Тіс жарып шығу процесі дерттері
Жоспар
1 Тіс жарып шығу процесі дерттері 3
2 Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы 7
3 Төменгі үшінші азу тістің кедергіленіп жаруынан пайда болатын
асқынулардың клиникасы. 10
1 Тіс жарып шығу процесі дерттері
Тістің жаруы әдеттегі физиологиялық процестерге жатады. Олар белгілі
уақытында, адамға білінбей, ешқандай ауыру сезімінсіз шығады. Бірақ кейбір
тістер нақтылы шығатын уақытынан кешігіп шыққанда оның маңайындағы _ тіндер
қабынады. Тістің кедергімен кеш жаруы өз алдына мынадай топқа бөлінеді.
1. Дистопия — дұрыс қалыптасқан тістің тіс қатарынан шет шығуы. Кейде
ұртқа қарай не тілге қарай жантая шығады. Кейбір тістер мұрынның ішіне не
гаймор қуысына немесе көзге қарай шығуы мүмкін. Бұндай жағдайда тістің
жаруы кешігіп, сол маңай тіндері зақымданып, қабынуы мүмкін. Онда тісті
суырып алып тастау керек.
2. Ретенция — дұрыс қалыптасқан тістің шығуы әртүрлі кедергімен баяулап
ұсталып қалуы. Егер тіс жартылай шықса, онда шала ретенция, ал тіс мүлде
шыға алмай қалса, онда толық ретенция деп аталады.
Кейде көп уақыттан кейін адамның бар тістері түсіп, алынбалы тіс
протезін пайдаланған кезінде ғана бұрын уақытында шықпай қалған тістің
жарғанын байқауға болады. Тұрақты тістердің ұрықтану процесінің
бүзылғанынан олар мүлде жарып шықпаса, онда толық адентия деп атайды.
Дистопия мен ретенцияға сүт тістер де, тұрақты тістер де ұшырайды.
Тұрақты тістердің ішінде ретенцияға жиі ұшырайтын ақыл тістер, әсіресе
астыңғы сегізінші тістер. Ал сирек ұсталып шыға алмай қалған жағдайға
сойдақ тістер (ұры тіс) мен жоғарғы не астыңғы кіші азулар тап болады.
Ретенция мен дистопия ауруының себебі толық анықталмаған. Әртүрлі
ғалымдардың пікірі бойынша оның мынандай себептері болуы мүмкін:
а) Зат алмасу процесінің — ішкі секреция бездерінің, гормондардың
реттеу жұмысының нашарлағаны не витаминдердің жеткіліксіздігі, инфекциялық
аурудың әсері т. б. жағдайлар.
б) Зат алмасудың реттелуіне қатынасатын ішкі бездер қызметінің
өзгерістері (гормондар қызметі бәсеңдесе не инфек-циялық) себебінен тіс
дұрыс ұрықтанбай қалады не жақ сүйектердің кейбір бөліктері ерекше дамып,
тістің жарып шығуын тежейді және қанмен жабдықталуын да өзгертеді.
Филогенез — даму процесінде адам тісінің саны мен мөлшері біркелкі
қалпында қалса, жақ сүйектердің көлемі кішірейеді. Сондықтан кейбір
тістерге шығатын орын болмай, ол не альвеольдық өсіндінің ішінде не
сүйектің денесінде шыға алмай қалады.
3. Тістердің уақтылы жарып шығуын тежейтін жергілікті себептер көп: сүт
тістер түбірінің кеш сорылуы не болмаса сүт тістерді ерте суырып тастаса
қатардағы тісер бос орынға қарай жылжығандықтан кейін шыққан тұрақты тіске
орын болмай қалады. Кейде сүт тіс маңындағы шырышты қабықта зақымданып,
қабынуы не тіс ұрығының жақ сүйекте өте терең жатуы тістің кедергімен кеш
жарып шығуының бір себебі болады. Жақ сүйектерінің дамып өсу процестері
бұзылса не сүйекте ісік болса, тістің эмбриональдық дамуы бұзылып, тіс кеш
шығуы не шетке қарай жаруы мүмкін.
Клиникасы. Қатардан тыс жарып шыққан (дистопиялы) не шыға алмай ұсталып
қалған тістер ешқандай зиян келтірмесе, кездейсоқ рентгенге түскенде ғана
табылады. Кейде науқастар жақ сүйектің әлсін-әлсін сыздап ауырғанына көңіл
бөледі не астыңғы жақтың тістері сыздап ауыратын болады, ерні ұйиды.
Сырт көзбен қарағанда тістің кедергімен қиналып жарып келе жатқан
белгілері мынадай болады: қатарда бір тістің жоқ болғаны анықталады, бұрын
жұлынса бос орын болу керек не уақытында түспей қалған сүт тісі тұрады не
ол тіс қатардан тыс жарып келе жатқаны көрінеді. Кейде альвеолдық өсіндінің
шырышты қабығының астынан шығып тұрған төмпешік байқалады. Рентен суретінде
ұсталып шықпай қалған тістің бейнесі көрінеді.
Біраз ғалымдардың пікірінше және біздің клиниканың бақылауы бойынша
кедергімен кешігіп жарған тістер жиі қабынуға ұшырауы мүмкін. Содан пульпит
(тістің үлпасының қабынуы) периодонтит (тістің дәнекер қабығының қабынуы)
сияқты аурулар болады не қатар түрған тісті зақымдауы мүмкін. Кейде ауру
өрбіп асқынып жедел перикоронаритке айналуы мүмкін. Сол себептен ірің әрі
тарап сүйекті шірітеді де маңайындағы май шелімен жұмсақ тіндеріне
жайылады. Сол аурудың салдарынан жақасты бездері шошынып лимфаденит дамиды.
Қабыну процесінің даму себебінің бірі ауыз ішіндегі инфекциялардың
зақымданған шырышты қабыққа еніп оны қабындыруы. Не болмаса денедегі басқа
созылмалы инфекциялық аурудан қан арқылы тарап, шыға алмай жатқан тістің
зардабынан болған жараны қабындырып іріңдікке айналдырады. Кедергімен
ұсталып шыға алмаған тістің зардабынан қатерсіз ісіктер — амелобластома,
одонтома т. б. ісіктер өсуі мүмкін. Ұсталып кедергімен жарған тіс туралы
түрлі ой бар. Егер ол тіс қатарындағы тістерге зақым келтірмесе, жақ
сүйекте дұрыс орын алып, залалсыз, қабындырмай шықса, онда оған тиіспейді.
Ал егер оңың себебінен жарақаттар шықса, онда ол тісті суырып алып тастау
керек. Егер ақыл тіс кедергімен кешігіп жарып, тіс қатарындағы өз орынында
дұрыс тұрса, онда ол тістің тездеп шығуына жағдай жасау керек. Ол үшін
үстіндегі қызыл иек бүркенішін кесіп алып тастап, маңайының қызыл иегін
тітіркендіріп функционалдық әрекеттер істеуге болады. Ақыл тіс ұсталып
кедергімен жарғанда бас не жақ сыздап ауырса не шырышты қабық оның
маңайындағы жұмсақ тіндер қабынып іріндесе ондай тісті суырып алып тастап,
емдеу керек.
Ұсталып кедергімен кешігіп жарған тісті жүлу едәуір қиын болады.
Сондықтан бүл операцияны жасаудан бұрын екі проекцияда рентген суретін
түсіру керек. Рентген арқылы ол тістің қалай жарып келе жатқанын, қатардағы
тіске қатынасын, астыңғы жақтың өзегімен байланысын анықтайды. Жоғарғы
жақта тістің мұрынның ішіне не гаймор қуысына қарай шыққанын және ол
сүйектің ішіне не сыртына жақын жатқандығын анықтау керек; себебі
операцияның ыңғайы соған байланысты болады. Тістің жақын жатқан тұсынан
шырышты қабағын сопақша не үш бұрыш не трапеция тәрізді қиықша кесіп
сүйектен сыдырады, содан соң сауытына сәйкес мөлшерде бормен не қашаумен
альвеолды өсіндінің қыртысынан тесік жасайды. Кедергімен шыға алмай қалған
тісті мүмкіндік болса қысқышпен не болмаса элеватормен суырып алады.
Айтылған әдіспен суырылмаса, онда оны бормен әлде қашаумен бөліп барып
элеватормен суырып алады. Содан соң тіс үгінділерін және оның майының
фолликулдық дәнекерін, өлеттенген грануляцияларды хирургиялық қасықпен
тазартып, қуысты зарарсыздандыратын ертіндімен жуады. Жұлынған тістің
орнындағы қуысты ұйыған қанмен толтырып, үстінен пенициллин не
сульфадимезин ұнтағын сеуіп, қиық кесіндіні орнына келтіреді де шеттерін
кетгут жібімен қапсыра тігеді. Операциядан кейін қабынуға қарсы ем
тағайындалады. Бұндай операцияны жергілікті жансыздандыру әдісімен жасайды.
Аурудың этиологиясы. Тістің кедергімен қиналып шығуымен қоса пайда
болатын ауруларды талдап-талқылаудан бұрын ең алдымен ондай ауруларды топқа
бөліп, оларға қандай термин қолдану керектігін анықтап алған жөн. Себебі,
әртүрлі авторлар тістің кедергімен қиналып жарғанын және содан болған
асқынуды өз ойынша талқылайды. Бірақ, клиниканың пайдасына „тістің
кедергіден қиналып жаруы" деген термин мен оның „асқынып қабынуы" деген
түсінікті бөліп айтқаны жөн. „Кедергімен қиналып шығу" деген термин тіс
жару процесіне қарайды. Бұл термин тістің ерекше кедергіленіп қисық жаруын
анықтайды, ал соның салдарынан болған қабыну зардабын — периостит,
перикоронарит деп атайды. Сондықтан аурудың диагнозын былай жазады: Астыңғы
ақыл тістің кедергімен қиналып жаруы мен оның маңындағы сүйек қабығының
жедел қабынуы (периостит) не жақ сүйегінің іріңдеп шіруі (остеомиелит) мен
асқынуы.
Астыңғы ақыл тістің кедергімен қиналып шығуының себебі көп. Әртүрлі
авторлар өз пікірін алға шығарады. Сондықтан бұл себептерді топқа бөлген
жөн.
1. Тістің дұрыс шығуына кедергі болатын себептің бірі ол жақ сүйектің
анатомо-топографиялық ерекшелігі.
2. Шығатын тістің маңындағы қызылиек етінің ерекшелігі.
3. Шығып келе жатқан ақыл тістің өзіне байланысты себептері.
2 Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы
Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша ақыл тістің дамуы басқа тістерден
ерекше болады. Және ол өте қолайсыз жағдайда шығады, оған ұяшық дайындайтын
алдынан ізашар сүт тісі жоқ және ол тіс қатарында ең шеткісі. Астыңғы жақ
сүйектің ішінен де сыртынан да өтетін қиғаш сызығы сүйекті қалыңдатып, 8-ші
тістерге арналған ұяшықтарды тарылтып сол тістердің жарып шығуына кедергі
келтіреді.
Ақыл тістер 18—25 жас шамасында астыңғы жақ толық қалыптасқан,
қальцийленіп қатайған кезде кедергіден кешігіп жарып шығуға мәжбүр болады.
Кейде ақыл тіске орын аз не мүлдем жоқ болғандықтан ол қатардан шет шығады
не сүйектен мүлде шықпай қалуы мүмкін. Астыңғы жақ сүйегінде ақыл тіске
орын болмауы филогенезде адамның эволюциялық дамуына қарай жақсүйектің
кішіреюінен болады.
Бірақ, филогенездік даму процесінде тістің жалпы саны азаймаған. Кейде
астыңғы жақтың даму бұзылыстарына байланысты болады. Оның себебі гормондық
ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, витаминдердің жетіспеуі, бала
кезінде жақсүйегі іріңдіп шіріп немесе инфекциялық аурумен ауырса не тістің
ұрықтанып жетілу шарты бұзылса және т. б. себептер болуы мүмкін.
Альвеолдық өсіндісінде 8-ші тіске орынның жеткіліксіздігінен ақыл тіс
астыңғы жақтың альвеолдық өсіндісінің ішкі жағына не сыртына, кейде тіс
астына қарай шығуы мүмкін. Ақыл тіс тәж бұтағының түбіне қарай жарса, онда
үстінен төнген сүйек қалқанынан шыға алмай ұсталып қалуы да мүмкін. Ақыл
тіс дұрыс жарып шығу үшін оның маңындағы қызыл иек пен шырышты қабыққа зор
маңыз беру керек. 7-ші тістер артының қызылиегі мен шырышты қабығы өте
қалың болады. Ол шайнағанда тамақпен не қарама-қарсы тіспен зақымданып
тыртықтанып қатаяды. Сондықтан ақыл тіс жарғанда ол сорылмайды да шығуына
бөгет болады. Кейде ақыл тістің үстінен тік жүрген (жазық емес) жақ-қанатша
қатпары бөгет жасайды. Оны кесіп алса да тістің шығуын бөгейді. Жоғарыда
аталған кедергілермен қоса, кейде ақыл тістің кедергімен шығу себебі оның
өте үлкен, ірі болуынан болады.
Клиникада өте жиі кездесетін жағдайдың бірі — ақыл тістің қисық
орналасуы. Ақыл тістің ұрықтану бүктесіні астыңғы жақтың тәждік бұтағына
қарай жайғасуынан оған орын болмауы мүмкін.
Адам өскен сайын тістің ұрығы да дамып болашақ ұяшағына қарай жайлап
жылжиды. Бірақ кейде сәтті болмайды. Ақыл тіс әдеттегі тік қалпынан ауытқып
кетсе, онда шығуының түрі неше сапқа бөлінеді: а)ақыл тістің көлденең
жатуы; б) қисық орналасуы — медиальды , дистальды, ұрттық және тілдік
қисаюлары болады.
Әрине, дұрыс орын алмаған тіс кешігіп қинала шығады кейде мүлде шықпай
қалады.
Астыңғы ақыл тістің кедергімен ұсталып қиналып шығуы тек жоғарыда
аталған жағдайлармен байланысты болмайды. Ақыл тіске орын жеткілікті болып,
тік тұрса да қиналып кешігіп жарғаны байқалады, бірақ себебі белгісіз.
Сондықтан П. П. Львовтың (1929), Д. Е. Танфильевтің (1952) пікірлерімен
келісуге тура келеді. Олардың айтуынша астыңғы ақыл тістің кедергімен
қиналып шығу себебі іш не сырт факторларымен байланысты болуы мүмкін.
Күнделік жүмыс бабына байланысты ақыл тістің кедергімен жаруынан болған әр
түрлі қабыну, асқынған ауруларды кездестіреді, Ондай ауруды дүрыстап
зерттеу үшін Е. А. Магид пен В. М. Штейнберг мынадай топқа бөледі:
1. Тістің жұмсақ жабын тіндерінің қабынуынан болған; 1. Жедел
перикоронарит: а) қанталап қызаруы; б) іріңді түрі; в) іріңді-жаралы түрі.
2. Созылмалы перикоронарит.
II. Астыңғы жақтың кемік тіндерінің ауыр қабыну процестері: 1)жедел
іріңді периостит; 2) шырышты қабықтың іріңдеуі (абсцесс) мен шелдерінің
іріңдеп өлеттенуі (флегмона); 3) Ауыздың шырышты қабығының іріңді жарасы
(стоматит). III. Астыңғы жақтың ауыр қабыну процесі.
1. Одонтогенді остеомиелит: а) жедел; б) созылмалы; ,
2. Парадентарлы іріңдік (тіс маңындағы).
Емі. Басқа асқынба аурулар (қатар жатқан тістің зақымдануы, нервтің
қабынуы, нервтің салданьш жансыздануы т. б.).
Бұл топқа актиномикоз, одонтогенді гранулема, тістен болған жара т. б.
аурулар кірмеген. Ондай науқастар сирек кездесетіндіктен оларды екінші не
төртінші топқа кіргізуге болады.
Асқынулардың патогенезі. Асқынудың пайда болуына бірден-бір себеп —
жарып келе жатқан тістің шайнау бетін жауып тұратын (шырышты-сүйек сыртқы
қабықтарынан тұратын) жабынды тін. Оны ақыл тістің шайнау бетіндегі бір
бұдыры жарып шығады да, оның астында қалта пайда болады. Осы „қалтада"
тамақ, шырыш, тіндердің өлі клеткалары жиналып, микробтардың өсіп-енуіне
жағдай жасайды.
Жабындының үстіңгі беті жоғарғы жақ сүйегіндегі ақыл тістен зақымданып
қабыну процесі дамиды. Аурудың бүл кезеңінде инфекциялы қабыну процесі ақыл
тістің сауытын қоршаған және жауып тұрған жұмсақ тіндермен
шектелетіндіктен, оны перикоронарит деп атайды.
Егер жақ сүйегінде сегізінші тістің жарып шығуына орын жеткілікті болса
немесе дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілсе, бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz