Радиациялық қауіпті обьектілер және олардың қысқаша сипаттамасы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
- Радиациялық қауіпті обьектілер және олардың қысқаша сипаттамасы.
- Мөлшерлеу, өткізу мақсаты, түрлері, бірліктері.
- Радиациялық авариялар кезіендегі зақымдаушы факторлары және олардың қысқаша сипаттамасы.
- Жұыскерлермен тұрғындардың қорғау бойынша шаралар.
- Радиациялық авариялар кезіендегі емдік сақтандыру шаралар. Өткізу тәртібі.
- Химиялық қауіпті обьектілер және олардың қысқаша сипаттамасы.
- КӘУЗ, анықтамасы, жіктелуі.
- Химиялық қауіпті обьектілердегі авариялар кезіндегі іс әрекеттері мен тәртіп ережелері.
- Радиациялық және химиялық ахуалды бағалау.
Зақымдау ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау.
Қарсылас осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда, сондай-ақ атом өнеркәсібі кәсіпорындарындағы авария кезіндегі ауа, жер және онда орналасқан ғимарат, техника мүлік радиациялық зақымдауға ұшырайды.
Жердің радиоактивті зақымдану нәтижесінде пайда болған ахуал радиациялық ахуал деп аталады. Ол радиациялық зақымданудың көлемін және сипатымен анықталады және шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметіне, бөлімшелердің іс-әрекетін, халықтың тіршілігіне айтарлықтай ықпал етеді. Адамдардың, малдардың зақымдану қаупі радиациялық ахуалды тез анықтау мен бағалауды және құтқару жұмыстарын жүргізуге оның ықпалын ескертуді талап етеді.
Осы мақсатта радиациялық барлау мәліметтері бойынша болжау әдісімен радиациялық ахуалды анықтау мен бағалау жүргізіледі.
Болжау зақымдау уақытын, сипатын және бөлімшелердің іс-әрекет режимдері мен зақымдалған жердегі халықтың өзін-өзі ұстау тәртібін анықтау мақсатында мәліметтер барады. Бұл зақымдаудың тек нақты деректерден едәуір айырмашылығы болуы мүмкін шамалас сипаттамалары ғана.
Болжаудың бастапқы мәліметтері: жарылыстың қуаты, түрі мен орталығының (кіндігінің) деректері, жарылыс уақыты, орташа желдің жылдамдығы мен бағыты.
Шаруашылық объектілерінде радиациялық ахуалды болжамайды, тек ТЖ мен АҚ жөніндегі жоғары тұрған органдардың мәліметтерін ғана пайдаланады. Объектілердің АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтері оны тек барлау мәліметтері негізінде ғана бағалайды.
Аумағының көлемі жердің радиациялық зақымдау аймағымен салыстырғанда шағындау шаруашылық объектісі үшін болжаудың тек екі нұсқасы ғана ықтимал: объекті қызметкерлері сәулеленуге ұшырайды немесе ұшырамайды. Сондықтан объект аумағын радиоактивті зақымдану жағдайы үшін радиоактивті бұл ізінің белдігі кәсіпорын аумағының ортасы арқылы өтетін кездегі ең жағымсыз нұсқа алынады.
Болжанатын радиациялық ахуал міндетті түрде радиациялық барлаумен нақтыланады. Радиациялық ахуалды бағалау, болжау мәліметтерін алғаннан кейін жүргізіледі.
Зақымдалу ошағындағы химиялық ахуалды бағалау.
Химиялық ахуал ретінде шаруашылық объектілерінің қызметіне АҚ күштері мен халыққа әсер етінін жердің КӘУЗ-бен химиялық зақымдау салдарының жиынтығы түсіндіріледі.
Химиялық ахуал КӘУЗ төгілу немесе химиялық зақымдау ошақтары пайда болатын химиялық қаруды қолдану кезінде жасалады.
Химиялық ахуалды бағалауға мыналар кіреді:
- химиялық зақымдау көлемі мен сипатын анықтау;
- олардың объектілер қызметтеріне, АҚ күштері мен халыққа әсер етуін талдау;
- адамдардың зақымдалуын болдырмайтын іс-әрекеттердің аса қажетті нұсқаларын іріктеу.
Химиялық ахуалды бағалау болжау әдістерімен және барлау мәліметтері бойынша жүргізіледі.
Шаруашылық объектілерінде химиялық ахуалды бағалауды (РХҚ) нүктелері жүргізіледі.
Химиялық ахуалды бағалайтын бастапқы мәліметтер;
- КӘУЗ түрі мен саны, химиялық қаруды қолдану құралы мен УЗ түрі;
- Улы заттардың шығарылу (төгілу), химиялық қарудың қолдану ауданы мен уақыты;
- Адамдардың қорғану деңгейі;
- Жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы құрылыстардың сипаты;
- Ауа-райы (жер беті қабатындағы желдің жылдамдығы мен бағыты, ауа мен топырақтың температурасы, ауаның вертикальды тұрақтылығының деңгейі) ;
Ауаның вертикальдық тұрақтылығының деңгейін шамамен ауа-райын бақылау арқылы анықтауға болады. Ол үш деңгейге бөлінеді:
- инверсия
- изотермия
- конвекция
Инверсия әдетте шамамен күн батардан 1 сағаттай бұрын кешкі уақытта пайда болады және күн батқаннан кейін 1 сағаттың байында бұзылады. Ауаның төменгі қабаты жоғары қабатынан суығырақ, бұл инверсияның биіктік бойынша таралуына кедергі келтіреді және ластанған, жинақталған ауаның сақталуы үшін аса қолайлы жағдай жасайды.
Изотермия ауаның тұрақты тендігімен сипатталады. Изотермия кезінде жердің 20-30м биіктік шегіндегі ауаның температурасы жердікімен шамалас болады. Ол жауын-шашындарды ауа-райы мен қар жамылғысы кезінде байқалады, алайда таңертеңгі конвекцияға және кешкі уақыттарда инверсиядан конвекцияға (таңертең) және керісінше (кешкі) көшпелі күй ретінде пайда болуы мүмкін.
Конвекция әдетте күн шыққаннан кейін 2 сағаттан кейін пайда болады және шамамен күн батардан 2-2, 5 сағат бұрын бұзылады. Ол әдетте жазғы ашық уақытта байқалады. Конвекция кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан қаттырақ қызады, бұл залалданған бұлттың тез таралуына және оның зақымданған әсерінің азаюына ықпал етеді.
Бактериологиялық қарудың индикациясы.
Индикация әдістері. Арнайы емес индикация.
Биологиялық соғыс жағдайында қорғаныс шараларынан маңызды жетістіктері биологиялық агенттерді дер кезінде анықтап, индикацияны тез арада жүргізуіне байланысты болады. Биологиялық заттардың индикациясында көптеген қиыншылықтар кездеседі, қоздырғыштардың ұқсастығы қазіргі кездегі лабораторлық әдістерімен анықталады. Осыны ескере отырып, қазіргі уақытта БҚ индикациясын 2 сатыға бөлу туралы жүйе қабылданды.
- Арнайы емес (неспецифическая) .
- Арнайы индикация (специфическая) .
Индикация дегеніміз - қарсыласы БҚ қолдану фактісін және қоздырушының қандай түрі қолданғанын анықтауға бағытталған арнайы шаралар кешені.
Қарсыласы БҚ қолдану фактісін анықтау арнайы емес индикация деп аталады.
Қолданылған қоздырғыштардың түрін анықтау және БҚ қолдану фактісін дәлелдеу арнайы индикация деп аталады.
Арнайы емес индикация қарсыласы БҚ-ды қолданған сәтте жүргізіледі, ал арнайы индикация - биологиялық шабуылдың салдарынан жою үшін жүргізіледі.
Индикацияны іске асыру кезінде негізінде химиялық күштер мен құралдар қолданылады. Спецификалық емес индикацияның алдына қойған тапсырмасы ауадағы және жергілікті жердегі қарсыласы қолданған БҚ фактілерін анықтау.
БҚ-ды қолдану кезіндегі жанама белгілер:
- Снарядтың жарылысы нәтижесінде бұлтта аэрозолды пайда болуы;
- Тегіс қорытындылары - уландырғыш заттардың пайда болуы;
- БҚ ақтайтын сұйық тамшылар, ұнтақ тәрізді заттар немесе буынаяқтардың жиналуы.
- Әлсіз түрде авиациялық бомбалардың, ракеталар, снарядтар мен миналардың жарылысы кезінде бұлттың үстіңгі қабатында тұман мен түтіннің пайда болуы;
- Жау самолеттерінің артынан пайда болған түтін мен тұман сызықтарының пайда болып, тез арада жоғалып кетуі.
- Поршеньдік және басқа да құрылғысы бар бомбалар, ракеталар мен снарядтар қалдығының болуы жергілікті жерде аэрозолдың түзуіне әкеліп соғады;
- Бомбаның жарылып түскен жерінде жергілікті жерде кездеспейтін кенелер, жәндіктер және кеміргіштер бөліктерінің жиналуы;
Санитарлық-эпидемиологиялық, бактериологиялық барлауды жүргізетін барлаушылар тобы төмендегі жабдықтар мен жабдықталады: ХБӘЖ, табельдік құралдар (химиялық барлаудың әскери жабдықтары),
Табельсіз құралдар (биологиялық сынамалары алатын медициналық жабдықтар), (БСМЖ) .
Сынама алатын жинақ (СДЖ-I), жеке қорғаныс құралдары.
Америка әдебиеттерінің мәліметтері бойынша қарсыласы БҚ қолдану фактісін көзбен шалып анықтау тиімсіз, сондықтан ауаның биологиялық зақымдалу белгілерін жедел тіркеп, сигнал беру тиімді болып табылады.
Ең алдымен ауа сынамасының арнайы емес индикациясы қолданылады. Ауаның арнайы емес индикациясына қоспаның автоматты сигнализаторы қолданылады (КАС), ол 1972 жылдан бастап жабдықталған. Сигнализатор химиялық барлаудың автомашинасына орнатылған, сонымен қатар әскери медициналық лабораториясы (ЭМЛ -ВМЛ) бар, минутына 200 л қосындыны өткізеді, белокты анықтайды, дыбыстық, жарықтық және радиосигналды іске қосады. Аспанның сезімталдығы төмен, аэрозоль көзінен 100 м қашықтықта іске қосылады. Мүмкін болатын қарсылысының аспабы ХМ-19, қуаттылығы 1000л/мин. Дивизияға осындай 2 аспап қажет, ал бізде АСП дивизияда 19-24 қолданылады.
Қазіргі кезде лазерлік құралдарды шығаруға жұмыс жүргізіліп отыр, ол 3 км қашықтықта аэрозольдің бар екенін анықтайды.
Қазіргі уақытта химиялық қызмет вертолетпен қамтамасыз етілген, олардың атқаратын жұмысы ауадан сынама алып, барлау жүргізеді, бірақ оларды жеткізу жүйесі қарастырылмаған. Сынаманы жеткізіп беру барлық командирлердің міндеті. БҚ арнайы емес индикациясы әскер арасында және тыл бөлімшелері мен мекемелерде соғыс тәртібімен жүргізіледі. Арнайы емес индикация тапсырманы жартылай ғана шешеді, бактериологиялық заттардың ең жоғарғы мөлшерінде ғана қоздырғыштың түрін анықтауға болады. БҚ қолдану фактісін анықтағаннан кейін жалпы эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруға болады (жеке және қорғаныс заттарын қолдану, обсервация ұжымдық режимін тағайындау, жартылай және толық санитарлық өңдеуді жүргізу, жалпы жедел профилактиканы бастап ұйымдастыру, медициналық эвакуация сатысында эпидемияға қарсы режим орнату және т. б. ) . Сонымен БҚ әсерін азайтуға болады.
Арнайы емес индикацияға көзбен шолып бақылау жатады. (әуедегі аэрозоль қосылыстардың немесе көптеген буынаяқтылардың болуы), бірақ қазіргі уақытта арнайы емес индикация әр түрлі аспаптардың көмегімен іске асырылады, оның негізгі физикалық (аэрозоль бөлшектерінің мөлшерін және концентрациясын анықтау) немесе химиялық (белоктар мен нуклеопротеиндерді анықтау) . Бұл БҚ-ды анықтау әдістері.
Осыған байланысты, биологиялық құралды аэрозоль түрінде қолдану ауадағы бактериологиялық заттарды анықтау үшін аспаптар өңделіп дайындалуда.
Осы аспаптарға бірқатар талаптар қойылады:
- Олар өте жоғары сезімтал болуы керек.
- Олар өте тек қана БҚ-ды анықтау қажет, шанға, белокты заттардың қосылысы бар өсімдіктер шанына әсері болуы қажет.
- БҚ-ды анықтау жылдам және сол орнында жүргізілуі қажет. (шамамен 10 мин ішінде) .
- БҚ-дың жасанды қолданғанын анықтау қажет (түнде күн тұмандап тұрған кезде) . Ақырғы талап автоматты режимде жұмыс жасайтын аспаптарға конструкция жасаған кезде орындалады.
А физикалық әдістер.
Физикалық әдістердің артықшылығы да кемшілігі де бар. Физикалық әдістерін артықшылығы, аэрозольдің концентрациясын анықтаған кезде метеорологиялық (ылғалдылық, желдің бағыты мен күші т. б. ) релеф жағдайларын ескере отырып зақымдалу ошағы нақты толық анықтауға болады.
Кемшілігі, биологиялық аэрозольді басқа аэрозльдерден ажыратуға (дифференциация) мүмкіндік жоқ.
Физикалық әдістер үшін қолданылатын аспаптар әр түрлі принциптерге негізделген.
- Импакция принципіне негізделген көптеген приборлар бар, олар ауаның зерттелетін бөлігіндегі аэрозольді бөлшектердің тұнбасын анықтайды. Компакторлар далалық жағдайларда сонымен қатар (каскадты импактор) азаматтық қорғаныс жүйесінде стационарлық жағдайларда ұсынылған.
- Ауадағы аэрозольді электростатистикалық счечиктің көмегімен анықтау болады. Аспаптың әрекеті мынаған негізделген: мыстан жасалған жіпке соққы барген кезде электрлік импульс пайда болады да, әрі қарай счечикке тіркеледі. Аспап 2-3 микроб бөлшекті анықтайды және секундына 2400 бөлшекті санайды.
- Көптеген авторлар фотоэлектрлік счетчикті ұсынған.
Счетчиктің көмегімен 1 мл ауадағы мөлшері 0, 6 одан да жоғары микроб концентрациясы 1000 бөлшекті механикалық есептейді. Осы көрсетілген модель әрі қарай жетілдіріп, бытыраған бөлшектерді және олардң жылдамдығын анықтауға бағытталған. Аспап фотоэлектронды тіреуіштен тұрады ол толасыз ультрамикроскопқа ВДК, күшейткішке, есептегішке, импульсті есептегіш және тамақтану көзіне жалғанады.
Жарықтандыру патогені, аэрозоль бөлшектерімен фотоэлектрді қосу катодында түседі. Оның шыға берісінде электрлік импульс пайда болады. Жоғары мөлшердегі импульс электрлі механикалық есептегішке түседі, секундына 100 импульс катесіз санайды және органикалық, органикалық емес аэрозольдің санын нақты және тез санауға мүмкіндік жүреді.
Химиялық әдістер.
Химиялық әдістер биологиялық агенттердің құрамына кіретін әр түрлі химиялық субстанцияларды анықтау үшін құрастырылған.
Көбінесе белоктар мен нуклеопротеидтерді анықтайтын аспаптар құрастырылады. Химиялық әдістер физикалық әдістерге қарағанда аэрозольдерді нақты анықтайды, бірақ олар агенттің концентрациясын және зақымдалу аймағын анықтай алмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz