға тән әр түрлі байланыс, қатынас түрлері бар. Сондай қатынастардың бір түріне парадигматика мен синтагматика жатады. Парадигматика мен синтагматика туралы түсінікті алғаш қалыптастырған Ф. де. Соссюр, Бодуэн де Куртенэ болды. Тіл жүйесіндегі осы ұғымдарға байланысты орыс тіл білімінде, кейініректе кеңес тіл білімінде зерттеу мақалаларын, ғылыми еңбектер жазған ғалымдардың алғашқы легінде С. В. Лоя, Л. В. Щерба, В. В. Виноградов есімдері аталады. Қазақ тіл білімінде Т. Қордабаев, М. Оразов т. б. еңбектерін атар едік.
Дүниедегі барлық заттар қалай болса солай жинақталған заттардың жиынтығы болып саналмайды. Заттар жүйе-жүйе бойынша орналасып, өзара белгілі бір заңдылықпен байланысып жатады. Қарапайым көзбен қарағанда байланыс жоқтай болып жатқан заттардың, құбылыстардың іштей байланысып жатуы анық. Оқшау тұрған, басқа заттармен байланыспаған заттар өмір сүрмейді. Құбылыстар да, қозғалыстар да осындай байланыста болады. Мысалы, құбылыс болу үшін оны қозғалысқа түсіретін күш, оның алатын орны мен мезгілі және бағыты болады. Яғни құбылыс 1) затпен 2) бір күшпен 3) қозғалатын орны, кеңістігі 4) уақыты 5) бағыты болады, бір орыннан екінші бір орынға өтуі 6) түсінікті талап етеді. Тіл элементтері де - осындай белгілі заңдылықпен өзара байланысқан күрделі процестің нәтижесі. Сондықтан тіл де - күрделі жүйелі көлемі бар күрделі бірлік. Соған орай қазіргі заман ғалымдарының бәрі де өз нысанасын жүйелі, құрылымды сипатын анықтаудан бастайды.
Тіл біліміндегі жүйе, құрылым категориясын зерттеу Ф. де. Соссюрден басталған. Ол “Язык есть система, которая подчиняется только своему собственному порядку”, - деп қорытынды жасаған. Тіл элементтерінің белгілі заңдылықпе өзара байланысып жатқандығын одан бұрын да байқаған ғалымдар болған. Мысалы, В. фон Гумбольд “Жизнь языка заключается во взаимопроникновении двух элементов - звуковой материи, с внутренней структурой языка”, - деп ашып көрсетеді де, сөз элементтерін ары қарай талдайды. Тілде элементтер өзара байланысып “…положительное есть отрицательное, часть-целое, единочное-множественное, отрицательное-абсолютное” деп көрсетеді. Дегенмен Ф. де Соссюр “тіл - жүйелі құбылыс” деген тезисті дәйекті түрде қорғаған. Сондықтан оның бірнеше пікірін келтірелік: “Тілдік жүйе бірлік пен айырмашылықтан тұрады”, “Жеке тіл де өзінше аяқталған, тұйықталған жүйе”, “Тілдік жүйе дыбыстар айырмашылығынан тұрады”, т. б. Тіпті тілдік жүйе күрделі екендігін де көрсетеді “Раз язык есть система, все элементы которые образует целое” деп қорытынды жасады.
ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап жүйе түсінігі тілшілердің көптеген еңбектерінің нысанасы ретінде зерттелінеді. Тіпті сол жылдарда “құрылымдық тіл білімі” деген мектеп қалыптасты. Олардың негізгі бағыты - жүйе мен құрылымды зерттеу. Олардың негізгі қағидасының бірі - Ф. де Соссюрдің “язык - это так сказать, такая алгебра, где имеются лишь сложные системы” деген қағидасы.
Оқулықтарымызда, ғылыми еңбектерде жүйе және құрылым деген термин қолданылады, бірақ көпшілік ғалымдар олардың мағынасын ажыратпай қолдана береді. Мысалы, Т. Қордабаев жүйе және құрылымды ажыратып береді. “Жүйе тілдік құрылым деген ұғымға қарағанда кең мағынаны білдіреді, бүкіл тілдік фактілердің барлығының жиынтығына, бірлігіне қатысты ұғым ретінде қолданылады, ал құрылым тілдік элементтердің тек қарым-қатынасына ғана қатысты жүйенің айрықша бір бөлшегі ғана деп саналады, ” - деп анықтама берген. Ал екінші бір ғалымдар оны синоним ретінде қолданады. Бұны толық талдаған.
А. С. Мельничук “Отсуствие у многих исследователей какого-либо различия между терминами система и структура или же обозначение ими в большей или меньшей степени совпадающих понятий может свидетельствовать о том, что даже и при различений значения обоих терминов они соотносятся с объективно тоджественными и сущностями” деп бірнеше шет ел авторларын атап көрсетеді. Әрине құрам мен жүйе туралы пікір айтқан адамдар құрылымды жүйеден кең мағынада қолданады. Бірақ олар өте байланысты. Сондықтан бұл терминдерге анықтама бергенде нәзік айырмашылықты ғана негіз етіп алады. Біздіңше, жүйе майда, кіші элементтердің өзара байланысына байланыстырған топ, күрделі бірлік жасаған элемент болып саналады. Ал құрылым дегенде үлкен немесе күрделі бірліктің бірлігін түсінеміз. Зат есім, сын есім, етістік сияқты сөз таптарының белгілі заңдылықпен байланысының сөз табы тобына енуі жүйе болады. Құрылым дегенде (структура) күрделі құбылыстың ары қарай бөлінуін түсінеміз. А. С. Мельничук “. . что при употреблении слова система осмысление сложного характера объекта идет в оправлении от составных частей к целостности объекта к его частям и к характеру их взаимосвязи”, - деуі осыдан.
Пәндердің даму деңгейіне көз тастасақ, күрделі заттар мен құбылыстардың арасында белгілі бір жүйе бар болатындығын көруге болады. Бұл анықталған, бірақ ғалымдар арасында жүйе мен құрылымның ара қатынасы, байланысы мен табиғатын анықтау мәселесіндегі пікірлер арасында түрліше түсіну бар. Жүйе болу үшін кіші элементтер болу шарт. Екінші сөзбен айтқанда, кез-келген жүйе мен құрылымның элементтері болады. Олардың саны кемінде екеу болуы қажет. Екіншіден, элементтердің арасында белгілі бір заңдылық бойынша байланыс болуы тиіс. А. А. Реформатский бұл туралы “Система - это единство однородных взаимообусловленных элементов”, немесе “Под структурой следует понимать единство разнородных элементов в пределах целого” - дейді; Ю. С. Степанов та осыған ұқсас пікірді білдіреді: “Ядро языковой системы образуют продольные единицы языка и связывающие их отношения”. “Под отношениями между предельными единицами понимаются все типы продигматических и синтагматических отношений” дейді. Бұл жерде анық айтылмаған нәрсе элементтердің байланыс түрі, ол туралы сөз қозғалмады. Екінші жағынан, жүйелік қасиет материал заттар аралығындағы байланысы мен идеяны түсінік арасындағы байланыс туралы.
Жүйе туралы сөз болғанда объективті дүниедегі заттар арасындағы жүйе бар да, екінші жағынан, одан ойлаумен байланысты жасалынған жүйе болады ма? Яғни материалды заттармен идеалды бейне арасында жүйе болады ма? В. М. Солнцев екі жүйені бөліп көрсетеді де, “Материальные системы, состоящие из материальных элементов, находящихся в определенных взаимоотношениях… Материальной системой можно считать сооружения из любого материала - оно состоит из взаимосвязанных и взаимозависимых частей, материальной системой можно считать сооружения любой живой организм, то или иное упорядочное объединение людей, например войсковое подразделение и т. д. ” деп материалды жүейге анықтама берсе; Идеалды жүйеге “идельные системы - это такие системы, элементы (элементарные объекты), которых суть идеальные объекты - понятия или идей, связанных определенными взаимоотношениями” деп көрсетеді. Дегенмен, идеалды жүйе материалды жүйесіз өмір сүрмейді. Идеалды жүйенің негізі объекті дүниемен байланысады да, материалды жүйе болып саналады. Бұны таным теориясын зерттеген ғалымдарымыз мойындаған. Сондықтан, материалды жүйе адамға тәуелді болмайды, ал идеалды жүйе адам санасында адам миының қызметі арқылы қалыптасады. Екінші айтқанда, идеалды жүйе санасынан тыс өмір сүрмейді, бірақ өздігінен де өмір сүре алмайды. Сонымен бірге тілдік жүйе басқа жүйеден басқашалау қасиетке ие болады.
Жүйе екендігін анықтау үшін объективті дүниедегі заттардың қасиетін анықтау керек. Бірақ, одан өмірдегі барлық заттарды, құбылыстарды заттың тұлғасында салыстыра беруі мүмкін емес. Мысалы, ағаш, көмір, су, шөп т. б. заттарды отын деген ұғымның аясына енгізіп, бір жүйелік құбылыс деп есептейміз. Бірақ олардың басын құрап тұрған белгісін жанатын, ыстық беретін деп анықтау керек, демек оларды бір кезде бір мезгілде жинап олардың ыстық беретін қасиетін анықтауымыз керек. Бұл сияқты белгілерді барлық кезде анықтау мүмкін емес. Ондай қызметі гнессиологиялық бейне атқарады. Ғалымдар осы гнессиологиялық бейне негізінде жасалынған жүйені екінші материалдық жүйе деп атайды. Объектив дүниедегі материалдықжүйеден артықшылығы бар себебі, екінші бір материалдық жүйенің элементісұрыпталып, ұқсастығы айырмашылығына қарай адам санасында сақталады. Екінші бір нәтсе материалдық заттармен салыстырмайды, таңбамен байланысады. Егер таңбаның екі жақты құбылыс екендігін: таңбалаушы мен таңбаланушы екендігін ескерсек, онда идеалды жүйе осы оның бір жағымен байланысады. Яғни, сөздің мағынасымен байланысады. Тілшілер арасында Ф де Соссюрдің пікіріне сүйене отырып, ”Тіл - жүйелі құбылыс” деген пікір қалыптасқан. Әрине тілдік жүйенің өзіндік элементтері, ол элементтердің іштей байланысқан заңдылықтары, қағидасы бар. Мысалы, тілдің барлығы үлкен құрылым деп санасақ огың элементтер ретінде фонетика, лексика, морфология т. б. түсінеміз. Бұл күрделі элементтер кіші элементтерге бөлінеді, олар да іштей байланысып жатады. Ф. де Соссюр бұлардың іштей байланысы өзара байланысты, біріне екіншісі қарсы келіп жатқандығын көрсеткен еді. Тіл элементтерінің аралығы байланыс жан-жақты, бірнеше қатпарлы болуы мүмкін. Сондықтан Ф. М. Березин мен Б. Н. Головин оларды материалдық пен семантикалық жақтан, генетикалық пен функционалдық жағынан, екі қатпар және бір жалпы, сондай-ақ бір деңгейлік және бірнеше деңгейлік байланыс болады дейді [8; 154] . Бұдан пайымдауымызша, тіл элементтері арасында бірнеше қатпарлы байланыстар болуы керек. Айталық, морфемалар арасындағы байланыс бір жолмен жасалынса, морфемалар мен синтагма арасындағы байланыс басқаша болады. Бұл элементтердің табиғатына байланысты болады. Айталық, септік жалғауларының арасындағы байланыс тең дәрежелі тіл элементтері арасында болады да, бірізді болады. Морфема мен синтагма арасындағы байланыс тең дәрежелі байланыс болмайды, бірі екіншісінің құрамына кіріп барып байланысады. Тіл элементтері белгілі бір жүйеге енуі қажет. Ф. де Соссюр бұны бірнеше рет тексерген. Тіпті өзі айтқан “тіл тек айырмашылықтан тұрады” деген қағидасын жүйеге келгенде өз қағидасынан бас тартқан. “Единица и грамматический факт не покрывали бы без друг друга, если бы языковые знаки стояли из чего-либо другого, кроме различий” дегенін куәлік етіп көрсетуге болады. Бұл пікірін жалғастырып, “Но поскольку язык именно таковы то с какой бы стороны к нему не подходить, в нем не найти ничего простого: всюду и всегда он предстает перед нами как сложное равновесие обусловливающих друг друга членов система”- дейді. [10; 154] . Дегенмен, тілдік фактілерді шолып көрсек, кей элементтер екі бір системаның құрамына кірмейтіндей болып көрінуі мүмкін. Мысалы, сөздердің түрлену кезінде кей морфемалар “басы артық элементтері” бардай көрінеді. Бұндай жұмыстардың өз заңдылығы бар. Ең алдымен, тіл дамып тұратындығы анық, кей элементтер (сөздер не сөз формасындағы) жаңадан пайда болып, кейбіреуі қолданудан шығарып тасталынады (архаизмдер және көнерген формалар) ; жаңа элементтердің жүйе құрамына енуі үшін біраз уақыт қажет болғандығы; қолданудан шығып бара жатқан сөз не терминдер бірден шығып кете алмағандығы, біртіндеп ұмытыла бастағандығы даусыз. Осы өтпелі кезеңде өмір сүрген формалар “басы артық элемент” ретінде өмір сүрді, жүйе құрамынан біраз уақыт “өгейсіп” жүруі мүмкін. Мысалы, менімен, сенімен дегендегі і элементі (сен+ і +мен) “басы артық”, себебі мағынасы жағынан да, грамматикасы жағынан да қызмет атқармайды. Басқаға, өзгеге дегенде (өз+ге+ге) бірінші ге дербес морфема бола алмайды. Бірақ тарихи жағынан і элементі де, ге элементі мағына білдіріп, белгілі қызмет атқарған (і-тәуелдік жалғауы; ге-барыс септігі) . Мұндай “басы артық” элемент ретінде қолданылатын элементтер басқа тілде де кездеседі. Оның жалпы тілдік сипаты бар екендігін Ф. де Соссюр біліп, оларға жүйе туралы пікір айтқанда олардағы синхронды тіл білімін ғана тілге алған. Ол “система всегда моментальна: она видоизменяется от позиции к позиции”, “Язык есть система, все части которой могут и должны рассматриваться и их синхронической взаимообусловенности”, - деп көрсеткен. Диахроникалық тіл білімінің мамандары тіл тарихында да жүйелі болады, ол даму процесіндегі шегіну уақытынша және барлық элементтеріне қатысты болмайды деп есептейді.
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдік жүйе туралы анықтама
2. Тілдік құрылым дегеніміз не?
3. Осындай тілдік құбылыстар туралы ғылыми пікірлерге шолу
№2 лекция
Лекция тақырыбы: Неограмматистерге тән жаңалықтар, оларға тән мектептер, ірі өкілдері, бүгінгі күнгі тіл білімі проблемаларымен неограмматистер идеясының сабақтастығы
Лекция жоспары:
- Неограмматистерге тән жаңалықтар.
- Жас грамматистерге тән мектептер, олардың ірі өкілдері
Лекцияның мақсаты: Неограмматистерге тән жаңалықтар, оларға тән мектептер, ірі өкілдері, бүгінгі күнгі тіл білімі проблемаларымен нео- грамматистер идеясының сабақтастығын ұғындыру
Лекция мазмұны.
Жас грамматикалық бағыт. Жас грамматикалық көзқарас (младограмматизм) XIX ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Бұл ағымның Германиядағы көрнекті өкілдері К. Бургман, {1849- 1919), Г. Остгоф (1842-1907), Б. Дельбрюк (1842- 1922), Г. Пауль (1846-1921), А. Лескин (1840-1916), т. б. Францияда М. Бреаль, Швецарияда Ф. де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г. И. Асколи, Россияда Ф. Ф. Фортунатов бастаған Москва лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаран Қазан лингвистикалық мектептері болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz