Тоқымалық түптеу


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тоқымалық түптеу

Маталардың қасиеттері және сыртқы түрі бастапқы шикізаттардың қасиеттеріне, өндірілу әдісіне және безендіру сипатына байланысты болады, бірақ үлкен дәрежеде жіптерді түптеу түрінің басқа факторларымен анықталатын құрысымен анықталады.

Маталардың түптелуі деп бір жүйенің жіптерінің басқа жіптермен байланысуының белгілі бір реттілігін айтады.

Түптеудің мүмкін болатын түрлері өте көп. Көбінесе оларды төрт топқа бөледі: басты, ұсақөрнекті, күрделі және іріөрнекті.

Басты түптеулер. Бұларға таспалы, саржалы, сатинді және атласты түптеулер жатады. 80 а суретте таспалы түптеу түріндегі мата көрсетілген, онда негіздік және мойыншалы жіптер бір - бірін кезекті түрде жабады.

Түптеулерді қарастыру қолайлы болуы үшін схемаларын торлы қағазға салады, мұнда тордың вертикальды қатарлары негіз жіптері ретінде, ал горизонтальды қатарлары - мойынша жіптері ретінде қарастырылады. Бір жүйенің жіптері екінші бір жүйе жіптерін басқан орынды жабу орны деп атайды. Негіздік жіп мойынша жібін жабатын және шекарасынан шығыңқы болатын матаның беттік жағындағы орынды бояйды немес крес арқылы белгілейді. Мойыншалық түптеулер боялмайды. Мойыншалы жіптерді төменгі жақтан жоғарыға қарай жүргізіледі, ал негіздік жіптер солдан оңға қарай саналады. Олай болса, 80 а суретте бірінші қатарда төменнен солға, оңға матаның беттік жағына негіздік жіптер шығып тұрады 1, 3, 5, және т. б., екінші қатаржа - жұп сандар 2, 4, 6 және т. б. көрініп тұрғандай әрбір келесі қатардағы негізгі жаппалар алдыңғылармен салыстырғанда бір жіпке ығыстырылған, басқаша айтқанда бір ығысылған.

С ығысу деп алдыңғы жіптердің бірлік түптелуіне қатысты алғанда берілген жіптің бірлік түптелуінің қаншалықты шамаға ығысқанын көрсететін шама. Ығысудың вертикальды С 0 яғни екі қатар орналасқан негіздер арасындағы түптелуді қарастыратын, және горизонтальды С у - екі қатар орнгаласқан мойындық жіп арасын қатарсыратын түрлері болады.

Түптелудің ақталған элементарлы суретін түзуге қатысқан және матаның ені мен ұзындығы бойынша қайталанып отыратын жіптердің минимальды саны түптелу раппорты деп аталады. Негізі және Р 0 және мойыншасы Р у бйынша қарастырылатын раппортар болады., 80 б суретте түптелу раппорты жуан сызықұтың сол жақ төмені бойынша жүргізілген. Көрініп тұрғандай таспалы түптелу үшін Р 0 = Р у, С 0 = С у = 1.

Таспалы түптеу мақтақағазды, лекнді, жүнді және жібекті әртүрлі мақсаттағы маталарды жасауда кеңінен қолданылады. Мұнда әрбір түптеудің негіздік жібі көрші мойыншалық жіппен түптеседі, соның салдарынан бұлш әдіспен жасалған мата басқа әдіспен жасалған сол жіптерден құралған матамен салыстырғанда кейбір қатаңдыққа және созу кезіндегі берікке ие болады. Одан басқа матаның беттік және астарлы беттері бірдей болады.

Саржалы түптеуде раппорттағы жіптер саны үштен кем болмауы қажет, ал ығысу болса 1 ге тең болады. Ол сызықшамен белгіленеді: оның саны негізгі түптелулер санын раппорт көлемінде көрсететін, ал бөлінгіш сан - мойыншалық түптелу сандарын көрсетеді.

81 суретте саржалы түптеумен жасалған мата көрсетілген. Бұл түптелу Р 0 = Р у = 3 = п о = 2п у ие. Саржалар үшін3/1 (срет 81 б) Р о = Р у = 4 = 3п 0 + п у.

Саржалық маталар мойыншалық, олардың беттерінде мойыншалық түптесулер басым; негіздік - негіздік түптелулер басым; екі жақты, басқаша айтқанда негіздік және мойыншалық түптесулердің бірдей санына ие болып бөлінеді. Саржалы түптеулермен жұмыс істейтін маталар өз беттерінде сипаттық диагоналды төменнен жоғары, және солдан оңға бағытталған өрнектерге ие.

Бұл түптелулер келесі маталарды жасау үшін пайдаланылады: мақтақағазды көйлектік және киімдік маталар; ленді; жүнді көйлектік, комзолдық және пальтолық; жібект көйлектік және төсеніштік маталар және т. б.

Негіздіку және мойыншалық жіптер бір тастай отырып түптелетіндіктен, таспалы түптеу салыстырғанда басқа барлық тең шарттарда саржалы түптелудегі маталардың үзілу күштері таспалы түптелу маталарына қарағанда төмен болады, бірақ матаның өзі жұмсақ, киімде жақсы драпирленеді. Саржалы түптелудегі маталардың созғандағы беріктіктерін арттыру үшін доғары тығыздықты етіп өңдейді.

Сатинді түптеу жылтыр тегіс беттерге ие, мойыншлық ұзын түптелулермен түзілген маталарды алуға мүмкіндік береді. Таспалы және саржалы түптеудегі маталардан ерекшелігі мойыншаны әрбір бұрау кезіндегі мойын кемінде екі жіпке аттауы қажет. Осының нәтижесінде негіздік және мойыншалық жіптер түптелуі шатасқан болады, байқалмайды және жеткілікті тегіс бет түзеді.

Сатиндік түптелу сызықшамен белгіленеді, ол раппорттағы жіптер ссанын көрсетеді, ал бөлшектен кейінгі сан - түптелудің ығысуын білдіреді. Мысалы, сатин 5/2 келесіге ие: Р 0 = Р у = 5; п 0 = 1; п у = 4; С 0 = 3; С у = 2.

Атластық түптелуде сатинге қарама қарсылығы беттік жқ настилі матада негіздік жіптермен түзіледі. Анағұрлым тегіс бетті түзу үшін және сатиндік және аьластық түптелу бетінің жылтырлығын күшейту үшін мерсиризациялауға немесе жоғары қысымда каландрдың тегіс ыстық білікетерінен өткізу арқылы каландрлеуге тартады.

Ұсақөрнекті түптелулер екі класшаға бөлінеді: басты түптелу туындылары және комбинирленген. Біріншісіне репс, рогожка, сынықты саржа және т. б. жатады. Екіншісіне - диагональды, крепті, вафельді, бірнеше қарапайым түптелулермен алынған, мысалы, таспалы және саржалы, саржалы және сатинді және т. б. арқылы ұсақөрнектер түзілетін маталар түптелуі жатады.

Жеке алып қарайтын болсақ, рогожка екілік таспалы түптелу болып келеді, ол матаға бірнеше үлкен жұмсақтық береді, ал сынған саржа үздікті бағыттағы диагональды қабырғаларға ие болады.

Сынған саржа 2/2 және рогожка және диагональды 411/ 321 түптелулерді біріктіріп отырып алған комбинирленген түптелулердің мысалы 85 а, б суреттерде көрсетілген.

Күрделі түптелулер қажет болған жағдайда матаның қалыңдығын арттыру, әртүрлі беттік және астарлы маталарды алуда, өсік талшықты маталарды алуда қолданылады.

Олар өте алуан түрлі болып келеді. Ең кең таралғаны жартылайқабатты, екіқабатты, көпқабатты, өсік талшықты және ажурлы типтері болып табылады.

Жартылайқабатты түптелу екімойыншалы, басқаша айтқанда мойыншалық және бірлік негіздік жүйеден немесе екі негізді - екі негіздік жүйе және бір мойыншалы жіптерден тұратын болуы мүмкін. Мысалы, екімойыншалы түптелуде мойыншалық жіптердің бір жүйесі негіздік жіптермен түптеле отырып матаның беттік жағын түзеді, ал екінші жүйе астарлы бетті түзеді. Олар жақсы жылуоқшаулағш қасиеттерге ие қалыңдатылған маталрды алуға мүмкіндік береді. Осы түптелулермен екібеттік маталарды, яғни бірдей астарлы және беттік жағына ие маталарды алуға болады, осы әдіспен алынған маталар бірдей сызықты тығыздыққа ие, талшықтық құрамы және жіптер түсі бойынша бірдей немесе әртүрлі болуы мүмкін.

Екіқабаттық маталарда негіздік және мойыншалық жіптердің бір жүйесі матаның бір таспасын түзеді, ал екіншісі - екінші бір таспаны түзеді. Бұл екі таспа екі жүйе жіптері арасындағы байланыстың болуы салдарынан матаның бүкіл беті бойынша біріктіріледі.

Өсік талшықты түптелу мата бетінде кесілген жіптердің артық шығыңқы ұштары бар немесе шумақтарға ие маталар алуға мүмкіндік береді. Мойынша және негіздік жіптердің қандай өсік талшықтардан тұратындығына байланысты өсік талшықты маталар алынады.

86 а суретте мойыншалы - өсік талшықты матаның схемасы көрсетілген. Мұнда негіз жіптері 1 мойынша жіптерімен түптеліп 2 тығыз түптелу арқылы мата грунтын түзеді. Мата грунты мойыншалық жіптері арасына бірнеше жіптер 3 салынады, мысалы сматинді түптелген жіптер салынуы мүмкін. Соңғы жіптерді кескенен соң мата бетінде талшық өсінділері 4 пайда болады. Өсік талшықтарды алынып немесе ажырап кетпеуі үшін грунт үлкен тығыздыққа, әсіресе негізі боййынша жоғары тығыздыққа ие болуы қажет.

Мойыншалы - өсік талшықты маталарға жартылай бархат, вельвет - корд, вельбет - рубчик және т. б. жатады.

Негізді өсік талшықты маталар бархат, плюш типтері, және жасанды тері жүндері және т. б. грунтты негіздік және мойыншалы өсік талшықты жіптерден тұрады. Бұл маталар әртүрлі әдістермен алынуы мүмкін. Мысалы, екітаспалы қондырғ, ыларда - бархат алынады. Мұндай маталар келесідей түрде өндіріледі. Әрбір екі жеке өздігінше негіз жіптері 1 және 2 өздерінің 3 және 4 мойыншалық жіптерімен түптеледі, нәтижесіндеекі түбірлі таспа түзіледі, олардың арасында өсік талшықты жіптерге ие зигзактәрізді төсем 5 түзіледі. Арнайы пышақ екі таспа арасында қозғала отырып өсік талшықты негіз жіптерін қырқып шығады. Олай болса, өсік талшықты бетке ие бір мезгілде екі таспа түзіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоқыма маталардың классификациясы және қасиеттері
Өрнектер сөйлейді
Матаның адам ағзасына экологиялық маңызы
Маталар, тоқыма және бейматалар ассортименттері
Мақтадан жасалған жіптер
Бояғыштар
Химиялық талшықтар
Мақта өндірісі
Кітапшалау-түптеу цехында орындалатын технологиялық процестер
Полиграфиялық кәсіпорынды жобалау технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz