Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктелуі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... 5-11
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні және
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... 5-9
1.2 16 (ХҚЕС) Негізгі құралдар, оның мақсаты мен қолдану аясы ... ... ...9-
11
2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ БАСТАПҚЫ ТАНУ ЖӘНЕ
БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-26
2.1 Негізгі құралдарды бастапқы
тану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-14
2.2 Негізгі құралдардың
бағалануы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14-
17
2.3 Негізгі құралдардың кәсіпорынға кірістелуінің құжатталуы
және
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 28
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорынның қалыпты өндірістік-
шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Негізгі
құралдар - өнім өндіру, қызмет көрсету және жұмыс орындау кезінде еңбек
құралдары ретінде қолданылатын мүліктердің бөлігі. Әрбір өндіріс бойынша
олардың саны еңбек құралдарын тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастырудың
және басқарудың прогрессивті нысандарын есепке алумен, олардың жоспарлық
тапсырмаларымен анықталады. Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдардың
құрамы өзгереді: олар кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі,
пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын
ішіне өтеді, ескіру немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде
шығарылып тасталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру. Барлық аталған
өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы
жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі
құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды мезгейді. Осыдан қолда бар
негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуына қатаң есеп пен
бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.
Бухгалтерлік есеп стандарты Негізгі құралдар есебі бойынша -
негізгі құралдардың мақсаты субьектілерге жататын негізгі құралдар есебінің
методикасын, меншіктік құқығын анықтау, шаруашылық операциясын
анықтау, шаруашылықты жүргізу немесе оперативті басқару 16 Негізгі
құралдыр бухгалтерлік есеп стандартына және оған әдістемелік
ұсыныстарға сәйкес негізгі құралдарға кейінгі күрделі қаржы жұмсау
пайдалы қызмет ету мерзімі барысында бағаланған, қолданудан түскен
болашақ экономикалық тиімділікті ұлғайтқан жағдайда бастапқы құнды
арттырады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Негізгі құралдардың әлеуметтік-
экономикалық маңызы, ең алдымен , еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің
дамуындағы үлесімен анықталады. Еңбек құралдары, олардың материалдық
құрамы көп жағдайда кез-келген қоғамның материалды-техникалық сипатын
анықтайды. Экономикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай
еңбек құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К.Маркс Еңбек құралдары
тек қана адамдық жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол –
еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші, – деп жазған.
Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Қазақстан – 2030
жолдауы. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-
ауқатының артуы. Жолдауында былай делінген: біздің еліміздің мұраты
ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән, әрі күллі халқының
экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты
Қазақстанды сыйлау деп санаймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі,
қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуын өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды
сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл
сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс.
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру ғылыми-
техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды
тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған
әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық
салаларының тиімділігін жақсарту қажет.
Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономиалық
стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше ролді
кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы
ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың
болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды
жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Ұйымда негізгі құралдардың құрылымын,
өзгерісін және жағдайын, олардың есебін білуге ерекше көңіл бөлінеді.
Себебі, бұлар қоғамның ұзақ мерзімді активінің үлес салмағының көп бөлігін
алады. Негізгі құралдарды жаңартып, толықтырып ескіргендігін және
шаруашылыққа қажет емес пайдаланылмай тұрғандарын дер кезінде шығысқа
шығарып отырудың маңызы өте зор. Негізгі құралдарды кіріске алу және
шығысқа шығару операцияларының талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы олардың
қозғалысына бақылау жасауға мүмкіндік беру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін қойылатын міндеттер:
1) Негізгі құралдардың экономикалық мәнін ашу;
2) Негізгі құралдарды жіктеп бағалау;
3) Негізгі құралдардың кәсіпорынға кірістелуінің құжатталуы және
есебін қарастыру.
Зерттеу пәні – негізгі құралдарды бастапқы тану және бағалау.
Тақырыптың ақпараттық көзі: отандық және шетелдік авторлардың
монографиялық және периодикалық әдебиетімен қатар білікті негізгі құралдар
аммортизациясы мәселесіне қатысты қабылданған қазақстандық заңдар мен
заңнамалық актілер құрайды.
Зерттеудің теориялық әдістемелік негізі – отандық, шетелдік
экономистердің еңбектері. Жұмыста тақырыпқа байланысты экономикалық
оқулықтар, журналдар, нормативтік-құқықтық құжаттар қолданылады.
Курстық жұмыстың құрылымы және көлемі: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың
көлемі 25 бетті құрайды және 2 кестені қамтиды. Бөлімдердің атауы, құрылымы
және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес
келеді.
1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктелуі
Ұйымның қалыпты өндірістік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін
негізгі құралдар қажет. Олардың саны әр өндіріс бойынша жоспарлы
тапсырмаларға сәйкес өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың озық прогрессивті
түрлерін, еңбек құралдарын тиімді пайдалануды ескере отырып белгіленеді.
Бірнеше жыл бойы мекеменің өндірістік—шаруашылық ісіне қызмет көрсетуші
еңбек құралдары мен басқа мүліктің құны негізгі құралдар деген
экономикалық түсінікті құрайды.
16 Негізгі құралдар IAS Халықаралық қаржы есептілігінің
стандартына сәйкес негізгі құралдар – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді
өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге,
немесе әкімшілік мақсаттарға арналған және бір кезеңнен астам (бір жылдан
астам – Ж.Т.) уақыттың ішінде пайдалану көзделетін материалдық активтерді
білдіреді.[1, 295 бет]
Негізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және
реттеуіш аспаптары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың
бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік
және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық
көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы тағы да басқаларын жатқызамыз. Көлемінің
үлкен-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне (арзанды-қымбаттылығына)
қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі
құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына
ұйымның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар
мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды
(құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып, салынып біткен
бірақ әлі пайдаланылуға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар сондай-ақ
құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша
шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен
тетіктер , сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды. [2, 202-
203 бет]
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есептегі мәнін ашып қарау үшін олардың
бағалануын, пайдалану және шығындарын зерттеу керек. Жалпы алғанда барлық
негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және
өндірістік емес болып екіге үлкен топқа бөлінеді. Негізгі құралдарды халық
шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен
шығарылған өнімдердің немесе орындалған жұмыстар мен қызметтердің
шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады. Егер ұйымдағы негізгі
құралдардың барлығы тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана
қызмет жасайтын болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы
түгелімен сол ұйымның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады. Негізгі
құралдардың бүгінгі таңдағы болсын бұрынғы болсын шаруашылықта алатын орны
ерекше. Қай салада да болмасын қолданыстарында негізгі құралдар болады.
Сондықтан да олардың пайдаланылуын және де оларға амортизация есептеуде
бухгалтерлік мамандарға қойылатын талаптар жоғарылауда.
Негізгі құралдар есебі 2-ҰҚЕС мен қаржылық есептіліктің 16 - Негізгі
құралдар халықаралық стандарттарына сәйкес іске асырылады. Негізгі
құралдардың жіктелу сызбасы төменде берілген:
1 – сызба Негізігі құралдардың жіктелу сызбасы
Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын іс–қызмет аясына байланысты, сонымен
қатар ҚР Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығымен
бекітілген Бухгалтерлік есептің үлгілі шоттар жоспарына сәйкес негізгі
құрамдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс –
қызмет аясына байланысты жіктеледі:
1. Жер – субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы.
2. Үйлер – еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік – мәдени қызмет
көрсету және материалдық қорларды сақтауға жағдай жасау үшін
белгіленген архитектуралық – құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй
түгендеу объектісі болып саналады.
3. Ғимараттар – еңбекке керек – жарақтардың емес (зат скважиналар,
көпірлер және т.б.) өзгеруіне байланысты емес міндетті іс – қызмет
аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инженерлік – құрылыстық объектілер.
4. Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер ол басқа мүліктік
объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал – аспаптармен,
қоршаулармен, тірек – тұғырымен мүліктік объект болып табылады.
Негізгі құралдардың бұл тобы 5 топшадан тұрады:
• Күш қуатты машиналар мен жабдықтар – жылу және электр қуатын
өндіретін машина – генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық,
яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын машина – двигательдер
(тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, трубиналар,
электр двигательдері және т.б.);
• Жұмыс машиналары мен жабдықтары – еңбек өнімін жасау процесінде
керек – жараққа механикалық, термиялық және химиялық әсер ету үшін
арналған машиналар, аппараттар мен жабдықтар (токарлық – винт,
бұранда жасайтын станоктар, ағаш тілетін рамалар, насостар,
электромоторлар, экскаваторлар, грейдерлер (жол құрылысына
пайдаланылатын машиналар және т.б.);
• Өлшеуіш және реттегіш құрал – аспаптар (приборлар, құрылғылар мен
керек – жарақтар, лабороториялық жабдықтар) - өндірістік процестерді
өлшеу, реттеу үшін құрал – аспаптар, құрылғылар мен керек – жарақтар
(дозаторлар, амперметрлар, микроскоптар, су өлшеуіштер және
басқалары);
• Есептегіш техника – процестерді түзету мен автоматтандыруға арналған
машиналар, құрылғы, керек – жарақтар, құрал – аспаптар (компьютерлер
мен басқа есептегіш техника);
• Басқа да машиналар мен жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа
жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдықтары, өрт
сөндіру машиналары).
5. Табыстау қондырғылары – электр, механикалық және жылу энергиясы
(электр беру желісі, тұрба құбыры) қондырғылары.
6. Көлік құралдары – адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су,
әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.
7. Басқа да негізгі құралдар:
• Аспап– металл, ағаш және т.б. өңдеуге арналған, машинаға бекітілген
керек–жарақтар (кескіш, соққыгер, езуші, тығыздап нығайтылған–электр
қол бұрғылар немесе оларды қол еңбегінің механикаландырылған және
механикаландырылмаған түрлері деп те атайды, бояу сыр пульттары,
вибраторлар, қысқыштар):
• Өндіріс мүлік пен олардың керек–жарақтары - өндірістік операцияларды
орындау немесе жеңілдету үшін қызмет етуге арналған заттар – жұмыс
үстелдері, шкафтар, верстактар (ағаш ұсталарының ағаш шабатын,
кесетінұзынша үстелі);
• Шаруашылық мүлкі – кеңселік және шаруашылық мүлік (үстелдер, шкафтар,
кілемдер және т.б.);
• Жұмыс малы және өсімтал мал. Жұмыс малы – аттар, өгіз, түйе және тағы
басқа жұмыс малы. Өсімтал мал – ірі қара мал, тұқымдық айғырлар және
тұқымдық бие; тұқымдық нар мен аруана, бұғы, марал, ұрғашылары мен
еркектері, қабан шошқа, ешкі, саулық және қошқар. Мүліктік объект -
әрбір үлкен мал.
• Көпжылдық көшет егістері – қолдан егілген, жасына қарамайтын көпжылдық
егістер (жеміс – жидек беретін, жүзімдік, көпжылдық егістері, роза
плантациясы, бұтадан (өсімдіктен) жасалған қоршау, қаша, танапты
қорғайтын егістер). Жас қасиеттер әбден толысқан (жеміс беру басы,
ағаштың ұшар басының түйісуі);
• Жерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі шығындар – ауыл
шаруашылығына пайдаланатын жердің бетін көркейту жөніндегі мүліктік
сипаттағы шығындар (жер учаскесін жоспарлап, жүйелеу, алаңды егіндікке
арнап тамырмен жұлу, жерді тастан тазарту);
• Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорттық мүлік, мұражай
құндылықтары.
8. Бітпеген құрылыс.[13]
Халық шаруашылығының алдына қойған міндеттерін табысты шешуде оның
басты буындары – экономиканың нақты секторындағы ұйымдарды басқаруды
жетілдірудің маңызы зор. Негізгі құралдар ұлттық байлықтың бір бөлігі,
еліміздің экономикасын дамытудың материалды техникалық базасы болып
табылады. Сондықтан да, өндіріс тиімділігін әрі қарай арттыру негізгі
құралдарды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Қоғамдық өндірістің
тиімділігі едәуір дәрежеде негізгі құралдардың ұтымды пайдаланылуына
байланысты.
Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында ұйым қызметінің қаржылық
мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі
бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде
халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі
ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму
кезеңінде, оның шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңінде
маңызды болып саналады.
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық
саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем
жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын
демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға
көшірді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің
басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика
ілімінде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік
қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей
байланысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өту
барысында нарықтық қатынас заңдарына сәйкес өнімді өндіруге кеткен
шығындарды анықтау өте маңызды орын алады. Себебі, қандай болмасын
өнеркәсіп өзі шығарған өнімдерінің өзіндік құнын анықтап, яғни кеткен
шығындарын біле отырып, оны нарыққа шығаруға тырысады. Ол өнімнің сапалы
және бағасы жағынан арзан, яғни сұранысқа деген талабына сай келетіндей
қылып жасауға ұмтылады. Сондықтан мұндағы шығындардың есебін жүргізудегі
негізгі көрсеткіштердің бірі бұл – негізгі құралдардың амортизациясы және
де ол бүгінгі таңда бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде басты
орындардың бірін алып отыр.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі ретінде қаралатын ең
негізгі көрсеткіштердің біріне жатқызылады. Сондықтан да бухгалтерлік
есептегі оның мәні мен ерекшелігі өте зор.
1.2 № 16 (ХҚЕС) Негізгі құралдар, оның мақсаты мен қолдану аясы
Есеп саясатының бұл бөлімінде шаруашылық субъектісін материалдық
активтерді негізгі құралдарға апаруға критерийлерін анықтап алу керек.
Негізгі құралдардың есебі бухгалтерлік есептің маңызды да күрделі
бөлімдерінің бірі болып табылады және ол халықаралық қаржылық есептіліктің
16 Негізгі құралдар стандартымен реттеледі. 16 ХҚЕС қолданылатын
келесідей негізгі құралдар өндірістік қызметте қолданылса да 16 ХҚЕС
бойынша есебі жүргізілмейді: орманды жерлер және басқа табиғатты
пайдалануды қалпына келтіруші басқа да объектілері, минералды қазбалар мен
басқа да осыған ұқсас орны толтырылмайтын табиғи ресурстар, оларды іздеу
және өндіру (16 ХҚЕС 2.б).
16 Негізгі құралдар ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдарға, бір мерзімнен
артық уақыт ішінде компания өндіріс немесе тауарлармен қызметтерді жеткізу
үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта
қолданатын активтер жатады. Ол үшін активтерді негізгі құрал ретінде
бухгалтердің тануы жеткіліксіз.
Негізгі құрал тану дегеніміз, оларды бухгалтерлік баланс қосу үшін
есепке қабылдауды білдіреді. Негізгі құралдардың объект актив ретінде тану
бір мезгілде екі шартты орындауды білдіреді [№16 ХҚЕС 7- бет].
Негізгі құралдар – материалдық активтер олар:
А) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды;
Ә) компания немесе тауарлы – материалдық қорларды жабдықтау және
қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік
мақсаттар үшін қолданылатын.
Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі
белгіленеді, бұл:
А) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;
Ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны.
Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу
болжанатын кезең.
Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда
алады деп сендіруге болатын болса:
А) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп
сендіруге болатын болса;
Ә) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.
Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам)
материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы
ретінде іс - әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
2-ҰҚЕС-ның 16 - Негізгі құралдар бөлімінде негізгі құралдарға
келесідей анықтама беріледі:
Негізгі құралдар – бұл:
1) өндірісте қолдануға немесе әкімшілік мақсаттар үшін немесе басқа
тұлғаларға жалға өткізу үшін тауарларды және қызмет көрсетулерді
жеткізуге арналған;
2) күтілетіндей, бір жылдан артық қолданылатын материалдық активтер.
Ұсынылған анықтамалардан үш негізгі белгі айырықшаланады:
1) материалдық нысанының болуы;
2) кәсіпорынның қалыпты қызмет процесінде мақсатты сипатының қолданылуы
(сату үшін арналмаған);
3) қолданылуының ұзақ мерзімі (кем дегенде бір айналымнан артық).
2-ҰҚЕС - ның 1 - параграфы 3 – тармағы 1 – тармақшасына сәйкес актив –
бұл өткен оқиғалар нәтижесінде болашақ пайда алу күтілетін ұйымдармен
немесе жеке кәсіпкерлермен бақыланатын ресурс.
Осылайша, ұлттық стандарттар принциптеріне сәйкес кәсіпорын
активтермен байланысты болашақ экономикалық пайда алатынын жоғары
деңгейдегі ықтималдылығын бекітуге болатын жағдайда негізгі құралдардың
объектісі актив ретінде танылады.
Халықаралық стандарттарға ұқсастық бойынша, болашақ экономикалық пайда
алу ұйымның:
1) активке байланысты игілік алатынына;
2) өз мойнына сәйкесінше тәуекелдерді алатынына қатысты анықтылығын
білдіреді.
Егер актив экономикалық пайда әкелмейтін болса, онда оны сатып алуға
кеткен шығындар есепті кезең шығыстарына есептен шығарылады.
Халықаралық стандарттарда және 2-ҰҚЕС–да активті қолданудан болашақ
экономикалық пайда алу міндеттеленеді, сондықтан 6 Негізгі құралдар ҚБЕС
бойынша негізгі құралдар объектілерін тану принциптері бойынша негізгі
айырмашылық болып осы жағдай табылады.
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға
бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 Негізгі құралдар есебі БЕС
мен 16 Негізгі құралдар ҚЕБХС – на сәйкес негізгі құралдар мыналар
бойынша бағаланады:
• Бастапқы құн немесе өзіндік құнмен – активті немесе ғимаратты алуға
сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген
ақшалай қаражаттың немесе оның баламасының сомасы;
• Ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға
бойынша негізгі қаражаттық құны;
• Өткізу құнымен (әділ бағаның) – мәмілеге дайын және жақсы хабардар
тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті
ауыстыруға болатын сома;
• Жойылу құны – шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында
субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған
қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;
• Амортизациялық құнмен – жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның
орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;
• Баланстық құнмен – жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған
залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын
сома. Баға түсуден болатын залал – активтің баланстық құны оның орнын
толтыратын құннан артқан сома.
Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық
жүргізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес.
Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың 2- ҰҚЕС-ның 16
- Негізгі құралдар бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей
бастапқы құнын арттырады және қатар бір мезгілде 5320 Негізгі құралдарды
қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал 54 бөлікшенің
баланстық шоты бойынша көрсетілді.
Осы қатынас хатқа сәйкес, жазу мерзімі аса көп емес, сондай – ақ
едәуір тозу дәрежесі бар негізгі құрал объектілерінің бастапқы индекстерін
белгілегенде негізгі құралдардың қызмет ету мерзіміне байланысты индексті
көшендету әдістемесі қолданылады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша
тозу дәрежесі бар негізгі құрылғылардың құнын ұлғайтушы алынған бастапқы
индекстері 1 графасынан 30% - кем, 31-50% тозу дәрежесі 2 графадан, 51-
ден 64% - іне дейінгі тозу дәрежесі 3 графадан, 65- тен 79% - ке дейінгі
тозу дәрежесі – 4 графадан, 80- нен жоғары тозу дәрежесі 5 графадан.
2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ БАСТАПҚЫ ТАНУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1 Негізгі құралдарды бастапқы тану
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив
ретінде танылуға (есепке алынуға) тиісті:
а) егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда
алатындығына аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса; және
ә) егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік (бастапқы) құнын сенімді түрде
бағалау мүмкін болса.
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп
топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастыру экономиканың барлық салаларында
бірыңғай болғаны жөн.
Экономикалық пайда алу үшін негізгі құралдар объектісі келесідей
операциялар жүргізу барасында пайдаланылады:
• ұйым сататын тауарларды өндіруде және қызмет көрсетуде;
• сатылады немесе басқа активке айырбасталады;
• міндеттемелер бойынша есеп айырысу кезінде қолданылады;
• ұйымның меншік иелері арасында бөлінеді.
Активтердің құнын сенімді бағалау дегеніміз - активті сатып алуға
жұмсалған шығындарды сенімді бағалау болып табылады. Қажет болған
жағдайда активтің өзіндік құнын сенімді бағалау үшін тәуелсіз сарапшылар
тартылуы мүмкін. Негізгі құралдар есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі
ұстамы болып олардың есепте алғашқы мойындалуы болып саналады. Болашақ
экономикалық пайда алу үшін негізгі құралдар:
Негізгі құралдарды алғашқы таныған кезде ұйым мынадай сәттерге көңіл
аударғаны жөн:
1) Қосалқы бөлшектер мен жөндеу жабдықтары әдетте қорлар ретінде
танылады. Алайда негізгі қосалқы бөлшектер мен резервтік жабдықтар, егер
ұйым оларды бір кезеңнен артық пайдалануды жоспарласа, негізгі құралдар деп
танылуы тиіс. Сондай-ақ егер қосалқы бөлшектер немесе қосымша жабдық
белгілі бір объектімен ғана пайдаланылса және оларды пайдалану тұрақты
болмайды деп күтілсе, олар тиісті активтерді пайдалы қолдану мерзімінен
аспайтын уақыт кезеңінің ішінде олардың пайдалануға дайын сәтінен бастап
негізгі құралдар деп танылуы және амортизациялануы тиіс.
2) Тікелей болашақ экономикалық пайдаларды жоғарлатпайтын, бірақ
ұйымның оларға жатқызылған басқа да активтерді пайдалануынан болашақ
экономикалық алуын қамтамасыз ету үшін қажетті шарт болып табылатын
қауіпсіздік мақсаттары және қоршаған ортаны қорғау үшін сатып алынған
объектілер негізгі ретінде танылады.
Актив ретінде тануға жататын негізгі құралдар сатып алу бойынша
жұмсалынған нақты шығындар құны (өзіндік құны) бойынша өлшенеді.
Негізгі құралдың өзіндік құнына сауда жеңілдіктерін шегере отырып,
сатып алуға арналған импорттық баждар мен өтелмейтін салықтарды қоса
алғанда активтің сатып алу бағасы, мақсатына сай пайдалану үшін активті
жұмыс жағдайына келтіру жөніндегі тікелей шығындар, сондай-ақ активтерді
демонтаждауға және істен шығаруға арналған бағалау шығындары қосылады.
Негізгі құралдардың өзіндік құнына төмендегі шығындар енгізіледі:
- негізгі құралдардың құрылысына және оларды сатып алуға тікелей
байланысты қызметкерлердің еңбек ақысына арналған шығындар,
- құрылыс учаскесін дайындауға арналған шығындар;
- тиеу-түсіру жұмастары мен бастапқы жеткізу шығындары;
- орнатуға және монтаждау жұмыстарына арналған шығындар;
- негізгі құралдарды алғашқы іске қосуға байланысты шығындар;
- қызметкерлерге сыйақылар;
- негізгі құралдардың құрылысына байланысты жер учаскесін қалпына
келтіру бойынша шығындар.
Негізгі құралдар басқа активке айырбастауға сатып алынғанда алынған
объектінің іс жүзіндегі құны төленген ақша қаражатының немесе олардың
баламасының сомасына түзетілген берілген активтің әділ құнына тең келетін
оның әділ құнына тең қабылданады. Жаңа активтің анықталған әділ құнының
және оған айырбасқа берілген активтің баланстық құны арасындағы айырмашылық
айырбас операциясынан пайда немесе шығын туындатады.
Егер айырбас жөніндегі операция коммерциялық негізге негізделмесе
немесе алынған активтің де, берілген активтің де әділ құны сенімді
бағаланбаса, сатып алынған негізгі құралдардың құны берілген активтің
баланстық құны бойынша бағаланады. Алайда алынған активтердің әділ құны
берілген активтердің құнсызданғандығы туралы куәландырады. Бұл жағдайда
берілген активтің құнын ішінара есептен шығару жүргізіледі және бұл есептен
шығарылған құн жаңа активке жатқызылады.
Актив ретінде танылған негізгі құралдарға жатқызылған оның пайдалы
қызметінің мерзімін ұзарту немесе болашақ экономикалық пайданы арттыруға
әкелетін бастапқы есептелген нормативттік көрсеткіштерден тыс өнімділікті
арттыру үшін осы объектінің ахуалын жақсартуға бағытталған келесі шығындар
олардың баланстық құнын арттырады. Мысалы, оның қуаттылығын арттыруды, өнім
сапасын елеулі жақсартуға қол жеткізу үшін машиналардың бөлшектерін
жетілдіруді, бұрын бағаланған операциялық шығындарды елеулі қысқартуға
мүмкіндік беретін жаңа өндірістік процестерді енгізуді қоса алғанда
модификациялау. Барлық өзге де келесі шығындар олар келтірілген есепті
кезеңнің шығыстары деп танылады.
Объектінің техникалық ахуалын сақтау және қолдау мақсатында
жүргізілетін негізгі құралдарды жөндеуге және пайдалануға арналған шығындар
бастапқы құнды арттырмайды, туындаған сәтке ағымдағы шығыстар ретінде
танылады. Дұрыс пайдаланбау нәтижесінде апаттар мен активтің өзге
бүлінуінің салдары болып табылатын негізгі құралдарды жөндеуге және қайта
қалпына келтіруге арналған шығындар шығындарға жатқызылады.
Негізгі құралдардың құрауыштары жекелеген активтер ретінде есептеледі,
өйткені олардың өздері жатқызылған негізгі құралдарға қарағанда өзге
пайдалы қолдану мерзімі бар. Осылайша, негізгі құралдарды тану өлшемдері
қанағаттандырылса, негізгі құралдардың құраушын ауыстыру немесе жаңарту
кезінде тартылған шығындар жекелеген активті сатып алу ретінде ескеріледі,
ал ауыстырылған актив есептен шығарылады.
Бастапқы танылғаннан кейін негізгі құралдар барлық жинақталған
амортизацияны есептен шығарғанда олардың өзіндік құны бойынша ескеріледі.
2.2 Негізгі құралдардың бағалануы
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды
бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды
ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын
анықтап қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. Есепте және есеп
беруде негізгі құралдарды көрсету үшін бағалаудың келесі түрлері
қолданылады: бастапқы құн, дұрыс құн, баланстық құн, ағымдағы құн, орын
толтыру құны, амортизациялық құн.
Бастапқы құн немесе өзіндік құн – активті немесе ғимаратты алуға сол
сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай
қаражаттың немесе оның баламасының сомасы.
Баланстық (қалдық) құн – негізгі құралдардың жинақталған тозу құндарын
шегеріп тастағандағы баланста мойындалған құны.
Дұрыс нарықтық құн (сату құны) – тәуелсіз жақтардың арасында негізгі
құралдардың объектісіне байланысты мәміле жасасу кезінде төленетін ақша
қаражаттарының сомасына тең болады.
Жою құны –ұйымның негізгі құралдарды пайдалану мерзімі аяқталған соң
оларды жоюға байланысты шығындарды шегеріп тастағандағы анықтаған таза
сомасы. Атап өту қажет, активтердің жойылу құны тікелей өлшеу арқылы емес,
шама (балама) көрсеткіштері негізінде есептелетіндіктен, есепті болып
саналады.
Амортизациялық құн – негізгі құралдардың жойылу құнын шегеріп
тастағандағы қаржылық есеп беруде бастапқы құнның орнына көрсетілетін
активтердің бастапқы құнын немесе басқа да бағаларын көрсетеді.
Ағымдағы құн – осы уақытты активтерді сатып алуға жұмсалатын ақша
қаржаттарының немесе олардың баламаларының сомасы.[5]
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны
бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі, оған барлық қажетті
нақты өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу
шығындары соның ішінде:
Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар; (үйлер,
жеңіл автомобильдер бойынша қосылған құн салығы және сатып алу шарты
бойынша мемлекеттік баж)
Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар;
Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін пайыздар;
Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына мыналар кіреді: 1. Шотта көрсе-
тілген сату бағасы; 2. Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық
сыйақы; 3. Сатып алу, сату құжаттарын ресімдеу бойынша заңгердің көрсет-
кен қызметін төлеу; 4. Салықтар мен алымдар; 5. Жерді мақсатты пайда-
лануға әзірлеу жөніндегі шығындар.
Сатып алынған жабдықтардың бастапқы құнына мыналар қосылады:
1. Сатып алу бағасы; 2. Тасымалдау шығындары; 3. Монтаждау;
4. Жабдықтың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында сынақ-
тан өткізу.
Негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау – өткізу
№ 1 нысанындағы актілермен реттеледі.
Әрбір шаруашылықта бекітілген құралдар үздіксіз қозғалыста болады.
Өздерінің құндарын өндірілген өнімге ауыстыруына байланысты, шаруашылық
құралдары негізгі және айналым құралары болып бөлінеді. Ауыл шаруашылығы
өндірісінің дамуына, оның тиімділігін арттыруда негізгі құралдрдың маңызы
зор. Өйткені олар арқылы еңбек бұйымдарын өңдеп, материалдық бұйымдар алуға
болады. Сонымен қатар олар өндіріс процесінде ұзақ мерзім пайдаланылып,
өзінің қалыпты үлгісін сақтай отыра, құнын өндірген өнімнің құнына
біртіндеп тозу мөлшері бойынша апарып отырады. Сонымен стандартқа сәйкес
негізгі құралдар дегеніміз бұл материалдық өндірістік және өндірістік емес
сферада ұзақ уақыт бойы қызмет көрсететін материалдық активтер.
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың бірыңғай типтік жіктелуі
қолданылады. Сол жіктеуге байланысты оларды төмендегідей белгілермен
топтастырылады:[3, 424-426б].
а) өндіріске қатысуына байланысты: өндірістік және өндірістік емес.
Өндірістік негізгі құралдарға жарғылық қызметті іске асыруға байланысты,
яғни өнеркәсіп өндірісі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда т.б. қызмет
түрлерінің құралдары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдарға тұрмыстық
шаруашылық қызметі, денсаулық сақтау, мәдениет тағы басқа қызмет түрлерінің
негізгі құралдары жатады.
б) тиістілігіне қарай негізгі құралдар: меншікті және арендалық болып
екіге бөлінеді. Меншікті бұл кәсіпорынның меншігіндегі және оның балансында
көрсетілетін негізгі құралдар. Жалға алынған бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz