Туризмдегі қызметтерін, қоғамдық тамақтандыру және басқада қызметтерін сату есебі


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

12. Туризмдегі қызметтерін, қоғамдық тамақтандыру және басқада қызметтерін сату есебі.

1. Туризмде баланстағы қызметтер

2. Бухгалтерлік есептегі шот-фактуралар

3. Дайын өнімді өндірістен шығару құжаттары

1. Туризмде баланстағы қызметтер

Қонақ үй шаруашылығы тек қана тұратын бөлме бойынша қызмет көрсетіп қоймайды, сонымен қатар оның балансында ресторан, бар, әсем салонын, сауна, автотранспорт тұрағы және т. б. шаруашылықтары болады.

Сондай-ақ, қонақ үй өзінің конференц-залын, ресторанын, банкет залын және басқада үй-жайын қысқа мерзімге жалға береді.

Бұдан басқа қонақ үй көңіл көтеру (бильярд, боулинг) қызметтерін де көрсетеді.

Сондықтан қонақ үйге қызмет түрлері бойынша жеке есеп жүргізуі керек. Бұл үшін қонақ үй шоттарының жұмыс жоспарында 701 «Дайын өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс» шотына келесі қосымша шоттар ашуға болады:

  • «Тұратын бөлмелер бойынша қызметтерді сатудан түскен түсім»;
  • «Рестораннан түскен түсім»;
  • «Автотұрақтан түскен түсім»;
  • «Ағымдағы үй-жайды жалға беруден түскен түсім» және т. б.

Қонақ үй қызметтерін (қонақ үй өнімін) сату есебі активті-пассивті 701 «Дайын өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс» шотында жүргізіледі. Бұл шот кәсіпорынның кәдуілгі қызмет түрлерімен байланысты табыстар туралы ақпараттарды жалпыламалау, сондай-ақ олар бойынша қаржы нәтижелерін анықтау үшін арналған.

Кәсіпорынның қызмет түрлері ереже ретінде оның жарғысында көрсетіледі. «Қызмет түрлері» бөлімінде кәсіпорын «заңмен тйым салынбаған кез-келген қызмет түрін» іске асыра алады деп көрсеткен. Егерде кәсіпорынның басқада қызметтерінен табыс үнемі түсіп отыратын болса, бұндай жағдайда, табыс кәдуілгі қызмет түрлерінен алынған болып саналады.

Тұратын бөлме бойынша қызмет көрсету қонақ үйдің негізгі қызметі болып табылады. Сондықтан одан түскен түсім 701 «Дайын өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс» шотының қосымша «Тұратын бөлмелер бойынша қызметтерді сатудан түскен түсім» шотында есепке алынады.

Қонақ үй қызметінің негізгі өнімін сату бойынша операциялар есепте дұрыс көрсетілуі үшін ең алдымен «нақты көрсетілген қызмет» түсінігін анықтап алу керек.

Қонақ үйде тұратын бөлме бойынша клиентпен келісім шартты тоқтатқан кез (яғнм қонақ үйден кету), нақты қызмет көрсету болып саналады. Бұл қонақтың кету кезінде оған есеп айырысу құжаттарының (тұрған бөлмесі үшін шот, төлем туралы квитанция немесе кассалық чек) рәсімделуімен негізделеді.

Бірақ, қызмет көрсетудің сандық көрсеткіші қонақ үй номерінде қонақтың тұратын календарлық күндері болып табылатынын ескеру керек. Клиент қызмет ақысын алдын-ала төлеп қоюыда мүмкін. Сәйкесінше, бұндай жағдайда есеп айырысу құжаттары оған кету кезінде емес, төлем жүргізілген кезде жазылады. Сондықтан қонақ үйде нақты қызмет көрсетуді анықтаудың ең сенімді варианты қонақ үйде клиенттің толық тұрған әрбір тәулігіне көрсетілген қызмет болып табылады.

Сондықтан қонақ үй өзінің есеп саясатында табысты мойындау әдісінен (есептеу әдісі («жөнелту бойынша») немесе кассалық әдіс («төлем бойынша») ) басқа, клиентке нақты қызмет көрсетудің күнін анықтайтын вариантын: қонақ үйде тұрған әрбір календарлық толық күнін немесе қонақтың қонақ үйден кету кезін көрсетуі керек.

Қонақ үй қызметтерін сатудан түскен түсімді есепте көрсету үшін (нақты қызмет көрсетудің күнін анықтаудың кез-келген вариантында) қонақ үй қызметін ұсыну келім-шарты негіз болып табылады.

Бұндай қызметті ұсыну келісімі қонақты номерге орналастыру кезінде оның паспортын немесе басқада ауыстыруға болатын құжаттарын (әскери билеті, жеке куәлігі және т. б. ) тапсыруы бойынша жүргіңзіледі.

Бұндай келісім қонақ үймен бекітілген өндірістік формада рәсімделуіне болады. Мысалы, квитанция немесе қонақ үйдің қандай да бір басқа құжаты келісімді растаушы болып табылады. Бірақ кез-келген бұндай құжаттың келесі реквизиттері болуы керек:

  • қонақ үй атауы (бұдан басқа, жеке кәсіпкерлер үшін аты-жөні және мемлекеттік тіркеу туралы мәліметі көрсетілуі керек) ;
  • клиенттің аты-жөні;
  • тапсырылатын номер туралы мәлімет (номердегі орны) ;
  • номер бағасы (номердегі орындар) ;
  • қонақ үйдің қарастыруы бойынша басқада қажет мәліметтер.

Келісім негізінде бұл мәліметтер клиентпен есеп айырысу есебінің автоматтандырылған немесе қолмен жүргізуге болатын сәйкес регистрларына (карточкалар) қойлады. Содан соң қонақ үйдің нақты қызмет көрсетуді анықтауды таңдаған вариантына байланысты бір күнге немесе барлық мерзімге (қонақтың кетуінен кейін) бөлмеде тұру құны қонақ үй түсіміне енгізіледі.

Егерде қонақ үй номерін заңды немесе жеке тұлға белгілі бір уақытқа жалға алатын болса, бұндай жағдайда қызметтің нақты қолдану мерзімі (апта, ай, тоқсан) көрсетілген жалға алу келісімі, нақты қызмет көрсетуді анықтайтын негіз болады. Сәйкесінше жалға беру қызметін сатудан түсетін түсім қонақ үй есебінде сол мерзімнің өтуі бойынша көрсетіледі.

Қонақ үйдің сатып алушылармен (мысалы турфирмалармен) өзара байланысы ұзақ мерзімді негізде және қонақ үй номерін сатып алу кезінде пайда болады.

Ұзақ мерзімді байланыс жағдайында тапсырыс беруші кәсіпорынмен (турфирмамен немесе кез-келген басқа ұйымдармен) және қонақ үй арасында келісім шарт толтырылады. Келісім шартта көрсетілуі керек:

  • келісілген тур өткізу графигіне сәйкес туристерді қонақ үйге орналастыру лимиті;
  • тапсырыс беруші кәсіпорынмен берілген тапсырыс бойынша қонақ үйде тұратындарды орналастыру;
  • орындарды брондау үшін төлем;
  • төлем жүргізу мерзімдері;
  • төлем жүргізу тәртібі (қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу) ;
  • көрсетілетін қызметтерге алдын-ала төлем.

Келу алдында тапсырыс беруші кәсіпорын қонақ үй адресіне тұратын қонақтар санын, мерзімін, номер категорияларын, төлем жүргізу тәртібін және қосымша қызметтер көрсетілген тапсырыс жолдайды.

Номер категориясына байланысты бөлмеде тұру құны анықталады.

Келісім шарт негізінде қонақ үйге қабылдау және орналастыру қызметтері брондалған номерлерге карточка ашады. Онда көрсетілуі тиіс:

  • тапсырыс номері;
  • тапсырыс беруші кәсіпорынның атауы;
  • карточка ашуға негіз (келісім шарт, кепілдік хат) ;
  • тұрғындардың тұратын мерзімі және жағдайы;
  • жоспарланған және нақты тұрғындардың келуі;
  • тұратын номер және оның бағасын тапсыру;
  • брон қоюдың күні мен сағаты;
  • тұрғынның аты-жөні;
  • кету күні, сағаты (бронды алу) .

Брондалған номер карточка мәліметтеріне сәйкес қонақ үй бухгалтериясы тапсырыс бойынша қызмет көрсету шотын жазады. Шотта тұру құны, қосымша қызметтердің (тамақтану, сақтандыру және т. б. ) және бронның құны көрсетіледі. Номердің бағасы (номердегі орын), оны төлеу тәртібі, сондай-ақ номер бағасына кіретін қызметтердің тізімін қонақ үй бекітеді. Мүмкін сағаттық немесе тәуліктік тұру төлемі бекітілген болуы мүмкін.

2. Бухгалтерлік есептегі шот-фактуралар

Әрекет етуші тәртіпке сәйкес шот-фактура жазылады. Бухгалтерлік жазулар шоттарда жүргізіледі:

  • қонақ үй қызметіне алдын-ала төлем жүргізілген жағдайда, алынған аванс соммасына:

Д 441 «Есеп шот» (немесе қолма-қол есеп айырысу кезінде 451 «Касса») ;

К 672 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу;

  • Алынған авнс соммасынан бюджетке ҚҚС есептеу:

Д 672 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу;

К 333 қосылған құн салығы

Нақты қызмет көрсету және тапсырыс беруші кәсіпорындарға шот жазу кезіндегі бухгалтерлік жазулар:

  • тұру бойынша нақты сатылған қызметтің соммасы:

Д 672 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу;

К 701 «Дайын өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс» шотының

қосымша шоты «Тұратын бөлмелер бойынша қызметтерді сатудан

түскен түсім»

  • тұратын бөлмелер бойынша қызмет көрсетуден түскен түсімнен ҚҚС есептеу:

Д 701 «Дайын өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс» шотының

қосымша шоты «Тұратын бөлмелер бойынша қызметтерді сатудан

түскен түсім»

К 333 Қосылған құн салығы

  • Авансқа төленген ҚҚС соммасын қайтару:

Д 333 Қосылған құн салығы

К 672 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу.

  • Қонақтардың тұрғын-жайы үшін берешектерін жою соммасына:

Д 672 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу.

Қосымша шот «Алынған аванстар»

К 672 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу.

Қосымша шот «Бөлмеде тұру үшін есеп айырысу»

Қонақ үй қызметтерін көрсету бойынша 900 «Негізгі өндіріс» шотының қосымша «Қонақ үй қызметі бойынша шығындар» шотында есепке алынған нақты шығындар келесі түрде жойылады:

Д 701 «Дайын өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс» шотының

қосымша шоты «Бөлмеде тұру үшін сатылған қызметтердің өзіндік

құны»

К 900 «Негізгі өндіріс» шотының қосымша «Қонақ үй қызметі бойынша

шығындар».

Көрсетілген қонақ үй қызметінің қаржы нәтижелері 701 «Дайын өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс» шотының қосымша шоттарындағы дебеттік және кредиттік жазуларды салыстыру жолымен анықталады. Келесі шоттарда бухгалтерлік жазулар көрсетіледі:

  • Алынған табыс соммасына

Д 701 «Дайын өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс» шотының

қосымша шоты «Бөлмеде тұру үшін сатылған қызметтердің өзіндік

құны» екінші тәртіптегі қосымша шот «сатудан пайда (залал) »;

К 571 Жиынтық табыс (залал) .

  • Алынған зиян соммасына

Д 571 Жиынтық табыс (залал) .

К 701 «Дайын өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс» шотының

қосымша шоты «Бөлмеде тұру үшін сатылған қызметтердің өзіндік

құны» екінші тәртіптегі қосымша шот «сатудан пайда (залал) »;

Ресторан (асхана) өнімін сату есебі үшін 701 «Дайын өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс» шотының қосымша «Ресторанның (асхана) дайын өнімін сату» шоты қолданылады.

3. Дайын өнімді өндірістен шығару құжаттары

Дайын өнімді өндірістен шығару құжаттарын рәсімдеу сату орнына байланысты болады. Егерде сату орны өндірістен бөлек болатын болса, онда өнімнің сатылуға жіберілуі күндізгі заборлы листпен рәсімделеді.

Күндізгі заборлы листтің негізгі реквизиттері:

  • өнімнің аты;
  • өнімнің коды;
  • өлшеуіш бірлігінің аты;
  • өлшеуіш бірлігінің коды;
  • сату бағасы;
  • босатылған уақыты көрсетілген тағамдардың саны;
  • дайын өнімнің қайтарылуы;
  • күндік босатылған дайын өнімнің сатылу бағасы бойынша сандық қорытындысы;
  • күндік босатылған дайын өнімнің сатылу бағасы бойынша ақша бағасында қорытынды соммасы;
  • күндік босатылған дайын өнімнің есеп соммасы бойынша ақша бағасында қорытынды соммасы;
  • қабылдағанның тіл хаты;
  • тапсырғанның тіл хаты.

Сатылған дайын өнім шикізаттың есеп бағасы бойынша жұмсалған шикізаттың құнын өндіріске жіберілген бағасымен жоюды қамтамасыз ететін калькуляция карточкасына сәйкес жойылады.

Егерде сату орны өндірістен бөлек болмаса, онда өнімді сатуға босату қолма-қол есеп айырысуға асхананың дайын өнімді сату туралы актімен рәсімделеді.

Асханадан өнімді буфеттерге жіберу күндізгі заборлы листпен рәсімделеді.

¤ндіріс меңгерушісі асхана бойынша өнімдердің қозғалысы және ыдыстар туралы әр күні екі данада есеп жасап, оның бір данасы тіл хат арқылы бухгалтерияға жіберіледі. Есепке жоспар-меню және ағымдағы күннің менюі тіркеледі.

Бекітілген тәртіпке сәйкес дайын өнім және тауарлар сатылуы сауданың үстеме бағасымен жүргізіледі.

Кассирдің есебі бойынша және ККМ шотының көрсеткішіне сәйкес асханада дайын өнімді сату түсімінің соммасына бухгалтерлік жазу беріледі:

Д 451 «Касса»

К 701 «Дайын өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс» шотының

қосымша шоты «Ресторанның (асхана) дайын өнімін сату»

13. Туризмде қызметтер капиталының түрлері.

1. Жарғы капитал

2. Қосымша капитал

3. Меншікті капитал

1. Жарғы капитал

Жарғы капитал - жарғы міндеттемелерін орындау үшін қонақ үйдің меншік капиталын қалыптастыратын негізгі көзі.

Қазіргі кезде коммерциялық кәсіпорындардың ұйымдастыру формасына байланысты, көлемі құрылтайшылар құжаттарында көрсетілетін меншік капитал бөлігінің түсінігі келесі түрде көрсетіледі:

  • шаруашылық қоғамның жарғы капиталы (акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектелген қоғамдастық) ;
  • мемлекеттік және муниципиалдық ;
  • мемлекеттік және муниципиалдық унитарлық кәсіпорын жарғы капиталы;
  • серіктестік шаруашылықтың жиналмалы капиталы;
  • өндірістік және тұтыныс кооперативтерінің үлестік жарнасы.

Жарғы капиталы оның мүшелерінің номиналды құнының үлесінен құралады. Қоғамдық жарғы капитал, оның кредиторларының көзқарасына кепілдік беретін қоғамдық мүліктің ең төменгі көлемін анықтайды.

Жарғы капиталының есебі үшін пассивті, баланстық 50 “Жарғы капиталы” бөлімінің шоттары, ал құрылтайшылармен есеп айырысу үшін 511 “Төленбеген капитал” шоты қолданылады.

Жарғы капиаталы қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру кезінде жарияланады, ал оның толық қалыптасуы иегерлерімен бірден немесе бекітілген уақыт ішінде біртіндеп іске асырылуы мүмкін. 503 “Жарғы капитлына салымдар мен жарналар” шоты жарияланған капиталдың соммасына кредиттеледі және 511 “Төленбеген капитал” шот дебеттеледі. Жарияланған капитал нақты төленген кезде 511 “Төленбеген капитал” шот кредиттеледі және жасаған салымдарына байланысты 10 “Материалды емес активтер”, 12 “Негізгі құралдар”, 20 “Материалдар”, 22 “Тауарлар” бөлімшелерінің шоттары дебеттеледі.

Қонақ үй шаруашылығының жарғы капиталының қалыптасуын көрсететін типтік проводкаларды қарастырып көрейік.

Жарияланған жарғы капиалының соммасына

Д 511“Төленбеген капитал”

К 503“Жарғы капитлына салымдар мен жарналар”

Құрылтайшылардың жарғы капиталына нақты жарнасы

Д 441 “Есеп шот” немесе 451 “Касса”

К 511 “Төленбеген капитал”

Құрылтайшылар негізгі құралдар салымын жасады (мебель, транспорттық құралдары, ғимараттар, компьютерлер және т. б. ) .

Д 121-126

К 511

Құрылтайшылармен басқада тауар-материалды құндылықтар салымдары жасалды.

Д 201-206, 208, 222, 223

К 511

Құрылтайшылармен материалды емес активтер салымдары жасалды (бағдарламалармен қамтамасыз ету, жер иелігіне құқықты болу және т. б. ) .

Д 101-104, 106

К 511

2. Қосымша капитал

Қонақ үй шаруашылығы үшін бұл топтан қосымша капитал мен жинақталған пайда баптарын бөлу маңызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезде нарықтық экономика жағдайында туризм индустриясын дамыту
Туризм қызметтеріндегі айналымнан тыс активтер
Туризмдегі қызметті жетілдіру мәселелері
Туроперейтинг тәртібінің рөлі мен орны
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының ұсынатын қызмет түрлері
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қызметінің теориялық негіздері
Жарнаманың әсер ету процессі мен қабылдануы
Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері
Туризм мамандықтарына арналған дәрістік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz