Табиғи ресурстар және оларды ұтымды пайдалану


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Табиғи ресурстар және оларды ұтымды пайдалану.
Мақсаты: Табиғи ресурстарға түсініктеме беру және оларды ұтымды пайдалану мәселесіне тоқталу. Атмосфераның ластауынан туындайтын глобальды экологиялық проблемаларға сипаттама бере отырып, оларды түзету, алдын алу және болдырмау шараларын іздестіру мәселелерін қарастыру.
Табиғи ресурстар үш топқа бөлінеді: орны толатын, орны толмайтын және таусылмайтын болып жіктеледі.
Орны толмайтын табиғи ресурстарға минералды шикізаттардың барлық түрлері кіреді. Олар ұзақ геоэкологиялық мерзімде, миллиондаған жылдарда пайда болған.
Орны толатын табиғи ресурстарға негізінен биологиялық ресурстар кіреді. Оларға: жануарлар, өсімдіктер, кейбір өздігінен тұтынатын тұздар, құнарлы топырақ, өзен сулары т. б. кіреді. Белгілі бір шаралар қолданып, оларды қайта өсіріп, орнын толтырып отыруға болады.
Таусылмайтын табиғи ресурстар тобына әртүрлі энергия қуаттарын беретін жер қойнауының жылуы, жерасты ыстық сулары, күн сәулесі, теңіз суының жағаға соғып-кері серпілуі, термоядролық реакция және ауа кіреді. Бұл ресурстар үнемі қайталанып отыратындықтан, олардың қоры мол таусылмайтын ресурстар ьолып табыоады. Әйтсе де, адамдардың іс-әрекетінен олардың кейбір түрлері пайдалануға жарамай қалуы мүмкін. Сондықтан, қалай болғанда да барлық табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану қажет.
1. Гидорсфера, су қорлары және олардың ластануы.
Жер бетінің 77, 5% су алып жатыр. Су қорларына өзен, көл, теңіз, жер асты сулар, таулар мен поляр шеңберіндегі мұздар, атмосфералық ауадағы ылғал кіреді.
Гидорсфераның ең ірі бөлігі-мұхиттар. Мұхит сулары пайдалы кендерге, биологиялық ресурстарға, энергия қуатына, химия және дәрі-дәрмек өнеркәсіптері үшін қажетті шикізаттар қорына өте бай. Құрылықта жыл сайын азайып бара жатқан кендер орнын мұхит суларынан алып толтыруға болады.
Теңіз суларында алтынның, магниттің, платинаның, алмаздың т. б. қорлары өте көп. Сондай-ақ көмірдің, мыстың, никельдің қалайының қоры мол. Теңіз суында минералды заттар, құрылыс материалдары да за емес.
Мұхиттар мен теңіздер жер шарында өнетін биологиялық өнімдердің 43%, оттектің 50-70 % береді.
Теңіз су толқындары, әсіресе көтеріліп жағадан шыққанда және кері серпіліп қайтқанда, энергия қуатын береді.
Гидорсфераның тұщы сулар қорына өзендер мен көлдер кіреді. Олардың көлемі гидорсфераның 1%-не де жетпейді. Гидорсфераның ластану түрлері: химиялық, биологиялық және физикалық. Гидорсфераның химиялық ластану көздері: мұнай, мұнай өнімдері, синтетикалық беттік-белсенді заттар, пестицидтер, ауыр металлдар, диоксиндер. Биологиялық ластаушылар: вирустар және көптеген ауру туғызатын микроорганизмдер. Физикалық ластану заттар: жылу, радиоактивті заттар т. б.
Суды тазарту әдістері:
Қалдық суларды тазалау әдістері:
Механикалық әдіс. Ерімеген қалдықтар бар суларды әр түрлі торлардан, сүзгілерден өткізіп, бір жерге жинап, тұндыру арқылы тазалайды. Механикалық қосылыстарды магнитпен тартып жинауға болады.
Химиялық әдіс. Химиялық реагенттерді пайдаланып қалдық сулардағы еріген және ерімеген заттарды бөліп алады, сондай-ақ кейбір заттарды ерітіп зиянды қасиеттерін жою арқылы тазалайды.
Электролиздік (физикалық) әдіс. Электр тогын өткізіп, судағы ластаушы заттарды тұндыру арқылы тазалайды.
Биологиялық әдіс. Бұл әдіспен тұрмыстық қалдық суларды тазалауға падаланады. Органикалық қалдықтар микроорганизмдер көмегімен зиянсыз түрге тайналады. Биологиялық тазалаудың екінші түрі-аэротенктер. Олар темір бетоннан сұйық зат құятын ыдыс түрінде жасалады, ішіне тұнба балшық, лай салып, оттекпен өмір сүретін, көзге ілінбейтін организмдерді орналастырып, солар арқылы суларды ағызып тазалайды.
Бақылау сұрақтары.
- Табиғи ресурстарға не жатады?
- Табиғи ресурстарды қалай жіктейді?
- Орны толатын ресурстарды сипаттаңыз.
- Орны толмайтын ресурстарды атаңыз.
- Таусылмайтын ресурстарға не жатады?
- Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде өз пікіріңізді білдіріңіз.
- Су ресурстарына не жатады?
- Су ресурстарын ұтымды пайдалану дегенді қалай түсінесіз?
- Гидорсфераның ластану себептерін талдаңыз.
- Суды қандай әдістермен тазалауға болады?
- Суды механикалық жолмен қалай тазалайды?
- Суды химиялық жолмен қалай тазалайды?
- Суды физикалық және радиациялық жолдармен қалай тазалайды?
- Суды биологиялық жолмен қалай тазалайды?
Тақырып ҮІІI. Атмосфералық ауа және оны қорғау.
Атмосфера- бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера-Жер планетасының ғарыш кеңістігімен шектесіп жатқан аралық. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Оның массасы:5, 157х 10 15 т. тең. Атмосфера газдардың қоспалары мен шаң-тозаңнан тұрады. Құрғақ ауада 78 % азот, 21 % оттегі, 0, 9 %аргон, 0, 03 % көмірқышқыл газы,
0, 003 % неон, гелий, криптон, ксенон, азот тотығы, метан, сутегі, су буы және озон болады. Атмосфераның 3 % су буының үлесіне тиеді. Шаң-тозаңның көп мөлшері Жер бетінен көтеріледі, сондай-ақ, ша-тозаң ғарыштық және бактериялы болады.
Атмосфера бірнеше қабаттан: тропосфера, озон, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосферадан тұрады. Соңғы үш -мезо, -термо және -экзосфераларды «ионосфера» деп те атайды. Әр бір қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе тропосфера мен озон қабаттарының тіршілік үшін маңызы зор.
Атмосфера ластануы. Атмосфераны ластайтын заттардың негізгі көздері-өнеркәсіп, зауыт, автокөліктер, жылу энергетикасы, соғыс қаруларын сынау, космос корабльдері мен ұшақтар т. б. Осы аталған ластаушы көздерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттердің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организмдерді, ғимараттарды, құрылыс материалдарын бүлдіреді.
Атмосфераның ластануы табиғи және антропогендік әсерлерден туындайды. Табиғи ластану- табиғи құбылыстардың (жанартаулардың атқылауынан, тау жыныстарының желденуі, жел эрозиясы, өсімдіктердің жаппай гүлдеуі, орман және дала өрттері т. б. ) әсерінен туындайды. Антропогендік ластану -адамның іс-әрекеті нәтижесінде атмосфераға түрлі ластағыш заттардың тасталуы. Табиғи ластануға қарағанда антропогнедік ластану деңгейі жоғары болады.
Ластану деңгейіне қарай: жергілікті (кішігірім аудандар, қала, өндіріс ауданы, ауылшаруашылық зоналары), өлкелік (жергіліктіге қарағанда едәуір үлкен аудандарды қамтиды, бірақ барлық планетаны емес) және ғаламдық (бүкіл атмосфераның ластануы) деп ажыратады.
Агрегетты күйіне қарай атмосфераны ластаушы заттарды 3 топқа жіктейді. Олар: газ тәрізді (SO 2 , NO x , CO 2 , CH т. б. ) ; сұйық (қышқыл, сілті, тұздардың ерітінділері т. б. ) ; қатты (канцерогенді заттар, қорғасын және оның қоспалары, органикалық және бейорганикалық шаң, күйе, шырышты заттар т. б. ) .
Атмосфераның негізгі ластаушылары-поллютанттар. Оларға күкірт оксиді, азот оксиді, көмірқышқыл газы және қатты бөлшектер жатады.
Сонымен қатар, қалалар мен ауылдардың ауасын ластайтын 70-тен астам аса қауіпті заттар: формальдегид, фторлы сутек, қорғасын қосылыстары, аммиак, фенол, бензол, күкіртті сутек т. б. жатады.
Сондай-ақ, атмосфераға өте улы заттар: қорғасын, сынап, кадмий, мырыш т. б. ауыр металдар; көмірсулар, олардың ішінде бензапирен, альдегидтер т. б. тарайды.
Радиоактивті заттар-атмосфераны ластайтын ең қауіпті ластаушылар болып табылады. Яғни, жер астында және жер бетінде өткізілетін қару жарақтардың жарылыстары (сынақтар), АЭС жұмысы нәтижесінде түзілген радиоактивті заттар.
Атмосфераны ластайтын негізгі көздер.
Жылу және атом электростанциялар. Қазандықтар.
Қара және түсті металлургия.
Химиялық өндірістер.
Автокөлік шығарындылары.
Атмосфераның ластауынан туындайтын зардаптар.
Смог (улы туман) . Смог ағылшын тілінен аударғанда түтін деген мағынаны білдіреді. Смог-өнеркәсіпте, басқа да қажеттіктер үшін көмір мен мазутты жаққанда пайда болатын улы қосылыстар. Оның құрамына: шаң, түтін және туман кіреді.
Смогтың екі түрі бар. Олар: Лондондық смог (туман) -үлкен, өндіріс орындары шоғырланған қалаларда, қыста түзіледі. Негізінен, көмір мен мазутты пайдаланғанда түзілген күкіртті оксидтің атмосферада концентрациясының жоғарылауынан түзіледі. Фотохимиялық смог- тек жазда ғана түзіледі. Негізінен атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар, озон, күн радиациясының фотохимиялық реакцияға ұшырауы нәтижесінде туындайды.
Атмосфераның ластауынан туындайтын глобальды экологиялық проблемалар .
Жылу эффектісі. Атмосферадағы жылу эффектісінің түзілуі ауадағы (CO 2 , CO, CH 4 фреондар, O 2 , N x O x , т. б. ) газдардың жоғары концентрациясының жиналуынан болады. Аталған г7аздар күн сәулесін жер бетіне кедергісіз жіберіп, керісінше Жер бетінен космос кеңістігіне кететін ұзын толқынды жылу сәулелерін өткізбейді. Яғни, жердің салқындауына кедергі болады. Атмосферада жылыжайдың әйнек шатыры тәрізді қабық түзіледі (Г. Хелфинг, 1990 ж. ) .
Жылу эффектісі өз кезеңінде климаттың орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мұхиттардың көтерілуі, ауарайының өзгеруі, циклон, цунами, шөлейттену, өрт, т. б. ) тууына себеп болады.
Ғалымдардың соңғы зерттеулері нәтижесінде мынандай мәліметтер алынған. 2005 жылы Жер температурасы 1, 3 0 С жоғарлағаны (1950 жылға қарағанда), 2100 жылы Жер температурасы 2-4 0 С жоғарылайды деген болжам жасалған.
Жылу эффектісінің жағымды жағы. Атмосферада CO 2 концентрациясының жоғарылауы өсімдіктердің фотосинтез прпоцесінің қарқынын күшейтеді. Осының әсерінен табиғи фитоценоздардың өнімділігі жоғарылайды. Жылу эффектісінің әсерінен мұхиттардағы судың булануы жоғарылап, ауаның ылғалдануын мтудырады. Бұл шөлейтті (аридті) зоналардың жағдайын біршама түзетеді (Вронский, 1993 ж. ) .
Қышқыл жауындар- жауын, қар (рН<5, 6) . Антропогендік факторлардың әсерінен атмосфераға тасталынатын шығарындылар (CO 2 , NO 2 , N x O x , т. б. ) ауадағы су буымен реакцияға түсіп, қышқыл жауындар түзеді.
Қышқыл жауындар өсімдіктерге тікелей және жанама, топырақ арқылы енеді. Осының әсерінен фитоценозға (орман шаруашылығының жойылуына т. б. ) теріс әсер етіп, өнімділікті күрт төмендетеді. Сондай-ақ, микроорганизмдер мен жануарлар әлеміне және адамдарға да зиянды ықпал етеді.
Озон қабатының маңызы және оның жұқаруы.
Озон қабаты О 3 молекулаларынан тұратын тұрақсыз газ. О 3 молекуласы О 2 молекуласынан түзіледі, яғни, О 2 молекуласы энергия көздерінің әсерінен атомдарға ыдырайды, оның салдарынан бос атомдар қайта О 2 молекуласын құрайды, ал бос қалған кейбір атомдардан О 3 молекуласы түзіледі. Бұл құбылыс атмосфераның жоғарғы 20-50 км биіктіктегі қабатта қарқынды жүреді.
Озон қабатының түзілуі:
- Ультракүлгін сәуле (қысқа толқынды) + оттегі + азоттың қостотығы = озон;
- Электрлік құбылыстарда түзілген газдардың әсерінен (найзағай жарқылдағанда) озон қабаты түзіледі.
Әйтседе, екінші жағдайда озон өте аз концентрацияда түзіледі. Озон тұрақсыз газ, ол үнемі ыдырап қайтадан қалпына келіп отырады. Осының әсерінен озонның ыдырауы мен синтезі арасында динамикалық тепе-теңдік орнайды. Озон концентрациясы орта шамамен есептегенде 0, 5-1% өзгеріп отырады. Бұл табиғи құбылыс. Озон концентрациясының тұрақсыз өзгеріп тұруы мына факторлардан тәуелді:
- Табиғи факторлар (күн ырықтығының циклдік өзгеруі, вулкан газдарының әсері) ;
- Антропогендік факторлар (транспорт, өнідіріс орындарының атмосфераға тастайтын газдар т. б.
Озонның қасиеті: біріншіден, озон бактерияларды өлтіреді, жануарлар мен өсімдіктердің өсуі мен дамуын тежейді, әйтседе жер бетінде озон мөлшері аз болғандықтан, оның тіршіік иелеріне әсері мардымсыз. Екіншіден, озон қысқа толқынды ультракүлгін сәулесін сіңіріп, организмдерді өлімнен сақтайды.
Атмосферада озонның мөлшері 3 миллиард тонна, алайда жалпы амосфераға шаққанда бұл өте аз. Ғалымдардың пікірінше, егер бүкіл озонды температурасы 25 0 С, 1 амосфералық қысымда сығатын болса, озонның қалыңдығы 3 мм тең болар еді. Соған қарамастан озонның маңызы өте зор. Мамандардың зерттеулері бойынша, озон қабаты 1% кемуі әсерінен жылына 6-7 мың адам ісік аурулардан көз жұмады екен.
Озонның ыдырауынан әсер ететін газдар:
- Хлор- озонның ыдырауына әсер ететін ең қауіпті катализатор. Ол озонмен оңай байланысқа түсіп, монооксид хлор және оттегі түзеді. Монооксид өз алдына оттегінің екінші атомымен байланысып, оның әсерінен хлор босайды, соңғысы келесі озон молекуласымен байланысқа түседі. Хлордың 1 молекуласы озонның 1 молекуласын ыдыратады.
- Озот оксидтерінің озонды ыдырату белсенділіктері хлорға қарағанда төмен. Озот оксидінің 1 молекуласы озонның 10 молекуласын ыдыратады. Әйтседе, атмосферада хлор мөлшеріне қарағанда озот оксидтерінің мөлшері жоғары болғандықтан, екеуінің де озонды ыдырату дәрежесі пара-пар.
- Атмосферадағы басқа газдардың (көмірқышқыл газы, сутек, күкірт оксиді т. б. ) 1 молекуласы озонның 1 молекуласын ыдыратады. Сондықтан бұл газдар озонның ыдырауына хлор мен озот оксидтеріне қарағанда қауіпсіз деп саналады.
... жалғасыАтмосферада хлордың таралуы:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz