Тіршілік факторлары және қоршаған орта жағдайлары туралы мәліметтер



Тіршілік факторлары және қоршаған орта жағдайлары туралы мәліметтер

Қазақстан жерінің көлемі жағынан ТМД-да Ресейден кейінгі ең үлкен
республика. Осынау ұланғайыр өлкеде орманды, далалы, шөлейтті және тағы
басқа да табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін аймақтар бар.
Республика территориясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге
болады.Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан Одақ көлемінде бірінші
орында тұр.
Жер бетінің өсімдіктермен жасыл желең жамылған көлемі онша көп емес,
полюс шеңберінің аржағынан бастап шөл даланың аптапты құмдарына дейін
өсімдіктер кездеседі. Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы орасан зор.Әрбір
тірі организмнің өмір сүруі үшін олар қажетті энеогиямен қамтамасыз етілуге
тиіс, ал бұл энергияның қайнар көзі- күн. Әрине, тірі организмнің кез-
клгені күн энеогиясын тікелей пайдалана алмайды.Тек, жасыл өсімдіктер ғана
тікелей пайдалануға қабілетті.
Қажетті органикалық заттарды дайындай отырып, жасыл өсімдіктер көмір
қышқыл газын тиісті мөлшерде пайдаланып ауаны оттегімен қамтамасыз етеді.
Шаруашылықта пайдаланатын тас көмір,мұнай және шымтезектер
энергетикалық шикізаттардың негізгі қоры, бұрынғы геологиялық дәуірлердегі
жасыл өсімдіктер дайындаған органикалық заттар екені мәлім.
Жер бедеріне, ауарайына, жыл маусымындағы жылу, ылғалға байланысты
белгілі бір аймақта тарай өскен өсімдіктер арктика шөлі, тундра, қоңыржай
орманы (қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты), орманды дала, далалық, шөлейт,
шөлөсімдіктері алқабы деп бөлінеді. Таулы аймақтарда өсімдік алқабы биіктік
белдеуге байланысты таралады.Әрбір алқапта өзіне тән өсімдік түрлері өседі.
Арктика шөлінде өсімдіктер жоққа тән, тундра да өсімдіктер түрі аз. Орманды
тундрадан бастап ағаш өсімдіктер алқабы көбірек орын алады. Тайгада қылқан
жапырақты, орманды далада шоқ-шоқ жалпақ жапырақты ағаштар, шалғындық
өсімдіктер көбірек болады. Далалық алқапта астық тұқымдас шөптесін
өсімдіктер басымрақ өседі, шөлейт жерлерде дала өсімдіктері де, шөл
өсімдіктері де кездеседі, шөл алқапта сортаң өсімдіктер өседі.
Жер бетінде тіршілік ететін қандай да болмасын дақылдың өсіп-өнуі оны
қоршаған ортамен тығыз байланыста болады. Оған әртүрлі факторлар жатады:
жарық, жылу, ауа, су және қоректік заттар.
Жай минералды заттардан күн сәулесінің энеогия есебінен күрделі
органикалық заттар – углеводтар түзелітіні белгілі.Жасыл пигменттері бар
өсімдіктерде фотосинтез процесі жүреді. Хлорофилдің қатысуымен өсімдіктер
күн энергиясын сіңіріп, оны химиялық қосылыстар энергиясына айналдырады.
Күн сәулесін сіңіріп бос оттегін бөліп шығару арқасында жасыл өсімдіктер
жер бетіндегі тіршіліктің қалыпты дамуына зор үлес қосады.
Өсімдік фотосинтез процесі кезінде тіршілік үшін қажет оттегін бөліп
шығарады. Өсімдіктің адам өміріне маңызы зор: олардың 20мыңға жуық түрлері
пайдаланылады.Өсімдіктен азық-түлік (астық, қант, өсімдік майы,т.б.),
шикізат (илік заттар, талшық, сүрек, т.б.) алынады, мал азығы, әртүрлі
витаминдер, дәрі-дәрмек жасалады, әсемдік үшін өсіріледі.
Климаттық жағдайлар өсімдіктердің өсіп-жетілуіне үнемі қолайлы әсер
бермейді. Қатаң климат жағдайында өсімдіктердің тіршілігіне хауіп төнеді.
Солтүстік және қоңыржай аймақтарда өсімдіктер аяздан, қысқы құрғақшылық пен
температураның ауытқуынан зардап шагеді. Мұндай кезеңзерде күзгі астық
тұқымдастар үсікке шалдығады. Тұзды топырақты жерлердің өсімдіктері тұздар
концентрациясының жоғарылығымен күреседі. Алайда өсімдіктер барлық топырақ,
климат жағдайларында да қоршаған ортаға бейңмделеді.
Өсімдіктердің вегативтік дәуірінде азот тыңайтқышын кеш енгізу және жиі
суару сияқты агротехникалық шаралар арқылы өсу мерзімдерін ұзарта отырып,
олардың аязға төзімсіздігін арттыру – ауыл шаруашылық ғылымдардың негізгі
міндеттерінің бірі.
Өсімдіктер өздерінің өсіп-өну қажетті талаптарын қамтамасыз ету
үшінқоршаған ортаның әр түрлі жағдайларына бейімделеді.
Өсімдіктер тіршілігін дамытуға күн қуатын толығрақ пайдалану керек.Бұл
үшін олар өздері өсіп тұрған танаптан бірнеше есе артық көлемде жапырақ
жаяды. 1 гектар егіске өскен көптеген дақылдардың жайған жапырақтарының
жалпы көлемі 3-5 гектар келеді. Сол дақылдардың тамырлары топырақ қабатына
терең бойлаумен қатар жан-жағына кеңінен жайылады. Егер сол жайылған тамыр
тармақтардың бәрін қосып өлшесек, олардың жалпы ұзындығыжүздеген метрге
жетеді. Бұған қосымша қорек сіңіретін сыртқы тамыр түктерін қоссақ, мұның
өзі одан да бетер ұзара түседі. Өсімдіктердің қоршаған ортадан кез-кеоген
элементтерді пайдаланбай, тек қоректік заттарды ғана таңдап алады да,
белгілі бір қатынастарға белсене кіріседі.ақылдардың өсіп дамуына қажетті
сыртқы факторлар – жарық, жылу, су, ауа, қоректік заттар тиісті мөлшерде
қолайлы кезеңде қамтамасыз етілсе, онда олпрдың өнімі де жоғары әрі сапалы
болады.
Фотосинтез және өсімдіктердің өнімділігі. Жоғары сатыдағы жасыл
өсімдіктердің, балдырлардың фотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі
энергиясын сіңіру нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмір қышқыл газы,
су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажеттігіне күрделі
органикалық заттар түзуін фотосинтез дейміз.
Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100млрд
тоннадан астам органикалық заттар түзеді.Мұның жартысынан көбін теңіз,
мұхит өсімдіктері береді және бұл кезде олар 200млрд-тай СО сіңіреді,
қоршаған ортаға 145 млрд-тай бос оттегін бөледі.
Хлорофилдің сіңірген энергисы бірқатар аралық акцепторлар арқылы су мен
мен көмір қышқыл газына жеткізіледі, осының нәтижесінде инертті боп
саналатын бұл заттар күрделі органикалық қосылыстар түзе отырып әрекет
жасайды.
Фотосинтез теңдеуі:
6СО+6НО=QCHO+6O

Бұл теңдеу СО және НО сияқты жай минералдық заттардан күн
сәулесінің (Q) энергиясы есебінен органикалық заттар – углеводтар
түзілетінін көрсетеді.
Өсімдік өнімін арттырудың бір жолы - өсімдіктің фотосинтездік
әрекетін күшейту. Бұл үшін жапырақ көлемін ұлғайту , жапырақ тіршілігін
ұзарту , егістіктегі өсімдігін жиілігін реттеу керек.
Жапырақ өзіне түсетін энергияны қаншалықты тиімді пайдаланытыны ,
оның қанша бөлігін химиялық энергияға айналдыратыны жөніндегі мәселені
анықтаудың зор маңызы бар. Бүкіл сіңірілген энергияның 90 проценті
транспирацияға және топырақ қыздыруға жұмсалады. Сіңірілген энергияның не
бары 1 – 5 проценті , кей жағдайда ғана 10 проценті фотосинтезге
пайдаланылады. Мәселен, үйеңкі жапырағы өзіне жеткен энергияның 2,7
процентін қарақұмық жапырағы 7,7 процентке дейінгі, күнбағыс жапырағы 4,5
процентей мөлшерін ғана фотосинтезге пайдаланған. Жүгері өсімдігінің
жапырақтары бір – біріне жақын түйісе өскенде олар егістікке түскен күн
сәулесі энергиясының 2,3 процентін пайдаланады. Өсімдіктердің энергияны аз
пайдалануы жалпы редакцияның құрамына инфрақызыл және ультракүлгін
сәулелердің кіретіндігімен түсіндіріледі. Бұл сәулелер фотосинтезге
қатыспайтын радиацияның 40 процентін құрайды. Хлорофил сіңіретін қызыл және
күлгін – көк сәулелер фотосинтезге пайдаланылады. Бұл сәулелер
физиологиялық активті радиация деп аталады, ал қысқартып алғанда осы
сөздердің алғашқы әріптерімен ФАР деп белгіленеді. Тікелей түскен күн
жарығында 35 процент ФАР болады. Күндізгі уақытта күн сәулесіндегі ФАР
үлесі өзгермейді , бірақ күн батарда ол күрт кемиді.
Күн сәулесінің орасан мол болуына қарамастан, табиғатта фотосинтез
көбінесе жарық фактормен шектеледі. Бұл өсімдіктердің өзін - өзі
көлеңкелеуіне байланысты болатын құбылыс . Сонымен фотосинтез процесіне
энергияның аз пайдаланылуы бірқатар себептерге байланысты:
- фотосинтез процесінде белсенділігі жоқ радацияны шағылыстыру және
өткізу, өсімдіктердің өзін-өзі көлеңкелеуі, жапырақ аумағының
жеткіліксіздігі.
Суықта өсуге бейімделген өсімдіктер гүл жару үшін, сондай-ақ екінші
факторды , яғни күннің ұзақтығын керек етеді, бұл құбылысты фотопериодизм
деп атайды.
Солтүстік ендіктердің өсімдіктері ұзақтығы 12 сағаттан кем болатын
қысқа күнді қажет ететіндігін байқатады. Бұл – қысқа күн өсімдіктеріне –
соя, тары, темекі, жүгері, сора жатады.
Фотосинтез процесі негізінен жапырақтарда өтетіндіктен, құрғақ заттың
тәулік өсімі өсімдіктер жапырақтарының аумағымен анықталады. Жапырақтар
аумағының жалпы жиынтығы қаншама үлкен болса, олар органикалық заттарды
соншама көп түзе алады. Белгілі бір уақыт аралығында фотосинтездің
тазаөнімділігі (Ф.т.ө.) өсімдіктің құрғақ массасын (С-С)
жапырақтардың орташа аумағына бөлу жолымен анықталады:
Ф.т.ө.=
Мұндағы С және С – вегетациялық кезеңнің басындағы және
соңындағы түсімнің салмағы; Ж және Ж – осы кезеңнің басындағы
және соңындағы күн ішіндегі жапырақтардың ауданы. Негізінен түсімге
жапырақтардың аумағы әсер етеді. Қоректену жағдайларын жақсартқанда
өсімдіктер ең алдымен жапырақ көлемін арттырады. Астық тұқымдас өсімдіктер
мен картоп жапырағы аумағының тиімді мөлшері әр гектарда 40-50 мың шаршы
метр болатынын жүргізілген бақылаулар көрсетті.Жапырақ аумағының мұндай
мөлшері жақсы жағдайлар туғызған кезде өсімдік өніп шыққанан кейін 50-60
күннен соң барып қалыптасады. Жапырақтардың мұндай аумағын бұдан ерте
меррзімде егіске өсімдіктерді жиі себу жолымен мұндай қамтамасыз етуге
болады, бірақ бұл жағдайда олардың гүлденуі мен өсуі нашар болады.
Өсімдіктердің сирек себілуі де қолайсыз келеді, мұнда тұтасымен алғанда
гектарға келетін жапырақ аумағы аз, ал жапырақтардың бір-біріне тиісіп,
қаулап өсуі кешігеді. Сондықтан ең көлемді жапырақ бетін түзуі үшін әрбір
дақылды себудің тиімді нормасын анықтй білу керек.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРДЫҢ СУҒА, АУАҒА , ЖЫЛУҒА , ҚОРЕКТІК ЗАТТАРҒА
ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫ
Ауылшаруашылық дақылдарынан тұрақты жоғары өнім алу үшін, оларды
мезгілінде қажетті мөлшерде, барлық тіршілік факторларымен қамтамасыз ету
керек. Дақылдардың тіршілік жағдайларын білу – олардың өсуі мен өнуін
басқару, негізгі және қолайлы жағдайлар жасау егіншіліктің маңызды
міндеті.Бұл факторларға жататындар – жарық, жылу, су, ауа және қоректік
заттар.
Өсімдік тұқымының уақытында бөртуі мен бүрін жаруына, көктеуіне,
өсімдіктің су мен қоректік заттарды сіңіруіне, органикалық заттардың пайда
болуына, өсімдіктің түрлі мүшелерінің қалыптасуына және олардың әрбір өсу
кезеңінен ойдағыдай өтуіне жылу өте қажет.
Өсімдік қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасы, әсіресе өсімдіктің өніп,
өсуінің мәні мен олардың тіршілік ету факторын егіншілік пәні арқылы оқып,
білуге болады. Өсімдіктердің бірқалыпты өсіп, тіршілік ету үшін қажетті
факторлардың маңызы зор.
Жарыққа қойылатын талаптар.Күн сәулесінің өсімдікке түсу дәрежесі аса
маңызды роль атқарады. Хлорофилдің қатысуымен өсімдік күн энергиясын бойына
сіңіріп, оны химиялық қосылыстар энеогиясына айналдырады. Сонымен,күн
сәулесін сіңіріп, бос оттегін бөліп шығару арқасында жасыл өсімдіктер жер
бетіндегі тіршіліктің қалыпты дамуына зор үлес қосады. Жарық күші көмір
қышқыл газының ыдырауына, судың булануына жұмсалады. Пайда болған бос
оттегі ауаға бөлінеді, ал сутегінің көмір қышқыл газының көміртегіне
қосылуынан (углеводтар) көмірсутегілер, белоктар, қышқылдар, витаминдер
және басқа органикалық заттар пайда болады. Жарыққа қойылатын талаптар. Күн
сәулесінің өсімдікке түсу дәрежесі аса маңызды роль атқарады. Хлорофилдің
қатысуымен өсімдік күн энергиясын бойына сіңіріп, оны химиялық қосылыстар
энергиясына айналдырады. Сонымен, күн сәулесін сіңіріп, бос оттегін бөліп
шығару арқасында жасыл өсімдіктер жер бетіндегі тіршіліктің қалыпты дамуына
зор үлес қосады. Жарық күші - көмір қышқыл газының ыдырауына, судың
булануына жұмсалады. Пайда болған бос оттегі ауаға бөлінеді, ал сутегінің
көмір қышқыл газының көміртегіне қосылуынан (углеводтар) көмірсутегілер,
белоктар, қышқылдар, витаминдер және басқа органикалық заттар пайда болады.
Жарық өсімдіктің өсу және даму кезеңдеріне әртүрлі әсер етеді.
Өсімдіктің түптену кезеңінде жарық жақсы түссе, алғашқы сабағындағы
буын аралығы қысқа, әрі берік болады. Әлсіз және күн жарығы кем, үнемі
көлеңкеде өскен өсімдіктердің бірінші буын аралықтары тым ұзарып кетеді де,
кейін өсе келе жатып қалады. Өсімдікке жарықтың толық түсуіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дендрохронологиялық әдіс
Экология ғылымы, оның міндеттері, бөлімдері, зерттеу әдістері
Ағза мен орта.Ағзаға әсер етуші 2 фактолар мен олардың әрекеті
Экология пәні ,мақсаты,міндеттері және зерттеу әдістері
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. абиотикалық факторлардың сигналдық мәні. организмдердің индикаторлық мәні
Экологияны оқытудың теориялық негіздері
Адамды қоршаған орта және олардың түрлері
Биоалуантүрлілік туралы түсінік
Организмді шынықтыру
Жалпы экология
Пәндер