Қазақстан Республикасындағы ағашты өсімдіктері қызыл кітапқа енген ағашты өсімдіктердің систематикасының сұрыпталуы, түрлерінің систематикасы



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе.
Қазақстан Республикасындағы ағашты өсімдіктері қызыл кітапқа енген ағашты
өсімдіктердің систематикасының сұрыпталуы, түрлерінің систематикасы.
1. Орман — баға жетпес байлың
көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23-24
2. Май
қарағай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 203-210
3.
Шырша ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 114-115
4. Бал қарағай
(лиственниңа) ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 90-95
5. Қарағай
(сосна) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...87-80
6. Самырсын
(кедр) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...78-79
7.
Арша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 0-51
8.
Қайың ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .61 -62
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Қазақстанда жабық тұқымды бұл ағаштың 65 түрі өседі. Олар алып ағаш
түрінде, шағын бұта түрінде де кездеседі. Тал ылғалы мол өзен
жағалауларында жақсы өседі. Тамыр жүйесі жақсы жетілген, әрі тез өсетің тал
топырақтың су эрозиясына қарсы күресте, жыраны бекітуде кеңінен
пайдаланылады. Жеңілдігі, әрі жұмсақтығы, иілгіштігі мен кептіргенде
жарылмайтын қасиетіне байланысты тал ағашы құрылыста, мебель және күбі
өндірісінде кеңінен жаратылады. Балғын шыбықтарынан шарбақтар, түрлі
мақсатта пайдаланылатын себеттер тоқылады. Сондай-ақ тал — киіз үй
өндірісінің негізгі шикізаты. Мәселен, бір гектар жерден қиылған ағаштан
жиырма киіз үйге қажетті шаңырақ, уық, кереге жасалады. Қабығынан кеп
мөлшерде тері илеуге қажетті малма заттар алынады. Медицина үшін талдың
қабығынан салицил қышқылы, яғни барша жұрт білетін аспирин өндіріледі.
Су көздері мол елді мекендерде, ирригациялық жүйелер жағасына тал
көптеп егіледі. Бұтақтары төгіліп өскен әдемі тал мәдени ландшафтылар
жасауда кеңінен қолданылады, әрі ол ауасы газ, шаңмен біршама ластанған
ортада да өсе береді.
Ағаш — халық шаруашылығына ең көп мөлшерде пайдаланатын шикізаттардың
бірі. Мәселен, қылқан жапырақты шырша, самырсын тектес ағаштар целлюлоза,
жасанды жүн талшықтарын өндіру үшін кеңінен қолданылады. Ал, целлюлозаны
алсақ, ол қағаз өндірісінің негізгі шикізаты болып есептелінеді. Дүние жүзі
бойынша қазір тек газет қағазын өндіру үшін 50 миллион текше метр ағаш
дайындалатын көрінеді. Ал, бір текше метр ағаштан 200 килограмм целлюлоза
немесе 160 килограмм жасанды жүн талшығы алынады.

Орман — баға жетпес байлың көзі
Жасыл желек — жан саясы демекші, жел өтінде тербеліп, жайқала өскен
орман-тоғай, миуалы жеміс бағы — барлық тіршілік атаулының құтты қонысы.
Әуел бастанақ адам баласы да орман арасынан өзіне пана тауып, бар
игіліктерді оның аясынан ала білген. Яғни, бір сөзбен айтқанда, табиғат
атаулы мен орманның байланысы қандай болса, адам мен орман арасындағы
бірлік те сондай.
Орман ағаштарының табиғатта ететін түрлі процестерге қатысуының
(мәселен, халық шаруашылығына өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы шикізаты
ретінде пайдаланудың) экологиялық және экономикалық маңызы ерекше. Сондай-
ақ орманның бой сергітіп, көңіл жазар, яғни рухани жағынан байытар қасиеті
тағы бар.
Сөз жоқ, өсімдіктер дүниесінің сан салалы шикізаты — орман ағашының
адам өміріндегі мақызын айтып жеткізудің өзі қиын. Өйткені одан 20 мыңға
жуық түрлі заттар алынады екен. Сол себепті халық шаруашылығының ағаш
шикізатын пайдаланбайтын бірде-бір саласы жоқ.
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша дайындалатын ағаштардың тең жарымдайы
отын ретінде пайдаланылса, үштен бірі құрылыс материалдарына жұмсалатын
көрінеді. Құрылысқа кірпіш, темір-бетон, шыны тәрізді сан алуан материалдар
қолданылып жатқан қазіргі дәуіріміздің өзінде жер шарындағы халықтардың 80
проценті ағаштан салынған үйлерде тұрады екен. Біздің елімізде құрылыс
қажеті үшін жыл сайын 160 миллион текше метр шамасында ағаш жұмсалады.
Негізінен бұл мақсатқа діңі жұмсақ жалпақ жапырақты, сонсоң ішінара қылқан
жапырақты ағаштар пайдаланылады. Қылқан жапырақты ағаштардың, атап
айтқанда, шыршаның, ал жалпақ жапырақты емен, шамшат, шаған, жөке ағашы,
үйеңкі, қайыңның экономикалық маңызы ерекше.
Ағаш шикізатын көп мөлшерде қажет ететін өнеркәсіптің бір саласы —
мебель өндірісі. Мәселен, осыдан он жыл бұрын мебель жасауға жылына 5
миллион текше метр ағаш қажет болса, қазір осы мақсатта 15 миллион текше
метр ағаш дайындалады. Ағаш көп мелшерде байланыс, электр бағаналарын
орнатуға, темір жол құрылысын салуға жұмсалады. Мысалы, тек шпал жасауға
ғана жылына 10—12 миллион текше метр ағаш кетеді. Ал, 25 миллион текше
метрдей ағаш көмір және басқа да кен өндіру саласына жұмсалады.
Ағашты көп жұмсайтын мекеменің тағы бірі — түрлі қораптар мен жәшіктер
жасайтын өнеркәсіп орны. Олар жылына шамамен 50 млн текше метр сапалы ағаш
жұмсайды. Бұлардан басқа ағаш музыка аспаптарын шығаратын өндірісте
пайдаланылады. Сол сияқты күннен-күнге қанатын жайып бара жатқан
фанера, сіріңке, қарындаш өндірісінің жылдан-жылға ағашты пайдалану мұқтажы
артуда.
Ағаш — халық шаруашылығына ең көп мөлшерде пайдаланатын шикізаттардың
бірі. Мәселен, қылқан жапырақты шырша, самырсын тектес ағаштар целлюлоза,
жасанды жүн талшықтарын өндіру үшін кеңінен қолданылады. Ал, целлюлозаны
алсақ, ол қағаз өндірісінің негізгі шикізаты болып есептелінеді. Дүние жүзі
бойынша қазір тек газет қағазын өндіру үшін 50 миллион текше метр ағаш
дайындалатын көрінеді. Ал, бір текше метр ағаштан 200 килограмм целлюлоза
немесе 160 килограмм жасанды жүн талшығы алынады.
Сондай-ақ ағаштан каучук алуға қажетті созылмалы сүт шырынды
гуттаперча заты, шайыр, спирт, ацетон, формалин, сірке қышқылы, қант және
басқа да толып жатқан заттар өндіріледі. Турлі ағаш сүрегі, тамыры мен
қабығынан қара май, смола, эфир майы, органикалық қышқылдар мен бояғыш
пигменттер алынады. Айталық, бір тонна ағаш түбі-рінен 15—20 килограмм ски-
пидар, 40—50 килограмм смола, 60—70 килограмм ағаш көмірін, 7—8 килограмм
сілтілік кальций ұнтағын алуға болса, сондай мөлшердегі ағаш кабығынан
200—300 килограмм қара май өндіріледі. Бір гектар карағай орманынан
парфюмерия мен лак өндірісіне кажетті 100 килограмдай шайыр жинауға болады.
Ал, емен ағашы мен шырша, тал кабықтарынан тері илеу үшін кажетті малма
заттар алы-нады.
Иә, орман ағашының халық шаруашылығындағы манызын, одан алынатын
өнімдер мен заттардын, бәрін қамту мүмкін емес. Бүгінде елксмізде өскен сан
алуан ағаштардыц бұтағы мен жапырағын шаруашылықтың барлық саласы дерлік өз
керегіне жаратып, олардан 20 мыңға жуық заттар мен өнім алынатындығын
айтсақ та жеткілікті.
Ал, ағаштың табиғаттағы ролі де орасан зор. Ең бастысы табиғат аясында
есіп тұрған орман ағаштарын біртүтас экологиялық система деуге болады.
Биосферадағы табиғи комплекстердің барлық компоненттеріне әсер етумен
бірге, ормандар табиғи ортаны калыптастыруда орасан зор роль атқарады. Олар
атмосфералық ауа құрамы мен ондағы газ балансына ықпал етіп, жер үсті және
жер асты суларының деңгейін реттейді, топырақ қабатын түзіп, қалып-
тастырады, оны шайылудан, жел ықпалынан қорғайды.
Әрбір ағаштың ондаған, жүздеген жылдармен есептелі-нетін ез ғүмыры
болады. Тіршілік ету барысында ағаштар тамырын терең жіберіп топыраққа
бекінеді. Ал олардың діңі болса бар еңсесімен күн сәулесіне қарсы көтеріліп
өрбиді. Осыдан барып ағаштар өз бойларына қоректік заттарды ауадан және
топырактан сіңіріп отырады. Топырақтан ең кеп мөлшерде сіңіретін заты — су.
Мәселен, еңселі қайың ағашы тәулігіне 75 литр суды топырақтан сіңіріп,
ауаға буландырады екен. Ал, бір гектар жердегі жүз жылдық емен орманы
көктем мен жаз айларында 1200 тоннаға дейін суды буландыратын көрінеді.
Тор-тор болып тарамдалып, топырактан су мен минерал-дық заттарды сорып
жатқан ағаш тамырының тіршілігі мен өсуі үшін оттегі ұдайы топырақ
саңылаулары арқылы келіп түруы қажет. Ал, топырақ гапталып, тамырға ауа
жетпесе, ол тұншығып, суды сору қабілетінен айырылады. Тамыр топырақтан
сумен бірге құрамында азот, калий, фосфор және басқа да
микроэлементтері бар минералдық тұздарды сорып, ағаштың топырақ арқылы
қоректенуін қамтамасыз етеді. Күзге қарай түскен жапырақтар ағаш арасында
төсеніш қабатын түзеді. Ол жапырақтардың құрамында ағаштың топырақтан алған
барлық қоректік затының 75 проценті болады. Жапырақтың шіріп, ыдырауы
арқылы топырақтың қүнарлылығы артып, оның жаңа қабаты түзіледі.
Сонымен ағаштар бойына топырақтан қоректік заттарды сіңіру барысында,
біріншіден, жер асты суларының деңгейін реттеп отырса, екіншіден,
топырактың жаңа қабатын түзіп, оның құнарлылығын арттырумен бірге, торлап
жатқан тамыр—топырақтың жел, су эрозияларына ұшырауына мүмкіндік бермейді.
Ал, ағаштың өсіп тұрған жапырақтары ауа құрамында болатын көмір қышқыл
газын сіңіріп, сол мөлшерде ауа кеңістігіне оттегін бөліп шығарады.
Жапырақ сіңірген көмір қышқыл газы күн энергиясының күші арқылы сумен
реак-ңияға түседі де, нәтижесінде өсімдік тіршілігіне қажетті глюкоза қанты
түзіледі және таза оттегі ауаға белініп шығады. Бұл—өте күрделі процесс,
бірақ оның фотосинтез деп аталатындығы екінің біріне белгілі. Осы
процестің негізінде, мәселен, бір гектар жердің орманы бір жыл ішінде ауаға
үш тоннаға дейін оттегін бөліп шығаратындығы есептелінген. Сол себепті де
ормандар планетамыздың өкпесі деп аталуы да тегін емес.
Ағаштардың атмосфералық ауаны оттегімен байытып отыру міндеті сөз
болған кезде, оның ауа құрамындағы шаң мен басқа да зиянды газдарды тұтып
қалатын қасиеті жөнінде де айта кеткен жөн. Ірі өнеркәсіпті орталықтардағы
ағаштар қала ауасының ластануын едәуір төмендетеді. Ғалымдар бір гектар
самырсын орманның 32 тоннадай түрлі шаң-тозаңдарды тұтып қалатындығын
анықтаған. Газ-шаң тұтып қалу мүмкіндігі ағаш жапырақтарындағы түктерге
байланысты. Сол себепті шаңды жақсы түтатын ағаштардың қатарына елкемізде
кең таралған қарағашты жатқызуға болады. Ол терекке қарағанда щаңды 6
есе көп мөлшерде ұстап қалатын көрінеді.

Май қарағай
(пихта).
Бұл қылқан жапырақты ағаш республикамызда — Шығыс Қазақстан жерінде
ғана, ішінара Жоңғар Алатауында өседі. Олардың жалпы көлемі 371 мың гектар
шамасында. Май қарағай діңінід диаметрі жарты метрге, биіктігі 30—35 метрге
дейін жетіп, 150—200 жылдай өседі. Ол басқа қыл-қан жапырақтылармен,
қайыңмен араласып, келеңкелі, теңіз деңгейінен 600 метрлік биіктіктегі тау
беткейлерінде өседі.
Іс ағашы ретінде целлюлоза-кағаз өнеркәсібінде және құрылыста кеңінен
пайдаланылады. Май қарағайдың қылқаны мен ұсақ бұтақтарынан құрамында
барнеол, камфейн, пипен заттары бар эфир майын алады. Бір тонна бұтақтан 30
килограмм эфир майын және парфюмерия мен сабын қайнату өнеркәсібіне қажетті
май қарағай майын алуға болады. Осы майдан медицинада кеңінен қолданылатын
камфора өндіріледі.
Сондай-ақ бір май қарағай ағашынан 300 грамға дейін май қарағай
бальзамы жина-лады. Ол күрделі оптикалық аспаптарды, линзаларды
желімдеу үшін пайдаланылады. Әрі май қарағайдан фарфор заттарын әшекейлеу
үшін қа-жетті шайырлар өндіріледі.
Май қарағай ағашы республикамыздың шығыс, оңтүстік-шығыс және
солтүстік аудандарында көгалдандыру ісіне кеңінен пайдаланылады.
Шырша.
Қазақстанда шыршаның екі түрі өседі. Олар Қенді Алтай жерінде
таралған сібір шыршасы және Жоңғар мен Іле Алатауында өсетін тянь-шань
немесе Шренк шыршасы, ол телеграф бағаналары мен шпалдар, музыкалық
аспаптар және түрлі қораптар мен жәшіктер жасау ісінде кеңінен
пайдаланылады. Ал, қабығынан тері илеуге қажетті малма заттар алынады.
Тянь-Шань шыршасы 1964 жылдан бері өнеркәсіптік мақсатта кесілмейді.
Онық табиғаттағы ролі басым. Әрі бұл қылқан жапырақты үштік дәуірден бері
жойылмай есіп келе жатқан реликт. Шренк шыршасы — биіктігі 50 метрге дейін
жететін алып ағаш. Ол табиғат ескерткіші ретінде қорғалады.
Осы орайда, Жаңа жыл мейрамының символы, әрі көркі мәңгі жасыл жаңа
жылдық Шырша жайында айта кеткеніміз жөн сияқты. Өйткені жаңа жылдық
шыршамен қамтамасыз ету мәселесі — бұл әлеуметтік, экономикалық
және экологиялық мәні бар өзекті мәселе. Сондықтан да оны шешу
— бүгінде күн тәртібінде тұрған мәседелердің бірі.
Жаңа жылдың символы ретінде шыршаны әшекейлеу дәстүрінің
қалыптасқанына да үш ғасырға таяу уақыт өтіпті. Бастапқыда адамдар тура
орман ішіне келіп, өсіп тұрғаи еқселі шыршаны тацдап алады екен де,
оның бұтақтарына әр түрлі тағамдар мен нанның, түрлі жемістер мен аң-
құстар суретін және әшекейлер іліп, Жаңа жыл мейрамын тойлайтын
көрінеді.
Нақты тарихи деректерге жүгінетін болсақ, Жаңа жыл жөнінде
Бірінші Петрдін, 1699 жылдьвд 15 декабрінде жарияланған арнайы жарлығы
да бар. Бұл жарлықта: 1700 жылдан бастап жыл басы 1 январь
болып есептелінсін және Жаңа жылды қарсы алу мейрамында әрбір
аулада әшекейленген шырша, қарағай, арша бұтақтары ілінетін болсын
делінген. Міне, осы уақыттан бастап күні бүгінге дейін жаңа жылды
әшекейленген шыршамен қарсы алу дәстүрі сақталып келеді.
Бүгінде көрікті безендірілген, әрі қылкан иісі ацқыған, шыршасыз
думанды Жаңа жыл кешінің сәні де кірмейтіні белгілі. Сол себепті де
шаттыққа толы Жаңа жыл мейрамы қарсаңында балалар бақшалары мен
мектептерде, парктер мен мәдениет сарайларында және басқа да көпшілік
орындарында әсем шыршалар бой түзейді. Әрі жыл алмасар түні шамамен
әрбір үшінші семьяда әр түсті шырша оттары жағылады.
Сонда Жаңа жылды қарсы алу үшін қанша шырша қажет екен, соған ой
жүгіртіп көрелікші. Мәселен, миллион тұрғьшы бар Алматы қаласына
биіктігі бір-екі метрлік шыршалардың кем дегенде 150 мыңдайы
қажет. Ал, мүмкіндік болып, бұдан 2—3 есе кеп мөлшерде шыршалар әкелінсе,
олардың да көпшілік қолды болып кетері даусыз. Темен көрсеткіш
болғаньшен, жоғарыдағы цифрды негізге ала отырып, республика ауқьшына
шақсақ, онда жылына Қазақ-стан үшін шамамен бір-екі миллион түп
шырша қажет болады екен. Осынау мөлшердегі шыршалар егер бір ай-мақта
өсетін болса, онда орман 500 гектардай алқапты камтыр еді.
Алайда шыршалар бір жерден кесілмейді. Көбіне-көп олар қылқан
жапырақтылар қоры мол өлкелерде дайындалады. Мысалы, Алматының өзінде ғана
жыл сайын 40—50 мың түп шырша Краснояр және Алтай елкелерінен, тіпті Киров
және Пермь облыстарының жерінен әкелінеді. Әрине бұл шыршалардың қымбатқа
түсері сөзсіз.
Бүгінде республика бойынша дайындалатын шыршаның мөлшері өте аз. Олар
негізінен табиғи жағдайда өздігінен бітік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Өсімдіктердің айналадағы ортамен байланысы
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлардың био алуан түрлілігі
Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Орманды қорғау
Айнала қошаған ортадағы экологиялық өзгерістерден биологиялық түрлерді сақтап, қорғау шараларын жүзеге асырып отырған ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, оның табиғат қорғаудағы ролін анықтау
Өсімдікпен қабылданатын жарықтың сандық және сапалық сипаты
Ағашты және бұталы өсімдік түрлерін интродукциялау
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы жайлы
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі. Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары. Қорықтар
Биогеографияның басқа ғылымдармен байланысы. Биогеография және Дарвинизм
Пәндер