Қазіргі кезде нарықтық экономика жағдайында туризм индустриясын дамыту


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

15. Ұсынылатын әдебиеттер

І. Негізгі

1. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона «О бухгалтерском учете» от 26. 12. 1995г. №2732

2. Кодекс РК «О налогах и др. обязательных платежах в бюджет» от 12. 06. 2001ж. №209

3. Закон РК «О туристкой деятельности в РК» от 13. 06. 2001г.

4. Закон РК «О лицензировании» (с изменениями и дополнениями) на 13. 06. 2001 г.

5. Стандарты бухгалтерского учета и методические рекомендации к СБУ

6. Генеральный план счетов бухгалтерского учета и инструкция по его применению

7. Каморджанова Н. А., Каморджанов Д. Р., Коноплянник Т. М. . Бухгалтерский учет в гостиничном бизнесе. - СПб. : Питер, 2004 - 488с.

8. Бургонова Г. Н., Каморджанова Н. А. . Гостиничный и туристический бизнес: особенности бухгалтерского учета и налогооблажения: Учеб. Пособие. - М. : Финансы и статистика, 2000. - 352 с.

9. Бурганова Г. Н., Комарджанова Н. А. Гостиничный и туристский бизнес. Особенности бухгалтерского учета и налогообложения. М. Финансы и статистика, 1999 г.

10. Балабанов И. Т., Балабанов А. И. Экономика туризма. М. ФиС. 2000г.

11. Агеева О. А. Воробьева Н. А. Усик Е. А. Бухгалтерский учет и налогообложение в гостиницах //Главбух. 2000. №5

12. Азар В. Гостиничные обьединения. динамика развития //Туризм. практика, проблемы, перспективы. 1998. №1. С. 14-16.

13. Н. И. Кабушкин. Менеджмент туризма. Учебное пособие. Минск. ООО «Новое знание» 2001.

ІІ. Қосымша

1. Мырзалиев Б., Абдушукуров Р. «Основы бухгалтерского учета»

2. Мырзалиев Б., Абдушукуров Р. «Практикум по бухгалтерскому учету»

  1. Л. И. Лукичева. В. А. Квартальнов, В. А. Исаев. Менеджмент туризма и основы менеджмента. Москва «Финансы и статистика» 2002.
  2. Г. Н. Бурганова, Н. А. Каморджанова. Гостиничный и туритский бизнес. Особенности бухгалтерского учета и налогооблажения. Москва «Финансы и статистика» 2000.
  3. Н. А. Каморджанова, Д. Р. Комарджанов, Т. М. Конопляник. Бухгалтерский учет в гостиничном бизнесе. Питер 2004.
  4. Гуляев В. Г. Налогооблажение в туризме. М. Изд. ПРИОР. 1998г.
  5. Дуров А. П., Копанов А. С. Маркетинг в туризме. Минск. Изд. Экономпресс. 1998г.
  6. Карпов Г. А. и др. Экономика современного туризма. Москва-Санкт-Петербург. Изд. Герда. 1998г.
  7. Качалин В. В. Финансовый учет и отчетность в соответствии со стандартами GAAP. Изд. Дело. 1998г.
  8. Керимов В. Э., Сухов Р. А. Производственный учет в туристских организациях. М. Изд. Дом. «Дашков и К». 2000г.
  9. Кукушкина Л. П. Особенности ведения бухгалтерского учета в гостиничном бизнесе. М. Изд. Дом. «Аудитор». 2000г.
  10. Образцов А. В., Миронова Е. Ю. Практикум по налогообложению и бухгалтерскому учету в туристических фирмах. М. Изд. «Консалтбанкир». 2000г.
  11. Пузакова Е. П., Честникова В. А. Международный туристский бизнес. М. Изд. «Экспортное бюро». 1997г.
  12. Папирян Г. А. Международные экономические отношения. Экономика туризма. М. Изд. ФиС. 1998 г.
  13. Радостовец В. К. и др. бухгалтерский учет на предприятии. Алматы. Изд. «Даур». 1998 г.
  14. Чудновский А. Д. и др. Гостиничный и туристический бизнес. М. Изд. ЭКМОС, 1998г.
  15. Состав и учет затрат в туризме. Методические рекомендации. М. Изд. «Ось - 89». 2000 г.
  16. Журнал «Бюллетень бухгалтера».
  17. Журнал «Бизнес класс».

ҚЫСҚАША ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

КІРІСПЕ.

18. 02. 2005 ж. күнгі ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстан экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялды-инновациялық стратегияны іске асыру мақсатында туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты шикізаттық емес секторды дамыта отырып, халықаралық нарықта жоғары бәсекеге қабілетті экономиканы құрып, жоғары стандартта өмір сүру міндетін алға қойды.

Халықаралық нарықта туризм қатынастары табыс түсіретін маңызды кіріс көзі ретінде танылып, әлемде экономикалық мәні бар салалардың біріне, ал кейбір Таиланд, Кипр, Малайзия сияқты т. б. дамушы мемлекеттер үшін - олардың өмір сүру негіздеріне айналған. Бұдан басқа, әлемде көптеген елдерде туристік сала 350 млн. жуық жұмысшылар мен қызметкерлер үшін жұмыс орнына және кәсіби өсуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл салада еңбекпен қамту көлемі басқа қызмет көрсету сферасына қарағанда екі есе тез өсіп отырады екен.

1993 жылдан бастап Қазақстан Бүкілдүниежүзілік туристік ұйымның мүшесі болып табылады.

Қазіргі кезде нарықтық экономика жағдайында туризм индустриясын дамыту, еліміздің экономикасының тұрақтылығына оңтайлы әсер ететін нарық саралымдарының бірі. Туризмнің халық шаруашылығындағы мәні келесі факторлармен анықталады: 1) өндірістік функциясымен. Туристік салаларда жұмыс атқаратын кәсіпорындар жаңа өнім өндіріп, одан қосылған құн пайда болады және құндылықтардың жинақталуына әсерін тигізеді; 2) халықты жұмыспен қамтуға әсер ету функциясымен. Туристік өнімдер материалды емес тауарлар болғандықтан, олар қызмет көрсету түрінде болып келеді. Бұл қызметті іске асыратын туризм персоналдары. Туризмде техникалық құралдардың дамуы жұмыс түрін жеңілдеткенімен, қонақтарға қызмет көрсету жұмыс орнын ауыстыра алмайды. Сондықтан туризмде материалды-техникалық базаның дамуы жұмыс күшінің қысқаруына аз ықпалын тигізеді; 3) қор жинау функциясымен. Туризмде табыс табуды құру ұлттық табыстың өсуіне әсер етеді, себебі мемлекеттік бюджетке жаңа салық көзі құйылады, туризм секторында жұмыс орны бар жұмыс күші еңбек ақымен қамтамасыз етіледі, туристік кәсіпорындармен кіріс болған әрбір табыс қаражаттары кезекті айналымында жаңа пайда әкеледі және бұл айналымда, егерде жабдықтаушылар болып табылса, басқада тұлғалар пайда табады және сондай-ақ аймақтық сауда-саттық, ауылшаруашылық, өнеркәсіп табыстарының артуына әсер етеді; 4) деңгейлестіру функциясымен. Туристер өнеркәсіп әлсіз дамыған аумақтарға, табиғаттың тепе-теңдігі сақталған ортаға және алғашқы ландшафты жерлерге қызығушылық танытады. Бұндай аймақтар көптеген жағдайларда ауыл шаруашылығы болып келеді. Бұл жерлердің тұрақты халқы үшін туризм қосымша табыстың маңызды көзі болып, олардың табыстарын өнеркәсібі жақсы дамыған орындармен теңестіреді; 5 ) төлем баланс функциясымен. Қызмет көрсету балансының құрамы елдің ішіндегі және шетелге шығу саяхаттары болып табылады. Бұл баланста шетелге шығушы жергілікті туристердің шығындарымен шетелден келуші туристерге қызмет көретуден түскен табыстар салыстырылады.

2001 жылы Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұған сәйкес ҚР кейбір заң актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді және ҚР кейбір актілерінің күші жойылды деп танылды, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

БҰҰ 24-ші Ассамблеясында және одан кейінірек БСҰ 12-ші Ассамблеясында Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдениетінің халықаралық және ұлттық мәнін ескере отырып, Жібек жолын зерттеу және оны халықаралық туризмді дамытуда негізгі бағыттардың бірі ретінде тану туралы шешім қабылдаған болатын.

1998 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен «Жібек жолы тарихи орталықтарын жандандыру, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтауды және мирасқорлауды дамыту, туризмнің инфрақұрылымын құру» туралы Мемлекеттік Бағдарлама бекітілген.

Біздің ойымызша Қазақстанның жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайына оңтайлы әсері көп туризм индустриясын дамытуда, оның кәсіпорындарының бірі қонақ үй шаруашылықтары бизнесінде бухгалтерлік есеп саясатын дұрыс ұйымдастыру маңызды болып табылады. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп - бұл қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы қоғамда маңызды қолданбалы мәні бар, арнайы экономикалық облыс. Бухгалтерлік есеп кәсіпорындардың құқықтық-ұйымдастыру формаларымен және олардың қызметтік мақсаттарына қарамастан барлық кәсіпорындар үшін керек. Бүгінгі күні нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде қонақ үй шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ролі ерекше. Бұл қазіргі кездегі бір қатар себептермен және сондай мінездегі қазақтанда болып жатқан нақтылықтарға шарттастырылған. Оның ішіндегі маңыздыларын атап өтсек:

  • Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп обылысындағы жұмыстарды қонақ үй мамандары орындауы үшін білім шеңберін талаптарға сәйкес кеңейтуі керек;
  • Нарықтық экономика жағдайындағы қонақ үй шаруашылығында есеп стандарттарын, салық заңдарын және басқада нормативті актілерді қолдануы;
  • Қонақ үй шаруашылығында мамандардың жұмыс технологиясын компьютерлік техникаларды қолдану әсерімен өзгерту және басқару шешімдеріне негізделген есеп беру үшін сандық әдіспен талдауды күнделікті жұмыста қолдану қажеттілігі;
  • Қонақ үй бизнесі облысында сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін мамандардың ролін арттыра отырып, оған сәйкес міндеттері мен жауапкершілігін жүктеу керек.

І. Туризмдегі бухгалтерлік негіздері

  1. Туризмде Бухгалтерлік есеп негізгі түсініктері мен прициптері

1. Туризм қызметіндегі мүліктік кешендер.

2. Туризмдегі қызметтердің түрлері.

3. Туризм қызметтерінің басты мінездемелері.

1. Туризм қызметіндегі мүліктік кешендер.

Туризмде қызмет көрсететін ғимараттар, жабдықтаулар және басқада мүліктері бар қызмет көрсетуге арналған мүліктік кешендерге бухгалтерлік есеп жүргізіледі.

Туризм қызметтерін бекітілген тәртіпте мүліктік құқығы бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер адамдарды уақытша орналастыру және оларға қызмет көрсету бойынша қызметтерді ұсыну үшін меншігіндегі қаражаттарын орналастыратын және тікелей басқаратын қандай да бір ұжым іске асырады.

Туризм қызмет көрсету сферасына жатады және шаруашылық қызметін ұйымдастыруда тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңды талаптарды сақтау, бухгалтерлік есеп және салық салу жұмыстарында өзіндік ерекшеліктері бар.

Қазақстан Республикасы ‡кіметінің Қаулысымен бекітілген қонақ үй қызметтерін іске асыру Ережесімен Қазақстан Республикасындағы барлық қонақ үйлер басқарылады. Осы Ережеге сәйкес қонақ үй қызметтерінің толық тізімі және олардың бағасы көрсетілген тақта ілініп тұруы керек.

Туризмде қызметтерін көрсету көпшілікке арналған келісім шарттар ережесі бойынша іске асырылады. Бұл келісім шарт қонақтарға жағдай жасау мен қызмет көрсету құнын анықтайды және қонақ үйге келген барлық қонақтар үшін бірдей әрекет етеді.

Туризмде қызмет көрсеті кешеніне: қонақ үй, ресторан, дәріхана дүңгіршегі, бөлшек сауда ұйымдары және қоғамдық тамақтандыру (кіші барлар, кафе, кафетерилер, буфеттер және т. б. ), жергілікті АТС, валюта айырбастау орны, медициналық ұйымдар (мысалы, тіс емдеу кабинеті), автокөлік тұрағы, шаштараз, кір жуу бөлімі, жөндеу жүргізу қызметі кіреді.

2. Туризмдегі қызметтердің түрлері.

Қонақ үй - бұл қызмет өндіру (қонақ үй өнімі) және қызмет көрсету бойынша күрделі шаруашылық кешен болып табылады.

Қонақ үй өнімдері әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі. Аймақтық жағынан бір немесе бірнеше объектілердің аясында халықаралық, ұлттық, аймақтық; түрлері жағынан - қаражаттарын орналастыру (отель, қонақ үй, мотель, кемпинг өнімдері) ; мамандандырылуы жағынан - демалыс, әуес іс-ермек, іскер және спорттық туризм; клиенттері жағынан - жеке қабылдау, топтық, жастар және т. б.

Қонақ үй өнімінің өзіндік ерекшелігі ретінде сатып алынатын, сондай-ақ сатып алу кезінде оған (қонақ үй нөмеріне) иелік етуді емес, белгіленген уақытқа және белгіленген орында пайдалануға қол жеткізуді ұғындыратын қызметтердің орналасуы қарастырылады.

Туризмде Қызмет көрсету - бұл тұтынушының тұтынысын қанағаттандыру бойынша орындаушының жеке қызметі, сондай-ақ орындаушы мен тұтынушының өзара әрекеттеріне тікелей байланысты нәтиже.

3. Туризм қызметтерінің басты мінездемелері.

Туризм қызметтерінің басты мінездемелері:

  1. қызметтің өндірісі мен тұтынысы бір уақытта іске асырылады. Қызмет тұтынушының емес (қонақ, турист), өндірушінің территориясында (қонақ үйде) іске асырылады. Қызметті өндіретін қонақ үй персоналдары тікелей тұтынушылармен қарым-қатынаста болады және тұтынушы оны өзіне көрсетілетін қызметтің бөлінбейтін бөлігі ретінде көреді;
  2. көрсетілетін қызметтердің сақталуы (жинақталуы) мүмкін емес. Қызметтердің өндірісі орындалу уақытында және орнында тіркеуге алынады: егерде қонақ үй өнімі белгіленген күнде сатылмаса, онда қонақ үй қызметінің қаржы нәтижесі кем болады;
  3. өнімнің сезілмейтіндігі. Қызмет іске асырылғанға дейін, оны бағалауға, өлшеуге болмайды;
  4. сұраныстың мерзімдерге байланысты өзгеріп отыруы. Көп туристердің жаз мерзімінде демалуларына қарай сұраныс жазғы маусымда ұлғаяды, қыс айларында азаяды;
  5. өзара тәуелділігі. Қонақ үй өнімін өткізу көлеміне: елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар; туроператорлармен, турагенттермен қонақ үйлерге қатысты қабылданған маркетингтік шешімдер; қонақтарды (туристерді) тарту көлемі; транспорттық қызмет көрсету деңгейі әсер етеді.

Қонақ үй өніміне сұраныс әрбір күн, апта немесе мерзімдерде құбылмалы болып келеді.

Қонақ үй кешені кәсіпорындарының ұйымдастыру-құқықтық формасы ҚР Азаматтық кодексімен анықталып, оған сәйкес әртүрлі қоғамдастықтар түріндегі шаруашылық формасы болып келеді.

2. Туризмде Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың методологиялық негіздері

1. Туризмде бухгалтерлік есеп түсінігі.

2. Туризмде бухгалтерлік есеп берудің қажеттілігі.

3. Туризмдегі қызметтерді бағалау.

1. Туризмде бухгалтерлік есеп түсінігі.

Туризмде Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың методологиялық негіздері және оның принциптері ҚР Азаматтық кодексімен және ҚР «Бухгалтерлік есеп тулалы» заңымен белгіленген.

Туризмде Бухгалтерлік есеп - кәсіпорындардың мүліктері мен міндеттемелері туралы ақша көрсеткішісінде ақпараттарды жинақтайтын, тіркейтін, жалпылайтын және олардың қозғалысындағы барлық шаруашылық операцияларды тегіс, үздіксіз және құжаттық есепке алатын белгілі тәртіпке келтірілген жүйе.

Бухгалтерлік есептің мәні кәсіпорынның жарғылық міндеттемелерін орындауға бағытталған қаржы-шаруашылық қызметтері болып табылады.

Бухгалтерлік есеп объектілері:

  • кәсіпорын мүліктері;
  • міндеттемелері;
  • шаруашылық процестері (шаруашылық операциялары) .

Бухгалтерлік есептің халықаралық жүйесі бухгалтерлік ақпараттар мен есеп беруге келесі сапа мәнін және талаптарын көрсетеді:

  • орнықтылығы (өткен шақ, осы шақ және келер шақ кезеңдердегі жағдайларды бағалау көмегімен бұрынғы бағаны ұстау немесе өзгерту жүргізуде ақпараттарды тиімді пайдалану қолданушылардың экономикалық шешімдеріне әсер етеді) ;
  • сенімділігі (егерде ақпарат қате және бұрмаланған болмаса, онда сенімді болып табылады. Оның негізінде: ақпараттың растығы, формаларда мәнінің көрсетілуі, бейтараптылығы, толықтылығы, абайлампаздылығы жатыр) ;
  • салыстырмалығы (ақпарат қолданушыларға әртүрлі кезеңдердегі қаржы есебін салыстыруға және әртүрлі кәсіпорындардың қаржы есебін теңестіруге мүмкіндік беретін түрде көрсетілуі керек) ;
  • түсініктілігі (ақпарат қажетті экономикалық білімі бар қолданушылар үшін түсінікті және сондай-ақ, олардың зерттеу жүргізу талабына сай болуы керек) ;

2. Туризмде бухгалтерлік есеп берудің қажеттілігі.

Есеп беруде кәсіпорын туралы айқын және толық көрініс болуы керек.

Туризм қызметтеріне есеп жүргізу ережесі бухгалтерлік есептің жалпы белгіленген принциптерімен регламенттенеді. Олар:

  • кәсіпорын оқшауландырылған есеп объектісі ретінде қарастырылады;
  • есептеу әдісін қолданады;
  • шектелген есеп беру кезеңдері аралығында іскерлік белсенділігі шектеледі;
  • кәсіпорын жақын болашаққа және осы шақтағы уақытта қызмет атқарушы ретінде қарастырылады;
  • мүліктері мен міндеттері құндық бағаланады.

Бухгалтерлік есептің жоғарыда аталған барлық принциптерінің мәнін қарастырып көрейік.

Кәсіпорын оқшауландырылған есеп объектісі ретіндегі принципте мүліктері мен міндеттері басқа кәсіпорындардың мүліктері мен міндеттемелерінен бөлек есепке алынатынын көрсетеді.

Шектелген есеп беру кезеңдері аралығында іскерлік белсенділігінің шектелуі принципінде кірістері мен шығыстары істе нақты орындалған кезінде есепте көрсетіледі және мойындалады. Бірнеше есеп кезеңдерінде жүргізілетін кірістері мен шығыстары да сәйкесінше шектеледі.

Кәсіпорын қызмет атқарушы ретіндегі принципі бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде және есеп беруде болашақ кезеңдерде кәсіпорынның жұмысын жалғастыруы және оның қызметін тоқтатуға мәжбүрлейтін мәліметтердің болмауы немесе оның масштабы мен мінезінің мәнін өзгертуі туралы болжайды.

Құндық бағалау принципі бағалау кезінде мүліктерді сатып алынған бағадан немесе өзіндік құнынан жоғары бағалауға жол бермей, бағалауды барлық мүмкіншілігінше нақты көрсетеді және абайлампаздықпен жүргізеді; кірістері мен шығыстары ақша қаражаттарының түсімі мен төлемдері іске асырылған кезеңдерге байланысты бағаланады.

3. Туризмдегі қызметтерді бағалау.

Мүліктері, капиталды және міндеттемелерін бағалау кезде келесі жағдайларды басшылыққа алу керек:

  1. мүліктері, капиталы және міндеттемелері бухгалтерлік баланста ақша көрсеткішінде көрсетіледі;
  2. сатып алынған мүліктері, оларды сатып алуға нақты жұмсалған шығындарының жиынтық соммасымен бағаланады;
  3. өтеусіз алынған мүліктері - мүлікті алған күнге сәйкес нарықтық бағасы бойынша кіріске алынады;
  4. кәсіпорынның өзінде өндірілген мүліктері - оны дайындау құны бойынша кіріске алынады;
  5. валютамен көрсетілген мүліктері мен міндеттемелері операцияның орындалу күніндегі ҚР Орталық Банкісінің шетел валюталық курсы бойынша қайта есептелу негізінде тенгемен бағаланады.

3. Туризмде Бухгалтерлік есепке Заңды және басқада нормативті талаптар

1. Туризмде бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі талаптары.

2. Туризмде бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі ережелері

1. Туризмде бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі талаптары.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша негізгі талаптар 26. 12. 1995 ж. күнгі №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» Заңды күші бар Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығында кейінгі өзгерістермен және толықтырулармен қалыптастырылған.

Қазақстан кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі ережесі және ұйымдастыру тәртіптерінің методологиялық негіздері «Бухгалтерлік есеп туралы» Заңынан басқа келесі құжаттармен регламенттенеді:

  • ҚР Азаматтық кодексі;
  • ҚР «Салық және бюджетке басқада міндетті төлемдер туралы» кодексі;
  • Әкімшілік құқықты бұзу туралы кодексі;
  • Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметтерінің бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары және оны қолдану бойынша нұсқаулар. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Кәсіпорындардың есеп саясаты» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі;
  • «Күрделі құрылыс келісім-шарттары (контракттары) есебі» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Құны шетел валютасында көрсетілген активтері мен міндеттемелерінің есебі» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп беруі» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Материалды-өндірістік қорлар есебі» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Негізгі құралдар есебі» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Есеп беру күнінен кейінгі жағдай» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Шаруашылық қызметтердің шартты фактілері» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Кәсіпорындар табыстары» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Кәсіпорындар шығындары» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «‡лестес (аффилиат) тұлғалар туралы ақпараттары» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Сараланым бойынша ақпараттары» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Мемлекеттік көмек есебі» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Материалды емес активтер есебі» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Қарыздар, несиелер есебі және оларды орналастыру бойынша шығындар» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Қызметін тоқтату бойынша ақпараттар» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шығындарының есебі» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Пайдаға салық салу бойынша есеп айырысу есебі» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;
  • «Қаржы салымдарының есебі» бойынша бухгалтерлік есеп Ережесі. Қаржы министрлігі Бұйрығымен бекітілген;

2. Туризмде бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі ережелері

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі ережелері нормативті актілердің мәліметтерімен анықталады.

Бухгалтерлік есепте мүліктері, міндеттемелері және шаруашылық операциялары (шаруашылық қызметінің фактілері) :

  1. бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарына енген өзара байланысы бар бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты жазба әдісімен іске асырылады. Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары ҚР Қаржы министрлігімен бекітілген бухгалтерлік есеп шоттары Бас жоспарының негізінде кәсіпорынмен бекітіледі;
  2. жаппай, үздіксіз мінезде болып келеді;
  3. ағымдағы шығындары мен күрделі салымдарын шектеумен, сондай-ақ синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтерінің сәйкестігін қамтамасыз етуі керек.

Қаржы-шаруашылық қызметтерінің операциялары орындалу сәтінде немесе оның соңында толтырылатын алғашқы құжаттар есеп регитрларында жазулар үшін негіз болып табылады.

Мүліктері мен қаржы міндеттемелері бухгалтерлік есепте нәтижелері көрсетілетін міндетті түрде түгендеуге жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Әлемдегі туризм инвестициясы
Туризмнің әлемдік экономикадағы, Қазақстандағы және Алматы облысындағы рөлін зерттеу
Туристік инфрақұрылым
ТУРИЗМДЕГІ ОЙЫН ИНДУСТРИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (мысал ретінде бір аймақты алу)
Туризм саласында кластерлік жүйені дамыту
Туристік мемлекеттік реттеу
ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР ҰҒЫМЫ
Қаржы саясаты туралы ақпарат
Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz