Тоқыма және тігін өнеркәсібінің даму қарқыны



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
3.2 Тоқыма және тігін өнеркәсібінің даму қарқыны

Негізгі капиталдың экономикалық қауіпсіздігін тозу коэффициенті,
жаңару коэффициенті, баланс валютасындағы негізгі құралдардың белсенді
бөлігінің үлесі, негізгі капиталдың белсенді бөлігінің үлесі, өндірістік
қуаттың қолданылуы көрсетеді.
Еңбек әлуетінің қауіпсіздігін жұмыскерлердің орташа тізімдік санының
артуы, кәсіпорындағы орташа еңбек ақы мөлшерінің саладағы орташа айлық
жалақысынан артық болуы, еңбек өнімділігінің өсуін сипаттайды. Жоспарланған
өндірістік бағдарламаның %-бен есептегендегі орындалуы өндірістік
бағдарламаның қауіпсіздігін көрсетеді.
Қаржылық коэффиценттердің оңтайлы мөлшерлерде болуы кәсіпорын
қаржыларының қауіпсіздігін анықтайды. Өнім сапасының және бәсеке
қабілеттілігінің кәрсеткіштерін тұтынушылыр арасында анкеталық сұрау
жүргізу, талдау арқылы анықтауға мүмкіндік туады. Инвестициялар мен
инновациялардың қауіпсіздігін, кәсіпкерлік белсенділік
көрсеткіштерін экономикалық әдебиеттерде анықталған әдістемемен
анықтаймыз. Өтімділік коэффиценті 1,5 шамасында болса, кәсіпорын
қаражаттары икемді, 2 шамасында болса қатаң орналасқан деп есептеуге
болады. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін осылай бағалау арқылы ғана
экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің диагностикасын
толыққанды етіп көрсете аламыз.
Тоқыма және тігін өнеркәсібінің экономикасы дамыған және дамушы
елдердің экономикасында алатын орны ерекше. Қазіргі кезде Экономикалық
ынтымақтастық және Даму ұйымының мәліметтеріне сәйкес тоқыма және тігін
өнеркәсібі машина жасауды, химия өнеркәсібін, әскери-өнеркәсіптік кешенді
басып озып, әлемдік өнеркәсіптің алдыңғы қатарлы салаларының бірі болып
саналады. Себебі, бұл өнеркәсіп ақырғы тұтыну өнімін шығара отырып,
бәсекеге қабілетті өнім өндірісі жағдайында тұрақты өткізу нарығына ие
болып, өндіріс ресурстарының жоғарғы тиімділігі мен тез айналымдылығын
қамтамасыз етеді, елдің экономикалық қауіпсіздігіне өз үлесін қосады.
Әлемдік экономиканың ғаламдануы, тоқыма және тігін өнеркәсібін бәсеке
қабітетті қылғанымен қоса, талшық, бояғыш заттар өндіріс географиясының
тұтастай өзгеруіне, құрал-жабдықтың, тоқыма материалдары және олардан
жасалған бұйымдар географиясының аз, ал тоқыма материалдардан жасалған
ұүйымдарды тұтыну географиясының сәл ғана өзгерісіне әкелді. Өндіріс еңбек
ақы деңгейі темен және саяси-экономикалық тұрақтылығы жоғары елдерде
(Қытай, Индонезия, Түркия, Вьетнам, Бразилия), ал тоқымадан жасалған
бұйымдарды тұтыну еңбек ақы деңгейі жоғарғы елдерде басым (АҚШ, Жапония,
Батыс Еуропа).
Тоқыма және тігін өнеркәсібі кейінгі жылдары дамушы елдерде қарқынды
дамып келеді. Бұл жағдайға сол елдегі еңбек ақының төмен деңгейі мен арзан
шикізат бағасы оң әсер етуде, ал елдердің қалыпты саяси жағдайы осы салаға
инвестицияны тарту үшін қолайлы болып тұр.
Экономикасы дамыған елдерге қарағанда дамушы елдердегі тоқыма және
тігін өнеркәсібінің өз кемшіліктері бар. Оларға мыналар жатады: электр
энергиясын таратудағы ақаулар, кәсіпорын құрылысының ұзақ уақытқа созылуы,
жұмыскерлердің төмен біліктілігі, жоғары технологиялардың шет елдерден
әкелінуі. Экономикасы дамыған елдердің тігін және тоқыма өнеркәсібінің даму
қарқыны төмендегені анықталды. Дамушы елдерден келетін импорттық тігін және
тоқыма өнімдері дамушы елдерде шығарылатын өнімдерден сапасы жағынан кем
түспейтін болғандықтан, дамыған елдердің отандық тоқыма және тігін
өнімдерін нарықтан ысырып отыр. Дамыған елдерде тігін және тоқыма
өнеркәсібін қолдау үшін арнайы бағдарламалар жүзеге асырылып, импорттан
келетін тоқыма және тігін өнімдеріне шектеулер, квоталар қойылған. Бүкіл
әлемдік сауда ұйымы (БСҰ) өзіне мүше елдерге тігін және тоқыма бұйымдары
бойынша қосымша даму жолын ашып отыр. Осы халыкаралық ұйымның ережелері
Азияның дамушы елдері үшін қосымша нарық көзін ашып берді. Тоқыма және
тігін өнеркәсібінің әлемдік даму беталысында жұмыскерлер саны 100-ден
артық, бірақ 1000 адамнан аз, икемді технологиямен жабдықталған,
тапсырыстарды дәл уақытында орындайтын, шағын және орта кәсіпорындардың
санының артуы қызығушылық туғызады. Ресей Федерациясы, Литва сияқты бұрынғы
КСРО республикаларының тігін және тоқыма өнеркәсібіндегі дамудың өзіне тән
ерекшеліктері байқалады. Балтық жағалауы мемлекеттерінде тігін және тоқыма
өнеркәсібінің дамуы қазірдің өзінде оң жолға қойылса, Ресей елінде бұл
саланың дамуы әлі де экономикалық қауіпті деңгейде екені анықталды.
Қазақстан Республикасының тоқыма және тігін өнеркәсібіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқаруын бағалау
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
Кәсіпорынның төлемдер сомасы
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруы
Swot- талдау (тоқыма киімдер өндіретін кәсіпорнын ашу)
Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару жүйесін қалыптастыру жолдары
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару
Кәсіпорынның бизнесін бағалау
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің тиімділігін талдау
Пәндер