Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы
Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу» және «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде ос екі ұғымның мән-мағынасы бір-бірімен жиі қабысып ұштас келеді. Демографиялық процестерге обьективтік түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады. Кезінде олардың Қазақстанның бүгінгі этногрфиялық келбетінің өзгеруіне әкеліп соқтырған этникалық астары тым мол болды.
Егеменді ел болып, іргемізді бүіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде болды. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады.
Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері.
Республикамыздың географиялық картасына көз салсақ екі бірдей құрлықтың териториямызда орналасқанын байқаймыз. Алып Евразия суперконтинентінің кіндік ортасы Қазақстанда жатқандықтан және республика жер көлемінің 400 мың шаршы шақырымы, яғни 15%-і (Швеция мемлекетінің жерімен тең) Европада орналасқандықтан өзімізді Европалық және Евразиялық мемлекет деп есептеуге болады.
Саны жағынан қатты әлсіреген қазақ халқының өз жерінде азшылықта қалуынан кереғар, күңгірт көріністер туындайын болса оның өзінен саны басым халықтармен іргелес жатуы қосымша қиыншылықтарға алып келеді. Шығысымызда халқының саны қазақтан 100 еседен астам милиардтан астам Қытай мемлекеті орналасқанын естен шығармауымыз керек. «Қара қытай қаптаса – ақыр заман болады» деп бабаларымыз бұдан 500 жыл бұрын өз ұрпағын ерекше ескерткен. Солтүстігімізде Қазақстан 15 еседен артық «ормандай көп орыс» жайғасқан. «Орыспен дос болсаң – айбалтаң жаныңда болсын» деп бұдан 300 жыл бұрын айтқан екен отаршылдық өктемдіктен әбден мезі болған момын қазақ бабамыз.
Республикамызда славян халықтарымен қатар түркі тілдес халықтар сан жағынан айтарлықтай дәрежеде қоныстанған. Олардан араласудан тілімізді байытып, дінімізді берік етеміз, мәдениетімізді өркендетіп, мемлекетімізді күшейте аламыз. Түркі тілдес ұлт өкілдері, нәсілі де, тілі де, мәдениеті де бөтен келімсіктерді арамыздан жылдам ығыстырып шығаруға себін тигізе алады. Жақын арада 3-4 есеге дейін өсім бере алатын шығыс халықтарының саны республикада 1,5 млн. адам.
Туған отанымыз Қазақстанның бүкіл Евразия құрлығындағы нағыз демократиялық өркениетті, жан-жақты дамыған, жетілген елге айналары анық.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда халықтық билеу
және халықтың орналасуы ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде ос екі
ұғымның мән-мағынасы бір-бірімен жиі қабысып ұштас келеді.
Демографиялық процестерге обьективтік түрде талдау жасамайынша
Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның
соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни
күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады. Кезінде олардың
Қазақстанның бүгінгі этногрфиялық келбетінің өзгеруіне әкеліп соқтырған
этникалық астары тым мол болды.
Егеменді ел болып, іргемізді бүіндеп отырған кезде ұзақ жылдар
бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму
үстінде болды. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық мінез-
құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады.
Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық санамыздың
бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері.
Республикамыздың географиялық картасына көз салсақ екі бірдей құрлықтың
териториямызда орналасқанын байқаймыз. Алып Евразия суперконтинентінің
кіндік ортасы Қазақстанда жатқандықтан және республика жер көлемінің 400
мың шаршы шақырымы, яғни 15%-і (Швеция мемлекетінің жерімен тең) Европада
орналасқандықтан өзімізді Европалық және Евразиялық мемлекет деп
есептеуге болады.
Саны жағынан қатты әлсіреген қазақ халқының өз жерінде азшылықта
қалуынан кереғар, күңгірт көріністер туындайын болса оның өзінен саны
басым халықтармен іргелес жатуы қосымша қиыншылықтарға алып келеді.
Шығысымызда халқының саны қазақтан 100 еседен астам милиардтан астам Қытай
мемлекеті орналасқанын естен шығармауымыз керек. Қара қытай қаптаса –
ақыр заман болады деп бабаларымыз бұдан 500 жыл бұрын өз ұрпағын ерекше
ескерткен. Солтүстігімізде Қазақстан 15 еседен артық ормандай көп орыс
жайғасқан. Орыспен дос болсаң – айбалтаң жаныңда болсын деп бұдан 300
жыл бұрын айтқан екен отаршылдық өктемдіктен әбден мезі болған момын
қазақ бабамыз.
Республикамызда славян халықтарымен қатар түркі тілдес халықтар сан
жағынан айтарлықтай дәрежеде қоныстанған. Олардан араласудан тілімізді
байытып, дінімізді берік етеміз, мәдениетімізді өркендетіп, мемлекетімізді
күшейте аламыз. Түркі тілдес ұлт өкілдері, нәсілі де, тілі де, мәдениеті
де бөтен келімсіктерді арамыздан жылдам ығыстырып шығаруға себін
тигізе алады. Жақын арада 3-4 есеге дейін өсім бере алатын шығыс
халықтарының саны республикада 1,5 млн. адам.
Туған отанымыз Қазақстанның бүкіл Евразия құрлығындағы нағыз
демократиялық өркениетті, жан-жақты дамыған, жетілген елге айналары
анық.
Қазақ халқы санының әр түрлі тарихи кезеңдердегі өсіп кеміген
күрделі динамикасы.
жылдар Жалпы саны Орташа жылдық кемуі
(-), өсуі (+),
қарқыны
(%-есептегенде)
1465ж. 1млн. 100 мың -
1723ж. 3 млн. 330мың +0,8 %
1725ж. 2 млн. 222мың -16,8 %
1845ж. 3 млн. 600мың +0,5 %
1900ж. 5 млн. 000мың +0,7 %
1916ж. 5 млн. 650мың +0,8 %
1921ж. 4 млн. 800мың -3,0 %
1931ж. 5 млн. 450мың +1,3 %
1933ж. 3 млн. 400мың -12,5 %
1941ж. 3 млн. 750мың +1,3 %
1945ж. 3 млн. 150мың -4,0 %
1950ж. 3 млн. 460мың +2,0 %
1960ж. 4 млн. 470мың +3,0 %
1970ж. 6 млн. 280мың +4,0 %
1980ж. 7 млн. 990мың +2,7 %
1990ж. 10 млн.000мың +2,5 %
2000ж. 12 млн.300мың +2,3 %
2015ж. 15 млн.000мың +1,5 %
2040ж. 18 млн.500мың +0,9 %
2090ж. 23 млн.000мың +0,5 %
2165ж. 26 млн.500мың +0,2 %
2300ж. 30 млн.000мың +0,10 %
2500ж. 33 млн.000мың +0,05 %
Бұл кезеңде қазақ халқының алғашқы ұлттық мемлекеттегі қазақ хандығы
құрылып, орнықты Алаш ұлысы қазақ ұлты болып қайта қалыптаса
бастады. Ұлттық ынтымақтықтың нәтижесінде сол тарихи кезеңде қазақтар
саны жағынан тез өсіп, өзінің ата-мекенін толық игеріп үлгерді.
Ортақ ұлттық тіршілігіміз – халықтық демографиялық өмірбаянымыздың
жемісті де жеңісті өсу қарқыны басталды. Алда тосып тұрған
жауапкершілік пен отаршылдық сияқты әртүрлі тарихи қиыншылықтар мен
сан қилы әлеуметтік апаттарға қарамай, осы өткен 525 жылдың ішінде
біздің санамыз 10 есеге жуық өсе алған. Біздің жыл санауымызға
дейін, яғни осыдан 2000 жыл бұрын қазақ халқының құрамына енген
түркі тілдес ру-тайпалар саны 200 мың адамға жеткен. Қазақ халқы
сәтті өсіп келе жатқан кезінде алғаш рет қатты жауапкершілікке ұшырар
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдарына тап болды. Осы екі
жылдың қияметті кезең халқымыздың тірнектеп 258 жыл бойы жинаған
санының жартысын жоқ етіп, оны демографиялық деңгейі жағынан 128
жылғатөмен түсіріп тастады.
1725 жылдан бастап 191 жылға созылған (1916ж.) екінші сәтті
демографиялық қайта өсу кезеңіміз басталды. Осы кезеңде, яғни 1916
жылға дейін қазақтың саны 2,5 еседен астам қайтадан өсті. Ақтабан
шұбырындының шығыны 100 жылда әрең тоқтады.
1916 жылдың ортасынан бастап қазақ үшін баяу болса да, бірқалыпты
демографиялық даму үрдісі аяқталып, жаңаша отыз жыл (1916-1945ж.)
ойран басталды. Дәл осы жылы қазақ халқы сан жағынан өзінің ең
биік тарихи шыңына көтеріліп үлгерді.
(1931-1933ж.) ашаршылық және Ұлы Отан соғысы, жалпы алғанда барлығы
13 жылға созылған қасіретті демографиялық апаттар халқымыздың санын
3,5 млн. олқыландырып кетті. 1916 жылдың деңгейіне қазақтар 50 жылдан
соң, тек 1966жылы ғана көтеріле алды.
1946-1960 жылдар аралығында халқымыздың өсу қарқыны 1,5-2,0 %-тен
4 %-ке дейін үдей түссе, 1960жылдан 1988 жылға дейін бір деңгейде
сақталып қалды.
Демографиялық қайта жаңғыру деген 1970-2000 жылдардағы отыз
жылдық кезең бізге несімен құнды? 1990 жылдың ортасында әлемдегі
барша қазақтың қасиетті жеті нөлі бар 10.000.000 млн. адамға жетті.
2000 жылы яғни ХХІ ғасырда туған халқымыз едәуір есейіп, салмақты
санға ие бола алды. Алдын ала жасалған жорамалдарға қарасақ 2025
жылы халқымыздың саны 15.000.000 млн. адамға жеткен. Осы жылдары
Қазақстандағы халық санының 32 қазақтардың өздері құрайтын болады деп
жорамалданған.
Халқымыздың саны 2000 жылы 15.000.000 млн. адамға жетті, ал енді
1-ші кестеде көргендей, халқымыздың саны осындай қарқынмен көбейсе
2030 жылы 20.000.000 млн. жетеміз деген үміт бар.
Бірақ еліміздің президенті Н. Назарбаевтың жоспары бойынша 2015
жылы халық саны 20 млн. болуы қажет. Сондықтан халықтың санының
азайып кетпей, одан әрі көбеюіне барлығымыз бірдей атсалысайық..
Әдебиеттер тізімі:
1. Әбсаттаров Р.Б. Әлеуметтану. Алматы. 2003
2. Қазақстан және оның аймақтары. №3 – 2000 жыл. Алматы. 2000.
3. Қазақстан және оның аймақтары. № 5 – 2000 жыл. Алматы. 2000.
4. Қазақстан өңірлері бойынша халықтың экономикалық белсенділігі.
1995-2004. Алматы. 2005
5. Қазақ қайтсе көбейеді? Алматы. 2006
Мәссаған сайтынан алынған материалдар.
Қазақстанның халықнамалық (демографиялық) тарихы
1. Қазақстанның қазіргі халықнамалық ахуалы
Халықнама деген қашанда ұзақ әңгіме. Оны Қазақстанның қазіргі
халықнамалық ахуалын қысқаша талдаудан басайық.
1. Қазақстанның демографиялық ахуалы қиын ба? Бұл ең басты сұрақ. Елдің
демографиялық жағдайы нашар деп бірнеше түрлі жағдайда айтады:
А) Елдегі халық саны жыл сайын азайып келе жатқан жағдайда: Қазақстан
халқы жыл сайын артып келеді (жылына 200 мың адамға көбейеді, яғни бес жыл
сайын 1 млн адам қосылып отырады), мысалы 2030 жылы Қазақстан халқы 20 млн-
ға, ал 2050 жылы 25 млн-ға (қазір 15,5 млн) жуықтайды. Бұл - оң көрсеткіш.
Мысалы, көрші Ресей халқы жыл сайын азайып келеді (жыл сайын 800 мыңға).
Яғни Қазақстанның болашақтағы демографиялық ахуалы жақсы, Ресейдің келешек
демографиялық ахуалы нашар.
Ә) Елдегі жергілікті халықтың пайыздық өлшемі азайып бара жатқан
жағдайда: бұл өлшемге келсек, Қазақстанда қазақтардың пайыздық өлшемі жыл
сайын артып келеді. 2020 жылы Қазақтар Республика халқының 70 пайызынан
асса, 2040 жылы қазақтар Республика халқының 80 пайызына жететін болады
(қазір 60 пайыз). Бұл да - оң көрсеткіш. Ал Ресейде орыстардың пайыздық
көрсеткіші азайып барады. Ондағы мұсылман халықтары (шешендер,
дағыстандықтар, татарлар, башқұрттар) өсіп келеді.
Б) Елдегі халықтың өсімі тым жоғары болған жағдайда (мұның себебі ел
мәселен Қытай сияқты халық санын шектеуге мәжбүр болады, немесе халықтың
жылдық өсімі елдегі экономиканың (ВВП) жылдық өсімнен жоғары болса, ел
кедейшілікке бағытталады, яғни экономиканың өсімді халықтың өсімі жұтып
қояды да, жан басына шаққандағы ұлттық табыс кеми береді): Қазақстан халқын
тез көбейіп келе жатыр деп айтуға келмейді. Бұл да оң көрсеткіш дейік,
дегенмен өсім бұдан жоғары болуы керек еді. Сондықтан Қазақстан:
біріншіден, елдегі табиғи өсімді қолдауы керек; екіншіден, оралмандарға
бөлінетін квотаны арттыра беруі қажет. Үшіншіден көшіп жатқан өзге ұлт
өкілдерін жібермеу күш салып, қайта көшіп келіп жатқандарда қолдауы тиіс.
Қазір Қазақстан экономикасының жыл сайынғы орташа өсімі 9 пайыз болса,
халықтың өсімі 2 пайыз болып отыр.
В) Елдегі халықтың орналасу тығыздығы әр аймақта, әр шекараның маңында
әркелкі болған жағдайда: Оңтүстікте халық тығыздау, басқа аймақтарда
сиректеу екені болмаса, Қазақстанда бұл көрсеткіш барынша біркелкі. Бұл -
оң нәтиже. Алайда халық солтүстік облыстарға қарай жылжуы керек еді, осыны
ескергенде, Астананы көшіру демографиялық тұрғыдан оң шешім болды. Мысалы,
Ресейде Сібір мен Қиыр Шығыста халық өте аз сирек қоныстанған, былайша
айтқанда сібірлік қалың орманды алқаптар бос жатыр және ол аймаққа Қытай
елінен қоныс аударушылар таяу болашақта қауіп төндіріп отыр. Ұлттық
қауіпсіздікке қатер.
Г) Елдегі халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы тым төмен болғанда және
халықтың орта жасы тым кәрі болғанда. Қазақстандағы адамның орташа өмір
ұзақтығы өте төмен (әлемде 122 орын). Бұл - оң нәтиже емес. Алайда таяу
болашақта әл-ауқаты жақсаруға байланысты арта береді деген үміт бар.
Халықтың орта жасы шамамен 23 жаста. Бұл - оң нәтиже. Ал Ресей қартайып
бара жатқан ел. Халықтың орта жасы 23-те деген нені білдіреді. Бұл
біріншіден жас халық дегенді білдіреді, екіншіден ол әлі өсетін халық
дегенді білдіреді және ғаламдық өзгерістерді тез қабылдайды дегенді
көрсетеді. Қазақ - еліктегіш халық. Бұл оның осы жастығынан. Ертең бір 200-
300 жылдан кейін қазақтың орта жасы қырыққа тақалғанда, бұл еліктегіштіктен
арылады. Халықтың жас кезінде оның өнері дамиды. Шынында да Қазақстанның
(шағын ғана ел болғанмен, 15 млн деген бір ірі қаланың халқы ғой) өнер және
спорт саңлақтары әлемге белгілі. Ал халық есейген кезде (мысалы Жапония,
Ресей, Германия тәрізді) ғылым дамитын болады. Сонда қазіргі ең басты
мәселе халықтың орташа өмір сүру ұзақтығының тым төмен болуы. Яғни
Қазақстан халқында денсаулық жоқ.
Ғ) Қала халқының саны мен ауыл халқының санында немесе жұмысшылар мен
шаруалардың саны арасында айырма болған жағдайда. Елде ауыл халқы неғұрлым
басым болған сайын ол аграрлы ел болады, ал қала халқы басым болған сайын
индустриалды ел бола бастайды. Қазақтсанда қашанда ауыл халқы басым болып
келген еді, алайда соңғы жылдары ауылдан қалаға қарай ағылып көшу басталып
кетті. Алайда қалаларға орналасушылар алдымен баспана мәселесіне тап болып
қиын күрмеуден шыға алмай отыр. Сонымен қатар қала халқының үлес салмағының
артуы және қазіргі жаңару үрдістері өзінше бірнеше мәселелерді алып келеді.
Нашақорлық, араққұмарлық, жезөкшелік, қылмыстық топтардың пайда болуы, діни
бұрма секталардың, миссионерлердің ықпалының артуы, СПИД дертінің таралуы,
елде ұлдардың қыз балалар санынан аз болуы, тұрмыс құрмағандардың және
үйленбеген сүрбойдақтардың көбеюі, тірі жетім сәбилердің және түсік
жасатудың, сонымен қатар қараусыз қалған қарттардың саны көбеюі – бұның
бәрі халықнамалық тұрғыдан тым ұнамсыз мәселелерге жатады. Қазақстанда оның
себебі тәрбие ісінің нашарлауынан және батыстық өмір салтына еліктеуден
және құдайсыздықтан туындаған еді. Бұл бағытта енді Қазақстан жастарының,
кейінгі ұрпақтың жағымсыз әдеттерге бой ұруы соңғы жылдарда біртіндеп
азайып келе жатқандығы туралы айтуға болады. Оған себеп - біртіндеп болса
да әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, ұлттық идеологияның қарқын алуы және
адамгершілік пен имандылық бастауларының елшісі болып табылатын Ислам діні
ықпалының жастар арасында кеңінен тарауы. Бұл үш жағымды факторды әрқашан
қолдап отыру керек.
Тағы да басқа көптеген өлшемдер бар,соның ішіндебастысы халықтың
қартаюы, яғни жастарға қарағанда қарттардың саны көп болуы. Мысалы, Италия
мен Жапония әюден қартайған халық. Қарттар тым көп, ерескетер одан аздау,
ал балалар тіпті аз. Кері кету деген осы. Халық әрқашан жасарып отыруы үшін
жас сәбилердің дүниеге келу саны ешқашан кемімеуі керек және жастар
мезгілінен кешікпей үйленуі тиіс. Ал қазақтар жас халық. Бұл да жағымды
көрсеткіш. Осы негізгі көрсеткіштер бойынша Қазақстанның демографиялық
жағдайы (Ресеймен, Украинамен, Италиямен, Жапониямен т.б. салыстырғанда)
жақсы деп айтуға болады.
Көпшілікті Қазақстандағы халық санының өсуі алаңдататын тәрізді. Шыныда
да ол төмендеу, егер оралмандар үлес қоспағанда, шынында да жергілікті
халықтың өзіндік табиғи өсімі төмен еді. Оны қаржылай қолдау керектігі
айтылады. Мәселе тікелей қаржыда емес әрине, Ресейде 2007 жылдан бастап,
жаңа туған әр балаға 10 мың доллар салу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім
бұл елдегі халық санын көбейтпейді, көбейер болса, ай сайын табатын табысы
сол 10 мың доллар болатын Батыс Еуропа елдері көбейер еді, керісінше кедей
Африка елдері көбейіп отыр. Италия, Франция, Германия халқы жыл сайын
азайып келе жатқандықтан, миграция есебінен (қара нәсілділердің есебінен)
ғана сақталып отыр. Ал Қазақстандағы жағдай мүлде басқаша: халықтың өсіміне
кедергі болып отырған ең бірінші мәселе - ана мен баланың денсаулығы,
екіншіден - баспана мәселесі. Үшіншіден - менталитеттегі өзгеріс (үйленбей,
тұрмысқа шықпай жүріп алу, бала санын біреумен шектеу, оны "бейнет" санау,
ажырасудың көптігі) – бұлар мұсылманға және қазаққа жат нәрселер).
2. Қазақстанның демографиясындағы оң көрсеткіштерге тоқталған едік, енді
теріс (қауіпті) көрсеткіштерді анықтайық:
А) Халықтың демографиялық жағдайы қиын деп айтады, егерде сол халықтың
көп пайыздық мөлшері өз ана тілін білмейтін болса және қолдайтын мемлекеті
жоқ болса. Себебі тілі жоғалған халық өзі де жоғалады. Қазір Қазақстанның
өз мемлекеті бар. Қазақ тілі Заң жүзінде қолдау тауып отыр делік. Алайда
Қазақстандағы қазақтың 30 пайызы (3 млн-ға жуық адам) өз ана тілін
білмейді. 250 жылдан аса уақыт отаршылдықта болған халық үшін түсінуге
болатын көрсеткіштер болғанымен, бұл әрине оң нәтиже емес. Соңғы 15 жылда
бұл жағдай ептеп түзеліп келеді деп есептейік. Сонда да қазақ тілін
меңгерушілер санының көңіл-көншітерлік жағдайда емес екені ең көкейкесті
және қиын күйінде қалып отыр.
Б) Демографиялық жағдай қиын деп айтылады, егер сол халықтың көп бөлігі
шет елдерге бытырап кеткен болса және олар басқа халықтарға сіңіп азайып
бара жатқан болса. Қазақстанда 9 млн қазақ тұрады, шетелдерде шамамен 4,3
млн қазақ тұрады. Бұдан шығатын қорытынды - елдегі қазақтың тең
жартысындайы өзінің тарихи Отанынан шетелдерде тұрады. Бұл - оң көрсеткіш
емес. Жер шарына тарыдай шашырап кетуіміздің және шекара бөлгенде арғы
жақта қалып, көрші ауылдағылардың бірі шетелдік болып шыға келуіміздің де
тарихи себептері бар. Алайда әлемде тек өз қандастарын арнайы квотамен
жинап отырған жалғыз-ақ ел бар (жасанды мемлекет - Израильді қоспағанда):
Ол - Қазақстан.
Енді басқа ұлттардың құрамына сіңіп жоғалу қазіргі кезде орыстану,
қытайлану, өзбектену және түріктену мәселелерімен, сол елдегі қазақтардың
қазіргі жайымен байланысты. Ал еуропалық қазақтардың кейінгі ұрпағы -
жастары ("Үшінші буын" деген атаумен белгілі) қазақ тілінен де, рухы мен
дәстүрінен де (қазақшылықтан) ажырап барады. Бұл теріс - көрсеткіш. Бұл -
алаң туғызарлық жай. Мемлекеттік және мемлекетаралық дәрежеде осы екі
мәселеге көңіл бөлінуі тиіс. Қазақстан оны қазір шетелдік қазақтарды жинау
арқылы және шетелдегі қазақтарды мәдени қолдау арқылы шешуге ұмтылып отыр.
Алайда шынын айту керек, ол елдерде қазақ мектебі болмағасын-ақ,
қазақтардың өз мәдениетін жоғалта бастауы орын ала береді. Ол алдымен
жастарды шарпитын болады.
Шет елдерде Қазақтар көптеп қоныстанған аймақтарпайда болды. Оған
негізгі кінә - шекаралар. Ресей қазақтары қазір 700 мыңдай, негізінен
орыстілді, Астрахань, Орынбор, Омбы және Алтай республикаларында тұрады.
Қазақстанға квотаны пайдаланбай, елге келмей отыр. Себебі Ресейде өмір сүру
деңгейі Қазақстанға қарағанда әрқашан жоғары, және ол Ресей дамыған
елдердің қатарына жататындықтан, алдағы уақытта да жоғары болып қала
береді. Бұл қазақтардың орыс халқының құрамына сіңу қаупі бар. Негізі
бұлардың көпшілігінің төлқұжаты ғана қазақ. Ресей Қазақстанғмен шекараны
кезінде қалай бөлді. Қай жерде қандай халықтың саны басым болса, шекара
сызығы сол жерді сол мемлекетке тастап кетіп отыратын. Егер шекараны бөлу
қыста жүргізілсе, онда бұл аймақтарда орыстар басым болатын, себебі
қазақтар жазда жайлауларына Сыр бойына, оңтүстікке көшіп кететін. Ал Орыс-
Қазақ шекарасын жазда бөлгенде, бұл жақтарда әрқашан жайлауға көшкен
қазақтардың саны басым болатын. Оңтүстікте керісінше, мысалы Сыр бойы мен
Ташкент маңында қыста қазақтар өзбектерден бірнеше есе басым болатын, ал
Қазақ-Өзбек шекарасын жазда бөлгенде, онда әрқашан өзбектер басым болып
шығады, себебі қазақтар жазда Солтүстіккее Арқа мен Көкшетауға, Орал
тауларына, Батыс Сібір мен Ертіс бойына қарай ойысып жайлауға көшіп
кететін. Ал жасанған жайлаулар күз түсіп, ел кеткен соң құлазып қалатын.
Сондықтан, шекара сызығы Өзбек пен Орыс тәрізді ортырықшы халық үшін
дұрыс болғанмен, Қазақ пен башқұрт сияқты көшпенді халықтар үшін тым
әділетсіз тәртіппен бөлінді. Сөйтіп қазақтардың жайлаулары мен қыстаулары
басқа мемлекеттеге қарасты болып шыға келді. Бұның айқын тарихи дерегі бар
– Қазақстанның астанасы болып жарияланған Ташкент қаласының 1920 жылдары
қолдан қолға өтуінің себебі қызық. Бір санағанда, қыста қала мен қала
төңірегінде қазақтар басым болған, кейін тағы бір санағанда, яғни жазда
Өзбектер басым болған. Ал екінші астана Орынбордың да қолдан қолға кетуі де
осыған тым ұқсас, Орынбор төңірегінде бір санағанда, қыста Орыстар басым
болған, ал жаз айларында санағанда Қазақтар басым болған. Әрине, қызық.
Алайда, Ресей мен Өзбектер арасындағы қазіргі шекара осылай пайда болды. Ал
Қытай мен арадағы қазіргі шекараның тағдырын бір кездерде Қазақстансыз-ақ
Ресей мен Қытай ипериялары өздері шешті. Ол кезде қазақтың мүддесі мүлде
ескерілген жоқ.
Енді Қазақстанның ішіндегі халықнамалық ахуалға тоқталайық:
- Қазақстандағы халық саны 15 млн 546,5 мың адам. Оның 60,1 пайызы, яғни
9 млн 254, 6 мыңы қазақтар. Ал 25,5 пайызы орыстар, яғни 3 млн 940 мың.
Қалған 14,4 пайызын өзге ұлттар құрайды. Олардың ішінде ірілері украиндар
(435 мың), өзбектер (460 мың), татарлар (229 мың), ұйғырлар (235 мың),
немістер (222 мың), белорустар (101 мың), әзірбайжандар (98 мың), кәрістер
(97 мың) және курдтар мен шешендер.
- Табиғи өсім бойынша (көшіп келу мен көшіп кетуді шығарып тастағанда)
ең тез көбейіп келе жатқан халықтар: өзбектер, күрділер, ұйғырлар (өсім
коэффициенті: +10 пайыздан жоғары). Ең тез азайып бара жатқан халықтар:
украиндар және белорустар (өсім кф-і: -10 пайыздан төмен).
- Қазақстанда пайыздық көрсеткіш бойынша қазақтар ең басым облыстар:
Қызылорда обл - 97 пайызы қазақтар; Атырау обл - 92 пайызы қазақтар. Сондай-
ақ Оңт. Қазақстан обл - 90 пайыз; Маңқыстау обл - 85 пайыз және Алматы обл
- 75, Ақтөбе обл - 78, Жамбыл обл - 75 пайызы қазақтар. Бұл көрсетілген
жеті облысты қазақ облыстары деп атаймыз.
- Қазақтардың пайыздық көрсеткіші Шығыс. Қазақстан обл-нда - 50; Ақмола,
Қарағанды, Павлодар обл-рында 40-42 пайыз аралығында, болса, бұл 4 облысты
аралас облыстар дейміз. Ал қазақтар ең аз тұратын Солт. Қазақстан және
Қостанай облыстарында 30-32 пайыз аралығында қазақтар тұрады. Бұл екі
облысты орыстілді облыстар дейміз. Ал екі астанамызда, Алматы және Астана
қалаларында - қазақтар шамамен (оны дәл айту қиындау, себебі бұл қалалар
тез өсіп келеді және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген оқушы, студент
жастар тез ауысып отырады) тиісінше 49 және 47 пайыз қазақтардан құралады.
Немесе Астаналарымызда халықтың тең жартысын қазақтар құрайды деген
қорытынды шығаруға болады. Және шындығында бұл екі қалада да, қазақтар жас
екенін, ал орыстыілділер қарт екенін айтуға болады. Әсіресе, Астана –
халқының құрамы бойынша жастар қаласы. Көшеге шыққан адам негізінен
жастарды, жас жанұяларды және жас бөбектерді көреді. Көреді де, көңіліне
қуаныш ұялайды...
Болашаққа келсек, Демографияның демеуші желі Қазақ тілі және қазақтар
жағынан соғып тұр. 2018-1019 жылдары елдегі қазақтардың саны 70 пайызға
жетеді. Оған себеп – соңғы жылдары бала табу деңгейі де өсіп келеді, елге
келетін оралмандар саны да артты. 2012-2015 жылдар аралығында елдегі бала
табу саны өзінің шарықтау шегіне жетеді. Және ондай жоғары және тым тез
өсім, 21 ғасырда бұдан кейін қайталанбайды. Сөйтіп біртіндеп орыстар мен
орыстілді қазақтар бала таппағандықтан және қарт ұлт болғандықтан, азая
береді де, қазақтар мен қазақтілділер жас халық болғандықтан, көбейе
түседі. Сөйтіп ғасырымыздың орташенінде елдегі қазақтар мен
қазақтілділердің (қазақстандық өзбектер мен қырғыздар, қарақалпақтар мен
азербайжандар) жиынтық пайызы 80-ге дейін көтеріледі. Егер елдегі халықтың
80 пайызы қазақтілді болса, ол кезде біршама мәселелер, соның ішінде қазақ
тілі мәселесі және ұлттық қауіпсіздік мәселесі көп ретте өздігінен-ақ оң
шешімін табар еді. Басты мәселе – мектеп бітірушілер және оқуға түсушілер
орыс тілінен емтихан тапсырады дегенді жою керек. Бұл қазақ тіліне қарсы
жасалған қиянат – себебі, егер олай болса, орыс тілінен емтихан тапсырулар
қала берсе, енді жаңа ғана қазақ мектептеріне ауысып келе жатқанда,
қазақтардың өздері балаларын қайтадан орыс мектебіне бере бастайтын
болады...
- Қазақстандағы ерлер мен әйелдердің пайыздық көрсеткіші тиісінше 45 де
55, ал жиырма бес жастан асқаннан кейін, үйленутұрмыс құру жасында бұл
көрсеткіш 43 де 57 құрайды. Әрбір ересек 43 еркекке 57 әйелден келеді.
Бұндай жағдай негізі Ресей мен Белоруссияда да бар еді. Алайда Ресейде 145
млн халық болғасын, тым көпшіліктің арасы болғасын және Ресейдегі жанұяға
деген көзқарастың Қазақстанға қарағанда басқашалау болуына байланысты -
адамдардың күнделікті тұрмыстық деңгейде анық байқалатындай болған жоқ. Ал
Белоруссия аймағы шағын ел болғасын, білінбей кетті. Қазақстанда күнделікті
тіршіліктен де байқалды: кәрі қыздар және жалғызбасты Аналар тым көбейіп
кетті...
Оның басты себебі - Қазақстандағы жер көлемінің кеңдігі және халық саны
(қазақтар небәрі - 7-8 млн болды) аз болғасын осы мәселе тікелей алдан
шықты. Бұл жағдай Үкіметіміз Ана мен Баланың және Халықтың денсаулығына сәл
көңіл аударса (назар аударып та жатыр) және урбандалу шапшаңырақ жүрсе,
сосын жігіттеріміз зиянды әдеттерден аулақтау болса, енді бір 15-20 жылдан
кейін түзеліп кетеді, бұл деген уақытша демографиялық дағдарыс қой...
Оның шешімі - Жігіттер білім алуы керек - оқыған қыздар көп те, оқыған
Жігіттер аз. Ер балаларын біздің халық оқытпайды, ал қыздарын жаппай
оқытады. Сосын оқымаған Жігітке, сөзі мен түсінігі үйлеспегесін қыздардың
барғысы келмейді. Жігіттер қалаға қарай келуі керек - ауылда Жігіттер көп
те, Қыздар аз. Қыздарымыз ауылға барғысы келмейді. Зиянды әдеттерден қашық
жүру керек - Ондай Жігіттерге Қыздар қарағысы да келмейді. Дәрігерлік
қамсыздандырудың сапасын арттыру арқылы жаңа туған сәбилердің шетінеп
кетуін азайту керек - негізі туған кезде ер балалар саны, қыздарға
қарағанда көптеу болады. Осылай-осылай кете береді де - солар орындалса,
бұл мәселе (Жігіттердің аз, қыздардың көп болуы) кейін өздігінен шешіліп те
кетеді...
Қазақтардың басқа ұлттармен некелесуі қазір онша қауіпті деңгейде болып
тұрған жоқ. Соңғы жылдары Түріктермен некелесу саны артып келеді.
Қазақстанда негізі Түрік жігіттері ғой, сондықтан қыздардың бұл халыққа
тұрмысқа шығу пайызы жоғары. Шетелдерден келетін өзге ұлт өкілдерінің
қауіпі бар. Себебі Қазақстанға жыл сайын жұмыс іздеп 4 млн-дай шетелдік
жұмыс жасайды. Шетелдік компаниялар басым және Өзбекстан мен Қырғызстаннан
көптеген халық келіп, нәпақа табады. Бұның өзі жұмыс күші жетіспейтін
Қазақстан үшін пайдалы болғанмен, кейбір ұнамсыз жақтары бар: әлеуметтік
шиеленіс те, қылмыс жасау да, есірткі тасымалы, көптеген ұсақ заңсыздықтар
да жаз айларында артады.
Қазақ халқының қазіргі қысқаша халықнамалық ахуалы осындай. Енді келесі
тарауда халқымыздың әдеттегі өзіне тән сандық мөлшері қалай қалыптасқанын
білу үшін өткенімізге үңілетін боламыз. Себебі қазақты қанша дегенмен,
шағын халық де атауға келмейді. Және ол, мысалы, 16-17 ғасырларда аймақтағы
ірі халықтардың бірі болатын. Тіпті 20 ғасырдың басында да Қазақтар саны
көп халықтардың қатарында болғанын екенін білеміз. Мысалы, Қырғыздар мен
Түрікмендер аз халықтар болды, Кавказдағы және Алтайдағы ондаған Түркі
халықтары тіпті одан да аз болды. Ал, жоғарыда айтқандай "Бұл қазақтың
санына жете алмассың" деп Қалмақтар айтатындай Қазақтар сонша көп халық
болып қалай қалыптасты, неліктен ол басында-ақ, Қазақ Ордасы құрылған
ғасырлардан-ақ бірден көп халық болды.
Дешті қыпшақтың жалпақ даласын кесіп өткен саяхатшы Марко Поло саяхатшы
бұл даланың кеңдігіне де, ондағы мал баққан көшпенді халықтың сонша
көптігіне таң қалған еді. Ал саяхатшы Вамбери одан кейіндеу Қазақ
Хандығының даласы мен халқы жөнінде жазады: Қазақтың санына жету үшін
даладағы құмды санау керек деп. Ол кездерде жалпы әлемде халық саны аз
болатын, сондықтан қазақ халқы ол кезде 18 ғасырда әлемде саны жөнінен
дүниедегі халықтар арасында 40-орында тұрған еді дейтін мәліметтер де бар.
Енді Қазақтар көп халық болып қалай қалыптасты...
2. Дешті-Қыпшақтың халқы деген кімдер еді
Жалпы Қыпшақтар деген кімдер өзі. Қазақ халқы, Қазақ жері өзінің мың
бұралаң тарихында бірнеше рет демографиялық апатқа соқтырған, яғни
халқымыздың санына көп өзгерістер әкелген бірнеше ауыртпалықты басынан
кешті. Сонымен қатар халықтың тез өсіп-өнген тыныш замандары да болды.
Соларға деректер бойынша келіп, тоқталып өтпеуге болмайтын сияқты. Бұл да
тарих: халықтың санымен жазылған тарих, сондықтан бәрін де негізінен сандар
мен пайыздар көрсетіп отыратындықтан, көп жағдайларда цифрлар
сөйлейтіндіктен, сөзбен "айтпаса да түсінікті" тарих. Тарихи зұлматты
оқиғалардың да, бақуатты өмірдің де, сондай-ақ өрлеулер мен өрістеулердің,
құлдыраулар мен құлазулардың атынан енді сандар пен пайыздар сөйлеп кететін
тарих...
Халық бұрын пайда бола ма, әлде ұлттың мемлекеті бұрын пайда бола ма.
Әрине, халық, ұлт қой дейді қисынды ойлар бірауыздан. Халық пен Ұлт
қалыптасады, сосын олардың мемлекеті орнайды, не ойландыратыны бар екен.
Алайда Тарих атамыз олай емес болуы да мүмкін екенін, тарихтың жолы мың
бұралаң қым қиғаш екенін көрсетеді. Алдымен мемлекет пайда болып, соның
шеңберінде халық тұтасады деп түсінейік. Қазіргі Франция, Италия, Америка,
Қытай халқы солай пайда болған. Мемлекеттің құрамындағы әр алуан ұлыстар
мен тайпалық одақтар тұтасып, тілі мен дәстүрі біріңғай бола түседі де,
шекараның аржағында қалып қойғандар бұл үрдіске енбей қалып, бұл құрылымнан
алыстай түседі. Ғасырлар өткен соң шын мәнінде біртұтас халық қалыптасады
да, шет қалғандар енді басқа шеңбердегі басқа халыққа айнала бастайды.
Сөйтіп бір кездегі біртұтас халық бөлшектеніп, мемлекеттік шекаралар мен
ықпал етулер аясы шеңберлерінде енді бірнеше халықтар пайда болады. Бір
ақиқат бар: мемлекет пайда болғанда оның құрайтын халқы аспаннан түспейді
ғой.
Монғол-татар шапқыншылығы негізін салған Алтын Орда мен Юань империясы
атты атты құдіретті ұлан-байтақ Еуразиялық империялар құрылмағанда, қазіргі
тарихи тамыры ортақ Қытай, Ресей және Қазақстан мен Монғолияның
мемлекеттіліктері тіпті де басқаша болар еді және одан гөрі кеш қалыптасар
еді. Соның ішінде алып Ресей мен Қытай сияқты елдердегі өзара қырқысып
жататын шағын патшалықтар мен княздіктер ешқашан бір орталыққа топтаспас
еді. Ол кездерде халық деген түсінік те қазіргідей емес еді. Сондықтан да,
өздерін қазіргідей Қытайлар немесе Орыстар атты тұтас халық ретінде
сезінбегендіктен де, Қытай мен Ресейдің қала-патшалықтары дала заңдарына,
жауынгерлік қатал тәртіпке бағынып, жұдырықтай жұмылған көшпенділердің
шабуылдарына тұтасып қарсы тұра алған жоқ. Тұтастық болмағасын жеңілді,
найзалар мен жебелерге құдіретті ойрандағыш зеңбіректер мен оқ-дәрілер
қарсы тұра алған жоқ, аз санды көшпенділерге олардың халқының ондаған есе
көп болуы да тегеурін көрсете алған жоқ. Ал далалық Көшпенді империялар бұл
бытыраңқылықты жойып, Ресей мен Қытай жеріндегі мың жылда да басы
қосылмаған Патшасымақтарды бір тудың астына топтастырды, сөйтіп оның
арқасында қазіргі Қытай мен Ресей пайда болды. Бұл жағдай халықтан бұрын
мемлекеттің пайда болатындығын көрсетеді. Сол мемлекеттің аясында біртіндеп
халық, ұлт қалыптасады.
Қазақ хандығы құрылғанда, оның халқы да осы ежелгі даладағы жергілікті
ру-тайпалардан құралып, қазіргідей Үш жүздік құрылымымен анықталып шықты.
Бұрын Алаш халқы деген сөз Қазақ дегенді білдіретін, енді Үш жүз деген
сөз Қазақ дегенді білдіретін болды. Бұл бұрынғы Алтын Орда мен Ақ Орданың
қара шаңырағы негізінде құралған мемлекет екені анық. Тарихи жағдай солай
қалыптасты: Жошы ұлысының халқы қазіргі қазақтардың 90 пайызынан астамын,
ал Шағатай ұлысының халқы 10 пайызға жуығын берді. Біреулер кейде
шекаралары қазақстандық территорияға қазір енетін болғасын қосады: Алтай,
Саян, Ертіс жеріндегі Үгедей ұлысының халқы негізінен ойраттар (жоңғарлар,
торғауыттар, хошауыттар, қалмақтар) болатын. Қазақ халқы қай кезде
қалыптасты. "Алтай тауларынан бастап, Карпат тауларына дейінгі Еуразияның
жалпақ даласы - 11-16 ғасырларда Дешті-Қыпшақ даласы деп аталды" деп
жазылады ғой. Қазақтарды қазір тілтану ғылымында Қыпшақ тілді Түркілер
дейміз. Тарихи тұрғыдан да, дәл қазір де көршілес тарих ғылымы жақсы
дамыған елдерде Түркия, Әзірбайжан, Татарстан зерттеулерінде Қазақтар
әрқашан Қыпшақ түркілері деп аталады. Қыпшақ түркілері деген кімдер
сонда. Қазақтан басқа Қыпшақ түркілері бар ма.
Кавказ жақта Қазақтарға тым ұқсас тілде сөйлейтін түркі тілдес бірнеше
(трухмендер, балқарлар, қарашайлар, құмықтар, черкестер, кабардиндер т.б.)
шағын халықтар бар. Алайда оларды Қыпшақ түркілері деп атамайды. Олар сол
жерде Бұлғар және Оғыз түркілеріне келіп, қыпшақтардың ықпал етуі
нәтижесінде пайда болған. Тілі жағынан Қыпшақтар мен Оғыздардың
аралығындағы топтарға жатады. Одан кейін карта бойынша жоғарыға Қара теңіз
бен Қырымға қарай көтерілсек, тағы да Түркі тілдес бірнеше халықты (Қырым
татарларының үш түрлі тілде сөйлейтін тобын, Гагауздарды, Балқан
түркілерін) көреміз. Олардың да түпкі негізі Бұлғар Түркілері екенін, оған
келіп Оғыз түркілері, сосын ең соңынан Қыпшақ түркілері араласқанын
танимыз. Сөйтіп бұл халықтардың құрылымы тарихи үш қабаттан құралады. Одан
да жоғары көтерілсек, солтүстіктен Қарайымдарды, Чуваштарды, Татарларды
көреміз. Қарайымдарды біреулер Түркі тілдес Еврейлер деп жүр ғой. Олар
негізі Еврейлер емес, Иудаизм дінін ұстанатын болғасын ғана көршілес
халықтар тарапынан Түркі Еврейлер деп аталып кеткен. Олар Еврей дініне
мойынсұнып кеткен Түркі тайпалары. Ол жағдай ежелгі Хазарияда болған.
Чуваштардың да бірқатары Христиан дінінде, бірқатары Тәңіршілдік көне
дінде. Ал Татарлар мұсылман дінін бәрінен бұрын қабылдаға халық. Олардың
Еділ Бұлғариясы мемлекеті 10 ғасырда-ақ (940-960 жылдары) өздерінің
мемлекеттік дінін Ислам діні, ал өздерін Араб халифатына бағынышты жұрт деп
жариялаған. Сөйтіп көршілес, Башқұрт және Қазақ, Ноғай сияқты көшпенді
тайпалар арасына Татар молдалары мұсылман дінін бастап таратқан.
Сондықтан бұл аталған халықтардың қалыптасуында Бұлғар Түркілерінің
негізі мол екенін айтуға болады. Бұлғар Түркілерінің ежелгі мемлекеттері –
Еуропалық Гундердің империясы, ішінара Аландардың мемлекеті және негізінен
Ұлы Бұлғар қағандықтары, Абар, Уаргун және Хазар қағандықтары болып
табылады. Соның ішінде Татарлар немесе қазіргі тілмен айтқанда қоныстары
Еділ бойынан басталып, Батыс Сібір далаларын (Сібір татарлары, Барабин
татарлары, Минусинск татарлары) алып жатқан Татар түркілері. Татар
Түркілерінің жері қашанда Қыпшақ түркілеріне жақын көршілес орналасқан.
Татар Түркілерінің қалыптасуының екі бастау көзі бар. Бірі - Бұлғарлар
(Гундер) және бірі - Угорлар, яғни Гундер мұнда 2 ғасырдан бастап келместен
бұрын өмір сүрген жергілікті халықтар. Батыс Сібір ойпатын жағалай жатқан
Татар Түркілерінен шығыста Алтай Түркілері деп аталатын бірнеше шағын
халықтар (шорлар, кумандылар, алтайықтар, тувалар, қарағаштар-тофалар)
орналасады. Одан әрі Байкал мен Лена өзенінен әрі қарай Сібір
Түркілерінің, яғни мәңгі суық өлкеде Сахалар мен Долгандардың жері
басталады.
Төменде ағайын халықтар немесе отырықшы Түркілер – Ұйғырлар мен
Өзбектердің жері орналасады. Бұлар Қарлұқ Түркілері. Арада Қырғыздардың
жері бар, ол негізі Алтайдағы Хакастардың бір бөлігі болып табылады да
Алтай Түркілеріне жататын халық. Ұйғырлар мен Өзбектердің, Қырғыздар мен
Хакастардың кездесе қалғанда өз тілдерінде сөйлеп-ақ бір-бірін соншалық
еркін түсінетініне қарап, Өзбек пен Ұйғырды бір халық екен деп, сосын
Қырғыз бен Хакасты да жер ыңғайына қарай бөлшектеніп орналасқан бір ұлт
екен деп ойлауға болады. Мысалы Түрікмендер мен Трухмендер (Ставрополь
Түрікмендері) сияқты.
Ал Қыпшақ Түркілері деген атау негізі төрт халыққа қолданылады:
Қазақтарға, Қарақалпақтарға, Ноғайларға және Өзбек Қыпшақтарына. Арада
Башқұрттар деп аталатын тағы бір көшпенді халық жатыр. Оның арғы тегін де,
тілін де Бұлғар Түркілері мен Угорлардан іздеу керек. Қазақтар көрші ел
Башқұрттарды ежелден Естектер деп атайды. Бұл не сөз екен. Естек
дегенді Ресейліктер және Еуропалықтар Остяк (Остяки) дейді. Остяки деп
этнографиялық-тарихи ғылымда Батыс Сібірдегі Палеоазиат және Енисейдегі
Угор халықтарын атайды. Яғни Қазақтар өздерінің көршілері Башқұрт халқының
негізгі табанын орман халықтары, Угорлар және Ежелгі Азиялықтар құрайтынын
айтып отыр. Алайда олар кейінгі Оғыз-Қыпшақ тайпаларымен де, тіпті
Шыңғысхан жорықтарындағы монғол тайпаларымен де араласып кеткен халық.
Өзбек қыпшақтарын Қазақтарға қанша жақын туыс болса да, немесе Өзбек
қыпшақтары мен Қазақтардың шындап келгенде бір халық екенін мойындай тұрсақ
та, қазіргі тарихи қалыптасқан түсінікпен Өзбек халқының бір бөлігі екен
деп түсінейік, себебі қазіргі Өзбек халқының өзі сонау Соғды, Хорезм
елдері, Иран-Парсы заманынан бері, Парсы патшалары Кир мен Дарийдің және
Александар Македонскийдің жорықтарынан бастап, Эфталлиттер, Кушандар,
Газневидтер, Ұлы Сельжуктар, Хорезмшахтар, Қараханидтер, Қарлұқтар
империялары мен мемлекеттерінің елі болғанына қарағанда, және одан кейінгі
Шағатайлар, Ақсақ Темірлер, Шайбанилер Аштарханидтер (Хажы-Тархан әулеті)
және Маңғыттар (Ноғай әулеті), Тәжік-Өзбектер әулеттерінің билеушілеріне
келгенге дейін өте күрделі құрылымда қалыптасқан халық. Қазір саны 30 млн-
ға таяп келе жатқан, Ұйғырларды қосқанда жалпы саны 45 млн болып отырған
Өзбек-Ұйғырлардың құрылымын осылай түсінген жөн шығар.
Енді тағы бір халықты, қазақтарға туыс көрінетін Қарақалпақтардың бұл
далаға Қыпшақтар келмей тұрғанда, 8-9 ғасырлардағы далалық Оғыз
Түркілерінен қалыптасқан көне халық екенін мойындауға тура келеді. Олардың
арғы аталарын бір кездегі тарихта аталатын Түргештер және 10 ғасырдағы
Селжүктердің құрамындағы Карапапахтар, 10 ғасырдағы орыс жылнамаларындағы
Черные каблукилер деп түсінсек болады да, олардың ежелгі атамекені Еділ
бойы деп ұққан жөн, одан Сыр бойына көшкен де, Жоңғар шапқыншылығы
замандарында Амудария бойына ығысып кеткен. Сөйтіп Арал маңының халқына
айналған. Ендеше Қарақалпақтардың түпкі аталары – бір кездегі Оғыз
Түркілері.
Туыстығы жағынан қарақалпақтар Түркімендер мен Өзбектерге жақын болуы
тиіс еді, алайда далалықта жүріп, Алтын Орда дәуірінде қыпшақтанып кеткен
халық. Құрамындағы негізгі рулар қоңыраттар мен маңғыттар, қияттар мен
табындар, қаңлылар. Қарақалпақтарды Өзбектерге туыс, өзбекпен бір халық деп
түсіндіретін қазіргі Өзбекстанның идеологиясын былай алып тастағанда, оның
барлық ескі салт-дәстүрлері тіпті ыстықта құм арасында бастарына киетін
қалың қара сеңсең бөріктеріне дейін Түрікмендерге ұқсап тұрады.
Қарақалпақтар Өзбектер тәрізді отырықшы және саудагер, егінші және үй-жай
тұрғызған халық емес. Бұлар киіз үйлерде тұрған және ежелден мал баққан
көшпенді халық. Ата дәстүр ұмытылмайды ғой: қазір Қазақстанға жұмыс іздеп
келген өзбектер бірден саудаға және құрылысқа, қамтамасыз ету орындарына
(базарлар, шайханалар, асханалар, дүкендер) жүреді. Ал қарақалпақтар қырға
қарай шығып, мал бағып, ет сатып табыс табуға шығады. Өзбек шіркінді атқа
отырғызсаң, сол бойда тоңқалаң асып құлайтын шығар. Және жылқы мен түйеден
ойбай құсады, тебеді және иісі жаман деп, айналып алыстан қашып
жүретін шығар.
Яғни, қарақалпақтарды бір кездегі 8-10 ғасырларда бұл даланы, Аралды
мекен еткен Оғыз хандығының, Қорқыт ата Оғыздарының бір халқы деп түсінуге
болады. Оғыздардың мұсылман дінін ерте қабылдаған бөлігі Түрікмендер деп
аталып кеткен болса, негізгі орны Еділ бойы мен қазіргі орыс далаларына
таман болып, мұсылман дініне сол кезде енбеген бөлігі Қарақалпақтар болып
шығады. Тегі Түрікмендерге жақын болғанмен, тілі қазақтарға жақын халық
осылай қалыптасқан сыңайлы. Негізі мүмкін Оғыздардың әйгілі Қарақойлы
тармағынан шығар. Ал Аққойлы тармағы оңтүстікке ерте кеткен, қазір Түркия
мен Әзірбайжанда көп тұрады.
Ал Ноғай мен Қазақтың қандай туыс екенін жоғарыда бір Ноғай халқы туралы
жазбаларда ру-тайпаларын салыстыра отырып (Қанжығалы, Сүйіндік, Қаракерей,
Ашамайлы, Табын, Шөмекей т.б.) айтқанмын. Руларын осылай түгендеп отырсаң,
Ноғайлар мен қазақтардың құрылымы толық сәйкес келеді. Қазаққа ең жақын
халық Ноғайлар немесе Ноғайлар деген Қазақтардың бір бөлігі дейтініміз
сондықтан. Кейде Ноғайларды Қазақ пен Татардың арасындағы халық деп те
түсінетіндер бар. Мүмкін, алайда Ноғайларды Татардан гөрі Қазаққа ұқсататын
бірнеше себептер бар. Біріншіден тарихи ортақтықтығы. Күні кешеге дейін 17
ғасырға дейін бұл екі халық бөлінбеген. Бөлінгенде әйгілі Ел айырылған
күйі дүниеге келген. Сондықтан Асан қайғы мен Қазтуғанды, Шалкиіз бен
Доспамбетті, Әз Жәнібек пен Хақназарды, Қырымның қырық батырын да (тіпті
Уақ Ер Қосайға дейін), Жиренше шешен мен Қарашашты – бәрін Ноғайлар еді деп
те түсінуге де болады. Олардың әдебиеті-тарихы солай оқытады. Және тарихи
тұғыдан келгенде дұрыс оқытады. Екіншіден, Ноғайлар да көшпенді халық,
Татарлар сияқты ежелден отырықшы ел емес. Үшіншіден, ру-тайпалық құрылымы
да Қазақпен бірдей, мүмкін түркіленген монғол тайпалары (төлеңгіттер мен
төрелер, маңғыттар мен қияттар) сәл көбірек болар. Себебі Ноғайлар негізі
Алтын Орданың Астаналары орналасқан, Сарай Бату мен Сарайшықты, жалпы Еділ
бойын мекен еткен жұрт қой. Ноғайларды көз-көре Татарлармен шатастырып
жүрген Орыс жылнамашылары.
Сонымен Қыпшақ Түркілері деп тек қана Қазақтар мен Ноғайларды ғана
айтуға болады екен. Ал Қазақ даласынан басқа қай жерлерде Қыпшақтар болған.
Алдымен Египет қыпшақтары (Мәмлүк қыпшақтар) еске түседі. Мысалы, Түрікмен
жерінен құлдыққа сатылған Бейбарысты неге басқа Түркі халықтары
иемденбейді. Ол кезде де, Бейбарыс бабамыз ерекше көзге түсетін монғол-
татарлардың Шам мен Бағдадқа шабуылдары кезінде де қазақ дейтін халық жоқ
еді ғой. Сосын Армян қыпшақтары деген бар. Қыпшақ жазулары сақталған.
Алайда бұл Қыпшақтар, Қара татарлармен бірге қазір Түріктердің құрамына
сіңіп кеткен. Ресейдің Ноғайлар көтерілісін қырғынмен басуы кезінде оған
әйгілі орыс қолбасшысы Суворовтың өзі қатысқан. Дерек бойынша Татарлардың
өлген мүрделері жерленбестен тау-тау болып үйліп жатқан, бүкіл дала жүрек
айнытып қан сасып кеткен, жинап алып өртей беруден басқа амал қалмаған.
Бұл - Қазақтар Жайықтан өтіп бері қашқан, ал Ноғайлар Еділден өтіп әрі
қашқан, сөйтіп Ел айырылған заманнан кейін болған оқиға. Себебі екі
ортаға келіп, Еділ қалмақтары орналасты. Ноғайлар сөйтіп толықтай Ресейге
бағынышты болып қалған еді. Аман қалған Ноғайлардың 250 мыңдай жанұясы
(мүмкін адамның саны шығар) Кавказдан әрі өтіп, Түркияны паналап қашқан...
Қазір ол Ноғайлардың кейінгі ұрпақтарының саны млн-нан асқан шығар,
оқиғаға 200 жылдай болды ғой, дегенмен діні мен тілі де туыс болғандықтан,
Түркияның халқына еніп кетті. Түріктердің өздері тарихи тұрғыдан Сельжүқ
Түркілері деп аталатын топқа жатқызылады, көршілес Әзірбайжандар өздерінің
барлық туыстарымен Иран Түркілері (Кавказ Түркілері) деп аталатын топқа
енеді. Біздің қазақ жағрапиясы да Каспий теңізі дегеннің орнына барлық
Шығыс халықтары сияқты Хазар теңізі деген атауды қолдануы керек тәрізді.
Азербайжандар мен Түріктер Түрікмендермен, Авшарлармен, және Қытайдағы
Саларлармен қосылып, енді бұлардың бәрі Оғыз Түркілері деп аталады.
Египет және Армян қыпшақтарынан басқа, енді Венгр қыпшақтары деген
бар. Және Венгр Қыпшақтар деген кімдер өзі. Венгр қыпшақтарын зерттеуші
И.Қоңыр Мондопи ағамыздың деректеріне сүйенгелі отырмыз. Өзі Венгр
қыпшақтарынан шыққан ғалымның жазуынша, Венгрия жерінде "Улкен-қыпшақ"
(өздерінше айтқанда, Нань (Нән дегені)-Кунчак), "Кіші қыпшақ (Киш (Кіші
дегені)-Кунчак)" деп аталатын екі аймақта қыпшақтар мекендейді. Бұлардың
негізін құраған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz