Туризмі дамыған Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне жалпы сипаттама



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І-бөлім. Туризмі дамыған Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне жалпы
сипаттама
1.1. Мьянма, Бангладеш және Корея Респуликасындағы туризмнің дамуы
1.2. Тайвань, Тайланд елдеріндегі туризм мен туристік орындар жайлы
мәліметтер

ІІ-бөлім. Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі туризм жайында мамандар
пікірі
2.1. Д.Бердалиев, ҚР-ның КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ төтенше және
өкілетті елшісі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Халықаралық экономикалық байланыстардың айрықша түрі болып табылатын
халықаралық туризм қазіргі кезде жедел дамып келеді. Оған жеке аймақтар
мен елдердегі рекрециялық ресурстар алғышарт болады. Халықаралық
туризм үлесіне шамамен дүниежүзілік жиынтық ішкі өнімнің және жалпы
жұмыс істейтін халықтың 10%-ы тиесілі; туризм күшті дамыған кейбір
елдерде бұл көрсеткіш одан да жоғары. Жалпы шетел туристерін қабылдау
жөнінен Еуропа жетекші орын алады, оның үлесіне барлық туристердің 60%-
дан астамы тиесілі.
Қазіргі кезде халықаралық туризмнің ірі аудандары қалыптасқан,
олардың әрқайсысысның мамандану саласы бар.
Қамтылатын туристердің саны жөнінен теңіз жағалауындағы
курорттар жетекші орын алады. Туристердің айрықша жиі баратын ауданы -
Еуропа, Азия және Африканың Жерорта теңізі жағалауы. Мұнда әлемге әйгілі
Көгілдір жағалау (Француз және Италия Ривьерасы), Кипр және Мальта
аралдары, Испания жағалауы мен Балеар аралдарындағы, Солтүстік Африканың
курортты қалалары орналасқан.
Туристердің көп баратын нысандарының бірі - қалалар. Бұл тұрғыда
әсіресе тарихи ескерткіштерімен әйгілі ежелгі қалалар айрықша көзге
түседі. Еуропалық өркениет пен сәулет өнерінің түрлі кезеңдерінің
ескерткіштері сақталған Еуропа қалаларына жыл сайын дүниенің түкпір
түкпірінен туристер легі ағылады. Франция, Италия және Испания әрқайсысына
жылына 30 млн-нан астам туристер келіп, оларды қабылдаудан елдер
қазынасына 10 млрд доллар шамасында пайда түседі.
Сонымен қатар Азия елдеріне тоқталатын болсақ, мұнда туризмнің даму
қарқыны өте жоғары.

І-бөлім. Туризмі дамыған Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне жалпы
сипаттама
1.1. Мьянма, Бангладеш және Корея Респуликасындағы туризмнің дамуы
Редьярд Киплинг Мьянмадағы көздің жауын алатын биіктігі 100 метр
Шведагон ғибадатханасын көріп Күн нұрына шомылған ғажайып сұлулық деп
таңданыс білдіріпті. Төменгі жағы алтындалған қаңылтырмен апталып, жоғары
бөлігі алтын тақтамен безендірілген сәулеттің тамаша үлгісі туристерді бей-
жай қалдырмайды. Оны безендіруге 8 мың алтын қаңылтыр, 5 мың алмаз бен 2
мың інжу маржан жұмсалған. Салтанатты ғимаратты жергілікті халық
қадірлейді, бірақ оған деген құрметтерін ашық білдіре бергенді жөн
санамайды. Ғибадатхананың таңдай қақтырарлық қазынасы Будданың 8 тал шашы
мен 55 мертлік мүсіні. Қалғып кеткен Будданың монументі осыдан 1 ғасыр
бұрын жасалған.Келушілерге храм ішіне ашық-шашық түрде кіруге тыйым
салынған, аяқ киіміңді де табалдырықта қалдырасың. Әйелдер сопылар мен
қасиетті орындарға тым жақындамаулары тиіс. Үндіқытайдың басқа
мемлекеттеріндей Мьянмада да сарғыш түсті киім киген монахтар жиі
кезігеді.Жұрт сыйлайтын, көбі білімдар, ағылшын тіліне жетік сопылардан
көмек сұрауға да болады. Бұл жерде Будданың кез келген бейнесі ерекше
қастерленеді. Сондықтан халық нанымына құрметпен қараңыз.Соңғы жылдары
Мьянмада жиһангездер қатары көбеюде, көбінесе Еуропа мен Жапониядан келеді.
Жат жұрттықтарды қызықтаушылар көп. Әйтсе де, саудагерлер жеңіңе жабысып,
мазаңды алмайды.
Бирмалықтармен араласу оңай, өйткені олар өте жайдары, ақкөңіл,
қарапайым халық. Будда дүниетанымы төзім және байсалдылығымен ерекшеленеді.
Түрлі ұлт өкілдерінің көптігі сенім нанымның да әр алуан екендігін
білдіреді, Сондықтан қалаларда түрлі діни ғимараттардың қатар орналасуы
үйреншікті жағдай.Мьянманы бір аптада 8 күні бар мемлекет деп те атайды.
Бирма аптасы бойынша сәрсенбі талтүске шейін-бір күн, ал түс қайта –басқа
күн деп есептеледі! Мьянманың үндіқытайдағы елдерден тағы бір айырмашылығы-
ұлттық киімді қастерлейтіндігі. Мұнда әйелдер де, еркектер де белдемше киіп
жүреді. Цилиндр пішінінде тігілген "Лоунчжи" деп аталатын кешек адемі
байламмен белге таңылады. Әйелдердікі еркектерден қарағанда анағұрлым ала-
бажабақ, ашық түсті болып келеді және белдіктері алдынан емес, жанынан
байланады. Бұны шаруа адамынан бастап дипломаттарға шейін жаппай
киеді.Мұнда шайпұл қалдыру міндетті емес, дегенмен сыйлықтан ат тонын ала
қашатындар жоқ. Әсіресе қаламсап, калькулятор, сағаттар, опа далап, иіс
сабын, түрлі киім кешектерге жергілікті жұрт дән риза болады. Елде еркін
жүре алмайсыз. Шетелдіктерге кейбір қалалар мен аудандарға кіруге тйым
салынған. Оны нақтылайтын арнайы карта да бар. Кейбір бағытқа тек ұлттық
турфирмалардың бақылауымен, белгілі бір көлікпен ғана саяхаттау
қарастырылған.
Шалғайда жатқан Мьянма тұрғындары кейде еріксіз отандастарымызды
еске түсіреді. Атап айтсақ, біріншіден, олар да жол жөндегенді жақсы
көреді. Өйткені жол біткен тозған кейбір тұстарда тас төсеніш атымен жоқ.
Екінші ұқсастық, тұрғындар қалалар мен ғибадатхана аттарын өзгертуге құмар,
бұның кесірінен жолаушылар бағыттарынан шатысып жатады.
Мьянманың қай жерінде болмаңыз, мұнда сізді оқиғалар елеусіз қалдырмайды.



Туристік бағыттар күллі әлем бойынша жақсы дамығандығына
қарамастан, Бангладеш жиһангездер назарынан тыс қалуда. Бұл - табиғаты
бүлінбеген ел. Өзен-көлдері мен орман-таулары сұлулығы жағынан теңдессіз.
Осынау көз арбайтын әсемдіктің кіршіксіз тазалықпен табиғи үйлесім табуы
небір кінамшіл деген туристердің жүрегін мәңгілік жаулап алуы мүмкін.
Сіз мұнда археологиялық қазбалар орнына барып, бұдан 2 000 жыл бұрынғы
дәуірге сапар шегесіз. Сосын әлемдегі ең ұзын жағажайды, оған шектесіп
жатқан әлемдегі ең үлкен манго тоғайын және 19 ғасырдағы махараджалардың
жартылай қираған қоныстарын тамашалайсыз.
Бұл - әлемдегі халқы ең тығыз қоныстанған ел.Соған қарамастан,
Бангладештің ауыл-аймақтарында еркіндік, кеңдік, кішіпейілділік сезіліп
тұрады. Үндістаннан келген туристер құжаттарды толтыру орнына, бір кесе шай
ұсынған кеден офицерлерінің сыпайылығын көргенде сүйсіне, таңданысты. Мұнда
қолайсыздықтар да аз емес, бірақ сіз өзіңізді еркін сезінесіз.
Бангладештегі ішкі туристік бағыттардың айрықша ерекшелігі –жақсы дамыған
су көлігі жүйесін кеңінен пайдалану. Бірақ, баяу жүзетін кеме-қайықпен
сяхат жасауға көп уақыт кетеді. Сондықтан болар, Бангладештің астанасы
Даккада 350 мыңнан астам рикша бар.
Іс жүзінде, бұл - негізгі көлік. Оларды такси сияқты жалдауға
болады. Арбакештердің бірнеше түрі бар. Барынша кең таралғаны - велорикша.
Қала ішімен қозғалудың мейілінше жылдам және экзотикалық тәсілі - осы.
Сондай-ақ, рикшалардың жүк таситын түрі - Рикша-ван кездеседі. Саяхатшы
күнделігі Бангладеш Ұлттық мұражайына бару үшін осындай таксиді
пайдалануға кеңес береді. Көне мүсіндердің, үндістік, буддистік және
мұсылмандық кезеңдер картиналарының топтамасы, киім-кешектер, соның ішінде
жүзіктің көзінен өтетін, атақты муслиндік сари, әсем интерьерлік бұйымдар
сізді бей-жай қалдырмас. Сондай-ақ 205 акрлық ботаника бағы да!
Өсімдіктердің 10 900 түрі джунглий ішінде жүргендей әсер береді.
Бангладешке саяхаттау үшін ең қолайлы уақыт - ауа райы құрғақ әрі салқын
болатын қазан мен ақпан аралығындағы күз-қыс маусымы. Сәуір айына тап
болсаңыз жоғары ылғалдылық пен аптап ыстық сапарыңыздың шырайын қашырады.
Бангладешке бару көп қиындық тудырмайды.
Туристер осы шығыс елінің әуежайынан-ақ мерзімі 90 күнге жарамды
виза ала алады. Тағы бір жағымды жаңалық, Бангладешке кез-келген сомадағы
шетел валютасымен кіре аласыз. 5000-ға дейінгі американ долларын рәсімдеу
міндетті емес. Ал, жергілікті ТАК деп аталатын ақшаны сыртқа шығару 100
бірліктен аспауы тиіс. Айтпақшы, 1 доллар70 такқа тең. Сондықтан да
Бангладеш туристер үшін қымбатқа түспейді. Егер екінші кластағы көлікпен
жүріп, бірнеше нөмірге ортақ жалғыз ваннасы бар, желдеткіші жоқ, арзан
қонақ үйге тоқтасаңыз және ең арзан мейрамханадан тамақтансаңыз, Сіз күніне
небәрі 4 долларға шығынданасыз. Ал, жүйкеңізді тоздыратын автобуспен
жүруден бас тартсаңыз және ішек ауруларынан сақтанып, жақсы қонақүйден жеке
ваннасы бар бөлмені жалға алып, күніне 2 рет тәуір тамақтансаңыз, сондай-ақ
бірінші кластағы көлікпен жүрсеңіз, 10-15 доллар жұмсайсыз. Жайлылық пен
сапалы тамаққа ақша аямайтындар мұнда жоғары санаттағы қонақүйлер мен
мейрамханалардың санаулы екендігін ескергені жөн.Есіңізде болсын, Бангладеш
мейрамханаларында шәйпұл қалдыру жоқтың қасы. Алайда шетелдіктер жиі
келетін мейрамханаларда есептік соманың 5 пайызы мөлшерінде шайпұл қалдыру
қалыптасқан. Сондай ақ ризашылығыңызды ыммен білдіруге асықпаңыз. Бізде
тамаша дегенді білдіретін бас бармақ шошайту бұл мемлекетте ішкен
тамағымның ақысын жартылай ғана төлеймін деген мағына береді. Бангладеш-өте
шағын мемлекет, сіз кез-келген бағытта елдің бір шетінен екінші шетіне 7
сағат ішінде және 5 долларға жете аласыз.



Корея Республикасы Азия континентінің оңтүстік-шығыс бөлігінде
орналасқан. Ел аумағының басым бөлігі , яғни 70 пайыздан астамы – таулардан
тұрады. Сондықтан, Оңтүстік Корея әлемдегі ең таулы аймақ саналады.
Республика 9 әкімшілік ауданға бөлінген, ал халқының саны 48 жарым
миллионды құрайды. Оңтүстік Корея өзінің ылғалды қоңыржай климатымен
ерекшеленеді. Жылдың қай мезгілінде келмеңіз, сізді мұнда әрқашан әдемі,
көз тартар сұлу табиғат қарсы алады. Наурыз, сәуір айлары - жеміс
ағаштарының гүл жаратын кезі. Маусым айында ауа температурасы 20 градус
Цельсиядан әзер ғана асады, бұл кездері муссондық жаңбыр мерзімі басталып,
ол әрі ыстық, әрі ылғалды тамыз айына дейін жалғасады. Мұнда күз
қыркүйектің соңында ғана түсіп, ағаштар алтын және қола түстес сары реңге
боялады. Мұндай саналуан түстер көрінісі желтоқсанның басына дейін көз
қуантады. Қыстыгүні мұнда суық әрі ызғарлы жел соғып тұрғанымен, үскірік
аяздар болмайды, тіпті қар да сирек жауады.
Оңтүстік Кореяда ешқандай қазба байлықтары жоқ, әйтсе де халықтың тұрмысы
біздің отандастарымыздан жоғары. Мұның сыры жергілікті және шетелдік
нарыққа арналған өнім өндіру ісінің жақсы жолға қойылуында болса керек.
Елде тіс тазалағыштан бастап, автокөлікке дейін барлығы өндіріледі. Біздің
азаматтарға жақсы таныс made in China деген таңба мұнда жоқтың-қасы
немесе өте сирек кездеседі. Ал, жаңа технологияларды дамыту мен техникалық
ресурстарды пайдалану жағынан Оңтүстік Корея біздің елді 10 жылға артқа
қалдырған.



1.2. Тайвань, Тайланд елдеріндегі туризм мен туристік орындар жайлы
мәліметтер
Қытай Республикасын жас немесе көне мемлекет деп атауға
болмайды. Тайвань ресми түрде континенттік Қытайдан әлі тәуелсіздік алған
жоқ. Соған қарамастан аралдың өзіндік билігі мен заңдары бар. Ел бірнеше
жылда бір рет президент мен парламентті сайлайды. Тайвандықтар талай
уақыттан бері өздерін Қытай елінің бір бөлшегіміз деп санамайды. Қытай ұзақ
уақыт туристер үшін жабық болып келсе, керісінше Тайвань әу бастан барлық
әлемге өз есігін айқара ашты. Ең алдымен туристерге аралдың әсем табиғаты
ұнайды. Алғаш бұл жерге XVI ғасырда қажымас португалдық теңізшілер
қызығушылық танытып, аралды көрегендікпен Формоза деп атаған, аудармасы
Керемет деген мағынаны білдіреді. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристік
мекендерден айырмашылығы, Тайванда туристердің ізіне түсетін саятшылар
жоқ, алаяқтық пен қылмыс та аз. Есесіне жайдары күлкі жетерлік. Ел астанасы
Тайбэйдің үстінен ұшқанда бір-біріне соншалықты таяу орналасқан зәулім
үйлердің жасыл желектермен үйлесім табуы таңғалдырады. Ал, жерге конған
соң, ең алдымен қазақстандықтарға жат дымқыл ауаның жұпар иісіне назар
аударасың. Тіпті, желтоқсан айында да бұл жерде күн жылы болып тұрады.
Қысты күні ауа температурасы 15 градустан төмен түспейді, аспаннан қардың
орнына бірнеше күн қатарынан жаңбыр жауып, бір сәтке де толастамайды. Бұл
уақыт мотоцикл жүргізушілерінің кезеңі саналады. Ал, мопед бұл жерде
көліктің негізгі түрі. Жүргізушілер жылы тоқыма кеудеше, жауыннан қорғайтын
сулық пен жеңіл аяқ киім киеді. Тайванның атмосферасын сезіну үшін ең
алдымен түнгі базарларға бару керек. Бұл абыр-сабыр көше қиылыстарында
саудагерлер өз тауарларын күндізгі сағаттан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай және Тайланд елдеріндегі емдік-сауықтыру туризмнің негізгі бағыттары және қазіргі даму жағдайы
Жаңа индустриалдық елдер және олардың әлемдік экономикадағы рөлі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯНЫҢ ТАЛДАНУЫ
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет көрсетудің ерекшелігі
Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
2011 жылғы «Азиада» ойындарының туризмдегі рөлі
Халықаралық туризмдегі көлік саласының теориялық негіздері
Қазақстан туризмінің қазіргі жағдайы
Қазақстандағы туризмнің даму тарихы
Пәндер