Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан мектеп оқушыларын патриотизмге өткені мен дәл бүгінгі таңдағы жай - күйін зерттеу барысында оның әдісі, тәсілі мен формаларының сан алуан болғанына және олардың бүгінгі жағдайына бейімдеп қолданудың мүмкіндігі мол. Бірақ, оның мазмұны кеңес дәуірінде сол кездегі идеологияға қызмет еткендіктен, сыңар жақты болып қалғаны да айқындала түседі, өйткені онда ұлттық патриотизм ескерілмей қалған. Сол себепті «ұлттық патриотизм», «ұлттық сана» деген секілді аса маңызды ұғымдар көп жағдайда терең зерделенбеген. Патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар: «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм». Ұғым дегеніміз - заттар мен құбылыстардың жалпы айырмашылықтарының белгілі бір ойжиынтығы негізінде ой жүргізу. Ұғымдар негізінде пікір, ой тұжырымдар қалыптасып, ой қорытындылар мен пайымдаулар жасалады. Бұл жерде «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсінік берудің тиімділігі арта түспек.

Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адам күшейту екенін мойындау, жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасын біріктіреді. «Ұлттық патриотизм - бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, терриоториясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері қалыптасқан, тарихи дәстүрлері жағынан да айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен байланысты.

Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан. Ал оның мазмұны туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар-жалпыұлттық құндылықтармен толықтырылады. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Ұлттық патриотизмді ұлт және патриотизм туралы екі ұғымның жадағай қосындысы деп қарауға болмайды. Сондықтан біз бұл еңбегімізді тектілікпен туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп, нығаюы, елін, жерін шексіз сүйіп соған қызмет ету, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау деп көрсетеді. Демек, ұлттық патриотизм дегеніміз қанмен, текпен туа бітетін, тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілетін ұлттық сипаттағы саналы іс-әрекет пен мінез-құлық.

Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, үйлесімді жетілген тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Осыған байланысты, мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу-тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, халықтық тәлім-тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып қайта қарап шыыгу, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу қашан да толастамаған. Сонау төңкеріс жылдарынан бастау алатын «советтік патриотизм» Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткізді. Одан кейінгі жылдары патриотизмге баулу, жан-жақты, үйлесімді дамыған адам, тұлға тәрбиелеу, комунистік мораль қалыптастыру аясында жүргізілді. Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан, өмірде болып жатқан бетбұрыстар, қоғамдағы саяси көзқарастар, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер-еліміздің тарихына, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүріне құрметпен қараумен қатар, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пйдалануға жол ашып отыр. Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030»Жолдауында: «Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгінен бастап ұлттық мінез құлық, биік талғампаздық, тәкапарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек, »-делінген.

Отан сүю, патриотизм деген ұғымдар мектепке, үйге, жақынына, туған қаласына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Әрбір халық ел мен жер қадірін, ата-баба дәстүрін ұрпағының құлағына кішкентайынан құюға тырысады. Бұл тұрғыда, қазақ халқының жаңа туған жас нәрестені бесікке салып, шілдехана тойынан басталып, тұсау кесу, қыз ұзату, үйлену тойы, тіпті адамды соңғы ақтық сапарға шығарып салу секілді сан-қилы ырымдар мен кәделерге толы салт-дәстүрлерінің маңызы ерекше. Ұрпақты ата-салтымызбен ұлтжанды етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымына үлкен талап қоюда. Себебі бала мектеп табалдырығынан көрсем білсем деген алып-ұшпа құмарлық сезіммен келеді. Осы сәтті ұтымды падаланып, білімді ұлттық тәрбиемен ұштастыра білген мұғалім ғана жемісті жетістіктерге қол жеткізеді. Жас ұрпақты халқымыздың әдет-ғұрып, салт-санасымен сусындату ел тереңін ойлайтын саналы азамат қалыптасуының бірден-бір кепілі.

Мектепке келген баланың отбасында бойына сіңірген мейрімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдылық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап, соның негізінде птриоттық сезімді оята білу үшін әрбір мұғалім жүие бойынша белгіленген нақты іс-шараларды аса шеберлікпен үйлестіріп жүргізуі тиіс.

«Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті, салт-дәстүрі сақтайды»деген ұғымды бастау етіп алатын болсақ, патриотизмге тәрбиелеу үрдісін шартты түрде мынадай шараларға бөлуге болады:

-тілді құрметтеу;

-ұлттық салт-дәстүрді зерделеу;

-елдің тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;

-ата-бабалар өсиетін орындау;

-жер байлығы мен табиғатты қастерлеу.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе»-ұлы жазушымыз М. Әуезов. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс. Оқушыларды өз елін, туған жерін қорғауға және оны суюге баулып, оларға сонау Абылай бабаларымыздан бастап кешегі желтоқсанға дейін азаттық үшін алысқан ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру мақсатында елтану материалдарын, белгілі қоғам қайраткерлерінің өмір деректерін көптеп қолдану елжандылық сезімдерін тереңдететіні сөзсіз. Мектептер мен өзге оқу орындарының басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге қабілетті, ғылым мен тәжірибе жүзінде терең білім ала отырып, жеке тұлға болып қалыптасуға дайын ұрпақ тәрбиелеу. Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдері жан-жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі.

Патриоттық тәрбие мәселесі-адамзат тарихының өнбойында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе ұлы мақсат болғандықтан мектеп оқушларының отанға сүйіспеншілік қасиетін дарыту көкейкесті мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері: . . . азаматтылық пен елжандылыққа, өз Отаны- Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу» десе, ал, орта білімді дамыту тұжырымдамасында «тәрбиелік жұмыстарды қазақстандық патриотизмді азаматтық, ізгілкті интернационализм негізінде құру»- керек екендігі көрсетілген.

Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, өркендеп, гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары-ана тілі, ұлттық рух, діни наным-сенімдермен тығыз байланысты. Ұлттық «мен» дегізерлік қасиеттерді сақтап қалудың кепілі әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен «Атамекен» деген киелі атқа ие туған жер. Бұлар-қазақтардың ұлттық «менінің» қайнар көзі, біртұтас халықтың ұлттық ерлігі, не жеке қаһармандардың батырлық істеріне осылар қозғаушы күш болып отырған. Патриотизмнің мәнін ашу барысында, ең алдымен осы патриотизм идеяларының ерте заманда туып қалыптасқаны мен ол туралы сөздіктер, энцоклопедияларда берілген анықтамаларды және зерттеушілер мен ақын, жазушылардың еңбектерін қарастыра кеткен жөн.

Бүгінгі күнге дейін сақталып, Егемен мемлекетке ие болу дәрежесіне дейін көтеріліп отырған қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен, бастап жерін елін, тілін, ділін қорғаудғы өшпес ерліктерге толы. Күлтегін жазбасында:

Кедей халықты бай қылдым,

Аз халықты көп қылдым . . .

Түркі иелігінен айырылған халықты

Ата-баба мекеніне орнатты . . .

Жазбадан патриотизмнің - халықты көбейтіп, байыту үшін еңбек ету, ата-баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау екендігін аңғарамыз. Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күй, сыбызғы-сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлыры, шешендік саз, айтыс өлеңдері мен бостандық үшін жері мен елін қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандары ғасырлар бойы өз ұрпағын өнерлі де өнегелі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені шындық. Олай болса, тәуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын сүюшілдік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде осы ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін негізге ұстансақ, өте ұтымды болар еді.

Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадір-қасиет тұтуды ұлы дала ойшылдары Қорқыт ата, әл-Фарби, Жүсіп Баласұғыни, Махмұд Қашқари, т. б. айтқан болатын.

Ж. Баласағұни-ата-ананың ең басты парызы- баланы өткенге парасатпен, терең сезім құрметпен қарауға тәрбиелеп, ата-баба әруғын ардақтауға салт-дәстүр сияқты киелі нәрселерді құрметтеуге, отбасылық, қоғамдық дәстүрлерді түсіну сезіміне баулыған.

М. Қашқаридың - «Отан дәстүр мен ұлттық мәдениеттен тұрады, Отаннан күдер үзу болғанымен, дәстүр-салтты аттап кетуге жол жоқ»- деген мақалы ұлттық дәстүрмен ұлттық мәдениетті аңғартады.

Қазақ даласының айбынды ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқы жеткізуді өмір бойы армандап өткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлігін, олардың адамгершілік қасиеттерін жыр етеді.

Абай Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухқа, патриотизмге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз.

Патриоттық тәрбиенің теориялық сипаттамасын ғалымдар өмірдегі қажеттілік тұрғысынан қарау және әр адамның маңызды өмір сүруі үшін патриотизмге қызуғушылық құлқын ояту мақсатында саралайды. Қай халықтың болмасын мемлекет тарапынан ғалымдардың назарын патриоттық тәрбиені зерттеуде ең ұтымды, тиімді жолдарын таба білуге бағыттап және саяси жұмыстың өмір тіршілігінің тынысынан алшақ кетпей, сапалы жүргізілуімен жалпы тәрбие ісіндегі құрама әдіс-амалдардың әдіснамалық, соның ішінде патриоттық тәрбиенің өз мәнінде жүзеге асуын қадағалап отыру бағдарланады. Паттриоттық тәрбиенің негеізгі мақсаты - жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын саяси моральдық, кәсіптік, психологиялық, дене шынықтыру сияқты сапаларды қалыптастыру.

Музыка өнері әрбір оқушының әсемдік әлеміне үйірсек болып қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды. Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның обьективті қажеттілігі және заңдылығы болуы қажет. Музыка тәрбиесі оқушыларды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып олардың бойында белгілі адамгершілік патриоттық қабілетті дамытады.

Ұрпақтан мирас болып келген халықтық қазынаның, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда олардың музыкалық, патриоттық деңгейін жоғарлату басты міндет. Бастауыш сынып бағдарламасында ауыз әдебиеті жанрларынан балаларға үлгі боларлықтай тәрбиелік маңызы зор шығармалар енгізілген. Бағдарламада шешендік айтыс, суырып салма ақындық өнері, ән айту, жыр-терме, театр өнері, би сабақтары да интеграцияланған курстарда өз бейнесін тапты. Ұлттық өнерге осылай оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік, патриоттық қасиеттерінің қалыптасуына, мәдени дәстүрге деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізеді.

Ұлы Абай өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың рөлін былайша суреттеді: Әсемдік сыры биік муратталғандары, көркем шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстүрлік т. б мәселелерді көтере келіп, патриоттық тәрбиенің негізгі өлшемдеріне ғылыми талдаулар жасайды. Ойшыл ақын жеке адамның патриоттық сезімдерін дамытудың нақты жолдарын қарастырды. Абайдың түсінігінше баланы жастайынан патриоттыққа баулуда үлкендер неғұрлым ертерек ойластыруы қажет.

Оқушы күнделікті өмірде музыкамен етене араласады. Мұны салыстаырмалы түрде алғандн үш жүйеге бөлуге болады:

1) Музыка сабағында ұжымдық тапсырмаларды орындауы (бірігіп күй тыңдауы және музыкалық шығармаларды талдауы) .

2) Өз бетінше қатысуы.

3) Музыканы кздейсоқ тыңдауы.

Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге асырытындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тоннфң дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді» т. б өзгерісін бақылап сезінуге үйренеді. Оқушы патриоттық сезім мен эмоциялық көңіл күй арқылы қадірлеуді сезінеді. Музыка жөніндегі ой-талғамы қалыптасады.

Музыкалық шығарманы талдау арқылы патриоттық сезіміне әсер ететіндей әңгімелеу әдісін жүргізуге болады. Музыклық шығармада адамның патриоттық сезіміне әсер етудің қайнар көзі музыкалық тақырып болып табылады.

О. Апраксина: «Музыканы оқушылармен бірге талдау, дұрыс бағытта болуы шарт»- дейді. талдау барысында музыка тілінің элементтерін түсіндірумен шектелмей, ол элементтердің көркем шығармадағы ролін анықтауға күш салған жөн. Әрине оның ролін әр оқушы өзінің түсінігіне тәжірибесіне сүиеніп анықтайды. Мұғалім оқушыға шығарманың мазмұнын композитордың ойы мен барынша жақындата түсіндіруді басты мақсат етіп қоюы қажет.

Музыка сабағында нақты мақсат қойылу арқылы оқушының сезімін ояту. Оқушылардың сабақ үстіндегі эмоциялық өзіндік іс-әрекеттері бағыттаушы және реттеуші рөл атқарады сезімді ояту үшін қабылдауда белсенді мақсат қойалады.

Бұл мақсат:

А) Музыкалық шығарманың мазмұнын оқушылармен бірге талдау.

Ә) Музыка - дидактикалы ойындар ұйымдастыру.

Б) Тиімді әдісті таңдап ала білу.

В) Оқушылардың жас ерекшеліктерімен музыкалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, музыкалық шығарма таңдау арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы қазақ тарихы-жан-жақты тарих. Қазақ мәдениеті жан-жақты мәдениет. Даланың батырлары мен сал-серілері халық мұңын жоқтайтын жырау да, табиғат мұңын жоқтайтын сазгер де, сөз ұстаған шешен де, нйза ұстаған көсем де бола білген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру
Патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық негіздері
ҰЛТТЫҢ ОРТАҚ ҰРАНЫ: ОТАН, ТӘУЕЛСІЗДІК, ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Патриотизмге тәрбиелеу мәселесі
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру (сыныптан тыс жұмыс арқылы)
Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық сезімін қалыптастыру
Мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі
Бастауыш мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі
Патриотизм ұғымы және оның негізгі қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz