ТРУМЭН ӘКІМШІЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ АМЕРИКАН-ЖАПОН ӘСКЕРИ-САЯСИ ОДАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ



Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 327 (52+73)

Садықова Р.О.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ТРУМЭН ӘКІМШІЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ АМЕРИКАН-ЖАПОН ӘСКЕРИ-САЯСИ ОДАҚТАСТЫҒЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ

В статье рассматривается формирование военно-политических
отношений между Японией и США в период президенства Гарри Трумэна.
Автором рассматривается внешнеполитическая доктрина США
сдерживания коммунизма, которая служила теоретической основой при
формировании военно-политических блоков американским руководством.
Также изучаются основная правовая база и совместные действия Японии
и США, направленные на установления военно-политических отношений.

The article is devoted to the studying of the formation of
the military-political relations between Japan and the USA during
the presidency of Harry Truman. The author considered the U.S.
foreign policy doctrine “containment of communism”, which served as
the theoretical basis for the formation of the military-political
allies by the U.S. leadership. Also in the article were analyzed
the basis legal framework and the joint actions of Japan and the
United States to establish the military-political relations.

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы халықаралық қатынастар жүйесінде
жаңа әлемдік тәртіптің дүниеге келуіне ықпал етті. Вестфаль бейбіт реттеуі
кезінде қалыптасып, бірнеше ғасыр бойы сақталып келген көпполярлы жүйе
орнына АҚШ пен КСРО үстемдік еткен биполярлық әлем тәртібі дүниеге келді.
Биполярлық әлемдік тәртіпте еркін әлемнің көшбасышысы АҚШ пен КСРО
арасында қырғи-қабақ соғыс басталды. Бұл соғыстың алдыңғы соғыстардан
ерекшелігі АҚШ пен КСРО арасындағы қақтығыс әскери қақтығыс сипатында ғана
емес, оның ең алдымен, идеологиялық сипатта көрініс табуында еді. Сол
себепті идеологиялық қақтығыста басымдыққа ие болу үшін екі мемлекеттің
басшылығы сыртқы саяси тұжырымдамалардың мазмұнына айрықша мән берді.
Қырғи-қабақ соғыс жылдарындағы АҚШ-тың сыртқы саяси стратегиясында
КСРО-мен күрес бірінші орындағы мәселе болды. АҚШ кеңестік ықпал үшін қарсы
күресте ең алдымен, әскери одақтастарға сүйенді. Әскери одақтастармен
байланыс мәселесі соғыстан кейінгі американдық әкімшіліктің сыртқы саяси
тұжырымдамасында көрініс тапты. Осындай тарихтағы ұзақ жылдық тарихы бар,
әрі қырғи-қабақ соғыс жылдарындағы АҚШ-тың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы
қауіпсіздік жүйесінің негізі болған одақ - Жапониямен әскери-саяси одақ
еді.
Жапониямен қарым-қатынас мәселесі соғыстан кейінгі кезеңде Американың
сыртқы саясатында маңызды орынға ие болды. Американдық басшы Г. Трумэн
атомдық дипломатияны жариялай отырып, өзінің қырғи-қабақ соғыста күш
тұрғысынан әрекет етуге ұмтылысын байқатты. Трумэн әкімшілігі сыртқы
саясатта алдына АҚШ-тың әлемдік ықпалды мемлекет ретінде беделін
қалыптастыру және кеңестік жүйеге қарсы күресті бастау ұранын міндет етіп
қойды. Алайда, американдық басшылық екі жүйе арасындағы күресте жалғыз
әрекет ете алмайтындығын анық ұғынды. Сол себепті, екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі жылдары американдық сыртқы саяси стратегияда Жапониямен
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы әскери-саяси одақтастықты орнату мәселесіне
айрықша көңіл бөлінді.
Трумэн билік басында болған кезеңде американдық сыртқы саяси
стратегияның негізігін Кеннаның жеделхаты негізінде ұсынылған коммунизмді
тежеу доктринасы құрады [1].
Алғаш рет коммунизмді тежеу доктринасының идеялары 1946 жылдың 22
ақпандағы АҚШ-тың Мемлекеттік Департаментінің сыртқы саяси жоспарлау
тобының жетекшісі және Мәскеудегі АҚШ-тың төтенше және өкілетті елшісінің
кеңесшісі Кеннан телеграммасында көрініс тапты. 1947 жылы жеделхатындағы
ойдың жалғасы ретінде Мистер Х деген автордың есімімен Кеңестік
әрекеттің себептері атты мақала жарық көрді. Біраз уақыт өте келе автордың
Кеннан екендігі анықталды. Кеннаның жарық көрген мақаласының мазмұнына
жүгінер болсақ, КСРО тарапынан қауіп тек қана әскери емес, сондай-ақ,
идеологиялық болуы мүмкін. Сол себепті американдық басшылық кеңестік
экспансияға қарсы тұруы тиіс. Кеннанмен анықталған АҚШ-тың әрекет етуі тиіс
басымдылық берілген геосаяси аймағына Жапония және Филиппин, Канада,
Гренландия, Исландия, Скандинавия және Батыс Европа мемлекеттері кірді.
Кеннан жоспарына немесе АҚШ-тың Трумэн әкімшілігі тұсындағы коммунизмді
тежеу доктринасына сәйкес басымдылық берілген геосаяси аймақта және
әлемнің бірнеше жерлерінде Америка үшін қажетті күштердің тепе-теңдігін
сақтайтын біршама әскери контингентті орналастыру көзделді [2].
Дж. Кеннанның ұсынылған коммунизмді тежеу доктринасына сәйкес
Трумэн әкімшілігі КСРО-мен ықпал ету аймақтары үшін күресте Кеннанның
мақаласында көрсетілген мемлекеттермен әскери-саяси одақтастықты дамыта
бастады. АҚШ әкімшілігі белгілеген осындай одақтастардың ішінде Жапония да
болды. Американдық сыртқы саяси жоспарлардағы Жапонияның рөлінің
артқандығын Трумэн әкімшілігімен қабылдаған маңызды құжаттардың мазмұнынан
байқауға болады. 1949 жылғы Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің құжатында атап
өтілгендей: Ғаламдық соғыс жағдайында Жапонияның мүмкіндіктері оның кімнің
мүдделерін қамтамасыз етуде пайдалануы елеулі жағымды немесе жағымсыз
ықпалын тигізуі мүмкін, - деп атап өтілген [3].
Г. Трумэн әкімшілігінің Жапонияға деген қызығушылығының артуына Азия-
Тынық мұхиты аймағындағы қалыптасқан жағдай айрықша ықпал етті. Азия-Тынық
мұхиты аймағындағы АҚШ-тың коммунизмді тежеу доктринасын жүзеге асыру
қажеттілігіне осы аймақтағы өзгеріске түскен геосаяси жағдай әсер еткен
болатын. Аймақтағы геосаяси жағдай Кеңес Одағының милитаристік Жапонияға
қарсы соғысқа қатысуы нәтижесінде Азия халықтарының ұлт-азаттық
қозғалыстарына қозғаушы күш ретінде ықпал етуі нәтижесінде өзгеріске түсті.

АҚШ-тың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік саясатын анықтаған
келесідей геосаяси өзгерістер орын алды: Қытайда азаматтық соғыс басталды
және оның нәтижесінде кеңестік саясатты қолдаушы жаңа мемлекеттің пайда
болатындығы айқын болды, 1945 жылы 17 тамызда тәуелсіз Индонезия
Республикасы құрылды, 1945 жылы 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық
Республикасы құрылды, 1945 жылы қазанда Лаостың тәуелсіздігі жарияланды.
Осындай геосаяси өзгерістерді ескере отырып, АҚШ коммунизмді тежеу
доктринасын жүзеге асыруға кірісті. Сорғыстан кейінгі бастапқы жылдары
Трумэн әкімшілігі КСРО-ның ықпалына қарсы тұруда аймақтық саясатта Қытайға
сүйенуге ұмтылған болатын. Алайда 1949 жылы ҚХР-дың құрылуы АҚШ-тың
аймақтық саясатта кеңестік ықпалға қарсы тұруда өзге одақтастарды іздеу
қажеттілігін байқатты. Осы одақтастыққа американдық басшылық Жапонияны
тартуды жөн деп тапты. АҚШ-тың Жапонияны әскери-саяси одақтасқа айналдыру
саясаты оның елдегі оккупациялық саясатынан бастау алған болатын. Жапонияға
қатысты бейбіт реттеу мәселесінде жеңген мемлекеттерден құралған
Қиыршығыстық комиссияның бас қолбасшысы Макартурдың жетекшілігімен жүзеге
асқан АҚШ-тың оккупациясын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: біріншісі
– Американың Қиыр Шығыстағы негізгі қарсыласы мен бәсекелесін жоюға
ұмтылған 1945-1948 жылдар аралығын қамтиды. Екіншісі - Қытай Халық
Республикасының құрылуынан кейін және Кореядағы соғыстан кейін Жапонияны
өзіне бағынышты одақтасқа айналдыру, яғни кері бағыт деп аталған саясат
жүзеге асқан 1948-1952 жылдар аралығын қамтиды [4].
АҚШ-тың Жапониядағы оккупацияның бірінші кезеңіндегі мақсаты -
мемлекетті демократизациялау және демилитаризациялау болды. Американ
басшылығының осы мақсаты Оккупацияның бастапқы кезеңіндегі АҚШ-тың
Жапонияға қатысты саясатының негізгі қағидалары деген құжатпен анықталды.
Құжаттың мазмұнында атап көрсетілгендей: оккупация мақсаттары ретінде
Жапонияның АҚШ-қа және әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп
төндірмеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ, өзге мемлекеттердің құқықтарын
құрметтейтін және БҰҰ-ның жарғысының идеалдары мен қағидаларында көрініс
тапқан американдық мақсаттарды қолдайтын бейбіт және жауапты үкімет құру
белгіленді [5].
Құжаттағы көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін американдық үкімет
әр алуан ішкі экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырды. Солардың
бірі - Жапонияның соғыстан кейінгі тағдырын анықтаған жаңа Ата заңының
қабылдануы. Ата заңға 1946 жылы қазанда қол қойылып, өз күшіне екі
палатаның бекітуімен 1947 жылы 3 мамырда енді. Осы құжаттың мазмұнын
дайындауда Жапонияда оккупациялық саясатты жүзеге асырған Трумэн әкімшілігі
шешуші рөл атқарды. Сол себепті оның мазмұнында көрініс тапқан өзгертулер
ең алдымен, американ мүдделерін қамтамасыз еткен болатын. Атап көрсетерлік
осындай маңызды өзгертулердің бірі - Жапония Ата Заңының 9-бабына сәйкес
Жапонияның халықаралық дауларды шешудің жолы ретінде соғыстан бас тартуы
және өзінің қарулы күштерінің болуына тыйым салынуы [6].
Жапониядағы АҚШ-тың ықпалына бағынышты мемлекетке айналдыру мақсатында
генерал Макартурдың бастауымен ел ішінде жер реформасы, жаңа Додж линиясы
бойынша экономикалық көрсету сияқты шаралар да жүргізіле бастады. Сонымен
қатар, милитаристік идеялар мен кеңестік ойларды ұстанған қозғалыстардан да
саяси тазалау жүргізіле бастады. Осы саясаты арқылы Трумэн әкімшілігі
оккупацияның бірінші кезеңінде Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ықпал ету
аймағын кеңейту мақсатында Жапониядағы рөлін күшейтуге әркеттенді. Генерал
Макартурмен жүзеге асқан оккупацияның екінші кезеңі Жапониядағы АҚШ-тың
белсенділігімен сипатталды. АҚШ үшін кешегі соғыстағы қарсыластың кейінгі
жылдарда одақтасына айналдыру қажеттілігі туындады. Трумэн әкімшілігі
Жапонияның қайта әскери күш-қуатын қалпына келтіру мақсатында экономикалық
көмек көрсетіп қана қоймай, Жапониядағы АҚШ-тың әскери қатысуын қамтамасыз
ететін және екі тараптың әскери-саяси одағын қалыптастыратын құқықтық
негізді орнату қажеттілігін ұғынды [7]. Гарри Трумэн әкімшілігі АҚШ пен
Жапонияның әскери-саяси қарым-қатынастарының құқықтық негізін
қалыптастыруға бағытталған дайындыққа қызу кірісті. Осы әкімшілік тұсындағы
екі мемлекеттің әскери-саяси одағының қалыптасуын айқындаған келесідей
маңызды құжаттар қабылданды:
- 1951 жылы 4 қыркүйекте Сан-Францискодағы Жапонияға қатысты бейбіт
келісім-шартқа қол қойылды;
- 1951 жылы 8 қыркүйекте АҚШ пен Жапонияның арасындағы қауіпсіздік
кепілдігі туралы келісім-шартқа қол қойылды;
- 1951 жылы қауіпсіздік келісім-шартының үшінші бабына сәйкес
қабылданған 1952 жылы 28 ақпанда жапондық территорияда американдық қарулы
күштердің орналасуы шарттары туралы әкімшілік келісім қабылданды.
1951 жылы 4 қыркүйекте қабылданған Сан-Францискодағы Жапонияға
қатысты бейбіт келісім-шартқа келісу туралы ресми мәлімдеме АҚШ-тың
мемлекеттік хатшысы Д. Ачесонның ағылшын сыртқы істер министрі қызметін
атқарған Э. Бэвинмен кездесуден кейін 1949 жылдың күзінде жасалынды. Олар
біріккен мәлімдемеде АҚШ пен Англия қысқа мерзімде Жапониямен бейбіт
келісім-шартты дайындауға кірісу қажеттілігі туралы ортақ пікірге тоқтады.
Жапониямен жасалынатын келісім-шарт туралы мәселе Трумэн мен Макартурдың
Уэйк аралындағы 1950 жылдың қазанындағы кездесудегі келіссөздердің кезінде
де талқыланды. Бұл сұхбатта бейбіт келісім-шарттың жалпы ережелері
анықталды. КСРО мен Қытай осы шартқа қол қоюға қатысуға бас тартуы
мүмкіндігіне қарамастан конференция міндетті түрде өтуі тиіс деп шешілді.
Қандай да жағдайда болмасын американдық әскерлерді Жапонияның
территориясында тағы да бірнеше жылға қалдыру шешілді [8].
1951 жылы 4 қыркүйекте Сан-Францискода Жапонияға қатысты бейбіт
келісім-шарттың шарттарын қарастыру мақсатында 52 мемлекеттің өкілдері бас
қосты. Конференцияға ҚХР, Моңғол Халық Республикасы, КХДР және Қиыршығыстық
Республика шақырылмады. Үндістан және Бирма қатысудан бас тартты.
Конференция барысында Жапонияның тағдырын анықтаған бейбіт келісім-шартқа
1951 жылы 8 қыркүйекте КСРО, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екіжақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа негізделген АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі
АҚШ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
Рузвельт үкіметінің сыртқы саясаты
АҚШ Ұлы депрессия жылдарында
Бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысын шығару
Америка дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу проблемасы
Америка мен Жапонияның тарихы
Кеннеди саясатының қорытындылары
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі халықарарлық қатынас
Пәндер