Топырақ және оның құнарлығы туралы ұғым



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Биологияны оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасы

Тақырыбы: Топырақ және оның құнарлығы
туралы ұғым

Орындаған: Бекова К
Тобы: ЕП-03-3К2
Қабылдаған: Кемелбекова Г.

Шымкент 2006 ж.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Топырақ жайлы жалпы мағлұмат.
2. Үгілу, және оның түрлері.
3. Топырақ түзілудегі микроорганизмдердің ролі
4. Топырақ құнарлылығы
5. Топырақ құрамы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет

ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰНАРЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Топырақ, оның пайда болуы және жетілуі
Топырақтану құрылымының негізін салушы, еліміздің атақты ғалымы В. В.
Докучаевтың сипаттамасына қарағанда, топырақ дегеніміз — түрлі климат
жағдайларының (жарық, жылылық, ауа, ылғалдық) әсерінен өсімдіктер мен
жануарлардың, ал мәдени түрге келтірілгенде адамдардың да қатысуымен
өңделген және өзгерген мәдени өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз
ете алатын құнарлылығы бар жер бетінің ең жоғарғы қабаты.
Аталған өзгерістер топырақ тузілу факторларының әсерімен болады. В.
В. Докучаев бұл факторларға аналық жынысты, ауа райын, өсімдікті, жер
бедерін, жердің жас мөлшерін тipi организмдер кұрамын жатқызады.
Топырақ — тipi және өлі табиғатка тән бipнeшe сипаты мен қacиeтi бар
табиғи ерекше құрылым. Топырақ судың, ауаның және организмдердің
литосфераның жоғары қабаттарына әсер етуінен пайда болады және ол бip-
6ipiмeн байланысты қабаттардан тұрады.
Топырактың табиғи құнарлылығы оның құрамына, касиетіне, топырақ
түзуш1 факторларға байланысты болады. Топырақ түзуші негізгі факторлар —
ауа райы, топырақ түзуші тау жынысы, өсімдік, және жануарлар дүниесі,
белгілі 6ip аймақтың жер бедері мен геологиялық жасы, сондай-ақ адамның
шаруашылық әрекеті.
Топырақ қыртысы күн қуатының, судың, ауаның, жылудың әсерінен
бұзылатын қатты жыныстардан тұрады. Тау жыныстарының аталған факторлардың
әcepiнeн бұзылуын және қопсыған майда шөгінді жыныстардың пайда болуын
үгітлу дейміз. Тау жыныстарының үгітлуінен топырақ жетіледі. Топырақтың
қалыптасуы оның түзілуімен байланысты. Үгітілу мен топырақ түзілу бip
мезгілде болады әрі өзара тығыз байланысты.
Топырақтың физикалық қасиеттері — су, ауа өткізгіштігі, су
тартқыштығы, топырақ түзуші қабатының тұтқырлық (механикалық) құрамы мен
құрылым ерекшелігіне байланысты. Топырақ тау жыныстарының әр түрлі
жолдармен үгілуi және микроорганизмдер-тipшілiк әрекеттері нәтижесінде
түзіледі. Топырақ түзілетін тay жыныстарын аналық немесе топырақ түзуші
жыныстар деп атайды. Бұл жыныстар жел, су, температура т.б. жағдайлардың
әсерінен үлкен құбылыстарға ұшырап отырады. Тау жыныстарының және ондағы
минералдың осындай өзrepicкe түсуін угілу деп атайды. Үгілудің үш түpi бар.
Олар физикалық, химиялық, және биологиялық үгілулер. Физикалық үгілу
жылудың, судың, ауаның, әсерінен өздігінен үгітіледі. Тау жыныстары
күндізгі күн сәулесінің қуатынан қызатын, ал түнде терең қабаттарымен
салыстырғанда жыныстардың жоғарғы қабаттарының неғұрлым шапшаң сууынан
жарылу әрекеті жүре бастайды. Тау жыныстары механикалықщ жолмен бұзылады.
Бipaқ олардың химиялық және минералдың құрамы өзгермейді. Физикалық жолмен
үгілудің ең басты ceбeбi — жоғары температура. Температура әсерінен тау
жыныстары, әр түрлі минералдар бірде ұлғайып, бipдe кішipeйеді де, бастапқы
формасын жоғалтып үгіле бастайды. Тау жыныстарының жарықтарына жауын-шашын
кезінде жиналған ылғал жарықты ұлғайтады. Cөйтіп жыныстар бұзылып, үгіле
береді.
Химиялық жолмен үгілгенде тау жыныстарындағы минералдардың құрамы
өзгepiп, жаңа минералдар түзіледі Бұл процестің негізгі ceбeбi — құрамында
көмір қышқылы мен oттегі мол атмосфералық су. Химиялық үгілу процeci тау
жыныстарының суда еруінен және одан әрі тотығуынан басталады да, сапасы
жағынан жаңа минерал қосылыстары пайда болуымен аякталады Сөйтіп, ұсақ
бөлшектерге ыдыраған осы минералдар қайтадан өзара қосылысқа түciп, жаңа
жыныс құрайды.
Химиялық және физикалық үгітлуден пайда болған тау жыныстарының
үriндici жел мен судың күшімен кеңістікке тарайды оның өзінде де одан әpi
уақталып, талай өзгеріске ұшырайды, алуан түрлі аналық жыныс түзеді Аналық
жыныстар кеуектеліп, бойында су мен жылжымалы коректік заттар болады.
Сондықтан да оларда тipi организмдердің пайда болуына қолайлы жағдай
жасалады.
Биологиялық үгілу тау жыныстарындағы минералдардың механикалық және
химиялық жолдарымен бұзылуынан болады. Бiрақ мұндай бұзылу, оларда тіршілік
ететін организмдердің әректіне байланысты. Сөйтіп, топырақ тузілу пpoцeci
кезінде биологиялық жолмен үгілу ең нeriзгi құбылыстардың бipi болып
саналады Биологиялық жолмен түзілгенде тipi организмдер тау жыныста рынан
өзше қажетті минерал заттарды алып, органикалық қосылысқа айналдырады.
Биологиялық үгілу тіршіліктің пайда болуынан басталады. Ол тіршіліктер
микроорганизмдердің тау жыныстарының минералды қосылыстары олардың қopeгi
болғандықтан. Ал микроорганизмдер бөліп шығаратын органикалы қышқылдары тау
жыныстарының химиялық құрамын біртіндеп өзгерткеннен қына, мүк
өсімдіктерінің өcyiнe жағдай жасалады. Мүк пен қыналардың қураған қалдығын
микроорганизмдер ыдыратады, органикалық заттар мен қоректік элементтер
жиналып сақталады. Топырактың пайда болуынан оның қасиеті өзгереді. Мұндай
ортада жоғары сатыдағы өсімдіктер пайда болады.
Өсмдіктер мен тipi организмдердің әсерінен топырақтың құнарлы қабаты
өседі. Топырақтың жоғарғы қабаттарында жиналған құнарлы қыртысында
өciмдiктepгe қажетті азот, фосфор, калии және басқа да қоректік элементтер
болады. Әрине, бұл топырақ түзiлyдiң биологиялық үгілуден екенін
дәлелдейді.
Топырақ — табиғат көркінің айнасы. Бұл сөзде көп мән бар. Топырақтың
тік қазылған пішініне қарап, сол жердегі ауа райының, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесінің т. б. табиғат құбылыстарының тек қазіргі емес,
өткен дәуірлерде қандай болғанын айта аламыз. Сонымен, топырақ жай жатқан
өлі дене емес, жаратылыстың ерекше тарихи әрі табиғи денесі, оның пайда
болу, жер бетіне таралу заңдылықтары мен қасиеттері бар. Оны топырақтану
ғылымы зерттейді

Топырақтану ғылымының халық шаруашылығының басқа салаларымен
байланысы.
Докучаевтің жетекшілігімен 1888 жылы ұйымдастырылған Ресейдегі топырақ
зерттеу комиссиясы — бүкіл дүние жүзіндегі бұл саладағы бірінші топырақтану
ғылымының ұясы еді. Бұл ғылымның дамуына Докучаевтің замандасы, орыстың ірі
оқымыстысы П. А. Костычев, оқушылары Н. М. Сибирцев, К. Д. Глинка көп үлес
қосты.
Докучаевтің қажырлы еңбегінін арқасында 1899 жылы ұйымдастырылып шыға
бастаған топырақтану саласындағы ғылыми-теориялық Топырақтану
(Почвоведение) журналы күні бүгінге дейін Ресей Ғылым академиясының
топырақтану жөніндегі негізгі журналы болып келеді.
В. В. Докучаев ұйымдастырған топырақ зерттеу комиссиясы 1913 жылы
Топырақтану ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. Бұған Қазан
революциясынан кейін В. В. Докучаевтің есімі берілді.
Докучаев іліміне қазақстандық ғалымдар А. И. Безсонов, Ө.О.Оспанов,
В.М.Боровский, А. М. Дурасов, Т. Т. Тазабеков, Р. Жанпейісов, Ж. У.
Ахановтың қосқан үлестері өте мол. Қазақстан Республикасы Ұлттық
академиясының Еңбек Қызыл Ту орденді Топырақтану институты — еліміздің
топырағын жан-жақты зерттеп, оны халық шаруашылығына тиімді пайдаланудың
негіздерін көрсететін басты ғылыми мекеме.
Бұл институт кең-байтақ республикамыздың жер қорын тиімді пайдаланудың
ғылыми негіздерін жасауда біршама игілікті істер атқарды. Барлық
облыстардың орта масштабты топырақ картасы жасалып, олардың сипаттамасы,
агрономиялық қасиеттері, халық шаруашылығына тиімді пайдалану жолдары жеке-
жеке монографияларда баяндалды. Институт қызметкерлері 1950 жылдары
еліміздегі ауыл шаруашылық саласында ірі оқиға тың және тыңайған жерлерді
игеру кезінде көптеген экспедициялар ұйымдастырып, 100 млн гектардай жерді
зерттеуге онын, 25 млн гектарын егістікке игеруге көмектесті.
Республикамыздың сумен қамтамасыз етілген, суармалы егіншілік дамыған
аудандары: Сырдария, Шу, Іле, Жайық, Талас-Ассы, Арыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ құнарлығының биологиялық факторлары
Егіншілік жүйесінің талдау ерекшеліктері
Табиғат, оның адам өміріндегі маңызы
Қазақстан топырақтарының қазіргі экологиялық жағдайлары
Топырақ құрамында азотты тыңайтқыштар
Жерді бағалау
Топырақ құнарлығын ұдайы өндіру
Қазіргі егіншілік жүйесінің ерекшеліктері
Атырау облысы, Махамбет ауданының бұзылған жерлердің топырағын бонотировкалық бағалау
Топырақтың химиялық мелиорациясына анықтама
Пәндер