Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

1. Туризм

1. 1 Туризм туралы түсінік

Қазіргі кезде адам қызметінің әр түрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның ішінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз - туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік-сервистік нарық айналымының 10 пайызын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%, әлемдік инвестицияның 7%, әр 16-шы жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономикаға тікелей әсерін көрсетеді.

Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу және игеру, ресурстарды іздеу мақсатымен пайда болды.

Саяхат- адамдардың жылжу мақсатына байланыссыз кеңістіктегі қозғалысы. Саяхаттың бір түрі туризм болып саналады.

Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңда берілген анықтама бойынша : «Туризм-жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты».

Туризм (француз сөзі tourisme, tour- серуен, сапар) - бір жағынан, тек қана Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілікке тараған, салыстырмалы түрде жас, екінші жағынан саяхат ерте заманнан белгілі құбылыс. Туризм тарихын төрт кезеңге бөледі:

1) XIX ғ. дейін - элитарлық туризм, туристік өнім өндіретін арнайы кәсіпорындардың тууындауы.

2) XIX ғ. - бірінші дүниежүзілік соғыс - көлік дамуындағы дүрбелең өзгерістер, бірінші саяхат бюроларының ашылуы.

3) екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы кезең - көпшілікті туризмның дамуы.

4) екінші дүниежүзілік соғыстан кейін - қазіргі кезең - көпшілікті туризм, туристік индустрияның туризмға арналған тауар және қызмет өндіретін салааралық кешен түрінде құрылуы.

Бірінші кезең туризмның тарихи алғышарты ретінде анықталады. Антикалық заманда саяхаттың негізгі себебі сауда, білім, зиярат ету, емделу болды. Ежелгі Грекияда спорттық сапарлар туындады, өйткені Олимпиадалық ойындарға бүкіл елдердің тұрғындары жиылатын. Финикиялықтар Жерорта теңізі арқылы, қазіргі Сирия және Ливанға сапар шегетін.

Ортағасырларда саяхат діни сипат алды. Діни сенім адамдарды әулие жерлерге зиярат етуге жетеледі: мұсылмандарды - Меккеге, христиандарды - Иерусалим және Римге. Саяхатшыларды қабылдау орны шіркеулер болды.

Ренессанс және Ағарту дәуірі дінисебепті әлсіретіп, сапарлардың жеке тұлғалық және біліми бағытта дамуын күшейтті. Мысалы, ағылшындар, өз сапарларын Лондонда бастап, одан Францияға (Парижда бірнеше күн аялдайды), кейін - Италияға баратын. Қайтар жолдары Швейцария, Германия, Нидерланд арқылы өтетін.

XIX ғ. ортасына дейін саяхаттар мақсатты емес, тек өзіндік шараны (сауда, зиярат ету) жүзеге асыру шарты ғана болатын.

Екінші кезең көліктің дамуындағы дүрбелең өзгерістермен сипатталады. Параход, паровоздың ойлап табылуы жылжудың сенімділігімен, жылдамдығымен әрі саяхатқа шығынның азаюымен ерекшеленді. Осының нәтижесінде саяхатшылар саны көбейді. Осыған байланысты уақытша келушілерді күтетін кәсіпорындар (қонақ үйлер) пайда болды. XIX ғ. Ортасында демалыс индустриясы өз қызмет ететін аясын кеңейтті. Ең бірінші, туристік сапарды ұйымдастыру және оны тұтынушыларға саьуға міндеттенген саяхат бюролары ашылды. Бұған классикалық мысал, 1941 жылы ағылшын Томас Куктың демалуға ұйымдастырған топтық туры. Қызметтер кешенінде темір жолмен жиырма мильдық сапар, пойызда шай мен тоқаш-нан, оркестр болды. Томас Кук бірінші саяхат бюросын ашты (алдымен Лестерде, кейін Лонданда) . Соның үлгісімен 1854 жылы К. Ризель берлинде бірінші неміс саяхат бюросын ашты. XIX ғ. екінші жартысында туристік бюролар көптеген елдерде ашылды. 1862 жылдан бастап ең алғаш туристік сапарларға арналып шығарылған каталогтар жарық көрді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс, 30 - жылдардағы Ұлы күйреу және Екінші дүниежүзілік соғыс та туризм дамуына негативті ықпал етті . Осыған қарамастан осы соғыстар аралығында көпшілікті туризм ( үшінші кезең ) тууындады, оның гүлденуі соғыстан кейінгі онжылдыққа келеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан соң туризм нағыз көпшілікті ( төртінші кезең ) сипат алды. Ол дамыған елдер халқы үшін байлықтан қажеттілікке айналды. Өзіндік институты, өнімі, өндіріс циклы, ұйымдастыру және басқару әдісі бар туристік индустрия құрылды. Бұл кезең саяхатшылар, туристік кәсіпорындар санының және өндіріс көлемінің ұлғаюымен, орналастыру құралдарының салынуымен, туристік инфрақұрылым объектілерінің күрт өсуімен ерекшелінеді. Қазіргі заман туризмының ерекшелігі кең ауқымды халықаралық айырбас болуында.

Осындай ұзақ тарихы бар туризм, әлі күнге дейін біржақты анықтама алған жоқ. Ресейлік ғалым В. Г. Сапрунов айтқандай, әлі күнге дейін туризм ұғымын және түсінігін анықтайтын ортақ келісілген көзқарастың жоқтың қасы.

Туризм анықтамасын үш топқа топтастыруға болады. Бірінші топқа, туризмды рекреация түрі, бос уақытты өткізуде, сапар және адамның денсаулығын нығайту, әрі оның мәдениетін және білім деңгейін жоғарлатуды үйлестіргенқызмет көрсету саласын қолдану (адамның физиологиялық, интеллектуалдық және эмоционалдық күшін қалпына келтіру) ретінде сипаттайтын анықтамалар жатады.

Туризм анықтамасының екінші тобы, оны халық миграциясының бір түрі ретінде қарастырады, қозғалу актісімен, саяхатпен, кеңістікті жеңумен туризм статистикасының құралы ретінде сипатталады.

Анықтаманың үшінші тобы, туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде сипаттайды, оның әртүрлі қасиеттер мен қатынастарының бірлігін көрсетеді, ішкі мәнін ашады .

Статистикада туризм, мекен-жайды немесе жұмысты ауыстырумен байланысты емес, халық миграциясының бір формасы ретінде қарастырылады. Туризм басында адамдардың өз тұрақты жекен-жайынан басқа жерде қозғалысы және уақытша болуы. Бірақ тарихи даму процесінде бұл ұғымның мазмұны мен мәні өзгеріске ұшырады және толықтырулар енгізілді. БҰҰ 1954 жылы қабылданған анықтамасы бойынша, туризм - бұл денсаулықты нығайтуға, адамның денесін шынықтыруға әсер ететін, тұрақты жекен-жайдан тыс жерлерге барумен байланысты активті демалыс. Бұл ұғымның кең сипаттамасын Монте-Карлодағы туризм Академиясы берді: туризм - адамдардың өз тұрғылықты жерлерінен емделу мақсатында, бос уақытта танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін немесе кәсіби-іскери мақсатта уақытша келген жерінде ақылы жұмыспен байланысты емес ?жалпы түсінік.

1993 жылы БҰҰ Статистика коммисиясы Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) мақұлдаған анықтама қабылдады. Соған сәйкес туризм бір жылдан аспайтын мерзімде, дем алу, іскери және басқа да мақсаттарда, тұрғылықты ортадан тыс жатқан жерлерде саяхаттаушы адамдардың қызметін қамтиды .

Осы анықтамаға сәйкес туризмға тән негізгі сипаттамалар төмендегідей:

-тұрғылықты ортадан тысқары шығу;

-қозғалудың уақытша сипаты;

-сапардың мақсаттылығы;

Тұрғылықты ортадан тысқары шығу - туризмнің маңызды сипаттамасы. Белгілі бір жеке тұлғаның тұрғылықты ортасына, оның өмір сүретін мекен-жайы және ол жиі баратын белгілі бір аудан жатады.

БТҰ ұсынысы бойынша тұрғылықты орта параметрі екі көрсеткішпен сипатталады: объектіге бару жиілігі мен оның қашықтығы. Адамдар жиі баратын орындар, арақашықтығы алыс болғанмен де, тұрғылықты орта элементіне жатады . Оған мысал, шекара маңында тұратын адамдардың көрші мемлекетте қызмет атқаруы, олар турист қатарына жатқызылмайды.

Екінші көрсеткіш - арақашықтық. Мекен - жайға қашық орналасқан орындар, оған бару жиілігіне қарамастан тұрғылықты ортаға жатады.

Сапар мақсаты туризмға жататын қызметтер түрін дәл анықтайтын маңызды сипаттама. Саяхаттың басқа түрінен туризмді бөлетін критерии, бұл барған жерінде ақылы қызмет атқару мақсат болмауы тиіс. Сапар мақсаты, оның себебіне жатады. Адамның мінез-құлық әрекеті әрқашан себепті болады. Туристік себеп адамның қажеттіліктерін анықтайды.

.

.

2. Қазақстан Республикасының туризимінің дамуы

2. 1. Қазақстандағы туризм

Медеу мұз айдыны

Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 - 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г. И. Белоглазов пен Ф. Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В. Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф. Л. Савин басқарған) Медеу - Көкжайлау - Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В. Зимин, А. Бергрин, Д. Литвинов, Х. Рахимов, Г. Белоглазов, т. б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызстан командасына табыс етті. Сол жылы Алматыдағы Жетісу губерниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды.

Бурабай көлі

Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшін шағын үй салынды. 1936жылы бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кісілік “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты. Соғыстан кейін “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсенді демалысы мақсатында1952жылы Қазақстанда Туристік-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961жылы Алматыда Республикалық жас туристер станциясы ашылды. 1960жылы кәсіподақтардың Қазақ республикасының кеңесі жанынан туризм жөніндегі республика басқарма ұйымдастырылды. 1962жылы Туристік-экскурсиялық басқарма Туризм жөніндегі кеңес болып қайта құрылды. 1965 және 5 облысық (Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Орал, Шымкент) туристік кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды.

Шарын шатқалы

1950 - 60 жылдарыАлматыжоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С. Күдерин, Ү. Үсенов, Н. Дубицкий, В. Г. Хомулло, т. б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмді дамытуда үлкен үлес қосты. 1958 жылыЗиминге тұңғыш рет туризм бойыншаКСРО-ның спорт шебері атағы берілді. 1970 жылықұрылған Туризм және саяхатшылықтың республикалық кеңесі туризмнің одан әрі дамуына әсер етті. 1971 - 75 жылдарыҚазақстанда туризмнің материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристік ұйымдар көбейді, жаңа туристік базалар мен мейманханалар пайдалануға берілді. 1978 жылыҚазақстанда экскурсия мен туризмнің респ. кеңесі және 14 облыстық кеңес, 17 туристік база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристеріне қызмет көрсететін 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкентқалаларында туристік автомобиль базалары құрылды. Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті. 1988 жылытуризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына Н. И. Самойленко, С. Әбденбаев, Т. Жездібаев, А. Чукреев, О. Мазбаев, С. Р. Ердәулетов, т. б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 жылыҚазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001жылы 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” заң қабылданды. саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, т. б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді. 2002 жылыреспубликада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істеді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік фирмалары дүние жүзінің 80-ге жуық елімен қарым-қатынас жасайды. Алматы қаласының 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т. б. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған. Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т. б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Мысалы, Алматықаласында қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есік”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т. б. қонақ үйлер сервистік қызмет көрсетеді. Астанада 30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың ірілері: “Окан - Интерконтиненталь Астана”; “Комформ - Отель Астана”, “Турист”, “Есіл”, “Жібек жолы”, “Алтын дала”, т. б.

Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Алматымемлекеттік университетінде, Қазақ Ұлттық университетінде, “Тұран” университетінде, т. б. жоғары оқу орындарында дайындалады.

2. 2. Туристік нысандар

Қазақстандағы туристік ресурстарға - туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т. б. туризм түрлеріне бөлінеді.

Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді:

табиғи-рекреациялықтарихи-археологиялықтәуеп ету

Алтынемел тау жоталары

Табиғи-рекреациялық нысандарғаСолтүстік , Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс , Марқакөл, қазақстандықАлтай, Оңтүстік Қазақстанжеріндегі Батыс, СолтүстікТянь-Шань, Алтынемелтаулары, Жетісу алабы, Батыс ҚазақстандағыҮстірт, Мұғалжар, Каспийойысы, Жайықөңірі, Орталық , Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т. б. табиғи нысандар жатады. Сонымен біргеАлматы облысындағыұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалғанелді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.

Қарқаралы ұлттық паркі

Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде , Талхизқалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т. б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 - 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 - 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археол туристік нысандарға жатады. ОртағасырлықТүркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т. б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады.

Түркістан қаласындағыҚожа Ахмет Ясауи кесенесі

Түркістан- қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалағанТәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек бижерленген.

ҚазақстандаОтырар, Сарайшық, Сайрам, т. б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.

Арыстан баб кесенесі

Айша бибі кесенесі

2. 3 Туристік жобалар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кендірлі демалыс кешені туристік база ретінде дамыту
Қазақстан Республикасында зиярат ету діни туризмнің дамуы
Қонақ үйдегі сақтандыру түрлері
Туризмнің даму тарихы
Автомобильдік және автобустық турлар туралы жалпы мәлімет
Автомобильдік және автобустық турларды ұйымдастыру, жоспарлау негіздері
Қонақжайлылық индустриясының қалыптасуы
Ресей туризмінің тарихы
Туристік қызметті ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында туристтік бизнестің дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау және болжау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz