Туризмдегі қызметті жетілдіру мәселелері


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Нұрходжаев М.

Туризмдегі қызметті жетілдіру мәселелері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050902- мамандығы - «Туризм »

Түркістан 2010

Ф-ОБ-001/033

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі, э. ғ. к., доцент Асан Д. С

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Туризмдегі қызметті жетілдіру мәселелері»

050902- мамандығы бойынша - «Туризм »

Орындаған Нұрходжаев М.

Ғылыми жетекшісі

э. ғ. к аға оқытушы Батырова Н. Т.

Түркістан 2010

ЖОСПАР

беті
: КІРІСПЕ
беті: 4
: І ТУРИЗМДЕГІ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
беті:
:
беті:
: 1. 1 Туризм - қызмет секторы ретінде . . .
беті: 6
: 1. 2 Туристік қызмет нарығындағы негізгі ұғымдар және түсініктемелер . . .
беті: 14
: 1. 3 Туроператор қызметінің анықтамасы және ұйымдастырушылық ерекшеліктері . . .
беті: 23
:
беті:
:
беті:
: ІІ ТУРИЗМДЕГІ ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАРДЫ ТАЛДАУ
беті:
:
беті:
: 2. 1 Қазақстандық туризмдегі қызмет нарығының қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын талдау . . .
беті: 30
: 2. 2 Туристік қызметтің ұйымдастырушылық бағасы (“Жаңа Нұр” туристік фирмасының мысалында) . . .
беті: 40
:
беті:
:
беті:
: ІІІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
беті:
:
беті:
: 3. 1 Туризмдегі қызметтің дамуындағы проблемалық мәселелер . . .
беті: 49
: 3. 2 Туризмдегі қызметтің ұлғаюының басты шарттары . . .
беті: 56
: 3. 3. Туризмдегі қызметті жетілдіру жолдары . . .
беті: 62
:
беті:
:
беті:
: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
беті: 71
:
беті:
: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
беті: 74-76

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Елбасы Н. Назарбаев 2008 жылғы «Қазақстан халқына Жолдауында» ел экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде туризмді дамыту қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Қазақстан экономикасының болашағы бар салаларының бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселесінде туризмдегі қызметті жетілдіру мәселелері алғы шарттарда тұрады. Сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанның бәсекелестік басымдылығы оның таңғажайып мәдениетінде (мәдени-танымды), бай табиғи әлеуетіне (экологиялық туризм), қызмет белсенділігінің өсуіне байланысты қызмет туризмімен, сонымен қатар демалыстың белсенді түрімен, мысалы, спорт және сол сияқты басқа да туризм түрлерімен айналысуға болатындығымен ерекшеленеді. Туризм мемлекеттің экономикалық дамуының басым секторларының бірі деп атап көрсетілді.

Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға ықпалын, экономиканың барлық секторына әсерін есепке ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туристік саланың болашағын анықтады. Бұл концепция туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуын құқықтық, ұйымдастырушылық негіздерін жасап, Қазақстанда бәсекеге қабілетті туризм индустриясын жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында туристік қызметке туристік және экскурсиялық саяхаттар, туристік қызметтің барлық түрлерін көрсету, туристік мақсаттағы тауарлар мен азық-түлікті өндіру және тарату жатады. Бұл қызметтердің бәрі туристік қызметтің негізгі жарғылық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады. Туристік қызметтің субьектілері шетелдік, отандық заңды және физикалық тұлғалар, туризм саласындағы қызметпен айналысатын азаматтығы жоқ адамдар.

Соңғы жылдары елдің ішінде демалуға сұраныс күрт өсті, сондықтан туристік қызметті жетілдіру мәселелері қазіргі таңда өзекті болып тұр.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Еліміздің табиғаты мен орналасқан жері туристік қызметті дамытуға қанша қолайлы болғанымен, бұл сала тоқырап қалған. Оған отандық туристік фирмалардың көбі сыртқы туризмге қызмет етіп, шетелдіктерді елімізге тартуға келгенде дәрменсіздік танытуы басты себеп. Туризм ел экономикасындағы басымдыққа ие бағыттың бірі екенін ескерсек, бұл бизнесті дамыту мемлекеттік қолдауды қажет етеді.
Алтынның қолда барда қадірі жоқ. Қазақстанға шетелдік саяхатшылар легін көптеп тарту үшін атқарылуы тиіс жұмыс көп. Мәселен, соңғы үлгідегі жайлы қонақүйлер мен мейрамханалар салу, көне сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, салт атты және керуен сапарларының бағытын оңтайлау, тарихи орындарға апарар жолдарды жөндеу, ұлттық қолөнер кәсіпшілігін қалпына келтіріп, экологиялық, спорттық, қауіп-қатерлі туризм инфрақұрылымдарын жолға қою қажет. Сондықтан туризмдегі қызметті жетілдіру жолдарын анықтап, оларды қолға алу қазіргі таңда өте маңызды шара болып табылады.

Жоғарыда аталған туризмдегі қызметті жетілдіру мәселелерін анықтау бағдарында келесі мақсаттар алға қойылды:

  • туризмдегі қызметтің теориялық негіздерін ашықтау
  • туризмді қызмет секторы ретінде қарастыру
  • туристік қызмет нарығындағы негізгі ұғымдарға түсініктеме беру
  • туризмдегі қызметтің дамуына әсер етуші факторларды талдау
  • Қазақстандық туризмдегі қызмет нарығының қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына баға беру

Аталған мақсаттар келесі міндеттерді шешуді талап етеді:

  • туризмдегі қызметтің дамуындағы проблемалық мәселелерді анықтау
  • туризмдегі қызметтің ұлғаюының басты шарттарын табу
  • туризмді дамытудағы туристік қызметті жетілдіру мәселелерін ұсыну

Зерттеу пәні болып туристік қызметті жетілдіру жолдары болып таңдалды.

Зерттеу нысаны туристік қызмет болып табылады.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыстың көлемі 76 бет, оның ішінде 4 кесте және 4 сурет қарастырылған.


І ТУРИЗМДЕГІ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Туризм - қызмет секторы ретінде

Туризм деген ұғым өз бастауын өте тереңнен алады. Ертедегі адамдар жаңа жерлерге қызығушылықтары артып, саяси жағынан да, сауда мақсатымен, оқу үшін қияндағы алыс сапарларға аттанып отырған.

Туризм қоғамдық, шаруашылық кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстұрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады, әсіресе В. Унцикер мен Дж. Маротти секілді ғалымдмрдың ортақ еңбектерінде.

Бұл еңбекте К. Пшеславскийдің (1973ж) бөлген кезеңдері келтірілген, оның келесідей кезеңдері бар:

1. XVIII ғасырдың соңына дейінгі туризм: а) Ежелдегі туризм. ә) Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезіндегі туризм. б) ХУІІ - XVIII ғасырлардағы туризм

2. XIX және XX ғасырлардағы - II Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм.

3. Қазіргі заманғы туризм [1] .

Ал туризм анықтамасына келер болсақ, тұрлі ғылыми әдебиеттерде әрқалай түсіндіріледі.

«Туризм - (француз сөзі tоurism-серуендеу, саяхат мағынасына келеді) бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерлерде өткізудің бір түрі» [2] .

Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша «туризм» - бұл адамдардың тұрақтылықты жерінен тыс жерге саяхаттау жөне түнеу барысында пайда болатын қатынастар менқүбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе.

Сонымен, туризм деген түсінік, ол тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе одан артық уақыт ішінде болатын рекреакцияның барлық түрі. Туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды деп санайды.

Ғылыми әдебиеттерде туризмнің пайда болуы ежелгі Египет, Греция, Римде көрініс берген. Алайда ол кезде туризм ешқандай табыс көзін әкелмеді. Ал XVII ғасырда Еуропада «таза туризм» формасы пайда болды. Себебі бұл кезеңде адамдар үшін көлік түрі экипаждар болып, саяхатшыларға жағдай жасау мақсатымен әрдайым дамытылып, жақсартылып отырды. Қысқа мерзім ішінде көліктік қызметтің көптеген тұрлері пайда болып, жолдардың техникалық жағдайы жақсартыла берді. Осы кезеңде алғашқы қонақ үйлерде пайда бола бастады. Соның бірі 1788 жылы салынған «IV Генри» қонақ үйі. XVII ғасыр мен XX ғасырдың басына дейін туризм саласы сала ретінде бір жүйеге келіп дами бастады. Осы аралықта туризм Халықаралық және ұлттық негізде қалыптасты [3] .

Қазіргі таңдағы туризм II Дүниежүзілік соғыстан бастау алып Ғылыми Техникалық революция нәтижесінде жаңаша сипатқа ие болды. Қазіргі туризм классификациясы, бәрінен бұрын территориялық туристік шаруашылық пен қозғалыстың дамуын жоспарлау үшін қажетті. Бұл классификацияның мәні туризмнің жеке тұрлерін бөліп көрсету болды. Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалынбаған. Оны тәжірбиеде туризмнің нақты бір түрін бөлудің мүмкін еместігі түсіндіреді.

Туризмді әртүрлі белгілеріне қарай классификациялауға болады: а) Мақсатына қарай; ә) Саяхаттың мерзімі мен үзақтығына қарай; б) Қозғалу түріне; в) Орналасу жолына, г) Саясатқа қатысушылардың құрамының сапасына және т. б бірақ, шешуші рөлді атқаратын - саяхаттың мақсаты [4] .

Туризмнің түрлері сан түрлі. Олар бірқатар факторға бағынышты, олардың ішіндегі ең айрықшалары:

- бос уақыттың болуы мен үзақтығы;

-Туристердің жасы, жынысы, денсаулығы, рухани дамуының деңгейі, адамның жеке талғамы және материалдық молшылық;

- Табиғи жағдай мен мезгілдің әртүрлілігі;

- Қозғалудың мүмкіндіктерінің болуы және т. б

Сапардың мақсатына, шарттарына, бағытына қарай туризмді кластарға, тұрлерге бөлуге болады.

Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясына қарай туризмнің негізгі үш түрін бөліп қарауға болады: 1 Емдеу; 2 Спорттық-сауықтыру; 3 Танымдық.

Демалысты дұрыс ұйымдастыру, оны өзіне тиімді пайдалану адам ағзасын жақсы шынықтырады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттық және сауықтыру тұрлерінің маңызы зор, онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес.

Жоғарыда айтылған тұрлері арқылы туризмнің классификациясы құрастырылып жіктеледі (кесте 1) .

Туристік ағым мен оның бағытына қарай, сондай-ақ құқықтық статусына байланысты туризм екі үлкен классқа бөлінеді: Ішкі (ұлттық) ; Халықаралық (шетелдік) [5] .

Ішкі туризм - бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саясаты. Халықаралық туризм - бұл азаматтардың өз елінен тыс жердегі саясаты, туристердің бір елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге сапарлары. Шетелдік туризм - бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсатпен басқа елге келуі.

Бұлай бөліну халықаралық туризмнің екі басқа түрімен тығыз байлан-ысты - кіру және шығу, бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристің саяхат жасау мақсатына оның шыққан елін және баратын жерін анықтайды. Туристің шыққан елі шығу туризмі делінсе, ал баратын елі кіру туризмі деп аталынады, бір турист бірден шығуда және кіруде турист бола алады.

Ұлттық туризм ішкі және сыртқа шығу туристік ағымдардан құралады, бір елдің ішіндегі туризм ішкі және келетін ағымдарды қамтиды.

Ішкі туризм дегеніміз - демалу, спортпен айналысу және басқада мақсаттар үшін адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы, бүндай саяхаттарда елдің шекарасынан өтпейді, туристік құжаттарды толтырмайды.

Кесте 1. Туризмдегі қызметті көрсететін кәсіпорындардың жіктелуі

Бірінші қайтара қызмет көрсету кәсіпорындары
Екінші қайтара қызмет көрсету кәсіпорындары
Бірінші қайтара қызмет көрсету кәсіпорындары: Тікелей белгілеу ұйымдары
Екінші қайтара қызмет көрсету кәсіпорындары: Жанама белгілеу ұйымдары
Бірінші қайтара қызмет көрсету кәсіпорындары:

Орналасу, тамақтану құралдары; мейрамханалар, ресторандар, кафелер, т. б. ;

Емдеу-сауықтыру курортары;

Көлік кәсіпорындары;

Сувенирлік өнімдер дайындау мен сату бойынша кәсіпорындар;

Туристерге қосымша қызмет көрсету бойынша ұйымдар

Екінші қайтара қызмет көрсету кәсіпорындары:

Жарнамалық ұйымдар;

Сақтандыру компаниялары;

Ақпараттық туристік кәсіпорындар

Қонақ үй шаруашылығынан тыс тамақтану кәсіпорындары;

Көлік кәсіпорындары;

Ауылшаруашылығы өнімдері, киім, жиһаз және т. б. Өндіру бойынша кәсіпорындар;

Банктер, химиялық тазарту, емдеу орындары және т. б.

туристік индустрия үшін кадр дайындайтын оқу орындары

Бірінші қайтара қызмет көрсету кәсіпорындары: Ескерту - тақырыпты зерттеу барысында автормен құрылған

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып, басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі - елдің төлем балансына тигізетін әсері. Сондықтанда шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп атайды. Оған қарсы туристердің шетелге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерін тигізеді. Бұндай туризмді «белсенді емес» дейді. Осындай едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен тығыз байланыста болады. Шынында да олар бір бүтін туризмнің екі бөлігі. Ішкі туризм халықаралық туризмнің дамуының негізін жасайды, ішкі туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристік инфрақұрылымның базасын құруға әсерін тигізеді. Сондай-ақ халықаралық туристік қозғалысқа, халықаралық туризм индустриясына енуге мүмкіндіктер туғызады.

Туризм классификациясының, оның саяхатқа шығу мақсатына қарай бөлінуі осы уақытқа дейін көптеген пікірталастар тудыруда. Көп авторлар оның басты мәселесін бірауыздан мақүлдайды және саяхатты мақсаты жағынан демалыс пен көңіл көтеру десе, басқа жағынан іскерлік туризм деп бөледі. Демалу мен көңіл көтеру мақсатындағы саяхат (рекреациялық туризм) туризмнің дамуындағы ең негізгі бағыт болып саналады. Оның еншісіне дүние жүзілік туризмнің 70% келеді. Олар сауықтыру, спорттық, танымдық сапарларын біріктіреді, шоп-тур және т. б. [6] .

Көптеген зерттеушілер туристік қозғалыстың дамуында басты рөлді «танымдық» туризмге береді. Соңғы уақыттарда жеке сапарлар дамуда немесе этникалық туризм туысқандарына, таныстарына немесе ата-бабаларының туған жеріне қыдыруы, олар дүниежүзілік туристік ағымның 10% құрайды. Іскерлік туризм - бұл саяхат, жұмыс мақсатымен ақшалай кіршіксіз командировкаға бару. Бүндай сапар мен съезге, ғылыми конгреске, конфер-енцияға, симпозиумға, өндірістік семинарға бас қосуға, жәрмеңке, көрме және халықаралық салондарға қатысуға барады және т. б.

Іскерлік туризм - бұл болашағы мол және тиімділігі жоғары туризмнің бір саласы. Туризм түрі жағынан әртүрлі белгілеріне қарай сыныпталған. Ұйымдастыру жағына қарай туризм: а) ұйымдастырылған (жоспарлы) ә) өз жоспары бойынша (әуесқойлық) б) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді [7] .

Қатаң уақыт тәртібі бойынша белгіленетін турфирмалар ұсынатын саяхат- ұйымдастырылған туризм деп аталады. Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы әуесқой және жабайы туристер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристердің жабайы туристерден айырмашылықтары болады. Әуесқой туристер туристік ұйымдармен байланысты жұмыс істейді. Жабайы туристер турфирмасыз, туристік ұйымдарсыз саяхаттайды.

Туризм осылайша әртүрлі белгілеріне қарай бөлініп кете береді. Бірақ кез-келген турист өзінің қалауы бойынша кез-келген сәтте туризм түрін алмастыра алады.

Туризм индустриясы салалар мен кәсіпорындардан тұратын бос уақытта көңіл көтерумен демалыстың әр тұрлеріне тұрақты және өзгермелі сұранысты қанағаттандыратын ірі шаруашылық кешен болып табылады.

Туризм индустриясы тауар мен қызмет өндіретін кәсіпорындардан тұрады. Олар:

1 Қонақ үй кәсіпорындары

2 Тамақтандыру кәсіпорындары

3 Транспорттық кәсіпорындар

4 Экскурсиялық кәсіпорындар, туристік бюро және агенттіктер

5 Сувенир өндіретін кәсіпорындар

6 Туристік профилді оку орындары

7 Ақпараттық және жарнамалық қызметтер

8 Туристік мақсаттағы ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары

9 Туристік өнім өндіретін кәсіпорындар

Туризм индустриясындағы кәсіпорындар әртүрлі туристік қызметтерді қалыптастырып бір туристік өнім өндіретін туроператорлардың көмегімен нақты туристік қызмет өндіреді. Сондықтан туризм индустриясын туропера-торлар қызметіндегі ресурстық база деп айта аламыз.

Өндіріс саласындағы көптеген мамандар, мысалы, компьютер операторлары, бухгалтерлер, маркетологтар, негізінде «тауар фабрикасының» әрекеттерін қамтамасыз ететін «қызмет көрсету» фабрикасында қызмет атқарады.

Үнемі тұрғындардың, тұтынушылардың қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған жаңа қызмет тұрлері пайда болып жатады. Сондықтан қызметтің мән мағынасын зерттеу, оның маркетинг кешенін өндеу қажеті қалыптасқан. Қызмет көрсету тауар ретінде күшіне енеді, сөйтіп тұтыну құнының ерекше түрі болып табылады. Ол пайдалы қызмет түрінде өмір сүріп, қоғамдық тұтыныстарды қанағаттандырады. Барлық жиынтық қыхмет көрсету олардың жұмсалуына байланысты - өндірістік және тұтынушылық (тұрғындарға көмек көрсету) қызметтер болып екіге бөлінеді. Өндірістік қызмет көрсету өндірістік қажеттіліктерді қанағаттандыруға және ол кәсіпорын мекемелеріне ұсынылады. Бүған жүк тасу көлігі де, байланысы да, өндіріске қызмет жасау, затты өткізуге қызмет жасау мен жабдықтау және т. б. қызмет көрсету жатады.

Тұтынушылық қызмет көрсету халықтың тұтыну тауарлары сияқты тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға қызмет жасайды және сондықтанда соңғысынан өте ерекше емес [8] .

Еңбек шығындарына байланысты тұрғындарға қызмет көрсету материал-дық және материалдық емес (таза) деп шектейміз. Өндірістегі еңбектің тұтынушыларға материалдық игіліктерді (мүндағы жағдайда - тұрғындарға) немесе тұрғындар қолындағы тауардың құнын және тұтыну құнын қалпына келтірумен байланыстарын материалдыққа қызмет көрсетуге жатқызамыз.

Осы қызметті көрсетуге жұмсалған еңбек бір жағынан тікелей жаңа құн мен тұтыну құнын (мысалы, үй жиһаздары, киім және т. б дайындауға көмек көрсету) жасауға қатысады немесе тауардың тұтыну (жөндеу жүргізу) құны қасиетін қалпына келтіреді [9] .

Материалдық емес қызметке - заттың, материалдық тұрге ие болмаған қызмет көрсету жатады. Бұл мәдени мекемелер, денсаулық сақтау, оку, демалые, туризм мекемелеренің қызмет көрсетуі, сондай-ақ балалар мен науқастарға және т. б. қызмет көрсетулер жатқызылады. Материалдық емес қызмет көрсету қоғамда, материалдық пен салыстырғанда тұрғындардың сұранымын қанағаттандыру аса маңызды мәнге ие болады [10] .

Ақылы-тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушылар көлігі мен байланыс қызметін көрсету, жинақ кассалары, туристік экскурсиялық қызмет көрсетулері жатады. Әдетте бұлар тұрғындар өздерінің отбасы бюджетінен толық төлеп отырады. Ақысыз қызмет көрсетулер жергілікті немесе республикалық бюджет есебінен жүзеге асады. Бүған денсаулық сақтау білім беру, қызмет көрсету тұрлері ақылы негізде де жүзеге асады [11] .

Жоғарыда айтылып өткендей қызметтің көптеген тұрлері бар. Сондықтан оларды топтастырудың да бірнеше тәсілі бар.

Эванстың теориясы бойынша қызметтер мына тұрлермен белгіленеді:

1. Рынок сегментіне қарай: түпкі тұтынушылар; ұйым тұтынушылар.

2. Қызметтің сезінуіне қарай: игілікті, мысалы, тауарды жалға беру; игілікті емес, мысалы, кеңес беру.

3. Қызмет көрсетушілер мамандығының деңгейіне қарай: жоғары мамандандырылған; нашар мамандандырылған.

4. Қызмет көрсетудің уәждемесіне қарай: коммерциялық қызмет; бейкоммерциялық қызмет.

5. Қызмет көрсетушінің еңбек стажына қарай: автоматтандырылған; жартылай автоматтандырылған; дене еңбегіне.

6. Қызмет көрсетушінің тұтынушымен байланысына қарай: тығыз байланыста; байланыстың керегі жоқ [12] .

Бұл қызмет тұрлерін толықтыру үшін Ф. Котлер белгілеген қызмет тұрлерін қарастырайық:

1 Қызмет көзіне қарай: адам атқаратын қызмет, мысалы, аудит; Машина арқылы атқаратын қызмет, мысалы, такси, үшақ, кинотеатр.

2 Қызмет көрсету кезінде клиенттің қатысуына қарай: клиенттің қатысуы қажет. Мысалы, медицина операциясын жасау. ; клиенттің қатысуы қажет емес, мысалы автомобиль жөндеу.

3 Қызметті сатып алу уәждемесіне қарай: жеке қызмет (клиенттің жеке басына) ; іскерлік қызмет (іскерлік қажеттер үшін) .

4 Қызмет көрсетушінің уәждемесіне қарай: коммерциалық немесе қайырымдылық қызмет; жеке адамға арналған қызмет немесе қоғамдық сипат алған қызмет [13] .

Қызмет дегеніміз - бір жақ екінші жаққа ұсынатын әр тұрлі әрекеттер, зат иелігіне әкелмейтін, оны қолмен үстап сезілмейтін әрекеттер [14] .

Қызметтің игілікті тауарларға қарағанда неше тұрлі айрықша айырмашылықтары бар. Олар: атап айтқанда мыналар болады:

І. Қызметтің сезілмейтіндігі, себебі оны тұтынушы сатып алғанға дейіи көріп, зерттеп сезе алмайды.

2. Сапаның тұрақсыздығы. Қызмет сапасы қызмет көрсетушінің ізгілігіне, оның мамандығына, қызмет көрсету уақытына және орнына байланысты болады.

3. Қызметтің сақталмайтындығы, яғни орындалған қызметті келесі жолы сатамын деп сақтауға болмайды. Мысалы кейбір дәрігерлер өздерінің пациенттерінен белгіленген уақытта келмеген сеанстары үшін төлеуді талап етеді, себебі аурудың келмей қалған жағдайында қызмет құндылығы төмендемейді және ол сақталмайды.

4. Қызмет әдетте оны орындайтын адамнан бөлінбейді. Мысалы, тіс дәрігерінсіз тісті емдей алмайсыз. Қызмет маркетингінде қызметті орындау (өндіру) және тұтыну үдерісі аса өзара байланысқан нәрсе.

5. Қызмет көрсету кезінде меншік құқығы ауыспайды.

6. Қызмет «өндіруші» мен клиент арасында тікелей қатынас орнатылады. Қызметтің осы тәрізді ерекше сипаттамалары қызмет рыногының ерекшелігін қалыптастырады. Ол ерекшеліктері мыналар:

1) Әртүрлі фирмалардың қызметтерін олардың орындалғанға дейін салыстыру, қызметтің жақсы және нашар зерттеу мүмкіндіктері болмайды. Ал тауар нарығында тауарларды салыстырып, бәсекелестік артықшылықтарын алдын ала анықтауға болады.

2) Белгілі көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері болғандықтан тұтынушылар қызметтер туралы мәліметті болғанын талап етеді [15] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысының туристік фирмаларының маркетингтік қызметіне баға беру
Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі
Әлеуметтік жарнама тұтынушылары
Туризм мәні
Маркетингтің туризм индустриясында маңыздылығы
Туристік кәсіпорынның дамуына жарнаманың әсері
Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқару
Шығыс Қазақстан облысындағы туристік қызметтер нарығының даму деңгейін және туристік әлеуетін талдау
ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz