Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарыны


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Топонимика - ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос» - орын, жер, «онома» - атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз.
Топоним дер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі:

  1. семантикасы (мағынасы) ;
  2. жасалу жолдары;
  3. этимологиясы.

Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясын құрайды. Топоним дер зерттелетін көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т. б. ), мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер, т. б. ), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т. б. ) бөлінеді. Топонимика тіл тарихын зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені кейбір топонимдер (әсіресе, эндооронимдер мен эндогидронимдер) архаизмдер мен сақтайды, көбінесе олар сол аумақты мекендеген халықтың субстрат тілдерінен бай мағлұмат береді. Топоним дердің халық берген дұрыс нұсқасын барлық жағдайда және басқа тілдерде дұрыс жазылуының маңызы зор. Қазақ тілінің Топонимикасын Ғ. Қоңқашбаев, Н. Баяндин, А. Әбдірахманов, т. б. ғалымдар зерттеген. [1]

Қазақстан қала атауларының шығу тарихы мен мағынасын зерттеуді одан әрі жалғастырамыз. Алдыңғы мақалада Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Өскемен, Семей, Орал, Қостанай қалаларының топонимдерін білсек, осы жолы еліміздің басқа да ірі қалаларының атаулары мен олардың шығу тарихын, мағынасын ашып беруге тырысамыз.

Петропавл - қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына сәйкес Петр І-дің әскери бекінісі ретінде қаланған. Ол әскери бекініске христиандық танымдағы әулие Петр мен Павелдің есімі беріледі. 1804 жылы жүргізілген әкімшілік реформа бұл бекіністі империяның қала мәртебесіне жеткізеді, ал қала Петропавл деп аталып кетеді.

Қызылорда - Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт - 1818 жылы, Перовск - 1853 жылы, қайтадан Ақмешіт - 1922 жылы, Қызылорда - 1925 жылы), әр кезеңде Сыр бойы атырабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты. Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды. 1853 жылы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В. А. Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып, орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. 1922-1925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт атанып, 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасына айналды. 1925 жылы қалаға Қызылорда аты беріледі. Яғни, Кеңестік қызыл империяның ордасы деген мағынада.

Қызылорда қаласындағы мешіт

Атырау - Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай Ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан. Казак-орыстар жаулап ала бастағанда 1640 ж. Яицкий городок аталған қалашық салынған. Жайықтың жоғарысында Верхний Яицкий городок (қазіргі Орал қаласы) деген қалашық салынғасын, Нижний Яицкий городок деп аталып кеткен, соңынан ол Усть-Яицкий городок болып өзгертілді. Ресей ханшайымы Екатерина II Яик өзенін (Жайықтың орысша атауы) Урал деп атауын жарлығымен бекіткенде, қаланың атауы Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген. 1920 жж. қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті Чапаев деп қайта атаған. 1992 ж. бері қала атауы - Атырау. Бұрын Атырау деп Махамбет ауданындағы топырақтар аталған. «Атырау» деген сөздің негізгі мағынасы: өзен сағасы тармаққа бөлінгені; сумен, топырақпен қоршалған жер алқабы; арал.

Ақтау - қаланың аты өзі орналасқан теңіз мүйісінің ақ бордан тұрып (картада Меловой мүйісі делінген) теңіз жақтан қарағанда, биік ақ тау сияқты болып көрінуіне байланысты делінеді. 1959 жылы осы жерде ескі балықшылар жұртының орнында елді мекен салынып, кейін Ақтау деген қалаға айналды. XIX ғасырдың ортасында Қазақстанға жер аударылған украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне 1964-1991 жылдары Шевченко қаласы деп аталды.

Ақтау қаласы орналасқан жер

Теміртау қаласының тарихы 1905 жылдары Нұра өзенінің сол жағалауына Самарадан жіберілген крестьяндардың қоныс тебуінен басталады. 40 шақты үйден құрылған ауыл басында Жауыр деп аталып, кейін Самарқанд деген атау алады. Ал Теміртау аталуының себебі, 1943 жылы бұл аймаққа Қазақ металлургиялық зауыты салына бастайды. Осыған орай, 1945 жылы 1 қазанда Теміртау деген атау беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ топонимикасы туралы Қаныш Имантайұлының ғылыми ізденістері
Махамбет Өтемісұлы өлеңдеріндегі топонимикалық атаулар
Топонимика және география
Публицистикалық мәтіндегі жалқы есімдердің аудару мәселелері
Тарихи атауларды қалпына келтірудің маңызы
Есіл және Қалқұтан өзенінің, Шортанды ауданында
Оңтүстік Қазақстанның геологиялық құрылысы мен жер бедерінің топонимияда бейнеленуі
Солтүстік Қазақстан аймағы топонимдерінің ерекшеліктеріне шолу
Этнолингвистика және этимология
Шоқан еңбектерінің тарихи маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz