Төтенше жағдайларда сумен қамтамасыздандыру сұрақтары
Тақырыбы: Төтенше жағдайларда сумен қамтамасыздандыру сұрақтары.
Мақсаты: сумен қамтамасыздандыру жүйелерінің болмауында шөлді дала,
төтенше жағдайларда халықты сумен қамтамасыз ету ерекшеліктерімен
таныстыру.
Дәрістің жоспары:
1.Сейсмикалық аудандарда су құбыры желісін және қондырғыларын салу.
2.Тау кендерін қазу аудандарында су құбырларын салу.
3. Солтүстікте және суық климаттақ аудандарда сумен
қамтамасыздандыруды ұйымдастыру.
4. Шөл далаларда сумен қамтамасыздандыру.
5. Эпидемия кезеңдерінде сумен қамтамасыздандыру жүйелерін қорғау.
Біздің елде халықты қоныстандыру табиғи жағдайларына, жердің
рельефіне, климатына байланыссыз әртүрлі территорияларда жүргізіледі.
Тұрғындар үшін жағымды санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау табиғи
ортаның жағдайына байланыссыз, тұрғындардың тіршілігінің қалыпты жағдайын
қамтамасыз ету міндеттерінің бірі болып келеді.
1.Сейсмикалық аудандарда су құбыры желісін және қондырғыларын салу
Күші 8 және 9 балл сейсмикалық аудандарда, тұрғындарының саны 25 мың
адамдардан асатын елді мекендерді, сондай-ақ суды беруді мүлдем тоқтатуға
болмайтын өнеркәсіптік кәсіпорындарын сумен қамтамасыздандыру жүйелерін
жобалауда бір су көзінен, бір-бірінен алшақ орналасқан, ең кемінде 2 дербес
су алу орындарын қарастыру керек. Сейсмикалық аудандарда жер
сілкіністерінен пайда болуы мүмкін өрттерді сөндіру үшін, сондай-ақ
өндірістердің авариялық қажеттері үшін ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету
қажеттігі туады. Су көзінен суды алуда тек бір су алу орында ғана
резервуарларда өртке қарсы екі еселік су қорын, сондай-ақ тұрғындарды сумен
қамтамасыз ету үшін қосымша су қорын жасау керек. Күші 9 балл сейсмикалық
аудандарда елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін 12 сағатқа жететін, ал
8 баллды сейсмикалық аудандарда-8 сағаттық су қоры жасалуы керек.
Сейсмикалық аудандарда су құбырының жұмысының сенімділігін жоғарылату
үшін мыналар қарастырылады:
- қысымы аз сумен қамтамасыз ету жүйесін жобалау;
- шаруашылық-ауыз су, өнеркәсіптік және өртке қарсы су құбырларының
жеке тораптарын бір-біріне қосуға болатындығын қарастыру, оны судың
қандай-бір су құбырына түспеуінде қолданады, сондай-ақ шаруашылық-
ауыз су құбырына тазартылмаған, бірақ хлорланған суды беру
мүмкіндігін қарастыру.
- су тегеурін мұнараларын, резервуарларды объектінің территориясының
қарама-қарсы аудандарында орната отырып, оларды бір орында
шоғырландырмау, яғни бытыраңқы орналастыруды қарастыру;
- мүмкіндігінше су тегеурін мұнараларының орнына, резервуарларды
орнату.
Күші 9 балл сейсмикалық аудандарда жер беткі су көздерінен суды алу
қондырғыларын темірбетоннан салу қажет, сейсмикасы 8 және 9 баллда насос
станцияларының ғимаратын ең кемінде 2 метр тереңдікте орнату керек, оларды
басқа қондырғылармен біріктіруге болмайды. Сиымдылығы 3000 м3 аспайтын
шеңберлі формалы темірбетонды таза су резервуарларын жер астында орнатады,
мұнда олардың насос станцияларынан қашықтығы 10 метрден кем болмауы керек.
Суды тазалау кешендерінің ғимараттарын бірқабатты етіп жобалап, ал
технологиялық қондырғыларын блоктарға немесе секцияларға бөлу керек.
Сейсмикалық аудандарда су құбырын орнатуға трассаны салу орнындарын
таңдауына ерекше көңілді аударылуы керек, себебі құбырлар сейсмикалық
тұрғыдан неғұрлым тұрақты келетін топырақта салынуы тиісті. Темірбетонды
және асбестцементті құбырлардың қосылатын орындары, олардың осі және ұзыны
бойынша қозғала алатындай серпінді болуы тиісті. Мұндай жағдайларда
болаттан жасалған құбырларды дәнекерлік немесе серпінді (резиналық
кольцоларды қолданып) стыктар арқылы қосады.
9 баллға дейінгі сейсмикалық аудандарда құбырларды салудың минималды
тереңдігі келесідей болуы керек (олардың жоғарғы шетіне дейін):
- болаттан жасалған құбырлар үшін ең кемінде 0,8 метр;
- шойын және темірбетон құбырлары үшін ең кімінде 1,0 м;
- асбетстцементті құбырлар үшін ең кемінде 1,3 м.
2.Тау кендерін шығарып алатын аудандарда су қбырларын салу.
Көмір шахтылары орналасқан аудандарда су құбырларын салуда оларды
топырақтың шөгуінде қирауынан сақтау қажет. Мұнда келесі шарттарды орындау
керек:топырақта құбырлардың осі бойынша жылжуын қамтамасыз ету үшін
компенсаторларды орнату қажет; топырақтың салмағының әсерін азайту үшін
траншеяны құммен толтырады. Тау кендерін шығарып алатын аудандарда су
құбырларының сенімділігін арттыру үшін оларды жер бетінде салу ұсынылады,
сондай-ақ оларды басқа тағайындалған құбырлармен бірге бір тоннельдерде
салу қарастырылады.
Топырағы шөгетін аудандарда құбырлардан және қондырғылардан судың
сыртқа ағуын алдын алу бойынша, және де траншеялардың жауын суларымен
толуын алдын алу бойынша шаралар қарастырылады. Топырақтың 40см дейін шөгу
ықтималында шойыннан, полиэтиленнен, темірбетоннан және асбестцементтен
жасалған қысымды құбырларды қолдануына, ал 40см көп шөгуінде шойыннан,
полиэтиленнен және темірбетоннан жасалған қысымды құбырларды қолданады.
3. Солтүстікте және суық климаттақ аудандарда сумен қамтамасыздандыруды
ұйымдастыру.
Солтүстікте сумен қамтамасыздандыруды ұйымдастыруда Солтүстіктің
барлық аймағына, сондай-ақ осы нақты жергілікке қатысты ерекшеліктерін
ескеру қажет, оның ішінде:
- мәңгілікті мұзды жерлерде, әсіресе жыл мезгілдерінде өзгеріп тұратын
қабатында су құбырларының және қондырғыларының жұмысының
тұрақтылының қамтамасыз етуді;
- су құбырлары желісінде және қондырғыларында судың қатуын алдын-
алуды;
- дистанциялық және орталықтанған түрде басшылық ететін бақылаушы-
өлшеуші қондырғыларды максималды қолдануды.
Солтүстікте әсіресе ерекше болып сумен қамтамасыздандыру жүйесінің
сенімділігіне қатаң талап қою саналады. Суды көп уақытқа дейін бермеу
өндірістің, адамдардың тұрмысы мен демалысының қалыпты ырғаған бұзады. Суық
климаттық аудандарда, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz