Транзиттік жүк тасымалдаулары саласындағы көліктік-логистикалық орталықтардың дамуы


БАЙМБЕТОВА АСЕЛЬ БАТЫРХАНҚЫЗЫ
Транзиттік жүк тасымалдаулары саласындағы
көліктік-логистикалық орталықтардың дамуы
(темір жол көліктік өткелдер мысалында)
08. 00. 05 - Экономика және халық шаруашылығын басқару
(көлік-коммуникация кешенінде)
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін ізденуге дайындалған диссертацияның
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында орындалған
Ғылыми жетекшісі экономика ғылымдарының докторы Алпысбаев С. А.
Ғылыми кеңес беруші техника ғылымдарының докторы Бекжанова С. Е.
Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының докторы Туркебаев Э. А.,
экономика ғылымдарының кандидаты Мухаметжанова А. В.
Жетекші ұйым С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қорғау 2009 жылдың 2 наурызында сағат 14 00 -де М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының диссертация қорғау бойынша Д 14. 50. 05 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді.
Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 88. БЖИ мәжіліс залы, факс 8 (727) 292-57-21.
Диссертациямен М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының кітапханасында танысуға болады: 050012, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97, тел. : 8 (727) 292-69-98.
Автореферат 2009 жылдың «___» таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы Смағұлова Н. Т.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Логистиканың жетістіктерін темір жол көлігінде пайдалану транзитті көлік әлеуетінінің тиімділігін арттырудың кепілі, әрі әлемдік көлік жүйесіне белсенді интеграцияланудың формасы болып табылады. Соңғы жылдары стратегиялық мүмкіндіктері мол көлік саласының ағындық экономикалық процестерде негізгі қызмет атқарып отырғандығын атап айту қажет. Бүгінгі күні тасымалдау көлемін ұлғайту, көптеген отандық жүк және жолаушы тасымалдаушылар мен экспедиторлардың іс-әрекетінің экономикалық тиімділігін арттыру міндеттері өзектене түсті. Логистика принциптерін енгізу және Қазақстан территориясындағы транзиттік жүк тасымалын басқарудың логистикалық принциптерін дамыту арқылы тасымалдау процесін қазіргі талаптарға және халықаралық стандарттарға сай қамтамасыз ететін жаңа технологияларды пайдалану көлік саласының сапалы өрлеуіне мүмкіндік беретіндігін шетел тәжірибесі растап отыр. Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде Қазақстан экономикасының тұрақтылығын нығайту мақсатында үш жылдық бюджеттен көлік инфрақұрылымын дамытуға жалпы ішкі өнімнің 4, 5% құрайтын, 700 млрд. теңге үлестіру қарастырылып отыр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылдарға дейінгі Көлік стратегиясын жүзеге асыру әлемдік көлік жүйесіне интеграциялану, ұлттық көлік заңнамасының халықаралық заңдармен үйлесімін, көлік жүйесінің бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, мультимодальді тасымалды дамыту, технологиялық процесс логистикасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында транзиттік әлеуетті қарқынды дамытуды және республика территориясына халықаралық көлік ағындарын тартуды қарастырады.
Көлік логистикасы мамандандырылған логистикалық орталықтар арқылы жүк ағындарын оңтайландыру мен ұйымдастырудың жаңа әдістемесі ретінде көлік ағындарының тиімділігін арттыруға, көлік қызметін ұсынатын өндірушілер мен тұтынушылар шығындарын азайтуға мүмкіндік жасайды.
Логистиканы пайдаланатын отандық кәсіпорындар, дәстүрлі қалыпта жұмыс жасайтын кәсіпорындармен салыстырғанда, ішкі және халықаралық тасымалдауларда тұрақтылық, болжау мүмкіндігі, бәсекеге қабілеттілік сияқты бірқатар артықшылықтарға ие. Келешекте логистика көлік компанияларына ішкі және сыртқы нарықта қаржылық тұрақтылыққа жетуге, тасымалдау көлемін арттыруға мүмкіндіктер береді.
Қазақстан Республикасының және кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіктегі басқа мемлекеттер экономикасының көлік саласын мемлекеттік реттеудің әлсіреуіне байланысты көлік қызметтері нарығындағы бәсекелік ортада түбегейлі өзгерістер орын алды. Тауар қозғалысы мен бөлінісінде айқын аңғарылатын жаңа көліктік-логистикалық жүйелер біртіндеп тұрақтанып келеді. Халықаралық жүк айналымына қызмет көрсетуде мульти- және интермодальді (аралас) тасымалдаулардың ролі артып, көлік қызметіне деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастырудағы экспедиторлық кәсіпкерліктің мәні күшейіп отыр.
Көлік дәліздерін дамыту және игеру - отандық тасымалдаушылардың көлік нарығындағы үлесін арттырудың бірден бір жолы. Көліктік қызмет экспортына сұраныс 2010 ж. әлемдік көрсеткіш бойынша жылына 8- 9 млрд. долл. жетуі мүмкін. Болашағы мол осы нарықта клиенттерге неғұрлым ұтымды шарттар ұсыну - маңызды, әрі шешімі табылатын міндет. Шетелдік тасымалдаушылар дәстүрлі айналмалы маршруттармен салыстырғанда, халықаралық көлік дәліздерінің қазақстандық құрамдасын пайдалану арқылы бір контейнерден 600 долл. дейін, әуе рейсінде 50 мың. долл. дейін үнемдейді. Бұл Қазақстан Республикасы арқылы өтетін транзиттік ағындар пайдасына шешудің маңызды дәлелі бола алады.
Көлік логистикасын ұтымды пайдалану үшін заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажет. Логистиканың отандық нарықта дамуына мүмкіндік жасап, шекарадан өту кезінде жүкті көліктік - кедендік рәсімдеуге, сонымен қатар тиімді тасымалдау мөлшерлемесін қамтамасыз етуге өзгерістер енгізу қажет. Қазіргі халықаралық көлік ағындарына қызмет көрсетуде пайдаланатын техникалық базалар мен терминал технологиялары түбегейлі өзгерістерді қажет етеді. Әңгіме қазіргі логистикалық тұжырымдамадағы жүк ағындарының «дәліздік» жүйесіндегі басты буын болып табылатын логистикалық орталықтар мен жүк терминалдарының қызметін сәйкестендіру туралы болып отыр.
Мәселенің ғылыми-тәжірибелік деңгейде қарастырылуы . Логистиканың теориясы мен тәжірибесін дамытуға байланысты, оның өзекті мәселелерін зерттеумен америка зерттеушілері М. Портер, М. Д. Бауэрсокс, М. Линдерс, Х. Фирон, Дж. Джонсон, Д. Вуд, француз мамандары Э. Мате және Д. Тиксье, көлік ағындарының қызметі саласын зерттеуші Л. Б. Миротин, П. В. Куренков, А. Ф. Котляренко, Ф. Николайчук, О. А. Новиков, С. А. Уваров, Ю. М. Неруш және т. б. сияқты ресей экономистері айналысқан.
Темір жол көлігіндегі логистика теориясының дамуына сүбелі үлес қосып, оның дамуының анағұрлым тиімді жолдарын ұсынған Б. Айтбеков, Н. К. Исингарин, Р. К. Сатова, Е. Е. Қарсыбаев, Н. В. Никифорова, Л. Ф. Сухова, Ю. И. Лавриненко, Т. М. Бергалиев, А. Ш. Шабанов, А. Л. Шалабекова сынды қазақстандық ғалымдар да баршылық.
Қазіргі электрондық, коммуникациялық, ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға негізделген халықаралық көлік дәліздерінің қызметі саласындағы транзиттік тасымалды кешенді бақылау қажет. Логистикалық қызмет көрсету орталықтарында қозғалыс туралы on line режимінде және жоспарланған маршруттардың кестесі шегінде қозғалысты тәртіпке келтіруге қабілетті транзиттік тасымалдау жағдайындағы шарттар мен өзгерістер туралы алдын ала толық әрі шынайы ақпараттың болуын қамтамасыз ету аса маңызды.
Батыста логистика көлік саласында ондаған жылдар бойы табысты қолданылып келеді. Осы уақыт аралығында тасымалдаудың жалпы шығындарын мүмкіндігінше төмендету, оңтайландыру, логистикалық қызметтердің экономикалық тиімділігін арттыру, оны ақпараттық және технологиялық қамтамасыз етуге бағытталған тәсілдемелер жан - жақты қарастырылып келеді. Шет елдік нарықтарда логистикалық және басқа да қызметтердің жаңа, кешенді түрлерін ұсынатын фирмалардың қызметі үлкен сұранысқа ие. Оларға, мысалы, аутсорсинг - өндіргіш-кәсіпорындарды өніммен қамтамасыз ету, өткізумен байланысты бірқатар әрекеттерден босататын қызмет түрі жатады. Осымен байланысты көліктік логистикалық, әсіресе мультимодальді тізбектерді ойластыру мен жетілдірудің маңызы арта түседі.
Осы мәселелер диссертациялық зерттеу жұмысының өзектілігін анықтау мен тақырыбын таңдауға ықпал етті. Логистикалық менеджмент құралдарын және нақты теориялық аппаратты тәжірибеде қолдануға алғаш сұраныс білдірген Қазақстан темір жолы саласындағы өзгерістер логистиканың ғылыми әдістемесіне және тәжірибелік әдістеріне деген сұраныстың туындауына дәл келді. Қазақстан темір жолы саласын қайта құрылымдау және оның бөлімдерін коммерцияландыру барысында материалдық - техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру да өзгере бастады. Нақты айтсақ, табиғи монополия субъектісінің тендерлік нарықтық негізде өндірістік қажеттіліктер үшін материалдық қорларды, жабдықтарды сатып алу тәртібі, тасымалдау қызметі салаларын коммерцияландыру көлемі өзгерді.
Темір жол саласын әрі қарай қайта құрылымдаудың теоретикалық- тәжірибелік мәселелерінің белгілі бір дәрежеде әзірленгендігіне қарамастан, көлік логистикасын дамыту проблемалары анағұрлым терең экономикалық талдауды, ғылыми жалпылау мен жүйелеуді қажет етеді. Дамыған елдердің темір жол көлігін дамыту мен қайта құру тәжірибесін, сонымен қатар Қазақстандағы жаңартулар мен өзгерістер тәжірибесін пайдалана отырып, темір жол тасымалы технологиясын басқарудың логистикалық жүйесін дамытуға ықпал ететін ғылыми-теориялық әдістемесін тереңдету қажет.
Ғылыми жұмыста «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жүк тасымалдау саласында логистикалық орталықтар ұйымдастыру мәселесіне назар аударылған, республиканың көлік кешенінің стратегиясы мен келешектегі дамуына ықпал ететін логистиканың ролі мен маңызы анықталған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Транзиттік темір жол жүк тасымалы жүйесіндегі логистикалық орталықтарды дамытудың теориялық және тәжірибелік ұсыныстарын әзірлеу диссертациялық жұмыстың мақсаты болып табылады.
Белгіленген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:
- нарықтық экономикадағы логистикалық қызметті классификациялау жүйесінде көлік логистикасының теориялық қағидаларын айқындау және нақтылау;
- Қазақстан Республикасының темір жол жұмысының нәтижелерін және логистикалық модельдерді құрудың шетелдік тәжірибесін зерттеу негізінде көліктік-логистикалық орталықтарды құрудың объективті алғышарттарын анықтайтын факторларды айқындау;
- халықаралық көлік дәліздеріне тартылу аймағындағы ірі көлік тораптарында, шекара темір жол станциялары базасында логистикалық орталықтар құрудың әдістемелік тәсілдерін әзірлеу;
- халықаралық транзиттік жүк тасымалы жүйесінде көліктік- логистикалық орталықтар құрудың қажеттігін және тиімділігін негіздеу;
- транзиттік жүк ағындарының көліктік-логистикалық орталықтарын ұйымдастыру құрылымы мен моделін әзірлеу.
Зерттеу пәні - халықаралық көлік дәліздері мен темір жол өткелдерінде орындалатын транзиттік тасымалдардың көліктік логистикасын ұйымдастыру мен басқару жүйесіндегі экономикалық қатынастар.
Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жүк тасымалдау логистикасы.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі - көлік саласындағы тауарлық - материалдық қорларды ұйымдастыру мен үлестіру жөніндегі экономикалық теория қағидалары; логистикалық шығындардың табысты, әрі тиімді болуы тұрғысындағы логистикалық және стратегиялық менеджмент теориясының қағидалары. Жүк жеткізу кезектілігін басқарудың көліктік-логистикалық жүйесін дамытуға орай қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен мамандардың ғылыми-әдістемелік әзірлемелері, темір жол көлігінің жұмысын реттеуші халықаралық, отандық нормативтік-құқықтық, заңнамалық құжаттар.
Шетелдік және қазақстандық ғалымдардың логистиканы ұйымдастыру эволюциясы, жүк тасымалын ұйымдастыруда материалдық, қаржылық және ақпараттық ағындардың интеграциясы дәрежесіне ықпал ететін логистика қағидаларының, формалары мен құралдарының дамуы бойынша зерттеулері пайдаланылды.
Міндеттерді шешу барысында салыстырмалы және экономикалық талдау, математикалық статистика әдістері, талдау және графикалық зерттеу әдісі, сараптамалық бағалау әдістері пайдаланылды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- темір жол көлігінде транзиттік тасымалдауды жүзеге асыруда темір жол көлік өткелдері жүйесіндегі көліктік-логистикалық орталықтың моделі әзірленді;
- көлік ағындарының өзара әрекеттесу логистикасының көмегімен темір жол көлігін басқа көлік түрлерімен үйлестіру ерекшеліктері мен негізгі бағыттары негізделді;
- мультимодальді көлік тасымалдары және терминал операциялары жүйесін дамыту шарттарында логистикалық орталықтарды дамытудың басым бағыттары айқындалды;
- шекара маңындағы аймақтар мен өткелдерде халықаралық көлік дәліздері бойынша көліктік жеткізілімдердің мультимодальді желісінің тиімділік көрсеткіштері әзірленді;
- көліктік-логистикалық орталықтарды дамытудың бәсекелік артық-шылықтары белгіленді.
Қорғауға ұсынылатын ғылыми тұжырымдар:
- темір жол тасымалдары көлік логистикасының теориялық негіздерін жүйелеудің әдістемелік тәсілдері;
- «Еуропа - Қазақстан - Қытай» бағытындағы транзиттік көлік дәліздері логистикасының дамуының негізгі үрдістері;
- транзиттік темір жол дәлізінің көліктік-логистикалық орталығы ұғымы;
- транзиттік темір жол жүк тасымалдарының көліктік-логистикалық орталығының автор жасалған моделі;
- транзиттік темір жол жүк тасымалдарындағы ақпараттық және терминалдық ағындардың құрылымы;
- «Жетіген - Қорғас» көлік дәлізі аумағындағы көліктік-логистикалық орталықтар тиімділігін бағалау қорытындысы.
Жұмыстың ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері; Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің темір жол саласы қызметін дамытуға бағытталған қаулылары және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар; монографиялар, диссертациялық жұмыстар; Қазақстан Республикасы Статистикалық агенттігінің мәліметтері; Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі департаменттерінің материалдары, «Қазақстан темір жолы» ұлтық компаниясының есептері, мәліметтері, ғылыми әдебиетте және мерзімдік басылымдарда жарияланған мәліметтер мен сараптамалық бағалаулар.
Диссертациялық жұмыстың сыннан өтуі және жүзеге асырылуы. Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі ғылыми нәтижелері халықаралық «Транспорт Евразии ХХI века» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарында, Алматы, 2006 жыл; «Наука и инновации на железнодорожном транспорте» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарында, Алматы, 2007 жыл; «Актуальные вопросы управления процессами перевозок на транспорте» атты I халықаралық ғылыми- практикалық конференция материалдарында, Алматы, 2007 жылы баяндалды.
Зерттеу нәтижелері көлік өткелдерінің логистикалық және кедендік бөлімдерімен жұмыс істейтін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның бөлімдерінің жұмыс тәжірибесіне енгізілді, бұл өз кезегінде көлік ағындарының қозғалысын жылдамдатуға, темір жол жүк тасымалы шығындарын азайтуға, терминалдар мен қоймалар жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Диссертациялық зерттеудің материалдарын, дәйектеулерін мен ұсыныстарын «Көлік логистикасы» курсын оқытуда пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерін жариялау. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 3, 1 б. т. құрайтын 10 ғылыми мақала жарияланды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, 108 пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады, соның ішінде 38 кесте, 12 сурет
лдаулар дамуын талдау нәтижесінде біріншіден, Қазақстандағы, сондай - ақ шекаралас территориялардағы, тіпті магистральді бағыттағы инфрақұрылымының қазіргі талаптарға жауап бермейтінін аңғартты және транзиттік көлік дәліздері мен шекара маңындағы өткелдер көлемінде көліктік-логистикалық орталықтарды ұйымдастыру мен салу негізінде әрі қарай жетілдіруді қажет ететіндігі айқындады. Оны қажетті бәсекелік күйге келтіру үшін инвестициялардың үлкен көлемі қажет. Тек ұлттық мүдде көзделетін әлемдік көліктік жүйеге ену үшін транзиттік жүк тасымалдарын басқаратын көліктік-логистикалық орталықтарды құруды қамтитын инвестициялық жобаларды кезектеп жүзеге асыратын инвестициялардың ішк 1. Қазақстан Республикасында транзиттік тасымалдаулар логистикасын дамытудың теориялық негіздері. Республиканың әлемдік көлік жүйесіне интеграциялану жағдайындағы көлік логистикасын дамыту тұжырымдамасы қарастырылған, көліктік-логистикалық жүйелерді дамытудың халықаралық тәжірибесі ескеріліп, транзиттік темір жол тасымалдаулары жүйесіндегі көліктік-логистикалық орталықтарды ұйымдастырудың теориялық негіздемесі жасалған.
Соңғы жылдары компаниялардың материалдық және тауарлық, көлік ағындарын жүйелі басқару бағытындағы логистикалық әдістеменің теориялық қағидалары негізіндегі зерттеулерге ерекше назар аударылуда. Шетелдік экономикалық тәжірибедегі негізгі тұжырымдамалар мен логистикалық модельдердің дамуы оны терең зерттеуді, талдауды, ғылыми тұрғыдан жалпылауды және Қазақстанда тиімді көлік-логистикалық кешенін құруда ұтымды қолдануды талап етті. Логистиканың тұжырымдамалық ерекшеліктері өндірістік-шаруашылық қызметті басқарудағы өзіндік бағыты бар әрекеттер жиынтығы арқылы көрінеді.
Көлік логистикасы тұтынушылардың төлеуге қабілетті сұранысын қанағаттандыру, тауар өндірушілердің пайда түсіру мақсатындағы тауарлар мен қызмет көрсетулерді тарату және алмастыру барысындағы көліктік жеткізулерді ұйымдастырумен ұқсастырылады. Әртекті ағындық-тарату процестерінің (материалдық, қаржылық, ақпараттық процестер, олардың үйлесімі) қандай да бір циклының теориялық моделі көлік логистикасы теориясының қалыптасуында маңызды роль атқарады. «Логистика» термині шикізатты сатып алу сәтінен бастап дайын өнімді көлікпен тұтынушыға жеткізумен аяқталатын құралдарды стратегиялық пайдалануға толық жауапты болатын менеджментті білдіреді. Көлікпен тасымалдау және жеткізушілермен, клиенттермен өзара әрекеттесу уақытының қысқаруы көлік логистикасының нәтижесі болып табылады.
Жиынтық шығындар тұжырымдамасы көлік ағындары логистикасының шығындарды азайтуды көздейтін бағыттарын пайдаланады. Тұжырымдамаға сәйкес, көлік ағындарының бөлінуі өнімді өндіру пунктінен тағайындалған пунктке тасымалдау (сақтау) барысындағы шығындарды (клиенттерге қызмет көрсетудің белгілі деңгейіне сәйкес) азайтады. Жеткізушілерден өнімді алу және тауарды тұтынушыға жеткізуде бір көлік құралдарын пайдалану мен үйлестіру логистикалық жүйенің сенімділігін арттырады, көлікпен жеткізу талаптарын уақытылы орындалуына мүмкіндік береді. Көліктік материалдық ағындар көлік логистикасының басты объектісі болып табылады (1-сурет) .
Материалдық ағындарды құрайтын материалдық қорлар шектеулі, сондықтан олардың тиімді қоймалануы, өндіріске жеткізілуі көлік логистикасының маңызды мәселесі болып табылады. Темір жолмен транзитті тасымалданатын материалдық ағындардың қозғалысын үйлестіру және тиімді біріктіру мәселесі орталықтандырылған жедел басқарудың, өндірісті көліктік-логистикалық орталықтармен қамтамасыз ету, реттеу мен бақылау процестерінің икемді жүйесін құруды қарастырады. Тасымалдау бойынша логистикалық шешімдерді қабылдауда тасымалдаушыны (бірнеше тасымалдаушыны) дұрыс таңдау аса маңызды мәселенің бірі. Әдетте ол жүк иесінің тұрақты іскерлік қатынастары бар көлік - экспедициялық фирманың логистикалық менеджеріне тапсырылады.
Батыс елдердің тәжірибесінде мультимодальді көліктік тасымалдауларда арнайы әзірленетін дәрежелік жүйелер пайдаланылады. Осы жүйе негізінде тасымалдаушыны таңдаудың қарапайым сұлбасында тасымалдаушылар рейтингінің жалпы сомасы салыстырылады.
1-сурет - Көлік логистикасы элементтерінің өзара
әрекеттесуінің құрылымдық моделі (автор құрастырған)
Тасымалдаушыны таңдау проблемасын өз бетімен шешетін жағдайда логистикалық менеджер аргоритмі жеткізушіні таңдау рәсіміне ұқсас белгілі бір сұлбаны басшылыққа алуы тиіс. Егер көлік түрі анықталған болса, онда көлік қызметтері нарығындағы түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формада әрекет ететін тасымалдаушылар арнайы талдаудан өткізілуі қажет. Соңғы жылдары жүкті терминалдар арқылы тасымалдау қарқыны артты. Шет елдерде терминалды тасымалдаулар жүкті қалааралық және халықаралық қатынастардағы аралас тасымалдауда: ірі теңіз кемежайларында, көлік тораптарында, кейіннен Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың жүк құрайтын құрлықты аймақтарында пайда болды. Терминалды тасы-малдауларды әдетте, терминал кешендерін пайдаланатын көліктік-экспе-дициялық фирмалар немесе әр түрлі көлік операторлары ұйымдастырады.
Логистикалық операцияларды орындауға арналған және өзара байланысты ғимараттардың, қызметкерлердің, техникалық және техно-логиялық қондырғылардың мамандандырылған кешені жүк терминалы деп аталады. Бүгінде терминалдар өндірушілердің логистикалық тізбегіндегі маңызды тораптарға айнала отырып, шағын жөнелтулерді жинақтаумен қатар, ірі жүк таратушы орталықтар мен жабдықтаушы базаларға айналды. Жүк терминалдарының мамандандырылуы клиенттердің жүк тасымалдауға, сақтау мен өңдеуге қоятын талаптарын ескеруге, логистикалық менеджмент тиімділігін және сервис сапасын арттыруға, логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, Жапония мен Францияның көліктік-логистикалық жүйелері мультимодальді терминалдық кешендері бар логистикалық көліктік - үлестіру орталықтарына негізделеді.
Қазақстандағы логистикалық орталықтар қызметінің стратегиялық басымдықтары 2-суретте берілген.
2-сурет - Көліктік-логистикалық орталықтарды құрудың стратегиялық
басымдылықтары мен нәтижелері (автор моделі)
Бұл әдістеме ел экономикасының көліктік әлеуетінің болашақтағы дамуына, ірі көлемді жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін көліктік-логистикалық орталықтарды құрудың стратегиялық басым-дылықтары ел экономикасы бәсекелік қабілетін арттыруға; республиканың транзиттік қабілетін тиімді пайдалануға; қазақстандық өнімнің көліктік құрамдасын төмендетуге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Еуропа мен Азияның тоғысатын жерінде орналасқан, сондықтан Еуроазиялық континет аймақтарының арасындағы негізгі буын болып табылады. Осы геосаяси жағдай республиканың транзиттік тасымалдауларда негізгі артықшылықтарының бірі болып отыр. Магистральді желінің жалпы ұзындығы 13, 4 мың км-ді құрайды, оның 37% қосжолды, 28% электрлендірілген темір жол. Әлемдік саудада маңызды болатын жүк тасымалдау қашықтығын мүмкіндігінше қысқарту транзиттік тасымалдауларды дамытудың артықшылығы болып табылады. Транзиттік әлеует тауар мен қызметтер нарығының дамуын белсендендіреді, жалпы және жеке мүдделерге қол жеткізу үшін нарықтағы субъектілердің өзара тиімді әрекеттесуін және бірігуін талап етеді. 2007 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның жүк тасымалының жалпы көлемі 258, 521 мың т құрады, оның 33% экспорттық қатынаста, 54% республика ішінде, 9% - импорттық және 5% транзиттік қатынаста орындалды.
Тауар бөлінісінің жалпы логистикалық шығындары (Ш кло ) құндық өрнекпен өрнектелетін көрсеткіштердің келесі алгоритмі бойынша анықталуы мүмкін:
Ш кло =К қ. +Т ж. +Қ ж. ш. +Б а. қ. +Қ н. п. + О қ + Б ш. ,
мұнда К қ - көлікпен қамтамасыз ету (көліктік құрамдас) ; Т ж - тиеу - түсіру жұмыстары; Қ ж. ш - қойма жабдық шығындары; Б а. қ. - байланыс, ақпараттық қамтамасыз ету; Қ н. п. - қоймалардағы қорға берілетін несие пайыздары ; О қ - орама-қаптама; Б ш - басқару шығындары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz