Толық және толық емес отбасынан шыққан жасаөспірімдердің агрессивті жүріс – тұрысының ерекшеліктері
Толық және толық емес отбасынан шыққан жасаөспірімдердің
агрессивті жүріс – тұрысының ерекшеліктері
Жасөспірімдік ортада агрессивті тенденциялардың өсуі қазіргі
қоғамның ең өткір әлеуметтік мәселелерінің бірін құрайды. Мектепке
дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасында:
Соңғы жылдарда жастар арасындағы қылмыс, әсіресе, жасөспірімдік
қылмыс кең етек алуда. Соның ішінде қатал мінезге ие, ауыр дене
жарақатымен қоса жүретін тұлғаға қарсы қылмыстар санының көбею факті
алаңдатады делінген 1,3 б. Бұл жағдайдың жылдан жылға тереңдеп,
белең алуы елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолауында
айқын байқалады, ол жасөспірімдік қылмыскерлік мәселесіне ерекше назар
аударып, оны төмендету шараларын қарастыруда елде құқық бұзушылықтың
алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесін құруды, оған қоғамды
қатыстыруды басшылыққа алады, сонымен қатар құқық қорғау саласының
басым бағыты ретінде құқық бұзушылықтарды абайлату және олардың
алдын алу деп белгілейді 2,12б.
Жасөспірімдердің тұлғалық дамуына ата – аналардың ықпалы зор:
сүйіспеншілік пен түсіністік ахуалында өмір сүретін жасөспірімнің тек
қана денсаулық жағдайы ғана емес, сонымен қатар мектептегі және қарым
– қатынастағы табыстылығы жақсы болмақ, ал оның ата – анасымен өзара
қатынасының бұзылуы әртүрлі психологиялық қақтығыстардың, әсіресе
жүріс – тұрыс мәселелерінің пайда болуына әкеледі. Бұл біздің
зерттеуіміздің өзектілігін айқындайды.
Соңғы жылдарда көбейген толық емес отбасылар саны отбасылық
тәрбие мәселесін одан әрі ушықтырып, қиындатуда. Оның басты
себептеріне ерлі – зайыптылардың отбасылық өмірге дайындығының
жеткіліксіздігі, ерте отбасы құруы, отбасылық мәселелерді шешу
тәжірибесінің аздығы, әлеуметтік – материалдық жағдайдың тұрақсыздығы,
т.б. жатқызуға болады.
Отбасы тәрбиесінің қажеттілігі келесі жағдаймен анықталады:
тәрбиенің басқа түрлеріне қарағанда отбасылық тәрбие сипаты бойынша
эмоционалды болып келеді, өйткені ата – ананың балаға қатысты
сүйіспеншілігі жауап - әрекеттерді, яғни балаларының оларға қатысты
махаббатын тудырады, оның негізінде тұрақты өзара қатынастар жүйесі
орнығады. Сонымен қатар отбасында әртүрлі жастық, жыныстық, кәсіби
жүйелер тоғысқан, олар баланың эмоционалды және инттелтуалды
мүмкіндіктерін белсенді түрде көрсетуіне және іске асыруына жағдай
жасайды.
Отбасыны әлеуметтендіру ошағы ретінде қарастыратын болсақ, оның
баланың эмоционалды дамуына тигізер ықпалы зор екендігін байқаймыз,
әсіресе отбасындағы ахуал және қатынастар жүйесі ( қолдау, бейжайлық,
тыйым салу) баланың әлеуметтік талаптануына әсер етеді, күрделі
өмірлік жағдайлардан шығу жолдарын іздеуіне, жаңа жағдайларға
бейімделуіне көмектеседі немесе кедергі келтіреді.
Отбасының тәрбиелік потенциалы оның педагогикалық және
психологиялық мүмкіндіктерін анықтайтын факторлар мен жағдайлар
кешенінен құралған. Отбасының тәрбиелік потенциалының құрам бөліктері
ретінде: отбасының құрылымы мен көлемін; адамгершілік – психологиялық
ахуалды, отбасы ішілік қарым – қатынас сипатын; ата – аналардың
өмірлік және кәсіби тәжірибесін, білімділік және педагогикалық
мәдениет деңгейін; отбасындағы тәрбиелік міндеттерді бөлуін;
отбасының материалдық және тұрмыстық шарттарын; отбасылық
дәстүрлердің болуын бөліп көрсетуге болады.
Отбасылық қатынастардың маңызды бөлігі – ата – аналардың
балаларға деген махаббаты. Баланың толыққанды дамуы үшін ата -
ананың екеунің де тәрбиелеу үрдісіне қатысқандығы шарт. В.
Коротковскийдің айтуынша ананың махаббаты өмірдегі қауіпсіздікті,
әкенікі беделдік пен жетекшілікті қамтамасыз етеді 3,158ьб.
Толық және толық емес отбасындағы тәрбие мазмұны мен бала
– ата –ана арасындағы өзара қатынастар жүйесі бойынша бір – бірінен
ерекшеленеді. Толық отбасының барлық мүшелері бір – бірінің жеке
психологиялық ерекшеліктерін білетіндіктен, олардың бір – біріне ықпал
ету қоры зор болып келеді. Олардың айналадағы ортамен қарым –
қатынасы дұрыс реттелген.
Отбасындағы балалар санының, аталар мен әжелердің болуының
бала тұлғасының дамуына ықпал жасайтындығын В.И. Титаренко былай
жазады: ... екі –үш бала бар отбасы тұрақтылықпен ерекшеленеді,
өйткені балалар ерлі – зайыптыларды жақындатады, олардың одағын
бекітеді, жауапкершілігін арттырады және уақытша сипатқа ие болатын
қақтығыстық жағдайларда айырылысуға жол бермейді 4,167.
Отбасындағы тәрбие ата – аналармен ғана емес, балалардың
өздерімен де іске асырылады: кішілері үлкендерінен үйреніп, олардың
әдеттері мен тәжірибелерін игереді. Мұндай балалар, әдетте, еркелік
пен эгоцентризм білдірмейді, дербестік пен икемділік танытады,
басқаларға мейірімділік пен қамқорлық сезімін жиі білдіреді.
Егер отбасында жалғыз бала ғана тәрбиеленсе, ол ағасы,
әпкесі, інісі, қарындасы болмағандықтан, құнды психологиялық және
эмоционалды қолдаудан айырылады. Ата – анасының оны шектен тыс жақсы
көруі баланың өзіне ғашық болуына мүмкіндік береді, бұл жоғарылаған
өзіндік бағалауда көрінеді, өйткені бала ешкіммен тең қатынастарға
түспегендіктен, оны басқалармен салыстырудың қажеттігі болмайды.
Қарым – қатынас дағдыларының дамуы да мұндай жақын қарым – қатынастың
болмауымен түсіндіріледі.
Отбасындағы әлеуметтік - психологиялық ахуал ерлі - зайыптылар
мен ұрпақтар арасындағы қатынастар сипатымен анықталады. Мәселен,
әлеусеттік психологияда ерлі - зайыптылар арасындағы қатынастардың
келесі түрлері бьелгіленген: бірлескен әрекети өзара түсіністік пен
қолдауды болжайтын қатынас жүйесі); паритет (пайда табуды көздейтін
тең одақтық қатынас жүйесі); жарысу (ең жақсыға қол жеткізуге
бағытталған қатынас жүйесі); бәсеке ( басқаларды басқаруға, оларға
қысым көрсетуге ұмтылысчта көрінетін қатынас жүйесі); антогонизм
(лажсыздықтан, амалы жоқтықтан қатынасуда көрінетін жүйесі).
Кез елген отбасы үшін ең әмбебап қатынас түрі бірлескен
әрекет екендігі белгілі, алайда оны ұзақ уақыт бойы сақтап қалу
екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өзара үйренісу, шаршап –
шалдығу, қажу және жанұялық сезімдердің эрозиясы паритетке ауысуы
мүмкін.
Жасөспірімді толық емес отбасында тәрбиелеу барынша қиын
жағдайларда жүзеге асырылады. Егер жасөспірімді анасы немес әкесі
жалғы тәрбиелейтін болса, олар екі позицияны ұстануы мүмкін: бірі
жасаөспірімге бағынышты, яғни барлық әрекет – қимылдарына шектен тыс
еркіндік беріп, жақсы көретін ананаңы немесе әкенің похициясы,
екіншісі – одан басыңқы, яғни қатты, қысып ұстайтын, тәрбиедегі бар
бастаманы өз мойнына алатын ана немесе әке позициясы. Бірінші
жағдайда жасөспірім әкелік (аналық) қасиеттерді (әкесінен) басқа
адамдардан іздей бастайды, екіншісінде - жасөспірім анасына (әкесіне)
бала кезінен тәуелді болады, қорғансыздық сезімін басынан
өткергендіктен оған әкеге тән қасиеттер: тәртіп, еркіндік, қожалық;
анаға тән қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық жетіспейді. Екі
жағдайда да бала үйлесімді тәрбиеден қол үзеді.
Осы мәселені эмприкалық зерттеуге Петропавл қалалық
классикалық гимназиясының 50 адам көлеміндегі 7 -8 сынып оқушылары
және олардың ата – аналары тартылды.
Толық және толық емес отбасындағф тәрбие мазмұнын А.Я. Варга
мен В.В. Столин құрастырған ата – аналық қатынас тест -
сұраунамасының көмегімен зерттедік. Бұл әдістеме балаларды тәрбиелеу
және олармен қарым - қатынас орнату сұрақтары бойынша психологиялық
көмекке жүгінетін адамдарың ата – аналық қатынасын анықтауға
бағытталған диагностикалық құрал болып табылады.
Әдістеме сұрақтары 5 шкалаға біріктірілген:
• Қабылдау - қабылдамау шкаласы ата – ананың балаға қатысты
интегралды эмоционалды сезімдерін білдіреді.
• Кооперация шкаласы - ата - аналық қатынастың әлеуметтік
түрде жағымды бейнесі.
• Симбиоз шкаласы бала мен ата – анасының қарым – қатынасындағы
тұлғаралық ара – қатынастың барын бейнелейді.
• Авторитарлық гиперәлеуметтендіру шкаласы бала жүріс – тұрысын
бақылаудың түрі мен бағытын бейнелейді.
• Кішкентай сәтсіз бала шкаласы ата – ананың баланы қабылдау
және түсіну ерекшеліктерін бейнелейді.
Әдістеме нәтижелері төмемендегі 1- суретте көрнекі түрде
бейнеленген.
А.Я. Варга және В.В. Столин сұраунамасының нәтижелерін талдау
келесі мазмұндағы қортындылар жасауға мүмкіндік береді:
- толық және толық емес отбасында да Қабылдау – қабылдамау
шкаласы бойынша орташа нәтижелер (орта топтық мәні 11,3 және 11,2 -
68%( алынған. Бұл ата – аналардың жасөспірімдерге қатынасының бейжай
екендігін және бұл қатынастың жағдайға байланысты көрінуін
бейнелейді, мәселен ата - анасы баласына бір кезде жағымды
көзқараспен қараса, яғни оны құрметтеп, қолдау танытып, мойындаса,
екінші жағдайда, керісінше, оған қатысты жағымсыз сезімдер (ашу,
ыза, жек көру) сезіп, оны сәтсіз деп есептейді, оның
мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сенімсіздікпен қарап, төмен бағалайды.
Бұл тұрақсыздық тәрбиенің эффективтілігі мен тиімділігіне кесірін
тигізіп, ондағы бірізіділік қағидасының қарсы келеді. Жасөспірім
қақтығыстық жағдайды басынан өткеріп, үйлесімді тұлғалық дамудан қол
үзеді, ата – анасының нені күтерін білмей, оның сеніміне кіру үшін
ол белсенді позицияны ұстануы мүмкін немесе өзін кіналап, енжарлық
танытуы мүмкін.
- Кооперация шкаласы бойынша отбасылардың екі типінде
әртүрлі нәтижелер алынды: толық отбасында бұл көрсеткіш 19% -ды,
толық емес отбасында - 31% құрады. Бұл шкала бойынша орта топтық
нәтижелер ара – қатынасындағы өзгерістер аз болғанмен пайыздық
рангтер айқын байқалады. Ата – аналарда балалармен біріккен іске
ұмтылыс байқалғанмен, ол іс жүзінде пайдаға аспайды. Бұл да
тәрбиелеу потенциалының, керісінше оған әрдайым екіжақты қамқор
болуға тырысатындығын білдіреді.
- Симбиоз шкаласының нәтижелері толық отбасының тәрбиелеу
үрдісінде ересек – бала жүйесіндегі байланыстың жоғары деңгейін
(92%) аңғартады. Ал толық емес отбасындағы аталмыш шкала көрсеткіші
74%-ға тең. Бұл бір ата – анаға қарағанда ата – аналар жұбы
балалармен психологиялық дистенция орнатпайтындығын, керісінше, оған
әрдайым екіжақты қамқор болуға тырысатындығын білдіреді.
- Авторитарлық гиперәлеуметтендіру шкаласының көрсеткіштері екі
отбасы типінде де 83%- ды құрады, бұл толық отбасында да, толық емес
отбасында да демократиялық тәрбиелеу стиліне қарағанда авторитарлық стиль
басым екендігін білдіреді, ол, өз кезегінде, балалардың отбасындағы қарым-
қатынаста ешқандай басымшылдықты көрсете алмауымен, жанұядағы қолайсыз
психологиялық ахуалмен сипатталады.
- Кішкентай сәтсіз бала шкаласы бойынша нәтижелер жоғарыда суреттелген
басқа да шкалалардың көрсеткіштерін толықтырып, растайды: толық емес
отбасында тәрбиеленетін жасөспірімді ата-анасы (84%) өз жасынан әлдеқайда
кіші деп қабылдап, оны инфантильдеуге бейім келеді, оның бойындағы
потенциялды жоққа шығарып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz