В. П. Юдин еңбектері Қазақстан тарихының деректік негіздері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І. В.П ЮДИН ЕҢБЕКТЕРІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 . В.П Юдин өмірі және еңбектеріне тарихнамалық, деректік сипаттама
1.2. «Центральная Азия в XIV.XVIII вв глазами востоковеда» еңбегі ортағасырлық Қазақстан тарихының дерегі ретінде.
ІІ.ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ В.П.ЮДИН ЕҢБЕКТЕРІНДЕ.
2.1. В.П.Юдиннің тарихи этнонимдерге көзқарасы.
2.2. В.П.Юдин еңбектеріндегі қазақ мемлекеттілігінің мәселелері.
ҚОРЫТЫНДЫ

Тақырыптың өзектілігі: Тарих ғылымының дамуы, оның жетістіктері мен кемшіліктері кейде осы ғылым саласындағы ғалымдар есімімен тікелей байланысты десек те болады. Мәселен орыстың ірі шығыстанушы ғалымы В.П. Бартольд, қазақ ғалымы Е.Б. Бекмаханов сияқты зерттеушілер есімімен тұтас бір тарихи кезең оқиғаларын байланыстыруға болады. Соның ішінде отандық шығыстану ғылымының көшбасшысы, белгілі зерттеуші В.П. Юдинді атауға болады. Бүгінде В.П. Юдин есімі ортағасырлық қазақстан тарихының, әсіресе XIV-XVIII ғасырлар кезеңімен тығыз байланысты. Осы кезең бойынша қандай бір болмасын тарихи мәселені қарастырғанда В.П.Юдин есімін айналып өте алмаймыз.
Қазақстан тарихының түрлі аспектілерін, оның нақты тарихи даму жолдарын жан-жақты, терең ғылыми тұрғыда зерттеу және белгілі бір тарихи кезеңде Қазақстан аймағында өткен этно-саяси процестердің сипаттамасын беру тарих ғылымы үшін өзекті проблема болып табылады. Қазақстан тарихының аз зерттелген аспектілерін қарастыру халықтың тарихи зердесін қайтадан қалпына келтіруге септігін тигізеді. Қазақстан территориясындағы ұзаққа созылған этникалық процестер ХІҮ-ХҮ ғасырларда қазақ халқының қалыптасуы аяқталып, осы этнос негізінде алғашқы ұлттық мемлекет – Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Қазақ халқының этно-саяси даму жолдарын анықтай алмай тұрып бұл процестердің күрделілігін ұғыну мүмкін емес. Осы аймақтағы тарихи процестердің кейінгі барысына негіз болған ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы кезеңін ғылыми және обьективті түрде зерттеу міндеті туады. Осы тұрғыдан алғанда Отан тарихының осындай өзекті мәселелерін зертеген ғалымдардың еңбектерін талдап, оқып-үйрену өте маңызды болып табылады.
1928 жылы сонау Волгаград қаласында туылып, өскен, мектеп бітірісімен әскери теңіз училищесіне түсүді армандаған В.П. Юдин шығыстанушы мамандығы бойынша Н. Нариманов атындағы Мәскеу шығыстану институтының ұйғыртану бөлімін бітіріп шығады. 1955 жылдың күзінен Алматы қаласына көшіп келіп, қызметке кіріскен жас зерттеуші қазақ халқының тарихы мәселелерімен, әсіресе парсы, түркі тілдеріндегі жазба деректеді анықтау, ғылыми айналымға қосу ісімен қызу айналысып кетеді, зерттеуші Отан тарихының деректік негіздерін кеңеюту, теориясының деректану, ортағасырлық қазақстан тарихының мәселелері, тарихи этнонимдердің этимологиясын анықтау бағыттарында орасан зор жұмыс атқарды.
В.П.Юдиннің ғылыми шығармашылық қызметінде 1969 жылы жарық көрген XV-XVIII ғасырлардағы қазақ хандықтарының тарихы бойынша материалдар («парсы, түркі шығармаларынан үзінділер» атты жинақтың маңызы зор). Жоба жетекшісі С.К.Ибрагимовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты бұл жұмысты аяқтау В.П. Юдинге жүктелді. Жоба авторының еңбегіне лайықты бағасын бере отырып, дегенмен ҚХТМ-ғы В.П.Юдин еңбегінің маңызы зор екендігін атап өтуімізге болады.
Дегенмен бұл еңбекті жариялау барысында сол кезеңдегі ғылымға көпе-көрмеу араласу, оны бұрмалау сияқты келеңсіз фактілер де орын алмай қоймады. ҚХТМ алғы сөзі ретінде жазылған В.П.Юдиннің «XIV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихы бойынша парсы, түркі деректері» атты көлемді мақаласы жинаққа енбей қалды. Себебі автор ғылымнан алыс адамның автор болуына келіспеді.міне осы кезеңнен бастап ғалым қудалана бастады.
1983 жылы В.П. Юдин қайтыс болған кезеңде КазКСР Ғылым Академиясы хабаршысының қоғамдық ғалымдар сериясының (N 4) соңында некролог жариялайды. Бұл некрологты оқысаңыз артында қаншама мол ғылыми мұра қалдырған зерттеушінің

1. . В.П Юдин өмірі және еңбектеріне тарихнамалық, деректік сипаттама
1.2. Центральная Азия в XIV-XVIII вв глазами востоковеда еңбегі
ортағасырлық Қазақстан тарихының дерегі ретінде.
ІІ.ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ В.П.ЮДИН ЕҢБЕКТЕРІНДЕ.
2.1. В.П.Юдиннің тарихи этнонимдерге көзқарасы.
2.2. В.П.Юдин еңбектеріндегі қазақ мемлекеттілігінің мәселелері.
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Тарих ғылымының дамуы, оның жетістіктері мен
кемшіліктері кейде осы ғылым саласындағы ғалымдар есімімен тікелей
байланысты десек те болады. Мәселен орыстың ірі шығыстанушы ғалымы В.П.
Бартольд, қазақ ғалымы Е.Б. Бекмаханов сияқты зерттеушілер есімімен тұтас
бір тарихи кезең оқиғаларын байланыстыруға болады. Соның ішінде отандық
шығыстану ғылымының көшбасшысы, белгілі зерттеуші В.П. Юдинді атауға
болады. Бүгінде В.П. Юдин есімі ортағасырлық қазақстан тарихының, әсіресе
XIV-XVIII ғасырлар кезеңімен тығыз байланысты. Осы кезең бойынша қандай бір
болмасын тарихи мәселені қарастырғанда В.П.Юдин есімін айналып өте
алмаймыз.
Қазақстан тарихының түрлі аспектілерін, оның нақты тарихи даму жолдарын жан-
жақты, терең ғылыми тұрғыда зерттеу және белгілі бір тарихи кезеңде
Қазақстан аймағында өткен этно-саяси процестердің сипаттамасын беру тарих
ғылымы үшін өзекті проблема болып табылады. Қазақстан тарихының аз
зерттелген аспектілерін қарастыру халықтың тарихи зердесін қайтадан қалпына
келтіруге септігін тигізеді. Қазақстан территориясындағы ұзаққа созылған
этникалық процестер ХІҮ-ХҮ ғасырларда қазақ халқының қалыптасуы аяқталып,
осы этнос негізінде алғашқы ұлттық мемлекет – Қазақ хандығының құрылуына
әкелді. Қазақ халқының этно-саяси даму жолдарын анықтай алмай тұрып бұл
процестердің күрделілігін ұғыну мүмкін емес. Осы аймақтағы тарихи
процестердің кейінгі барысына негіз болған ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы кезеңін
ғылыми және обьективті түрде зерттеу міндеті туады. Осы тұрғыдан алғанда
Отан тарихының осындай өзекті мәселелерін зертеген ғалымдардың еңбектерін
талдап, оқып-үйрену өте маңызды болып табылады.
1928 жылы сонау Волгаград қаласында туылып, өскен, мектеп бітірісімен
әскери теңіз училищесіне түсүді армандаған В.П. Юдин шығыстанушы мамандығы
бойынша Н. Нариманов атындағы Мәскеу шығыстану институтының ұйғыртану
бөлімін бітіріп шығады. 1955 жылдың күзінен Алматы қаласына көшіп келіп,
қызметке кіріскен жас зерттеуші қазақ халқының тарихы мәселелерімен,
әсіресе парсы, түркі тілдеріндегі жазба деректеді анықтау, ғылыми айналымға
қосу ісімен қызу айналысып кетеді, зерттеуші Отан тарихының деректік
негіздерін кеңеюту, теориясының деректану, ортағасырлық қазақстан
тарихының мәселелері, тарихи этнонимдердің этимологиясын анықтау
бағыттарында орасан зор жұмыс атқарды.
В.П.Юдиннің ғылыми шығармашылық қызметінде 1969 жылы жарық көрген XV-XVIII
ғасырлардағы қазақ хандықтарының тарихы бойынша материалдар (парсы, түркі
шығармаларынан үзінділер атты жинақтың маңызы зор). Жоба жетекшісі
С.К.Ибрагимовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты бұл жұмысты аяқтау
В.П. Юдинге жүктелді. Жоба авторының еңбегіне лайықты бағасын бере отырып,
дегенмен ҚХТМ-ғы В.П.Юдин еңбегінің маңызы зор екендігін атап өтуімізге
болады.
Дегенмен бұл еңбекті жариялау барысында сол кезеңдегі ғылымға көпе-көрмеу
араласу, оны бұрмалау сияқты келеңсіз фактілер де орын алмай қоймады. ҚХТМ
алғы сөзі ретінде жазылған В.П.Юдиннің XIV-XVIII ғасырлардағы қазақ
халқының тарихы бойынша парсы, түркі деректері атты көлемді мақаласы
жинаққа енбей қалды. Себебі автор ғылымнан алыс адамның автор болуына
келіспеді.міне осы кезеңнен бастап ғалым қудалана бастады.
1983 жылы В.П. Юдин қайтыс болған кезеңде КазКСР Ғылым Академиясы
хабаршысының қоғамдық ғалымдар сериясының (N 4) соңында некролог
жариялайды. Бұл некрологты оқысаңыз артында қаншама мол ғылыми мұра
қалдырған зерттеушінің ешбір ғылыми атақ, дәреже алмай өткенін көресіз.
Бүгінгі таңда ғалымның ғылыми мұрасын бағалап, оны оқып үйрену барысында
қаншама ғылыми еңбектерінің автордың көзі тірісінде жарияланбағанына қарап
қынжыласыз. Зерттеуші қайтыс болған кезеңде Түрікменстан ҒА мүше-
кореспонденті, Ғ.Д., профессор С.Н. Агаджанов ғалымның шәкірті, белгілі
зерттеуші Ж.Ғ.Д., профессор М.Д. Әбусейітова жазған хатында былай деген
екен: Мен біз ғалымдардың шын бағасын көзі тірісінде білмейтініміз туралы
ойладым. Неге шынардың биіктігін өлшеу үшін оны өлім арасымен кесу керек
[1, 13-б].
Дегенмен ғалымның өзі өлгенмен оның артында орасан зор мұрасы қалды.
Сондықтан бұл мұраны оқып үйрену, оны оған тарихының ортағасырлар
кезеңіндегі күрделі мәселелерін шешуде тиімді пайдалана білу керек. Міне,
мұның өзі біздің бітіру жұмысымыздың өзектілігін айқындай түседі. Әрине,
бітіру жұмысы бұл бағытта болашақта жүргізілуі тиіс ұлан-ғайыр жұмыстардың
бастамасы ғана.
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі: В.П.Юдиннің өмірі мен шығармашылығы
нақты ғылыми зерттеу нысаны ретінде қарастырылған. Ғалымның шығармашылығы,
өмірі мен қызметі туралы естелік-зерттеулер соңғы жылдары ғана жариялана
бастады. Бұл жұмыстың көшбасында ғалымның шәкірттері мен жұбайы
Ю.Г.Баранова тұр деп айтсақ болады. Ғалымның рухы алдында белгілі бір
дәрежеде тағзым ретінде жарық көрген Центральная азия XIV-XVIII веках
глазами востоковеда атты В.П.Юдиннің әр жылдары жарияланған және
жарияланбаған ғылыми мұралары енген жинақта қосымша ретінде В.П.Юдинге
арналған жариялымдар берілген [2].Осы еңбекке алғысөз жазған әрі оның
құрастырушы редакторы Ю.Г.Баранова Екінші өмір деп аталатын естелік
Шаранасында В.П.Юдиннің өмірі мен ғылыми-шығармашылық мұрасы туралы айтады
[2, 3-16 бб] .Алексей Бронин өз естелігінде ғалыммен жүздесу сәттерін еке
ала отырып, оның адами қасиеттерін жоғары бағалайды [2, 304-316 бб]. Сондай-
ақ Өзбекстан Ғылым Академиясының мүше коррсепонденті Б.А.Ахмедовтың
В.Л.Юдиннің жетекшілігемен жарық көрген Өтеміс қажының Чингизнаме
шығармасына жазған еңбегі келтірілген [2, 317-324 бб].Бұл еңбегінде
Б.А.Ахмедов В.Л.Юдиннің орасан зор еңбегіне, және оның орта ғасырлық
Қазақстан тарихы мәселелерін қарастырудан алатын орнын лайықты бағалайды.
Бұл мақала мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасы аясында жарық көре
бастаған. Шығыстану секциясы бойынша жарияланған жазбаша деректемелер
топтамасының Қазақстан тарихы бойынша түркі деректемелері атты жинақтар
сериясының І-ші томына еңгізілген[3]. Себебі, бұл жинаққа да түркі
деректері ішінен алғаш рет В.Л.Юдиннің ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде
ғана ғылыми айналымға енген Өтеміс қажының Шыңғыс наме еңбегі қазақ
тіліне аударылып жарияланып отыр. Ал, еңбектің өзі В.Л.Юдин қайтыс
болғаннан кейін 1992 жылы оның шәкірті М.Қ.Абусейітова мен жұбайы
Ю.Б.Баранованың дайындауымен жарық көрген еді[4].Осы еңбектің соңғы сөзін
жазған Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі
Р.Б.Сүлейменов те В.Л.Юдиннің ғылыми қызметіне жоғары баға береді[4, 220-
224 бб]. Сондай ақ белгілі зерттеушілер, В.Л.Юдиннің замандастары
Б.Ермуханов, Халел Карпык, Валентина Дудковалар да өздерінің естелік-
пікірлерімен бөліскен[2, 334-348 бб].
Белгілі зерттеуші ғалымның өмірі мен ғылыми мұрасын зерттеу, қайта басып
шығару, жарияланбаған еңбектерін жариялау, оның қайтыс болуының 10 жылдығы
қарсаңынан бастап қолға алына бастады. 1993 жылы В.Л.Юдиннің қайтыс
болғанына 10 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым
Академиясы Шығыстану орталығының бастамасымен В.Л.Юдинге арналған алғашқы
ғылыми семинар өткізілді. Міне осы дәстүр осы күнге дейін жалғасып келеді.
Бұған бір шетінен ғалымның шәкірті, бұл күнде өзі шығыстану институтын
басқарып отырған Меруерт Қуатқызы да айрықша үлес қосып келеді[1, 359-366
бб].
Орта ғасырлық Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін кеңейту мен оның
көптеген проблемаларын шешу жолдарын ұсынып, оларды талдаған шығыстанушы
ғалым В.Л.Юдин мұрасы Отандық тарих ғылымында лайықты бағасын алды.
Ғалымның ғылыми ізденістерінің нәтижелері орта ғасырлық Қазақстан тарихы
мәселелерін қарастыруда ерекше құнды.
Бітіру жұмысының деректік негізін В.П.Юдиннің әр жылдары жарияланған
еңбектері құрайды. Солардың ішінде жоғарыда айтып өткен 1992 жылы жарық
көрген Өтеміс қажының Шыңғыс наме еңбегін атауға болады. Осы еңбекті орыс
тіліне аударып, түсініктеме жазып, факсимилін жасаған зерттеуші осы дерек
көзінің мәліметтері еңгізілді. Ақ, Көк, Боз, Алтын... Ордалар атты
мақаласын жазды [5]. Осы еңбегінде алғаш түркі-моңғол халықтары өміріндегі
шингизизм идеологиясының мәні, тарихи этнонимдерінің этимологиясы туралы
тың тұжырымдарын ұсынды. Сондай-ақ XIV ғасырдағы қазақ даласындағы биліктің
тайпа билеріне және Тоқа-Темір ұрпақтарының белгісіз әулетіне өтер [6],
Орыс ханның қазасы көшімдегі белгісіз дерек [7], Дешті-Қыпшақ тарихымен
байланысты XIV ғаырдағы Сырдарияда қасиетті жыр-құтын мазарының салынуы
туралы атты мақалаларын жазды. Бұл мақалалардың барлығында қазақ
мемлекеттілігінің құрылуының алғышарттары, оның себептері туралы жазба
деректердің мәліметтеріне сүйенген тың тұжырымдар бар.
Айта кетерлік бір жағдай В.П.Юдин ұйғыртану саласы бойынша да іргелі
еңбектер жазған ғалым. Бірақ біз негізінен Юдин еңбектерінен ортағасырлық
Қазақстан тарихы мәселелерін қарастырып отырғандықтан, негізінен
ортағасырлық Отан тарихы мәселелері бойынша жазған еңбектерді ғана
қарастырып отырмыз. Негізінен алғанда В.Л.Юдин жарияланған еңбектерінің
тізімі жарық көрген [8]. В.Л.Юдиннің еңбектеріндегі ортағасырлық Қазақста
тарихы мәселелерін қарастырғанда негізгі дерек көзі ретінде қарастырған
еңбектерінің келесі тобы Центральная Азия в XIV-XVIII веках глазами
востоковеда жинағында топтастырылған. Соның ішінде кезінде ХТМ-ға арнап
жазылған XV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихы бойынша парсы, түркі
деректері атты әйгілі мақаласы алғаш жарияланып отыр [2, 289-296 бб].
Бітіру жұмысының хронологиялық шегі XIV-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды.
Себебі, В.Л.Юдиннің еңбектері негізінен ортағасырлық Қазақстан тарихының
осы кезеңіне арналған. Зерттеуші XIV ғасырды қазақ мемлекеттілігінің
қалыптасуының маңызды кезеңі ретінде атап көрсетсе, XV- XVІІІ ғасырлардағы
парсы, түркі деректемелерін аударып, ғылыми айналымға еңгізу, олардың
мәліметтеріне деректанулық талдау жасау мәселелерімен айналысқан.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Бітіру жұмысын жазу барысында
қазақстандық ірі шығыстанушы ғалым В.Л.Юдин еңбектеріндегі ортағасырлық
Қазақстан тарихы мәселелерінің көтерілуі мен шешілу жолдары, нәтижелерін
көрсету.
Жоғарыда айқындалған мақсатымызға жету үшін алдымызға мынандай міндеттерді
шешуді қойдық:
- В.Л.Юдин еңбектеріндегі ортағасырлық Қазақстан тарихының деректік
негіздерін көрсету;
- В.Л.Юдиннің өмірі мен еңбектеріне тарихнамалық және деректік сипаттама
беру;
- Центральная Азия в XIV-XVIII веках глазами востоковеда еңбегін
ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелері мен деректері туралы еңбектерін
талдау;
- В.Л.Юдиннің тарихи этнонимдерге көзқарасын талдау;
- В.Л.Юдин еңбектеріндегі қазақ мемлекеттілігі мәселелерін, соның ішінде Ақ
Орда, Моғолстан тарихын қажетті тұжырымдары мен концепцияларын көрсету;
Бітіру жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспе, қорытынды бөлімдер мен
қатар екі бөлімнен (әр бөлім екі баптан) және пайдаланған әдебиеттер мен
сілтемелер тізімінен тұрады.

2. . В.П Юдин өмірі және еңбектеріне тарихнамалық, деректік сипаттама
В.П Юдин көрнекті қазақстандық шығыстанушы-ғалым .Ол ортағасырлық
қазақстанның саяси, этнология,шарауашылық, әлеуметтік-мәдени өмірін зерттеу
проблемаларын және тарихнама мен деректенау проблемаларын шешу үшін маңызды
мәнге ие бағалы ғылыми зерттеулердің авторы болып табылады.
В.П Юдин бірінші ақпан күні 1928 жылы Ресей федерациясының Волгоград
қаласында дүниеге келген. 1945жылы орта мекткпті бітіргеннен кейін Мәскеу
шығыстану институтына оқуға түседі. В.П Юдиннің ортағасырлық шығыс
деректерін меңгеріп, осы салада мықты маман болып қалыптасуына ұстаздары,
белглі ғалымдар В. М Насилов, Н АБаспаков, Е.Э Бертельс және т.б күшті
ықпал етті. Болашақ зерттеуші көне ұйғыр тілінің білгір мамандары В.И
Новогородский , Э.Наджип , А.И Илиев, сондай-ақ синьцзян тариғы, ұйғыр
халқының тарихы мен оған қатысты жазба деректері бойынша белгілі маман К.А
Усмашов, профессорлар П .И Фесенко, Г.В Астоюрефтердің лекцеияларын тыңдап,
семинар сабақтарында белсенді жұмыс жасаған . Әрине Мәскеу шығыстану
институтының ғылыми атмосферасы, Н.И Конарад, Е. Э Бертельс, В.М Алексиев,
Саичеев, Е, А Беляев, Х. К Баранов, Э. А Бергиль сияқты атақты профессор –
ғалымдардан алған білімі текке кеткен жоқ.
Мәскеу шығыстану институтында ұйғыртану мамандығы бойынша маманданады .
Дегенмен ұйғыр, басқа да түркі тілдерін оқып үйренумен қатар Веноминин
Петрович парсы, араб тілдерін де меңерді. Замандастырының айтуынша ол
ортағасырлық парсы тілінде жазылған қолжазбалар мен өлеңдерді еш қиындықсыз
оқи беретін болған [9. 17-72 б]. Ал түркі тілдерін, соның ішінде шағатай
және көнеұғыр тілдерін тамаша меңгерген. Ал, батыс тілдерінен неміс тілін
мектеп қабырғасынан жақсы меңгерсе,ағылышын тілін институтта оқып –
үйренеді. Француз,испан тілдерін өз бетінше жете меңгерген. Міне В.П
Юдиннің тілдерді меңгерудегі мұндай еңбегі оның болашақта осы саладағы
бірден-бір маман болып шығуында жетекші рөл атқарды.
В.П Юдин студент кезіндегі тәжірбиеден Алматы облысы ұйғыр ауданында өтеді.
Осы кезеңде қазіргі ұйғыр тілін меңгеруін жетілдіре түсед. Бесінші курс
студенті кезінде В.П. Юдин оқытушылық қызмет атқарып, студенттерге ұйғыр
тілінен сабақ береді.
Ал нағыз ғылыми –педагогикалық қызметі 1950 жылдан, яғни Н. Нариманов
атындағы Мәскеу шығыстану институтын бітірген кезінде басталады . Ұйғыртану
саласы бойынша маманданған жас зерттеуші ұйғыр филолгиясы бойынша аталған
институт аспирантурасына оқуға қалдырылады. Сонымен қатар ұйғыр тілі
бойынша оқытушылық қызметін қатар атқарады. Аспирант В.П Юдиннің ғылыми
жетекші ретінде атақты турколог, профессор Владимир Михайлович Насилов
бекітіледі.
Қазіргі Абай атындағы ҚҰПУ-де ұйғыр бөлімінің ашылуына байланысты 1955
жылы жас зерттеуші Алматыға жұмысқа шақыртылады. Осы университетті 1955-
1961 ж.ж аралығында студенттерге көне және классикалық ұйғыр әдебиеті,
фольклоры мен тілі бойынша ұйғыр тілінде дәріс оқиды. Міне осы жылдардан
бастап В.П. Юдин шығыс тіліндегі жазба деректері мәліметтері бойынша
қазақзстан тарихы мәселерін зерттеу ісіне ден қойып, өмірінің соңына дейін
осы бағытта тынымсыз жұмыс жүргізеді.
1960 жылы жазда ҚазССР ҒА тарих этнология институтының ежелгі және
ортағасырлық қазақсан тарихы бөліміне жұмысқа ауысқан тұсынан бастап осы
саланың қызықты, әрі күрделі ғылыми проблематикасына қызу араласып кетеді.
1970 жылдар 1976 жылдар аралығында қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих
факультетінде ҚазақССР тарихы кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарады .
Кейінірек ҚазССР ҒА тіл білімі иниститутының Ұйғыртану бөліміне ауысады .
В.П Юдин еңбектерінің өзегін құрайтын қазақстан тарихының мәселелері
бойынша зерттеулері қазақстан шығыстану ғылымына, соның тарих ғылымының
деректану, тарихнама саласындағы ірі жетістік болып табылады. Қазақастан
тарихы мен қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылық қазақстанда тұратын
шығыстанушы ғалым үшін заңды құбылыс еді. Сонау 50-ші жылдары В. П Юдин
В.П. Шахматов, кейін С.К. Ибрагимовпен танысады. Әсіресе С.К. Ибрагимов
түркі, парсы тілдеріндегі қазақстан тарихы бойынша шығыс деректері
мәліметтерін зерттеу мен аудару ісін ұйымдастыру туралы идеяны ұстады.
Мұндай жауапты, әрі күрделі жұмыс В. П Юдиннің көңілінен шығады .
В. П Юдиннің ұйғыртану саласы бойынша жұмысы да жүре берді, қайта қазақ
халқының тарихы зерттеу ісі мен ұйғыртану саласындағы еңбектері өзара
байланыста жүреді. Мәселен ҚХТМ-ғы шығыс түркістандық, көне ұйғыр
тіліндегі шығармалар, атап айтсақ Тажира –йихазжа Мухаммад Шариф”, Шах
Махмуд бен Мирза Фазил Чорастың Тарих”, “Тарих-и кашгар, “Ислам - наме,
Тарих – и амнийа еңбектерін В.П. Юдин енгізген
В.П Юдиннің ғылыми жариялымдарының саны 80-нен асады. Олар орыс, ұйғыр,
қазақ тілдерінде, бірқатарлары шет елдерде ағылшын тілдерінде жарияланған
.
В.П Юдин ортағасырлық қазақстан тарихы мәселелерін зерттеуде тарих және
филология ғылымдарын тамаша ұштастыра білді, шығыс тілдерінің білгірі
ретінде осы тілдерде жазылған деректердің мәліметтерін ортағасырлық
қазақстан тарихы мәселелерін зерттеумен тығыз байланыстыра алды. В.П
Юдиннің тарих, әдебиет, тіл саласынан жазылған барлық еңбектері фактілерді
терең талдаумен, сондай-ақ құбылыстарды байыппен синтездеумен ерекшеленеді,
бұл еңбектердің бәрінде орасан зор фактілік материалдар мен негізделген тың
ғылыми тұжырымдар ерекше ойлар айтылады .
В.П Юдиннің зерттеушілік әдісіне барлық қолда бар дерек мәліметтерін
қамтылу тарихи деректерде айтылатын барлық фактілерді қамту тән.
Венамин Петрович шын мәнінде Қазақстан тарихы бойынша деректік негіздерін
кеңейту ісіне ат салысты. Осы бағыттағы еңбектерінің ішінде 1969 жылы
шыққан XV-XYIII ғасырлардағы қазақ хандары тарихы бойынша- материалдар
(МИКХ) (парсы және түркі тілдеріндегі шығармалардан үзінділер) атты
жинақтың орны ерекше. Бұл жинақты баспаға дайындауда В.П. Юдин барлық
аудармалардың мәтінін түп нұсқа мен қайта салыстыру , жалпы редакциясын
бақылау жұмысын атқарады. Сондай-ақ 10 шығармадан үзіндінің аудармасын
жүзеге асырып, оларға түсіндірме жазды. Сондай-ақ ҚХТМ –ға енген барлық
деректер бойынша 17 деректанулық мақала авторы болып табылады [2, 13-б].
Алайда XV-XVIII ғғ қазақ халқының тарихы бойынша парсы және түркі
деректері” деп аталатын көлемді мақаласы жинаққа енбей қалды [10, 6-б].
В.П. Юдиннің жинаққа енген мақалаларында қазақстандық деректану ғылымының
теориясы мен тәжрибесі туралы теориялық деңгейдегі бірқатар мәселелері
көтерілген. Ғалым жалпы осы еңбектерінде жалпы тарихи деректерді
классификациялау мен жүйелеудің негізгі мәселелерін шешеді. Әсіресе қазақ
халқының тарихы бойынша мәліметтер беретін парсы -түркі тілдеріндегі жазба
деректерді классификациялау жолдары туралы ұсыныстары аса маңызды болып
табылады. Мұндай классификациялау дерек авторының әлеуметтік тегін ескеру,
осыған байланысты дерек мәтініндегі субьективизм деңгейі туралы және тағы
басқа деректану ғылымының деректік сыннан өткізудің принціптеріне
негізделген жалпы алғанда қазақ хандығының тарихы бойынша жарық көрген бұл
жинақ бүгінгі таңда да XV-XVIII ғғ Қазақстан тарихы, деректану ғылымы
саласындағы ірі құнды еңбек ретінде бағалы болып отыр. Жарық көргеніне 30
жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан бұл еңбектің ғылыми құндылығы күннен
күнге артып отыр.
В.П Юдин шығыс деректері негізінде Қазақстан тарихы мәселелерін зерттеу
ісін жалғастыра берді . Ол Қазақстан және Шығыс Түркістан тарихы бойынша аз
зерттелген және мүлде белгісіз деректерді ғылыми айналымға қосып оларға
деректанулық анализ жасаумен айналысып, іргелі еңбектер жарияалады
.Солардың ішінде Өтеміс қажының “Шыңғыснаме” (XYIғ), “ Тарих-и Шайбани”
(XYIIғ.басы) , Мухаммад Аваздың “Зийа ал- кулуб” (XYIIғ.басы) қол жазбалары
бойынша жүргізген еңбектерінің де орны ерекше [2, 17-20 бб].
Осы аталған еңбектердің ішінде “Шыңғыснаме” еңбегі теориялық деректану
саласы бойынша жемісті еңбек болып табылады. Ол “Шыңғыснаме” шығармасын
негізгі дерек көзі ретінде пайдаланды [11, 155-157 бб]. Соның үшеуі –
“XIVғасырдағы қазақ даласындағы биліктің тайпа билеріне және Тоқа-Темір
ұрпақтарының белгісіз әулетіне көшуі, Орыс ханның қазасы жөніндегі белгісіз
дерек және Дешті қыпшақ тарихымен байланысты XIV ғасырда Сырдарияда қийат
жыр-қутлы мазарының салынуы – алғаш рет 2005 жылы ғана жарық көрді [12, 106-
165 бб]. В.П Юдин Өтеміс қажының бұл шығармасын орыс тілінде баспаға
дайындап , оны мазмұнды мәтіннамалық ескертулермен жабдықтады және түпнұсқа
мәтінін транскрипциялады.
(Шыңғыс – наме мәліметтері ортағасырлық Қазақстан халықтарының саяси,
этносаяси, шаруашылық, әлеуметтік мәдени өмірін зерттеу проблемаларын және
тарихнама мен деректану проблемаларын шешу үшін маңызды мәнге ие. Өтеміс
қажының шығармасы XIII-XIY ғасырлардағы Шыңғысхан мен оның ұрпақтарының
билігі кезеңін қамтиды, сондай-ақ Бату ханнан бастап биліктің Тоқтамыс
ханға көшкенге дейінгі Алтын орда хандары туралы мәлімет береді. Оның
мәліметінің сонылығы Алтын орданы зерттеушілер үшін, оның ішінде XIY
ғасырдағы қазақстанның аз зерттелген кезеңін танып білу үшін ғылыми
қызығушылық тудырары даусыз.
В.П Юдиннің сіңірген еңбегі сол, ол ауызша дәстүрге, оның өзінің
анықтаушысына “далалық ауызша тарихнамаға” негізделген басқа жазбаша
шығармалар қатарынан осы түпнұсқа деректі бірінші болып шығарды. Ол мұның
(далалық ауызша тарихнаманың )қатарына Өтеміс қажының еңбегінің (XIYғ)
басқа XYI-XYII) ғасырлардың басқа да шығармалары “Тауарих-и гузиданы”,
Жалайрдың “Жами ат- тауарихиныны”, Әбілғазының “Түрік шежіресін жатқызды.
Бұлар жазбаша тарихнаманың материалдарын толықтырады, сондай-ақ көрші
аймақтарда Хиуада, Мәуеренахрда, Қасым хандығында жазылған, неғұрлым
ертеректедегі ғасырлардағы Қазақстан халықтарының шынайы өмірін, оның
ішінде XIY ғасырдығы Дешті қыпшақ көшпелілерінің тұрмысын, идеологиясын,
шаруашылығын, әскери ісін біздің заманымызға жеткізеді. В.П Юдин Өтеміс
қажының “Шыңғыс-наме шығармасын 1967 жылдың аяғында Ташкентте Өзбекстан
ғылым акедемиясы Шығыстану иниститутының шығыс қолжазбалары жинағындағы
қазақ халқының тарихы бойынша мәліметтері бар дереккөздерді анықтау кезінде
танысты Өтеміс қажының еңбегі В.П Юдиннің Қазақстан, Орта Азия, Шығыс
түркістан тарихы бойынша парсы және түрік тілдеріндегі шығармалардың
біразымен муқият жұмыс істеп, талдау жасап болған кезінде ғана барып
зерттеу обьектісіне айналды. Муқят әрі жан-жақты жүргізілген зерттеушінің
еңбегі нәтижесінде ғана Шыңғыс –наме шығармасы Қазақстан тарихы міселелері
бойынша деректер қатарын толықтыра түсті.
“Шыңғыс-наме” В.П Юдиннің еңбегінде, деректанулық ізденісінде XIV ғасырдағы
Дешті қыпшақтың саяси және әлеуметтік- экономикалық тарихын, оның көшпелі
тұрғындарынығң әскери ісін, тұрмысын, мәдениетін, идеологиясын және тілін
сенімді де анық көрсететін дерек ретінде ерекше орын алады. Ол XIY ғасырда
қазақ және т.б түркі халықтарының мемлекеттілігінің негізгі ғасыры
ретінде қарастырады. Сондықтан қазақ хандығының алғы тарихын зерттеп білу
үшін XIII-XIY ғасырлардағы оқиғаларға ден қояды.
В.П. Юдин еңбектерінің келесі тобын Моғолстан мен Моғолия моғолдарының
рутайпалық құрамы және олардың қазақ және басқа көрші халықтармен этникалық
байланыстары туралы атты еңбегі мамандар тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Аталған еңбегінде Моғолстаннан этникалық, аумақтық, хронологиялық сипаты
жағынан өзгеше Моғоля мемлекеті туралы мәселе көтерді. Сондай-ақ қазақ,
ұйғыр қырғыз халықтарының қалыптасуына қатысқан Моғол этникалық компоненті
туралы айтады. [3, 101-150 бб].
В.П. Юдин еңбектерінде көтерілген еңбектер шығыстану проблемаларын жаңа
теориялық деңгейде қарастыруға мүмкіндік берді. Оның еңбектері негізінде
ортағасырлық қазақстан тарихы мәселелерінің концепциялары айқындалды.
Зерттеуші деректеану ғылымының мәселелеріне баса назар аударды. Ол шығыс
деректеріне салыстырмалы –текстологиялық анализ жасап, оларды идеялық
–саяси мазмұны мен текстологиялық ерекшеліктері бойынша классификациялады.
Батыс жорығынан кейін Жошы ұрпағының ұлысы өлшеусіз өсті және Бату мен Орда
Ежен иеліктері арасындағы шекара батысқа қарай ығысып кеткені мәлім.
Нәтижесінде Ақ және Көк Ордалардың жаңа аумақтық нұсқалары белгіленді,
олардың екі түрлі географиялық бейнесі пайда болды және олардың мөлшері мен
шекаралары жөнінде екі ассоциациялар жүйесі белгілене бастады, олардың
біріншісі Батыс жорығына дейінгі кезеңге жатады, ал екіншісі жорықтан кейін
қалыптасқан. Ақ және Көк Ордалар тек кей кездерде ғана жазбаша еңбектердің
беттеріне түскені болмаса, ресми белгілеу болмағандықтан, негізінен ресми
іс жүргізуде қолданылмай, далалық ауызша тарихи дәстүрде сақталған.
Автордың есептеу нүктесі ретінде осы екі жүйенің қайсысын қолданғанына
байланысты дереккөздерінде Ақ және Көк Ордалардың алғашқы және кейінгі
бейнелерінің бір-біріне сәйкестігінің нәтижесі ретінде қайшылықтар
туындады. Осы айтылғанның барлығы жазбаша деректерде Ақ Орда және Көк
Орда терминдерінің көрінеу жүйесіз және тіпті кездейсоқ қолданылғандығын
түсіндіреді; ал қазіргі кейбір мамандар болса қазіргі кездегідей мағына,
мазмұн және нақты тарихи, аумақтық-саяси мәнді негізге алады да, олардың
қызмет етулерінің мүлдем басқа көрінісін көргілері келеді. Міне осы
мәселені жаңаша тұрғыдан шешудің жолын ұсынған зерттеушілердің бірі ретінде
В.П. Юдинді атай аламыз.
Кейбір дерек көздері Ақ және Көк Орда туралы мәселені тіпті шиеленістіріп
жіберді. Ең алдымен олардың қатарына Ақ және Көк Ордалардың орнын қателесіп
ауыстырып жіберген, сондай-ақ Шығыс Дешті Қыпшақта билік құрған әулеттер
туралы мәселені мүлдем шатастырған Муин ад-Дин Натанзидың Ескендір
анонимін жатқызуға болады.
Шайбан мен оның ұрпақтарын шексіз дәріптеп жіберген Шайбан ұрпақтарының
тарихнамасы да бұл ретте өз рөлін атқарды. Түрлі тарихнамалық шығыс
шығармаларын ғылыми айналымға дәйексіз ендіру және солардың кейбірінің,
мысалы, Ескендір анонимінің, шығыстанудың соңғы жетістіктеріне сай қайта
қаралуы тиіс. Әбілғазының Шаджара-йи турк ва могулының биік беделінің
орынсыз сақталуы – Ақ және Көк Ордалар проблемасы жөніндегі пікірталаста
және жалпы Дешті Қыпшақ тарихнамасында күні бүгінге дейін жағымсыз рөл
атқарды және атқарып келеді.
Алтын Орданың Ресей мен Батыста ғылыми зерттеле басталғанынан бері Ақ және
Көк Ордалардың қай жерде болғаны туралы туындаған пікірталас жалғасып
келіп, Көк Орда шығыста, ал Ақ Орда батыста болған деген тұжырыммен
аяқталды. Батыс жорығынан кейін Алтын Орда Ақ Ордамен теңдестіріліп кеткені
анықталды. Бұл пікірді Шыңғыс-наменің деректері де растайды. Сондықтан де
осы ортағасырлық шығарманы ғылыми айналымға енгізіп, оны ғылыми ортаға
таныстырған В.П. Юдиннің еңбегі жоғары бағаланып отыр деп айта аламыз.
Зертетушінің деректанулық мәселелерге арналған еңбектерінің ішінен 70-ші
жылдары ҚазҰУ-де оқыған XY-XYIIIғғ Қазақстан тарихы бойынша парсы және
түркі тілдеріндегі деректері атты арнаулы курсы ерекше орын алады. 1970-
1976 жж Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде
жұмыс істеген кезінде қазақстан тарихы бойынша жас мамндар дайындау ісіне
зор үлес қосты . Аталған арнаулы курс және т.б курстарды оқу барысында
студенттердің қазақ халқының тарихын зерттеумен шығыс деректерін зерттеуге
деген қызығушылықтарын айта білді. Факультетте Венамин Петрович
ұйымдастырумен жұмыс жасайтын “Шығыстанушы”үйірмесі кең танымал еді. [13,
166-167 бб]. Мұнда студенттер парсы тілін оқып үйренетін В.П Юдиннің
шәкірттері ,соның ішінде белгілі ғалым М.Қ Әбусейітова өз ұстаздарын ерекше
құрметпен еске алады [1, 12-б].
В. П Юдиннің қазақстан тарихы мен мәдениеті ескерткіштерін қорғау
қоғамындағы қызметі қазақстандағы Шығыстану, оның ішіндегі деректану
ғылымының дамуына әсер етті. Ол қоғам президумының мүшесі, шығыстану
секциясының төрағасы болды. В.П Юдиннің бастамасымен тұрақты археографиялық
шығыстану экспедициясы құрылып, қолжазбалар қоры сақталған түрлі
орталықтардың бағыттарының бағдарламасы қабылданды. Экспидиця нәтижесі
ретінде Ташкент, Душанбе, Санкт-Петербуг, Омск, Оренбург, Томск және т.б
қалаларда сақталған ескі қолжазбалар мен мұрағат материалдарының
жинақталуын атап өтуге болады. Сондай-ақ қазақ тарихы бойынша шығыс
тіліндегі қолжазбалардың басқа елдерден ісдестіріліп, елге әкелінуі ерекше
маңызға ие болды. [1, 12-13 бб] Экспедиция жұмысының нәтижесінде
жинақталған материалдар қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша құнды
мәліметтер беретін дереккөзін құрайды. Зерттеуші ұстаз В.П Юдиннің
қоғамдық қызметі де Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша шығыстық
ескерткіштерді зерттеу мен ғылыми көпшілік ортаға таныстыруға бағытталды.
Белгілі зерттеуші, қазақстандық шығыстанушы ғалымның білгір маманы В.П
Юдиннің ғылыми мұрасы ұшан-теңіз. Зерттеушінің бұрынғы еңбектерінің
көпшілігі енді ғана жарияланып жатқаны кіріспе бөлімінде де айтып өттік.
Отан тарихының ортағасырлық мәселелерінің түйінді проблемаларын көтеріп,
оларды шешу жолдарын ұсынған ғалымның өмірі мен тарихнамалық және
деректанулық сипаттағы жасаған еңбектеріне қысқаша тоқталып өттік. Келесі
бөлімдерімізде зерттеушінің еңбектеріне жеке-жеке нақты талдаулар жасаймыз.

Қазақстандық шығыстану ғылымының корифейі В.П Юдиннің бұл еңбегі автор
дүниеден өткеннен кейін арада 18жыл уақыт салып барып қана 2001 жылы жарық
көрді [14, 187-188 бб] . Бұл кітаптың жарық көруде зерттеушінің аяулы жары
, бүгінде Қазақстан тарих ғылымындағы белді мамандардың бірі Ю.Г Баранова
мен зерттеушінің шәкірті белгілі ғалым, тарих ғылымдарынығ докторы,
профессор М.Қ. Әбусейтовалардың еңбегі зор. Бұл еңбектің жарық көруі
қазақстандық тарихнама ғылымының ірі жетістігі, әрі тарихи әділеттіліктің
қалпына келтірілуі ретінде бағаланды [2, 18-22 бб].Себебі бұл жинаққа
ғалымының кезінде әртүрлі себептермен, соның ішінде жоғарыдан ғылымға
тікелей араласу нәтижесінде жарияланбай қалған біршама іргелі зерттеулері
енген. олардың көпшілігі 1960-1970 жылдары жазылған еңбектер. Бұлардың
көпшілігі осыдан 30 жыл бұрын жарық көрген болса, кейбіреулері жоғарыда
айтып өткеніміздей алғаш жарияланып отыр. Бұл еңбектер парсы түркі жазба
деректері, ру-тайпалық қүрамы, этнонимдер этимологиясы, дін және т.б.
маңызды проблемаларға арналған. Жинаққа енген еңбектердің ортғасырлық
қазақстан тарихының дерегі ретінде талдау жасап көрелік.
В.П Юдиннің өмірі мен шығармашылығында қазақ халқының XY-XYIII ғасырлардағы
тарихының парсы және түркі деректері мақаласы айрықша орын алады. Бұл
еңбектің жазылуы 1967 жылы ҚазССР ғылым академиясының Тарих, археология
және этнография иниститутының XY-XYIII ғасырлардағы қазақ хандықтарының
тарихы бойынша материалдар (Парсы және түркі шығармаларынан үзінділер)
аттты ұжымдық үлкен еңбекті аяқтауларымен байланысты болды. [2, 35-36 бб].
Қазақстандық шығыстанушылар С.К Ибрагимов, Н.Н Мингулов, К.А Пищулина, В.П
Юдин жазған және олардың Санкт-Петербугтік әріптестері О.Ф Акумишкин,
М.АСалахидинова белгілі бір дәрежеде қатысқан көп жылдық еңбек шығыстанушы
ғалымдар тарапынан лайықты бағаға ие болды. Осы еңбектің аяқталар кезінде
С.К Ибрагимовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты жинаққа басшылық жасау
В.П Юдинге жүктеледі. В.П Юдиннің осы жинақтағы еңбегі зерттеу жинағының
ғылыми деңгейнің жоғары болуына үлкен үлес болды деп бағаланады [10, 652-
б].
ҚХТМ-ға В.П Юдиннің 17 деректанулық мақаласы енді. Бірақ біз қарастырып
отырған мақаласы жинаққа жалпы алғы сөз ретінде жазылған еді. Бұл мақала
қазақ халқының XY-XYIII ғасырлардағы тарихы бойынша парсы және түркі жазба
деректерін топтастырады.Мұнда Шайбанид, тимурид, сефевид, аштраханид Хиуа,
үстем тап, олиграфиялық шығармалар тобын даралады. В.П Юдин Қазақстан
тарихы бойынша деректерді анықтау мен іріктеу жұмыстарын мұқият жүргізді.
Бұл мақала жалпы алғанда – қазақ халқының теорялық деректануына қосылған
қомақты үлес болып табылады. Бірақ өкінішке орай, мақала ҚХТМ –ды дайындап,
баспаға берер соңғы кезеңде алынып тасталды. Бұл да болса кеңестік
тоталитарлық жүйенің ғылымға көпе көрнеу араласу, оны бұрмалауының
салдары еді. Өкінішке орай осы мақаланың алынып тастауына байланысты ҚХТМ
жинағының ғылыми құндылығы да төмендегені де рас [3, 22-б].
ҚХТМ жарық көргеннен кейін арада 30 жыл өткенде ғана бұл мақала жарық
көрді. В.П Юдин XY-XYIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихының парсы және
түркі деректері деген бұл мақаласында XY-XYIII ғасырлардағы қазақ халқының
тарихына қатысты деректердің өте аз екндігін атап өтеді [2, 6-б]. Түркі
және парсы тілдерінде жазылған шығармалардың басым көпшілігінің авторы
Алдыңғы, Орта және Орталық Азия ғалымдары екендігі белгілі. Сондықтан
көптеген ғалымдар қазақ халқының өз өкілдері жазған тарихи шығармалардың
болуы мүмкін екндігін былай қойғанда, тіпті олардың арасында сауаттылықтың
болуының өзіне күмән келтірген еді. В.П Юдин қазақ билеушілерінің
ордаларында жылнамашылармен ақын жыраулар ұстағанына шек келтірмейді . Ол
тіпті Тәуекел ханның парсы тілінде ортаазиялық қожалар мен хандарға жазған
өлеңдерінің кейбір үлгілері Бадр-ад –Дин ал-кашмирдің “Рауқат ар- риқош ва
хадижат ал-ишман” (жұмақ бағы және бекзадалар тоғайы”) шығармасында
сақталғанын алға тартады. Сондықтан XY-XYIII ғасырлардағы қазақ халқының
тарихы бойынша оның өз өкілдері жазған шығарма жалғыз Қадырғали Жалайырдың
“жылнамалар жинағы” ғана болуы мүмкін емес [15, 17-б]. Осы бағыттағы ойын
жалғастыра отырып В.П Юдин зерттеуші А.А Семеновтың сөзін келтіреді “не мог
же Шайбани хан получить такое оброзование в кочевьях своего деда Абулхаир
хана или на седле своего коня в своей последующей бранной, полной тревог
жизни, даже проживая за это время два-три года в Бухаре и Самарканде”...
может быть ,ближайший к кочевьям узбеков Дешт и- Кипчака тимуридский город
Туркестан (или другой город ) был тем рассадником просвещимя в
мусмулманском духе где получало оброзования знатная узбекская молодежь [15,
18-б]. Зерттеуші А.А Семеновтың соңғы қортындысын қазақ билеушілеріне
қатысты да қолдануға болады деп есептейді.
В.П Юдин XY-XYIII ғасырларда Дешті-қыпшақ даласында орын алған саяси
оқиғалар, саяси билік үшін қазақ, ноғай, шайбанидтер әулеті билеушілерінің
арасындағы өзара соғыстардың сол заманда өмір сүрген авторлардың
шығармаларының сипатына қатты әсер еткендігін атап көрсетеді. Сондықтан
ол парсы –түркі тілдеріндегі жазба деректерді жіктемелік белгілері арқылы
классификациялайды .
1.Шайбанидтік деректер тобы. Оған белгісіз автордың “Тауарих-и гузийда-йй
иусрат-наме” , Шадидің “Фатх-наме” , Фаззаллах бен Рузбихани Исфаханидің
“Михман –наме –йи Бухара”, Бинайдің “Шайбани-наме”, Абдаллах бен Мухаммад
бен Али Насраллахдің “Зубдат ал-асар”, Масуд бен Усман кухистанидің “Тарих-
и , Абу-л –хайр-хани”, Хафиз Таныштың “Абдаллах-наме”(Шараф-наме-йи шахи)
Мухимидің “Зафар-наме”, Бадр ад –Дин ал –кашрмидің “Зафар-нами” ,Раузат
арризван хадикат ал-шлман” атты шығармалары кіреді .
2.Шағатайлық деректер тобын Мырза Мұхамад Хайдар Дулаттың “Тарих-и Рашиди”
, Шах Махмуд бен Мырза Фазыл Шорастың “Тарих” және белгісіз автордың “Тарих-
Кашгар”шығармалары құрады.
3.Темір әулеті шығармалары тобына Захир ад-дин Бабырдың “Бабырнамасы”
жатқызылған.
4.Сефевидтік шығармалар тобына Искандер-муминдің “Тарих-и ала мара-йи
Абасси” шығармасын жатқызуға болады.
5.Аштрахандық деректер тобына Махмуд бен Уалидің “ Бахр ал –асрар фи
манакиб ал –ахйар”, Сухайлдің “Имам –хули-хан наме”, сондай-ақ қыпшақхан
немесе Имам құлы, құсбегі Субханкули –хан Вали,Туранның “Тарих-и кипшаки”
немесе “Тарих –и кипшак” және “ Тарих-и Кипшакхани деп аталатын
шығармаларды топтастыруға болады [16, 39-40 бб].
В.П. Юдин осылайша ортағасырлық жазба деректерді топтастыруды біршама бір
ізге түсіреді. В.П Юдин сонымен қатар ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша
маңызды деректер тобын әртүрлі сипаттағы құжаттар (хан жарлықтары,
грамоталар, актілер және т.б) құрайтынын атап өтеді. Бірақ бұл бағыттағы
зерттеу жұмыстары болашақтың ісі екенін атап өте отырып, ҚХТМ – ға осы
деректер тобын құрайтын екі грамотаны енгізгенін көрсетеді [9, 23-б] . Бұл
грамоталар XY-XYIII ғасырлардағы қазақ хандығы үшін Сыр бойы қалаларының
саяси, әлеуметтік экономикалық өмірдегі маңызын жаңа қырынан тереңірек
талдауға мүмкіндік береді.
Жазба деректерді топтастыру мәселесіне қайта орала отырып, В.П Юдин оларды
материалды баяндау типіне байланысты екі топқа бөлуге болады деп есептейді.
1.Жалпы тарихи оқиғаларды баяндайтын шығармалар.
2. Жеке тарихи оқиғаларды баяндайтын шығармалар.
Бірінші топқа жататын авторлардың шығармалары көбінесе компилятивті сипатта
болады . Олар жалпы тарих оқиғаларды баяндау барысында өзінен бұрынғы
авторлардың шығармаларына сүйенеді, сондай-ақ ол шығармалардағы
мәліметтерді ешбір сыни толғаусыз көшіріп алады. Кейде тіпті олардың
авторларын да атамайды. Міне осы сипаттағы шығармалар қатарына ҚХТМ-ға
кірген деректерден “Тарих-и кипчаки”, Бахр ал –асрар”, “Зубдат ал-асрарды”
жатқызуға болады.
Ал екінші топты құрайтын деректердің өзін В.П. Юдин екі бөлімшеге
топтастырады . Біріншіден өз шығармасын тек қана бір билеушінің өмірі мен
қызметіне арнаған авторлардың еңбектері құраса, екіншісін бірінен – кейін
бірі билік құрған тұтас бір әулет тарихына арналған шығармалар қурайды.
Мысалы бірінші бөлімшеге жататын шығармалар қатарында “Фатх-наме”,
“Михманаме –ий Бухара”, “Шайбанинамені” атауға болатын болса, “ Тарих-и
Рашиди”, “Тарих-и кашгар” және Шах Махмуд бен Мырза Шорастың “Тарихы”
екінші бөлімшеге жататын шығармалар тобын қурайды [10, 20-22 бб]. Дегенмен
зерттеуші деректерді бұлайша топтастыру барысында көрсетілген екі топ
арасында нақты шектің жоқтығын да атап өтеді. Зерттеуші нарративті
деректерді топтастырудың тағы бір түрін ұсынады.
1.Зайырлы сипаттағы деректер.
2.Діни сипаттағы деректер.
Бірінші топқа жатқызылатын деректер негізінен нақты тарихи фактілерді
баяндаумен ерекшеленеді . Әрине ортғасырлық билеушілер мен олардың
сарайындағы жылнамашыларының бәрі де ділдәр адамдар болғаны белгілі .
Дегенмен олар өмірден орын алған нақты оқиғаларды баяндайды деп атап өтеді.
Бұған мысалы “Тарих-и Рашиди”, Шах Махмуд бен Мырза Фазыл Шорастың “Тарихы”
және т.б шығармаларды топтастыруға долады.
Екінші топты мұсылман дінінің әулиелері мен қасиетті адамдарының өмір
тарихын баяндайтын діни тракаттар құрайды . Бұл шығармаларда да нақты
тарихи оқиғалар біршама аңыз-афсана негізінде, көбінесе сол қасиетті
тұлғалардың ерліктері, басынан өткен ғажайып оқиғалары негізінде
баяндалады. Мұндай шығармалар қатарында Мухаммад Шарифтің “Тазкира –йи
Ходжа Мухаммад Шариф” еңбегін атауға болады [14, 26-б].
Бұдан әрі Юдин ортағасырлық жазба деректерді жазылу стилі (өлең түріндегі,
мадақ түріндегі т.б ) жағынан талдап, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі мен
деректік құндылығына баға береді. Сонымен қатар парсы және түркі
тілдеріндегі шығармаларға тән сипатты ерекшеліктерін талдайды. Мәселен
парсы тілінде жазылған шығармаларға араб лексикасы мен грамматикалық
конструкцясының көптігі тән . Ал түркі тіліндегі шығармаларға араб, парсы
тілдерінде жазылған шығармалардан алынған лексикалық элементтердің,
граматикалық конструкциялар мен тутас сөйлемдерді көшіріп алушылық тән [10,
27-б]. Зерттеуші түркі, парсы тілдеріндегі қазақ халқының тарихына қатысты
жазба деректердің тағы бір ерекшелігін атап өтеді. Ол бұл шығармалардың
көпшілігінің көпшілігіне тән. Атап айтсақ көп авторлардың өздеріне дейінгі
шығармаларды көшіріп алуы. Мұндай жағдай әрине, шығарманың деректік
құндылығын төмендете түсері анық. Сондықтан зерттеуші кейбір шығармалардың
компилятивті сипатын анықтап білудің бірнеше жолдарын ұсынады. Бірақ
мұндай ауыр текстологиялық жұмыс кейде еш нәтиже бермеуі мүмкін екендігін
де ескертеді. Мәселен шайбанилік деректер тобына жататын шығармалар пайда
болу мерзімі, оқиғаларды баяндау стилі және т.б жақтарынан бір-біріне өте
ұқсас. Сондықтан бұл шығармалардың қайсысы басқаларының өзегі екендігін
анықтау мүлде мүмкін емес [14,28-б]. Зерттеуші шайбанидтік деректер ішінен
“Тарих-и Абу-л хайр-хани”, “Бахр ал асрар” , “Михман –наме Бухара”
шығармаларын біршама тәуелсіз , дербес орындалған жұмыс деп санайды . Ал
“Таварих-и гузийда-ий Нусрат-наме”, Шадидің “Фатх-наме” Бинайдің “Футухат и
хали” және Мухаммед Салихтың “Шайбани –наме” шығармалары компилятивті
сипаттағы деректер. Осылайша автор осы шығармалар өзегін Бинаидің шығармасы
құрайдыма деген мәселені біршама талдайды [14, 29-б]. Сонымен қатар
белгісіз автордың шығармасы ретінде санайтын “Тауарих-и гузида-йи нусрат
наменің мүмкін болуы мүмкін автор ретінде Мухаммад Шайбани ханды атайды.
Мухаммад Шайбани хан Орта Азияны жаулап алғаннан кейін оған осы аймақтағы
билікті сақтап қалу мен заңдастыру үшін басқа қару қажет болды. Ол
идеологиялық құран еді . Жаңа идеология Мухаммед Шайбани хан билігінің
заңдық негіздерін басқаларға мойындатуға тиіс еді. Сондықтан осы міндетті
жүзеге асыру үшін “Тауарих ... ” жазылды. В.П. Юдин шығарманың көркемдік
сапасы төмендігін атап өтеді. Сондықтан болар деп топшылайды зерттеуші
Мухаммед Шайбани хан өз шығармасын сол замандағы атақты бір ғалымның атынан
жариялағысы келгенімен көп ұзамай бұл ойынан бас тартқан болуы керек.
Сондықтан шығарма авторы белгісіз күйінде қала берген [14, 30-б].
Сол кезеңдегі тарихи оқиғаларға көз жүгіртсек Ақ Орда иеліктерін өзара
бөліп алған Маңғыт руы мен Шайбанидтер күшейеді. Үздіксіз әскери қимылдар
мен тұрғындардың ағылуы, халықтың көшуі, децентралистік ағымдар мен маңғыт
шайбанилық сепаратизмінің (бөлінушіліктің) күшеюі, мұның алдындағы Темір
мен оның ұрпақтарының соғыстары – бәрі жиналып – Ақ Орданың саяси
жағдайының әлсіреуіне және Шығыс Дешті Қыпшақтағы билеуші әулеттің
дағдарысына алып келеді. Осы кезден бастап, даладағы билікті өздерінің
хандығын құрып, Әбілхайырды билеуші етіп жариялаған Шайбанилар тартып
алады. Маңғыттар да солар жағына өтеді. Бұл оқиғалар Шығыс Дешті Қыпшақтың
саяси өміріндегі жаңа тарихи дәуірдің басталуын, Орда Ежен ұрпақтарының Ақ
Орда державасын саяси аренадан кетуімен ерекшелінеді. Бірақ 40 жылдан соң-
ақ Даланың заңды билеушілері Орыс хан ұрпақтары – Жәнібек пен Керей ата-
бабасының жерін өзіне қайтарады. Мемлекеттік территориясын жоғалтқан олар
оңтүстікке, Сыр бойындағы қалалар аймағына ығысады. ХҮ ғасырдың екінші
жартысының басында Керей мен Жәнібек Әбілхайырдың наразылығын пайдаланып,
даланың жоғарғы билігін өздеріне қайтаруға сәтті әрекет жасайды.
Әбілхайырдың өлімі, оның әлсіз ұлысының ыдырауы мемлекеттің төменгі
территориясындағы биліктің бірте-бірте қалпына келтірілуіне жағдай жасайды.
Ақ Орда қалпына келтіріліп, өз тарихын жаңа кезеңін бастады деуге болады.
Бірақ Орыс хан ұрпақтарын тарихта қазақтар деп атайды. Кейіннен, олардың
ұлысына бәрі – халық, территория және мемлекет көшеді. Енді бұл бұрынғы
мемлекеттік дәстүрдің тікелей мұрагері болған - Қазақ хандығының тарихы
болып саналады. В.П. Юдин осындай тарихи оқиғалар нәтижелерінің жазба
деректерге тигізген әсерін толық ашып көрсете білген.
Зерттеуші нарративті шығармаларды бірнеше топқа жіктегенін айттық . Юдин
осы топтарды құрайтын деректерді мазмұны мен деректік мәліметтерін
салыстыра отырып олардың өзара байланысын кесте түрінде береді.Мәселен
Шайбанилік деректер: [14, 35-б].
Тауарих-и гузида-йи нусрат-наме
Шади Мухамед Бинай Белгісіз Усман РузбиханиАбдаллах
Фатх-салих Шайбаеи-навтор КухистаниМихман-нбен
наме Шайбани-наме Шайбани-нТарих-и аме мухаммад
аме аме Абу-л-ХайБухара бен Али
р-хани Насрраллах
и Зубдат
ал-асар
Бинай Футухат-и Махмуд бен Уали Қыпшақхан Тарих-и Кипчаки
Бинай Бахр ал-асрар
В.П Юдиннің біз талдап отырған “XY-XYIII ғасырлардағы қазақ халқының
тарихы бойынша парсы, түркі деректері атты мақаласының екінші бөлімінде
қазақтарға қатысты дерек мәліметтерін тікелей талдап топтастырады. Олар
көбінесе қазақ тарихының саияси жағынан мәліметтер береді. Атап айтсақ XY-
XYIII ғасырлардағы қазақ мемлекетінің қалыптасуы, қазақ хандарының
соғыстары туралы мәліметтер ішкі талас-тартыстар мен өзара жауластықтар
тарихы да тыс қалмаған. Сондықтан зерттеуші аталған деректердегі
мәліметтерді жүйелей келе мынадай топтарға бөледі.
1.XIY-XYғғ қазақ даласында өмір сүрген Өзбекстан немесе көшпелі
өзбектер мемлекеті және көшпелі өзбектер деп аталған Дешті қыпшақ
тұрғындары, қазақ сөзінің саияси және этникалық мәнге ие болуы туралы
хабарламалар.
2. Шайбанидтердің Дешті- қыпшақтан ығыстырылуы , қазақ хандарының
Қажы Тарханға (Астрахан) жорығы, Түркістан облысы немесе Сырдың орта ағысы
бойында орналасқан қалаларға иелік ету үшін шайбанидтердің қазақтарға қарсы
жүргізген соғыстары туралы хабарламалар.
3. Моғалдарға қарсы бағытталған қазақ-қырғыз одағы , осы одақ
негізіндегі қазақтардың үстемдігі, жас, жунгес немесе құлджа облысы мен
Жетісудағы қазақ иеліктерінің кеңеюі туралы хабарламалар.
4. Қазақтардың Моғалстандағы билікті иелену үшін моғолдарға қарсы
күресі, олардың жеңісі, Шығыс Түркістандағы шағатай ұрпақтары арасындағы
өзара қырқыс соғыстарға қатысуы, олардың шығыстүркістандық моғалдармен
одақтық қарым –қатынастары, қазақ хандары мен шағатайлық хандардың
ШығысТүркістандағы билігі, сондай-ақ осы өлкедегі қазақтардың ұзақ жылдар
бойы иеленген жайлымдары туралы хабарламалар.
5. Қазақтардың Хиуаның саяси өміріне араласуы туралы, хиуаның
өзбектердің қазақтармен қарым-қатынастары, қазақ хандарының кейбір
өкілдерінің хиуадағы хан тағына отыруы туралы хабарламалар.
1.Қазақтардың жоңғарлармен қарым-қатнастары XYIII ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ билеушілерінің жоңғарияның хан тағына таласқан ішкі
ісіне араласуы туралы хабарламалар, Қазақтар мен қарақалпақтардың одақтық
және өзара жауластық қарым-қатнастары туралы хабарламалар [14, 36-б].
Алғашқы пункт бойынша мәліметтер “Тарих-и Абу-л Хайр –хани”, және т.б
шығармаларда кездеседі.
В.П Юдин осылайша әр пунктке қатысты мәліметтер сақтаған деректер
тобын, олардың ерекшеліктерін атап, талдап шығады. Әсіресе деректердің
сипаты мен оның мәліметтерінің субьективтілік сипатын Шайбанидтік деректер
негізінде тамаша талдап шығады.
Көріп отырғанымыздай ҚХТМ –на арнап жазылған бұл мақаласы Отан
тарихының ортағасырлық кезеңінің тарихы мен оның деректік негіздері туралы
бірден-бір құнды еңбек болып табылатыны даусыз. Зерттеушінің бұл ғылыми
мұрасы жазылған кезеңінен 30 жыл автор қайтыс болғаннан кейін 18 жыл уақыт
өткенде ғана барып жарық көрді [14, 39-б].
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихы бойынша парсы және түркі
деректері атты бұл мақаласында зерттеуші ортағасырлық Қазақстан тарихы
бойынша жазба деректердің келесі топтамасын (ҚХТМ) шығару туралы
қорытындылата ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz