Туризм қызметтеріндегі айналымнан тыс активтер


11. Туризм қызметтеріндегі айналымнан тыс активтер
1. Айналымнан тыс активтері
2. Есеп принциптерінің нақтылықтары
3. Қысқа мерзімді міндеттемелер
1. Айналымнан тыс активтері
Туризмде негізгі құрал жабдықтары мен басқада айналымнан тыс активтері туралы ақпараттарды жалпылай қарастырайық. Қаражаттардың бұл тобына негізгі құрал-жабдықтар, материалды емес активтер және ұзақ мерзімді қаржы жұмсалымдары жатады.
Баланстың актив жағында маңызды орын алатын ұзақ мерзімді қаржылық салымдар дегеніміз, бір жылдан аса мерзімге басқада кәсіпорындардың құнды қағаздарына қаражат жұмсау, басқада кәсіпорындарға облигациялар мен кредиттер беру болып табылады. Ұзақ мерзімді қаржы салымдары қонақ үй кәсіпорнының қаржы рыногындағы қызметін көрсетеді.
Есеп мерзімнің соңы бойынша баланс активтерінің көрсеткіштері бойынша қонақ үй шаруашылығының жағдайын айқындайтын кесте құрастырамыз.
2 кесте бойынша баланс активтерінің көрсеткіштері қосымша есеп жүргізу қажеттілігін көрсетіп отыр. Сонымен:
- Баланс активтеріндегі залалдар жиынына (корректировка) түзетулер жүргізу;
- Айналымнан тыс (ұзақ мерзімді) активтер құрамына ұзақ мерзімді дебиторлық берешектерді енгізу;
- Материалды-өндірістік қорлардан болашақ кезеңдерге жатқызылатын шығыстарды алып тастау;
- Негізгі құрал-жабдықтар жалпы жиынына аяқталмаған құрылыстар соммасын қосып есептеу.
2. Есеп принциптерінің нақтылықтары
Нарықтық экономика есеп принциптері ізімен және қаржы менеджментіндегі ең сыпайы шешімдерді қабылдау үшін келесі нақтылықтарды жүргізу керек:
- Негізгі құрал-жабдықтар құрамынан экономикалық мазмұнында заңды түрі басымдылық қағидаларына сәйкес жалға алынған (аренда) негізгі құрал-жабдықтарды алып тастау.
- Дебиторлық берешек құрамынан тек ережеге сай күдікті дебиторлық берешек резервін алып қана қоймай, сонымен қатар есеп мерзіміндегі түсімдермен өтелмейтін алдағы жылдарда өз уақытында төленбейтін дебиторлық берешек деңгейінен туындаған дебиторлық берешек жиынының бағасын алып тастау.
Баланстың пассив жағы қонақ үй кәсіпорнының қаржы көздері бойынша жағдайын көрсетеді. Қонақ үй шаруашылығының мақсаттары үшін пассив баптарын келесі таптарға бөлу керек:
- Қысқа мерзімді міндеттемелер;
- Ұзақ мерзімді міндеттемелер;
- Меншікті капитал
3. Қысқа мерзімді міндеттемелер
Қысқа мерзімді міндеттемелер деп, айналым активтерімен жабылатын немесе жаңадан қысқа мерзімді міндеттемелердің пайда болуы нәтижесінде өтелетін міндеттемелерді айтамыз. Қысқа мерзімді міндеттемелердің өтелетін куәлігі мерзімі бір жылдан аспайды. Қысқа мерзімді міндеттемелерге келесі баптар жатады. Олар: төленуге тиіс шоттар мен вексельдер; қысқа мерзімді қарыздар туралы қонақ үй кәсіпорнының борышқорлық куәлігі; салық төлемдері және мемлекет тарапынан кейбір кәсіпорындарға несие түрінде берілетін, мерзімі ұзартылған салық төлемдері; еңбек ақы бойынша берешектері; берілетін аванстары; ағымдағы уақытта төлеуге жататын ұзақ мерзімді міндеттердің бөлігі.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер - бұл міндеттемелер бір жылдан асатын уақытта ағымдағы мерзімінде өтелуі керек. Ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар, облигациялар, төленуге тиіс ұзақ мерзімді вексельдер, зейнет ақы төлемдері бойынша міндеттемелер және ұзақ мерзімде жалға алу кезіндегі жалгерлік төлемдері ұзақ мерзімді міндетемелердің негізгі түрлері болып табылады.
ІІІ бөлім. Қонақ үй шаруашылығы көрсететін қызмет өнімдерін өткізу және қаржы көздерін қалыптастыру есебі.
12. Туризмдегі қызметтерін, қоғамдық тамақтандыру және басқада қызметтерін сату есебі.
1. Туризмде баланстағы қызметтер
2. Бухгалтерлік есептегі шот-фактуралар
3. Дайын өнімді өндірістен шығару құжаттары
1. Туризмде баланстағы қызметтер
Қонақ үй шаруашылығы тек қана тұратын бөлме бойынша қызмет көрсетіп қоймайды, сонымен қатар оның балансында ресторан, бар, әсем салонын, сауна, автотранспорт тұрағы және т. б. шаруашылықтары болады.
Сондай-ақ, қонақ үй өзінің конференц-залын, ресторанын, банкет залын және басқада үй-жайын қысқа мерзімге жалға береді.
Бұдан басқа қонақ үй көңіл көтеру (бильярд, боулинг) қызметтерін де көрсетеді.
Сондықтан қонақ үйге қызмет түрлері бойынша жеке есеп жүргізуі керек. Бұл үшін қонақ үй шоттарының жұмыс жоспарында 701 «Дайын өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс» шотына келесі қосымша шоттар ашуға болады:
- «Тұратын бөлмелер бойынша қызметтерді сатудан түскен түсім»;
- «Рестораннан түскен түсім»;
- «Автотұрақтан түскен түсім»;
- «Ағымдағы үй-жайды жалға беруден түскен түсім» және т. б.
Қонақ үй қызметтерін (қонақ үй өнімін) сату есебі активті-пассивті 701 «Дайын өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс» шотында жүргізіледі. Бұл шот кәсіпорынның кәдуілгі қызмет түрлерімен байланысты табыстар туралы ақпараттарды жалпыламалау, сондай-ақ олар бойынша қаржы нәтижелерін анықтау үшін арналған.
Кәсіпорынның қызмет түрлері ереже ретінде оның жарғысында көрсетіледі. «Қызмет түрлері» бөлімінде кәсіпорын «заңмен тйым салынбаған кез-келген қызмет түрін» іске асыра алады деп көрсеткен. Егерде кәсіпорынның басқада қызметтерінен табыс үнемі түсіп отыратын болса, бұндай жағдайда, табыс кәдуілгі қызмет түрлерінен алынған болып саналады.
Тұратын бөлме бойынша қызмет көрсету қонақ үйдің негізгі қызметі болып табылады. Сондықтан одан түскен түсім 701 «Дайын өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс» шотының қосымша «Тұратын бөлмелер бойынша қызметтерді сатудан түскен түсім» шотында есепке алынады.
Қонақ үй қызметінің негізгі өнімін сату бойынша операциялар есепте дұрыс көрсетілуі үшін ең алдымен «нақты көрсетілген қызмет» түсінігін анықтап алу керек.
Қонақ үйде тұратын бөлме бойынша клиентпен келісім шартты тоқтатқан кез (яғнм қонақ үйден кету), нақты қызмет көрсету болып саналады. Бұл қонақтың кету кезінде оған есеп айырысу құжаттарының (тұрған бөлмесі үшін шот, төлем туралы квитанция немесе кассалық чек) рәсімделуімен негізделеді.
Бірақ, қызмет көрсетудің сандық көрсеткіші қонақ үй номерінде қонақтың тұратын календарлық күндері болып табылатынын ескеру керек. Клиент қызмет ақысын алдын-ала төлеп қоюыда мүмкін. Сәйкесінше, бұндай жағдайда есеп айырысу құжаттары оған кету кезінде емес, төлем жүргізілген кезде жазылады. Сондықтан қонақ үйде нақты қызмет көрсетуді анықтаудың ең сенімді варианты қонақ үйде клиенттің толық тұрған әрбір тәулігіне көрсетілген қызмет болып табылады.
Сондықтан қонақ үй өзінің есеп саясатында табысты мойындау әдісінен (есептеу әдісі («жөнелту бойынша») немесе кассалық әдіс («төлем бойынша») ) басқа, клиентке нақты қызмет көрсетудің күнін анықтайтын вариантын: қонақ үйде тұрған әрбір календарлық толық күнін немесе қонақтың қонақ үйден кету кезін көрсетуі керек.
Қонақ үй қызметтерін сатудан түскен түсімді есепте көрсету үшін (нақты қызмет көрсетудің күнін анықтаудың кез-келген вариантында) қонақ үй қызметін ұсыну келім-шарты негіз болып табылады.
Бұндай қызметті ұсыну келісімі қонақты номерге орналастыру кезінде оның паспортын немесе басқада ауыстыруға болатын құжаттарын (әскери билеті, жеке куәлігі және т. б. ) тапсыруы бойынша жүргіңзіледі.
Бұндай келісім қонақ үймен бекітілген өндірістік формада рәсімделуіне болады. Мысалы, квитанция немесе қонақ үйдің қандай да бір басқа құжаты келісімді растаушы болып табылады. Бірақ кез-келген бұндай құжаттың келесі реквизиттері болуы керек:
- қонақ үй атауы (бұдан басқа, жеке кәсіпкерлер үшін аты-жөні және мемлекеттік тіркеу туралы мәліметі көрсетілуі керек) ;
- клиенттің аты-жөні;
- тапсырылатын номер туралы мәлімет (номердегі орны) ;
- номер бағасы (номердегі орындар) ;
- қонақ үйдің қарастыруы бойынша басқада қажет мәліметтер.
Келісім негізінде бұл мәліметтер клиентпен есеп айырысу есебінің автоматтандырылған немесе қолмен жүргізуге болатын сәйкес регистрларына (карточкалар) қойлады. Содан соң қонақ үйдің нақты қызмет көрсетуді анықтауды таңдаған вариантына байланысты бір күнге немесе барлық мерзімге (қонақтың кетуінен кейін) бөлмеде тұру құны қонақ үй түсіміне енгізіледі.
Егерде қонақ үй номерін заңды немесе жеке тұлға белгілі бір уақытқа жалға алатын болса, бұндай жағдайда қызметтің нақты қолдану мерзімі (апта, ай, тоқсан) көрсетілген жалға алу келісімі, нақты қызмет көрсетуді анықтайтын негіз болады. Сәйкесінше жалға беру қызметін сатудан түсетін түсім қонақ үй есебінде сол мерзімнің өтуі бойынша көрсетіледі.
Қонақ үйдің сатып алушылармен (мысалы турфирмалармен) өзара байланысы ұзақ мерзімді негізде және қонақ үй номерін сатып алу кезінде пайда болады.
Ұзақ мерзімді байланыс жағдайында тапсырыс беруші кәсіпорынмен (турфирмамен немесе кез-келген басқа ұйымдармен) және қонақ үй арасында келісім шарт толтырылады. Келісім шартта көрсетілуі керек:
- келісілген тур өткізу графигіне сәйкес туристерді қонақ үйге орналастыру лимиті;
- тапсырыс беруші кәсіпорынмен берілген тапсырыс бойынша қонақ үйде тұратындарды орналастыру;
- орындарды брондау үшін төлем;
- төлем жүргізу мерзімдері;
- төлем жүргізу тәртібі (қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу) ;
- көрсетілетін қызметтерге алдын-ала төлем.
Келу алдында тапсырыс беруші кәсіпорын қонақ үй адресіне тұратын қонақтар санын, мерзімін, номер категорияларын, төлем жүргізу тәртібін және қосымша қызметтер көрсетілген тапсырыс жолдайды.
Номер категориясына байланысты бөлмеде тұру құны анықталады.
Келісім шарт негізінде қонақ үйге қабылдау және орналастыру қызметтері брондалған номерлерге карточка ашады. Онда көрсетілуі тиіс:
- тапсырыс номері;
- тапсырыс беруші кәсіпорынның атауы;
- карточка ашуға негіз (келісім шарт, кепілдік хат) ;
- тұрғындардың тұратын мерзімі және жағдайы;
- жоспарланған және нақты тұрғындардың келуі;
- тұратын номер және оның бағасын тапсыру;
- брон қоюдың күні мен сағаты;
- тұрғынның аты-жөні;
- кету күні, сағаты (бронды алу) .
Брондалған номер карточка мәліметтеріне сәйкес қонақ үй бухгалтериясы тапсырыс бойынша қызмет көрсету шотын жазады. Шотта тұру құны, қосымша қызметтердің (тамақтану, сақтандыру және т. б. ) және бронның құны көрсетіледі. Номердің бағасы (номердегі орын), оны төлеу тәртібі, сондай-ақ номер бағасына кіретін қызметтердің тізімін қонақ үй бекітеді. Мүмкін сағаттық немесе тәуліктік тұру төлемі бекітілген болуы мүмкін.
2. Бухгалтерлік есептегі шот-фактуралар
Әрекет етуші тәртіпке сәйкес шот-фактура жазылады. Бухгалтерлік жазулар шоттарда жүргізіледі:
- қонақ үй қызметіне алдын-ала төлем жүргізілген жағдайда, алынған аванс соммасына:
Д 441 «Есеп шот» (немесе қолма-қол есеп айырысу кезінде 451 «Касса») ;
К 672 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу;
- Алынған авнс соммасынан бюджетке ҚҚС есептеу:
Д 672 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу;
К 333 қосылған құн салығы
Нақты қызмет көрсету және тапсырыс беруші кәсіпорындарға шот жазу кезіндегі бухгалтерлік жазулар:
- тұру бойынша нақты сатылған қызметтің соммасы:
Д 672 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу;
К 701 «Дайын өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс» шотының
қосымша шоты «Тұратын бөлмелер бойынша қызметтерді сатудан
түскен түсім»
- тұратын бөлмелер бойынша қызмет көрсетуден түскен түсімнен ҚҚС есептеу:
Д 701 «Дайын өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс» шотының
қосымша шоты «Тұратын бөлмелер бойынша қызметтерді сатудан
түскен түсім»
К 333 Қосылған құн салығы
- Авансқа төленген ҚҚС соммасын қайтару:
Д 333 Қосылған құн салығы
К 672 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу.
- Қонақтардың тұрғын-жайы үшін берешектерін жою соммасына:
Д 672 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу.
Қосымша шот «Алынған аванстар»
К 672 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу.
Қосымша шот «Бөлмеде тұру үшін есеп айырысу»
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz