Туристік өнімнің объектілері және ұйымдастырылған турлардың түрлері


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Туристік өнім ұғымы
  2. Туризм сферасындағы өнімді құрайтын объектілер және олардың сипаттамасы
  3. Туристік өнімнің объектілері және ұйымдастырылған турлардың түрлері.

1. Туристік өнім ұғымы

Туристік өнім - реттелген, тәртіптелген мақсатқа бағытталған туристік қызметтердің жиынтығы. Ол жұмыстар мен тауарлардың (турпакет, туристік қызметтердің пакеті, туристік пакет) минимум деңгейге екі немесе оданда көп жеке және көптеген туристік қызметтердің, жұмыстардың, тауарлардың және қамтамасыз ету құрылғылардың, басқа туристік ресурстарының, туризм мақсатындағы және процесіндегі туристердің қажеттіліктерінің қанағаттануы үшін жеткілікті нәрселердің жиынтығынан тұрады. Туристік өнім қызметінің іс-әрекет уақыты 24 сағаттан көп және орналастыру мен тасымалдау қызметін қамтиды. Туристік өнім көрсетілетін қызметтер мен шығындардың жалпы құнымен ұсынылады, ол оның тұтынушылық қасиеті келісім-шартқа сәйкес келеді.

Басқаша сөзбен, туристік өнім- қазіргі заманғы, бүгінгі күннің қоғамының әрбір тұлғаларының қажеттіліктері мен қалауларының қанағаттандырылуын көптеген туристік өнімдер жорамалдайды.

Бұл өнімдер сезілетін, қолға ұсталатын болуы мүмкін. Мысалы: тамақ және сусындар немесе керсінше сезілетін, қолға ұсталатын болуы мүмкін.

Мысалы: туристерді отельге ораналастыру және туристердің көңіл көтерулері сияқты қызметтер. Соңғы жағдайда кондиционер, орталық жылыту, телефон және тағы басқа сол сияқты қызметтер талап етіледі. Бұлар нақты түрде туристік қызметті өндіруге керек болып табылады. Өнімнің көп бөлігі табиғаттан пайда болған, яғни табиғи жолмен. Мысалы: жарық және күн жарығы, өттегі және сол сияқты.

Бұл өнімдер қалыпты жағдайда еркін өнімдер сияқты болып мінезделеді және олар бүтіндей туристік экономика анализі және арнайы үйрену пәні болып саналмайды.

Туристік экономикада материалдық және материалдық емес туристік өнімдерді үйренуге және анализге деген қызығушылық көрсетеді. Олар инвидуалдар үшін туристік өнім және олардың қандай да қажеттіліктерімен қалауларының қанағаттандырылуы үшін қолданылатындығы болып табылады. Бұл өнімдер сондай-ақ «тауар» деп те аталады. Олардың басты мінездемесі- олардың санының, көлемінің шексіздігінде.

Бұл көзқарастан мынаны байқауға болады.

Материалдық емес туристік қызметтер материалдық туристік тауарлармен байланыста осы ерекшелікті көрсетеді. Олардың тұтынылуы дәл олардың өндірілген жерінде орындалуы және оларға қажеттілігі бар турист осындай тауарларға. Мысалы: қонақжайлық қызметтері жатады. Олар туристерді тартуға арналған белгілі жерде орналастыруды өндіреді және дәл сол туристік орындарда мейрамханалар ұсынылатын тамақтану қызметтері немесе опералық, драмалық театрлар тағы сол сияқты қызметтерді ұсынатын көңіл көтеру қызметтері жатады.

2. Туристік өнімді құрайтын объектілер және олардың сипаттамасы

Туристік өнім - туристердің саяхат кезінде туатын, олардың қажеттіліктерінің толық қанағаттандырылуы үшін керек заттың (қызметтер) тұтынушылық құнынан тұратын жинақ.

Туристік өнім жалпы 3 элементтен тұрады:

  • тур
  • қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер
  • тауарлар

Туристік өнім туристік пакеттен соңғы, тек қана туристік өнімнің бөлігі, дәлірек айтсақ міндетті турбөлігімен ажыратылады.

Тур алғашқы (міндетті) туристік өнімнің бірлігі. Ол клиенттерге бүтіндей таратылады, белгілі бағыттарға және нақты мерзімдерге жасалған туроператор еңбегінің өнімі.

Туристердің туристік өнім элементтері бойынша шығындарының құрылымы.

  • тур - 50 %
  • қосымша қызметтер - 30 %
  • тауарлар - 20 %

Туристік өнім құрылымы турдае қосымша экскурсиялық қызметтерден және тауарлардан тұрады.

Міндетті келу бағдарламасын (турпакет бағыттағы қызметтердің жиынтығы туристік жолдама немесе ваучер түрінде туроператор жасайды. Ваучер филма және клиент үшін барлық міндетті қызметтерге кепілдік беретін құжаттар)

Тауарлар - түристік өнімнің өзіндік материалдық бөлігін құрайды. Оған туристік карталар мен қалалар жоспары, открыткалар, буктемелер, сувинирлер, туристік құрылыстар және тағы басқалары кіреді және өзіндік емес туристік өнімнің бөлігінен, яғни оған туристің тұрғылықты жерінде қымбаттырақ не жеткіліксіз тауарлардың көп бөлігі кіреді.

Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер бұл ваучермен немесе жолдамамен қаралмайтын қызметтер, ол тұтынушыларға оның еркін таңдау тәртібінде жеткізіледі. Қосымша қызметтер жолдаманың негізгі құнына кірмейді. Оған: телефон, жалға алу, тұрмыстық қызмет көрсетулер, пошта валюта айырбастау, қосымша тамақтану, қоғамдық транспорт, заттардық сақтау, көңіл көтерулер, орын тапсырысы және тағы басқалар кіреді. Турист бұл қызметтерге қосымша төлем төлеу арқылы қол жеткізіледі.

Туристік өнім - туризм саласында шығарылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі ретінде бағаланады. Ол екі әдіспен бағалануы мүмкін.

-Өндірістік (барлық) шығындардың жиынтығынан

-туристердің қаржы шығындарының жиынтығынан, яғни туризмнен келетін кіріс.

Осы және басқа да жағдайларға барлығы туристік өнім нарықтық сөзбен өлшенеді. Жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемінен тұрады. Олар туризм саласында өндіріледі.

3. Туристік өнімнің объектілері және турлардың түрлері.

Туристік өнім қысқартылған түрде материалдық және материалдық емес туристік өнімдер яғни «турпакет» деп айтылуы мүмкін. Ол туристік өнім объектілерінің мынадай қызметтерін атқарады.

1. Орын белгілеу - белгілі және ол ешқандай жерге, яғни тағы басқа туристік тауарды шығаруға арналған жер немесе қызмет ауыстырылмайды. Мысалыға: табиғи, климаттық және мәдени. Бұл элементтердің өздігінен анықталмайтының байқауға болады, бұл туристік орын белгілеу сияқты. Бұның болуы үшін негізгі шарттар керек. Мысал: туристік объектілердің әртүрлі сфералары алдын-ала сақтық керек. Аз объектілер шығындар онша көп емес және осылайша ол туристерге қол жетпейтін болып қалмайды.

2. Транспорт - қозғалыс туралы, оның арқасында белгіленген жерге жетуге болады. Ең көп қолданылатын қозғалыс құралына ұшақ жатады. Аз қалшықтыққа - пойыз, туристік автобус, жеке меншік автомобиль. Шарт жасалған турпакеттің құнының көп бөлігін тасымалдау шығындары құрайды. Қаншалықты ыңғайырақ және тез қозғалатын транспорт түрі қолданылса, соғұрлым саяхат құны жоғарылайды. . Тез қозғалатын транспорт түріне қатысты мынаны ескеру керек, олардың басқалармен салыстырғанда қымбаттылығына қарамастан, олар қысқа арақашықтыққа да қолданылады. Өйткені бұл туристің уақыт үнемдеуге жәрдемдеседі. Бұл әрқашан туризмге көп бос уақыты жоқ туристермен бағаланады.

3. Орналастыру бұл туристке саяхат кезінде ұсынылатын орын. Отельдерге орналастырудың туристерге ұсынылатын ондағы қонақ жайлық қызметтердің түріне сәйкес айырмашылығы болады. Оған отель, мотель, вилла, апартаменттер және тағы басқалары жатады. Транспорт құралдары сияқты туристердің аялдамалар кезінде орналастыру түрлері де турпакет құрауда маңызды фактор болып табылады.

4. Трансфер - туристің саяхаттауға келген елінен, келген жерінен (аэропорттан, кеме тоқтайтын жерден, темір жол станцияларынан) орналастыру орнына (отельге) яғни тұратын жеріне жеткізілуін қамтамасыз етеді. Трансферлер автобус кейде такси немесе лимузиндар арқылы жасалады. Егер осындай типті трансферлер турпакетке қосылса немесе турист талап етсе онда ол қосымша қызмет ретінде қарасытырылады.

5. Тур - туристік сферадағы өнімнің бастапқы, яғни алғашқы бірлігі. Маршрутты жасау процедурасы мен мақұлдауынан кейін турды ұйымдастыруға кіріседі.

Турдың негізгі екі түрін ажыратуға болады.

  • пэкидж тур, яғни комплексті туристік қызмет. Оған: орналастыру, экскурсиялық қызмет көрсету, транспорттық, тұрмыстық, спорттың сақтандыру, медициналық және басқа да қызметтер жатады.
  • Инклюзив тур, яғни бөлек туристік қызметтер: тамақтану, орналастыру, экскурсиялық, трансфер жатады.

Тәжірибе үлкен танымдылықты инклюзив тур көрсетеді. Онда турист қажетіне қарай қосымша қызметтерді сақтап ала отырып минимальды-жеткілікті негізгі қызметтердің термініне тапсырыс береді. Бұл дегеніміз туристің өз уақытын жоспарлау мүмкіндігін кеңейтеді және жағдайлар ретінде жолдаманы арзандатады.

Құрылымды жоспарда тур мыналарды құрайды.

  • турпакет
  • маршруттағы комплексті қызметтер
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Туристік қызметтің теориялық мәні
Weekend турлары
Экологиялық туризм түсінігі
Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
Туроперейтинг тәртібінің рөлі мен орны
Автомобильдік және автобустық турларды ұйымдастыру, жоспарлау негіздері
Қазақстанда экологиялық туризмнің дамуы
«Жамбыл облысының мысалында туристік қызметті ұйымдастырудың тиімділігі»
Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz