Той - әдет ғұрып дәстүрі


Той - әдет ғұрып дәстүрі. Дүние жүзінің барлық халақтарында тойдың өз атауы бар. Қазақ халқының мәдени өмірінде той ежелгі заманнан үлкен орын алады. Солтустік Үндістан тұрғындары тойды тамаша дейді. әсіресе, адамныңдүниеге келуі, үй болуы, не турлі қуанышты кезеңдерін атап өтетін дәстүр той аталып келеді. мысалы, қыз ұзату, үйлену, шілдехана, наурыз, ұрын бару тойлары. Бұл тойдың бүгінде мүлдем дерлік уміт болған түрі - ұрын тойы. Күйеудің алғаш рет ресми түрде қалыңдықты көру мақсатымен қайын жұртына баруын «ұрын бару», қайын жұрты оның бұл сапарын «ұрын келу деп атаған». Осыған байланысты ұйымдастырған той думанды - ұрын той деп атайды. Қыз ұзату, үйлену, сүндет тойларында ат шаптыру (бәйге), күрес, сайыс, көкпар, жамбы ату, қыз қуу, қыз ойнақ, қыз кәде, айгөлек, қора құлақ, ақ сүйек, монданақ, ұшты-ұшты т. б. ұлттық ойындар өткізіледі. Тойдың жақсы дәстүрі бүгінде сақталған. Мысалы, үйлену тойында жар-жар, беташар айтылып, түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылады.
Беташар - қазақтың келін түсіргенде жасайтын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген. Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т. б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскенкелінге ата- енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әр қайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый сыяпатын атайды. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй т. б. берген. Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінге беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз-келіншектерден басқа ешкім көрмеген. Келіннің бетін ашушы жас келінді ауылдың ардақты адамдырына, киеуінің ағайын-туыстарына таныстыру шумақтарын өзінше суырып салып айтуы шарт. Ол үшін жырау не ақын екі-үш күн бұрын сол оттың басына келіп, дайындық жасаған. Үй иесі оның бет ашқан еңбегіне беретін сыйлығын алдын-ала атап қоятын болған. Егер оның айтқандары көптің көңілінен шықса, онда сол үйдің ең қадірлі адамы, туысы саналған. Беташар айтып болған соң сол үйге туыс жасы үлкендер, көрші көлендер жас келіннің қолынан «шәй ішу» рәсімін өткізген. Бұл кезде жас келінге өзіне тетелес сол үйдегі не жақын абысыны көмекке келеді. Осы бірінші дастархан үстінде келіннің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына т. б. назар аудрылып, ол алғашқы сыннан өткен. Соңынан жасы үлкен, халыққа қадірлі қария келінге бата берген. Қазақтың беташар салты жаңа заманға да бейімделіп, жалғасын табуда. Қазіргі кезде беташар салты той асының алдында өткізіліп жүр.
Тойбастар - қазақтың дәстүрлі халық жырларында тұрмыс-салт, әдет-ғұрыпқа байланысты туындаған өлең түрі. Тойбастар қыз ұзату, үйлену т. б. тойларда той иесін мадақтап, отау тіккелі отырған екі жасқа игі тілек, ақ бата, ақыл кеңестер айтуға, жаңа түскен келінді келген жерімен, елімен таныстыруға бағытталған. Тойбастар ауыл арасынан шыққан ақын, жыршы немесе термешінің орындауында айтылады, айтушының қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылыпта айта береді. Тойбастардың міндеті тойды бастап оның иесімен қонақтарын бір-бірімен таныстыру, оларға игі тілек арнау болып саналады. Тойбастар ақындар айтысы кезіндеде қолданылған, онда айтыскерлердің ақындық, суырып салмалық шеберліктері бағаланып, кемшіліктері көрсетілген. Тойбастар сондай ақ шілдехана, сүндетке отырғызу тойларында т. б. қуаныш-қызықтарда да айтылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz