Қазақстан аумағында туризмнің дамуы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1 тарау. Туристiк нысандар

1. 1 Туристтік база

2 тарау. Туризм индустриясы

2. 1 Ғылыми ізденістің өзектілігі

2. 2 Қазақстан аумағында туризмнің дамуы

2. 3 Туризм индустриясы экономиканың негізгі бір саласы

2. 4 Жаңа технологиялардың пайда болуы

2. 5 Туристік өнім

2. 6 Ішкі және сыртқы туризмнің дамуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Туризм. Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 - 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қ-нда тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырыды. Оған Г. И. Белоглазов пен Ф. Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк к-нде (62 км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В. Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф. Л. Савин басқарған) Медеу - Көкжайлау - Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды.

Туризмнiң бұл түрiне В. Зимин, А. Бергрин, Д. Литвинов, Х. Рахимов, Г. Белоглазов, т. б. көп үлес қосты. 1931 ж. қаңтарда Алматыдан Зиминнiң бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкiнiң сегiз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтiп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс еттi. Сол жылы Алматыдағы Жетiсу губ. мұражайдың жанынан Бүкiлодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерiктi қоғамының 10 мүшесi бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды. Ол кейiннен Қазақстан өлкелiк кеңесiне айналды. Әуесқой туристердiң бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшiн шағын үй салынды. 1936 ж. бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кiсiлiк “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерiлдi. 1938 ж. Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слетi өттi. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкiлодақтық нұсқаушылар мектебi орналасты.

Ұлы отан соғысынан кейiн “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсендi демалысы мақсатында 1952 ж. Қазақстанда Туристiк-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 ж. Алматыда Респ. жас туристер ст. ашылды. 1960 ж. кәсiподақтардың Қазақ респ. кеңесi жанынан туризм жөнiндегi респ. басқарма ұйымдастырылды. 1962 ж. Туристiк-экскурсиялық басқарма Туризм жөнiндегi кеңес болып қайта құрылды. 1965 ж. Қазақстанда респ. және 5 обл. (Алматы, Қарағанды, Шығ. Қазақстан, Орал, Шымкент) туристiк кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды.

1950 - 60 ж. Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмi, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесiнде туристiк нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С. Күдерин, Ү. Үсенов, Н. Дубицкий, В. Г. Хомулло, т. б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмдi дамытуда үлкен үлес қосты. 1958 ж. Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шеберi атағы берiлдi.

1970 ж. құрылған Туризм және саяхатшылықтың респ. кеңесi туризмнiң одан әрi дамуына әсер еттi.

1971 - 75 жылдары Қазақстанда туризмнiң материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристiк ұйымдар көбейдi, жаңа туристiк базалар мен мейманханалар пайдалануға берiлдi. 1978 ж. Қазақстанда экскурсия мен туризмнiң респ. кеңесi және 14 обл. кеңес, 17 туристiк база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристерiне қызмет көрсететiн 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қ-ларында туристiк автомоб. базалары құрылды. Туристiк базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жеттi.

1988 жылы туризм құрылымында бiршама өзгерiстер болды. Жаңадан туристiк экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмiнiң дамуына Н. И. Самойленко, С. Әбденбаев, Т. Жездiбаев, А. Чукреев, О. Мазбаев, С. Р. Ердәулетов, т. б. үлкен үлес қосты. Тәуелсiздiк алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көштi. 1993 ж. Қазақстан Дүниежүзiлiк туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 ж. Қазақстан Республикасының Ұлы Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 ж. 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристiк саланы дамытудың бiрiншi кезектегi шаралары, туристiк қызметтi лицензиялау, т. б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкiншiлiк бередi, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бiрi ретiнде дамытуды қажет етедi.

2002 жылы республикада 430 туристiк ұйымдар, фирмалар мен әр түрлi бюролар жұмыс iстедi. Оларда 6 мың адам, оның iшiнде 1500 кәсiптiк экскурсия жүргiзушiлер (гидтер) қызмет көрсетедi. Қазақстанның туристiк фирмалары дүние жүзiнiң 80-ге жуық елiмен қарым-қатынас жасайды. Алматы қ-ның 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндiстанға, Түркияға, Бiрiккен Араб Әмiрлiгiне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т. б. елдерге чартерлiк әуе рейстерiн жолға қойған.

Қазақстанда туризмнiң түрлерi

Қазақстанда туризмнiң барлық түрлерi (танымдық, ойын-сауық, этн., экол., денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т. б. бойынша жүргiзiледi. Бұл үшiн Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгiленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымд. 33 мың орынды 372 әр түрлi категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетедi. Мыс., Алматы қ-нда қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есiк”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т. б. қонақ үйлер сервистiк қызмет көрсетедi. Астанада 30 туристiк фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың iрiлерi: “Окан - Интерконтиненталь Астана”; “Комформ - Отель Астана”, “Турист”, “Есiл”, “Жiбек жолы”, “Алтын дала”, т. б. Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi ун-тiнде, Алматы мемл. ун-тiнде, Қазақ Ұлттық ун-тiнде, “Тұран” ун-тiнде, т. б. жоғары оқу орындарында дайындалады.

1 тарау. Туристiк нысандар

Туристiк нысандар. Қазақстандағы туристiк ресурстарға - туристiк қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеум. -мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттерiн қанағаттандыра алатын, олардың күш-жiгерiн қалпына келтiрiп сергiтуге жәрдемдесетiн өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экол., спорттық, әлеум., дiни, т. б. туризм түрлерiне бөлiнедi. Қазақстандағы туристiк нысандар табиғи-рекреациялық, тарихи-археол., тәуеп ету, т. б. топтарға бөлiнедi.

Табиғи-рекреациялық нысандарға Солт. Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығ. Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңт. Қазақстан жерiндегi Батыс, Солт. Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетiсу алабы, Бат. Қазақстандағы Үстiрт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңiрi, Орт. Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т. б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бiрге Алматы обл-ндағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмдi дамытуда маңызы зор. Оларға Iле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендерi аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есiк, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елдi мекендерi жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмдi дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келедi. Қазақстан аумағындағы 9 мемл. қорықта да ғыл. -экол. туризмдi дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.

Тарихи-археологиялық ескерткiштердiң туристiк-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археол. ескерткiштердiң кез-келген нысандары туристiк-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның iшiнде Жетiсудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңт. Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Бат. Қазақстандағы Сарайшық, т. б. көне қалалардың орнына туристердiң қызығушылығы мол. Археол. -тарихи ескерткiштердiң қазiрге дейiн жеткен нысандарының iшiнде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуiр ескерткiштерiне жартастағы петроглифтердi атауға болады. Оларға әйгiлi бiрегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өз-ндегi Ешкiөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кiндiктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 6 - 3 ғ-лардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскерi киiмiн киген “Алтын адам”, 2001 - 2002 ж. Шығ. Қазақстан обл. Қатонқарағай ауд-ның Бергiел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археол. туристiк нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркiстан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қ-лары, т. б. елдi мекендер қазiргi туристiк нысандар болып табылады. Түркiстан - қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесi салынған, кесене iшi мен айналасына қазақ мемлекетiнiң негiзiн қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгiр, Есiм, Абылай, Қазыбек би жерленген.

Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т. б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшiн тартымды нысандар.

Тәуеп ету (дiни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседi. Оларға түркi әлемiндегi қасиеттi Түркiстан қаласы., Қожа Ахмет Иасауи кесенесi, Абаб-Араб мешiтi, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейiтi, т. б. жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге тәуеп етiп, Аллаға сиыну үшiн келедi. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауд. ) Арыстан баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш ана кесенесi, Тұраба а-нда - Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында - Айша бибi кесенесi мен Қарахан кесенесi, Қызылорда облысында - Артық, Айтман кесенелерi, Балқаш қаласы маңында - Тектау ата, Әуез бақсы, т. б. киелi орындар бар.

Қазақ халқының азаттық күресi жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгiсi мемориалдар мен ескерткiштерде көрсетiлдi. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткiштерi (Алматы обл. ) Қордайдағы (Жамбыл обл. ) Өтеген батыр, Ақтөбедегi Есет батыр, Солт. Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткiштерi, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткiштерi, т. б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздiң басын қосқан жер, тарихи орындар ретiнде Жошы және Алаша хан кесенелерi, Алматыдағы тәуелсiздiк монументi, Астанадағы үш би ескерткiштерi қастерлi орындар санатында туристiк нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткiштер қатарына: Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Еңлiк-Кебек кесенелерi, Ш. Уәлиханов, Қ. Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д. Нұрпейiсова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А. Иманов, I. Жансүгiров, С. Сейфуллин, М. Әуезов, т. б. көптеген естелiк орындар жатады.

1. 1 Туристтік база

Республиканың әсем де әдемi жерлерiнде бiрнеше туристiк базалар орналасқан. Оларға Iле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар обл. Жасыбай к. жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды обл-ндағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығ. Қазақстан обл. Бұқтырма бөгенi жағасындағы “Алтай мүйiсi”, Орал қ. Жайық өз. маңындағы “Орал”, Қостанай обл-ндағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңт. Қазақстан обл. Бадам жазығындағы “Оңтүстiк”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады. Қазақстанда белгiлi туристiк маңызы бар зоол., ботан. қорықтар да жеткiлiктi. Оларға Алматы қорығы (кешендi), Iле атырауы (зоол. ), Тарбағатай (зоол. ), Жалтыркөл (зоол. ), Ұлытау (зоол. ), Бетпақдала (зоол. ), Қарақия-Қаракөл (зоол. ), Зерендi (зоол. ) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты - палеонтол. ) және Шарын өз-ндегi “Шетен тоғайы” (ботан. ), Күмiс қылқанды орман (ботан. ), Жаманшық тауы (геморфол. ), Айғайқұм, Әншiқұм (геоморфол. ), Жаңғақ тоғайы (ботан. ), Бүркiттау оқысы және Тұма бастаулар (гидрол. ), т. б.

2 тарау. Туризм индустриясы

Туризм үш ең ірі экспорттық салалардың құрамына автомобиль, жасау және мұнай өндіру өнеркәсібінен кейін енеді. Туризм шаруашылықтың ең қарқынды және өз шығынын өзіөтей алатын түрі болып саналады. Франция, Испания, Грекия, Туркия, Венгрия және Египет елдерінде туризм мемлекет бюджетіне өтеүлкен кіріс кіргізетін негізгіэкономиканың саласы болып табылады. Әлемдік нарықта Қазақстанның тур өнімдерінің қозғалысына әсер ететін туризм индустриясының дамуына және бұл мәселелерді қалыптастыру жөніндегі зерттеулер. Сонымен қатар 1992 жылдан бері көптеген заңдар енгізіліп жатыр. Қазақстанның қазіргі экономикасында туризм рөлі үздіксіз өсуде.

Бірақта осы таңда Қазақстан Республикасында туризм индустриясын өркендетужөніндегі үлкен проблема туып отыр. Туризм саласы және жүйесі әлі қалыптаспаған кезде бүгінгі таңда индустрия туралы не айтуға болады? Қоғам бұл мәселені айтып, жоғарғы деңгейге дейін сұрақ көтеру тиіс.

Осы заманға туризм индустриялды формасы бар, ұлттық экономиканың дамуның негізгі катализарыры болып табылаты, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс. Туризм саласында алдыңғы қатардағы шетелдік туризм индустриясын мысалға алсақ, оған салынған инвестициялардың тез өзін-өзі ақтауының ең жоғарғы тиымділігін көреміз. Бұл дегеніміз тиризм өзі жетілген мемлекеттің экономикасына оң ықпалын тигізеді деген сөз.

2. 1 Ғылыми ізденістің өзектілігі

Ғылыми ізденістің өзектілігі - Қазақстанда туризм индустриясын даматудың негізгі мақсаты - қазіргі заманға сай жоғарғы тиымды жаңа технологияларды пайдалана отырып қабілетті тиристік кешен құру. Ол бір жағынан Қазақстандың және шетел азаматының туристік қызметтерге және рисурстарға қол жеткізуге және олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктер беретіндей, екінші жағынан ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес оның ішінде жаңа жұмыс орындары санын арттыру, мемлекет бюджетіне түсітін салық түсімдері, шетел валютасының ағымы, елдің инфроқұрылымын дамыту, мәдени және табиғи мұраларды сақтау роционалды пайдалануды атап өтуге болады.

Ғылым ізденіс мақсаты-әлемдік тәжірбие көрсетіп отырғандай, туристік кешендер мен инфроқұрылымның құрылысы, Қазақстан туристік фирмаларды басқару мәселелеріне кеңінен тоқталып, оның шешу жолдарын ашып көрсету.

2. 2 Қазақстан аумағында туризмнің дамуы

Қазақстан аумағында туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіншіліктер бар. Бастауы б. у. у. үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттың жағдайларына байланысты. Қазақстан рекреациалық ресурстарға, ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата - бабамыздан келе жатқан баға жетпес құны мәдени мұралары да шексіз. Өте бай табиғи байлықтар мен мәдени құныдылықтарға ие Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан соң туризімге мән бере бастады. Әлемдік нормативтерді қамтитын туризм индустриясы саласына байланысты жарғы 1992 жылдың 13 тамызында Қазақстан парламентті тарапынан қабылданды. Қазақстан Республикасында туризм саласын дамыту үшін келесідей іс-шаралар атқарылуы тиіс.

  • Туризм индустриясын Қазақстан экономикасын дамытудың негізгі бағыты ретінде іс жүзінде қолға алу.
  • Қазақстанда туризм саласын дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаларын жүзеге асыру.
  • Әлемдік және құқықтық тәжірибелерге сәйкес туризмнің нормативті құқықтың даму бизнесін құру.
  • Шетел және ішкі туризімнің дамуына ынталандыратын экономикалық механизмдерді құру, осы салаға инвестицияларды тарту және салық пен кедендік жеңілдіктер, мемлекеттік кепілдемемен мемлекеттік қолдаудың басқа шараларын көрсету жолымен ішкі туризм нарығын қорғау.
  • Енгізілген туристік қызметті сертификациялау мен лицензиялау жүйесін қатаңдату.
  • Туристік банктік құрлымдар көлік, қонақ үй және сақтандыру компанияларының коопирациясына ұтымды жағдайлар жасау, сол арқылы туристік қызметтің жоғары технологиялық кешенін қалыптастыру және саланың материалды техникалық базасын жасау.

2. 3 Туризм индустриясы экономиканың негізгі бір саласы

Туризм индустриясы экономиканың негізгі бір саласы. Туризм индустриясына жалпы айтқанда мынадай анықтама беруге болады. Туристердің тұрақты жерінен шығып, қайтқанға дейінгі уақыт ішіндегі саяхаттарда қажетті көлік, қонақ үй, тамақтану, ойын-сауық және басқа қажеттіліктерді қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің барлығын айтамыз. Ол топтық салардан және өнеркәсіптерден тұрады. Оның функциялары бос уақыттағы көңіл көтерудің және демалудың түрлі тәсілдерінің жылдан-жылға сұранысының артуына байланысты негізделген қызметтер.

Туризм индустриясында туризмнен түсетін пайданың көлемі жылдан-жылға артуда. Мысалы: 1950 жылы 35 милярд доллар, 1987 жылы 2000 милярд доллар. Қазір туризм индустриясынан түсетін табыс Жапония мемлекеттің жылдық түсетін табысына, яғни 3 трилион АҚШ долларына тең. Туризм индустриясының ішінде тауарлар мен қызметтер өндіретін өндіріс кәсіп орындарын құрайды. Олар туристік сферадан тыс нарыққа өмір сүре алмайды. Мысалы:

  • Қонақ үй кәсіпорындары;
  • Тамақтану орындары;
  • Көлік кәсіп орындары;
  • Экскурциялық, туристік бюролар және агенттікер;
  • Туристік негіздегі оқу орындары;
  • Туристік тауар өндіретін кәсіпорындар;
  • Информациялық және жарнамалық қызметтер;
  • Туристік негіздегі ғылыми зерттеу және жоба жасау кәсіпорындары.

Туризм индустриясындағы өнеркәсіптер нақты туристік қызметьтерді өндіреді. Бұл тауарлар туроператорлардың көмегімен сұраныс табуда. Туроператорлар түрлі туристік таугерлер мен қызметтерді біріктіре отырып тұтас бір турпакет құрайды. Сондықтан туризм индустриясы - туроператорлардың негізгі ресурстық базасы болып табылады. Туризм индустриясы халық шаруашылық коплекстімен мемлекеттік экономикасында үлкен рол атқарады.

Өйткені:

  • Жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады.
  • Жергілікті табысты ұлғайтады.
  • Туристік орталықтардағы әлеуметтік инфроқұрылымдық өндірістьі дамытады.
  • Туристік қызмет өндіретін салалардың бүтіндей дерлік дамытады.
  • Жеткілікті халықтың жағдайын көтереді.
  • Шетел валютасының келуін ұлғайтады.

Жаңа технологиялар қонақ үй кәсіпорындарының жұмыс жүргізу тәсілдерін және олардың арасындағы қарым-қатынас түрлерін көрсетеді. Ескі нарықты кеңейтумен жаңа нарықты қылыптастырып, онда туристік өнімді өткізу компьютерлік жүйелік тапсырыс беру және резервация жасау мен жаңа технологиялар арқылы бүкіл дүние жүзіне тарата алады.

1990 жыл басында қонақ үй кәсіпорындарына электронды технолгияны ендіру шапшаң түрде жүруі. Қазіргі кезде бұл жұмысқа турагенттіктер де қосылды.

Үлкен қонақ үй фирмаларын басқару, онда басқарушылардың глобальды менеджмент және қатаң қаржылық бақылау жүргізуді талап етеді. Бұл кезде коммуникациялық компьютерлік жүйелері де қажет.

2. 4 Жаңа технологиялардың пайда болуы

Жаңа технологиялардың пайда болуы және оларды қолдану қонақ үй кәсіпорын иелерінің бір қатар мәселелерін шешуге көмектеседі.

Қонақ үй басқарудағы компьютерлік жүйелер қонақ үйдің жұмыс өнімділігін арттыруға, операциялар көлемін білуге, турагенттер, туроператорлар, тұрақты клиенттер және конферецияны ұйымдастырушылар туралы түрлі мәліметтерді иемденуге көмектеседі.

Жаңа технологиялар маркетингтік зерттеулер, арнайы компанияларымен өнімнің өнімділігінің нәтижелерін бақылап және тексеруге, электрондық почта тарату мен бәсекелестер алдындағы ерекшеліктерін біліп отыруға мүмкіндік береді және көмектеседі. Авиокомпаниялардың электронды жүие арқылы тапсырыс беруге және резервация мен байланыс жасау жаңа нарыққа жол ашу.

Алайда жаңа технолгияларды қолдану ұсақ фирмалар мен жеке қонақ үйлердің қарапайым қаржылық ресурстарына байланысты шектеулі болады. Көбнесе мұндай кездерді компрамистер қолданылады. Олардың негізгі жұмысы қажеттіліктер мен мүмкіндіктер арасындағы айырмашылықты анықтау, яғни жобаланған шығындар мен фирманың табыс көлемін қадағалау болып табылады.

Осы күнге дейін қалыптасқан операция көлемін сақтап қалу үшін, қаржылық иүмкіндіктерді арттыру және шығындарды кеміту үшін турагенттер, халықаралық топтар, одақтар және ассосяциялар құрады. Жаңа технологияларды ендіру кәсіпорын басшыларына бірқатар мәселелерді шешіп, өзгерістер өндіруге көмектесуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕС - ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Экологиялық туризм түсінігі
Туризмнің экономикалық қызметтері
Экологиялық туризм ерекшеліктері
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Балқаш көлінің географиялық жағдайының туризмге әсері
Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын экологиялық туризм бөлігінде дамыту
Экологиялық туризмнің мәні
ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР ҰҒЫМЫ
Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz