Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендемеген кездегі тістердің аса қажалуы, клиникасы, емдеуі
Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендемеген кездегі тістердің
аса қажалуы, клиникасы, емдеуі
Адамның бүкіл өмірі бойында кіреукенің және дентиннің желінуі
нәтижесінде оның азаюы байқалады. Бұл тістердің шығып және олардың қарсылас
тістермен-антагонисттерімен байланысқа тұрған уақытынан бсталатын
физиологиялық үрдіс. Үрдістің жетілуі тістесу түріне, кіреукенің және
дентиннің қаттылығына, шайнау қысымының көлеміне және ақыр соңында
қолданылатын тамақтың қасиеттеріне байланысты болады.
Тістердің аса қажалуы — белгілі бір тісте, топ тістерде немесе барлық
тістердің қатты тіндерінің азаюы. Тістердің аса қажалуы 1.8% адамдарда
кездеседі, көбінесе еркекте (62.5%).
Патологиялық суреттеме
-Бастапқы кезеңдерде қажалу орынға сәйкес орынбасар дентиннің бөлінуі.
Қажалу айқын болған кезде дентин каналдардың обтурациясы болады. Ұлпада
айқын өзгерістер байқалады:
-Одонтобластар санының азаюы , олардың вакуолизациясы, семуі.
-Қажалудың 3-4 дәрежесінде тітсің қуысы орынбасар дентинмен толады,
ұлпа семіген болады және түбір каналдардың өтімділігі нашарлайды.
Этиология
- Тістердің аса қажалудың себептері –тістер жұлғаннан кейін қалған
тістерге шамадан тым көп жүктің түсуі, тіс протездердің қате құрылымы,
тістесу аномалиясы, бруксизм, кәсіптік зиянды әсерлер, сонымен тіс
тіндерінің жеткіліксіз қаттылығы (флюороз, гипоплазия).
- Тура тістесу кезінде қажалуға алдыңғы тістердің кесу қырлары және
бүйір тістердің шайнау беттері ұшырайды. 35-40 жаста күрек тістердің сауыт
бөлімі 13-12 төмендейді. Жиі азу тістер болмаған жағдайда күрек және
сүйір тістердің аса қажалуы байқалды, өйткені оларға аса тым жүктеме
түседі.
- Органикалық және органикалық емес өндірісте жұмыс істеген
жұмысшыларды барлық тіс топтарының біркелкі қажалу байқалады. Сонымен қатар
ауада механикалық бөлшектер бар өндірістерде жұмыс істейтін адамдарда
кездеседі.
- Тістердің аса қажалуы жүйелі аурулар болған кезде де кездесу мүмкін
эндокринді бұзылыстар, флюроз, Стейнтон-Капдепон синдромы).
Клиникалық суреттеме
- Тістердің аса қажалу кезінде кіреукенің және дентиннің қажалуы
байқалады, дентин жалаңаштанғаннан кейін қажалу үрдісі үдей түседі. Өйткені
дентин жұмсақ тін. Нәтижесінде кіреукеде өткір қырлар пайда болады
(иллюстрацияны қараңыз), олар ұрттың және беттің шырышты қабаттарын
зақымдайды. Егер де ем жүргізілмесе, қажалу үрдісі үдей түседі және тіс
қысқарады. Осы кезде беттің төменгі үшінші беті қысқарады: ауыз бұрышында
қатпарлар, СТЖБ-да өзгерістер, СТЖБ аймағында және тілде ауырсыну , есту
қабілетінің төмендеуі пайда болады.
- Тістердің аса қажалуының бастапқы кезеңдерде температурлық
тітіркендіргіштерге сезімталдық, ал үрдіс ұлғайған сайын химиялық және
механикалық тітіркендіргіштерден ауырсыну пайда болады.
А.Л. Грозовский бойынша жіктеме
А.Л. Грозовский (1946) аса қажалудың үш кезеңін ажыратады:
Горизонталды
Вертикалды
Аралас
М.Г. Бушан бойынша жіктеме
Тістердің аса тым қажалудың клиникалық суреттеме туралы толық мәліметті
1979ж. ұсынған М.Г. Бушаның жіктемесі береді. Ол әртүрлі қызметтік және
морфологиялық клиникалық аспектілерін қамтиды: даму кезеңін, тереңдігін,
ұзақтығын, зақымдалу жазықтығы және қызметтік бұзылыстарды.
Жіктелінетін белгі Клиникалық көрінісі
Тістердің зақымдалу I дәреже – дентиннің жалаңаштануы және
тереңдігі экваторға жетпей сауыт бөлмінің
қысқаруы(13);
II дәреже – сауыт бөлімінің 13-ден
23-ке дейін төмендеуі;
III дәреже – сауыт бөлімінің 23-тен
және одан да көп қысқару
Даму кезеңі I (физиологиялық) – кіреуке деңгейінде;
II (өтпелі) – кіреуке деңгейінде және
жартылай дентин қабатында;
III (жоғарлаған) – дентин деңгейінде
Зақымдалу жазықтығы I – горизонталды;
II – вертикалды;
III – аралас
Зақымдалу ұзақтығы I – шектелген (ошақты);
II – жайылған
Емі
1-2 кезеңдерінде емнің мақсаты үрдісті тұрақтандыру, ары қарай өршуіне
жол бермеу. Осы мақсатта зақымдалған тістерге салмалар , құймалардан
жасалынған немесе металлокерамикалық сауыттар қолданылады. 3-4 кезеңдерде
протездеуді тістесумен қатар жүргізу қажет.
Алдын алу
Аса тым қажалуға әкелетін себептерді жою: уақытында протездеу, трпілік
заттарды даярлаған кезде өндірісте респираторларды кию, қышқылдармен жұмыс
істеген кезде сода ерітіндісімен ауызды шайқау.
Тістердің аса қажалуын ортопедиялық емдеу әдістері.
Тістердің аса қажауын протездеу барысы емдік, сондай-ақ алдын алу
мақсатты көздейді. Емдік мақсаты шайнау қызметін және науқастың сытқы
келбетін жақсарту, ал алдын алу мақсаты-тістердің қатты тіндерінің ары
қарай желінуінің және СТЖБ ауруларының алдын алуға бағытталған. Қандай да
бір науқасты протездеу барысында қандай нақты міндеттер шешілетіндігі
клиникалық суреттеме ерекшеліктеріне байланысты болады.
Науқастардың аса қажалудың түрін (компенсирленген, субкомпенсирленген,
компенсирленген емес) ортопедиялық емдеу тістердің мүжілуінің дәрежесіне,
қосалқы аурулардың (төменгі жақтың дистальды ығысуы, тістерді жартылай
жоғалу, СТЖБ дисфункциясы) болуына байланысты жекешелей тағайындалады.
Тістердің жоғары мүжілуінің ошақты түрі бар науқастарды емдеу тістердің
шайнау қызметін және анатомиялық формасын қалпына келтіру болып табылады.
Мүжілген тістердің пішінін қалпына келуін патогенетикалық ем ретінде
қарауға болады.
В. Ю. Курлянскийдің арнайы зерттеуі дәлелденген, яғни алдыңғы тістердің
кесу қырының мүжілуі және бүйір тістердің шайнау төмпегі шайнау қысымын
жоғарлатуды талап етеді. Жоғары шайнау күші мүжілуге әкеледі.
Осыған байланысты мүжілген тістердің сауытының қызметтік пішінін
қалпына келтірмеуі дәрігердің қателігі болып саналады.
Сондықтан патогенетикалық емді іске асыру үшін тіс жақ ақауын шектеуге
арнайы дайындық қажет. Осы топтағы науқастар протездеу алдында арнайы
дайындық қажет, яғни протез үшін орын қамтамасыз ету болып табылады. Осы
мақсатпен емдік тістеу табақшасы көмегімен альвеолярлық өсіндісін қайтадан
құру және жоғары мүжілумен тістердің ығысуы іске асады.
Альвеолярлық өсіндіні қайта құруды шектеу үшін науқастарда 30 жастан
кейін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz