Тілдің актіив және пассив лексикасы жөнінде


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тілдің актіив және пассив лексикасы жөнінде

Әдетте, тілдің сөздік қорын актив және нассив лек-сика деп, екіге бөліпеді. Бұлайша топтау, біріншіден, тіл стильдеріне қатысты болса, екіншіден, тілдегі сөздердің қолданылу жиілігі не сиректігіне байланысты болып келеді.

Күнделікті әлеуметтік қажеттілігі мол, қарым-қатынас жасауда жиі қолданылатын байырғы сөздер, олардан өрбіген туынды сөздер, күрделі сөздер мен сөз тіркестері, көп мағынада жұмсалатын сөздер - полисемия, омонимдер, синонимдер, антонимдер, мақалдар мен мәтелдер құрамындағы лексика, кірме сөздер мен терминдер және неологизмдердің тілге әбден сіңісіп кеткен түрлері т. б. тілдің актив лексикасына жатады.

Мұндайлар қарым-қатынас жасау, пікір алысу, өзара түсінісудің күнделікті құралдары ретінде тіл стильдерінің бәрінің де дерлік құрамында және сөйлеудің ауызекі де, жазбаша да түрлерінде жиі кездеседі.

Сөйлеу процесінде сирек қолданылатын сөздер пассив лексика қатарына жатқызылады. Пассив лексика сездері жұртшылықтың бәріне бірдей түсінікті бола бермеуі де мүмкін; кейде ғылым мен техниканың арнаулы бір саласына ғана тән болуы ықтимал; кейде белгілі бір әлеуметтік топ, мамандық - кәсіп иелері арасында ғана, кейде белгілі бір аймақ тұрғындарының тілінде ғана ұшырасуы мүмкін. Мәселен, жаңадан пайда болған кездегі неологизмдер және архаизмдер мен тарихи сөздер, диалектизмдер, профессионализмдер, варваризмдер, арголар, әр түрлі жаргондар мен пиджиндер, креольдар лексикасы т. б. тілдің пассив лексикасы тобына кіреді. Бірақ көп жағдайда мынау - тілдің актив лексикасы, ал мынау - пассив лексикасы деп, екеуінің шекарасын дәл айқындау, қолмен қойғандай айта қою қиын.

Оны мынадай жәйттан-ақ аңғаруға болады: актер, дифтонг, лексика, фонема, жанр, сюжет, грамматика, сөз тіркестері, сөйлем мүшесі деген сияқтылар - филологтар үшін актив лексика; мұндай сөздер мен сөз тіркестері және солардың ұғымдары - медиктер мен биологтар және басқа да мамандықтар өкілдері үшін пассив лексика; сондай-ақ медиктер мен биологтарға өз мамандықтары сөздері мен терминдері - актив лексика.

Тілдегі сөздердің жиі немесе сирек қолдануын статистикалық тәсіл арқылы айқындауға болады. Ол үшін алдымен сөздердің жиілігі зерттелінеді, соның негізінде тілдің жиілік сөздігі (частотный словарь) жасалынады. Жиілік сөздіктерінде лексиканың көбірек немесе сирегірек я болмаса мүлдем аз қолданылатын сөздер тобы анықталады. Мәселен, белгілі бір шығарма тексін зерттегенде, ондағы екі мың сөздің 75-80 проценттейі жиірек қолданылатын актив лексикаға қатысты екені белгілі болған. Сондай-ақ, ағылшын тілі жиілік сөздігіне -78 проценті, чех тілі жиілік сөздігінің -75 проценті, «Пушкин тілі сөздігінің» 80 проценті актив лексика сөздері екен.

Пікірімізді нақтылай түсейік: А. С. Пушкин шығармаларында барлығы 21 мыңдай сөз қолданылған екен: соның екі мыңы - актив лексика, қалған 19 мыңы - пассив лексика, былайынша айтқанда, пәлендей белсенді сөздер емес, яғни сирек қолданылатын сөздер көрінеді. Мәселен, Пушкин лексикасында благоуханный (аромат, хош иісті), безграничный, близорукий, божественно, боязненно, бородавка, брюзга, взвешивать, вздуть, воздвигать, воздерживаться т. б. сөздер бірер рет қана кездеседі екен. Бұл - мұндай сөздер Пушкин лексиконының пассив қатарына жатады деген сөз.

Керісінше, Пушкин сөздігіне бежать-316 рет, белый-154, берег-270, благородный-114, бледный - 147, большой-245, бродить-110, верный-218, вероятно -217, веселый -196, взор -322, взять -473, видеть- 922 рет активті түрде кездесетін көрінеді.

Абай шығармаларында 6 мындай сөз қолданылыпты. Бұдан Абайдың сөздігі кедей екен деуге болмайды. Өйткені қандай үлкен жазушы болса да, өзі білген сөздерді орынды-орынсыз жұмсамайды, тақырыбына, айтпақшы ойына қатысы бар сөздерді ғана қолданады. Шындығында, Абай қазақ сөзін шығармаларында қолданылған сөздердің аясынан әлдеқайда көп білген. Бірақ бұларды тегіс қолдана алмаған. Осы себептен де Абай қолданған сөздердің кейбіреулері аса жиі, кейбіреулері тіпті сирек кездеседі. Мәселен, ақынның шығармаларында да етістігі -1037 рет, де шылауы 796 рет, ал етістігі -614, көр етістігі -328 рет қайталанған. Сондай-ақ, фразеологиялық (тұрақты) тіркестердің қолданылу шеңбері әрбір тірек (ұйтқы) сөзінің ерекшеліктеріне қарай, я көп, я аз кездесіп отырады. Мәселен, ал етістігі -55 түрлі тіркесте (бәйгі ал, қабыл ал, дем ал, ортаға ал, тіл ал . . . ), кел етістігі -35 түрлі тіркесте (кез келді, көңілге келді, қырынан келді, пар келді . . . ), кет етістігі -41 түрлі тіркесте (береке кетті, зәре кетті, ойға кетті . . . ) жұмсалған; көз сөзі -49 түрлі тіркесте (көз алартты, көз сүзді, көз жасы, ой көзі . . . ), күн сөзі -26 түрлі тіркесте (күн көріс, күні жоқ . . . (кездеседі) А. Ысқақов, Қараңыз: Абай тағылымы. А., «Жазушы», 1986, 323-бет) .

Көнерген сөздер - пассив лексиканың бір түрі. Бұлар өзара тарихи сөздер және архаизмдер деп бөлінеді.

Тарихи сөздер (историзмдер) дегеніміз - өздері белгілеген заттары мен құбылыстардың қазіргі күнделікті өмірде қолданылудан шығып қалуы нәтижесінде пассив лексика құрамына ауысқан сөздер: ораза (тұту), сауын айту, зекет, жарапазан, ұрын бару, киіт кию, қорамсақ адырна, шидем (шекпен), зайғы (зая), нәубат (кезек), дулыға, сәукеле т. б. : Сенің әкең Мамай ішінде Жамантаймен көңілдес болып жүріп, өкіл күйеу болғанда, екі жүз қой киіт киген.

- Өкіл күйеуі қалай?

- Өкіл күйеуі - шын күйеу емес, тамыр есепті.

- Онда «тамыр» деп неге атамайды?

- Тамырлық құрбылас кісілердің арасында болады.

Ал жасы үлкен кісімен жас кісі тамырласам десе, кейде осылайша өкіл күйеу боп аталады; Абайдың бұл келісі ұрын келу деп, жыртыс ала келу деп, есік көре келу, қол ұстау деп аталатын. Ең алғашқы келіс - осы (М. Әуезов) .

Орыс тілінде боярин, купец, соха, кадет, буржуйка, губернатор, чон, ячейка т. б. - историзмдер.

Ескі әдет-ғұрып, салт-санаға, өткен замандардағы әкімшілік ел басқару, шаруашылық - күнкөріске қатысты сөздердің барлығы дерлік тарихи сөздерге айналып кетті: сыңсу, босаға аттау, танысу (ескі мағынасында), пәйек-мәйек (меншікті шабындық жер), күпі, сапты аяқ, садақ, ауылнай, старшын, қазы, боштабай, болыс, дуан, ояз, елубасы, жүзбасы, жандарал, құл, күң, жалшы, малай, тоқал, бәйбіше, ханханзада, ат ұстар (ұл деген мағынада), қырың жеті (қыз) т. б.

Архаизм - гректің аrсһаіоs деген сөзі; Мағынасы - «ежелгі», «ертегі». Архаизмге жататын сөз топтары - тілде ертеректе, бұрынырақта күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен, қазіргі кезде басқа сөздермен (синонимдермен) алмастырылғандар. Архаизмдер орыс тілінде өте көп: чужестранец (қазір иностранец), рачительный (заботливый), тщетный (напрасный), глас (голос), летун (летчик), аэроплан (самолет), геликоптер (вертолет) т. б.

Лингвистердің айтуынша, архаизмдерді лексикалық семантикалық, лексика-фонетикалық, лексика - сөз жазушы деп бөлуге болады. Мәселен, ертеректе қазіргі напрасно, тщетно синонимдері мағынасында қолданылған - вотще, сондай-ақ, выя (шея - желке мағынасында), лицедей (актер) - лексикалық архаизмдер; живот («өмір» мағынасында), позор (көрсетілуге» қойылған - «зрелище»), сущий («существующий») -семантикалық архаизмдер; гистория (история), глад (голод), зерцало (зеркало), пиит (поэт), пастырь (пастух) т. б. - лексика-фонетикалық архаизмдер.

Архаизмдердің экспрессивті-стилистика ерекшеліктері айрықша; олар ирония, сатира, пародия, кейіпкерлердің мінез-құлқын жасауда кең қолданылады.

Көнерген сездер тарихи документтерде, көркем әдебиетте жиі кездеседі. Көнерген сөздер - өткен дәуір жайын дер кезіндегідей жеткізу құралының бірі.

Қазақ тілінде диалектілік архаизм дегендер де бар. Диалектілік архаизмдерге әр жерде әр түрлі айтылып кейінгі кездерде ескі ұғымдар мен әдет-ғұрыптардың т. б. бірте-бірте жойылуына байланысты сирек қолданылып, бірте-бірте ұмыт болып бара жатқан сөздер мен сөз тіркестері жатады. Мәселен, ағаш соқаның жойылуына байланысты қазақ говорларындағы оның жер тіс - аташ - омаш - жер ағаш сияқты варианттары да ұмытылуға айналған; егінді таспен бастыру әдісінің ескіруіне байланысты шаң тас - тулық тас атаулары да говор лексикасынан шығып қалды; қырман басындағы бидайды қызылдағанда, келіп сұраушыларға бидай беру сияқты әдеттің ескіруіне байланысты әр жерде әр түрлі айтылып келген кеусен - кепсен - бүйрек сөздері де ескіріп, сирек қолданылатын сөздер қатарына қосылды; Қызылорданың Қазалы тұрғындарының тіліндегі дегмент (күміс белбеу), ұшатас (сүбелі төс), нашар бала (қыз бала) т. б. сирек айтылатын көнерген сөздер тобына қосылды; Маңғыстау тұрғындары қолданған мақы жібермеу (қате жібермеу), тән-тән болу (дал болу), тақыр-тұлым ақыртақтай (түк жоқ), дәлдір (күміс ақша) т. б., сондай-ақ Шу бойы қазақтары қолданған тақана қылу (мазақтау), нәзім қылу (мақтану), ұру - бару болу (түсінісу), қыбы қану (айызы қану) т. б. - қазірде көнерген лексика құрамында (Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков . . . , 34-бет) .

Қазіргі күнделікті өмірде тым сирек қолданылатын, мағыналары көмескіленіп бара жатқан, бірақ халықтың ертедегі тірлік - өмірінде жиі қолданылған көптеген сөздер қазақ тілінде өте көп: аймауыт - темір сауыт деген мағынада; ақберен - жапырақ торлы сауыт; алдаспан - имек қылыш; абыз - білімді адам, білгір; ажа - үлкен, сыйлы, адам; би, төре, ұлық т. б.

Көркем әдебиетте. публицистикалық мақалаларда да кездесетін, кезінде әдеби тілде жиі қолданылған, бірақ қазіргі кезде көркем әдебиетте белгілі бір оқиғаларға байланысты ғана қолданылатын тарихи ескірген сөздер де көп: болатком (болыстық атқару комитеті) . төңкеріс, отарба, мінбер, баз, бекет, мәуіті т. б.

Ғылыми-атеистік насихатта, мифологиялық әдебиеттерде көбірек кездесетін, діни ұғыммен байланысты сөздер де бар: алла, намаз, ораза, айт, сопы, халфе т. б.

Бір кездерде тарихта үлкен рөл атқарған, бірақ қазіргі кезде жоғалып кеткен халық аттары көнерген атауларға айналды да, тек тарихи әдебиеттерде ғана кездеседі: хун, карлук, хазар, сақ, массагет, меркіт т. б. тайпалар одақтарын атауға болады.

Бір кездерде тілдің актив лексикасы құрамында күнделікті қолдануда болған сөздер белгілі бір жағдайларға байланысты пассив лексика қатарына ауысып кетеді дедік. Мәселен, қазақша жыл аттары (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз), бертінге дейін ауызекі сөйлеу тілінде, оның өзінде егде қарттар лексиконында ғана жиі қолданылып келді: ал қазақша ай аттары (наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан),

. . . Қазақ халқы айлардың бірнеше жүйесін пайдаланған: зодиак (жұлдыз), тоғыс айлары, азаматтық айлар, араб айлары. Жалпы халыққа жақыны да, сондықтан көп қолданылғаны да азаматтық айлар - жыл басы наурыздан басталатын айлар . . .

Ал Зодиакша жыл басы, наурыз сияқты, көктемгі ай - хамалдан басталады: хамал, сәуір, зауза, саратан, әсет, сүмбіле, мизан, ақырып, қауыс, дәлу, хұт (үт) . . . Сол сияқты еліміздің барлық жерінде қаңтардың бірі де жаңа жыл басы ретінде кеңінен атап өтіледі, бүкілхалықтық мереке. Қаңтар - қазақ календарындағы он бірінші ай. Оның аты түннің ұзарып, күннің барынша қысқарып болған, қаңтарылған кезіне орай айтылған («С. Қ. », 8, 1. 1990) .

Тіл туралы Заң қабылданғанға дейін қазақша ай аттары «Тіл білімнің негіздері» оқулығында да (авторы - Кәкен Аханов) архаизм деп түсіндірілді: «Қазіргі басқаша аталатын заттар мен құбылыстардың бұрынғы көнерген атаулары архаизм деп аталады. Мысалы, «Қараша, желтоқсанмен - сол бір-екі ай, Қыстың басы бірі - ерте, біреуі - жай» (Абайдан) деген сөйлемдегі қараша - қазірде октябрь деп аталатын айдың бұрынғы, ескіше аты; архаизм (148-бет) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фразеологиялық тіркестердің ерекшеліктері
Сөз және мағына
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Лексикография
Шет тілі лексикасының ерекшеліктерін ашып көрсету
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы мәлімет
Неологизмдердің пайда болуы мен қалыптасу жолдары
Табу және эвфемизмдер жайлы
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz