Топырақ құнарлығын ұдайы өндіру



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Топырақ құнарлығын ұдайы өндіру

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Топырақ құнарлығы, оның түрлері
2. Топырақ құнарлығының биологиялық факторлары
3. Топырақ құнарлығының агрофизикалық көрсеткіштері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Топырақ деп – құрлықтың жоғарғы құнарлы қабатын айтады. Оны зерттейтін
ғылымды топырақтану дейді. Ол топырақ құралу тарихын зерттейді, жекелеген
топырақ типтерін есепке алып, оларды сипаттаудың ғылыми методикасын
баяндайды. Сонымен бірге жерді мелиорациялау жақсарту және топырақ
құнарлығын арттыру жолдарын ұсынады.
Топыраққа, табиғи дене сапасында, бірінші анықтаманы 1886 жылы
В.В.Докучаев Топырақ деп – тау жыныстарынан қандай да болмасын сыртқы
ауа, су және әртүрлі жанды және жансыз организмдердің әсерінен табиғи
өзгерген горизонттарын атау керек деп берегн. 1902 жылы оны Н.М.Сибирцев:
Табиғи топырақ тау жыныстарының беткі горизонттарында жалпы тыс жылжымалы
құбылыстар мен организмдер әсерінен немесе биосфера элементтерімен
байланысты құбылыстар арқылы құралған - деп толықтырған. П.А.Костычев
бойынша топырақ деп, тау жыныстарына жоғарғы, өсімдік тамырлары тараған
қабатты айтады. В.Р.Вильямс пікірінше топыраққа, борпылдақ тау жыныстарының
жоғарғы өсімдіктерді қажет су және қоректік элементтермен қамтамасыз ететін
құнарлы қабаты жатады.
Қазіргі кездегі ғылыми топырақтанудың негіздік қалаушы В.В.Докучаев
пікірі бойынша топырақ деп табиғи-тарихи денені айтамыз, ол өнімдердің: а)
грунттың, б) климаттың, в) өсімдіктер мен жануарлар әлемінің, г) жергілікті
бедердің діріккен іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған.
Міне сондықтан, В.В.Докучаев – топырақты ерекше жеке табиғи дене
ретінде есептеген. В.В.Докучаевтың ашқан – топырақ барлық топырақ түзуші
факторлардың түйіскен іс әсерінен (функциясымен) дамып пайда болған.

Топырақ құнарлығы, оның түрлері

Топырақтың құнарлығы және оны ұдайы өндіру егіншіліктің теориялық
негіздерінің біріне жатады. Олай болу себебі өсімдіктердің тіршілігіне
керекті факторлар негізінен топырақ арқылы алынады.
Топырақ құнарлығы - өсімдік және басқа организмдердің өмір сүру ортасы
болуы, оларды керекті факторлармен қамтамасыз етудің көзі және экологиялық
міндеттерді атқару қабілеттілігі. Құнарлы топырақ ең алдымен мына
талаптарға жауап беру керек:
- өсімдікке қажетті оңтайлы су-ауалық және жылу жүргілерін
қамтамасыз ету;
- қоректік заттардың сіңімді түрлерінің жеткілікті болуы;
- өз қорынан және сырттан енгізілген қоректі заттарды топырақтың
тиімді қабылдауын, шоғырлануын және айналып-өзгеруін қамтамасыз
ету;
- эрозияға қарсы тұру қабілеттілігі мен жаңа агротехнологияларға
бейімделігінің жоғары болуы;
- аз мерзім ішінде топырақтың фитоулылығын, фитопатогендерін жою,
пайдалы және зиянды топырақ организмдерінің арасындағы тепе-
теңдік орнату, арамшөптердің тұқымдары мен вегетативті көбею
органдарынан таза болуы.
Экспериментальды агрономияның бір санаты ретінде құнарлылық – топырақ
түзілімінің табиғи факторлары мен егіншінің өндірістік іс-әрекеттеріне
байланысты айқындалатын, нақтылы сандық және сапалық өлшемдері
(параметрлері) бар топырақтың объективті, өлшеуге келетін өндірістік, ұдайы
өндіруге болатын қасиеті. Ол - өнім өндірудің ақиқатты, бұлтартпайтын
жағдайларының бірі.
Құнарлықтың мына түрлері болады: табиғи және жасанды немесе тиімді.
Бірінші құнарлылық адамның араласуынсыз топырақ түзілуінің табиғи
процестерінің нәтижесінде пайда болады. Қазіргі кезде таза түрінде бұл
құнарлылық тың жерлерге тән болады.
Топырақты ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдалана бастағанда, оны өңдеу,
әртүрлі дақылдар себу, тыңайтқыштар енгізу, суару т.б. шаралардың
салдарынан оның табиғи дамуында, жүргілері мен қасиеттерінде өте елеулі
өзгерістер пайда болады. Адамның іс-әрекеттерінің нәтижесінде туындайтын,
топырақта болатын сапалық және сандық өзгерістер құнарлылықтың жаңа түрі
тиімді құнарлылыққа айналады. Оның деңгейі ауыл шаруашылығы дақылдарының
өнімділігімен айқындалады және ол ұдайы өсіп тұруы қажет.
Әрбір топырақта қоректік заттардың белгілі қоры болады, өсімдік оның
бір бөлігін пайдаланып отырады. Бұдан барып потенциалды құнарлылық деген
ұғым туады. Мысалы, қара топырақты потенциалды құнарлылығы жоғары топырақ
десек, сұр топырақты аталған құнарлылығы төменге жатқызамыз.
Топырақ құнарлылығының белгілі бір кезеңде (вегетация кезеңінде, жыл
бойы, ауыспалы егіс айналымында т.б.) өзгеруі оның бастапқы деңгейімен
салыстырылып сипатталады. Топырақ құнарлылығы белгілі кезеңнен кейін
бастапқы (алғашқы) құнарлылық деңгейінен төмендеп кетсе, оны толық емес
ұдайы өндіріс деп атаймыз, ал құнарлылық бастапқы қалпында сақталса, жай
ұдайы өндіріс, бастапқыдан жоғары болған жағдайда кеңітілген ұдайы өндіріс
деп атаймыз. Әрине, егінші өзінің өндірістік іс-әрекеттері арқылы
құнарлылықтың соңғы түрін қалыптастыруға ұмтылуы тиіс.
Топырақ құнарлылығының факторлары және оған керекті жағдайлары болады.
Факторларға топырақтан алынатын азот және күлді элементтер, су, ауа,
белгілі бір дәрежеде жылу жатады, ал екінші жағдайларға өсімдікті
факторлармен тұрақты түрде қамтамасыз ететін топырақ жүргілерімен
қасиеттерінің жиынтығы жатады.
Топырақ құнарлығы деген түсінікпен қатар агрономияда топырақ
мәденилендіру деген термин кең қолданылады. Топырақты мәденилендіру деп
оның маңызды табиғи қасиеттерін агромелиоративтік шаралардың арқасында
өсімдік өсуіне қолайлы етіп өзгертуді айтады. Топырақ жүргілері мен
қасиеттерінің өсімдік өсіп-дамуына сәйкес келуіне байланысты топырақтар
нашар, орташа, жақсы және жоғары деңгейде мәденилендірілген болып бөлінеді.
Топырақтың әртүрлі қасиеттері оның тиімді құнарлығына теріс әсер етуі
мүмкін. Бұлардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: топырақтың артық
сілтілігі мен қышқылдығы; жер асты суының жоғары орналасуы және топырақта
еритін тұздардың көп болуынан оның екінші (қосымша) тұздануы; топырақтығы
өсімдік тамырының өсіп-таралатын қабатының тапшылығы; микрожербедерінің
тегіс еместігі; баурайдың өте тіктігі, егістікте ағаш-бұталардың, олардың
түбірлерінің, төмпешіктердің, тастардың көп болуы; арамшөптер, зиянкестер,
ауру қоздырғыштарының молдығы; топырақ улылығы; топырақтың сіңіру
сыйымдылығының төмендігі; қарашіріндінің аздығы; топырақтың
микробиологиялық белсенділігінің нашарлығы; өсімдік тіршілігіне қажетті
факторлардың мөлшерден тыс көптігі немесе тапшылығы; топырақ құрылымының
жоқтығы; топырақ тығыздығының, байланыстылығының және басқа агрофизикалық
қасиеттерінің ауыл шаруашылығы дақылдарына және топырақ эрозиясын тудыратын
қолайсыз көрсеткіштері.
Топырақты жақсартуға кедергі болатын аталған факторлардың әсерін
төмендету немесе түпкілікті жою үшін әртүрлі агромелиоративтік шаралар
қолданылады. Тек оларды дер кезінде және сапалы түрде іске асыра білу
керек.
Топырақ құнарлығын бағалау үшін өніммен тікелей байланысты болып
келетін оның агрофизикалық, биологиялық және агрохимиялық көрсеткіштерін
пайдаланады.
Агрофизикалық көрсеткіштерге жататындар: топырақтың гранулометриялық
құрамы, оның құрылымы, өңдеу қабатының құрылысы, тығыздығы, қуыстылығы және
жырту қабатының қалыңдығы. Осы қатарға топырақтың су, ауа, жылу қасиеттері
мен жүргілерін, оның физикалық-механикалық қасиеттерін де жатқызуға болады.
Биологиялық көрсеткіштерге топырақтың органикалық заттарының мөлшері
мен құрамы, биотаның белсенділігі (пәрменділігі) және фитосанитарлық хал-
жағдайы жатады.
Агрохимиялық көрсеткіштер тобына жататындар: қоректік заттардың мөлшері
мен топырақтың қоректік жүргісі, оның реакциясы, алмасу катиондарының
құрамы мен сапасы, буферлік қасиеттері.
Топырақтың өміріндегі әртүрлі көрсеткіштердің, жүргілері мен
қасиеттерінің маңызын бағалағанда, мына жәйттерді есте ұстау керек;
- топырақ құнарлығы оның қасиеттері мен жүргілерінің өзара күрделі
әрекеттері мен бір-біріне әсерлерінің нәтижесі екенін;
- аталған қасиеттері мен жүргілерін сандық өлшеммен бағалауға
болатынын;
- әртүрлі өсімдіктер (өсімдік топтары) топыраққа әртүрлі талаптар
қоятынын;
- топырақ қасиеттері мен жүргілері динамикалық өзгерісте болып
отыратынын;
Топырақ құнарлығын ұдайы өндіру қазіргі кезде екі тәсілмен, заттық және
технологиялық, жүзеге асырылады. Заттық тәсіл тыңайтқыштар, мелиоранттар,
пестицидтер т.б. қолдануды қажет етеді, ал екінші тәсіл – ауыспалы
егістерді, аралық дақылдарды, әртүрлі топырақ өңдеуді, егу әдістерін т.б.
қолдануды қажет етеді. Аталған әдістердің мақсаты бір болғанымен, оған жету
жолдары әртүрлі болып келетіні түсінікті.
Топырақ құнарлығын оңтайландыру үшін талапқа үйлесімді құнарлылық
моделін (үлгісін) жасау керек. Топырақ құнарлылығының үлгісі деп нақтыты
топырақтық-климаттық жағдайда дақылдың белгіленген өнімділік деңгейіне сай
келетін экспериментальды түрде анықталған агрономиялық маңызды қасиеттері
мен жүргілерінің жиынтығын айтады.
Топырақ қасиеттерінің оңтайлы параметрлері (көрсеткіштері) - өсімдік
тіршілігіне қажетті барлық факторлар өте тиімді пайдаланып, дақылдардың
потенциальды мүмкіндіктері толық жүзеге асатын, нәтижесінде өте жоғары және
сапалы өнім қамтамасыз етілетін топырақ қасиеттері мен жүргілерінің
үйлесімді мандық көрстекіштері.
Топырақ құнарлылығының үлгісін (моделін) негізгі дақылдармен
жүргізілген егістік тәжірибелердің негізінде және озат шаруашылықтар мен
сортучасткілерінің мәліметтерін қорыту (сараптау) нәтижесінде агрономияның
әр саласындағы мамандар (топырақтанушылар, егіншілер, мелиораторлар,
агрохимиктер, өсімдік қорғаушылар т.б.) зерттеп ұсынады.
Жоғарыда аталған топырақтың қасиеттері мен жүргілерінің жалпы
көрсеткіштерімен бірге нақтылы жағдайларда кейбір аймақтық ерекшеліктерде
орын алуы мүмкін. Мысалы, тұз режимі – аридты аймақтарда топырақта
кездесетін улы тұздардың мөлшері, құрамы, орналасу тереңдігі және т.б.
Топырақ құнарлығының технологиялық моделі (үлгісі) міндетті түрде
экономикалық есептеулермен толықтырылып, оның тиімділігі дәлелденуі керек.

Топырақ құнарлығының биологиялық факторлары және оларды ұдайы өндіру

Топырақ құнарлылығының биологиялық факторларына оның құрамындағы
органикалық заттарды (жалпы қоры, мөлшері және олардың құрамы), биотасы мен
оның белсенділігі және фитосанитарлық жағдайы жатады.
Органикалық заттар және олардың топырақтағы өзгеру процестері ауыл
шаруашылық дақылдарының өнімділік деңгейін анықтатын өте қажетті топырақтың
агрохимиялық қасиеттеріне жатады.
Топырақтың органикалық заттарының орташа құрамы (Д.Шредер бойынша)
төмендегідей болуы мүмкін: қарашірінді – 85%, өсімдік қалдықтары – 10%,
топырақ биотасы (флорасы мен фаунасы) – 5%. Олардың 40 %-ын бактериялар мен
актиномицеттер, 40%-ын саңырауқұлақтар мен балдырлар, 12 %-ын жауын
құрттары, 5%-ын макрофауна және 3%-ын мезо-микрофауна құрайды Әрине, бұл
көрсеткіштер топырақтың түріне байланысты өзгеріп отыруы ықтимал.
Табиғи өсімдік жамылғысы бар топырақтарда органикалық заттардың
бастапқы көзі болып негізінен өсімдіктердің қалдықтары есептеледі. Ал,
өңделетін жерлерде өніммен бірге олардың басым көпшілігі жиналып кететін
болғандықтан, органикалық заттардың көзі болып өсімдіктердіңжер бетінде
қалған бөлшектері және тамырлары саналады. Онымен қоса бұл заттарды
органикалық тыңайтқыштар толтырады.
Көптеген зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, топыраққа ең мол өсімдік
қалдықтары көп жылдық шалғынды және далалық шөптесінді өсімдіктер өскен
жерлерде түседі (жылына 60-130 цга). Одан кейінгі орынға құрғақ және
шөлейт далалық аймақтар жатады (жылына 40-80 цга), орасан зор биомассасына
қарамай, орманды жерлер ең аз өсімдік қалдықтарын қалдырады (20-64 цга бір
жылда). Сондықтан бірінші жағдайда әртүрлі деңгейдегі құнарлылығы бар қара
топырақ, екінші жағдайда қара қоңыр топырақ, ал үшінші жағдайда орманның
сұр топырағы түзіледі.
Егінде жинап алғаннан кейін қалатын органикалық заттардың мөлшері
бойынша мәдени дақылдарды үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа топырақта
ең көп органикалық заттар қалдыратын көп жылдық бұршақ және астық тұқымдас
шөптер жатады. Бұдан басқа көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің топырақ
құнарлығына оң әсері олардың атмосфералық азотты сіңіру мен топырақтың
жоғары қабатын кальциймен байыту қабілеттері болып саналады.
Екінші топты жалпылама әдіспен себілетін бір жылдық астық және бұршақ
тұқымдас дақылдар құрайды. Бұл дақылдар бірінші топтағы көп жылдық
шөптерден анағұрлым аз органикалық заттар қалдырады және азот сіңіру
қабілеті де төмен болады. Бұл дақылдардың күздік түрлері жаздықтармен
салыстырғанда органикалық заттарды топырақта көбірек қалдырады. Бір жылдық
астық және бұршақ тұқымдас дақылдарды жинап алғаннан кейін топырақта орташа
есеппен 1,5-3,0 тга органикалық заттар қалады. Үшінші топқа отамалы
дақылдар жатады. Олар (жүгеріден басқа) өздерінен кейін топырақта
органикалық заттарды ең аз мөлшерде қалдырады.
Дақылдардың аталған көрсеткіштері мәдени өсімдіктердің өсіру
технологиясын, алдымен ауыспалы егістерді, тыңайтқыштар жүйесін және
басқаларды жасағанда еске алынады.
Өсімдік өсіру барысында топырақта бір мезгілде екі қарама-қарсы процесс-
синтез (жинақтау) және бұзылу жүріп отырады. Олардың пәрменділігі мен
арақатынасының деңгейі бұл процестердің нәтижесін анықтайды. Егер
органикалық заттардың топырақтағы мөлшері тұрақты түрде көбейіп отырса,
дақылдың құнарлылық арттыру әсері арта береді, керісінше болған жағдайда
топырақ құнарлылығы төмендей береді.
Топырақ микроорганизмдері мен фаунасының химиялық құрамының ерекшелігі,
олардағы белоктың молдығы, органикалық заттардың құрамында азот пен бай
компоненттердің (қоспалардың) түзілуіне алып келеді.
Жоғарыда айтқанымыздай, топырақта табиғи жағдайда органикалық
заттардың ыдырау процесі – күрделі құрылымдарының қарапайым түрлеріне, одан
әрі толық минералдану (СО2, NH3, H2O және басқа) заттарына айналуы болады.
Бұл - әрине, күрделі және ұзақ процесс. Оның барысында топырақ
жәндіктерінің көмегімен механикалық немесе физикалық бұзылуы, бактерия,
актиомицет, саңырауқұлақтардың әсерінен биологиялық және биохимиялық
өзгерістер және химиялық процестер жүреді. Топырақтың органикалық
заттарының өзгеру процестері ферменттердің пәрменді түрде қатысуының
нәтижесінде жүреді, олар катализатор ролін атқарып, органикалық заттардың
ыдырау және түзілуіндегі химиялық реакцияларды жылдамдатуға (миллион
еселеп) мүмкіншілік туғызады.
Топырақта өсімдіктер, жәндіктер және микроорганизмдер қалдықтарының
өзгеру процестерінің және оның нәтижесінде пайда болатын метоболизм заттары
табиғаты өзгеше қосындылармен байытылады. Олардың мөлшері органикалық
заттардың 10-15 % құрайды. Олар: құрамында азоты бар заттар (белоктар, амин
қышқылдары), көмірсулар (моно және полисахаридтер), липидтер, илік заттар,
лигнин, өсімдіктер сіңірген күлді элементтер т.б.
Топырақта органикалық қалдықтардың ыдырауымен қатар оның органикалық
заттарының жалпы мөлшерінің 80-90 % құрайтын қарашіріндінің түзілу процесі
де жүріп жатады. Оған мына кқрсеткіштер тән болады: өзіне тән түсі (қарадан
өызғылт сарыға дейін), қышқыл сыйпатты, құрамында көміртегі 36-дан 62%,
азот 2,5-нан 5% дейін, жалпы азоттың 25-35% гидролизге жатпайтыны, жо,ар,ы
молекулярлығы және басқа да қасиеттері.
Осы күнгі егін шаруашылығының ең өзекті мәселелерінің бірі –
қарашіріндінің топырақтағы мөлшерін тұрақтандыру және одан әрі арттыру
болып саналады. Өйткені қарашірінді топырақ құнарлығында орасан зор роль
атқарады.
Бұдан бұрын атап көрсетілгендей, топырақтың агрофизикалық қасиеттері
органикалық заттардың қорымен анықталады. Атап айтқанда, қарашіріндісі көп
топырақтың агрономиялық құнды құрылымы жақсы, суға төзімді бөлшектері көп
болады, жалпы қуыстылығы жоғары, капиллярлық пен капиллярлық емес
қуыстардың арақатынасы оңтайлы түрде қалыптасады, су-ауа жүргілері
(қасиеттері) қолайлы болып келеді (ылғал сиымдылығы, булану қабілеті,
өсімдік қабылдай алатын ылғал мөлшері т.б.).
Қарашіріндісі көп топырақ көктемде тез кеуіп, оны ертерек өңдеуге
мұмкіндік туады, механикалық өңдеуге кететін шығынды азайтады. Мұндай
топырақтың тепе-теңдік көлемдік массасы (тығыздылығы) төмен болады да,
бұндай жерлерде топырақ өңдеуді азайтуға мүмкіншілік туады.
Топырақтағы органикалық заттар өсімдік қоректенуіне керек макро және
микроэлементтердің көзі болып саналады. Онымен қатар топырақ органикалық
заттары минералдық тыңайтқыштардың жоғарғы дозасын тиімді пайдаланудың
негізін құрайды, олардың теріс әсерін төмендетіп, артығын ұстап тұру
қабілетін жоғарылатады.
Топырақтың сіңіру сиымдылығы, буферлігі сияқты физикалық-химилық
қасиеттері де органикалық заттардың мөлшеріне тығыз байланысты болып
келеді.
Органикалық заттар топырақтағы гетеротрофты организмдердің қоректену
көзі болып, топырақтың биологиялық пәрменділігінкүшейтуге тікелей әсер
етеді. Қарашіріндісі көп топырақта микроорганизмдердің түрлері және саны да
көп болады. Органикалық заттардың деңгейіне топырақтан бөлініп шығатын СО2
мөлшері байланысты, ал ол фтотсинтездің тиімділігін жоғарылатады.
Топырақтың органикалық заттарына көптеген физиологиялық белсенді
қосындылар (табиғи өсу заттары, ферменттер, витаминдар т.б.) кездеседі.
Олар өсімдіктің өсіп-дамуына, сіңімді қоректік заттарды көбейтуіне т.б.
процестерге әсерін тигізеді.
Топырақтың органикалық заттары санитарлық қорғаушы қызметін де
атқарады. Атап айтқанда, топыраққа енгізілген пестицидтердің бір жағынан
микробиологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ құнарлығының биологиялық факторлары
Топырақ қабатын терең қопсыту
Жер ресурстары – ел байлығының негізі
Қазіргі егіншілік жүйесінің ерекшеліктері
Тыңайтқыштардың мақта өнімділігіне әсері
Ауыл шаруашылық өнімін өндіруге арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА АУЫСПАЛЫ ЕГІСТІКТЕРДІҢ ЖҮЙЕЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Орман және саябақ шаруашылығын басқару
Мақсары дақылын өсіру және өңдеу технологиясы
Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау
Пәндер