Топырақ табиғи тарихи дене және ауыл шаруашылығының өндірісінің дүниесі
Жоспары:
1 Топырақтану ғылымын зерттеген ғалымдар
2 Топырақ табиғи тарихи дене және ауыл шаруашылығының өндірісінің дүниесі
Қолданбалы биология және топырақтану негіздері топырақ және оның
құрылымы, құрамы, қасиеттерін және географиялық таралу заңдылықтарын,
түзілуін, табиғаттағы орнын, тиімді пайдалану және жақсарту жолдарын
зерттейтін ғылым.
Қолданбалы биология және топырақтану негіздері ғылымының қалыптасуы
орыстың аса дарынды табиғаттанушы ғалымы В.В. Докучаевтің (1846-1903)
есімімен тығыз байланысты. В.В. Докучаев 1876 ж арнайы қара топырақ жөнінде
комиссия құрды. 1883ж В.В. Докучаев топырақтану жөніндегі әлемге әйгілі
“Орыстың қара топырағы” деген ғылыми еңбегін шығарды. Одан кейінгі жылдары
В.В. Докучаевтің шәкірттері Н. М. Сибирцев, К.Д. Глинка топырақ зерттеу
жұмыстарын жемісті жалғастырды. “Қолданбалы биология және топырақтану
негіздері” ғылымының Қазақстанда дамуына Ө. Оспанұлының есімімен тығыз
байланысты. В. В. Докучаевтің анықтамасы бойынша топырақтың пайда болуына,
дамуына, өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар : ауа –райы, топырақты
түзуші жыныстар, төменгі сатылы өсімдіктер және жоғарғы сатылы өсімдіктер
мен тірі жәндіктер, жер бедері және аймақтың геологиялық жақсы. Топырақтың
негізгі қасиеті – құнарлылығы, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен
және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы адам
топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына
пайдаланады. Өсімдіктер құнарлы топырақ қабатынан тамыр жүйесі арқылы
қоректік заттарды алып, бойына сіңіріп, жапырақтарына түскен күн сәулесімен
ауадағы көмір қышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нәтижесінде денесіне
өте мол органикалық және минералдық зататрды жинап, едәуір энергия
шоғырландырады.
Топырақты топырақтану ғылымы зерттейді. Мұның ғылыми негізін салған В.В.
Докучаев болды, ал П.А. Костычев, С.С. Неустроев, К.Д. Глинка, В.И.
Вернадский сияқты белгілі ғалымдар оны одан әрі қарай дамытты. Қазақстанда
1945ж Қазақ ССР ғылыми академиясының Топырақтану инстетуты құрылды, ол
Қазақстан топырағының кіші және орта масштабты картасын жасады. Сонымен
қатар инстетут жер суландыру, топырақты әртүрлі жерлерде тиімді пайдалану
әдістерін анықтау бағытында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл
салада А.И. Бессонов, А.В. Мухля, В.М. Боровский, Ө. Оспанов, Ш.М.
Шолтырев, Т.Т. Тазабеков тағы басқа ғалымдар жемісті еңбек етуде.
Тақырыбы: Топырақ пен атмосфера арасындағы зат алмасудың агротехникалық
маңызы. Топырақ құрылысының жалпы схемасы және оның морфологиялық
белгілері
1. Топырақ құрылысының жалпы схемасы
2. Топырақтың морфологиялық белгілері
3. Агротехникалық маңызы.
ОБСӨЖ мақсаты:
Топырақтың атмосфера арасындағы ара қатынастары мен зат алмасудың
агротехникалық маңызына, топырақ құрылысына, оның схемаларына,
морфологиялық белгілерінің ерекшеліктеріне толық мәлімет беру.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Глоссарий
1. Гумус
2. микро
3. макро
4. мезо
5. алғашқы магматика
6. екінші метаморфика
Бақылау сұрақтары
1. Топырақтың морфологиялық түзілуі?
2. Агротехникалық шаралар түрлерін ата?
3. Гумус заттарын ата?
1- апта
№ 3 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы: Жер шаруашылығының негізгі талаптары
ОБСӨЖ жоспары:
1. Үгілу және топырақтың түзуші факторлар
2.Топырақ түзілу процессінің дамуы
3. Жер шаруашылығы
ОБСӨЖ мазмұны:
Топырақтың пайда болу процессінде өзіне тән құрылымының бір пішін
түзуі, яғни топырақтың морфологиялық қалыптасуы. Осы арқылы топырақтар бір
– бірімен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық
құрылымды жалпы топырақтың құрылымы мен шатастырмау керек.
Морфологиялық құрылым – топырақтың сыртқы пішіні. Топырақ әртүрлі
морфологиялық көріністерден құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл
көріністерді оның бір – бірінен сыртқы пішіндері мен айырмашылығы бар
генетикалық қабаттарынан іздестірген жөн.
Топырақ профилі: топырақтың қазылғандағы тік қабаттары топырақтың
профилі (пішіні) деп аталады. В.В. Докучаев топырақты бетінен төмен қарай
негізгі үш қабатқа бөлді.
А - қара шірік қабаты
В - өтпелі қабат
С- топырақ түзуші аналық тау жыныс
қабаты.
Оларға тағы да өздерінің морфологиялық көріністеріне байланысты,
әрқайсысы бірнешеге бөлінуі мүмкін оларды : А1 А2 В2 В2 С1 С2 т.б деп
белгілейді. Топырақтың түсі. Топырақтың морфологиялық көріністерінің ішінде
ең негізгі белгі, топырақ аттарының өзі де осы түстеріне қарай қойылған.
Топырақтың және оның қабаттарының түстеріне әсер ететін негізгі құрамдар.
1. Гумус заттары. Олар топыраққа қара немесе қара қоңыр түс береді.
2. Темір және марганец тотықтары сары, қызыл түс береді.
3. Кремний қосылыстары әк, каолинт, алюминий гидроксиді және суға тез
ерігіш тұздар (хлодидтер және сульфаттар) топыраққа ақ түс береді.
4. Темір шала тотығы, ол көкшіл, сұр түсті келеді.
Топырақтың құрылымы – деп оның түрлі пішінді, үлкенді – кішілі
түйірпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі
кесекті, кесек дәнді, үлкен – кіші жаңғақты, призмалы т.б түрлерге
бөлінеді. Олар бір – бірімен жабысқан механикалық элементтермен : құм, шаң,
балшықпен қосарлана жүреді.
Агротехникалық маңызы жағынан топырақты өңдеу түрлерінің
ерекшеліктеріне байланысты.
2 апта
ОБСӨЖ №5
ОБСӨЖ тақырыбы: Ауыспалы егісті игеру
ОБСӨЖ жоспары:
1. Ауыспалы егіс туралы түсінік
2.Ауыл шаруашылық дақылдарын табиғи негізде ауыстырып егу себептері
3.Алғы дақылдарды орналастыруда биологиялық және агротехникалық принциптер
ОБСӨЖ мазмұны:
Дақылдардың биологиялық, морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты
әртүрлі егу тәсілдері қолданылады. Егу тәсілдеріне байланысты дақылдардың
күн сәулесін пайдалану, қоректену тәртібі де өзгеріп отырады. Егу тәсіліне
байланысты дақылдарды күтіп- баптау жұмысын механикаландыруға мүмкіндік
туады.
Егінді күтуге жұмсалатын еңбектің, әр гектарға сіңірілетін тұқымның
мөлшері де сол егу тәсіліне байланысты әртүрлі болады.
Егу тәсілі агрономия ғылымының дамуына қарай өзгеріп отырады.
Тұқымды шашып себу ертеден келе жатқан тәсіл, қазір өте сирек
қолданылады, көбіне трактор жүре алмайтын қия жерлерді, қала парктарындағы
жасыл алаңды осы тәсілмен себеді.
Кәдімгі қатарлап егу жиі қолданылатын тәсілдің бірі. Барлық масақты,
бұршақ тұқымдас дақылдар осылай егіледі. Осы тәсілмен еккенде дақылдардың
тұқымы ылғалы бар тереңдікке түседі. Бұл тәсілмен сепкенде қатар аралығы 15-
23 см болады, қатардағы өсімдіктердің аралығы 1,2-1,5 см болады. Қатар
ішіндегі өсімдіктер бір- біріне тым жақын орналасқандықтан кейде қоректік
зат жетіспей олардың өсуі біраз қиындайды.
Кең аралықты тәсілмен еккенде дақылдардың қатараралығы 45,60,70,90,110
см, тіпті одан да көп болады. Бұлайша егу кезінде дақыл қатараралықтары
культиватормен өңделеді. Бұл тәсілмен Қазақстанда қант қызылшасы, жүгері,
мақта,соя, күнбағыс, көкөніс пен бақша дақылдары отырғызылады.
Жолақтап ( ленталап ) егу деп бірнеше қатар жанастыра егіліп содан кең
қатараралық тастап, тағы да бірнеше қатар жанастыра егіліп отыратын
тәсілді айтады. Бұл тәсіл дақылдардың арасындағы арам шөптерді
культиватормен өлтіруге мүмкіндік туады, сонымен қатар дақылдардың
қоректену және күн сәулесін қабылдау режимдері жақсарады. Бұл тәсілмен
тары, қара құмық, тамыр жемістілер, кейбір көкөністер егіледі.
Ұялап егу деп тұқымды бір жерге топтап тастайтын арнаулы сеялкамен егу
тәсілін айтады. Бұл тәсілмен бойы биік болып өсетін, қатараралықтары кең
болып культиватормен өңделетін дақылдар егіледі. Бір ұяға бірнеше тұқым
түскеде, олар жер бетіне тез шығып, жарысып, жылдам өседі.
Себу мөлшері. Егу мөлшері деп 1га жерге кететін тұқымның санын, немесе
салмағын айтады. Егу мөлшері дақылдың түріне, егу тәсіліне, егістік жердің
құнарлылығына, ылғал мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады.
Тұқым себу тереңдігі. Тұқымы өте ірі жүгеріні 7-8 см тіпті 10-12 см
тереңдікке ексе де болады, бидай, арпа, сұлы, бұршақ тұқымдары әдетте 6-8
см тереңдікке себіледі.
Кейбір дақылдар өнгеен кезде тұқым жарықшағын жер бетіне ала шығады ( қант
қызылшасы, соя, пияз, ас бұршақ ). Ондай дақылдардың тұқымдарын тереңге
егуге болмайды. өйткені түскен тұқым жарықшағын жер бетіне шығара алмай
өліп қалуы мүкін.
Егу мерзімі кешіккен сайын тұқымды аз тереңдікке сіңіру керек. Себебі
ауа салқындаған сайын дәннің төменнен өніп шығуы қиындай береді. Оның
үстіне суық күзде жаңбыр көбірек болады да топырақтың үстіңгі қабатында
ылғал жеткілікті болады. Аз тереңдікке 3-4 см сіңірілген тұқым ерте көгеріп
шығып, суық түскенше біраз күш жинап, жақсы қыстап шығуына мүмкіндік туады.
3-апта
ОБСӨЖ №7
ОБСӨЖ тақырыбы: Ауыл шаруашылығын суландыру және топырақ қорғау
ОБСӨЖ жоспары:
1. Жерді суландыру ерекшеліктері.
2. Ауылшаруашылық топырақтарын қорғау.
ОБСӨЖ мазмұны:
Өсімдіктер өздерінің дамуы кезінде қоректік заттарды, суды, ауаны және
жылуды керек етеді. Мәдени өсімдіктердің осы мұқтаждардың қанағаттандыруға
қабілеті бар топырақты құнарлы топырақ деп атайды.
Құнарлылық – топырақтың ең басты, әрі ең негізгі агрохимиялық қасиеті,
ол басқада бірқатар қасиеттеріне тығыз байланысты болады.
Топырақ құнарлылығының өзгеруіне тікелей әсер ететін оның негізгі
қасиеттеріне топырақтың су, ауа, жылу және қоректік заттармен қамтамасыз
етілуі, механикалық құрамы реакциясы және микробиологиялық қасиеттері
жатады. Агротехникалық шаралар дұрыс сақталынбаған топырақтарда оның
жоғарыда аталған қасиеттері біршама төмендейді, ал мұның өзі сайып
келгенде, оның құнарлылығының да нашарлауына себепкер болады.
Топырақтың құнарлылығын арттыру деген сөз – оның жоғарыда аталған
әртүрлі қасиеттеріне пайдалы әсер ете отырып, оларды мейлінше жақсартып,
ірі түрлі топырақ жағдайында өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарынан мол
әрі сапалы өнім алу шараларын жүзеге асыру болып табылады.
Топырақ құнарлылығының мынадай категориялары бар :
1. Табиғи құнарлылық
2. Жасанды немесе эффективті
3. Экономикалық
Топырақ құнарлылығын жақсартуға бағытталған шаралар үлкен комплексті мына
төмендегідей жұмыстарды атқарудан тұрады. Атап айтқанда :
1. Топырақты дұрыс өңдеу системасын жүзеге асыру
2. Дұрыс ауыспалы егіс жүйесін енгізу.
3. Органикалық және минералды тыңайтқыштарды дұрыс және тиімді қолдану
шаралары.
4. Әртүрлі комплексті мелиорациялық жұмыстарды жүзеге асыру.
Құнарлы қабаты бір себептерден жойылып кеткен топырақтардың түзілуі
ұзаққа созылатын процесс. Сондықтан да адам өзінің тыныс тіршілігінде
топырақтың құнарлы қабатын су және жел эрозиясынан және басқада
экологиялық апаттардан қорғай отырып, топырақ құнарын жылма – жыл арттыру
және жақсарту шараларын іске асырады. Топырақ эрозиясының көп түрі бар :
Геологиялық эрозия. Бұл табиғи жағдайда болатын эрозия және өте баяу
жүреді. Топырақтың әртүрлі қабаты пайда болатын процесс геологиялық
эрозиядан тез жүретіндігінен бұл эрозияның топырақтың құнарлылығының арта
түсуіне көп әсері болмайды.
Антропогендік эрозия – адамның жерді дұрыс пайдаланбағандығынан
болатын құбылыс. Бұл эрозия топырақтың құнарлылығын табиғи арттыратын
процесстен тез жүретін болғандықтан, оның құнарлы қабатының қалыңдығы жыл
сайын азая түседі, яғни топырақтың құнарлылығы кеми береді.
Су эрозиясы. Рельефі күрделі болып келетін Қазақстанның Оңтүстік
Шығыс, Шығыс аймақтарында, қар қалың түскен жылдары Солтүстік, Орталық,
Батыс обылыстарында су эрозиясында болады. Су эрозиясы кезінде тек
топырақтың құнарлы бөлшектері шайылып қана қоймайды, сонымен бірге оның
терең қабатына су аз жиналады, содан барып дақылдар өсу кезінде су
тапшылығын көреді. Су эрозиясы тамшылық, жайдақ, сызықтық және
ирригациялық болып төртке бөлінеді.
Тамшылық эрозия. Жаңбыр нөсерленіп жауғанда әр тамшының диаметрі 1мм-
ден 5мм, соңғы жерге тамырдағы жылдамдығы секундына 4,5-9м болады. Осы
тамшы топырақтың майда кесекшелеріне тиіп, оны бірте – бірте үгітіп, езіп
жібереді. Үгілген бос майда ұнтақтар топырақтың үстіңгі қабатындағы
жіңішке саңылауларды бекітіп, судың сіңуіне кедергі жасайды. Топыраққа
сіңіп үлгермеген су жер бетімен ағып, өзімен бірте топырақтың майда
бөлшектерін ала кетеді.Жайдақ эрозия. Кезінде топырақтың майда, жеңіл,
органикалық заттары мол түйіршіктері танап бойынша біркелкі сумен ағып
кетеді. Бұл эрозиядан келетін зиян өте зор. Жыл өткен сайын топырақтың
майда органикалық заттарға бай түйіршектері азая түседі, яғни жыл сайын
топырақтың құнарлылығы кеми береді, алынатын өнім азая береді. Сызықтық
эрозия. Қар еріген кезде, не нөсер жауын болған кезде судың қатты ағысы
топырақты біраз орып кетеді, ол жер бірте – бірте үлкейіп, терең орға
айналады. Мұндай жағдайда топырақтың үстіңгі қабаты ғана емес, оның
терең қабаттары да бұзылады.
Ирригациялық эрозия. Суару кезінде су қажет мөлшерден көбірек берілсе,
топырақ беті шайылып эрозия басталады. Эрозияның осы түрін ирригациялық
эрозия деп атайды.
Жел эрозиясы – орманы жоқ, ашық, жаңбыр аз жауатын жазық далаларда
болады. Қазақстанда жел эрозиясына тың жерлер игерілген өңірлерде көптеп
кездеседі. Тың жерлер жыртылғаннан кейін Павлодар, Торғай, Ақмола,
Қарағанды, Ақтөбе т.б обылыстарының топырақтары қатты жел эрозиясынан
зардап шекті. Жел эрозиясы кезінде топырақтың үстіңгі құнарлы қарашірігі
мол, жеңіл, қоректік заттарға бай майда түйіршіктері ауаға көтеріліп,
желмен бірге ұшып кетеді.Күнделікті (жергілікті) эрозия. Әр жердің өзіне
тән үйреншікті желі болады. Сол жердің әсерінен де үлкенді – кішілі
сырмалар, құйындар болып тұрады. Бұл желдер үйренші болған соң, оған көп
көңіл бөлінбейді. Мұндай эрозияның әсерінен де күн сайын топырақтың
құнарлылығы кеміп отырады, желмен ұшқан майда түйіршіктерден өсіп тұрған
дақылдардың өркендері зардап шегеді, олардың жапырақтары жырымдалып
жыртылады. Су эрозиясымен күресу шаралары. Су эрозиясымен күресуде
шаруашылыққа тиісті жерді дұрыс пайдалана білудің маңызы зор. Бұл әсіресе
бедері күрделі болып келетін таулы жерлерде орналасқан шаруашылықтар үшін
өте қажет. Су эрозиясы қыйғай жердегі танаптар өте бейім болады.
Сондықтан мұндай танаптарға топырақты жиі қопсыта беруді қажет етпейтін
дақылдар егу керек. Жел эрозиясымен күрес шаралары. Жел эрозиясы
(дефляция) республикамыздың ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіруде. Жел
эрозиясын тоқтату үшін топырақты арнаулы құралдармен өңдеу керек. Сонымен
қатар жер бетіндегі өсімдік қалдықтарына тимеу керек. Себебі танапта
өсімдік өсіп тұрса, егін орылған жерде аңыз сақталса, топырақтың беткі
қабатына тиетін жел күші, екпіні күрт бәсеңдейді. Егін орылған жерде аңыз
неғұрлым жақсы сақталса, топырақтың эрозияға қарсы тұру мүмкіндігі арта
түседі.
3- апта
№ 8 ОБСӨЖ
(3 балл)
ОБСӨЖ тақырыбы: Ауыл шаруашылық дақылдарын суғарудың биологилық
ерекшеліктері. Топырақ құнарлылығы және қорғау шаралары.
ОБСӨЖ жоспары:
1. Топырақ құнарлылығы
2. Топырақ структурасының бұзылу факторлары
3. Топырақты су және жел эрозиясынан қорғау шаралары
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ
1. Топырақта кездесетін ылғалдың қанша түрі бар ?
А) 7
В) 5
С) 4
Д) 10
Е) 8
2. Топырақ эрозиясының неше түрі бар?
А) 4
В) 5
С) 2
Д) 3
Е) 6
3. Топырақ құнарлылығының қандай категориялары бар ?
А) Табиғи, жасанды, экономикалық
В)Сарпалық, механикалық, жасанды
С) Топырақтың фазалық құрамы
Д) Экономикалық, химиялық, жасанды
Е) механикалық, химиялық, табиғи
4. Құнарлылық – топырақтың ең басты қандай қасиеті?
А)Агрохимиялық
В)Топырақтың сіңіргіштік қасиетін анықтау
С)Топырақтың механикалық құрамын анықтау
Д)Топырақтың физикалық қасиетін анықтау
Е)Топырақтың тазалығын анықтау
5. Топырақтың қарашірігі қалай түзіледі ?
А)Өсімдіктермен жануарлардың және микрорганизмдердің қалдықтарының толық
шіруінен түзіледі.
В) Топырақтың микробиологиялық қасиетіне байланысты түзіледі.
С) аналық тау жынысының минералдық құрамының нәтижесінде түзіледі.
Д)табиғи жағдайда топырақ құралу процесінде түзіледі
Е)Микроорганизмдердің қалдықтарынан түзіледі
6. Топырақтың механикалық құрамына қарай қалай ажыратылады ?
А) Топырақтың фазалық құрамына байланысты
В)Топырақтың бөлшектерінің құрамы мен ірілігіне байланысты
С) Топырақтың сіңіргіштік қасиетін анықтау
Д)Топырақтың химиялық құрамын анықтау
Е)Топырақтың физикалық қасиетін анықта
7. Топырақ құнарлылығын жақсартуға бағытталған шаралардың бірінші үлкен
комплексін ата?
А) Топырақты дұрыс өңдеу системасын жүзеге асыру

6. Топырақ құнарлылығын жақсартуға бағытталған шаралардың екінші үлкен
комплексін тап?
А) Дұрыс ауыспалы егіс жүйесін енгізу
В) Топырақты дұрыс өңдеу системасын жүзеге асыру

7. Топырақ құнарлылығын жақсартуға бағытталған шаралардың үшінші үлкен
комплексін көрсет?
А) Органикалық және минералды тыңайтқыштарды дұрыс және тиімді
қолдану шаралары

С) Дұрыс ауыспалы егіс жүйесін енгізу
Д)Топырақтың химиялық құрамын анықтау
Е)Топырақтың физикалық қасиетін анықта
8. Топырақ құнарлылығын жақсартуға бағытталған шаралардың төртінші үлкен
комплексін көрсет?
А) Әртүрлі комплексті мелиорациялық жұмыстарды жүзеге асыру

Д) Органикалық және минералды тыңайтқыштарды дұрыс және тиімді қолдану
шаралары Е)Топырақтың физикалық қасиетін анықта
9. Суару кезінде су қажет мөлшерден көбірек берілсе, топырақ беті шайылып
эрозияның қай түріне айналады?
А) Ирригациялық эрозия
В) Топырақ эрозиясы
С) Су эрозиясы
Д) Органикалық және минералды тыңайтқыштардың эрозиясы
Е)Топырақтың физикалық эрозиясы
Реферат тақырыптары:
1. Суарудың тиімді жолдары?
2. Суарудың ауылшаруашылығындағы маңызы?
3. Топырақ құнарлығының маңызы?
4. Топырақ бұзылу себептері?
3- апта
№ 9 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы: Өсімдіктердің қоректенуінде фосфордың рөлі
ОБСӨЖ жоспары:
1.Өсімдіктерге минералдардың әсері.
2.Өсімдіктердің қоректенуі.
ОБСӨЖ мазмұны:
Өсімдіктің қоректенуі – олардың қоршаған ортадан тіршілікке қажетті
химиялық элементтерді қабылдап, бойына сіңіруі. Бұл кезде элементтер
қоршаған ортадан өсімдік клеткасының цитоплазмасына өтеді де, химиялық
өзгерістер арқылы өсімдіктің белгілі бір түріне қажетті қосылысқа
айналады.
Қоректік заттарды қабылдап, оны сіңіру ( анаболизм ) олардың ыдырауы мен
сыртқа бөлінуі ( катаболизм ), зат алмасу ( метаболизм ) организм
тіршілігінің негізі болып есептеледі.
Өсімдіктер құрамынан жер бетіндегі барлық элементтер ттабылады.
Азот. Бұл аса маңызды қоректік зат ретінде өсімдіктер тіршілігінде үлкен
роль атқарады. Ол өсімдіктің күрделі органикалық заты – белоктың, нуклейн
қышқылдарының, нуклепротеидтың, алколоидтардың және фосфатидтердің құрамына
кіреді. Азот сонымен қатар, өсімдіктер жапырағының хлорофилінің құрамына да
кіреді, азаот жоқ жерде хлорофил түзілмейді.
Өсімдіктер үшін азаоттың негізгі пайдалы қоры топырақ қара шірігінде
кездеседі. Топырақ қабатынан өсімдіктер азоттың нитратты және аммиакты
түрлерін пайдаланады.
Фосфор. Дақылдардың тез өсіп жетілуіне фосфор заттары жеткілікті болса,
оынң өнімі артады және сапасы жақсарады. Бұл заттың әсерінен дәнді
дақылдардың сабанынан да дәні көп түзіледі, көкөніс және техникалық
дақылдардың өнім сапасы, мәселен, қызылшаның қанты, картоптың крахмалы,
зығыр талшығының беріктігі артады.
Фосфор өсімдік дәнінде, жемісінде, тұқымында жиналады. Көкөніс жеміс
дақылдары пісуін, өсімдіктің қуаңшылыққа, жатып қалуға төзімділігін
күшейтеді.
Фосфордың негізгі қоры топырақта түрлі фосфор қышқылдарының қосындысы
түрінде кездеседі.
Калий. Өсімдіктер мүшесінде калий ион түрінде кездеседі, мәселен
сабағында, жапырағында мол болады, сондықтан олар топырақ қабатынан көп
шығындалады, ал оларды толықтыру үшін танапқа көң шашуды талап етеді,
себебі көңнің құрамында калий мол болады. Калий өсімдіктерге тапшы болса,
оларда белок түзілмейді, оның бар мөлшері де ыдырай бастайды, бұндай
өсімдіктер түрлі саңырауқұлақ және бактериялардың дамуына мүмкіндік
туғызып, оларды ауруға шалдықтырады.
2. Құрамына қарай тыңайтқыштар органикалық, минералды және бактериялы
болып бөлінеді.
Органикалық тыңайтқыштар тобының құрамындағы қоретік заттар көбінесе
органикалық қосылыстар түрінде болады. Олардың құрамында өсімдіктерге
қажетті бірнеше қоректік заттар болғандықтан, күрделі тыңайтқыштар қатарына
да жатады. Органикалық тыңайтқыштарға көң, көң садырасы, құс саңғырығы,
қорда, шымьезек және жасыл тыңайтқыштар, ағын су тұнба лайы, тамақ
кәсіпорындарының қалдығы жатады. Органикалық тыңайтқышттар ішіндегі әсіресе
маңыздылары – көң, көң садырасы, құс саңғырығы.
Жасыл тыңайтқыштар. Сидераттар дегеніміз қолдан егілетін бір жылдық
бұршақ тұқымдас дақылдарды өсіп гүлдегенге дейінгі кезеңінде, сол қалпында
жыртып, топыраққа енгізу. Бұршақ тұқымдас дақылдардың тамырында түйнек
бактериясының арқасында оған азот қорымол жиналады. Бұл дақылдар ауадан
азот жинайды, ал мұны күшейту үшін олардың тұқымдарын екпестен бұрын
нитрагинмен немесе арнаулы препараттармен өңдейді. Сонда бұлардың
атмосферадан азот сіңіруі күшейеді. Сонымен қатар, жасыл тыңайтқыштардың
құрамында фосфор және калий элементтері жоқтың қасы болғандықтан, топырақты
өңдемес бұрын оған фосфор мен калий тыңайтқыштарын енгізу тиімді болып
табылады.
Бактериялы тыңайтқыштар. Құрамында өсімдікке пайдалы топырақ
микроорганизмдері бар препараттар. Бұл өсімдік тамырының айналасына
микрорганизмдердің жиналуына жағдай туғызады да, топырақтағы биохимиялық
процестерді күшейтіп, өсімдіктің тамыры арқылы қоректенуін жақсартады.
Мұндай микроорганизмдерден дайындалған препаратты бактериялық тыңайтқыштар
деп атайды. Бактериялық тыңайтқыштар топырақты тиісті микрорганизмдер мен
байытады. Бұл тыңайтқыштарды дайындауда жергелікті жердің топырағынан
немесе сол жердегі өсімдік тамырынан бөлініп алынған микроорганизмдерді.
Қолданғанда жақс ынәтиже беретінін ескерген жөн. Бактериялық
тыңайтқыштардың түріне қарай өсімдік фосфор, азо, тағы басқа элементтерді
көбірек сіңіреді. Мұнда микробтар әрқашан өсімдікке жетіспейтін биологиялық
заттарды құрайды.
Минералды тыңайтқыштар. Өнімнің мөлшері мен сапасын арттыру үшін,
өсімдіктер өсіп дамуының әр кезеңіндегі ерекшеліктерді ескере отырып,
оларды қажетті қоректік заттармен тиісті мөлшерде қамтамасыз ету үшін
минералды тыңайтқыштар қолданылады. Азотты минералдық тыңайтқыштардың көп
тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина, азотты сұйық
тыңайтқыштар.
3. Микротыңайтқыштар өсімдікке өте аз мөлшерде қажет құрамда мыс, кобальт,
мырыш, т.б элементтер болатын қосылыстар. Топырақта өсімдікке сіңетін
микроэлементтер жеткіліксіз болса, дақылдың өсуі, дамуы тежеледі, түсімнің
сапасы кемиді, ауруға шалдығады.
Микроэлементтердің өсімдіктер тіршілігінде маңызы үлкен. Олар
ферменттер құрамына кіреді, дақылдың өнімін арттырады.
Бор тыңайтқыштарын қолдану көптеген дақылдар үшін асс тиімді. Бор жетіспесе
өсімдіктер ауруға шалдығады, өнімі және оның сапасы едәуір нашарлайды.
Мырыш микротыңайтқыштары – көбінесе карбонатты қара топырақта, жеңіл
механикалық құрамды қоңыр топырақтарда көбірек пайдаланады, өйткені бұл
жерлерде мырыштың қоректік қоры өте аз болады. Мырырш тыңайтқыштарын
қолдану мерзмі және мөлшері әрбір дақылдар және топырақтар ерекшелігіне
қарай өзгереді. Мырыш тыңайтқышы жеміс- жидек пен цитрус өсімдіктеріне
қажет.
Марганец тыңайтқыштарын жаздық бидай, арпа, қант қызылшасы, көкөніс және
картоп дақылдары жақсы сіңіреді.
4- апта
№ 10 ОБСӨЖ
(2 балл)
ОБСӨЖ тақырыбы: Көпжылдық бұршақтұқымдастарға және астықтұқымдастарға жалпы
сипаттама.
ОБСӨЖ жоспары:
1. Бұршақ тұқымдасының жалпы сипаттамасы
2. Астық тұқымдастары.
ОБСӨЖ мақсаты:
Өсімдіктердің көпжылдылығына, олардың ерекшеліктеріне, бұршақ және
астық тұқымдастар түріне жалпы шолу жасап беру.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Глоссарий:
1. Полиморф
2. Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы
3. Космополит
5. Гинецей
6. Мятлик
7. Овес
8. БОР
Реферат тақырыптары
1. Көпжылдық бұршақтұқымдастарға сипаттама?
2. Астық тұқымдастарға жалпы сипаттама?
3. Бұршақ тұқымдасының жалпы сипаттамасы?
4. Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы?
Тест тапсырмалары:
1. Бұршақ тұқымдарды егу тереідігі қанша
А) 7-8
В) 6-8
С) 5-9
Д) 10-15
Е) 6-7
2. Астықтың толық пісуі неше кезеңнен тұрады ?
А) 2
В) 4
С) 5
Д) 3
Е) 6
3. Бұршақ тұқымдасы
А) Fabaceal – Papilonaceal
В) Papilonaceal
С)физикалық үгілу
Д)биологиялық үгілу
Е)биологиялық құбылыс
4. Бұршақ тұқымдасының неше мың түрі белгілі?
А) 120
В) 6-8
С) 5-9
Д) 10-15
Е) 6-7
5. Бұршақ тұқымдасының неше туыстар түрі белгілі?
А) 490
В) 6-8
С) 120
Д) 10-15
Е) 6-7
6. Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы
А) Сramineae Poaceae
В) Papilonaceal
С) Fabaceal – Papilonaceal
Д)биологиялық үгілу
Е)биологиялық құбылыс
7. Дара жапырақтылар класының ішінде ең үлкені, оған неше мың түр енеді?
А) 7,5-10
В) 6-8
С) 5-9
Д) 10-15
Е) 6-7
8. Дара жапырақтылар класына неше туыс кіреді?
А) 700
В) 68
С) 59
Д) 1015
Е) 67
9. Бидай туысы?
А) Triticum
В) Papilonaceal
С) Fabaceal – Papilonaceal
Д) Сramineae Poaceae
Е)биологиялық құбылыс
4-апта
ОБСӨЖ №11
ОБСӨЖ тақырыбы: Жеміс ағаштарының құрылысы негізгі бөліктері
ОБСӨЖ жоспары:
1.Жеміс жидектердің маңыздылығы.
2.Жеміс жидектердің денсаулыққа пайдалылығы
ОБСӨЖ мазмұны:
Жемістер мен жидектер өздерінің тағамдық қасиетімен көкеністерді сәтті
толықтырады. Бұлар көбіне сло бір заттардың көміртегінің органикалық
қышқылдардың , минералдық тұздардың, пектиндердің, клечаткалардың,
белоктардың көзі болып табылады. Ал көміртегі көкеністерде негізінен бояу
ыдырайтын крахмал күйінде кездеседі, жемістер мен жидектер де глюкоза
фруктоза сахароза күйінде кездеседі. Бұлар бойға анағұрлым тез сіңеді.
Жемістер мен жидектерде көкеніске қарағанда органикалық қышқылдар
айтарлықтай көп болады мысалы лимон, алма , яньтарь т.б . олар ас қорыту
сөлдерінің қорытылуына бөлінуіне және перистальтиканың күшеюіне әсер
етеді.
Дәмі мен хош иісі жағынан әр алуан жидектер мен жемістер жас,
мұздатылған, кептірілген жіне өңделген күйінде тамаша диеталық және емдік
профилактикалық азық ретінде қолданылады. Олардан джемдер, павидлолар,
компоттар, шырындар, пастилалар, тосаптар, мусстар жасалады. Мұздатылған
жидектер жас жемістердің пайдалы заттарын дәмі мен хош иісін сақтайды.
Жемістер мен жидек шырындары витаминдік сергектігі жағынан өте бағалы.
Қарақаттың, таңқурайдың, шырғанақтың қаражемісті шетеннің жаңа тосабы
жұртқа белгілі болып келеді.
Егер дұрыс қолданылса жеміс – жидек консервілерінде витаминдердің,
минералдық тұздардың органикалық қышқылдардың едәір бөліктері сақталады.
Бүлдірген .
Бау бүлдірген – барлық континентте көп өсірілетін жидек
өсімдіктерінің ішіндегі әр жақты медицина дәрулерінің ежелден белгілерінің
бірі болып табылады.
Бүлдірген – ең ерте пісетін жидек дақылы болып келеді. Ол тез жеміс
берумен ерекшеленеді , ал ремонтанттық , яғни үздік жеміс салатын
сорттарынан жидектерді кеш алуға болады.
Бүлдіргенді егіп өсіру оны көбейту жолдары 1 – 2 жылдық бұтадан жас ,
тамырланған өсімдікті алу керек. Отырғызғанннан кейін 1 – 2 жылда жеміс
сала бастайды.
Таңқурай.
Кәдімгі таңқурай жемісінің шипалылығы антик заманнан белгілі. Оның
емдік қасиетері ескі орыс дәрі дәрмек кітаптарында жазылған.
Таңқурай раушан гүлдер тұқымдасы бұталы өсімдік болып табылады.
Биіктігі – 1 – 1,6 м, сабақ бұтақшалары екі жылдық, бірінші жылғы сабағы
жасыл түсті жіңішке, тікенекті және жапырақ қолтығында бүршіктері болады.
Таңқурайды қосалқы тамырларға шығатын атпа бұтақшалар арқылы өсіреді
көбейтеді. Отырғызу үшін жақсы өнген атпа бұтақшаларды іріктеп алады. Сабақ
– бұтақ шалардың ұзындығы 50 – 100 см, тамыр жүйесінің ұзындығы 12 – 20 см
болуы керек. Кейде таңқурайды қалемше арқылыда өсіруге болады.
Қожақат түрлерінің көбеюі көбіне төбесіндегі бүршіктердің тамырлануы
арқылы өніп - өседі.
Қызыл қарақаттың көбею жолы мынандай. Тиімді жолы – көлденең көген
сабақтарды тамырландыру арқылы көбейтуге болады.
Қара қарақат , қарлыған, шие, қара жемісті шетен, шырғанақ, зерек,
өріктерді, алхоры, алма ағашы алмұрттарды көбейту, жүзім күн дақылын
көбейту, итмұрын, шипалы ағаштарды көбейту жолдары сияқты түрлердің өз
ерекшеліктеріне қарап көбейтіледі.
4-апта
ОБСӨЖ №12
(2 балл)
ОБСӨЖ тақырыбы: Топырақтың механикалық құрамы.
ОБСӨЖ жоспары:
1. Топырақтың механикалық құрамы.
2. Топырақ түзілудегі механикалық құрамының маңызы
3. Топырақтың механикалық құрамына қарай классификациялау
ОБСӨЖ мақсаты:
Ауылшаруашылындағында топырақтың механикалық құрамының ерекшелігі өте
жоғары маңызды оның негізгі құрамдарына толық мәлімет беру.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтары
1. Механикалық құрамы ауыр болып келетін топырақтар?
2. Механикалық құрамы – жеңіл топырақтар?
3. Түрлі топырақтар құрамы мен бөлшектері?
4. Н.А. Качинский жасаған классификациясы?
5. Топырақтың түрлі қаиеттері?
Реферат тапсырмасы
Топырақ структуралылығы
Топырақ структурасының ерекшеліктері мен классификациясы
Тест тапсырмасы
1. Топырақтың механикалық құрамына қарай классификацияны жасаған кім ?
А) Н. Качинский
В) В. Докучаев
С) И. Тюрин
Д) К. Гедройц
Е) Мачигин
2. Топырақтың механикалық құрамы?
А) көлемі жөнінен әртүрлі түйіршік бөлшектерден тұрады
В) әр түрлі тереңдікте және су өткізбейтін қабат үстінде жататын су
С) өз салмағынан топырақтың жоғары бетінен төменгі қабаттарына жылжуы
Д) топырақ қылтүтіктеріндегі судың жылжуы
Е) беткі қабат арқылы сіңірілген молекула күйіндегі су
3. Топырақтың механикалық құрамын анықтаған ғалым?
А) Н. Качинский
В) В. Докучаев
С) Ө. Оспанов
Д) С. Виноградский
Е) Е. Дошманов
4. Топырақтың көлем жөнінен әр түрлі түйіршік бөлшектерден тұратын
бөлігін қалай атайды
А)Топырақ механикалық құрамы
В) Тастар
С) Ірі құм
Д) орташа құм
Е) ұсақ құм
5. Топырақ механикалық құрамына байланысты топтастырған ғалым
А)Н А Качинский
В) Н М Сибирцев
С) П С Коссович
Д) В В Дакучаев
Е) К Д Глинка
6. Топырақ құрамындағы түйіршіктердің диаметрі 3мм-ден ірілері
А) Тастар
В) Топырақ механикалық құрамы
С) Ірі құм
Д) орташа құм
Е)ұсақ құм
7. Топырақ құрамындағы түйіршіктердің диаметрі 3мм-ге дейінгілер
А) ) Ірі құм
В) Тастар
С Топырақ механикалық құрамы
Д) орташа құм
Е)ұсақ құм
8. Топырақ құрамындағы түйіршіктердің диаметрі 0,25мм ден 1ммге
дейінгілер
А) орташа құм
В) Тастар
С) Ірі құм і
Д) Топырақ механикалық құрамы
Е)ұсақ құм
9. Топырақ құрамындағы түйіршіктердің диаметрі 0,5мм ден 0,25ммге
дейінгілер
А) ұсақ құм
В) Тастар
С) Ірі құм і
Д) орташа құм
Е) Топырақ механикалық құрамы
10. Топырақ құрамындағы түйіршіктердің диаметрі 0,01мм ден0,05ммге
дейінгілер
А) ірі шаң
В) Тастар
С) Ірі құм і
Д) Топырақ механикалық құрамы
Е)ұсақ құм
11. Топырақ құрамындағы түйіршіктердің диаметрі 0,001мм ден 0,005ммге
дейінгілер
А)ұсақ шаң
В) Тастар
С) Ірі құм і
Д) орташа құм
Е)ұсақ құм
12. Топырақ құрамындағы түйіршіктердің диаметрі 0,001мм ден кішілері
А)Тозаң
В) Тастар
С) Ірі құм і
Д) орташа құм
Е)ұсақ құм
13. Топырақ құрамындағы түйіршіктердің диаметрі 0,0001мм ден кішілері
А) каллоидтар
В) Тастар
С) Ірі құм і
Д) орташа құм
Е)ұсақ құм
14. Топырақ түйірі 0,01мм ден ұсақ бөлшектер (балшық ) 80%тен көп
болса, топырақтың механикалық құрамы
А)Ауыр балшық
В) орташа және жеңіл балшық
С) Ауыр саздақ
Д)орташа саздақ
Е) Жеңіл саздақ
15. Топырақ түйірі 0,01мм ден ұсақ бөлшектер (балшық ) 80-60% болса,
топырақтың механикалық құрамы
А)Ауыр балшық
В) орташа және жеңіл балшық
С) Ауыр саздақ
Д)орташа саздақ
Е) Жеңіл саздақ
16. Топырақ түйірі 0,01мм ден ұсақ бөлшектер (балшық ) 60-45% болса
,топырақтың механикалық құрамы
А) ) Ауыр саздақ
В) орташа және жеңіл балшық
С Ауыр балшық
Д)орташа саздақ
Е) Жеңіл саздақ
17. Топырақ түйірі 0,01мм ден ұсақ бөлшектер (балшық ) 45-30% болса
,топырақтың механикалық құрамы
А) орташа саздақ
В) орташа және жеңіл балшық
С) Ауыр саздақ
Д) Ауыр балшық
Е) Жеңіл саздақ
18. Топырақ түйірі 0,01мм ден ұсақ бөлшектер (балшық ) 30-20% болса,
топырақтың механикалық құрамы
А) Жеңіл саздақ
В) орташа және жеңіл балшық
С) Ауыр саздақ
Д)орташа саздақ
Е) Ауыр балшық
19. Топырақ түйірі 0,01мм ден ұсақ бөлшектер (балшық ) 20-10% болса
топырақтың механикалық құрамы
А) Құмдақ
В) Ауыр балшық
С) Ауыр саздақ
Д)орташа саздақ
Е) Жеңіл саздақ
20. Топырақ түйірі 0,01 мм ден ұсақ бөлшектер (балшық ) 10-5 % болса
,топырақтың механикалық құрамы
А)Байланысты құм
В) орташа және жеңіл балшық
С) Ауыр саздақ
Д)орташа саздақ
Е) Жеңіл саздақ
21. Топырақ түйірі 0,01мм ден ұсақ бөлшектер (балшық ) 5%тен ттөмен
болса, топырақтың механикалық құрамы
А)Борпылдақ құм
В) орташа және жеңіл балшық
С) Ауыр саздақ
Д)орташа саздақ
Е) Жеңіл саздақ
5-апта
ОБСӨЖ№ 13
ОБСӨЖ тақырыбы: Тұқымның сапасының биологиялық ерекшелігі
ОБСӨЖ жоспары:
1. Тұқымның биологиялық қасиеті.
2. Тұқымның биологиялық ерекшеліктері.
ОБСӨЖ мазмұны:
Тұқым тыныштығы. Арамшөптердің топыраққа жаңа түскен тұқымдары бәрі
бірден ешқашан өспейді, бұл олардың тыныштық мерзімінің барлығына
байланысты. С.А. Воробьев және А.М. Туликов арамшөптер тұқымдарының табиғи
және мәжбүр тыныштығын белгілеген.
Түскен тұқымдар мен жемістердің табиғи (терең немесе физиологиялық)
тыныштығы оларда физиологиялық-биохимиялық процестердің (жабысқақ
қызылбояу, жұмыршақ және басқалары) аяқталмауымен; су мен ауа өткізбейтін
қабықтарының болуымен (ак мендуана, егістік шырмауық, кәдімгі көкше гүл,
шырмауық таран және басқалары); оларды ңқабықтарында өсуін кешеуілдететін
тежегіштердің (ингибитарлар) болуымен (ақ қыша, егіс қышасы, қара сұлы,
қара мендуана, күлте жапырақша, кәдімгі бақпақ, үлкен иманжапырақ және
басқалары) айқындала алады.
Тұқымдар мен жемістердің амалсыз (мәжбүрлі) тыныштығы (қайтара немесе
экологиялық) әдетте олардың өсуіне ықпал ететін сыртқыф экологиялық
факторлардың жағымды үйлесімділігінің жоқтығынан туады (ылғалдың
жеткіліксіздігі, жылудың көптігі, жарықтың жоқтығы, өсімдіктердің
тежеуіштердің орын алуы және с.с).
Тұқымдары қаптап өсуге қабілетті мәдени өсімдіктерге қарағанда,
арамшөп тұқымдарының өсу кезеңі өте созылынқы болып келеді. Жабысқақ
қызылбояу, егістік қалуен тұқымдарының жер бетіне өсіп шығуы екі жылға
созылады, егіс майда шөбі тұқымдарының өнуі 5-6 жылға, шырмауық таран,
кәдімгі пикульник, алабота, егістік ярутка тұқымдары 10 жылдан астам бұғып
жатады.
Тіршілік қабілетін ұзақ сақтауы. Көпшілік мәдени өсімдіктерінің
тұқымы оңтайлы жағдай жасалған күйде сақталғанның өзінде олардың тіршілікке
қабілеті (өмір шешендігі) 4-7 жылға ғана сақталады. Ал көптеген арам
шөптердің тұқымдары топырақта ұзақ жылдар бойы жатса да өміршендігін
жоғалтпай, өсіп өну қабілетін сақтайды. Дала қалеуенінің тұқымы
өміршендігін топырақта 20 жыл бойы сақтайды, ал қызылша күлтәжінің тұқымы –
40 жыл, дала шырмауыға – 50 жыл жатса да өлмейді.
Ал, арамшөптер тұқымдары топырақтың жоғарғы жыртылатын қабатында
болған жағдайда ол жылудың, суықтың, ылғалдың және күн сәулесінің әсерінен
өміршендігін тез жоғалтады. Мысалы, В.П. Томилов тәжірибесінде қарасұлы
тұқымын топырақта жылдар бойы ұстағанда 3-ші жылы өміршендігін толық
жоғалтқан (9-кесте).
Түрлі жемістілік. Кейбір арамшөп түрлерінің бір гүл шоғырында
қалыптасқан тұқымдары немесе жемістері морфологиялық және физиологиялық
белгілері бойынша (түрлі жемістілік немесе гетерокарпия) әр түрлі болады.
Мұндай ерекшеліктер арамшөптердің түскен ортада орнығуының немесе жаңа
агрофитоценоздарға енуінің мүмкіндіктерін арттырады.
5-апта
ОБСӨЖ №14
(3 балл)
ОБСӨЖ тақырыбы: Топырақтың органикалық бөліктері. Топырақтың құрамындағы
органикалық және минералды бөліктері.
ОБСӨЖ жоспары:
1. Топырақтың құрамындағы минералдық және органикалық бөліктер
2. Топырақтағы гумустың пайда болуы
3. Топырақтағы органикалық заттардан қарашіріктің одан әрі топырақтың
түзілуі және оны реттеудің жолдары.
ОБСӨЖ мақсаты:
Топырақтың органикалық бөліктерінің ерекше қасиеттеріне, олардың
алатын орнына толық мәлімет беру.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Тест тапсырмасы
1. Өсімдік дұрыс өніп - өсуі үшін топырақ реакциясы қандай болу
керек?
А) Қышқыл
В) Сілтілі
С) Орташа
Д) Бейтарап
Е) Сәл сілтілі
3. Табиғи жағдайда топырақ реакциясының рН қалай құбылады ?
А) 8-10
В) 10-14
С) 3-9
Д) 7-8
Е) 5-6
4. Топыраққа қара немесе қоңыр түс беретіндер
А) Гумус заттары
В)Топырақтың түсі
С) Топырақ профилі
Д) Темір және марганец тотықтары
Е) темірдің шала тотығы
5. Топырақтағы минералдардың пайда болу жағынан қалай бөлінеді ?
А) Минералдық, органикалық
В) химиялық, минералдық
С) Магматикалық, метаморфикалық
Д) минералды, магматикалық
Е) органикалық, химиялық
6. Өсімдіктердегі микроэлементтердің атқаратын қызметі
А) Өсімдіктерде жүретін түрлі физикалық, биохимиялық процестерге
қатысады
В) топырақтың дамуы мен өсімдіктің өмірінде жылулық қасиеттері
С) Топырақтың тығыздылығы
Д) Топырақ кеуектерінің көлемі
Е) Топырақтың сіңіру қасиеті
7. Табиғатта коллоидты бөлшектердің шығатын екі жолы
А) Минералдық және органикалық
В) Қарашіріндінің түзілуі, тау жыныстарының үгілуі
С) Морфологиялық және химиялық қасиеттері
Д) тау жыныстарының бұзылуы, органикалық заттардың ыдырауы
Е) биологиялық, микробиологиялық қасиеттері
8. Өсімдіктердің топырақтан қоректенуі дегеніміз не ?
А) Топырақтан минералдық заттар алады
В) Топырақтан крахмал алады
С) топырақтан витаминдер алады
Д) Көмір қышықыл газын сіңіреді
Е) Топырақтан белок алады
9. Протеидтер дегеніміз не ?
А) Құрамды белоктар
В) Амин қышқылдары
С) Жай құрамды белоктар
Д) Аралас белоктар
Е) Микроэлементтер
10. Протеиндер дегеніміз не
А) Амин қышқылдары
В) Құрамды белоктар
С) Жай құрамды белоктар
Д) Аралас белоктар
Е) Микроэлементтер
11. Белоктар неше топқа бөлінеді
А) 5
В) 3
С) 2
Д) 9
Е) 1
Бақылау сұрақтары:
1. Топырақ көп фазалы, күрделі жүйелілігі?
2. Алғашқы минералдар?
3. Екінші минералдар?
4. Топырақтың қатты фазасы?
5. Топырақтың қарашірігі (гумус) маңыздылығы?
6. Қарашірік (гумус) маңыздылығы?
7. Түрлі жерлердегі климат?
5- апта
№ 15 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы: Топырақ структурасының бұзылу факторлары
ОБСӨЖ жоспары:
1.Топырақ құрылымы.
2. Топырақтың сіңіру қабілеті
ОБСӨЖ мазмұны:
Топырақ құрылымы. Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық
көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп – оның массасының әртүрлі үлкенді –
кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетіне айтылады. Топырақ
құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен – кіші жанғақты, призмалы және
тағы басқа түрлерге бөлінеді. Олар бір – бірімен жабысқан механикалық
элементтермен, мысалы: құм, шаң, балшықпенқосарласа жүреді. Әрбір
құрылымдық агрегаттар біріккен органикалық және минералды бөліктерден
тұрады. Жалпы топырақ құрылымының пайда болуы – күрделі биохимиялық және
физико – химиялық процесстерге байланысты келеді. Көп жағдайларда аралас
құрылымды топырақтар да кездесіп отырады. Топырақтың құрамында 0,5 мм – лік
микроагрегаттардан бастап одан әлде неше үлкен макроагрегаттар бар.
Агрегаттарының көлемі 1 мм- ден – 10 мм – ге дейінгі топырақ бағалы,
құнарлы болып келеді. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды,
ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальциидің катионы
болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі.
Топырақ құрылымының бұзылу жолдары әртүрлі жағдайларға байланысты
болып келеді. Топырақтың құралу жән даму процесстері онда өсімдіктердің
азот және күл қоректік заттарының жиналуымен қабаттас жүреді. Ал топырақта
өсімдіктердің қоректік заттарының жиналуы оның сіңіру қабілетімен тығыз
байланыста болады. Топырақтың сіңіру қабілеті деп оның өзінде ерітінді
және судағы лайлы заттарды, газдарды ұстап қалуын айтады.
Сіңіру қабілеті - әр топырақта әртүрлі болады , ол көбінесе өте ұсақ
бөлшектердің көп болуына байланысты келеді. Мұндай топырақтың сіңіру
қабілетін күшейтетін ұсақ бөлшектерді каллоидты бөлшектер деп атайды.
Коллоидты бөлшектердің мөлшері 0,001 милиметрден ұсақ болып келеді.
Табиғатта колоидты бөлшектердің шығатын екі жолы бар : 1) тау жыныстары
бұзылуынан, 2) органикалық заттардың ыдырауынан. Осыған байланысты топырақ
коллоид бөлігінің құрамына органикалық және минералдық заттар кіреді :
біріншісі – топырақ шіріндісінің құрамында, екіншісі – балшық құрамында
болады. Коллоидтар топырақта тұрақты тұнба гель түрінде кездеседі. Сіңіру
қабілеті бес түрге бөлінеді:
Биологиялық сіңіру – мұның топырақтағы қоректік заттардың жуылып кетпей
сақталып тұруында үлкен мәні бар. Бұл сіңіру өсімдіктердің тамырлары мен
микроорганизмдер тіршілігіне тікелей байланысты, өйткені олар топырақтан
қажетті заттарды алып, оны өз мүшелерін құруға жұмсайды, сөйтіп ерімейтін
күрделі органикалық қосындылар түзіледі.
Механикалық сіңіру – қабілеті деп топырақтың басқа түйіршіктер
аралықтарындағы қуыстардың диаметрінен үлкен заттарды сүзіп алып, қалуын
айтады. Механикалық құрамы сазды және саздақ топырақтың сіңіру қабілеті
күшті болады.
Топырақтың химиялық сіңіру – дегеніміз оған енген түрлі тұздар мен топырақ
ерітіндісіндегі тұздардың өзара химиялық алмасуы. Химиялық сіңіру арқылы
түрлі қоспалар құралады. Бұл жолмен пайда тұздар сумен шайылмайды.
Сондықтан топырақта өсімдіктердің қорегіне қажетті катиондар мен аниондар
сияқты заттар топыраққа сіңіп сақталады.
Топырақтың физикалық – химиялық алмастыра сіңіру – топырақтың иондар
сіңіруін, негізінен катиондар сіңіру қабілетін физикалық – химиялық
алмастыра сіңіру деп атайды. Бұл жол бойынша топырақ коллоидтары топыраққа
енгізілген тұздар катиондарымен алмасады. Мұның негізінде біріншіден
физикалық сырттық қуат арқылы сіңіру (адсорбция) бар да, екіншіден - өзара
алмасу химиялық реакциясы бар.
Топырақтың физикалық сіңіруі – қабілеті деп оның түйіршіктерінің сыртқы
молекулалық күш әсерімен газды және ерітінді заттарды сіңіріп, өз бойында
ұстап тұру қабілетін айтады.
Топырақ реакциясы. Құрамында түрлі қышқыл басым болуына байланысты топырақ
реакциясы қышқылды, не сілтілі болып келеді. Өте қышқылды не сілтілі
топырақтарда өсімдіктер жақсы өспейді, тіпті өліп қалады. Өсімдік дұрыс
өніп - өсуі үшін топырақ реакциясы орташа болуы керек. Топырақ реакциясы
оның қандай заттарды көбірек сіңіргендігіне байланысты болады. Әдетте,
қышқыл топырақтарда сіңірілген сутегі және алюминий көп болады. Топырақ
реакциясы бейтарап болуы үшін онда кальций элементінің тұздары көп болуы
шарт. Табиғи жағдайда топырақ реакциясы 3- тен 9 –ға дейін құбылады, ол
рН- деп белгіленеді. Ол төмендегідей : РН 3- 4 өте қышқыл
РН 4-5
қышқыл
РН 5- 6
азғана қышқыл
РН 6-7
бейтарап
РН 7-8 сәл
сілтілі
РН 8-9
сілтілі
Топырақ ерітіндісінің қышқылдылығына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz