Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары



1-тақырып. Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей
зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары.
Төтенше жағдайларды туындау себебі мен таратылу көлемі бойынша жіктеу.
Облыс (қала) аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттардың сипаттамасы,
олардың халықтың қауіпсіздігі мен ұйымдардың жұмыс істеуіне әсер етуі.
Радиациялық, химиялық, өрт қауіпті объектілердің, гидроқұрылыстардың
жанында тұратын халықтың қорғауын ұйымдастыру ерекшеліктері. Басқару
органдарын, ұйымдар мен халықты техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
туралы хабардар етуді ұйымдастыру.
Облыс аумағындағы ықтимал дүлей зілзалалардың түрлері, олардың
зақымдау факторларының қысқаша сипаттамасы. Олардан қорғану тәсілдері.
Олардың алдын алу және зиянын азайту жөніндегі шаралар. Дүлей зілзала
аудандарында адамдарды іздеу және құтқару, зардап шеккендерге алғашқы
медициналық көмек көрсету. Дүлей апат аудандарынан адамдарды эвакуациялауды
ұйымдастыру ерекшеліктері.
Өткен жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында болған
төтенше жағдайларды талдау.
2-тақырып. Төтенше жағдайларда адамның қауіпсіздігі және қорғалуы.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы Қазақстан
Республикасының Заңы.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты,
қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін қорғаудың негізгі
көзқарастары. Төтенше жағдайлар саласындағы халықтың құқығы мен міндеттері.
Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыреті.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою. Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлар саласындағы заңнаманы бұзудағы жауапкершілік, Табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы Қазақстан Республикасы
Заңының рөлі мен маңызы.
3-тақырып. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесі.
Басқару органдары мен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік
жүйенің күштерін даярлау жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік нұсқауы.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің рөлі, негізгі
міндеттері және ұйымдастыру құрылымы.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйенің мақсаты,
құрамы және негізгі міндеттері. ҚР ТЖМ рөлі, міндеттері және ұйымдастыру
құрылымы. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы
ереженің мазмұны. Басқару органдары мен Төтенше жағдайлардың алдын алу
және жою мемлекеттік жүйенің күштерін даярлау жөніндегі ұйымдастыру-
әдістемелік нұсқауының мазмұны.
4-тақырып. Қаланың, ауданның, ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың төтенше
жағдайлар жөніндегі комиссияларының жұмысын ұйымдастыру.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның негізгі міндеттері. ТЖ
жөніндегі комиссия төрағасының функционалдық міндеттері. Төтенше
жағдайлардың қауіп-қатері мен туындауы кезінде қазіргі және тепе-тең іс-
қимылды қамтамасыз ететін ТЖ жөніндегі комиссияның жұмысын жоспарлау. Білім
насихаты, БАҚ жұмыс істеу. Ұйымның жұмыс істеу қауіпсіздік және халық
тіршілігі әрекетінің сенімділік жүйесі.
5-тақырып. Дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарын жою
кезіндегі басшы құрамның іс-қимылы.
Халықты және ұйымдарды шұғыл жағдайлар туралы хабардар етуді
ұйымдастыру. Дүлей апаттар, авариялар мен апаттар аудандарына барлауды
ұйымдастыру және жүргізу. Жағдайды бағалау, шешім қабылдау. Құтқару және
басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін тартылатын күштер мен құралдардың
құрамын, топтама санын айқындау. Дүлей зілзала, авариялар мен апаттар
аудандарында жұмыстарды жүргізу үшін тартылатын күштер мен құралдарды
басқаруды ұйымдастыру. Халықты қауіпсіз орындарға тасу (шығару) және оларды
орналастыру. Дүлей зілзала, авариялар мен апаттар аудандарында комендант
қызметін ұйымдастыру. Жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Жүргізіліп отырған жұмыстарды материалдық, техникалық және медициналық
қамтамасыз ету. Жұмыстарды жүргізу үшін тартылатын әскери бөлімдердің
құрылымдары мен бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру.
6-тақырып. Төтенше жағдайлардың қауіп-қатері мен туындауы кезінде
байланысты, халықты хабардар етуді және ақпараттауды ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Азаматтық
қорғаныс басқармасы мүддесінде мемлекеттік және ведомстволық желілерді
қолдану. Орталықтандырылған хабардар ету аумақтық жүйелерін, байланыс және
хабардар ету құралдарын салу және қолдану көзқарастары, хабардар ету
тәртібі. Меншік нысанынан тәуелсіз мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда
байланыс және хабардар ету қызметтерінің құрамы, мақсаты, міндеттері мен
күштері. Азаматтық қорғаныс күштерін жылжыту және құтқару және басқа да
шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде тұрақты орналасу орнында, қауіпсіз аймақта
байланысты қамтамасыз ету. Дүлей апаттар, авариялар мен апаттар
аудандарында, сондай-ақ зақымдау ошақтарында сақталып қалған байланыс
құралдары мен желілерін пайдалану ерекшеліктері.
Баршаның назарына! хабардар ету дабылы бойынша халықтың іс-қимылы.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар органдарының ықтимал кейінгі
сөйлеу деректерінің және солар бойынша іс-қимылдардың мазмұны.
7-тақырып. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша ПИК
жұмысшыларының іс-шаралары мен іс-қимылдарын ұйымдастыру.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты
қорғаудың негізгі қағидаттары. Қала аумағындағы ықтимал дүлей
зілзалалардың, авариялар мен апаттардың сипаттамасы. Тұрғын үй секторындағы
ықтимал төтенше жағдайлар. Баршаның назарына! ескерту дабылы бойынша іс-
қимылдарға халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Пәтерлерде төтенше жағдайлардың туындауын болдырмау бойынша ПИК
жұмысшыларының ескерту жұмыстары. Тұрмыста газды пайдалану кезінде
аварияларды болдырмау бойынша халықпен өткізілетін іс-шаралар. ҚӘУЗ
тастандысынан болған авариялар, сынап жайылулар кезінде халықтың мінез-
құлық тәртібі мен іс-қимылы. Авариялық жағдай кезінде жаттығуларды даярлау
халықпен өткізу кезіндегі ПИК төрағасының ұйымдастырушылық рөлі. Жер
сілкінісі кезінде адамдардың жиналу орны. Су тасқыны, тасуы кезіндегі іс-
қимылдар бойынша халықпен ПИК өткізетін іс-шаралар.
Зардап шеккендер мен зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек
көрсету. Ерекше кезеңде халықты эвакуациялауды ұйымдастыру кезіндегі және
ТЖ туындау қауіп-қатері кезіндегі ПИК жұмысшыларының рөлі.
Төтенше жағдайлар кезіндегі халықтың іс-қимылдары бойынша жаднамалар,
буклеттер мазмұнының насихаты.
8-тақырып. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты
және ұйымдарды қорғаудың негізгі тәсілдері. Инженерлік қорғау.
Дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарынан халықты және
ұйымдарды қорғау негізгі қағидаттарының сипаттамасы. Халықты қорғаудың
негізгі тәсілдері; ұжымдық қорғау құралдары; жұмысшылар мен қызметшілерді
бөліп жайғастыру және халықты эвакуациялау; жеке қорғану құралдары. Қорғану
құрылыстарында жасыру – соғыс уақытында халықты қорғаудың негізгі тәсілі.
Жұмыс істейтін қызметкерлер мен халықты қорғау бойынша АҚ ИТІ нормаларының
талаптары. Қорғану құрылыстардың түрлері: баспана, радиацияға қарсы
паналар, қарапайым паналар. Бейбіт уақытында қорғану құрылыстарының қорын
жинақтау жолдары. Жасырынатындарды қабылдауға қорғану құрылыстарын
әзірлікке келтіру тәртібі. Бейбіт уақытында қорғану құрылыстарын ұстау және
пайдалану.
9-тақырып. Төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек
көрсетуді ұйымдастыру. Төтенше жағдайлар кезінде емдеу - эвакуациялауды
қамтамасыз ету негіздері.
Алғашқы медициналық көмек және оның маңызы. Қансырауды тоқтату
әдістері мен тәсілдері. Таңғыштарды салу тәртіптері мен әдістері. Сыну,
соғып алу, буыны шығу кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі
ережелері. Естен тану, талып қалу, электр тоғымен зақымдау, жылу мен күн
өтіп кету, үсу мен бату кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету. жасанды
де беру және жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілдері. Қатты әсер ететін
улы, радиоактивті заттармен және бактериалды құралдармен зақымданған кезде
өз-өзіне және өзара көмек көрсету. Ауруларға қарау негіздері.
Зақымданғандарды тасымалдау мен эвакуациялау тәсілдері.
10-тақырып. Дем алу және тері мүшелерінің жеке қорғану құралдары,
оларды қолдану тәртібі.
Сүзгіш газ тұмшаларды, тұмылдырықтарды арнау, орнату және сұрыптау
және оларды пайдалану ережелері. ГП-5, ГП-7 газ тұмшалары. Дем алу
мүшелерін қорғау қарапайым құралдары: мақталы таңғыш, шаңға қарсы маталы
бетперде. Оларды дайындау және пайдалану ережелері.
Теріні қорғау құралдары. Теріні қорғау арнайы құралдарын арнау мен
орнату. Жалпы әскери қорғау топтамасы, жеңіл қорғану костюмі (Л-1), қорғау
сүзгіш киім (ҚСК). РЗ және УЗ қорғау үшін күнделікті киімдерді бейімдеу.
Теріні қорғау құралдарының жұмыс тәртібі. Теріні қорғау табельді және
бейімделген құралдарды пайдалану ережесі.
ЖҚҚ жинақтау тәртібі, оларды сақтау, жаңарту, беру, айдату, пайдалану
ережелері.
11-тақырып. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда
эвакуациялау іс-шараларын ұйымдастыру.
Эвакуациялау іс-шараларының мәні мен тәсілі. Эвакуациялау органдарының
құрылымы мен міндеттері. Бейбіт уақытындағы төтенше жағдайларда
эвакуациялау іс-шараларын жоспарлау.
Жер сілкінісі, су тасқыны, сел ағындары, химиялық және радиациялық
қауіпті объектілерде, газ шаруашылығы объектілерінде авариялар туындаған
кезде халықты эвакуациялауды жүргізу ерекшеліктері.
Соғыс уақытында эвакуациялау іс-шараларын жоспарлау және ұйымдастыру.
Эвакуациялау іс-шараларын өткізу тәсілдері мен мерзімдері. Эвакуацияланатын
халықты орналастыру үшін қауіпсіз аймақты алдын ала дайындау. Эвакуациялау
іс-шараларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.
12-тақырып. Күшті әсер ететін улы заттардан халықты қорғау.
КӘУЗ адамның ағзасына әсер ету сипаты бойынша химиялық қауіпті
дәрежесі бойынша жіктеуі. КӘУЗ негізгі сипаттамасы. Аса таратылған КӘУЗ
физикалық және химиялық құрамы. Зақымдау қосылымдары. Дем алу мен тері
мүшелерін қорғау құралдары. ҚӘУЗ бейтараптау. Алғашқы медициналық көмек
көрсету. КӘУЗ объектілерінде авариялар болған кезде химиялық ахуалды
болжамдау әдістемесі.
13-тақырып. Халықты радиоактивті заттардан және биологиялық қауіпті
құралдардан қорғау. Радиациялық қауіпсіздік туралы ҚР Заңы.
Радиоактивті заттар мен ионды сәулелердің негізгі сипаттамалары.
Радиацияның тірі ағзаға әсері. Сәуленің табиғи және жасанды көздері.
Радиациялық қауіпсіздік нормалары. Қазақстан Республикасы халығының
радиациялық қауіпсіздігі проблемаларының ерекшеліктері. Радиациялық қауіпті
объектілерде авариялар болған кездегі халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар.
Радиацияға қарсы және химияға қарсы қорғану құралдары мен тәсілдері.
Бейбіт және соғыс уақытында жеке қорғану құралдарын жинақтау, сақтау, беру
тәртібі. Радиациялық, химиялық және бактериологиялық жұқтыру туралы халықты
хабардар етуді ұйымдастыру. Радиациялық қорғау режимдері, оларды қолданысқа
енгізу тәртібі. Дозиметриялық және химиялық бақылауды ұйымдастыру. Халықтың
киімін санитарлық өңдеу және зарарсыздандыру. Карантин және оқшаулау
кезіндегі халықтың мінезқұлық ережесі.
Радиациялық қауіпсіздік туралы ҚР Заңының рөлі мен маңызы.
14-тақырып. Күшті әсер ететін улы, радиоактивті заттардан және
биологиялық қауіпті құралдардан ауыл шаруашылығы малдары мен өсімдіктерін,
ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімін, суды және табиғи ортаны қорғау.
Ауыл шаруашылығы малдарын төтенше жағдайлардың салдарынан және қазіргі
зақымдау құралдарынан қорғаудың негізгі тәсілдері. Малдарды радиоактивті
жұқтыру шартында ұстау тәртіптері. Малдарды ветеринарлық өңдеу. Мал
шаруашылығы өнімдерін радиоактивтік, улы заттардан және биологиялық қауіпті
құралдардан қорғау. Малдарды дүлей апаттар мен эпизоотиялар шартында ұстау
ерекшеліктері.
Өткізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктерін ҚӘУЗ және РЗ қорғау
жөніндегі іс-шаралар. Өңірде радиоактивті заттарды жоғары ұстау шартында
өсімдік шаруашылығын жүргізу. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің радиоактивтік
изотоптармен жұқтыруын төмендету шаралары. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін,
азық-түлік шикізаты, мал жемін радиоактивтік, химиялық және
бактериологиялық жұқтырудан қорғау.
Ауыл шаруашылығында пайдаланатын су көздерінің түрлері. Су көздерін
жайластыру және оларды радиоактивтік, химиялық жұқтырудан және биологиялық
қауіпті құралдардан қорғау жөніндегі шаралар. Мал шаруашылығы фермаларында
судың резервтік қорларын және көздерін құру. Дүлей зілзалалар, авариялар,
апаттар мен эпизоотиялар болған жағдайда сумен жабдықтауды ұйымдастыру
ерекшеліктері.
15-тақырып. Сейсмикалық қауіпті аймақтарда мекендейтін халықтың
қорғауын ұйымдастыру.
Жер сілкінісін шақыратын себептер. Жер сілкінісін жіктеу және негізгі
сипаттамасы. ҚР сейсмикалық қауіпті аймақтарының қысқаша сипаттамасы.
Қорғау жүйелерін құру. ҚР сейсмикалық қауіпті аймақтарындағы ықтимал жер
сілкінісінің зияның төмендету және олардың салдарын жою жөніндегі шаралар
туралы басқару құжаттарының талаптары. Сейсмикалық берік салынған
құрылыстар және ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту. Жер
сілкінісін болжамдау және олардың жаршылары.
Қираған аудандардағы құтқару және авариялық қалпына келтіру жұмыстар.
16-тақырып. Су тасқындары мен селдер кезінде халықты қорғауды
ұйымдастыру.
Су тасқындарының туындау себептері. Каспийдегі судың тасуы, тізгіні,
желді сөгістері, мұздың кептелуі, сеңнің тоқтауы. Апаттық су басудың
ықтимал зияның төмендету жөніндегі іс-шаралар. Су тасқыны қауіп-қатері
туындаған кезде өткізілетін іс-шаралар. Су тасқыны кезіндегі халықтың мінез-
құлық тәртібі. Халықты хабардар ету, эвакуациялау. Су басқан аумақтарда
адамдарды іздеу, құтқару жұмыстарын жүргізу. Зардап шеккендерге көмек
көрсету. Гидро құрылыстарда авариялар болған кездегі халықтың іс-қимылы.
Суда құтқару қызметінің құрылымы.
Сел ағындарының құрылу себептері. Селдің туындау белгілері. Сел
ағындары туындаған кездегі халықтың іс-қимылы.
17-тақырып. Өрт кезінде халықты қорғауды ұйымдастыру. Өрт
қауіпсіздігі туралы ҚР Заңы.
Техногендік, тұрмыстық және табиғи өрттердің туындау себептері. Өртті
жайылдырмау және жою тәсілдері. Өрт сөндіру құралдары және оларды қолдану
ережелері. Өрт кезіндегі мінез-құлық қауіпсіздігі және олардан қорғану
ережелері. Адамдар көп болатын орындардағы өрттер. Өрт қауіпсіздігі
туралы ҚР Заңының негізгі мазмұны. ҚР өрт қауіпсіздігі ережелері.
18-тақырып. Қауіпті өндіріс объектілерінде авариялар болған кезде
халықты қорғауды ұйымдастыру. Қауіпті өндіріс объектілеріндегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы ҚР Заңы.
Қауіпті өндіріс объектілерін (ҚӨО) жіктеу. Қауіпті өндіріс
объектілерінде авариялар туындау қауіпі көздерінің, себептерінің
сипаттамасы. ҚӨО салдарының көлемі мен сипаты. ҚӨО авариялардан халықты
қорғау жөніндегі іс-шаралар. ҚӨО авариялар пайда болған кезде құтқару
жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері. Қауіпті өндіріс объектілеріндегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы ҚР Заңының мазмұны мен рөлі.
19-тақырып. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметін
ұйымдастыру. Авариялық-құтқару қызметтері мен құтқарушылардың мәртебелері
туралы ҚР Заңы.
Авариялық-құтқару қызметтері (АҚҚ) мен құрамалары қызметтерінің
негізгі принциптері. Республиканың авариялық-құтқару қызметтерінің құрамы.
АҚҚ мен құрамаларының төтенше жағдайларды жоюға қатысуы. Құтқарушылар мен
олардың мәртебелері.

20-тақырып. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар. Терроризммен
күрес туралы ҚР Заңы. Террористік актілердің қауіп-қатері мен туындауы
кезінде халықты қорғауды ұйымдастыру.

Терроризммен күрес туралы ҚР Заңының негізгі мазмұны. Терроризм –
әлемге қауіп. Терроризмнің туындауы. Террористік актілердің қауіп-қатері
мен туындауы кезіндегі лауазымды тұлғалардың міндеттері. Террористік
актілердің қауіп-қатері кезіндегі халық пен лауазымды тұлғалардың іс-
қимылдары бойынша жадынама. Террористік актілердің алдын алу жөніндегі іс-
қимылдарға халықты даярлау. Террористік актілердің салдарын жою бойынша
ҚБШЖ жүргізуді ұйымдастыру.
21-тақырып. Террористік актілердің қауіп-қатері мен жасауы кезіндегі
халықтың іс-қимылы.
Халықтың:
– жарылғыш жабдығына ұқсайтын затты табу кезінде;
– телефон арқылы қауіпті қабылдау кезінде;
– адамдарды кепілге алу кезінде;
– ұшақты террористтермен қармау кезінде;
– пошта жөнелтілімдерінде күдікті заттарды табу кезінде;
– жарылыс жабдығының іске қосылған кезінде іс-қимылы.
Террористік актілерді жасаудың алдын алу бойынша басшы құрамның іс-
қимылы. Әртүрлі террористік актілердің салдарынан туындаған ТЖ салдарын
жоюды ұйымдастыру.
22-тақырып. Төтенше жағдайлардан күнделікті өмірдегі, көшедегі және үй-
жайдағы қауіпсіздік.
Қазіргі үй-жайлардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ерекшеліктері. Үй-
жайдың қаупі мен залалды факторларының түрлері. Үй-жайда туындауы ықтимал
қауіпті жағдайлар және осы кезде қандай іс-қимыл жасау керек. Электр
құралдарын, газды, суды пайдалану ережелері.
Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері. От – адамның досы және жауы.
Отпен абайлаушылық шаралары. Баланың отпен ойнауы және оның салдары. Үйде,
мектепте, көлікте өрт туындаған жағдайда қандай іс-қимыл жасау керек. Өрт
сөндіру күзетін шақыру – 01. Өрт сөндіретін құралды қалай дұрыс қолдану
керек.
Үй жануарларына көңіл аудару мен бағып күту кезіндегі қауіпсіздік
шаралары.
Жол және оның басты құрамдас бөліктері: жүру бөлігі, жолдын жиегі,
кювет, жаяу және велосипедпен жүретін жол.
Қозғалатын көліктің барлығы – адамның қауіпсіздігіне қауіпті. Қала
көлігінің қарқындылығы мен қозғалу жылдамдығы. Көлік тез арада тоқтай алады
ма. Тежеуіш жолы. Тежеуіш.
Оқушылардың көше мен жолдағы мінез–құлықтарының негізгі ережелері.
Жаяу жүрушілердің аяқжол мен жолдың жиегі арқылы қозғалыстары. Жолды,
көшені өту ережесі. Мектеп пен үйге ең қауіпсіз жол. Стадионға, саябаққа,
кинотеатрға, мұражайға, дүкенге және т.б. нақты жол бағыттар. Қайда ойнауға
болады және болмайды. Велосипедтермен, шаңғылармен және шаналармен
серуендеу орындары.
Жаяу жүрушілердің қала сыртындағы жолдар, сулы және тайғақ жолдары
арқылы қозғалу ерекшеліктері.
Оқушылардың темір жолдардың жанында жүру мінез–құлықтары. Олар арқылы
өту мен жүру ережелері. Күзетілетін және күзетілмейтін өткелдер.
Электр поездерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шарттары.
Қала (ауыл) көлігімен танысу. Көлік құралдарының түрлері. Қоғамдық,
қызметтік және жеке көлік. Ауыл шаруашылығы машиналарының қозғалу
ерекшеліктері. Көлік құралдарының және жаяу жүретіндердің оң жақты
қозғалыстары.
Қоғамдық көліктерді аялдамаларда күту, жолаушыларды отырғызу және
түсіру. Көлік ішінде жүріс-тұрыс ережелері. Балалар үшін қауіпсіз жерлер.
Жолаушылардың міндеттері. Қоғамдық көлік құралдарынан (автобустан,
трамвайдан, троллейбустен) түсу кезіндегі көшеден (жолдан) өту ережелері.
Жол қозғалысын реттеу тәсілдері. Жол қиылысының түрлері. Көшелер мен
жолдарды белгілеу. Біржақты және екіжақты қозғалыс. Жол белгілері: Жаяу
кісінің өтуі, Жаяу кісінің жолы, Жаяу жүруге тыйым салынады,
Балалар, Жер астымен өту, Тұрақ орны және т.б.
Көлік құралдары жүргізушілерінің беретін сигналдары.
Біздің мекеннің суайдындары.
Күз, қыс, көктем және жаз кезеңдеріндегі суайдындарындағы
жүріс–тұрыстың қауіпсіздік ережелері мен шаралары.
Жабдықталған және жабдықталмаған шомылу орындарындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлар
Халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау
Алматы қаласы «құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі
Күшті жер сілкінісі
Біршама күшті жер сілкінісі
Төтенше жағдай, туындау себептері
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
«Медициналық апат» бейбіт және әскери уақыттағы төтенше жағдайлардағы халықты қорғаудың негізгі шаралары
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: сырғымалар, сел, тастың құлауы
Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау
Пәндер