ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ТАЛДАУ


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 4
1 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Жоспарлаудың мәні және негізгі көрсеткіштері . . . 6
1. 2 Бизнес-жоспардың мәні мен мақсаты . . . 10
1. 3 Туризмдегі бизнес-жоспардың ерекшеліктері . . . 19
2 ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ
ТАЛДАУ
2. 1 Туристік кәсіпорынды құрудың бастапқы кезеңі . . . 28
2. 2 Туристік кәсіпорын қызметін ұйымдастыру жағдайы . . . 36
2. 3 Туристік қызметтерді өткізу нарығын қарастыру . . . 45
3 ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДА БИЗНЕС-ЖОСПАР
ҚҰРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3. 1 Қонақ үйге арналған бизнес-жоспар құру тәртібі . . . 51
3. 2 «Наз-Тур» турфирмасының бизнес-жоспарын дайындау . . . 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 71
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қандай да бір көлемде бизнес-жоспар - бұл кез-келген салада қызметін енді бастап келе жатқан фирма өз дамуының бастапқы сатысында қажет нәрсенің барлығы. Алайда көптеген негізін қалаушылар мен тіпті өте тиімді кәсіпорындар мен жобаларды дайындаушылардың корпоративтік жұмысының жоспарын құруда белгілі бір қиындықтар тууы мүмкін. Бұл жас компанияның сәтті өсуіне және өзінің дамуына инвестиция алуға кедергісін тигізеді. Сондықтан бизнес-жоспар жазуға міндетті түрде ерекше көңіл мен қажетті уақыт бөлу қажет. Олай болмаса, жаңа құрылған фирмалар қазіргі қатаң экономикалық жағдайда отандық және батыс компаниялары сияқты, сәтсіздікке ұшырауы мүмкін.
Бірнеше ондаған жыл бұрын әсіресе коммерциялық кәсіпорындардың көпшілігі қандай да бір стратегиялық жоспарсыз жұмыс жасаған. Сонда да өз алдына нақты мақсаттар қоюды ойлаған басшылар өздері жазған, көлемі екі-үш беттен тұратын бизнес-жоспармен шектеліп қойған. Уақыт өте келе кез-келген кәсіпорынның күтіп тұрған жетістігінде бизнес-жоспардың ролі тұрақты өзгеріп отырды және қазіргі кездегі ролі мүлдем басқа. Оның үстіне қазіргі күрделі экономика, белсенді бәсекелестік жағдайда, дамудың жоғары қарқындылығында қағаздағы стратегия кез-келген бизнес үшін өте қажет болды. Бизнес-жоспар көбінесе инвесторларды тартуда керемет құралға айналды.
Жобасыз, қандай да бір сызбасыз қарапайым үй салу мүмкін емес шығар. Қарапайым есептеусіз құрылған ол үй бірнеше айдан кейін құлайды, немесе тұруға жарамсыз болып қалады. Ақырында мұндай жағдай қауіпсіз де болмайды. Ел ішінде автокөлікпен қалтада немесе қорапшада кәдімгі жол картасы болмаса саяхатқа шығуға да болмайды. Болуы мүмкін, мысалы, егер жүргізуші жолды білетін болса. Алайда күтпеген жағдайлар туындап қалса ол да, жолаушылар да таяу жердегі автошеберхана немесе ауруханаға қысқа жол таба алмайтын шығар. Ары қарай, саяхат кезіндегі автокөлік жолының картасы да тұрғын үй құрылысының жоспары сияқты маңызды. Ал кәсіпорын басқаруда ірі, шағын, орта фирмалар мен компаниялардың басшылары, коммерциялық жобаларды дайындаушылар кәсіпорын басқаруда немен жетекшілік етеді.
Кеше ғана кез-келген жоба үшін қаражатты бар болғаны шынайы идея үшін ғана алуға болатын еді. Бүгінде ол жеткіліксіз. Сондықтан кез-келген бизнес-жоспарда болуы тиіс нәрсе - бәсекелес жобалардан ерекшеленетін айырмашылықтары және бірнеше уақыттан кейінгі күтілетін бағасы. Бір жағынан, бір ғана идеямен ешқандай бизнестің тұрақты болмайтыны анық. Екінші болуы тиіс бөлім - нақты идеяны жүзеге асыруда еңбек ететін компания мен команданы, сонымен қатар қызметкерлерді жеке-жеке басқаруға міндетті басшыны сипаттау, қосымша жоба жүзеге асатын нарықты мүмкіндігінше толық сипаттау: осы сектордың жағдайы туралы статистикалық мәліметтер, бәсекелестердің болуы туралы. Міне, бұл қазіргі заманғы кәсіпорындардың кез-келген бизнес-жоспарының жалпы сипаты.
Тақырыптың өзектілігінің өзі де осында, яғни кішігірім зерттеу жұмысы барысында Туристік кәсіпорындарда бизнес-жоспар құрудың маңызын талдап қарастырады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Нарық және қатаң бәсекелік күрес жағдайда туристік кәсіпорын сыртқы ортада және кәсіпорын ішінде болып жатқан өзгерістерге қарай жылдам және дұрыс әрекет ете білуі тиіс.
Бүгінгі нарықта туризм саласының жағдайы жаңа компаниялардың пайда болуын болжайды. Туристік бизнес клиентке арналып, ал клиенттер көбінесе таңдап қойған менеджеріне сеніп қалыптасқанына қарамастан, қазір туристік жолдамаларға тұтынушы сұранысы өсті және жаңа компаниялардың пайда болуын тұтынушылар тек қолдайды.
Туристік агенттік жұмысын ұйымдастыру туристік агенттікті ашу немесе турфирма құрудан емес, туристік кәсіпорынның мұқият дайындалған және шынайы құрылған бизнес-жоспарынан басталады. Жанданып жатқан турагенттіктің дамуы үшін дұрыс жазылған бизнес-жоспарының болуы қажет. Әртүрлі аталған құжаттарда туристік бизнесте жетістікке жеткісі келетіндерге керекті құжат жатыр.
Кез-келген кәсіпкер өз қызметін бастай отырып, қаржылық, материалдық, еңбек және интеллектуалды ресурстарды дамыту, оларды алу көздеріне, сондай-ақ фирма жұмысы процесінде ресурстарды пайдалану тиімділігін нақты есептей білу қажеттілігін айқын сезінуі тиіс.
Зерттеу жұмысымның мақсаты - туристік кәсіпорындарда бизнес-жоспардың қажеттілігін терең бойлай талдау, міндеті - оны құрудың дұрыс жолдарын іздестіру.
Зерттеу пәні: Туризм саласындағы бизнес-жоспардың қажеттілігі, мақсаты мен міндеттері, принциптері, оны құрудың ережелері дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып табылады.
Зерттеу объектісі: Еліміздегі бірнеше турфирмалар мен жобасы енді дайындалып жатқан жаңа турфирмалар зерттеудің объектісі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: «Туристік кәсіпорындарда бизнес-жоспар құру және жүзеге асыру» - атты дипломдық зерттеу жұмысы 72 беттен, оның ішінде кіріспеден және үш негізгі тараудан тұрады. Әрбір тарау ізденіс барысын ашып көрсетуге лайықты деңгейде бірнеше тақырыптарға бөлініп қарастырылған.
Зерттеу жұмысы аяғында қорытындыланып, соңында пайдаланылған әдебиеттер келтірілген.
1 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Жоспарлаудың мәні және негізгі көрсеткіштері
Қызметті жоспарлау кез-келген бизнестің басты міндеті - аз шығынмен көп пайдаға қол жеткізуге әсер етеді. Қаржыландырудың тиімді көздерін анықтап, кәсіпорынның нарықтағы тұрақты орнын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің стратегиясы мен әдістерін жоспарлы өлшеп дайындау кез-келген бизнес үшін маңызды міндет болып саналады.
Жоспарлау түрлерін мына белгілер бойынша жіктеуге болады:
- уақыт шегі: қысқа мерзімді жоспарлау (1 жылдан аз), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді жоспарлау (5 жылдан көп) ; жоспарлаудың келтірілген мерзімдері бірегей емес, және болжам сапасына, жоспарлау объектісіне, жоспарлап отырған кәсіпорын мен саласына байланысты;
- функционалды бағыттылық: өндірісті жоспарлау, сақтауды жоспарлау, жабдықтауды жоспарлау, ақша ағымын жоспарлау, инвестициялық жоспарлау;
- жоспарлау иерархиясы (жоспарлау бағытталған мақсаттар) ; оны үш деңгейге бөледі:
- стратегиялық жоспарлау;
- тактикалық немесе бизнес-жоспарлау;
- оперативтік жоспарлау (бюджеттеу, ағымдық жоспарлау) .
Көріп отырғанымыздай, жоспарлаудың негізгі түрлерінің бірі бизнес-жоспар құру болып табылады [1] .
Бизнес-жоспар түсінігі.
Бизнес-жоспар - ұйымның бәсекелік нарықта өзінің және қарыз қаржы көздері, материалдық және кадрлық мүмкіндіктері мен кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру процесінде туындауы мүмкін тәуекелдер есебімен дамуының негізгі бөлімдерінің сипаты берілген құжат.
Жоспарда коммерциялық кәсіпорынның негізгі аспектілері сипатталады, кездесетін проблемалар талданады, және оларды шешу жолдары мен тәсілдері анықталады.
Сондықтан бизнес-жоспар бір мезгілде іздеуші, ғылыми-зерттеуші және жобалық жұмыс ретінде көрінеді.
Бизнес-жоспар жеке істі құруда туындайтын келесі негізгі проблемаларды шешуге көмектеседі:
- кәсіпорын қызметінің нақты бағыттарын, оның мақсатты нарығын және сол нарықтағы орнын анықтауға;
- бизнестің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарын, оларға қол жеткізу стратегиясы мен тактикасын реттеуге, сондай-ақ осыларды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар тобын анықтауға;
- тұтынушыларға ұсынылатын тауар және қызметтер құрамы мен көрсеткіштерін бекітуге, сәйкес өндірістік және сауда ұсталымдарын бағалауға;
- кәсіпорынның персоналы және берілген талаптарға оның еңбегін ынталандырудағы шарттарының сәйкестігін шығаруға;
- маркетингтік іс-шаралардың нарықты зерттеу, жарнама, сатылымды бірқалыпты етуге, баға, өткізу арнасы бойынша жүйесін анықтауға;
- басқарудың ұйымдастырушы құрылымын оңтайландыру;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын және қолдағы қаржылық және материалдық ресурстардың сәйкестігін, қойылған мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін бағалауға;
- бизнес-жоспардың орындалуына кедергі келтіретін қиындықтарды шығару және оларды жою шараларын белгілеуге [2] .
Кәсіпкерлік қызмет идеядан басталып, кейін бұл идея нақты бір кәсіпкерлік жобаға ұласып, жүзеге асады. Нақты және анық мақсат болмаса, оған қол жеткізу стратегиясын анықтау мүмкін емес.
Егер өз қызметін нақты және тиімді жоспарлап, үнемі мақсатты нарық жағдайы, ондағы бәсекелестер күйі, және өз мүмкіндіктері туралы ақпарат жинап, пайдаланып отырмаса, нарықтық экономикада кәсіпкерлер айтарлықтай жетістікке қол жеткізе алмайды[3] .
Бұл бөлімде өз ісін құру барысында кәсіпкердің түрлі кезеңдерде кездестіретін сұрақтары жинақталып, сонымен қатар, жеке бизнесті бастаудың практикалық үлгілері келтірілген.
Жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге арналған кеңестер:
- Істі жетістікке жетемін деген сеніммен ғана бастау керек.
- Өз қабілетін бағалап көру керек.
Кәсіпкерлік істі бастауға дайындалып жатқан адам кейде өз күшіне сенімсіздік сезінгендей, жаңа шарттарда өмірге икемсіз сияқты сезінгендей болады. Өз қабілетіне, жиналған тәжірибесі мен дағдыларына әділ баға беріп көрген дұрыс.
Сонымен, сіздің идеяңыз бар және өз ісіңізді бастауға бел будыңыз. Нақты тұжырымдама бизнестің дамуының негізгі мүмкіндігі, сонымен қатар, банктен несие алудағы сенімді фактор болып табылады. Сіздің идеяңыз жай ғана идея fix емес, одан да күрделі екендігін тексеріп көріңіз.
Бизнес-жоспар форматы
Әрбір жақсы деген бизнес-жоспардың форматы негізінен бірыңғай болмаса да, дегенмен кейбір ортақ элементтерден тұрады. Олар туралы нақтырақ айтар болсақ, алғашқы беті, қысқаша мазмұны, маркетинг жоспары, өндіріс жоспары, ұйымдастыру және менеджмент жоспары, қаржы жоспары.
Капиталға деген қажеттілік
Капиталға деген қажеттілікті есептеу үшін сізге қажетті капитал көлемін, қысқа және ұзақ мерзімді инвестиция санын ескеріп, ағымдағы шығындар мен фирмаңызды құру үшін кететін шығындарды есептеңіз.
Маркетинг жоспарын дамыту үшін сіз келесі сұрақтарға жауап беруіңіз керек: өніміңіз қандай, оны сапасы және бағасы бойынша қалай салыстыруға болады, сіздің бизнесіңіз қайда орналасатын болады, өнім кімге сатылатын болады және т. б. бірнеше өзге сұрақтар.
Өндіріс жоспарын дамыту үшін сіз келесі сұрақтарға жауап беруіңіз керек: өндіріс процесі неден тұрады, қандай ғимараттар мен құрал-жабдықтар қажет, қандай жөндеу жұмыстары жүргізілітен болады, қандай қуаттылықтар қолданылатын болады және т. б. бірнеше өзге сұрақтар.
Ұйымдастыру және менеджмент жоспарын дамыту үшін сіз келесі сұрақтарға жауап беруіңіз керек: сіздің бизнесіңіз қалай ұйымдастырылатын болады, басқаруы қандай болады, қандай іскерлік тәжірибесі мен біліктілік қажет болады, қандай әкімшілік шығындар пайда болуы мүмкін және т. б. бірнеше өзге сұрақтар.
Қаржы жоспарын дамыту үшін сіз келесі сұрақтарға жауап беруіңіз керек: капиталға деген қандай талаптар бар, несиеге қажеттілік бар ма, табыс және шығындар бойынша жасалған есеп нені көрсетеді, несиені өтеу жоспары, жобаны жүзеге асыру мүмкін бе және т. б. бірнеше өзге сұрақтар.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың ұйымдастыру - құқықтық формасын таңдау көптеген жағдайларға байланысты [4] .
Компания жоспардан басталып, сонымен аяқталады. Бизнес-кәсіпорынның бизнес-жоспарын құратын басшылар көп жағдайда оның не екенін, оның сәтті жүзеге асырылуы үшін не істеу керек екенін анық түсіне білмейді. Дүние жүзіне танымал «стратег» Майкл Портер соңғы жылдары осы жөнінде мәселе қозғап жүр.
Майкл Портер - Harvard Business School Іскерлік әкімшілігі кафедрасының профессоры, бәсекелестік стратегиясы мен халықаралық нарықтағы бәсекелестік саласының жетекші маманы. Профессор Портер Гарвард іскерлік мектебі бөліміне 1973 жылы қабылданып, мектеп тарихындағы ең жас профессор атағына ие болды. AT&T, DuPont, Procter & Gamble, Royal Dutch/Shell атты белгілі АҚШ және халықаралық компанияларға бәсекелестік стратегиясы жөнінде кеңес берген, Alpha-Beta Technologies, Parametric Technology Corp., R&B Falcon Corp, ThermoQuest Corp компаниялардың Директорлар Басқармасына қызмет көрсеткен. Портер - 15 кітап, 50-ден астам мақалалардың авторы.
Майкл Портер ұсынған жоспарды қалайтын 10 кірпіш:
1. Бірінші болуға ұмтылмай, бірегей болуға ұмтылу керек.
Кәсіпкерлер жіберетін қателердің ішіндегі ең бастысы және ең қауіптісі - бұл бәсекелестермен бір тауашаның шеңберінде сайысу: «Бәсекелестеріңнің іс-әрекетін қайталау - бұл жоспар тұрғысынан қарағанда сәтсіздікке ұшырау деген сөз».
Мақсатыңыз өз өнеркәсібіңіздегі нөмірі 1 немесе 2, тіпті ең озық компания болу емес. Сіз жаңа маркетинг жолдарын тауып, бірегей сауда ұсынысын паш ететін бірегей компания болуыңыз керек.
2. Сіздің негізгі мақсатыңыз - тиімді инвестициялар.
Компанияның басты мақсаты - инвестициялық қаржы пайдалылығының жоғары коэффициенті (ROIC) ; компанияның өсуі - екінші реттегі мақсаттар қатарында, оны жүзеге асыру, тек бірінші басты мақсатқа жеткеннен кейін жүзеге асады. Нарықтағы үлесін арттыру, табысын өсіру, сатылымдарды өсіру т. с. с мақсаттарына аса назар аудару - компания стратегиясының ішкі тәуекелдерін елеулі арттырады.
3. Өнеркәсіп - жоспарлық анализдің негізі
Компанияның экономикалық тиімділігі екі нәрседен: өнеркәсіп құрылымы (бәсекелестіктің жалпы ережелерін құрушы) және өз саласындағы компанияның алатын орнынан (бәсекелестіктің артықшылық көзі) құрылады. Бизнес-жоспар осы элементтің екеуін де қамтиды. Әр салада жұмыс істейтін компаниялардың ROIC-терін салыстыру бос тірлік.
Мысалы, Pharmacia&Upjohn фармацевтикалық компанияның ROIC-і 1985-2002 жж. мерзімінде орташа алғанда 19, 55% құрады, ал Southwest Airlines әуекомпаниясының осы мерзім бойынша көрсеткіші 12, 75% деңгейінде ғана болды. Дегенмен егер біз сала бойынша жалпы көрсеткіштерді қарастырсақ, орташа ROIC фармакологияда 28, 14%-ды құрса, ал негізінде төмен көрсеткіштер тән әуе индустриясында ол көрсеткіш тек, - 5, 05% құрайды. Сонымен, компанияның сәттілігі туралы оның нарықта алатын орнына және өз саласындағы көрсеткіштеріне қарап айту жөн.
4. Ортақ шешімге келуден бас тартпаңыз.
Жоспардың ең маңызды бөлігі ол екі жоспарлық позиция бір-біріне қарама-қайшы келген кезде дұрыс таңдау жасау, демек компанияға қайсысы тиімді екенін ажырата білу.
5. Жоспардың әрбір буыны табысты болуы керек.
Компанияның бәсекелестік артықшылығы құндылық құру тізбегінің тек бір буынында шоғырлануы дұрыс емес.
Нарықты дем арасында жаулап алған Zara Компаниясын сәтті стратегияның айқын мысалы ретінде келтіруге болады. Zara коллекциясын жиі ауыстырады - жылына 15 реттен астам (сол сегменттегі басқа компаниялар коллекцияларын асса әр мезгіл сайын бір рет ауыстырып отырады), жетімді бағалар мен жаңа тенденциялар, киімді Еуропаның өзінде тігу (Қытай мен Гонконгтан жеткізуге уақыттары жоқ), дүкендерді қалың жұрт білетін және де көп келетін жерлерде орналастыру (ірі сауда орталықтарында, басты көшелерде), ақпарат құралдарындағы жарнамадан гөрі риза болған адамдардың бір-біріне мақтап айтылатын жарнамасына сенім арту т. с. с., міне осы буындардың барлығы нәтижесінді компанияны үлкен табысқа жеткізді. Ал олардың бір буынын ажыратып, тек соны ғана қайталау мүмкін емес. Бұл стратегия тек біртұтас күйінде ғана тиімді.
6. Жоспар тұрақты болу керек.
Жоспардың тиянақтылығы компанияның негізгі құнды ұсынысы тұрақтылығының кепілі болатыны сөзсіз. Өз жоспарыңнан қайта-қайта ауытқып, үнемі пайдаланушының ырқына жығыла беруге болмайды. Компанияның пайдаланушылар талаптары мен шағымдарына көбірек көңіл бөлуі таңдап алынған жоспарды жүйелі жүзеге асыруға бөгет жасайтын жәйт: «Біз оларды тым қатты тыңдаймыз. Кейде тіпті оларға басқа бәсекелес компанияға кете беріңіз деуге де болады. Өйткені дұрыс стратегия осындай тәуекелдерді құптайды - басқа пайдаланушылардың ризашылығын арттыру үшін кейбір пайдаланушылардың наразылығын тудыру мүмкін деп саналады.
7. Өз сегментіңізді таңдап алыңыз.
Бизнес-жоспар құрудың маңызды бөлігі - ол сегментация. Сіз кез келген тұтынушы сегментін, өнім және қызмет немесе тауарды сатып алу мотивациясын таңдай аласыз. Тіпті ол алғашында тартымсыз болса да.
Ең маңыздысы, таңдап алған сегмент шектері нақты белгіленіп, құндылықты құру тізбегінің буындары сол сегментке сәйкес болу керек.
8. CEO - жоспарды «тұтынушы» да, оны алға қарай қозғаушы да емес.
Компания басшысының стратегияны өңдеп, жүзеге асырудағы рөлі мынадай :
Бизнес-жоспарды құру кезінде есепке алынатын мәселелерді қою; стратегияны әзірлеу процесіне қатысатын адамдарды таңдау; жоспарды әзірлеудің алғашқы кезеңінде компанияның барлық бизнес-бөлімшесінде жасалынатын жұмысқа белсене қатысу; Директорлар кеңесін компанияның негізгі стратегиялық жоспарымен таныстыру; сырттан шақырылатын кеңесшілерді тарту.
Есте сақтайтын жәйт, бизнес-жоспар тек жоғары лауазымдағы басшыларға ғана емес, мекеменің барлық мүшелеріне де ортақ болу керек: «Егер компания қызметкері (қай деңгейдегі қызметкер болмасын) таңдап алған стратегияны мүлдем мақұлдамаса, ондай қызметкер сіздің компанияңызда әрі қарай жұмыс істеуі мүмкін емес.
9. Мыналар жоспар деп саналмайды :
Мақсаттар; көріну; реструктуризация; бірігу мен сіңіру; альянс тар және серіктестіктер; технологиялар; инновациялар; аутсорсинг; оқыту.
10. Жоспар - бұл :
Бірегей мағыналы ұсыныс, бәсекелес компаниялардан мүлдем өзгеше болатын құндылық құру тізбегі; икемді болуға тырысу және де компания тарапынан ешқашан жасалынбайтын әрекетті анықтау; бір-бірімен үйлескен және бірінің нәтижесін екіншісі арттыратын әрекет жасау; позициялаудың тұрақтылығы [5] .
- Бизнес-жоспардың мәні мен мақсаты
Нарықтық экономикада бизнес-жоспар кәсіпкерліктің барлық саласында пайдаланылатын жұмыс құралы болып табылады. Бизнес-жоспар фирманың қызмет ету процесін сипаттайды, оның басшылары өз мақсаттарына қандай жолмен қол жеткізгісі келетіндігін көрсетеді. Сәтті дайындалған бизнес-жоспар фирманың өсуіне, өзі қызмет ететін нарықтағы жаңа орындарды бағындыруына, өзінің дамуының болашақ жоспарларын құруына көмегін тигізеді.
Бизнес-жоспар жоспарланған істің шынайылығын көрсететін экономикалық түрде орныққан аналитикалық құжат. Сонымен жоспарлау масштабтары әртүрлі болуы мүмкін: кәсіпорынның, қызмет бағытының, өнімнің жаңа түрінің, еңбек төлемінің жаңа жүйесінің дамуы.
Бизнес-жоспар көпжоспарлы басқару құралы болып табылады. Ол кәсіпорынның функционалдық бағытына қарамастан, алдындағы стратегиялық және тактикалық міндеттерінің шешімін қарастырады, оның ішінде: кәсіпорын жағдайының ұйымдық басқару және қаржылық-экономикалық бағасы; бизнестің потенциалды мүмкіндіктерін табу, оның күшті және әлсіз жақтарын талдау; жоспарланған кезеңге инвестициялық мақсаттарды реттеу.
Кәсіпорынның бизнес-жоспары - кәсіпкерлік идеяны жүзеге асыру мәні, бағыты және тәсілдері жазылған, келешек бизнестің нарықтық, өндірістік, ұйымдық және қаржылық аспектілері, сондай-ақ оны басқару ерекшеліктері сипатталған жазулы құжат.
Бизнес-жоспарда нарық жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің жалпы және спецификалық элементтері, бәсекелестіктің стратегиясы мен тактикасын таңдау тұрақталады, кәсіпорын мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті қаржылық, материалдық, еңбек ресурстарын бағалау жүргізіледі.
Бизнес-жоспардың мақсаттары мен функциялары.
Бизнес-жоспар Қазақстан экономикасы үшін жаңа құжат болды. Оны дайындаудың негізгі мақсаты болып кәсіпорынның шаруашылық қызметін нарық қажеттілігіне және қажетті ресурстардың болуына сәйкес жуық және ұзақ кезеңге жоспарлау табылады. Басқа да мақсаттары:
- бизнес-жоспар арқылы кәсіпорынның өмір сүру қабілеті мен болашақ тұрақтылығы деңгейін анықтау, кәсіпкерлік қызметтің тәуекелділігінің төмендеуі;
- бизнес перспективасының сандық және сапалық көрсеткіштер жүйесі түрінде белгіленуі;
- сыртқы инвестицияны қамтамасыз ету.
Бизнес-жоспар тек кәсіпорынның ішкі мақсаттарын ғана емес, сонымен қатар инвесторлардың сыртқы мақсаттарын да ескереді. Бизнес-жоспар дайындалып жатқан жобаға қаржы құралдарын (капитал) салудың мақсаттылығын бағалауға мүмкіндік беретін құжат. Ғылыми дайындалған бизнес-жоспар кәсіпкердің өзі үшін де, оның серіктестері мен кәсіпкердің өзі үшін де сандық және сапалық нысанасы болып табылады. Көптеген банктер бизнес-жоспар болмаса несие шарттары туралы айтпайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz