Туризм - экономиканы дамытудағы басты жол



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Туризм - экономиканы дамытудағы басты жол

Бүгінгі күні Қазақстанда экономиканың табысты саласы ретінде, туризмге
көбірек көңіл бөлінуде. Мемлекет тарапынан осы саланы дамыту үшін қажетті
деген барлық іс-шаралар жүргізілуде.Қазақстан Республикасының индустриялық-
инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясы
және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты 2005 жылғы
18 ақпанындағы Жолдауы туризм саласының белсенді дамуына жаңа серпін берді.
Қазақстан республикасы Президентінің халыққа жолдауында экономиканың
басым секторларын кластерлік дамыту мәселесінде туризм саласы бірінші тұр.
Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда
Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік
агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік
кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады.

Жеке сала ретінде, туризмнің дамуы басқа да ТМД елдерінде сияқты
Қазақстанда жақында басталды. Туристік қызметтік жеткіліксіз дамуы, қызмет
етіп жатқан туристік фирмалардың біркелкі орналаспауы, осы саладағы
пайдаланылмай жатқан реурстардың болуы және бұл мәселелердің қажетті
деңгейде зерттелмеуі туризмнің қаршынды түрде дамымауына әкеліп отыр
Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің
кайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де бұл экономика
секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында көптеген
туризм түрлерін және туристік қызметтің формаларын дамыту үшін ресурстары
мен мүмкіншіліктері жетерлік.
Қазақстан Республикасында туристік индустрияның дамуы халықтың әл-
ахуалының деңгейінің артуының нәтижесі болып табылады және қоғам өміріне өз
ықпалын тигізеді (сурет 1).

Сурет 1 - Туризмнің экономикадағы ролі

Өкінішке орай, Қазақстан және дамыған еуропа нарығында да туризмде
көрсетілген қызметтің сапасына көп көңіл бөлінбейді. Туризм саласында
кәсіпкерлер өз тәжірибелеріне және жұмыс өтіліне сүйене отырып, іс әрекет
жасайды. [2]
Көптеген туристік кәсіпорындар осы саладағы түбегейлі ғылыми
зерттеулерсіз және сапалы іс-шараларсыз пайдаларын жоғарылатуға
мүмкіндіктері болмай, клиенттері мен қызмет өндірісінің көлемін кеңейте
алмады.
Туризм саласындағы жоғары деңгейдегі сұраныстың пайда болуы осы
саладағы ғылыми зерттеулер мен басқа да іс-шараларды жоспарлауға көп көңіл
бөлу керектігін негіздеді.
Туризм индустриясы көптеген шағын және орта кәсіпорындармен
сипатталады. Олардың қазіргі кезде кажетті зерттеу құралдары, ноу-хау,
немесе тәжірибелі жұмыстарды атқаруға жұмысшыларды жалдайтын қаражаты жоқ.
Олар тек қана жарнама жүргізуді, өткізуді және нарықты зерттеу мен өнімді
жетілдіру әрекеттерін жасайды. Бұл қызмет көрсетудің көптеген салаларында
колданылады. Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының көбеюі
туристік ұйымдардың көпшілігі үшін маркетингті қолдануына алып келеді, яғни
бәсекелік күресте жетістікті қамтамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне
бейімделуі үшін стратегиялык маркетингтік жоспар құрады.
Туризм саласының дамуы мен туристік қызметтерді зерттеуші экономист-
ғалымдардың пікірлерін жалпылай келе, біздің көзқарасымыз бойынша:
Туризмді дұрыс ұйымдастыру - нарықтағы кәсіпорынның мінез-құлқының
тұжырымдамасы, стратегиясы және тактикасы. Туризмді дұрыс ұйымдастырудың
мақсаты - сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының
негізінде оның өсуі мен мол пайда табу мақсатына жетуін көздейді - деп
тұжырымдауға болады.
Туризмді ұйымдастырудағы шет елдік тәжірибеге талдау жасай отырып,
ұйымдастырудың екі үлгісін бөліп қарастырар болсақ , яғни, туризмді
ұйымдастырудың еуропалық және азиялық үлгілері олардың өзіндік нарықтық
тактикасы ерекшеленеді.
Туризмді ұйымдастырудың еуропалық үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен
танымал Италия, Испания және Франция елдерінде қолданылады. Бұл елдердегі
туризмді дамыту мәселелері көп салалы министрлік деңгейінде шешіледі.
Туристік саламен айналысатын министрліктің бөлімі мемлекеттік реттеу
бойынша мынадай іс-шаралар жүргізеді: нормативтік-құқықтық негізін
дайындайды, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен
айналысады, статистикалық мәліметтерді өңдейді, аймақтардың осы бағыттағы
қызметтерін реттейді, осы салаға қатысты көрмелер ұйымдастырады және шет
елдердегі туристік өкілдіктерді басқарады.
Дамыған еуропалық елдердегі мемлекеттік туристік әкімшілік жергілікті
басқару орындарымен және жеке бизнеспен бірлесе отырып тірлік жасайды. Ал,
бұл өз кезегінде туризмді дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың
міндеттерін шешуде жеке қаржылық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Бұл
саясаттың нәтижесі ретінде туристік қызметтерді реттеудегі аралас
(мемлекеттік-жеке) меншікті институттарды алуға болады.
Туризмді басқарудың мұндай жүйесінің арқасында, аталған елдер жоғары
индустриялы туризмі бар әлемдік туристік орталықтарға айналып отыр. Бұл
елдердегі туризмнен келетін кірістер бюджеттің маңызды баптарына кіреді.
[3]
Туризм дамуының бастапқы кезеңінде мемлекеттік басқару органдарының
маңызы үлкен. Оның себебі, алғашқы кезеңде туристік саланың инфрақұрылымын
жасау үшін қуатты қаржылық салымдар қажет болады. Мұндай қаржылық көмекті
тек мемлекет бере алады. Мемлекетке кірістер әкеле бастайтын жоғары дамыған
және бәсекелестік мүмкіншілігі үлкен туризм саласы қалыптасқаннан кейін,
мемлекеттік органдар негізінен туризм дамуын реттеуші қызметіне ауысады.
Туристік индустрияны ұйымдастырудың азиялық үлгісі Түркия, Египет,
Тунис, Марокко және Қытай елдерінде таралған (кесте 1). Бұл үлгідегі
елдерде туристік саланы ұйымдастыру мен басқару беделді әрі күшті
министрлікке жүктелген. Бұл елдерде туризм экономиканың басым бағыттарының
бірі болып саналады. Мемлекеттің көмегінің нәтижесінде аталған елдерде
туризм мен курорттар жоғары ырғақпен дамуда.

Туризмді Ұйымдастыру Реттелу Қаржылану жағдайы
ұйымдастырудың үлгілері таралған ерекшеліктері
үлгілері елдер
Еуропалық Италия, Испания, Мемлекеттік Мемлекеттік
Франция және т.б. рет-теу қар-жылар, жеке
институттары, жекеқар-жылар
реттеу
инс-титуттары
Азиялық Түркия, Египет, Басым түрде Мемлекеттік
Тунис, Марокко, мем-лекеттік қар-жылар, жеке
Қытай және т.б. реттеу қар-жылар
институттары
Қазақстандық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан облысында ішкі туризмнің бағыттары
Аймақтық туризм экономикасы
Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
Экономиканы кластерлік жүйемен дамытудың теория-әдістемелік негіздері
Туризм инфрақұрылымын дамыту бағыттары
Экономиканы басқарудың жаңа бағыты – кластерлік жүйенің бәсекелік ортаны дамытудағы теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу
Инвестициялық тартымдылық
Туристік саланың инвестициялық - инновациялық қызметін дамыту
ЕXPO-2017 халықаралық көрмесі
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге туризмнің әсері
Пәндер