Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1-тарау. Негізгі ережелер                      
1.1. Негiзгi ұғымдар
1.2. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары
1.3. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi
1.4. Туристiк индустрия
1.5. Туризмнiң ұйымдық нысандары мен түрлерi
2-тарау. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу  
2.1. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң принциптерi
2.2. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары
және тәсiлдерi
2.3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
2.4. Уәкiлеттi органның құзыретi
2.5. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы
органдардың құзыретi
3-тарау. Туристік қызметті ұйымдастыру         
3.1. Туристiк қызметтi лицензиялау
3.2. Туристiк қызмет көрсету шарты
3.3. Залалдар мен моральдық зиянды өтеу, туристiк қызмет көрсету шартын
өзгерту жағдайлары
3.4. Туристiк ұйымдар
4-тарау. Қорытынды ережелер                    
4.1. Туристiк қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
4.2 Өтпелi ережелер
Пайдаланылған әдебиеттер
1-тарау. Негізгі ережелер

1.1. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) гид (гид-аудармашы) - туристерге уақытша келген елдегi (жердегi)
туристiк ресурстармен таныстыру жөнiнде экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық
қызмет көрсететiн кәсiби даярланған жеке тұлға;
2) туристiк қызмет көрсетуге жасалған шарт - өтелмелi туристiк қызмет
көрсету бойынша туроператордың немесе турагенттiң және туристiң арасындағы
келiсiм;
3) туризм нұсқаушысы - тиiстi бiлiктiлiгi және туристiк маршруттармен
жүрiп өту тәжiрибесi бар кәсiби даярланған жеке тұлға;
4) туристердi орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер,
кемпингтер, туристiк базалар, қонақжайлар, демалыс үйлерi, пансионаттар
және туристердiң тұруы мен оларға қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын басқа
да үй-жайлар мен ғимараттар;
5) туристiк өнiмдi ұсыну - туристiк қызмет көрсетуге (жарнама, арнаулы
көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристiк өнiмдi өткiзу жөнiндегi
туристiк ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару
және тарату) бағытталған шаралар кешенi;
6) тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут бойынша
жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;
7) туризм - жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бiр жылға
дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы
төлейтiн қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетiн саяхаты;
8) өз бетiнше туризм - туристер өз бетiмен ұйымдастыратын, жүрiп-тұрудың
белсендi тәсiлдерi пайдаланылатын саяхат;
9) турист - жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi мерзiм кезеңiнде
уақытша болатын елдi (жердi) аралап көретiн және ақылы қызметпен айналыспай
сол елде сауықтыру, танымдық, кәсiби-iскерлiк, спорттық, дiни және өзге де
мақсаттарда кемiнде бiр рет түнеп шығатын жеке тұлға;
10) туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) - қызметтiң осы түрiне
лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрi турагент)
туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi қызметi;
11) туристiк қызмет - жеке және заңды тұлғалардың туристiк қызмет
көрсету жөнiндегi қызметi;
12) туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы
түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың (бұдан әрi - туроператор) өздерiнiң
туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен
туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi;
13) туристiк жолдама - туристiк қызмет көрсету кешенiн алуға құқықты
растайтын құжат;
14) туристiк ұйымдар - қызметiнiң негiзгi түрi туристiк қызмет болып
табылатын заңды тұлғалар;
15) туристiк ресурстар - туристiк көрсету объектiлерiн қамтитын табиғи-
климаттық, тарихи, әлеуметтiк-мәдени, сауықтыру объектiлерi, сондай-ақ
туристердiң рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшiн
қалпына келтiрiп, дамытуға жәрдемдесетiн өзге де объектiлер;
16) туристiк ваучер - турдың құрамына кiретiн қызметтерге туристiң
құқығын және олардың ақысы төленгенiнiң фактiсiн растайтын құжат;
17) туристiк өнiм - саяхат барысында туристiң қажетiн қанағаттандыру
үшiн жеткiлiктi туристiк қызмет көрсетулер жиынтығы;
18) туристiк рынок - туристiк қызмет саласында тауарлар (жұмыстар,
қызмет көрсетулер) және ақша айналысы;
19) туристiк қызмет көрсету - өзiнiң туристiк саяхаты кезеңiнде және осы
саяхатқа байланысты туристiң қажеттерiн қанағаттандыру үшiн берiлетiн
қажеттi қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру,
экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердiң (гид-аудармашылардың)
қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты басқа да қызмет
көрсетулерi);
20) уәкiлеттi орган - туристiк қызмет саласында мемлекеттiк басқару
функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлейтiн орталық атқарушы орган;
21) экскурсант - бiр жерге, елдi мекенге, аумаққа немесе сол жердегi
басқа елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа уақытша
келген жеке тұлға;
22) экскурсиялық қызмет - азаматтардың уақытша болатын елдегi (жердегi)
туристiк ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруiн ұйымдастыру жөнiндегi
кәсiпкерлiк қызмет, ол туристердi орналастыру (түнету) жөнiндегi қызметтi
көздемейдi және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзiмдi қамтиды;
23) экскурсовод - уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстармен
таныстыру жөнiнде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет
көрсетуге лайықты бiлiктiлiгi бар, кәсiби даярланған жеке тұлға.

1.2. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан
Республикасының туристiк қызмет туралы заңдарындағыдан өзгеше ережелер
белгiленсе, халықаралық шартта оның қолданылуы үшiн заң шығарылуы талап
етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

1.3. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi
1. Туристiк қызмет субъектiлерiне:
1) туристiк операторлар (туроператорлар);
2) туристiк агенттер (турагенттер);
3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар;
4) туристер және олардың бiрлестiктерi;
5) экскурсанттар;
6) туристiк қызмет саласындағы өзге де бiрлестiктер;
7) туристiк қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн
мемлекеттiк органдар жатады.
2. Туристiк қызмет объектiлерi - табиғи объектiлер және табиғи-климаттық
аймақтар, көрiктi орындар, тарихи және әлеуметтiк-мәдени көрсету
объектiлерi және саяхат кезiнде туристердiң қажеттерiн қанағаттандыра
алатын өзге де объектiлер.

1.4. Туристiк индустрия
1. Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң,
қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен
құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де
мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың,
сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн
көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.
2. Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi:
1) турлар ұсыну жөнiндегi қызмет көрсету;
2) тұратын орындар беру жөнiндегi қызмет көрсету;
3) тамақтандыру жөнiндегi қызмет көрсету;
4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
5) көлiк қызметiн көрсету;
6) ойын-сауық;
7) өзге де туристiк қызмет көрсетулер.

1.5. Туризмнiң ұйымдық нысандары мен түрлерi
1. Халықаралық және iшкi туризм туризмнiң ұйымдық нысандары болып
танылады.
2. Халықаралық туризм:
1) келу туризмiн - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын
адамдардың Қазақстан Республикасы шегiндегi саяхатын;
2) шығу туризмiн - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.
3. Ішкi туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында
тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаты.
4. Туризмнiң түрлерi - әлеуметтiк, экологиялық, шытырман оқиғалы,
спорттық, iскерлiк, конгрестiк, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, дiни және
басқа туризм.

2-тарау. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу

2.1. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң принциптерi
Қазақстан Республикасында туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң
негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар
жасау;
2) туристiк қызметтiң басым бағыттарын айқындау және қолдау;
3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшiн қолайлы ел деген түсiнiктi
қалыптастыру;
4) Қазақстан Республикасының туристерi мен туристiк ұйымдарының және
олардың бiрлестiктерiнiң қауiпсiздiгiн, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету,
сондай-ақ олардың мүдделерi мен мүлкiн қорғау.

2.2. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары
және тәсiлдерi
1. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаттары:
1) азаматтардың тyристiк қызмет саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру
құқықтарын қамтамасыз ету;
2) қоршаған ортаны қорғау;
3) туристерге тәрбие, бiлiм беруге және оларды сауықтыруға бағытталған
қызмет үшiн жағдайлар жасау;
4) саяхат жасау кезiнде азаматтардың қажеттерiн қамтамасыз ететiн
туристiк индустрияны дамыту;
5) туристік индустрияны дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру,
мемлекеттiң және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;
6) халықаралық туристiк байланыстарды дамыту болып табылады.
2. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң басым бағыттары:
1) туризмдi Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельдi
саласы ретiнде қалыптастыру;
2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) туристiк ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк мүдделерiн ескеру, табиғи және тарихи-мәдени мұраларын қорғау;
3) балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың, мүгедектер мен халықтың
күнкөрiсi төмен топтарының арасында туристiк және экскурсиялық жұмысты
ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгiзу;
4) туристiк индустрияны инвестициялау үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
5) Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмiмен және iшкi
туризммен айналысатын туристiк ұйымдарды қолдау және дамыту;
6) iшкi және халықаралық туризм қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн туристiк
қызметтiң тиiмдi жүйесiн құру болып табылады.
3. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу:
1) туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөнiндегi
саясатты айқындау;
2) туристiк қызмет саласындағы қатынастарды жетiлдiруге бағытталған
нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;
2007.12.07. № 222-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (күшіне енетін
мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес
туристiк қызметтi лицензиялау, туристік қызмет саласындағы стандарттау;
4) бюджеттiк заңдарға сәйкес туризмдi дамытудың мемлекеттiк
бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға бюджет қаржыларын бөлу;
5) туристiк қызметтi кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) отандық туристердiң, туроператорлар мен турагенттердiң және олардың
бiрлестiктерiнiң халықаралық туристiк бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;

7) iшкi және дүниежүзiлiк туристiк рыноктарда туристiк өнiмдi ұсынуға
жәрдемдесу;
8) елдiң туристiк ресурстарын ұтымды және тиiмдi пайдалануды, есепке алу
мен қорғауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

2.3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
1. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды  (бұр. ред. қара)
2) туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтік
құқықтық актiлердi қабылдайды;
3) туристiк қызметтi лицензиялау ережелерiн және туристiк қызметке
қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
4) туристер аралауға тыйым салынған объектiлер мен аумақтарды
белгiлейдi;
5) туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк инвестициялық саясатты
айқындайды;
6) туристiк қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудiң мемлекеттiк
жүйесiн құрады;
7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2.4. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк басқару функциясын жүзеге
асырады;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Қазақстан Республикасында туризм саласын дамыту бағдарламасын
әзiрлейдi;
2) туристiк қызмет мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң
жобаларын әзiрлеуге қатысады;
3) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және
бекiтедi, заңдарды қолдану практикасын жинақтап, оны жетiлдiру жөнiнде
ұсыныстар енгiзедi;
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) туристiк рынокқа зерттеу жүргiзедi, халықаралық туристiк рынокта және
мемлекет iшiнде Қазақстан туралы және оның туристiк мүмкiндiктерi туралы
ақпаратты әзiрлеп, таратады;
6) өз құзыретi шегiнде туристiк қызмет саласындағы халықаралық шарттарды
әзiрлейдi, жасасады және орындайды, халықаралық туристiк ұйымдарда және
туризм жөнiндегi халықаралық iс-шараларда Қазақстан атынан өкiлдiк етедi;
7) атқарушы органдардың, меншiк нысандарына қарамастан туристiк және
басқа да ұйымдардың туристiк қызмет саласындағы қызметiн үйлестiредi;
8) туристiк қызмет көрсету рыногында бәсекенi дамытуға жәрдемдеседi,
онда меншiк нысанына қарамастан барлық туристiк қызмет субъектiлерi үшiн
тең жағдайлар жасайды;
2007.12.07. № 222-III ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін
мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
9) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп стандарттау
мәселелерін реттейді;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.
қара)
10) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет саласындағы заңдары мен
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
11) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.
қара)
12) туристік қызмет субъектілеріне және облыстық (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың) атқарушы органдарына туристік қызмет
субъектілерінің жұмысын ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік
және консультациялық көмек көрсетеді;
13) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред.
қара)

2.5. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы
органдардың құзыретi
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы
орган:
1) туристiк қызмет саласында халықты жұмыспен қамту шарасы ретiнде
кәсiпкерлiктi дамытып, қолдайды;
2) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Турагенттік және туроператорлық қызмет сақтандыруының мақсаты мен міндеттері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕС - ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Туризм – құқықтық реттелу объектісі ретінде
Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері
Туристік құқықтың жалпы сипаттамасы
МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫН ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
Туристік фирманың бәсекелестік стратегиясының даму жолдары
Туризм – құқықтық реттелу объектісі
Туроператордың және турагенттің, жеке нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру
100 орынды люкс мейрамханасының ыстық цехы
Пәндер