Адамзат тарихы және алғашқы ұйымдастырылған саяхаттардын әлеуметтік экономикалық себептері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Адамзат тарихы және алғашқы ұйымдастырылған саяхаттардын әлеуметтік экономикалық себептері

Жоспар

Кіріспе

  1. Туризм тарихынын түсінігі.
  2. Алғашқы саяхат. Саяхаттын әлеуметік экономикалық себептері.
  3. Саяхатты ұйымдастыру, адам еңбегін бөлу этаптары.

Пайдаланылған әдебиеттер

АДАМЗАТ ТАРИХИ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ҰЙЫМДАСҚАН САЯХАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕБЕПТЕРІ

  1. Туризм тарихынын түсінігі.

Туризм тарихы дегеніміз - саяхаттардың (жорықтардың, экскурсиялардың) ең қарапайым түрінен бастап күрделі түрлерін қоса және көне заманнан қазіргі заманға дейінгі жүріп өткен жолын зерттейтін ғылым. Туризм тарихының зерттеу пәніне туристік қозғалыстың әлеуметтік кұбылыс ретінде шығу, қалыптасу және даму заңдылықтары жатады.

Туризм тарихы өз зерттеулерінде археология, нумизматика, палеография, этнография және т. б. тарих ғылымының салаларының деректеріне сүйенеді. «Туризм» термині түрлі халықтардың тілінде XIX ғасырда ғана тұрақтала бастады. Көне және орта ғасырларда адамдар оның орнына «саяхат» деген сөзді қолданды. Қазіргі туризм-тануда саяхат деп адамдардьщ мақсатына қарамастан кеңістік пен уақытта орын ауыстыруын атайды. Қазіргі ТМД елдеріндегі туризм кеңестік кезенде әлеуметтік туризм ретінде дамып, шығындарына қоғамдық қаржы жұмсалды. Сол кезде туризм теориялық тұрғыда нақты адамдардың туристік іс-әрекеттегі мұратына байланысты зерттелді де, туризмнің қалыптасу тарихы ерекше әлеуметтік құбылыс санатында қарастырылды.

Туризм тарихын зерттеушілердің көпшілігі белгілі бір саяхаттар бойынша айқындалған фактілерді ғана баяндады. Олар адамзат тарихының әр түрлі дәуіріндегі туризмнін жеткен жетістіктерін ұйымдасқан саяхаттардың нақты әлеуметтік-экономикалық себептерімен байланыстырмады. В. Б. Салрунованың басқалардан басты ерекшелігі - туризм тарихын 4 кезеңге бөлді:

• 1 -кезең (көне замандардан XIX ғасырдың басына дейін) немесе оны «туризм тарихының алды» деп те атайды;

• 2-кезең (XIX ғ. -ХХ ғасырдың басы) - элитарлык, туризм
кезеңі, яғни туристік қызметтер көрсететін арнайы кәсіптің туындауы;

• 3-кезең (XX ғасырдың басы - П дүниежүзілік соғыстың басталуына дейін) - бұл әлеуметтік туризмнің қалыптаса бастауы;

• 4-кезең (1945 жылдан қазіргі кезеңте дейін) - бұл жаппай
туризмнің қазіргі кезеңі, туристік индустрияның туризм үшін
тауар өндіру мен қызмет көрсету кешенінің қалыптасуы.
Туризмнің дамуының әр түрлі кезенде дамуының дәуір-дәуірге бөлуге (периодизация) техникалық-экономикалық, әлеуметтік алғы шарттар және туризмнің мақсатты қызметтерін негізгі критерийлер етіп алған.

Бірақ В. Б. Сапрунова туризм тарихын кезең-кезенге бөлуде көне, орта және жаңа кезеңдердегі адамдардың ұйымдасқан саяхаттарының дамуын жеке-дара қарастырмаған. Яғни адам баласьшың уақыт пен кеңістікте орын ауыстыруынын, бастапқы мұраттары айқындалмаған деген сөз. Дұрысында жоғарыда көрсетілген мүраттар туризмтану теориясының басты мәселелерінің бірі болып табылады. Осы мәселелерді шешу ғана туризм индустриясының әлемдік және оңірлік перманентті интенсификациясын түсінуге, түсіндіруге мүмкіндік береді. Туризм тарихын зерттеудің мақсаты да осында жатыр.

  1. Алғашқы саяхат. Саяхаттын әлеуметік экономикалық себептері.

Ұйымдасқан саяхаттардын дамуы мен онын тууына негіз болған түрлі себептерді талдай келе, туризм тарихын дәуірлеудің негізінен адамзаттың жалпы тарихын дәуірлеумен сәйкес келетіндігіне көзіміз жетеді.

Адамзаттың тарих алдындагы хайуанаттар ортасынан бөлінуі 5-2 млн жыл бұрын басталып, б. д. д. ІУ мыңжылдықта аяқталған. Адамзат өркениетінің дамуының бірінші кезеңі - көне әлемнін тарихы (б. д. д. IV мыңжылдык - б. д. у ғ), екінші кезені - орта ғасырлар тарихы (V-XV Іт), үшінші кезеңі - жаңа дәуір тарихы (1918 жылдан біздің заманымызға дейін) . Терімшілдік пен аңшылық адам баласының бірнеше миллион жылғы басты кәсібі болған. Шамамен 10 мың жыл бұрын (кейде 5-тен 10 мың жылға дейін делінеді) терімшілдіктен -жер өндеу, аңшылықтан - мал шаруашылығы туындаған. Өндірістік еңбекке дейін адамның кеңістікте орын ауыстыруы терімшілдік пен аңшылық мақсатында болған. Адамдардың ол орын ауыстырулары ретсіз, жоспарсыз болып, ондағы мақсат аштық инстинюі, өзін-өзі аман сақтау немесе ұрпақты жалғастыру болған. Мұндай жағдай адам бойында тіршілік ету мен дамудың табиғатқа бейімделуінен табиғатты өзіне бейімдеу мәдениеті қалыптасқанға дейін жалғасты .

Түрлі ғылымдардың мәліметтерін талдай қарасақ, адам баласының Жер шарымен мақсатты түрде танымдық мүддемен саяхаттауы бұдан 5-6 мың жыл бұрын басталғанға ұқсайды. Міне, осы кезеңнен бастап адам терімшілдік пен аңшылықтан өндірістік еңбекке көшкен.

Көне заманның алғашқы саяхатшылары саудагерлер болды. Оған дәлел арнайы жоспарланған саяхаттың адамның өндірістік еңбегінің басталуымен байланыстылығында жатыр. Б. д. д. II мыңжылдықта адамның алғашқы еңбек бөлінісі (мал шаруа-шылығьшың жерді игеруден бөлінуі), екінші бөлініс (қолөнердің жер игеру мен мал шаруашылығынан бөлінуі), үшінші бөлініс (ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі) басталды.

Еңбектің бірінші, екінші бөліністері егіншілер мен малшылардың бір-бірімен азық-түлік алмастыру қажетгілігін, ал үшінші бөлініс Жер планетасының құрлығы мен суы жөнінде жүйелі мәліметтер жинауьша мүмкіндік тудырды. Адамдар жаңа жерлер ашу үшін планетаның құрлық, су, жер асты туралы деректер жинап, арнайы саяхаттарды жасауды жоспарлады. Осылайша тарих және география ғылымдары қалыптаса бастады.

Адамдардың металдарды (мыс, қола) кеңінен қолдануы, олардан жаңа енбек құралдарын жасау егіншілік иен мал шаруашылығында еңбек өнімділігі қауырт өсе берді. Өндіріс аясындағы билік еркектердің қолына көшіп, патриархалды қоғамдастық қалыптасты.

Адамзат қоғамындағы жоғарыда санамаланған барлық өзгерістер мақсатты саяхаттар үйымдастыруға 2 түрлі жагдай жасады. Бірінші, мал шаруашылығының дамуы құрлық жолында орын ауыстыруға ыңғайлы ат секілді көлікті қолдана алатын болды. Кейін келе аттың біршама алыс қашықтықты жылдам жүріп ететін жүрдек жылқылардың тұқымы іріктеліп алынатын жағдайға жетті. Екінші, еркектердің қоғамдағы жетекшілік жағдайы олардың отбасынан ұзап ұзақ сапар шегіп кетуіне мүмкіншілік берді. Еркектерше ұзап кетуге әйелдің жағдайы балалардың анасы, тәрбиешісі ретінде келе бермеді және отбасынын ошағының түтінінің түзу шығуы сол кісілерге байланысты болды.

Адам еңбегінің өнімділігінің артуы оларға темендегідей бірнеше мүмкіндік берді:

1) саяхатты өз еңбегінің енімдідігіне қарай жоспарлай алатын болды;

2) саяхат үшін материалдық дүние-мүліктерін (азық-түлік,
еңбек кұралы, киім-кешек, көлік) жинақтайтын, жасайтын, пайдаланатын болды. Әсіресе, ерекше таң қаларлық, данышпан адамдар жайындағы, табиғаттың, адамзат мәдениетінің нысандары туралы мәліметтер жинала бастады. Дәл осы мәліметтер әлемнің әр түпкіріне тез тарай бастады. Осы мәліметтерді естіген елдердегі адамдар енді табиғаттың, тарих пен мәдениетгің таңғажайып нысандарьш керу үшін арнайы саяхаттар, яғни туристік мақсатгағы табиғи саяхаттар жасауға көшті.

Көне әлемнің тарихында ұйымдасқан саяхаттардың дамуына негіз болған бірнеше мемлекетті атауға болады. Бұған ең алдымен ежелгі Египетгі (саудагерлер елдің ерекше сатыдағы адамдары болды, әлем жайлы информациялар жүйелі түрде жинақталып отырды, оның ішінде географиялық, астрономиялық және медициналық білімдер де бар), Вавилон патшалығы (Алдыңғы Азияда керуен және су жолдарын ұйымдастырып қолдап отырды), Финикия (теңіздегі және қүрлықтағы белсенді сауда, бос жерлер іздеу, б. д. д. II мыңжылдыктың аяғы -1 мыңжылдықтың басында әлемдегі ең озық корабль құру мен теңізшілер дайындаған, б. д. д. I мыңжылдықтың басында әлемдегі алғашқы алфавит құрастырылды), Персия (мемлекетгің орталық және шалғай аудандарының аралығын қосатын жолдар салу) . көне Үндістан (басқа мемлекеттермен қызу сауда, Ганг өзенінің алқабындағы ну орман-тоғайды игеру, қант бұтасьшың сөлінен алғашқы қант өндіру, мақтадан мата тоқу, әлемнің ең көне діні - буддизмнің негізі салынды), көне Қытай (темірді өндіру мен өңцеудің басталуы, б. д. д. II мыңжылдықта иероглифтік жазумен қағазды ойлап тапты, компасты, жібек өндіру тәсілін шығарды, шай дайындауды үйренді), көне Греция (қолөнер, корабль құрылысы, өз жазуларын ойлап тапты, Финикия, Египетпен тұрақты сауда, дауысты дыбысты белгілейтін алғашқы әріптік алфавитгі жасады, Жерорта теңізі мен Қара теңіз жағалауын жаппай отарлау, теңізде жүзудің дамуы, б. д. д. 776 жылы алғашқы олимпиадалық ойындардың ұйымдасты-рылуы, олимгшадалық ойындар кезінде соғысуға тыйым салынды), көне Рим (шығыс Жерорта теңізін игеру, христиан-дықтын тууы, елді ағарту жүйесінің және бүкіл империя үшін бір шіркеу жасап, христиандықты ұйымдастыру) елдері жатады.

Орта ғасырлар тарихындағы жоғарыдағы және одан да баска мемлекеттер туризмнің қалыптаса түсуіне итермеші күш (стимулятор) факторы қызметін атқарады. Олар: көне Рим мемлекетінің негізінде қайта құрылған Шығыс Рим империясы немесе Византия (Батые Европа мен Шығыс арасьшдағы сауданың дамуы, яғни «Ұлы жібек жолы», Аравия арқылы Парсы шығанағына, Үнді мүхитына өтетін «жүпар иіс жолы» мемлекеттік почта мен шет елмен қатынас ведомостволарының құрылуы, шіркеудің батыста католиктік, шығыста православиелік болып бөлінуі, крест жорықтарының басталуы), Аравия (үшінші әлемдік дін - исламның пайда болуы, Мекке мен Мәдинеге қажылық жасау), Франция, Германия. Италия (мектептердің ашылуы, академиянын құрылуы, крест жорықтары, сауданыңдамуы, европалық саудагерлердің Жерорта теңізіне орнығуы, ipi монастырлар, жол айрықтарында, өзен өткелдері теңіз айлағына жақын жерлерге қалалар салу, табарлық-ақшалық шаруашылықтың қалыптасуы, өнеркәсіптік өнімдердің ел ішінде дамыту, өнеркәсіптік табарларды ішкі және сыртқы рыноктарға шығару саясатын үстанды, күшті флот жасау, зайырлы өкіметті нығайту және ұлттык мемлекеттердің дамуы) .

  1. Саяхатты ұйымдастыру, адам еңбегін бөлу этаптары.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық туризмнің географиясының ортақ негізгі ресурстары
Халықаралық туризмнің тарихы
Туристік саяхаттарды медицмналық қызметтермен қамтамасыз ету
Қазіргі таңдағы әлемдік туризмнің даму жағдайы
Туризмнің даму тарихы
Туризмнің экономикалық мәні
Туристік саяхаттың мәні және мазмұны
Автомобильдік және автобустық турлар туралы жалпы мәлімет
Өлкетану іскерлігіндегі оқушылардың танымдық белсенділігінің даму мәселесі
Кала орны ретінде тандалған жердін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz