Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Топырақ экологиясы
Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал - әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд. тонна деңгейінде антропогендік заттектер (СО2 есептемегенде), гидросфераға шамамен 15 млрд. т. Ластағыштар енгізіп отырылса жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд . т. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ ғасырдаың 90 - шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд. тоннаға дейін көтерілген.
Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдарддың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де антропогендік. Антропогендік шөлдің аумағы жылдан - жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн км
- ден асып отыр, бұл бүкіл құрлықтың 7 процентін құрайды.
Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық химиялық және биологиялық болады.
Физикалық ластануы радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәулеленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.
Биологиялық ластану - ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада - болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, ссүзек және тағы басқада ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойында сақталса, ластағыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.
Химиялық ластану - топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.
Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауылшаруашлығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық жауын - шашын, апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери - өндірістік кешендері жатады.
Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдермен және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен басқа ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе асып отырған жерлер белгілі.
Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде, қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскаридоз т. б. ) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.
Топырақтыңластану дәрежесінің көрсеткіші ретінде мына формула арқылы есептеп анықталатын топырақтағы заттектің ластау концентрациясының коэффициентті (ЛіКК) қолданылады:
ЛіКК = Хі /ШРКі немесе ЛіКК = Хі/Хф
бұл жерде ЛіКК - і - заттегіне тән ластау концентрациясының коэффициенті;
Хі - і - заттегінің мөлшері; Хф - осы заттектің фондық мөлшері.
Топырақтың бүлінуі (деградациялануы)
Адамның барлық өндірістік қызметіне бірінші кезекте ең қажтті табиғи ресурс болып жер саналады. Жер қойнауынан халық шаруашылығының барлық салаларына қажетті материалдар өндіріледі, ол болмаса өндіріс дами алмайды. Өнеркәсіптер жедел қарқынмен дамыған сайын соғұрлым бүлінген жер көлемі арта түседі. Сонтықтан жерді пайдаланушылар оны тиімді пайдаланумен қатар, сан қырлы қорғау жұмыстарына да назар аударуы қажет.
Жер ресурстарын ең негізгі тұтынатын саланың бірі ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында құрлықтың 30% - нен астамы игерілген, осыған осы салада пайдаланылатын ормандарды қосатын болсақ, бұл көрсеткіш 60-65 процентке жетеді. Ауыл шаруашылығының қарамағындағы жер ресурстарының жарамсыз түрге айналуына себеп болатын жағдайлар:
- Топырақ эрозиясы немесе дефляциясы - су мен желдің (дефляция) және тағы басқа табиғи құбылыстардың әсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым - жартылай бүлінуі, топырақтың құнарлығының төмендеуі;
- Агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, негізінде ауыспалы егіс болмауынан және коректі заттектердің топыраққа жеткілікті түрде қайта айналып келмеуіне байланысты гумус мөлшері төмендеп, топырақ құнарлығының біртіндеп азаюы;
- Құрғатымсыз (дренажсыз) жерді суландыру және бақылаусыз суды қолдану, топырақтың су астында қалуы мен екінші реттік тұздануы (сортандануы) ;
- Топырақтың техникада қолдануда бүлінуі (тығыздануы, егістік жер қабаты құрамының бұзылуы, оның төсеніш қабатындағы жыныстармен араласуы) ;
- Топырақтың химиялық және радиациялық ластануы.
Жердің құнарсыздануы негізінен адамның шаруашылық әрекеті әсерінен
топырақтың түзілу жағдайының өзгеріп, оның негізгі қасиеттерінің: қарашірінді құрамындағы гумус мөлшерінің азаюына, құрылымының бұзылуына, улы заттектермен ластануына, екінші реттік сортаңдануына, қышқылды жаңбырдың жаууына, малдың жайылымда шамадан тыс жайылуына, пайдалы қазбалардың ашық әдіспен өндірілуіне, өндіріс қалдықтарының сақталуының реттелмеуі мен бақылаусыз жатуларына, тағы басқа өзгерістерге байланысты. Осы қарастырылған процестерге аймақтардың ерекшелігіне қарай өздеріне тән өзгешелігі де болады.
Топырақ түзілу процесі аймақтың геологиялық жасына да көп байланысты. Геологиялық жас жағынан ескі аймақтарда бұрыннан қалыптасқан топырақ болады да, ал жаңадан пайда болып жатқан құрғақ жерлерде топырақ түзілу процестерінің бастапқы сатылары жүріп жатады. Мәселен, жер шарының теріскей жағында, ауа райының өзгеруіне байланысты, мұздар еріп, мұз басқан жерлер ашылуда, осы кейінгі дәуірлерде мұздан айрылған аймақта жаңа жас топырақтар түзіледі. Мысалы ретінде сонымен қатар Арал суының тартылуының әсерінен, оның түбінен босаған жерде жаңадан топырақ түзілу құбылыстары бастағанын да келтіруге тұрады. Соңғы жылдары Арал өңірінің ежелден бері келе жатқан жері, суы, желі мен қалыптасқан табиғи үйлесімі, яғни табиғаттың тепе-теңдігі біржолға бұзылды. Көктемнің аяқ кезінен бастап, жаз бойы қырдан толассыз соғатын қара дауыл жер бетінің түгін жұтаңдатты. Теңіз татылғалы ауа райы күрт өзгерді, осыған байланысты бұл өңірде жауын - шашын тыйылды. Ормандар мен сексеуіл алқаптары, шабындықтар күрт азайды, көп жерлер шөл далаға айналды. Атап айтқанда, топырақ түзілу процесіне әсер ететін факторлардың көбісі: ауа райы, жоғары және төменгі сатыдағы өсімдік пен жәндіктер, жер бедері, адам қоғамының әрекеттері күрт өзгерді.
Бұзылған жерлердің аумағы табиғи (климаттық, гидролоогиялық, морфодинамикалық, фитогенді жжәне зоогнеді) және антропогенде факторлар әсерінің үдемелі қарқындылығына байланысты келеді.
Жердің шаруашылықтық құндылығын жоғалтуға, топырақ және өсімдік жамылғыларының, гидрологиялық режимінің бұзылуына себеп болатын жолдың бірі «техногенді шөлдену», ол адамның өндірістік әрекеттері мен ауа райының өзгеру нәтижесіне байланысты. Қазіргі заманда шөлді далаға айналған жерлердің басым көбісінің жер шарындағы жердің 70% - тейі бүлінген болып саналады. Әлем бойынша жердің шөлдену процесінің жылдамдығы орта есеппен жылына 7-10 млн. гектарға жетіп отыр. Осыған жыл сайын эрозия мен құм басу арқылы өнімділігін жойған тағы да 20 млн га жерді қосуға болады. Әлемнің барлақ түкпіріндегі жер қоры әр түрлі дәрежеде бұзылуға ұшыраған, жалпы антропогендік факторлардың әсерінен жылына құнарлығын жоятын жердің мөлшері шамамен 90 млрд. тоннадай, оның ішінде жылына 7, 5 млн га эрозия процесі арқылы бүлінеді. Қазіргі кезде эрозия процесінің нәтижесінде бұзылған жерлер көлемі АҚШ-та-300млн. га үстінде ьолса, Ресейде, Белорусия мен Украинада-100 млн. га, ал біздің Қазақстанымызда шамамен 18-20 млн. га
Г. С. Макунинаның (1991) мәліметтері бойынша дүние жүзінің әр түрлі топырақ түрлеріндегі орта есеппен гумустық жалпы шығыны: шымды күлгін топырақ үшін - 27 %, қоныр және сүр орман топырағында - 30 %, қара топырақта - 35 %, сарғылт топырақта - 29 %, сү топырақта -14 %, қызыл сары темірлі топырақта - 50 %.
Америка экологы Л. Браун (1992) ауылшаруашылығы жерлерін қүнарсыздану дәрежесі бойынша үш санатқа бөлді:
- Құнарсыздануы бәсең -әлеуеметті өнімділігі 10 аз төмендеген жерлер:
- Құнарсыздануы орташа - әлеуетті өнімділігі 10 -15 аз төмендеген жерлер:әбден құнарсызданған - әлеуетті өнімділігі 50 артық төмендеген жер:
Топырақтың су мен жел эрозиясы. Жоғарыда қарастырылған факторлардың ішінде жер шарының барлық түкпірендеең бір өзекті проблема туғызып отырған негізгі фактордың бірі топырақ эрозиясы. Эрозиялық құбылыстардың дамыуна сол жердің топырақ-өсімдік жамылғысы мен геологиялық құрылысы әсерін тигезеді. Топырақ эрозиясының түрлері 8. 1 - ші суретте келтірілген.
Су ағысынан орын алған эрозия бірнеше түрге бөлінеді: беттік - топырақтың барлық бетінен құнарлық қабат пен төсеніш жыныстардың ағып кетуі, жырқтық - белгілі жолмен топырақ пен төсеніш жыныстық шайылуы, айғыздық - көктемде қардың тез еруіне немесе нөсер жаңбырдың жаууына байланысты өсімдік аз өсетін немесе айдалатын егістерге арналған таудың барайындағы топырықтың құнарлы қабатының жоғарыдан төмен қарай сумен ағып кетуі. Су тасқын апаты мен щөгінділер әсерінен де, әсіресе таулы жерлерде топырақтың қүнарлы қабаты шайылып қана қоймай, су ағысымен келген тастармен, өсімдік қалдықтармен, ағаш сынықтарымен тағы басқа да заттармен ластанады. Бұл жағдай эрозияның ең қауіпті түріне жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz