Тілдік жағдаяттың бірнеше типологиялық түрі
Тілдік жағдаят дегеніміз — бір тілдің немесе бір территориялық-әлеуметтік
ортада қызмет ететін тілдік формалардың (жергілікті, әлеуметтік
диалектілер, койне, жаргон, тілдің функционалды стильдік түрлері) белгілі
географиялық аймақ, болмаса саяси-әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру
формасының жиынтығы. Тілдік жағдаят — әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін
мәселесі. Тілдік жағдаяттың бірнеше типологиялық түрі бар. Олар сандық,
сапалық және бағалық белгілері арқылы анықталады. Тілдік жағдаяттың сандық
белгілеріне: тілдік жағдаятқа қатысты тілдердің саны, олардың әрқайсысында
сөйлеушілердің саны, қоғамдық қатынаста әр тілдің қолданылу аясының
мөлшері, қолдануда басым тілдердің саны т. б. жатады. Тілдік жағдаят бір
компонент (бір ғана тілден тұратын) болуы мүмкін, бірақ сирек кездесетін
құбылыс.
• Мысалы, Исландияда тек бір тілде сөйлейтіндіктен, ондағы тілдік
жағдаят бір тілге ғана байланысты. Тілдік жағдаяттың көп компонентті
болуы жиі кездеседі. Ондай жағдайда тілдердің демографиялық, қарым-
қатынастық қуаты тең немесе әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін.
• Мысалы, Бельгиядағы тілдік жағдаятта француз және нидерланд тілдері
тең дәрежеде қызмет етеді. Ал, Батые Африка елдеріндегі тілдік жағдаят
әр түрлі сипатта: демографиялық қуаты жағынан жергілікті тілдер басым
да, қарым-қатынастық қуаты жағынан Еуропа тілдері басым.
Тілдік жағдаяттың сапалық белгілеріне: тілдік жағдаятқа қатысты тілдердің
біртектес немесе әртектес болатыны; тілдердің функционалдық сипаты тең
немесе тең емес екендігі; мемлекет аумағында басымдық ететін жергілікті тіл
ме, әлде кірме тіл ме екендігі жатады.
• Мысалы, Мали Республикасында француз тілі, Ганада ағылшын тілі
басымдық етеді.
Тілдік жағдаяттың бағалық белгілері қарым-қатынастық қызметі, көркемдігі,
мәдени кадірі жағынан тілді басқа ұлт, халық өкілдерінің немесе оның
байырғы иелерінің бағалауына байланысты. Бұдан тілдің сырттай және іштей
бағалануы келіп шығады. Тілді (тілдерді) іштей бағалау нәтижесінде белгілі
тілдік ортада өзінің ана тіліне оң көзкарас қалыптасады. Қалыптаскан тілдік
жағдаятқа байланысты бұрынғы Кеңестер Одағындағы ұлттық республикаларда
билингвизм қалыптасты. Орыс тілі ұлтаралық қатынас құралы болумен бірге
қоғамдық қарым-қатынаста да басым қолданылды. Осыдан барып ол елдердегі
тілдің қызметінде тепе-теңдік сақталмай, тілдік жағдаят қалыптасты.
Көптілділік , мультилингвизм, полилингвизм дегеніміз – нақтылы
коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада,
мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке
адамның (индивидуумның) көптілділікті және ұлт пен ұлыстың көптілділікті
болып бөлінеді. Көптілділіктің үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе
бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық,
мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты.
Ұлттық құрамы бірыңғай, бір ғана этнос мекендейтін мемлекетте көптілділік
сирек. Онда жеке адамның ғана көптілділікті ұшырасады (Жапонияда, Кореяда,
Германияда, Исландияда).
Көптілділік – АҚШ, Ресей Федерациясы, Үндістан, Нигерия сияқты жүздеген
ұлт пен ұлыс мекендейтін мемлекеттерге тән құбылыс. Көптілділік: жаппай
көптілділік, ішінара көптілділік болып бөлінеді. Жаулап алу, халықтардың
қоныс аударуы, көрші елдермен тығыз қарым-қатынас секілді тарихи
себептерден кейбір халық өкілдерінің жаппай көптілділікгі қалыптасқан.
Сондықтан да көптілділік көп ұлтты географиялық кеңістікте кең тараған.
Мәселен, жаппай көптілділік Кавказдағы армян, аджар, осетин, құрд, грек,
т.б. халықтар арасында, сондай-ақ, Дағыстан халықтары арасында жиі
кездеседі. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан жағдай да осыған
ұқсас. Мұндағы славян тектес халықтардың дені – негізінен бір тілде ғана
сөйлейтіндер, қазақтардың көпшілігі екі тілде сөйлейді. Ал ұйғыр, өзбек,
дүнген, құрд, түрік, әзербайжан, тәжік, татар, т.б. ұлт өкілдері арасында
көптілділік кең тараған. Неміс, корей, шешен ұлттарында да көптілділік
едәуір жиі ұшырасады. Кейінгі кезде шет тілін үйренуге ден қойыла
бастағандықтан, қазақтар арасында да көптілділік көбейіп келеді. Бүтіндей
ұлт пен ұлыстың көптілділікгі – социолингвистердің зерттеу нысаны боларлық
күрделі құбылыс. Жаппай көптілділік жағдайында коммуникативтік формалар
(диалектілер, говорлар, әр алуан жаргондар, жеке тілдер) өте күрделі
қолдану иерархиясын құрайды. Мысалы, 1) тар локалды шағын топ арасындағы
қатынас (үй-ішілік тіл); 2) топаралық тұрмыспен байланысты локалды қатынас
құралы (мыс., Азия мен Африканың көп ұлтты елдеріндегі “базар” тілі); 3)
билік жүргізетін әкімш. (немесе ұлт) тілі; 4) көп ұлтты аймақтың ресми
тілі; 5) мемл. тіл (немесе халықар. байланыс тілі). Егер бастапқы екеуі
ресми қатынас құралы болмай, тек ауызекі сөйлесу тіліне жатса, соңғы
үшеуінің атқарар қызметі жан-жақты.Олар – жалпы халыққа ортақ қарым-қатынас
құралы, білім мен ғылымның, ақпарат пен баспасөздің, әдебиет пен
мәдениеттің тілі. Көптілділік билингвизмнен (қостілділіктен) бастау алады.
Көптілділік сирек кездеседі. 1989 ж. мәлімет бойынша, бұрынғы Кеңестер
Одағындағы 73 млн. қос тілділердің (23,4%), 61 млн-ының екінші тілі орыс
тілі болған. Олардың шағын ғана тобы көптілділікге (полиглотқа) жатқан.
Көптілділік үшін тілдің қолдану мәртебесінің жан-жақты болуы, қажеттіліктің
қалыптасуы, сондай-ақ тілдердің туыстығы (генетик. және типол. жақындығы)
шешуші рөл атқарады.
Қостілділік - ұлтаралық қарым-қатынастарда қолданылатын күшті құрал:
әртүрлі ұлт өкілдерінің ортақ істе, бір аумақта бірге тұруының көпқырлы
өзара байланысын жүзеге асырады. Қостілділік - көпэтнналы тұрғындардың
қарым-қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттіліктен туындайды. Ол
әртүрлі ұлт адамдарының өзара қарым-қатынасының күшеюі барысында ерекше
мәнге ие болып, қазіргі этнотілдік процестердің қүрамдас бөлігі ретінде,
яғни этникалық процестердің дамуының маңызды шарты әрі факторы және
этностардың өзара тарихи қарым-қатынастарының нәтижесінде қалыптасады.
Екінші тілді білу біріншіден, еңбек ету аясында өте қажет, өйткені бүгінгі
таңда өндірістік байланыстар ұлттық шеңберден шығып, республикада көпұлтты
еңбек ұжымдары басым. Тілдердің дамуы мен қызметінде қостілділік үлкен рөл
атқарады.
Қазақстанда қазақ не орыс тілінің араласуынсыз, өзге тілдерден құралған
қостілділіктің оншақты түрі бар. Олар: тәжік-өзбек, дүнген-ұйғыр, ұйғыр-
өзбек, түрік-әзербайжан, татар-ноғай және т.б. Қостілділіктің бұл түрлері
туралы мәлімет аз болса да, тілдердің аймақтық қатынасының айғағы.
Қазақстан көп ұлттың өкілдері тұратын, көп диаспоралы мемлекет.Еуразия
континентіндегі бір кездегі көптеген эмиграциялық процестердің
экспериментіне айналған ел, көші-қон үрдістерін көп қабылдаған реципиент
мемлекет. Әсіресе, көші-қон процесінің қызған уақыты Стольпин реформасы
мен патша өкіметі кезіндегі орыс-казак, украин шаруа мұжықтарының қара
қытайдай қаптаған кезі еді. Одан кейінгі тарихи оқиғалар да Қазақстан
халқының көпұлтты ел болуына әсер етті: соғыс алдындағы және соғыстан
кейінгі жылдардағы депортацияланған ұлттардың (немістер, корейлер,
шешендер, гректер, ингуштар, финдер, қырым татарлары, голландықтар, тат,
т.б.) қоныс аударуы; АЛЖИР, КарЛАГ, СтепЛАГ, Долинка еңбек-түзету
лагерлері; 2 млн.-нан аса тың игерушілердің басыбайлы келуі (әрине,
Голощекин қолымен жасалған геноцид, коллективтендіру кезіндегі қоныс
аудару, Ұлы Отан соғысы да қазақ халқының азаюының басты себепкері еді).
Бұл жағдаяттардың барлығы өз жерінде қазақ халқының кризистік жағдайына
себепші болды, тек 1966 жылы ғана саны бұрынғы өз қалпына келді. Қазақстан
этникалық жағынан біртұтастық сипатынан айырылды: бүгінде Қазақстанда 126
ұлт өкілдері (оның ішінде 43 диаспораның саны 200-ден аспайды, 14
диаспораның саны 10 адамдай ғана) өмір сүруде. Еліміздің тілдік жағдайына
сипаттама бері үшін тілдік жағдайды қалыптастыратын факторларды атап өткен
жөн.
Біріншіден, мемлекеттің тілдік ахуалына ең бірінші тілдік саясаттан
бұрын ұлттық ерекшелік әсер ететіні белгілі. Сол себепті Қазақстанда қазақ
тілінің үстемдігін арттырамыз десек, қазақ ұлтының санын арттыруымыз керек.
Қазақстан халқы соңғы санақ бойынша, 2009 жылы - 16 млн.-ды құраған, 1999
жылы – 14,9 млн., 1989 жылы – 16,2 млн. Әрине, Қазақстанның тілдік
жағдайына мекен етуші ұлт өкілдері әсер ететіні де белгілі. Ал санақ
бойынша байырғы халық – қазақ халқының саны: 2009 жылы – 10098,6 (63,1%),
1999 жылы – 7985,0 (53,4%), 1989 жылы – 6535,0 (39,7%), 1979 жылы – 5289,0
(36,0%). Қазіргі уақытта қазақ халқының өсуіне тікелей табиғи өсім (75,1%)
мен алыс-жақын шетелдерден оралған қазақтардың келуімен байланысты (қазақ
халқының өсімінің 24,6%-ін құрайды). Қазақ халқының өсуі өз кезегінде қазақ
тілінің таралуы мен ықпал ету аясын қалыптастырмақ, статусына негіз болмақ.
Екіншіден, тәуелсіздік жылдары мен одан кейінгі жылдары елде тарихи
отандарына қоныс аударуымен өзге диаспоралардың (орыс, неміс, белорус,
украин, татар, т.б.) саны азайды, оның есесіне қазақ халқына туысқан
халықтардың (өзбек, ұйғыр, тәжік) саны өсуде, бұл жағдай өз кезегінде бөлек
нәсіл тектестердің (түркітектестердің) біртұтастығына әкелуде.
Қазақстандағы диаспоралардың саны жағынан орналасуына келсек, 1999 жылғы
санақ бойынша алғашқы қатарларда орыс, украин диаспора өкілдері болса, 2009
жылғы санақта алғашқы орындарда орыс, өзбек диаспоралары орналасуда.
Қазірде елде 24 түркі халқы мекендеуде. Аса ірілері: өзбектер – 370765-ден
456997-ге, ұйғырлар 210377-ден 224713-ке, түріктер 75950-ден 97015-ке,
қырғыздар – 10925-тен 23274-ке өскен. Осыған байланысты славян тектес
ұлттар үлесін кемуде, керсінше түркі тектес ұлттар көбеюде. Осыған
байланысты елде түркі тілдерінде сөйлейтіндер – 60,5%, славян тілдерінде –
34,6%, өзге тілдерде – 4,9 % болды.
Үшіншіден, тілдік жағдаятқа мемлекет ішіндегі түрлі себептерге
байланысты миграцияларға, әкімшілік-территориялық бөліністерге, қалалардың
өсуіне байланысты урбанизацияға, астананың ауысуына, мегаполис қаланың
дамуына байланысты халық баллансының өзгеретіні белгілі. 2009 жылғы санақ
бойынша қала халқы Қазақстан халқының 54,1% -ін құраса, ауыл халқы 45,9 %-
ін құраған. Алайда қазақ халқының басым ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz