Этнопсихологиялық тәрбиенің өзіндік санасы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Этнопсихологиялық тәрбиенің өзіндік санасы.

2. Этнопсихологиялық тәлім-тәрбие.

3. Этнопсихологиялық мәдениет.

қазақстан халқының этнопсихологиялық сипаттамасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Этнопсихологиялық тәрбие.

Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі педагогика-психология ғылымында да тұлғаның түрлі сапаларын тәрбиелеу үшін оқыту әдісі ретінде ұлттық дәстүрлерді пайдаланудың мүмкіндіктері белсенді түрде зерттеліп, балалардың тілінің дамуы мен көрскемдік талғамының, еңбек дағдыларының т. б. қалыптасуы қадағаланып, қазақ тілді мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесінде балалардың бойында этнопсихологиялық тәрбие психологияны қалыптастыру бағытында тәрбие үрдісіне баса назар аударылып келеді.

Қазақ балабақшалары мен мектептерінде балаларды ұлттық тәлім-тәрбие бағытында оқытуға жаңа мазмұн беру керек, сонда олардың бойында этнопсихологиялық тәрбиенің сана-сезімі оянуына мүмкіндік туады. Қазақ балаларын оқытуға жаңа мазмұн беру дегеніміз не? Бұл балалардың ақыл-ойы мен сезімін, қоршаған өмір мен құбылыстарды бақылампаздығын дамытуға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді іздестіре білу. Осы әдіс-тәсілдердер оның санасы мен сезіміне жол тауып, ұлтық тұлға ретінде қалыптасуын нығайтуы қажет.

Ғалымдар, педагогтар, психологтар (және ата-аналар) қалыптасқан жағдайды ескере отырып, бұларсыз балаларға ұлттық тәрбие берудің тиімділігі мүмкін болмайтын басты әдіснамалық мәселелерді анық елестетулері керек. Бірінші мәселе, мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәлім-тәрбие берудің психологиялық аспектілерін анықтау болып табылады; екінші - баяндаудың, жаттатудан бас тартып, балалардың этностық өзіндік санасының оянуы мен қалыптасуына негізделген тәрбиелік ықпалды белгілеу; үшінші - ұлттық тәрбиенің әдіснамалық мәселесі - үрдісінде 6-7 жаста5ы балалардың этностық өзіндік санасын қалыптастыруда педагогтің алдындағы практикалық міндеттерді түсінуі.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің психологиялық аспектісі ұлттық психология болып табылады. Этнопсихологиялық тәрбие психология көп жақты, көп қырлы, түрлі реңкті, тікелей және қарсы әрекеттердің, өзара ыөпалдардың, түрлі күштердің, процестер мен оқиғалардың шексіз қиысуларының жемісі.

Ғылыми әдебиеттерде ұлттық психологияның құрылымын ұлттық мінез, ұлттық сезім, ұлттық өзіндік сана құратыны бекітілген. Ұлттық сана пайда болмаған жағдайда ұлттық сезім де, ұлттық мінез де қалыптаспайды деп есептейміз. Біздің бұл көзқарысымыз Н. Елікбаевтың « . . . белгілі бір ұлт өкілі емес адам жоқ. Соған сәйкес ол ұлттық психологиясын алдымен өз ұлтын сезінуден, оған жауапкершілікпен қараудан бастауы тиіс» деген қорытындысына және ресейлік бірқатар ғалымдардың тұжырымдарына негізделеді.

Этностық өзіндік сананы қалыптастыруда тәрбиеші-педагогтың әдіснамалық мәдениеті мақсатының келесі бағыттарын белгілейміз:

  1. әрбір ұлт адамзат мұрасының бөлшегі, сондықтан ол жалпыадамзаттық сипат пен құндылықтарды жеке алып жүруші;
  2. барлық балалар бір-бірінен тілімен, дінімен, этностық тегімен, салт-дістүрлерімен ажыратылатын халықтардан тұратын үлкен бір дүниенің бөлшегі;
  3. бір-бірімен байланысты барлық елдер мен жеке ұлттар, айырмашылықтарына қарамай, бірін-бірі сыйлап, өзі өмір сүріп отырған ортақ дүние жетілдіруге өз үлесін қосуға міндетті;
  4. ұлттық өзіндік сана мен абыройды меңгерген, жалпыадамзаттық қауымдастықтың бір элементі ретіндегі ұлттық мәдениетті сақтап, оны көбейтуге ұмтылатын жан-жақты дамыған тұлға негізін қалау.

Этностық өзіндік сана - психологиядағы ең күрделі әрі маңызды мәселелердің бірі. Оның пайда болуының психологиялық жағдайларын анықтау мен дамуындағы ұнамсыз ауытқулардың басты себебін табу бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін ерекше маңызды.

Бала санасының ұлттық рухта қалыптасып, оларда ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтар туралы тұтас ұғым түзілуіне түркі әлеміне ортақ ежелгі әдеби мұраларда (VI-VIII ғғ. - Орхон-Енисей жазба ескерткіштері, Қорқыт ата, әл-Фараби), түркі ғұламаларының (ХI-ХIV ғғ. - Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Жүйнеки, Қ. Иассауи т. б. ) психологиялық идеяларында, қазақ ақын-жырауының (ХV-ХIХ ғғ. - Асанқайғы, Қ. Жалайри, М. Дулати, Шалкиіз, Жиебет, Ақтамберді, Бұхар, Шал ақын, Дулат, Махамбет т. б. ) этнопсихологиялық ой-пікірлерінде ерекше мән беріледі. ХIХғ. екінші жартысы мен ХХғ. бірінші жартысындағы қазақ ағартушы-ғалымдары мен қоғам қайраткерлері, психолог және педагог ғалымдары (Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Тәжібаев т. б. ) тұлғаның қалануын оның ұлттық өзіндік санасының қалыптасуымен бірлікте іске асыруды көздеп, онда баланың жас ерекшеліктерін ескеруге және оқыту мен тәрбиелеудегі әдіс - тәсілдерге үлкен көңіл бөлген. Олар ұлттық өзіндік сананың қалыптасуына бастауыш мектепте тәрбиелеу мен оқытуға ерекше рөл береді.

Философиялық, психологиялық, социологиялық т. б. ғылыми әдебиеттерді теориялық талдау мен өзіміздің эксперименттік зерттеулерімізге сүйене отырып, мектепке дейінгі 6-7 жастағы баланың өмір тәжірибесінің көлеміне қарай оның этностық өзіндік санасының пайда болуында:

  1. өз халқының рухани және материалдық салт-дәстүрлері туралы білім көлемінің болуын(ұлттық тұрмыстық заттар мен бұйымдардың атаулары мен қызметін, туған елі мен жерінің табиғатын, ата кәсібін, мәдени дәстүрлерін білуі, өзге мәдениетпен салыстырғанда оның өзіндік ерекшелігін танып, ажыратуы) ;
  2. оларға деген оң қатынасын( өз халқының мәдени мұрасын өзіне жақын қабылдауы, одан әсер алып, мақтаныш тұтуы, туған елі мен жеріне, оның табиғатына деген сүйіспенешілік сезімінің көрініс беруі) ;
  3. этностық дүниетанымның қалыптасуы(өзінің және өзгелердің этностық әлеуметтік Менін түсіну; қарым-қатынаста өзінің ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін басшылыққа алу; өзге ұлт мәдениетіне толеранттық (төзімділік) қатынаста болу) басты өлшемдер мен көрсеткіштер деп санаймыз.

Этностық өзіндік сананы қалыптастыру күрделі әрі көпқырлы үрдіс. Дегенмен бұл үрдісте оны қалыптастырудың негізгі кескінін, моделін құрайтын, өзара байланысты, басты үш құрамдас бөлігін көрсетуге болады:

Этномәдени сәйкестену. Мектеп жасына дейінгі балаларда этностық өзіндік сананың пайда болуы «ұлт», «ұлттық» ұғымдарын меңгеруден, ұлттық материалдық және рухани мәдениет құндылықтары мен оларды этнобіріктіру және этнобөлу белгілерін түсіну арқылы, өзін және өзгелерді нақты бір ұлттық мәдениетпен сәйкестендіруден бастау алды.

Этномәдени бағыттылық . Этностық білімдерінің негізінде 6-7 жаста балада өзіне, өзге адамдарға, қоршаған дүниеге, мәдениет құндылықтарына ерекше (жартылай ұғынылмаған және ұғынылған) қатынасы - эмоциялық-бағалау сезімі пайда болып, этностық автотаптаурындар қалыптасады.

Ұлтық-мәдениетке сәйкес түсініп, әрекет ету. Баланың этностық-танымдық, эмоциялық-мотивациялық және сезімдік сферасының дамуы оның өз шамасына лайық дүниені түйсінуі мен этностық дүниетанымын қалыптастырады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жастың соңында өзін әрекет субьектісі ретінде саналы ұғынаты бала, ұлттық тәлім-тәрбие арқылы белгілі бір ұлттық мінез-құлық нормалары мен ережелерін орындаушы субьект ретінде де түсіне алады. Екінші кезекте ол өзін этносаралық қарым-қатынас субьектісі (әлеуметтік субьект) ретінде де саналы ұғына бастайды. Өзінің осы этностық әлеуметік Менін түсіну және осының негізінде пайда болатын ішкі бағдары этностық дүниетанымға сәйкес қажеттіліктер мен ұмтылыстарды тудырады.

Ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы 6-7 жастағы балалардың этностық өзіндік санасын қалыптастыру әдістемесі өзара байланысты үш сатыдан тұрады.

1-сатыда шындықтың ұлттық саласына эмоциялық-мотвациялық қатынасты құру арқылы ұлттық мәдениетпен сәйкестену механизмі іске асырылады. Осының арқасында:

а) балалардың «ұлт», «ұлтқа қатыстылық» туралы түсініктері қалыптасады;

б) іс-әрекет пен мінез-құлықтықтың адамгершілік-моралдық нормалар мен ережелерге сәйкес келуін қамтамассыз ететін ұлттық дәстүрлердің мәні мен мазмұны ашылады.

2-сатыда ұлттық мәдениетке эмоциялық-бағалау сезімін қалыптастыру арқылы белгілі бір мәдениет өкілі ретіндегі өзінің бірегейлігіне, өзіндік құндылығына оң қатынасы өндіріледі.

а) өзінің ұлттық мәдениеті мен құндылықтарын қабылдауы мен жағымды әсер алуы, мақтан тұтуы мен сүйіспеншілік сезімі оянады;

б) өзге ұлт мәдениетіне толеранттық сезімі тәрбиеледі.

3-сатыда таңдаудың еркіндігі жаңдайында ұлттық салт-дәстүр тұрғысынан әрекет етуге ішкі қажеттілігі қалыптастырылады. Осының нәтижесінде:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер
Интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этномәдени факторлардың әсері
Этнопсихология пәнінен дәрістер
“Қазақстандағы психологиялық ғылым” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Қазіргі тәрбиенің түрлері және оны ұйымдастыру әдістемесі
Этникалық психологияның ғылым ретіндегі пәні, әдістемесі
Адамның этномәдени даму мәселелері
Философия тарихындағы адамның мәні туралы көзқарастар
Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz