Төтенше жағдайда болатын жарақаттар, аурулар мен уланулар және олардың түрлерімен таныстыру


Төтенше жағдайда болатын жарақаттар, аурулар мен уланулар.

Олардың түрлері.

Жоспары: 11. 1 Жарақаттар және олардың түрлері.

11. 2 Өткір сәуле аурулары

11. 3 Жараға инфекция түсіп, асқынуы

11. 4 Жара туралы ұғым, жараларды жіктеу және олардың асқынуы.

Лекция мақсаты: Төтенше жағдайда болатын жарақаттар, аурулар мен уланулар және олардың түрлерімен таныстыру.

Лекция мәтіні:

11. 1 Жарақаттар және олардың түрлері. Жарақат - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуы, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуы, органдардың зақымдануы және көптеген басқа жәйттердің әсерінен ұлпалар мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Жарақаттануға механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тогы), психикалық (қорқыныш) фкторлар әсер етуі мүмкін.

Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы) .

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.

Жабық зақымдану - бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдалу түрлері. Бұдан терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы (буынның таюя, сүйектің сынуы) жатады.

Ашық зақымдану - бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғыларының кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы) .

Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жарақаттарға көптеген кәсіби жарақаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шұғылданатын адамдардың табанының жалпақтығы, машинисткалардың тарамыс қынабының қабынуы, кір жуушылардың жаурауы, рентгенологтардан қолындағы қотыр мен жар болуы) . уақыттың шектеулі үзігі аралығында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылық деп аталады. Жарақаттанушылық өндірістік (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы), өндірістік емес (тұрмыс, спорт, көше, көлік) ж»не әскери болып бөлінеді.

Кез келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмауының бұзылуы) . Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.

Талықсу - адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айырылуы.

Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (қорқу, дененің аяқ асты сырқырауы) .

Талықсуға қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінен аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетпеуін сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылған бойда ауру құлайды.

11. 2 Өткір сәуле аурулары.

Өткір радиациямен немесе радиоактивті заттардың белгілі мөлшерден артық өтуінен адамдар сәуле ауруына ұшырайды.

Бұл ауру адам 4 тәулік ішінде 100 р-н, не одан да астам сәулені алғанда ғана пайда болады. Аурудың ауырлығы өткен сәуле шамасына, адамның оған дейінгі денсаулық дәрежесіне байланысты. Денеге өткен сәулелердің шамасына қарап сәуле ауруын 4 дәрежеге бөледі: 1 дәрежелі - 100-200 р-ге дейін сәуле;

2 дәрежелі - 200-300 р-ге дейін сәуле;

3 дәрежелі - 300-500 р-ге дейін сәуле;

4 дәрежелі - 500 р-геннен жоғары, өте қатаң түрі.

Сәуле ауруының әр дәрежесі 4 кезеңнен өтеді:

  • сәуленің өткенін алғашқы сезінуі;
  • ауруының жасырын кезеңі;
  • ауруының өз мәнінде көрінуі (разгар) ;
  • ауруының аяқталуы, жазылып кетуі не қайтыс болуы.

Аурудың әр дәрежесінің қалай өтетіндігі:

1-ші дәрежесі - жеңіл. Сәуле өткендігі 3 сағаттан кейінжүрек айнып, жалпы әлсізденіп, бас ауырып, кейде құстырып сезіле бастайды. Бір тәуліктен кейін ауру адамдар өздерін жақсы сезінеді. Сөйтіп сәуле ауруы жасырын түрде 3-4 аптаға созылады. Бұл адамдар еңбекке жарамай, тек жеңіл жұмысқа ғана шамасы жетеді. Осы уақыттан кейін 200 р-н алғандардың қанында өзгеріс байқалады. Тәуір болу кезеңі 3-6 айға созылады.

2-ші дәрежесінде аурудың алғашқы белгілері 3 сағатқа жетпей, біліне бастайды: жүрек айнып лоқсиды, жалпы әлсіздік болады.

Дене қызуы 37, 2-37, 5 0 С-қа көтеріледі. Екінші тәуліктің өзінде-ақ ауру жасырын түріне көшіп, адам тәуір сезінеді, тек 3 аптадан асқан соң, денесі ауырлап, жағдайы төмендей бастайды. Осы уақыттың ішінде бұл адамдарды ауруханаға тез орналастыру керек. Тәуір болу кезеңі 3-6 айға созылады.

3-ші дәрежесі ауыр болып келеді. Сәуле өткендігінің алғашқы белгілері жылдам байқалады. Көздің айналасы қызарып, жалпы әлсіздік тезірек пайда болып, басы айналып, әлденеше құсып, қызуы 38 0 С-қа дейін көтеріледі. Кейде аяғы шатасып, жүрісі бұзылады. Аз уақытқа есінен айрылып қалуы мүмкін. 2-3 тәуліктерден соң, ауру тәуір болғандай сезінеді, әлсіздік кетеді. Жасырын түрі 1-2 аптаға созылады, содан кейін ауру күшейіп, жағдайы нашарлайды. 39-40 0 С-қа жетеді. Мұндай адамдар ауруханаға алғашқы күндері-ақ әкелінуі керек. Жазылып кету мерзімі 1 жылға созылады.

4-ші дәрежесі - өте ауыр түрі. Алғашқы белгілері 20-30 минутт-ақ көрінеді. Әлденеше рет құсып, әлсіздік күрт пайда болады, бас қатты ауырады, іш өтеді. Қызу 39 0 С-қа көтеріледі. Сәулемен зақымдану белгілері тез дамып өршиді, ауруханаға тез жеткізу қажеттігі туады.

11. 3 Жараға инфекция түсіп, асқынуы.

Инфекция деген адам мен жануарлар организміне уру қоздырғыш микробтардың енуі және олардың организмде өсіп-өнуі, оны түрлі кеселге ұшыратуы.

Жара деген терінің немесе шырышты қабықтың бүтіндігін бұзғандықтан пайда болған жарақат.

Олардың жіктелуі жараның неден болатындығына байланысты.

- Инеден, шегеден, біз немесе штыктен алған жарақат -түйрелген, үшкір затпен шаншылған жарақат.

- Кесетін нәрседен (пышақтан, әйнектен) алынған жара - кесілген жара.

- Құлағанда, тұйық нәрсеге соғылғанда, не соққанда алынған жарақат - соққыдан алған жара.

- Жыртылған жара - машинаның деталінен (іліп кеткеннен) болған жара.

- Оқтан не снарядтың ұшқынынан болған жарақат - оқ тиюден жаралану.

- Ит не басқа жыртқыш аңның тістегенінен болған жарақат.

Жара терінің үстіңгі қабатында ғана болуы немесе тереңірек, бұлшық еттердің жарақаттануында болуы мүмкін.

Кеуденің, қарынның, бас сүйектің ішінде өткен жарақатта болады. Мұндайда ішкі органдарда жарақат алады.

Әрбір жара қан көп кетуімен және оған микроб түсіп, асқынып кетуімен қауіпті. Көптеген микробтар, жараға түскенде іріңдетіп жібереді. Оған стафилококтар, стрептокилар жиналады.

Инфекция түсіп іріңдеген жараның айналасы қызарады, ісінеді. Жараның жазылуы ұзаққа созылады. Кейде микроб қанға өтіп кетсе, ол өте қауіпті. Осындай асқынып кеткендегі түрін тілме (рожа) деп атайды. Жаралы жер қызарып, ала-құлаланып, айнала жайылады, кейде тері асты іріңдейді. Қызу 39-40 0 жетеді. Инфекция ұстаған нәрселер арқылы басқа адамға да жұғуы мүмкін. Жараға микроб түскеннен пайда болған ауруды сіреспе (столбняк) дейді. Микробтар жараға түскенде адамның жүйке жүйесіне әсер еткеннен сіңірі тартылып, құрысып қалады. Жүрегінің жұмысы мен демалысы бұзылады. Егер дер кезінде шара алып емделмесе, ол адам қазаға ұшырауы мүмкін.

Жарақат алған кісіге алғашқы жәрдем көрсеткенде жараға микроб түспейтіндей бірнеше шара қолданылады, осы шараларды асептика деп атайды.

Асептикаға қолданатын барлық құралдар (байлау құралдары, хирургиялық инструменттер, хирургтың қолыныцң тазалығы, т. б. ) өте таза (стерильно) болуы керек. Бұған винний спирт, йод тұнбасы, хлорамин, ривонола ерітінділері т. б. қолданылады. Оларды пайдаланып микробтарға қарсы күресу әдісі - анисептика деп аталады. Ол үшін антибиотиктер - пенициллин, стрептомицин деген дәрілер жиі қолданылады. Микробқа ыстық бу, қайнату, құрғақ ыстық қатты әсер етеді, осылар арқылы қажет материалдар тазартылады (стерильденеді) .

Хирург құралдарын су қайнағаннан бастап 45 мин. бойына қайнатады. Құралдар 2 сағат спиртте жатса да болады.

11. 4 Жара туралы ұғым, жараларды жіктеу және олардың асқынуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы
Өндірісте жарақат алу мен ауруға шалдығу
Қоршаған орта мен адам денсаулығы
Зардап шеккендерді жедел көмек көлігімен тасымалдау
Адам өмір қауіпсіздігінің негіздері
Өндірістік жарақаттардың негізгі себептері
«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсынан дәрістер кешені
Төтенше жағдайда болатын жарақаттанулар, аурулар мен уланулар. Олардың түрлері
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне кіріспе. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер
«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсынан дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz