Төтенше жағдайларда тұрғындарды емдік-эвакуациялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: « Төтенше жағдайларда тұрғындарды емдік-эвакуациялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру».
● Мақсаты: Зақымдау ошағында, зілзала, өндірістік ауданында да, одан тыс та зиян шеккен тұрғындарға емдік-эвакуациялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыруы бойынша дағдыларды студенттерге игерту.
● Дәріс жоспары:
- Зиян шеккен тұрғындарға емдік-эвакуациялық қамтамасыз етілуі туралы түсінік.
- Емдік-эвакуациялық қамтамасыз етілудің екі кезеңдік жүйесі туралы түсінік, өткізу мақсаты.
- Медициналық көмек көрсетуді ұсыну, міндеттері.
- Медициналық эвакуацияның кезеңі туралы түсінік, оның міндеттері, жазылкының принципиалды жобасы.
- Медициналық эвакуация, оның мәні, мақсаты мен өткізуін ұйымдастыру.
● Дәріс тезистері:
Апат медицинасы - зақымданғандардың көпшілігіне осы қызметтің күштері мен құралдарына аса тапшы болғанда шұғыл көмек көрсетудің стратегиясы мен іс-әрекетін игереді. Апат медицинасы қызметі барлық медицина сияқты үнемі алға дамуда.
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлардың медициналық салдарын жоюда зақымдалған бір адамды эвакуциялаудың бірнеше кезеңінде кәсіптік дайындығы әртүрі деңгейдегі бірнеше дәрігерлер емдейді. Өкінішке орай біздің республикамыздың әртүрлі аумақтарында шұғыл көмек көрсетуде квалификациясы әртүрлі дәрежедегі медицина қызметкерінің дайындығының төмен екендігі көрінді. Денсаулық сақтау жүйесінде ең басты маңызды мәселе бір жағынан механикалық, терапиялық, химиялық, радиациялық, биологиялық жаппай зақымдалу ошақтарында дәрігерлердің білімінің жеткіліксіздігі болса, екінші жағынан апаттың салдарын жоюға қолданылатын құралдармен және күштердің формалары мен әдістерін пайдалануды жете білмеу.
Сондықтан апат медицинасының өзекті мәселелері бойынша әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің дайындығын тереңдету аса қажет. Бұндай дайындықтың негізіне шұғыл медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастырумен қатар далалық жағдайда және сәйкес стационарға эвакуациялауда зақымданғандардың өмірін құтқаруға бағытталған реанимациялық шаралар мен интенсивті терапиялық әдістерін игеруді енгізген жөн.
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде емдеу-эвакуациялық қамтамасыз ету төтенше жағдайларда медициналық салдарын жоюда апат медицинасы қызметінің ең негізгі және неғұрлым қомақты іс-әрекеттің бірі. Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда зақымдалғандарға емдік-эвакуациялық қамтамасыз етудің қазіргі заманғы жүйесі медициналық көрсеткіштері мен нақты жағдайларға сәйкес арнайы емдеу- мекемелеріне эвакуациялауға бағытталған.
Емдеу-эвакуациялық қамтамасыз етудің негізгі келесі қағидалары жатады:
- Әр түрлі апаттарда организмде өтетін патологиялық процестерді бірдей түсіну.
- Зақымдалғандарды емдеу әдістері мен асқынулардың алдын-алуға бірдей көзқарастар.
- Медициналық эвакуацияның барлық кезеңдерінде медициналық көмекті уақытында ұйымдастыру кезеңділігі сақтау.
- Медициналық эвакуацияның мерзімі мен кезеңдерін мүмкіндігінше барынша қысқарту және бір мезгілде бірнеше медициналық көмек түрлері көрсетуге жағдай жасау.
- Алғашқы медициналық көмекті ерте көрсету.
- Шұғыл медициналық шараларды приоритетті маңызы, медициналық эвакуациялаудың барлық этаптарында шок пен қан кетуді емдеу.
- Оперативті-тактикалық және медициналық жағдайға байланысты белгіленген медициналық көмек көлемінің өзгеру мүмкіндігі.
- Медициналық құжаттарды жүргізу медициналық сұрыптауды дұрыс жүргізуге, зақымдану ауырлығы мен зақымдалғандардың жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Апат кезінде көмек көрсетудің үш сатысы болады:
- Оқшаулау. Сырттан көмек мүмкін емес. Тірі қалу мәселесі өзі немесе өзара көмек жолымен шешіледі. Бұл оразаның ұзақтығының шегі әртүрлі.
- Құтқару. Құтқару жұмыстарын жүргізу, зақымдалғандарды медициналық көмек көрсету пункттерінде орналастыру. Орындалған шұғыл көмектер өмірлік көрсеткіштер бойынша және эвакуациялау.
- Қалпына келтіру. Зақымдалғандар мамандандырылған және арнайы көмек кезеңдеріне түсік, зақымдалу сипатына сәйкес емдеу қабылдап, реабилитацияланады.
Кезеңдік емдеудің жүйесі медициналық эвакуациялау кезеңінде бірте-бірте жеткізілетін зақымдалғандарды емдеу мен эвакуациялаудың бірдей процесі болып табылады.
Бейбіт уақыттағы апат жағдайында емдеу-эвакуациялық қамтамасыз етудің жалпы қағидасы - медициналық көмек көрсетудің екі кезеңді жүйесі және зақымдалғандарды мақсаты бойынша эвакуациялауда емдеу.
Медициналық эвакуациялаудың І кезеңі (госпиталға дейінгі) : госпиталға дейінгі кезеңде науқастар мен зардап шеккендерге жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері, жедел және шұғыл медициналық көмек көрсететін станциялар, амбулаториялық-емханалық мекемелер, ауруханалар мен диспансерлердің емханалық бөлімшелері. Одан басқа апат аймағына азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің медициналық құрылымдары, ҚР қорғаныс министрлігі медициналық қызметі, ҚР ішкі істер министрлігі, ҚР байланыс жолдары министрлігінің медико-санитарлық қызметі және басқа да ведомстволар.
Медициналық эвакуациялаудың ІІ кезеңі (госпитальды) . Ведомствалық-территориялық денсаулық сақтау стационарлық емдеу мекемелері, ауылдық елді-мекендердің қала сыртындағы аймақтары (загородная зона) немесе ауруханалық базалар. Бұл жерде зақымдалғандар шұғыл мамандандырылған және арнайы медициналық көмекті толық көлемде қабылдап, соңына дейін емделеді.
Медициналық сұрыптау.
Халықтың арасында жаппай санитарлық шығын бір мезгілде пайда болған кезде және медициналық күштер мен құралдар жеткіліксіз болғанда барлық зақымдалғандарға уақытында көмек көрсету мүмкін емес. Медициналық көмек пен эвакуациялаудың кезеңділігі белгілеуге тура келеді. Егер медициналық қызметкер оны дұрыс таңдамаса немесе кешігіп жатса, онда табиғаттың өзі бұл міндетті шешеді. Бұндай жағдайға Н. И. Пирогов 140 жыл бұрын ерекше әдіс - медициналық сұрыптауды ұсынған.
Өзінің мәні бойынша медициналық сұрыптау адамгершілікті, рухани кішіпейілділікті талап етеді. Өкінішке орай, күрделі стрессті жағдайларда дәрігерлер медициналық сұрыптауды ұмытып кете ескермей, міндетті түрде тез арада көмек көрсету керек адамдарға емес, көзіне бірінші көрінген адамға көмек көрсетеді. Бұл өмірін сақтап қалып, толық өмір сүру мен еңбек етуге оралтуға болатындай, бірақ зақымдалғандарды кейде қаза табуына әкеліп соғады.
Медициналық сұрыптау - зардап шеккендерді медициналық көрсеткіштері мен нақты жағдайларға байланысты бірыңғай емдеу-профилактикалық және эвакуациялау шараларды қажет етуі қағидасы бойынша топтарға бөлу әдісі. Сұрыптаудың мақсаты - оптималды көлемде медициналық көмекті уақытында көрсету және ұтымды эвакуация жасау.
Уақытында көмек көрсетілген болып саналады, егер зақымдалған адамның өмірі құтқарылса және қауіпті асқынулардың алдын алса.
Медициналық сұрыптауға қойылатын негізгі талаптар.
- Уақытында, бірте-бірте жүргізу.
- Тез арада, ұйымдастырылған түрде жүргізу.
- Жүргізілу толықтығы, қайта қарауларды болдырмау.
- Құжаттарды уақытында дұрыс толтыру.
Медициналық сұрыптаудың түрлері мен типтері.
Медициналық сұрыптау нақты, қайталанып тұратын үрдіс. Ол медициналық эвакуацияның барлық кезеңінде, оның барлық функциональдық бөлімшелерінде жүргізіледі. Диагноз қою мен болжам жасау - медициналық сұрыптаудың негізі. Сондықтан міндеттердің шешілуі мен қолданылатын әдістерге байланысты медициналық сұрыптау екі типке бөлінеді:
І. Клиникалық-диагностикалық медициналық сұрыптау - зақымдалу ауырлығы жағдайының клиникалық көрсеткіштеріне негізделген. Бұл диагнозды дұрыс қоюды, зақымдалғандарды сұрыптау бойынша оңай бөлуді қамтамасыз етеді. «Диагноз қоймай тұрып, жаралыларды дұрыс сұрыптау мүмкін емес», деп жазады Н. И. Пирогов. Клиникалық-диагностикалық сұрыптау екі түрге бөлінеді:
1. Пунктішілік сұрыптау - зақымдалғандарды қоршаған ортаға қауіптілік дәрежесіне байланысты, зақымдану сипаты мен ауырлығына байланысты топтарға бөлу.
2. Эвакуациялық-көліктік сұрыптау - эвакуация кезеңділігі бойынша көліктің түріне байланысты эвакуация құралдарына орналастыру бойынша және жүргізу пунктіне анықтау бойынша зақымдалғандарды бірыңғай топтарға бөлу.
ІІ. Болжамдық медициналық сұрыптау - зақымдалған жағдайын, оның оқу барысында, асқынулардың дамуын, адекватты емдеу тактикасын, оның тиімділігін бағалауды уақытында анықтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Зақымдалғандарды сұрыптау барысында диагноз қою мен болжам жасаудың клиникалық әдісі артық болып қала береді.
Оқулар мен жұмыс тәжірибесінде, оқу барысында шартты зақымдалғандар мен апаттарда, аварияларда шынымен зардап шеккендерге эвакуациялауда медицина қызметкері номограммаларды, математикалық формулаларды, индекстерді, алгоритмдерді, балмен бағалау әдістерін қолданбайды. Бұл әдістер медициналық эвакуациялаудың неғұрлым кейінгі кезеңдерінде қосымша құрал ретінде госпиталь және операциялықтан бөлмелерінде емдеу тактикасын таңдау үшін қолданылуы мүмкін. Сонымен, болжамдық медициналық сұрыптауды клиникалық-диагностикалық сұрыптаудан бөлек алып қалуға болмайды.
Негізгі сұрыптау белгілері:
І. Қоршағандарға қауіптілігі - зақымдалғандарды арнайы (санитарлық) өңдеу немесе оқшаулау қажеттігінің дәрежесі. Бұл белгіге байланысты зақымдалғандарды келесі топтарға бөледі:
- Арнайы (санитарлық) өңдеуді (толық немесе жартылай) қажет ететіндер.
- Уақытша оқшаулауға жататындар (инфекциялық және психоневрологиялық изоляторларда) .
- Арнай өңдеуі қажет етпейтіндер.
ІІ. Емдеу белгілері - зақымдалғандардың медициналық көмекке, кезеңділікке, оны көрсету орынын, қажеттілік дәрежесі.
Бұған байланысты зақымдалғандарды келесі категорияларға бөлінеді:
- Өмір сүру мүмкін емес жарақаттардан қиналуды жеңілдететін симптоматикалық көмекті қамтамасыз ететіндер.
- Шұғыл медициналық көмекті қажет ететіндер.
- Медициналық көмекті қажет етпейтіндер (көмек кейінге қалдырылуы мүмкін) .
ІІІ. Эвакуациялық белгі - эвакуациялық кезеңділікті, көлік түрі және зақымдалған адамның көліктегі жағдайы. Осыған байланысты зақымдалғандарды келесі топқа бөледі:
- Берілген емдеу мекемесінде уақытша немесе емделіп біткенше госпиталға жататындар.
- Эвакуациялық мақсатын, кезектілігін, эвакуация әдісін, көлік түрін есепке ала отырып төтенше жағдай ошағынан тыс басқа территориялық емдеу мекемелеріне эвакуациялауға жататындар.
- Тұрғылықты орнына оралуға немесе медициналық кезеңде қысқаша уақытқа байқау үшін қалдырылуға жататындар.
Медициналық сұрыптауды ұйымдастыру мен жүргізу.
Апат ошағында сұрыптау бірінші кезекте тірі қалғандарды шығару қағидасы бойынша жүргізіледі. Өмір сүру қабілеттілік жағдайын жүрек соғысының болуына, тыныс алуына, қозғалу белсенділігіне байланысты бағалайды. Шығару кезектілігінде артықшылық балалар мен жүкті әйелдерге беріледі.
Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуде медициналық сұрыптаудың негізіне өмір сүруді қамтамасыз ету қызметінің бұзылу дәрежесін диагностикалау, зақымдалу сипаты, оның өмірге қауіптілік дәрежесі, мүмкін асқынулардың дамуын болжау және тірі қалуды болжау жатады. Өздігінен жүретін зақымдалғандар үшін құрамында дәрігер, медбике, тіркеуші бар сұрыптау бригадасы құрылады.
Сұрыптау бригадасын қажет етуді есептеу мына формула бойынша есептеледі:
ПСБ= (К х Т) : t
мұнда ПСБ (потребность в сортировочных бригадах) - сұрыптау бригадасына қажеттілік; К - бір тәулікте медициналық эвакуация кезеңіне түскен зақымдалғандар саны; Т - сұрыптау бригадасының жұмысының ұзақтығы (12 сағат) ; t - бір зақымдалғандарды сұрыптауға қажет уақыт (5 минут) .
Бірінші таңдау әдісін қолданады, яғни көзбен байқау арқылы медициналық көмекті неғұрлым бірінші кезекте қажет ететіндерді табады: киімі жанып жатқандар, ішкі және сыртқы қан кетулер, шоктағылар, асорикция болғандар, есі таңғандар, аяқ-қолдары жарақаттанып жұлынғандар, ашық сынық алғандар, ашық пневмоторакс болғандар, балалар, босанушылар.
Таңдау сұрыптаудан кейін бригада қалған зақымдалғандарды бірте-бірте кезекпен байқауға көшеді. Сыртқы байқау мен сұрастыру барысында анықтайды:
- жарақаттың орнын (бас, мойын, төс, іш, жамбас, аяқ-қол, омыртқа) ;
- жарақат сипаты: механикалық, термиялық, оқшауланған, көп, біріккен;
- басты зақымдану;
- жағдайлық ауырлық дәрежесі: ақыл-есінің болуы (болмауы), ақыл-есінің бұзылу формасы, геодинамика мен тыныс алудың бұзылу формасы, өздігінен қозғалу мүмкіндігі;
- қажет медициналық көмектің сипаты, оны көрсету уақыты мен орны, одан әрмен эвакуациялаудың тәртібі.
Сұрыптау бригадасы бір уақытта екі зақымдалған адамды қарайды: біреуінде дәрігер, бірінші медбике мен бірінші тіркеуші болжау, екіншісінде екінші медбике мен екінші тіркеуші болады. Бірінші зақымдалған адам бойынша сұрыптау шешімін қабылданғаннан кейін дәрігер екіншісіне көшеді. Одан кейін бірінші медбике мен бірінші тіркеуші үшінші зақымдалған адамдарға адамдарға көшеді. Екінші медбикеден дәрігер мәліметтерді алып, оны өзінің тексерулерімен толықтырады, одан кейін сұрыптау үшінші зақымдалушыға көшеді.
Зембіл тасушылар тізбегі дәрігердің шешімін сұрыптау маркасына сәйкес өткізеді. Бұндай әдіспен жұмыс істегенде сұрыптау бригадасы 1 сағат ішінде 30-40 зақымдалғандарды сұрыптау мүмкін. Соңғы нәтижеде бұл кезеңде сұрыптау болжамдық сипатқа ие және өзінің мақсаты тезірек көмек көрсету, эвакуация кезеңділігін стационарлыққа өтуін анықтау болып табылады. Сондықтан жалпы жағдайда бағалау кезеңінде, жарақат сипатына байланысты, пайда болған асқынулардың негізінде және зақымдалудың соңын болжауды есепке ала отырып зақымдалғандарды бес сұрыптау тобына бөлген жөн:
1-ші сұрыптау тобы - өте ауыр, өмір сүруі екіталай, жарақат алған зақымдану мыналар. Болжамы жағымсыз. Бұл топ қиналуды жеңілдетуге бағытталған күтім мен емдеуді қажет етеді. Эвакуациялауға келмейді.
2-ші сұрыптау тобы - ағзаның маңызды қызметтерінің бұзылулары болатын, оны жою үшін тез емдеу шараларын жүргізуді қажет ететін ауыр жарақатты зақымдалғандар. Егер шұғыл медициналық көмекті сәйкес көлемде көрсеткен болжамы қолайлы болуы мүмкін. Зардап шеккендер шұғыл өмірлік көрсеткіші бойынша көмекке мұқтаж болғандықтан уақытша көлікпен тосуға жарамсыз. Оларды эвакуациялау жағдайы бірқалыпты болғаннан кейін ғана мүмкін.
3-ші сұрыптау тобы - Өмірге тікелей қаупі жоқ айқын функциональдық бұзылыстармен жүретін ауыр және орташа ауыр жарақаттары бар зақымдалушылар. Болжамы салыстырмалы түрде қолайлы. Медициналық көмек екінші кезекте көрсетіледі немесе белгілі бір уақытқа кейінгі қалдырылады (дегенмен өмірге қауіпті асқынуларды болу мүмкіндігін естен шығарылмайды) . Бұл топтағы адамдарды бірінші кезекте эвакуациялайды.
4-ші сұрыптау тобы - жеңіл және орташа ауырлықтағы зақымданулары бар, функциональдық бұзылыстары айқын емес немесе жоқ зақымданушылар. Өмір үшін болжамы қолайлы. Қауіпті асқынулардың дамуының болу мүмкіншілігі аз. Оларды эвакуациялау екінші кезекте жалпы мақсаттағы көлікпен жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz