АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . ……… . . . ……3
1 АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ . . . 5-10
1. 1 Ағылшын тілін үйренудегі еркін сөйлеудің маңыздылығы . . . 5
1. 2 Шетел тілі сабақтарында ауызша сөйлеуге үйретудің әдіс-тәсілдері . . . … . . . 10
2 СТУДЕНТТЕРДІ ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ ЕРКІН СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ . . . 23-27
2. 1 Ағылшын тілі сабақтарындағы тілдесу формалары . . . 23
2. 2 Студенттердің сөйлеу дағдысын дамытуда инновациялық технологияларды қолдану жолдары . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . ……… . . . 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . …32
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Тілді тек тілдік бірліктер мен олардың өзара байланысының қатаң құрылымды жүйесі деп түсінуге болмайды, тіл ең алдымен қатысым құралы болып табылады.
Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Сондықтан, еліміздің өркениетін көтеру мақсатында шет тілдерін меңгеру, шет елдермен қарым-қатынас орнатудың маңызы зор екендігін көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз қазақстандықтар үшін, жастар үшін ағылшын тілін үйрену-ғылымды, экономиканы, бизнесті одан әрі дамыту қажеттілігін туындатып отыр. Білім-адамзат қазынасы, халықтың білімділігі-елдің байлығының ең маңызды бөлігі. Тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде білім арқылы ең озық мәдениет пен дүние таным қалыптасады.
Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау қажет ететіндігі айқындалды.
Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін (топик) құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде жеткізе алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады деген пікірді тілге тиек етіп отыр. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. [1, 17 б. ]
Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады:
а) Тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілермен емес, таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу.
ә) Тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағаздардың тілін пайдалану.
б) Тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.
Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі; 1. сөздікпен жұмыс; 2. сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3. байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру жұмыстары.
Зерттеудің мақсаты:
Жалпы білім беретін мектепте міндетті пән болып табылатын ағылшын тілін оқыту барысын ақпараттандыру ағылшынша сөйлейтін, тыңдап түсінетін, жазатын тілдік тұлғаны қалыптастыруға қажетті дағды мен біліктің жаңашалануын қажет етеді. Ол үшін ағылшын тілін жаңа технология негізінде оқытудың әдіс-тәсілдерін, сабақтар жүйесін әзірлеу мен қолданудың технологиялық болымысын жүйелеу. Оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас барысында тілді пайдалана алуы мен тілдік ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. [2, 97б. ]
Зерттеудің міндеттері:
-әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, ауызекі сөйлеуді қалыптастыруға байланысты талдаулар жүргізу;
-студенттердің ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын жаңа технологиялар негізінде меңгерту барысында қалыптастырудың технологиялық ерекшеліктерін анықтау;
-оқушы тілін дамыту әдістемесінің ұтымдылығын эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Жұмыста баяндау, тұжырымдау, талдау-жинақтау, қорыту, талқылау, бақылау, эксперименттік т. б. әдістер қолданылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қортынды бөлімнен тұрады.
1 АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
1. 1 Ағылшын тілін үйренудегі еркін сөйлеудің маңыздылығы
Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында ерте жастан оқыту қолға алынып отыр. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруды жалпы жазба тілімен ауыз екі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс әрекеттерін әңгімелеуге үйрету. [4]
Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей: «Өсіп келе жатқан ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, сонымен қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін көтеруді де ұмытпауға тиіспіз», - деген міндетті белгілейді. Біздің зерттеуіміз бүкілхалықтық талқылаудан өткен, өзектілігі күнбе-күн артып келе жатқан осы құжаттарда қойылған сұраныс бойынша зерттеу жұмысын жүргізуге арналады.
Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауызекі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу - мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс әрекеттерін әңгімелеуге үйрету.
Қазіргі заман сөйлеудің үш түрі - ауызша, жазбаша және электронды түрлерінің дамуын ерекше талап етіп отыр. Сөйлеудің жазбаша, электронды түрі қаншалықты маңызды болса - ауызша сөйлеудің мәні де соншалықты зор. Оқушылардың ауызша сөйлеуге баулу мәселесін нақты әңгіме ететін кезең келді. Бұл - әлеуметтік қажеттілік, заңнамалар талабы, Елбасы тапсырысы. Бұл пікірлер аталған тақырыптың өзектілігін анықтайды. [5]
Ағылшын тілін оқытуда ауызекі сөйлеудің рөлі өте зор. Себебі ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңілкүй қатынасын білдіреді. Сөйлеудің екі түрі бар. Олар: монологтық, диалогтық. Диалог - екі немесе бірнеше адамның сұрақ-жауап ретінде сөйлесіп, тіл қатысуы. Диалогтық сөйлеу алдын ала жоспарланбайды, сөйлесу кезінде пайда болады. Оқушылар жалпы, арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтінін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру барысында және әр оқушы сөйлегенде кемдегенде екі реплика айтуы қажет. Диалогтық сөйлеуді дамытуда дискуссия-сабақ, экскурсия-сабақ, ойын-сабақ, талқылау сабақтарының рөлі зор. Монологты сөйлеуді дамыту сабақтары-шет тіліне оқытудағы негізгі сабақтардың бірі. Монологтық сөйлеу алдынала әзірленуді талап етеді.
Ауызша сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауыз екі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:
1) Ауызша сөйлеудің монологты және диологты формалары оқытудың барлық кезеңдеріндеқатар жүреді;
2) Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады; яғни бұл ауызша сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;
3) қосымша оқыту құралдарының жиі жиі қолданылуы;
4) лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызша сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану. Ауызша сөйле ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогты құрастыра білуге үйрету, түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты.
Ағылшын тілін оқытуда тілдік тіректер арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту басты мақсат болып табылады. Егер оқушыларды ағылшын тілінде тілдік тіректер арқылы монолог түрінде сөйлеуге үйретсе, онда олардың сөйлеу қабілеттері, танымдық қызығушылықтары, мәтін мен жұмыс жасау кезінде шығармашылық дағдылары қалыптасып қана қоймай, олар ағылшын тілінде еркін сөйлеуге машықтанады. Оқушыларды монолог түрінде сөйлеуге үйретуде тілдік тіректердің маңызы зор. Шетел тілдерін оқыту әдістемелерінде «тірек» ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көптеген ғылыми жұмыстарда ол, стимул, әрекет жасауға түрткі ретінде қарастырылады. Мағлұмат түрткі бола алады, ал мұғалімнің міндеті оқушылардың тыңдаған, оқыған, көрген мәліметтерін дұрыс басқара отырып, оларды монолог түрінде сөйлету. Көп жағдайда тілдік тіректер сөз әрекетін ұйымдастырушы болып, олардың белгілі бір бағытта дамуына, оқушылардың сөйлегенде қате жасамауына дәнекер бола алады. Сөйлеудің монолог түрін қолдану үшін, сөйлеушіге белгілі бір мазмұн керек, ол сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуі тиіс, монолог сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек. [6] Тілдік тіректер оқушылардың монолог түрінде сөйлеуіне көмегі зор. Көптеген әдіскерлер тілдік тіректердің cөзден мәтінге дейін, мынадай классификациясын ұсынады:
1. материалды көрсету негізінде; -тілдік-кіші көлемдегі көруге болатын мәтін, жоспар, сызба, мақал-мәтелдер; -бейнелеуші-кинофильм, диафильм, суреттер, кесте, түрлі бейнефильмдер;
2. cөз әрекетін басқару негізінде; -мазмұндық тіректер (кім, не, қайда, қашан, қалай т. б. сұрақтар) ; -мағыналық тіректер (неге, не мақсатпен, не үшін т. б. сұрақтар) .
Тілдік тіректер жалпы дидактикалық және методикалық принциптерді ескеріп төмендегі талаптарға сай құрылуы тиіс:-өтіліп жатқан материалды ескеру қажет; -тіректер түсінікті және көрнекі болуы тиіс; Тілдік тіректер оқу процесін дамытып, оқушылардың монолог түрінде сөйлеу скерліктерін қалыптастырады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үдерісінде қалыптастырудың дидактикалық шарттары: - тілді оқытуда тың ақпараттарды және қазіргі технологияларды қолдану; -тілді оқыту барысында белсенді әдістерді пайдалану; -тілді оқытуда мәтінің мазмұнын жаңа технологияға және әлеуметтік саяси жағдайға сәйкестеп сұрыптау. Кез келген сөйлеу біліктілігін дамыту процесінде екі кезеңді, яғни сөйлеуге дайындық және сөйлеу кезеңін ескеру қажет. [7]
Ауызша сөзді жетілдіру үшін жасалатын жаттығулардың көбі тіл және сөз жаттығулары түрі беріледі және ондай жаттығуларсыз оқушыларды сабақта сөйлету мүмкін емес. Оқушылардың сөйлеген сөзі жатық болу үшін олар тақырыптарға байланысты емес басқа сөздерді де білуі керек. Ондай сөздер қатарына сәлемдесу, әдептілік ишараттарын, өтініш, т. б. ( Good day, May I…, Make up…, ) . Ауызекі сөйлеу үшін оқушының сөздік қорында зат есімдер мен етістіктердің, есімдіктер мен көмекші сөздердің болуының маңызы зор. Сонымен бірге көмекші сөздердің ішінде жоққа шығаратын сөздер, заттың қайда екенін білдіретін, модальді сөздердің, істің, қимылдың басталуын, аяқталуын, жалғасуын білдіретін сөздердің алатын орны ерекше. Осы сөздерді қамтитын ситуацияларға келсек, олар негізінен мынадай болады: Барлық әңгімелер өз елімізде болады да, ал сөйлесетін әріптестер шет елдіктер болады. Мұндай ситуациялар заттарға және қарым-қатынастарға байланысты болуы керек. Сонымен қатар суреттеу, пікірталас ситуацияларын да атаған жөн. Мысалы: заттарға байланысты ситуациялар: а) Лондоннан келген оқушылар біздің оқушылардан қандай кітаптар, пәндер оқитындарын сұрайды. Бұған табиғат т. б, туралы суреттеулер де кіреді. б) Көшеде: шетелдікпен көшеде, аялдамада кездесу. Шет елдік біздің қалада алғаш рет болғандықтан жол сұрайды. Қарым-қатынас (пікірлесу) ситуациясы. а) Мектепте: отбасы туралы фильмді талдау. б) Көшеде: автобуста шет елдікпен әңгіме. Суреттеу ситуациялары. а) Оқушы шет елдікке көшеде жол сілтеп, қаланы суреттейді. Лондоннан келген мұғалім оқушылардан мектеп туралы сұрайды. Оқытудың бастапқы сатысына арналған ситуациялар арнайы құрылуы тиіс. Лексиканы коммуникативтік мақсатта қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін алдымен оларды қандай әдіс-тәсіл арқылы үйрету керек деген сұрақ туындайды. Е. И. Пассов сөздерді коммуникативтік мақсатта қолдану үшін мынадай жағдайларды ескру керектігін айтады:а) қажетті сөзді еске түсіру; ә) сөзді өзіне қажетті ситуацияға сәйкес басқа сөздермен байланыстыра сөйлем құрап, дұрыс қолдана алу. [9]
Ауызша сөйлеуге үйрету барлық сыныпта жүргізіледі. Оның әр сыныптағы мәні өзгеше екендігі анық. Оқушыларға жатық, шебер сөйлеуге баулудың мәні зор екендігі сөзсіз.
Егер тіл - қарым-қатынас құралы болса, қарым-қатынас - өзге адамдармен пікір алмасу болып табылады, сондықтан өз ойың мен идеяларыңды нақтылай дұрыс көрсете алу қажет. Ендігі кезекте грамматика дегеніміз не?, ол бізге не береді? деген сұрақтарды талдау керек.
- Бәрінен бұрын оқылатын мәтінді дұрыс құрастыра білу.
- Шет тілінің грамматикалық құрылымдарының ерекшеліктерін білу ана тілі мен меңгерілетін тілдің арасындағы айырмашылықтарын көруге мүмкіндік береді.
Шет тілін меңгерудің бірнеше қағидалары бар.
1. Синтез Талдау Синтез
Бастапқы грамматикалық құрылымдар сөйлем түрінде енгізіледі. Содан соң грамматикалық ақпаратты жалпылаудан тұрады, одан соң екінші синтезді іске асыру, атап айтқанда оқушылар коммуникация үрдісінде грамматикалық құбылыстар туралы білімді саналы түрде қолданады.
2. Суггесивтік қағидалар.
Ол әсерлі көтерілу мен күш салуды шешу жағдайларында грамманиканы оқытудан тұрады. Оқу оқушылардың оқытушымен және бір-бірімен қарым-қатынасы барысында қуаныш сезімге бөленуіне сай құрылады, оқытушы олардың табысқа жетуге деген сенімділігіне қолдау көрсетеді.
Грамматиканы табысты түрде меңгеру полисенсорлық ортаның: дыбыстық, графикалық, вербальдық және вербальдық емес құралдарды, музыканы, түсті құрылуын қамтамасыз етеді. Полисенсорлық орта тек қана әр түрлі каналдар арқылы ақпараттарды қабылдауды қамтамасыз етіп қана қоймайды, ол сонымен қатар оқушылардың грамматикалық білімдерді, дағдылар мен іскерліктерді әр түрлі үлгідегі инттелектермен табысты түрде меңгеруге жағдай жасайды.
Кіріспе мен жаңа грамматикалық материалдарды бекіту кезінде оқытудың коммуникативтік-бағыттылығына басты назар аударылады. Егер оқушы меңгерілетін құрылымның коммуникативтік қызметін, ойын білетін болса онда олар сөйлемде оны дұрыс қолдана алады. Оған әр түрлі деңгейлік материалдарды: механикалық, дайындалу жаттығуларынан бастап (drills), еркін, тұлғалық-бағыттылық тапсырмаларды ұсынуға болады.
Егер де оқушыдан оларға ағылшын тілі сабақтарында не ұнамайтындығын сұрайтын болсақ - ағылшын тілінің грамматикасы деген жауапты еститін боламыз. Грамматиканы қызықты, өнімді әрі шығармашылық үрдісіне қалай айналдыруға болады? Егер грамматиканың коммуникативтік және қызметтік бағыты болатын болса ия, бұл мүмкін болатын жағдай. Ол үшін сабақтағы біржақты механикалық жаттығулардан аулақ болып, грамматикалық материалдармен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін пайдалану қажет.
Ағылшын етістігі, дамыған жүйеден тұрады. Ол Indefinite, Perfect, Continuous топтарындағы The Present, the Past, the Future уақыттарынан тұрады. Барлығы 12 жеке форма. Орыс тіліндегі уақытша түрлердің жүйесі аз: барлығы 5 жеке форма.
Ағылшын тіліндегі көрнекті форма тек қана етістікті сипаттап қана қоймайды, сонымен қатар ол кейбір шақтар мен уақыт үзінділері сәйкестігінің аяқталғандығын көрсетеді.
Мысалы: The Present Simple Tense, қарапайым, қазіргі шақта анықталмаған уақыт осы шақтағы әрекетті көрсетеді, бірақ оның осы шақтағы уақытпен байланысы жоқ.
He goes to the plant every day.
He is going to school now.
He has cut the metal.
Грамматикаға оқыту коммуникативтік негізде микрожағдайлар аясындағы негізде іске асырылуы мүмкін, онда коммуникативтік нұсқаулардың осы немесе басқа да шешімдерімен байланысты жинақылық болуы мүмкін.
Ережені оқы
Мысалдарға талдау жаса
Жалпы заңдылықтарды сәйкестендір және енгіз
Бастау алатын жаттығуларды орында
Әртүрлі деңгейлік тапсырмаларды орында
Аналогия бойынша құрастыр
Сонымен, шет тілін оқытуда грамматика басты орынға ие болады, бұл басқаша айтқанда лексика орнығатын қаңқа ретінде болады. Грамматиканы оқыту және өз ойыңды дұрыс құрастыру, сонымен қатар грамматикалық сөйлемдегі формалады тану грамматикалық дағдыларды қалыптастыру арқылы жүреді.
Грамматика жүйе ретінде маңызды компонент болып табылады, екіншіден кез келген коммуникативтік дағдылар белгілі бір уақытқа дейін реттеушісіз болады, үшіншіден грамматикалық білім тілді меңгеруге қызығушылық танытқан адамдардың қажеттіліктерін қанағатандырады.
Грамматикаға оқыту біздің сабақтарда тілді жылдам әрі тиімді меңгертуде оқу үрдісін ұйымдастыру аясында, жоғары мотивацияны сақтау мен психологиялық кедерлілерді жою жағдайында табысты түрде жүреді. Студенттер суреттелген жағдайларға қатысушы ретінде ат салысуды жақсы көреді. Тұрақты түрде сөйлесу жағдайлары сабаққа жаңашылдық әкеледі, ал жаттығулар сипаттамасы (диалогтық қарым-қатынас, топтық жұмыс) - ұжымдық өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді.
Грамматиканы оқыту - шет тілін оқытудың маңызды аспектілерінің бірі, басқаша айтқанда грамматика болмаған жерде толық коммуникация болмайды.
Грамматика сөздік іс-әрекеттердің барлық түрлерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл шет тілдерді оқытуды қалыптастырудың, жетілдірудің және дамытудың негізгі тапсырмасы болады.
Грамматика жүйе ретінде маңызды тілдік құрылым болып табылады, екіншіден грамматикаға тұрақсыз қатынаста болатын кез келген коммуникативтік дағдылар белгілі бір аралыққа дейін болуы мүмкін, үшіншіден грамматиканы білу тілді меңгеруге талпынған адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Қалыптасқан грамматикалық механизмдердің тиімділігі мен икемділігі әр түрлі тәсілдерді, әдістерді пайдалануды қамтамасыз етеді.
1. 2 Шетел тілі сабақтарында ауызша сөйлеуге үйретудің әдіс-тәсілдері
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті:
Тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану аса маңызды. Өзімізге белгілі жаңа технологияларды қолдануға көп үлес қосып жүрген зерттеуші ғалымдар қатарына У. С. Полат, Е. Н. Дмитреева, С. В. Новиков, Т. А. Помелова жатады. Белгілі ғалым М. Ф. Стронин өзінің “Ағылшын тілі сабағында қолданылатын жаттықтырушы ойындар” құралында ойындарды келесідей категорияларға бөлді: лексикалық ойындар, грамматикалық ойындар, фонетикалық ойындар, орфографиялық ойындар және шығармашылық ойындар. Бұл ойын түрлерін де оқытушылар кең пайдалануда.
Компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу түрлері:
Лексиканы меңгерту.
Мәтіннің кәсіби сөз қорымен жұмыс жүргізу, мысалы, кәсіби терминдердің сөздігін жасау, глоссарий түзу, сөз тіркестерін талдау, т. б.
Сөйлеу жұмыстары.
Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, студент оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, өзінің дыбыстаудағы қателіктерін аңғарып, студент оны түзетуге мүмкіндік алады.
Студенттердің сөйлеу дағдыларын дамытуға диалогтың да берері мол. Диалог - сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Студенттерге белгілі бір тақырыпта болашақ мамандықтарына байланысты тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Мысалы: «My future profession», «Famous pedagogies», «Computer in our life», «Kazakh literature and language», «Famous mathematics and physics», «Sports in our life», «Kazakh music and literature», «Ecology», «Up-bringing of teenagers», «Psychology», т. б. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - студенттерді қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді.
Жазуды оқыту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz