Топырақ жамылғысы, топырақтың түзілуі



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Топырақ жамылғысы, топырақтың түзілуі. Топырақ классификациясы.
Педосфера (топырақ қабаты). Жер беті толық дерлік жұқа қабат–
топырақпен жабылған. Топырақ–жердің аналық жынысы. Топырақ тірі
организмдердің қатысуымен және климаттың әсерінен мыңдаған–миллиондаған
жылдар бойы қалыптасқан күрделі табиғи зат. Топырақ қалыңдығы шамамен 80-
150 сантиметрден 2,5-3,0 метрге дейін ауытқиды.
Мәңгілік мұздар, қарлар басқан, жанартаулар атқылаған жерде,
жартастарда, құмда, қиыршық тастарда топырақ болмайды.
Топырақтың ерекше қасиеті–оның құнарлығы. Құнарлық деп топырақта
өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың болуын айтады.
Топырақтың қатты, сұйық, газ тәрізді және тірі фазалары болады.
Топырақтың түзілу жолдары: тау жыныстарының топыраққа айналуы;
органикалық заттардың жинақталуы мен олардың біртіндеп өзгерістерге
ұшырауы; минералды және органикалық заттардың әрекеттесуінен органо-
минералды күрделі жүйенің қалыптасуы; топырақтың үстіңгі қабатында
биофильді элементтердің жинақталуы; топырақ өнімдерінің ылғал арқылы
араласуы.
Топырақтың түрлері: құнарлы қара, қызыл-қоңыр, қоңыр және сұр ,
құмды, сортаң және сор.

Топыраққа әсер ететін антропогендік факторлар.
Күшті жел мен дауыл, қатты ағын сулар, басқа да күтпеген табиғи
құбылыстар (апаттар) жер бетін бүлдіріп, топырақтың үстіңгі құнарлы қабатын
тоздырады. Бірақ топыраққа зиянды табиғаттан гөрі адамдар көп келтіреді.
Топырақтың негізгі ластаушылары: пестицидтер, минералды тыңайтқыштар,
өндірістік қалдықтар, атмосфераға тасталынатын газдар мен түтін, мұнай және
оның өнімдері.
Пестицидтер және детергенттер
Пестицидтер–латын тілінен аударғанда pestis–жұқпалы ауру,
caedo–өлтіремін, жоямын деген мағынаны білдіреді.
Пестицидтер–мәденилендірілген өсімдіктердің зиянкестеріне, сондай-ақ,
олардың мжұқпалы ауруларына және микроорганизмдерге, паразиттерге, арам
шөптерге қарсы қолданылатын барлық химиялық қосылыстар.
Пестицидтер қоршаған ортаны ластайтын ластаушылардың тек 1% құрайды.
Пестицидтер белсенді биологиялық заттар болғандықтан, олар биосфераға және
адамға қауіпті болып келеді. Әйтседе, пестицидтер ауылшаруашылығында бүткіл
өнімнің 18-20%
Сақтап қалуға қолданылады. Пестицидтердің қолданылуына қарай бірнеше
категорияларға жіктейді:
Инсектицидтер–насекомдарға қарсы қолданылады.
Гербицидтер–арам шөптерді жою үшін қолданылады.
Фунгицидтер–саңырауқұлақ ауруларына қарсы қолданылады.
Родентицидтер–кемірушілерді жоюға қолданылады.
Нематоцидтер–топырақтағы паразитті құрттарға (нематодтарға) қарсы
қолданылады.
Аскарицидтер–кенелерге қарсы қолданылады.

Химимялық табиғатына қарай пестицидтерді 5 негізгі класқа бөледі.
1. Көмірсулардың хлорлы туындылары (хлорорганикалық қосылыстар).
Гексахлоран, ДДТ, метоксихлор, гексахлорциклогексан, альдрин,
дильдрин, гептахлор, эндрин т.б. Бұл қосылыстар суда нашар ериді,
барлық ыдырау түрлеріне төзімді, топырақта ұзақ сақталып, көп мөлшерде
жинақталады. Хлорорганикалық пестицидтер диоксиндермен қосылып
органикалық ластаушылардың негізгі тобын құрайды.
2. Фосфоорганикалық инсектицидтер. Бүгінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның жазықтық жерінің топырақтары
Топырақ қабаты
Топырақтың негізгі типтеріне шолу. Тундралық топырақтар
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Төлеби ауданының топырағының экологиялық жағдайы
Қазақстанның топырағы
ҚР топырағының экологиялық мәселелері
Топырақтың тұздануы, тұзданған топырақтар экологиясы
Қазақстан топырағының экологиялық мәселелері
Топырақтың химиялық қасиеттері
Пәндер