ДАҢЫЛДАРДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ ТОПЫРАҚТЫҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ МИКРОТЫҢАЙТҢЫШТАРДЫҢ ӘСЕРІ



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ДАҢЫЛДАРДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ
ТОПЫРАҢТЫҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ
МИКРОТЫҢАЙТҢЫШТАРДЫҢ ӘСЕРІ

Жоғарыда айтып кеткеніміздей кез келген ауыл шаруашылығы дақылдарының
бірі — топырақ құ-нарлылығын (яғни ондағы жылжымалы қоректік заттардың
мөлшерін) жоғарылату болып табы-лады.
Егістікке қолданылған әр түрлі тыңайтқыштар топырақтың минералды және
органикалық құра-мымен әрекеттесіп, өсімдіктердің тамырлары және әр түрлі
микрофлоралардың қоректенуі үшін пай-даланылады. Ал кейбір бөлшектері сумен
бірге топырақ қабатына сіңіп, немесе нитрификация процесіне қатысып, газ
күйіндегі белінген азотпен, оның кейбір қосылыстарымен ауаға ұшып кетеді.
Қоректік заттардың жоғарыда аталған құбылыс-тардан, яғни рәсуа болуынан,
есімдік оларды то-лық пайдалана алмайды. Тыңайтқыштарды әр түрлі мөлшерде
қолдану бір жағынан топырақтағы қоректік микроэлементтердің көбеюіне,
екіншіден оларды пайдалануға байланысты қоры кеміп оты-рады.
Сондықтан топырақ құнарлылығын анықтай-тын қоректік элементтер мөлшерін
қадағалаудың маңызы сол дақылдардың даму кезеңдерінде әр түрлі дәрежеде
пайдаланылады. Мұның өзі олар-дың даму сатыларында тыңайтқыштарды қандай
мөлшерде қолдануға болатындығын қадағалауға толық мүмкіншілік жасалады.
Өсімдіктердің өніп-өсуі мен дамуына аса қа-жетті қоректік элементтер
топырақта әр түрлі күйде (формаларда) кездеседі. Олар суда жақсы еритін
тұздар түрінде, немесе тез ерімейтін, өсім-діктер бойына аз сіңіретін
элементтер (адсорбті) түрінде әрі аз мөлшерде пайдаланылатын тұздар
күйінде (бұларға тау жыныстарының минералы т. б. жатады) болады. Қоректік
злементтердің то-пырақтағы қасиеттері бірдей емес. Мысалы, суда нашар
еритін тұздардың суда еру реакциясы өте тез өтсе, өсімдіктер аз немесе
пайдаланбайтын қо-ректік элементтерді суда нашар еритін күйіне жеткізу үшін
көп уақыт кетеді. Әрі ысырап болуы-мен немесе пайдалануға байланысты,
олардың қо-ры топырақта үнемі кеміп, топырақтағы сіңімді қоректік заттардың
тепе-теңдігі бұзылады. Мұндай жағдайда ауыл шаруашылығы дақылдарына тиіс-ті
тыңайтқыштар енгізу жолымен, немесе басқа да агротехникалық әдістермен ол
тепе-теңдікті қалпы-на келтіру қажет.
Көп жағдайларда егістіктің әр түрлі топыра-ғында егілетін дақылдардың
өнімділігі минимум факторға, немесе элементке тәуелді болады. Егер
топырақтағы сіңімді мырыш 1 гектардан 10 цент-нер мөлшерінде астық алуға,
ал марганец және басқа қоректік заттар қоры 30, одан да көп түсім алуға
жететін болса, түсім 10 центнер мөлшерінде ғана алынады, яғни түсім
шектеледі. Сол сияқты топырақта қоректік заттар жеткілікті болып, бірақ су
тапшы болса, онда түсімнің мөлшерін ылғал-шектейді. Мұндай жағдайда диқан
өзінің барлық шеберлігін осы минимумның теріс ықпалын жоюға жұмсауы қажет.
Әрине бұл арада ең дұрысы — қолдан суару, ал қолдан суару жүйесі әлі жасал-
маған жерде топырақта ылғалдың біршама кәп жиналуы мен сақталуын қамтамасыз
ететін агро-техникалық шараларды қолдану керек. Еліміздің топырақ, климат
ерекшеліктерінің алуан түрлілігі-не қарамастан ауыл шаруашылық
өсімдіктеріне тыңайтқыш қолданудың белгілі жүйесі бар. Ол ережелерге
мыналар жатады:
- топырақ бойында ауыл шаруашылық дақыл-дарын өсіруге қажетті
ылғалдылықты қамтамасыз ету;
1. топырақта өсімдікке қажетті қоректік зат-тардың мөлшерін және топырақ
ерітіндісінің реак-циясын реттеу;
2. егілетін дақылдың ерекшеліктеріне, топы-рақ-климат жағдайларына және
ауыспалы егіс танаптарының әр түрлі учаскесіне сай тыңайтқыш түрлерін,
мөлшерін, тәсілін іріктеу;
3. шаруашылықтағы қолда бар топырақ құ-нарлылығын анықтайтын агрохимиялық
карталар-ды басшылыққа алу;
4. минералды және органикалық тыңайтқыш-тар қолдану мүмкіншілігі және
сәйкестігі.
Сондықтан да ауыл шаруашылығы дақылдары-на қолданатын тыңайтқыш мелшерін,
мерзімін, қолдану тәсілдерін білудің маңызы зор.
Тыңайтқыш мелшері деп — өсімдіктің қажетті-лігіне, нақты мүмкіндігіне
байланысты әр түрлі дақыл егілген 1 га жерге, бір жылда берілетің тыңайтқыш
көлемін айтады.
Берілетін тыңайтқыш мөлшері есімдіктің фи-зиологиялық ерекшелігі мен
топырақтың агрохи-миялық қасиеттеріне, әрі қолдану тәсілдеріне қа-рай
өзгеріп отырады. Ал егістікке тыңайтқыштарды қолдану әр түрлі болып келеді.
Егіске дейін, немесе топырақ тыңайтудың сеял-ка не басқа машина кемегімен
күзде, жазғытұрым егіс алдында, сүдігер, не пар өңдеу алдында бірте-гіс
шашылады, кейін жерді жыртқанда топырақ қабатына тереңдей кеміледі.
Берілетін органика-лық тыңайтқыштың және құрамында микроэле-менттері бар
енеркәсіп қалдықтарының барлығы, ал фосфорлы, калийлі және
микротыңайтқыштар-дың басым көпшілігі (70 проценті),
азотты
тыңайтқыштардың жартысына жуығы осы тәсілмен шашылады.
Егіс кезінде тыңайту — көктемде тұқыммен, не түйнекпен бір қатарға,
болмаса ұядан 2—3 см тереңірек шашылады. Бұл тыңайтқыш тамыры әлі дұрыс
жетілмеген өсімдіктерді қосымша қоректен-діру үшін қажет.
Үстеп қоректендіру — есімдіктерден мол өнім алу мақсатында өсу мен
дамудың әр түрлі кезең-дерінде тыңайтқышты құрғақ, не ерітінді күйінде
егістіктің қатар аралығын культивациялау кезінде қолдану.
Тұқымды микроэлементтердің құрғақ тұздары-мен араластырып шаңдату, немесе
олардың ерітін-ділеріне қосып өңдеу тәсілдері көбінесе микроэле-менттерді
қолданғанда жүзеге асырылады.
Топырақ құнарлылығын үздіксіз арттырудың аса маңызды жолдарының бірі —
тек топыраққа ғана емес, сонымен бірге топырақ түзетін фактор-ларға да
белгілі бір бағытта әсер ету. Ондағы мақсат: атмосфералық, топырақ ортасын
қажетті бағытқа езгерту, топырақ режимін жақсарту, то-пырақ ылғалымен,
өсімдік қорегімен қамтамасыз етілуін арттыру, биологиялық процестерді жедел-
детіп, мәденилендіру. Яғни мәденилендіру дегені-міз — адамның өндірістік
тұрғыдан әсер етуі арқы-лы топырақ қасиеттерін жақсарту жиынтығы.
Сондықтан да топырақтың қоректік немесе ми-кроэлементтерге (азоттан
басқасын) құнарлылы-ғын әр түрлі агротехникалық шаралармен жоғары-латуға
болмайтындығын ескерсек, күн тәртібінде оларды арттыруда әр түрлі
микротыңайтқыштарды қолдану басты роль атқарады. Біздің елімізде кейінгі
жылдары ауыл шаруашылығы дақылдары-на қолданатын микротыңайтқыштардың
келемінің ұлғаюы, олардың топырақтағы жылжымалы қо ректік
микроэлементтерді жоғарылататыны, әрі олардан алынатын өнімдерді
молайтатыны көпте-ген зерттеу жұмыстарында дәлелденді.
Кез келген ауыл шаруашылығы дақылдары өнімдерін молайту тек қана
микротыңайтқыштар-ды қолдану ғана емес, оларды макро және органи-калық
тыцайтқыштарды араластырып қолданған-да алынады. Осыған байланысты күріш
егістігіне макротыңайтқыштар құрамында 2 кг бор, 3 кг марганец, 3 кг мыс, 2
кг мырыштың жекелеген түр-лері (әсерлі заттар түрінде) әр гектарда
сыналды.
Егістікте фосфорлы, калийлі тыңайтқыштардың 50 проценті жер жыртар
алдында, 50 проценті бар-лық микротыңайтқыштармен араластырылып есім-дік
шығар кезде, ал азотты тыңайтқыіптардың 40 проценті өсімдік шығар кезде, 60
проценті түптену кезінде берілді.
Екі жылдық зерттеу жұмыстарының қорытын-дылары тыңайтқыш енгізілмеген
кездегі бор мөл-шері топырақтың 20 см қабатында 0,85—0,96 мгкг, күріштің
түптенуі кезінде 0,66—0,72 мг-ға темендесе, піскен кезде ол 0,55—0,59 мг
болды. Яғни бастапқы күйінен жалпы жылжымалы бор-дың мөлшері 25 және 39
процентке темендеді. Бор-дың мұндай төмендеуі топырақтың 20—40 см қа-
батында да байқалды. Ал 2 кг борды күріштің шығар кезінде қолданғанда
топырақтағы жылжы-малы бордың мелшері 20 см қабатында 25 процентке, 20—24
см қабатында 23 процентке жоға-рылады. Күріш піскен кездегі олардың '
мелшері топырақтың жоғарғы қабаттарында 0,92—0,60 мг болды. Яғни өсімдік
көлемінің даму кезеңдерінде ұлғаюына, әрі енімдерімен пайдалануына байла-
нысты олардың мөлшері алғашқы мөлшерден (1,4—0,88 мгкг) аздап кеміді. Егер
топырақтың 0—20 және 20—40 см қабат-тарында күріштің шығар кезіндегі
марганецтің мөлшері 124—100 мгкг болса, қолданылған 3 кг га марганецтен
150—117 мг, ал күріш егістігі піс-кен кезде олардың мөлшері тиісінше
100—107 және 110—115 мгкг болды. Яғни фонды вариант-тармен араластырып
қолданылған марганецпен тыңайтылған алқаптардың топырағындағы марга-нец
мөлшерінің жоғарылауы өсімдіктердің барлық даму сатыларында сақталды.
Жоғарыда аталған заңдылықтар жалпы микро-тыңайтқыштарды қолданған
алқаптардың топыра-ғында микроэлементтердің айырмашылығы өсім-діктердің
бастапқы даму кезеңдеріндегі пісу ара-лығында жоғары болып, пісер кезде
топырақтағы олардың қоры көп мөлшерде кеміді. Күріш егілген топырақтың ене
бойы суда болуынан ондағы қо-ректік заттар төменгі қабаттарында шайылады.
Күріш егістігінің топырағындағы қоректік заттар-дың өзгеруі кұрғақ
аңғарларда әсетін дақылдарға қарағанда едәуір айырмашылығы бар. Бұл күріш
егісі топырағыныц үнемі суда тұруына байланысты. Бұдан бұрынғы
градацияларда күріш егістігі қажетті микротыңайтқыштармен қамтылмаған
болатын. Бұл зерттеу жұмыстарының қорытынды-лары күріш егілетін шалғынды-
батпақты топырақ-тардың қоректі микроэлементтерге (бор, мыс, мы-рыш,
марганец) құнарлылығын (аз, орташа, көп) нақты анықтауға, әрі қолданатын
микроэлемент-терге мұқтаждығын айыруға мүмкіншілік жа-салды.
Өсімдік өзінің өсіп-өну кезеңіндегі барынша пайдаланған мырыш мөлшері өнім
жиналғанда то-пырақ құрамында аздап төмендеді. Мырыштың мұндай топырақта ең
көп шоғырлануы олардың 15 кгга нормасын қолданғанда байқалды. Бұл
заңдылықтар топырағы фосфорға бай (54—60 мг кг) келетін ашық қара қоңыр,
ашық сұр топырақ-тарда байқалды. Бірақ ашық сұр топырақта қара-шірік қоры
ашық қара қоңыр топырақтарға қара-ғанда темен болуынан топырақтағы
жылжымалы мырыштың үлғаюы онша жоғары болмады.
Көптеген дамыған елдерде микротыңайтқыш-тарды егістік жерлерге ғана
қолданбай жайылым-дық, шабындық жерлерге пайдаланды. Э. Горляк, С.
Олькудстың (1982) 9 жылдық зерттеу жұмыста-рының қорытындылары бойынша, әр
гектардан алынатын өнімдерді молайтып топырақтағы кейбір микроэлементтер
(марганец, бор, мырыштың) қо-рын кемітуге әкеп соқты. Ал мыс, молибденнің
мөлшері топырақта онша кеп езгермеді. Мұның өзі болашақта жайылым мен
шабындықтарда мар-ганец, бор, мырышты тықайтқыштарды қолдану қажет екендігі
дәлелденді.
Сонымен кез келген егістік топырағын микро-элементтермен байытудың жолы
микротыңайтқыш-тар қолдану болып табылады. Бірақ қазіргі кезде ауыл
шаруашылығы дақылдарына микротықайт-қыштардың аз мөлшерде қолданылуынан,
бүкіл егістіктердегі топырақтардың құнарлылық дәреже-лері төменнен
орташаға, я жоғары класқа жеткізуге мүмкіншілік болмай отырғанын еске
салғы-мыз келеді. Ал мүндай жағдайлар егістіктерде көп қолданылатын
макротыңайтқыштар (азот, фосфор, калий) бірсыпыра жақсы шешілген деп айта
аламыз.
ТІРІ ОРГАНИЗМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРҒА МИКРОЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ҚАТЫСЫ
Жер бетіндегі тірі организмдер секілді, өсім-діктер де өте күрделі —
қоршаган ортада зат ал-масу процесін жүзеге асырады. Демек, өсімдіктер
өзіне қажетті қоректік зат сіңіріп, пайдалы зат құ-рамын толықтыра түседі,
сондай-ақ өсімдіктер тір-шілік әрекетіне қатысты өнім бөлуі арқылы қор-
шаган орта айтарлықтай ықпал жасайды.
Тірі организмдер топырақтағы және ауадағы элементтерді пайдаланып, оларды
жетілдіріп, күр-делі заттарға айналдырады. Заттардың биология-лық айналымы
неғұрлым қарқынды жүрсе жер бетіндегі тіршілік те соғұрлым құлпырып,
түрлене туседі. Тікелей биогеохимиялық процестердің әсе-рінен органикалық
заттардың сыртқы ортадан тү-зілуінен. Олардың С02, Н20, ЫН3 тағы басқа зат-
тарға ыдырауына байланысты өзгеріп отырады.
Дақылдардың бірқалыпты өсіп, дамуы үшін жарық, жылу, ауа, ылғал және
қоректік заттар қажет етіледі. Егер осы айтылғандардың бірі өсім-дік
тіршілігіне аз қатысса олардың өсуін және дамуын кешеуілдетеді, сондай-ақ
олар бірін-бірі орнын алмастыра алмайды.
Мысалы, өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігінің қурап, топыраққа
араласуынан құнарлылығы арта түседі, немесе керісінше өсімдіктер қалың
болып өскен кезде тамыр арқылы топырақ құрамындағы түрлі қоректік заттарды
мол сіңіріп, оны құнар-сыздандырады. Өсімдіктің тамыры топырақ қаба-тына
терең бойлаған сайын оған жік түсіріп бұза-ды, тарамдалған тамырлармен
шырмап, топырақ түйіршіктерін нығыздайды, өзара байланыстырады.
Таулы, қыратты және жазық жерде есетін өсім-діктер тіршілігіне кез салсақ,
жер бедері биіктеген сайын ондағы температураға, ауа қозғалысына байланысты
өсімдіктер де әр түрлі болады. Өсім-діктер топырақты желдің бүлдіруінен
сақтап, пла-нетамыздағы су айналымын реттейді, климатқә айтарлықтай ықпал
жасайды.
Егер қоршаған ортаға байланысты есімдіктер-дің өсіп-дамуына қажетті
қоректік зат мөлшері кемісе, ол тікелей болашақ өнімге, оның сапасы мен
санына әсер етпей қоймайды.
Эволюция барысында тіршілік иелері өздерін қоршаған сыртқы ортаның
химиялық құрамына едәуір үйреніп, бой ұсынып, жерсініп кетеді.
Жер бетінің әр жерінде химиялық элементтер-дің шоғырлануы әрқалай болып
келеді. Осыдан барып олардың ез орасындағы организмдерге ти-гізетін ықпалы
да әр түрлі болады. Клеткалар мен организмдер құрамына, элементтердің және
қан-дай мөлшерде енетіні туралы мағлұматтардың са-лыстырмалы ғана мәні бар.
Өсімдіктер мен жану-арлар организмдеріне әсер ететін көптеген эле-
менттердің байланыс табиғаты туралы мағлұмат айтарлықтай толық емес, тек
біразының ғана не-гізгі қызметі туралы білетінімізді сеніммен айта аламыз.
Зерттеулер есімдік құрамында 74-тен астам химиялық элемент болатынын,
әйтседе олардың бәрі бірдей оның өмір сүруі үшін қажетті емес еке-ні
негізінен темендегі, яғни көміртегі, сутегі, отте-гі, азот, фосфор, калий,
кальций, магний, күкірт, темір, бор, марганец, мыс, молибден және кобальт
сияқты элементтердің қажеттігі анықталған.
Міндетті түрде кейде алюминий, иод, вольфрам және т. б. элементтер де
тиімді. Сонымен бірге өсімдіктер құрамында кремний, натрий және хлорды да
кездестіруге болады. Дегенмен олардың қаншалықты қажет екені әлі толық
анықталған жоқ.
Егер қоректік макроэлементтер өсімдік құра-мында бірнеше проценттен 0,01
процент аралығын-да болса, ол микроэлементтер олардың құрамында өте аз
мөлшерде 0,01 проценттен 0,0001 процент ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшеліктері
Алматы облысының жазық бөлігінің қоңыр топырағының құнарлығымен жүгері өнімділігіне тыңайту жүйелерінің әсері
Күздік бидай - әлеуеті зор дақыл
Жүгері топырақтан қоректік заттарды мол алатын дақыл
КҮЗДІК АСТЫҚТАР ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Шалғынды қара-қоңыр топырақ жағдайында қыша дақылының өнімділігі мен майының мөлшеріне органикалық тыңайтқыштардың әсері
Күріш дақылының ботаникалық сипаттамасы және агробиологиялық ерекшеліктері
ОҚО арпаны өндіру жағдайлары
Ноқат - маңызды дәнді бұршақ дақылы
Картоп дақылын тыңайту
Пәндер