ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМОКРАТИЯ



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМОКРАТИЯ
ХХ ғасырдың соңғы ширегінде техника мен технологияның қарқынды дамуы
қоғамның жаңаруына, экономикалық өсуіне арқау болып, әлемнің әл-ауқатын
көтереді, әлеуметтік, дінаралық, ұлтаралық, мәдени қайшылықтардың алдын
алады, оны түгел жоймағанымен, азайтады, өзара жарастық пен келісім орнайды
деген үміт ұялатады. Алайда, іс жүзінде ол толық деңгейде ақтала қоймады.
Жаһандану қордаланған қайшылықтардың шешімін түгел дәрежеде таппады. Мәселе
тек кедейшілік пен қайыршылықтың деңгейінде ғана емес, ұлттар мен ұлыстар,
діндер, әлеуметтік топтар, мемлекеттер арасында сенім орнамады, оның орнына
“жаңа ұлт”, “жаңа отаршылдық” проблемасы пайда болды. Әсіресе діндер
арасындағы қақтығыстар әлемді мазалады, “Буш пен Бен Ладен қақтығысы” үрей
туғызды.
Интеллектуалдық және имандылық емес, зорлық-зомбылық, лаңкестік,
нәсілшілдік пен ұлтшылдық алға шықты. Ой-пікіріне, ұлт пен дін, тіл мен
мәдениетіне қарай адамдарды қудалау, қоныс аударушылық, азшылық және
әлеуметтік әлжуаз топтарды қорқыту-үркіту жиіленді. Адамдардың наным-
сеніміне, саяси таңдауына, бейбітшілік пен демократияға қауіп төнді.
1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы Толеранттылық
қағидаттары туралы декларация қабылдады. 1996 жылды ЮНЕСКО Толеранттылық
жылы деп жариялады. Бірқатар ТМД елдері оқу орындарында толеранттылық
тәрбие бағдарламаларын енгізді.
Қазақстан қоғамында да саяси үдерістердің дамуы, сөз бостандығы, адам құқы
мәселелері өткір қойылып, билік пен оппозицияның, діндер мен этностардың,
салт-дәстүр мен мәдениеттердің бәсекелестігі мен бейбіт өмір сүруі үнемі
назарда болып келеді.
Жуырда Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Демократиялық
реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік
комиссияның алғашқы отырысында Нұрсұлтан Назарбаев шешілуге тиісті
міндеттер қатарында “қоғамда толеранттылыққа және этносаралық,
конфессияаралық келісім жағдайларына кепілдік беруді” де атап көрсетті.
Қазақстан жас мемлекет болғанына қарамастан, біздің қоғамдағы сонау дала
демократиясынан арна тартатын бастаулар елімізде өзара төзімділік және
сыйластық қағидаттарының әу бастан көрініс табуына негіз қалағаны белгілі.
Толеранттылық – өзара сыйластық
“Толерантный” (“толеранттылы”), “толерантность” (“толеранттылық”) сөзі
латын тілінен француз тіліне, кейін еуропа тілдеріне енген. Оны
“төзімділік” деп аударып жүрміз.
Шындығында, оның мәні қазақ тілінде терең: төзімділік, шыдамдылық,
ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу
деп жалғастыра беруге болар.
Толеранттылық рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар менің ұстанымдарыма
жат болса да, қабылдаймын дегенді білдіреді. ХVІІІ ғасырдағы француз
жазушысы және философ Вольтер: “сіздің пікіріңіз маған жат, бірақ сізге оны
жақтау үшін мен өмірімді құрбан етуге дайынмын”, деген. Ол –
толеранттылықтың басты қағидаты. Бұл адамдар арасында өзара сыйластықты,
мейірбандықты білдіреді. Сондықтан, толеранттылық екі жақты сана:
мемлекеттер, діндер, этностар, жеке адамдардың бір-біріне шапағат жасай
білуі.
Толеранттылыққа қарсы “интолерантность” деген ұғым да бар. Оны төзімсіздік,
ымырасыздық, шыдамсыздық, тағатсыздық, кейістілік, менмендік, бірбеткейлік,
оспадарлық, парықсыздық деп адам, әлеуметтік топтар, мемлекеттерге
байланысты айтуға болады.
Толерантты парасаттың үлгісі қазақ билерінде көп кездеседі. Мысалы, Қазыбек
бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқан “біз қазақ деген мал баққан елміз” деп
басталып, “досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз,
асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз”, “...берсең жөндеп
бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!” деп аяқталатын сөздері өзара
сыйластыққа шақырады.
Қазақ билері “Төремін деп тепсінбе. Төре мен құл майданда, кәрі мен жас
ақылда, бай мен кедей мырзалықта, барлық адам көр мен қаза жауабында
теңеледі”, – деп, адамдардың намыс, ақыл-парасатпен теңесетінін айтқан.
Қарама-қарсы беталыс, бағыт, пікір, идеялар қай мемлекет пен қоғамда да
бар. Халықтың даналығы, ел басқарудың өнері осы үрдістерді белгілі мәмілеге
келтіріп, асауға тұсау салып, үйлесім, жарасым таптыруда. Толеранттылық,
келісім тарихтың мәңгілік сыйы емес, себебі күнделікті дамудан туып
отыратын қайшылықтар біржола шешілмейді: күніге, ай сайын, жылдар бойы,
үздіксіз, ешкімге бұра тартпай, шынайы жанашырлықпен, халықпен ақылдаса
отырып, олардың шешімін табуды талап етеді. Сондықтан “толеранттылы”,
“тұрақты қоғам” деген ұғымдар шартты түрде ғана қолданылып,
жайбарақаттылыққа жол берілмеуге тиіс.
Өзара төзімділік, бөтенді шеттетпеу, толеранттық мінез таныту мәселесі ХVІ
ғасырда Еуропада діни қозғалыстар мен діни жіктерге байланысты туған.
Лютеран, протестант пен католиктерді бір-бірін жатсынбауға арналған
декреттер, заңдар қабылданып, бөтен діндерді қудалауға, үстемдік жүргізуге
тыйым салынған. Бірте-бірте діни конфессиялардың біржақты төзімділігі өзара
діни төзімділікке, діни салт-жораларды еркін атқаруға, діни сенім
еркіндігіне негізделе бастаған. Бөтен дінге рұқсат беруден оны сыйлауға,
адамның діни сенім құқының маңызды тірегі ретінде мойындалған. Өзара
сыйластық, толеранттық сананы әкімшілік, авторитарлық жолмен енгізуге
болмайтындығына көз жеткізілген. Сөйтіп, дінді уағыздаушылардың билігіне
шек қойыла бастады.
Француз философы Клод Адриан Гельвеций дінаралық қақтығыстарды ешқандай
ақыл-парасатпен ақтауға болмайтындығын айта келе, мына өсиет әңгімені тілге
тиек етеді. Көрнекті суретші түсінде жұмақтың қақпасына көтерілсе, оны
қасқа бас, сақалы беліне түскен, қолында кілттері бар бір қария
таңғалдырады. Зер салып қараса, ол әулие Петр екен. Апостол жұмақ
қақпасының алдында отыр. Бір топ адам оған қарай бет алады. Бірінші болып
католик келеді: “Мен өмір бойы осы дінді ұстандым, ізгілікті, рақымшыл
адаммын”, – дейді. “Олай болса, – дейді әулие, – католиктер отыратын орынға
өт”. Одан кейін протестант көрінеді, ол да өзін кісілік қасиетім мол,
ыждағатты жанмын деп таныстырады да, сондай жауап алады. Одан кейін Бағдат
пен Басрадан келген мұсылмандар өздерін мейірбан, кеңпейілді адамдармыз
дейді. Әулие Петр мұсылмандарға да құрметті орын ұсынады. Ең соңында тағы
бір адам жақындайды. “Сен қай дінге сенесің?” деген Апостол сұрағына: “Мен,
қасиеттім, ешбір дінді ұстанбаймын, бірақ мен де мейірбан адаммын”, – дейді
ол. Әулие ойланып-ойланып: “Олай болса, сенің де жұмаққа өтуіңе болады,
бірақ сені қайда орналастырамын?” – деп қиналады. Ақырында “Өт, орныңды
өзің тап, қалаған жеріңді таңда”, – депті. Философ бұл өсиет әңгіме арқылы
күні бүгінге дейін даулы әңгімеге арқау болып келе жатқан мәселені
көтереді: тек діншіл адам ғана емес, дінді ұстанбайтындар да ізгілікті,
иманды, берекелі адамдар болуы мүмкін.
Адамдардың наным-сеніміне бұйрық, зорлық жүрмейді. Гельвецкий тағынан
кеткен корольдің: “үйімде 30-дан астам сағат бар, бірақ солардың ішінде бір
сәтте, дәлме-дәл бір уақытты көрсететін екі сағат жоқ. Қалайша мен дін
мәселесінде барлық адамдар бірдей ойласын деп мәжбүрлегенмін? Қандай
ақымақтық, қандай астамшылық!” деп өзін өзі сөгіп, кеш болса да менменшіл
патшаның өкінгенін айтады.
Толеранттылықтың қырлары
Жарастық табу – толеранттылықтың негізі. Тарихи тәжірибе толеранттылық
сананың әр түрлі деңгейі барлығын көрсетеді:
– “Бөтенді” барынша кінәлау, қудалау немесе күшке негізделген келісім;
– “Бөтенмен”” ымырасыз күрес, оны идеялық “әшкерелеу”, тыйым салу, бірақ
жазалауға бармау;
– Парықсыздық, талғаусыздық, “маған бәрі бір” деп құндылықтарға бей-жай
қарау;
– “Бөтенді” қабыл алмау, бірақ оған және оны қолдаушыларға құрмет көрсету;
– “Бөтенді” іс жүзінде қолдау, оны күшпен ығыстырумен келіспеу, қоғамда өз
орнын алуын мойындау.
Толеранттылықтың барлық талаптарына сай мемлекет көп емес. Әр түрлі
идеологиялық ағымдар мен мінез-құлықтар, мәдениеттер мен ұлт өкілдеріне
сыйластық танытып, қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыру бүгін әлеуметтік және
рухани дамудың маңызды шартына айналды. Себебі, қоғамда қай заманда да
қайшы пікірлер орын алады. Тіпті қылышынан қан тамған тоталитаризм
заманында коммунистік идеологияға қарсы балама, әр түрлі көзқарас тараған,
оларды ұстанушылар биліктің саясатымен сырттай жұғысқанымен, іштей оны жек
көріп жүрген. Олар:
– Кәсіби білім деңгейінен коммунистік режімнің болашағы жоғын сезініп,
байсалды тұрғыдан партияның сойылын соққан боп көрінгендер;
– Демократиялық, ұлттық құндылықты жақтаушы, іштей социализмнің ұлттық
саясатынан жиреніп жүргендер;
– Қуғын-сүргінге ұшырағандар, олардың ұрпақтарының тағдырын бүлдірген осы
саяси жүйемен келіспегендер;
– Нарықтық экономиканың қажеттігін түсінген шаруашылық басшылары;
– Номенклатураға кіре алмай, шеттетіліп, лауазымды қызметке қолы жетпей
жүргендер;
– Кімнің тарысы піссе, соның тауығы, сыйынатыны да, сүйенетіні де билік, ал
өзі билесе тіпті жақсы. Ондайлар бүгін де бар;
– Қазақстанды орталықтың тұқыртқаны соншалық, бірен-саран диссиденттер
болды.
Іштей жеккөретіндер мен сырттай жақындасып жүретіндердің қоғамда қайсысының
басымырақ екенін айту қиын. 19 миллионнан астам мүшесі бар коммунистік
партия құлағанда, 19 адам қорғамады. Бірлік алдамшы болып шықты.
Сондықтан сөз еркіндігі, адамдардың емін-еркін сөйлеуі, қай саққа жүгіртіп,
қалай сөз етсе де, тыйым салғаннан артық. Бүгінгі Қазақстан қоғамына да әр
түрлі баға беріп жатады. Егер оларды топтастырып қарар болсақ, былай болып
шығады:
Біріншіден, моральдық құлдырау, қылмыстың өсуі, өмірдің, тіпті арнаулы
қызметке дейін комерциялануы, БАҚ-тағы зорлық-зомбылық. Ең сорақысы, соған
қарсы қоятын күш жоқ. Шет ел, еліміздегі “демократтар” қоғам азған үстіне
аза берсін дейді;
Екіншіден, екі миллионға жуық адам ауылдық жерде пайдалы іспен
айналыспайды;
Үшіншіден, қалада күнде той, мейрам, банкет-фуршет, марапаттау, қаптаған
“жұлдыздар”. “Пир во время чумы” деген осы емес пе?” деп сұрақ қояды;
Төртіншіден, түсінбейсің, ақша массасы көптігінен экономика “қызып” кетеді
дейді. Екінші жағынан, таза суға, мектеп, жол салуға ақша жоқ.
Осы пікірге уәж айтатындар, біткен іске сыншы көп дейді.
Әуелі тоталитаризм жүйесінен, бодандықтан құтылсақ, мәселе өзінен өзі бола
қалатындай көрінді. Ел халқы, қай этносқа жататынына қарамай, болашағымызға
сенді. Бұл жерде өмір бойы төзімділікке тәрбиеленген қазақ халқының
топтастырушылық рөлін, оның адал ниетіне қарай басқа этностардың
Қазақстанды екінші отаным деп санауға құлықтылығын, елде экономиканың жедел
қарқынмен дамуын, Елбасы Н.Назарбаев жүргізіп отырған көреген саясатты атап
өткен жөн. Елдің басын қоса білдік, дау-жанжалдардың алдын алдық, жинақы
болдық. Шекарамызды айқындадық. 7591 шақырым шекарамызды бекіттік. Ішкі
қауіпсіздігімізді, әскерімізді жасақтадық. Экономикаға инвестиция тарттық,
еліміздің заңдылық негізін қаладық. Әлеуметтік бағытты да айқындадық.
Мүгедектер, көп балалы аналар, зейнеткер, барлық әлжуаз топтар мемлекеттің
қорғауында. Сөз жоқ, халық төзімділік танытты, көрегендігін паш етті.
Елбасы олардың алдында әруақытта да басын иеді. Жақсылықтың бәрін үйіп-
төгіп жасап тастай қоймады деу орынсыз делінеді.
Осындай пікірлерді жалғастыра беруге болар, дегенмен, басым көпшілік
еліміздің ертеңіне сенімді. Ал сенім – үлкен күш.
Бүгін әлеуметтану ғылымы толеранттылықтың мынадай түрлерін атайды: 1.
Келіспеушілік, бас тартушылық (несогласие); 2. Өздігінен, өз бетімен келісу
(самосогласие); 3. Өзара келісім (взаимосогласие); 4. Бірауыздан келісу
(единогласие); 5. Алауыздық, қайшылық (разногласие); 6. Өзімен өзі
келіспеушілік (самонесогласие); 7. Өзара келіспеушілік (взаимонесогласие);
8. Қарсы келісім (противосогласие).
Осы келісімнің қай көрінісі де жеке адам мен қоғамдық санада орын алып
отыр. Сондықтан келісім, толеранттылық әр уақытта да шартты, уақытша ұғым.
Оған уақыт, заман талаптары өз ықпалын тигізеді. Келісім әр уақытта да
келіспеушілікке, келіспеушілік келісімге ұласып, диалектикалық қарама-
қарсылықтар тудырады. Азаматтардың жеке құқы қайшылық, алауыздық тудырмай
тұрмайды. Оған біздің мемлекет, саяси қайраткерлер, қоғамдық ұйымдар және
қатардағы азаматтар дайын ба деген сұрақ күнде алдымызға тартылады.
Толеранттылық сана қоғамның әр саласында орын алып отыр. Отбасылық
мәселелер, гендерлік саясат пен ұлттық менталитет, қоғам алдындағы парыз
бен салықтан жалтару, сайлауға барып дауыс беру не бермеу, ұлттық тәрбие
және эротика мен порнографияны қолдау не қолдамау, ішімдік пен темекі
тартуға әуестік туралы ойлар қоғамдық пікірде зор орын алады.
БАҚ пен қоғам арасындағы байланыс – толеранттылық қатынастардың маңызды
қыры. Себебі баспасөз бен теледидар арқылы зорлық-зомбылықтың, жыныстық
қатынастар мен ел халқының мінез-құлқына, салт-дәстүріне жат қылықтардың
тарауы үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл мәселеде толеранттылық ахуал,
қоғамдық келісім жоқтығы байқалуда. Бірқатар мемлекеттерде бұқаралық
ақпарат құралдары өз халқына ақпараттық соғыс жариялап, елді рухани жағынан
ыдыратып, тіпті денсаулығын да әлсіреткен мысалдары аз емес. Енді қоғамның
рухани-адами ахуалына тікелей ықпал ететін салаға қоғамдық бақылаудың
қажеттілігі туып отыр. Көпшілік цензураны жаңғыртпай, қоғамдық кеңес құрып,
адамгершілік тұрғысынан сараптама жасау жолдарын іздеу, адамгершілік
цензура қажеттілігі туралы пікірді ұсынады. Сонымен бірге, бірқатар
азаматтар қоғамдық кеңес бәрібір ештеңе шешпейді, ұсыныстар кеңес
деңгейінде қалып қояды, цензура ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР дін туралы заңнамасы пәнінен лекциялар жинағы туралы
Тұңғыш президент образын қалыптастырудағы PR рөлі
Азаматтық, Қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Төзімділік мәселесін теориялық - әдіснамалық талдау
Діни мәдениеттің тәрбиедегі орны
Дін мәдениет құбылысы ретінде
Ұлтаралық қатынас мәдениеті
Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі
Қазақстан жайлы
Пәндер