Ғылыми революциялардың құрылымы
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ 811.512.122'37 Қолжазба
құқында
СҰЛТАН ЖАЙЫҚ ИСАҰЛЫ
Тілтанымдағы антропологиялық парадигманың
Қ.Жұбанов мұраларындағы көрінісі
10.02.02 – қазақ тілі
Филология ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация
Ғылыми жетекшісі:
филология ғылымдарының
докторы, профессор Е.Қ. Жұбанов
Қазақстан Республикасы
Алматы 2007
КІРІСПЕ
Ұлттық филологиямыздың маңдай алды қайраткерлерінің бірі, қазақ тіл
білімінің дүниеге келуі мен теориялық тұрғыда қалыптасуы жолында адал еңбек
еткен абзал жандардың бірегейі – Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың ғылыми
мұрасы уақыт өткен сайын жаңа қырынан ашыла түсуде. Ғалымның шығармашылығы
бүгінге дейін аз зерттелді деу шындыққа жанаспас, бірақ заман талабына сай
барлық ғылым атаулының түпкілікті мақсаты – ғылым үшін емес, адамзат игілі
үшін қызмет ету екендігі түбегейлі анықталған шақта Қ.Жұбановтың ғылыми-
теориялық мұраларын зерделеу бүгінгі таңда мүлде жаңаша сипатқа, өзгеше
сапаға ие болып отыр.
Ғылымның тарихы мен философиясын арнайы зерттеген Томас Кун өзінің
Ғылыми революциялардың құрылымы деген әлемге әйгілі еңбегінде әр тарихи
дәуірге тиесілі ғылым атаулының негізінде ірге теуіп, әбден қалыптасқан
ғылыми әдіс-тәсілдердің, базалық ұғымдардың өзгерісі, яғни
“парадигмалардың” ауысуы – заңды құбылыс деген шешімге келген [1].
Бұл аталған парадигмалық өзгеріс бүгінде барлық әлеуметтік-гуманитарлық
ғылым салаларына, соның ішінде тіл туралы ғылымға тікелей қатысты болып
отыр. Өйткені қазіргі кездегі лингвистиканың (мейлі жеке, мейлі жалпы тіл
білімі болсын) басты мақсаты – тілді тіл үшін зерттеу емес, адамды тануға
негізделген.
Осыған орай, тілтаным іліміндегі антропологиялық парадигманың пайда
болуы нәтижесінде – тілдің барлық мүмкіншілігін сан-салалы қырынан айқындау
арқылы сол тілді тұтынушы субъектінің, яғни жоғары деңгейлі сана-сезім мен
қоғамдық-тарихи, мәдени тіршіліктің иесі – адамның рухани болмысын
тереңірек тануға жол ашылды.
Антропологиялық лингвистиканың көш басында тұрған американдық этнолог,
әрі тілтанушы ғалым Э. Сепирдің өз заманында айтқан пікіріне зер салсақ,
“антропология мен мәдениет тарихы үшін лингвистикалық деректердің айрықша
құнды болатыны әлдеқашан мойындалған. Лингвистикалық зерттеулер өрістей
берген сайын тілдің адам туралы ғылымдардың таным құралы ретіндегі пайдасы
әр тараптан көрініс табады, сонымен қатар, оның мәнінің ашыла беруі үшін де
сол ғылымдардың нәтижелеріне қажеттігі үдей түседі. Мәдениетті ғылым
тұрғысынан зерттеу барысында тілдің жетекші фактор ретіндегі салмағы уақыт
өткен сайын арта бермек [2, 259, 265 б.].
Қазақ топырағында дүниеге келіп, білімнің әлемдік деңгейіне қол
жеткізген ғұлама ғалым Қ. Жұбановтың ғылыми мұраларынан зерттеудің негізгі
әдісі ретінде көрініс тапқан адамтанушылық ұстанымның жаңа заман
лингвистикасы үшін жетекші бағытқа айналған антропологиялық парадигмамен
өзектестігі туралы мәселе арнайы қарастыруды қажет етеді.
Ұсынылып отырған жұмыста біз Қ. Жұбановтың қолда бар лингвистикалық
еңбектеріне шолу жасап, оны бүгінгі тілтанымдағы антропологиялық парадигма
шеңберінде теориялық мәселелермен байланыстыра зерттеуді көздедік.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық,
саяси, мәдени, рухани өміріндегі түбегейлі өзгерістер адамгершілік
құндылықтарды жаңаша көзқараспен салмақтауды қажет етеді. Әсіресе адами
қарым-қатынастарды ізгілендіру мақсатында мәдени мұра мен ұлттық идеяны
насихаттау мәселелері өзінше маңызды. Осыған байланысты:
1) ұлттық мәдениетіміз бен ғылымымыздың көрнекті өкілі, алаш арыстарының
бірі – Қ.Жұбановтың ғылыми-тілтанушылық мұраларын мәдениетпен,
әлеуметтанумен, ұлттану мәселелерімен ұштастыра зерттеу;
2) лингвистикадағы жаңа бағыттардың отанымыздағы дамуына белгілі
дәрежеде үлес қосу;
3) тілді зерттеудегі адамтанушылық ұстанымның ұлттық филологиямыздың
тарихында да ерекше назарда болғандығын ескеру жайы – бүгінгі тілтанымның
көкейкесті мәселесі деп есептейміз.
Зерттеу нысаны – Қ.Жұбановтың тілдік зерттеу мұраларындағы адамтанушылық
ұстанымға негізделген деректер мен әдіснамалық тұжырымдар.
Зерттеу жұмысының пәні – антрополингвистиканың аясына енетін ілімдер
жүйесі және Қ.Жұбанов басшылыққа алған тілтанушылық ұстаным.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу жүргізудегі мақсат – Қ.Жұбанов еңбектерін тілтанымдағы
антропологиялық парадигма шеңберінде талдап, бүгінгі заманның
лингвистикалық тұжырымдарымен сабақтастығын айқындау және оны дәлелдеу. Осы
негізде мынадай міндеттер қойылды:
- антропологиялық лингвистика аясына енетін ілімдер жүйесін
теориялық тұрғыдан қорыту;
- тілтанымдағы адамтанушылық ұстанымның отандық ғылымымыздағы
жүзеге асырылу барысын айқындау;
- Қ.Жұбановтың тілдік мұраларын антропологиялық парадигма
тұрғысынан талдаудың мәнісін ашу, өзектілігін таныту;
- Қ.Жұбановтың лингвистикалық еңбектерінде қарастырылған әр
деңгейлі тілдік ерекшеліктерді антропологиялық парадигма
шеңберінде талдап шығу.
Зерттеудің дерек көздері: Қ.Жұбановтың Қазақ тілі жөніндегі
зерттеулері (1999), ғалымның өмірі мен шығармашылығын тақырып еткен
естеліктер мен дәстүрлі Жұбанов тағылымы ғылыми конференцияларының
материалдары, отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми, мерзімді
басылымдардан жарық көрген еңбектері, интернет ресурстары.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ұсынылып отырған жұмыста:
- теориялық мәліметтердің қорытындысы негізінде антропологиялық
лингвистиканың шеңберіне енетін жаңа ғылыми-тілтанымдық салалардың
бір-бірімен өзара байланысар тұсы, тоғысу нүктелері,
антрополингвистика аясындағы әрқайсысының өзіндік иемденетін орны
анықталып, бір жүйемен реттелді;
- Қ.Жұбановтың ғылыми мұраларындағы тіл мен этнос, тіл мен қоғам
арасындағы байланыс, тіл және таным, тілдесудегі психологиялық
процестер мен шарттылықтар, тіл субъектілері арасындағы гендерлік
айырымдар, т.б. тіл табиғаты мен адамзат болмысын бір арнаға
тоғыстырған өзіндік зерттеу амалдары, соны ой-пікірлері мен
әдіснамалық ерекшеліктері анықталды;
- тілтанушы-ғалымның антропологиялық ұстаным негізіндегі
зерттеушілік әдісі мен бүгінгі лингвистикадағы теориялық
ұстанымдар арасындағы дәстүр мен жаңашыл идеялар сабақтастығы
айқындалды.
Зерттеудің теориялық маңызы.
Бұл еңбекте лингвистиканың басқа ғылым салаларымен қоғамдасып,
интеграциялануы нәтижесінде өмірге келген тоғыспалы пәндер: әлеуметтік
лингвистика, лингвомәдениеттаным, когнитивтік лингвистика
(лингвогносеология), этнолингвистика, психолингвистика және тіл
палеонтологиясы, гендерлік лингвистика ілімдері туралы теориялық деректер
келтіріліп, оларға қатысты отандық және шетелдік ғалымдар ұсынған
анықтамалар мен ой-пікірлер жүйелі түрде баяндалды. Сондай-ақ, өз
тарапымыздан аталмыш заманауи пәнаралық лингвистикалық ілімдерді
антропологиялық лингвистика шеңберіне шоғырландырып, әр қайсысының орнын
анықтап, жүйелі түрде қарастырудың сызба-жобасын ұсындық.
Зерттеудің практикалық мәні:
- Қ.Жұбановтың “адам баласы тілдің өзгеруі мен дамуына саналы түрде
ықпал ете алады” деген кесімді тұжырымы негізінде ғалым ұсынған
механизмді (тетіктерді) пайдалану арқылы еліміздегі тіл саясатына
үлес қосу, ана тіліміздің қоғамдағы қолданысын кеңейту мен беделін
арттыру мүмкіншілігі;
- ұлтымыздың тарихы мен салтын тереңірек тану мақсатында тілді
“құрал” ету: сөйлеу тілінде көрініс беретін мәдени лексика мен
мифтік, архетиптік элементтердің мәніне үңіліп, палеонтологиялық
зерттеулер жүргізу, тіліміздің тарихын түгендеу;
- қолданбалы психолингвистиканың тәжірибесін өмірдің әр салаларына
пайдалану (логопедия, дефектология, тергеу, т.б.),
- диссертация орындалған жер – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік
университетінің факультеттерінде оқытылатын “Жұбановтану” арнаулы
курсына аталмыш жұмыстың материалдарын қажетіне қарай жарату.
Зерттеудің әдістері. Жұмысты орындау барысында:
- талдау, жинақтау әдістері;
- түсініктеме (интерпретация) әдісі;
- этимологиялық анализ;
- салыстырмалы-тарихи әдіс;
- когнитивті-лингвомәдениеттанымдық әдістер жиынтығы қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Қ.Жұбановтың ғылыми зерттеулеріндегі негізгі әдіс ретінде көрініс
тапқан адамтанушылық ұстаным – жаңа заман лингвистикасы үшін
жетекші бағытқа айналған антропологиялық парадигмамен өзектес;
- Қ.Жұбанов өз зерттеулері барысында адам болмысы мен тіл
табиғатының байланысар тетігін көре білген, әр алуан тілдік
құбылысты қоғам, мәдениет, тарих заңдылықтарымен байланыстыра
зерттеген;
- Ғалымның Дүниеге көзқарас арқылы нәрсеге ат қою, Тіл деген
не?, Тотемизм, т.б. дәрістік циклдегі мұралары мен кісі аттары
туралы әр тарап пайымдаулары ұлт болмысы мен оған тән тілдік
дүниетаным аясын зерттеу нысаны ететін этнолингвистиканың
теориялық мәселелерімен ұштас;
- Қ.Жұбанов өз ұстазы Н.Я.Маррдың тұжырымдарына сүйене отырып, тіл
туралы ой қорытқанда қолда бар фактілерді палеонтологиялық әдіс
бойынша ретроспектива жолымен талдаған;
- Қ.Жұбанов еңбектеріндегі микрокосмостық таным, тотемизмнің мәні,
ерте замандағы адамдардың қоршаған ортаға, дүниеге көзқарастары
арқылы заттарға ат қоюы турасындағы лингвофилософиялық,
мифопоэтикалық, лингвогносеологиялық ой-тұжырымдары мен дәйек-
делелдері бүгінгі когнитивтік лингвистиканың базалық ұғымдарымен
тереңнен астасады.
Тақырыпқа қатысты жарияланымдар мен жұмыстың мақұлдануы. Зерттеу
тақырыбына қатысты негізгі мәселелер:
- Қ.Жұбановтың туғанына 105 жыл толуына орай ұйымдастырылған
Жұбанов тағлымы Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында
(Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, 2005);
- Абай әлемі: рухани мұра мәселелері және қазіргі кезең атты
республикалық ғылыми-практикалық конференцияда (Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе мемлекеттік университеті, 2005);
- Тіл әлемі IV халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында
(Абылай хан ат. Халықаралық қатынастар және әлем тілдері
университеті, 2006);
- ХХІ ғасырдағы жоғарғы оқу орны: жаңа экономикалық жағдайда
өркендеу атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда
(С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, 2006) баяндама және
тезистер түрінде жарияланды.
Сонымен қатар,
- ҚР Ғылым академиясының Хабарларында;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Хабаршысында;
- А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тілтаным
журналында;
- С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің Хабаршысында, Қ.Жұбанов
атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті жанындағы Гуманитарлық
зерттеулер институтының ғылыми жинағында мақалалар түрінде жарық
көрді.
Сондай-ақ, зерттеу жұмысы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік
университеті қазақ тілі теориясы кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде
(22 қыркүйек, 2006 ж., №2 хаттама) және Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің қазақ тілі теориясы мен оқыту әдістемесі
кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланды (23 қаңтар, 2007ж.
№5 хаттама).
Диссертацияның құрылымы. Орындалған жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
олардың өзі іштей сегіз тараушадан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен
тұрады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Соңынан айтарымыз: отыздан асар-аспас жасында ғажайып білімдарлығымен,
таным тереңдігімен қазақ тіл ғылымының мақтанышына айналған Құдайберген
Қуанұлы Жұбанов еңбектерінің әлі күнге дейін өзінің өзектілігін жоймауының
сыры – оның зерттеулерінің өз заманы үшін де, кейінгі ұрпақтың талап-
талғамы тұрғысынан да тең дәрежеде сай келіп, сол арқылы өміршеңдік
қасиетке ие болуында. Қ. Жұбановтың ғылыми мұраларынан зерттеудің негізгі

өзектестігі туралы мәселе әлі де көп ізденістерді қажет етеді. Ғалым әр
сөздің шығу төркінін лингвистикалық және экстралингвистикалық заңдылықтарды
ескере отырып талдаған. Ол сөздік қор мен мағыналық өзгерістерді, тілдің
грамматикалық құрылымын мәдениетаралық қарым-қатынастармен, этностың
экономикалық, әлеуметтік өмірімен, қоғамдық сананың нормаларымен шарттас
болатындығын үнемі ескерткендігін көреміз. Зерттеуші ғалымның бұл ұстанымы
оның лингвистикадағы қандай сала бойынша жазған еңбектері болмасын, бәрінен
де айқын танылып тұрады.
Осы тұжырымдардың негізінде мынадай түйіндерді атап өтпекпіз:
- адам болмысы мен тіл табиғатының байланысу тетігін көре білген, әр
алуан тілдік құбылысты қоғам, мәдениет, тарих заңдылықтарымен байланыстыра
қараған кәсіби лингвист – Қ. Жұбанов тартқан тілтаным желілері отандық тіл
білімі саласында өзіндік ерекшеліктерге ие, әрі жеке проблема ретінде
зерделеуге лайықты тарихи, әрі мәдени мұра болып табылады;
- ғалымның сонау өткен ғасырдың 20-30 жылдары ішінде танылған тілге
деген шынайы табиғи, әрі терең философиялық көзқарасы бүгінгі кездегі
лингвистиканың жаңа, тың салаларымен сабақтас;
- Қ. Жұбановтың Тіл деген не?, Тотемизм (идеология), Дүниеге
көзқарас арқылы нәрсеге ат қою, т.б. дәрістік циклдері мен кісі аттары
туралы әр тарап пайымдаулары тіл мен субъектінің арақатынасы, ұлт болмысы
мен оған тән дүниетаным мәселелері тіл әлемімен бірлікте қарастырылғандығын
және бұл мәселелердің бүгінгі этнолингвистиканың теориялық мәселелерімен
өзектестігін көреміз; осыған сәйкес, ғалым өмір сүрген заманда
этнолингвистика ілімі өз атымен аталмаса да, Қ. Жұбанов бұл танымның әдіс-
тәсілдерін тілдік ізденістерінде пайдаланып, кәдеге жарата білген;
- Қ. Жұбанов еңбектерінде әлеуметтік лингвистикаға қатысты көзқарастар
мен тұжырымдар бұл ілімнің кеңестік кезеңі қалыптаспастан көп уақыт бұрын
бой көрсеткен. Ең алдымен әлеуметтік лингвистика тұрғысындағы көзқарастар
мен тұжырымдардың ғалым еңбегінен орын алу себебі, оның шын мәніндегі тіл
проблемасын әлеуметтану мен лингвистиканың тоғысар тұсын анықтай білген
маман болғандығында;
- ғалымның тіл мен тарих деректеріне сүйеніп жазған Қазақ музыкасында
күй жанрының пайда болуы жайынан деген белгілі еңбегінде көптеген
музыкалық ұғымдар мен терминдерге лингвомәдениеттанымдық-этимологиялы қ әдіс
бойынша талдау жасайды. Бұл очерк бірқатар тарихи лексемаларды қамтитын,
атап айтқанда қазақ музыкасы терминдері бойынша алғаш жүргізілген
салыстырмалы-тарихи талдаудың үлгісі болып табылады. Мәселен, лингвист
қазақ тіліндегі күй, толғау, жыр, бақсы, қобыз, сыбызғы, домбыра
лексемаларының құрылымына мәдениет пен этнография салаларының кең
спектріндегі материалдарды қатыстыра отырып, кәсіби деңгейде талдау
жасаған;
- ұстаз-ғалым өзін “тіл палеонтологы” ретінде де таныта отырып, тіл
туралы ой қорытқанда әсіресе Н.Я. Маррдың тұжырымдарына жүгінген. Қ.
Жұбанов палеонтологиялық әдіс бойынша тілдік фактілерді ретроспектива
жолымен зерттегендігін байқаймыз. Ол өзінің К постановке исследования
истории фонетики казахского языка атты орыс тілінде жазылған еңбегінде
тіл палеонтологиясы турасында біраз сөз қозғап, қазақ тілінің тарихына
қатысты көптеген соны деректер келтірген.
- Құдайберген Жұбанов қазақ тілін өзге тілдермен салыстыра-салғастыру
арқылы, жалпы тіл атаулының табиғатын, оның тіл субъектісінің
психологиясына әсерін таныта білді. Қазақ әдеби тілінің терминологиялық
жүйесін қарастыра отырып, зерттеуші неологизмдер мен терминдердің, өзге
тілдерден енген кірме сөздердің табиғатын білу үшін әлеуметтік-
психологиялық әдістерді қолданғандығы байқалады. Терминдердің лексикалық
мағынасын анықтау барысында Қ. Жұбанов мағыналық аясы шектеулі сөздердің
мағынасындағы динамикалық өзгерістер қоғамның әлеуметтік-экономикалық
деңгейімен, халықтың біртұтас психологиялық ерекшелігімен етене байланысты
екендігін ескертеді. Сондай-ақ ол жекелеген тілдік бірліктер мен тіркесім
заңдылықтарын, тілдің қатынас құралы ретіндегі қызметін психолингвистикалық
аспектіде зерделейді;
- Қ. Жұбанов зерттеулеріндегі заттар мен құбылыстардың адамзатқа
қатынасы, оларға ат таңылуының объективті себептері, зат пен оның аты
арасындағы табиғи немесе кездейсоқ байланыстың түсіндірілуі, микрокосмостық
таным, тотемизмнің мәні, ерте замандағы адамдардың қоршаған ортаға, дүниеге
көзқарастары арқылы заттарға ат қоюы турасындағы лингвофилософиялық,
лингвогносеологиялық ой-тұжырымдары мен дәйек-делелдері бүгінгі когнитивтік
лингвистиканың базалық ұғымдарымен тереңнен астасады;
- Қ. Жұбановтың еңбектерінде әйел тілінің спецификалық ерекшеліктеріне
баса назар аударылған. Ғалым күншығыстағы әйелдердердің қарым-қатынас
жасауындағы ерекшеліктерге егжей-тегжей тоқталып, гендерлік паралингвистика
танымына сай әйел затының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz