Туристік кәсіпорындағы валюталық шот операцияларының мәні


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Туристік кәсіпорындағы валюталық шот операцияларының мәні

Әрбір туристік ұйымдардың және мекемелердің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінін кассасы болуы керек. Касса арнайы жабдықталған, яғни едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, өрттен сақталатындай турлі материалдармен қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мөрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте иемесе темір шкафта сақталынуы тиіс.

Бұл сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа салфнып, аузы жабылып, кассирдің мөрі басылып, кәсіпорын басшысында сақталынады. Кассир жұмыс күнінің соңында кассаның тиісті жерлеріне (есігіне) мөр таңбасып басып, күзетшіге тапсыруы қажет. Кассадағы ақшаның түгелділігіне кассир толық жауап береді, егер әдейі қастандықпен немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымга келтірілген шығындар болса оған жауапты есеп бөлімінің қызметкерлері.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда кассирлік жұмысқа қызметкердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бұйрық шыққаннан кейін, касса қызметкерін касса операцияларымен таныстырып, кәсіпорын яғни шаруашылық субъектісімен кассир арасында жеке материалдық жауапкершілікке келісім шарт жасалуы міндетті. Кәсіпорын мекеме немесе ұйым өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады. Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорының, ұйымның, яғни субъектінің касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырады.

Бұл чек парағын толтыру барысында чекке алынғалы отырған, яғни кәсіпорынның, ұйымның, субъектінің жұмсауға тиісті нақты ақша қаражаттарының сомасы және бұл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып көрсетілуі тиіс. Толтырылған чекке кәсіпорыннын, ұйымның, яғни субъектінің бас бухгалтері және басшысы қол қойып, осы субъектінің мөрі басылады. Барлық толтыруға тиісті ақпараттар толтырылмайынша, чекке қол қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке лауазымды адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса (біреуінің қолы қойылмаған жағдайда), мөр басуға рұқсат етілмейді.

Кәсіпорынның, ұйымның, яғни қандай да болмасын шаруашылық субъектісінің касса қызметкері банк мекемесінен нақты ақша аларда банк бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорынның, субъектінің кассасына кіріске алынуы керек. Ол үшін кәсіпорынның, субъектінің касса қызметкері, яғни кассир кассалық кіріс ордерін толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазуы керек.

Жалпы касса операцияларының есебі 1010 - "Кассадағы теңгемен ақша қаражаты" және 1040 - "Карт-шоттардағы ақша қаражаты" - деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектілердің кассадағы ұлттық валюта түріндегі (теңге түріндегі) нақты ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі бекіткен кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі тиіс. Кәсіпорынның кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және де ақша төлеген адамға осы толтырылған кассалық кіріс ордерінің түбіртегі (квитанциясы) беріледі.

Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ордеріне кәсіпорынның, ұйымның аты, ақша төлеуші адамның немесе субъектінің аты-жөні қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақша төленген уақыты (күні, айы, жылы) жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы кажет. Кәсіпорынның, ұйымның кассасыннан нақты ақша кассалық шығыс ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша толеу ведомостары, сондай-ақ кәсіпорынның, ұйымның бас бухгалтері мен басшысының қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар және тағы басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің реквизиті көрсетілген штамп басылуы керек. Егер кассалық шығыс ордеріне қоса тіркелген құжаттарда шаруашылық субъектінің басшысының "рұқсат етемін" деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды. Субъектінің кассасынан адамдарға кассалық шығыс ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төл құжатын немесе өзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етеді.

Сонымен қатар касса қызметкері осы көрсетілген құжаттарда берілген, яғни жазылған деректерді нақты ақша алушы адамның аты-жөнін, құжатының нөмерін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ордеріне жазуы керек. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді. Кассалық кіріс ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжаттарды, кәсіпорынның, яғни субъектінің бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары керек.

Бұл құжаттарды өзгертуте олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық кіріс және кассалық шығыс ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы-қызметкерлерге жәрдемақы, сыйақы, еңбекақы төлеу үшін төлеу ведомостары қолданылады. Бұл ведомостар тіркеу журналына еңбекакы, жәрдемақы және сыйакыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі.

Кассалық кіріс ету немесе кассалық шығыс ету ордерлері, сондай-ақ олардың орнына жүретін құжаттар бойынша кассаға немесе кассадан нақты ақшаны қабылдауға немесе төлеуге тек қана осы құжаттар толтырылған күні ғана рұқсат етіледі. Кәсіпорынның кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында касса қызметкері кассалық кіріс және кассалық шығыс ордерлерінің дұрыс толтырылғандығы, бұл құжаттарда кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын бас бухгалтері қолдарының болуын және ордерлерде көрсетілген қосымша құжаттардың түгелдігіне тексеру жүргізуге, яғни қадағалауга міндетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы экономикалық қызметінің есебі мен аудиті
Сыртқы жарнама есебі
Қазақстан Республикасы банкiнiң валюталық бақылауы
Ақшалай операциялар құжаттарын рәсімдеу
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
Бухгалтерлік есеп шоттар
Сауда және қоғамдық кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Ақша төлем мен ақша қозғалысы циклінің функционалды аудитінің бағдарламасы
Ақша қаражаттарының есебі
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz